Xvi-xviіі ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақ хандарының ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы сыртқы саясатында халықаралық даулы мәселелерді шешу үшін түрлі келісім шарт жасап, сондай-ақ елшілер, арнайы өкілдер, жаушылар мен тәржімешілерді өкілеттілік тұрғысында жіберіп, оларға үлкен жауапкершілік жүктеген. Қазақстан дипломатиясының тарихына үңілер болсақ, бұлар алуан түрлі болды.
Қазақ-орыс қарым-қатынастары ХҮІ ғасырдың басында, яғни, Қасым, Хақназар хандар тұсында басталғанымен, ресми елшіліктер ХҮІ ғасырдың соңында Тәуекел хан тұсында жанданды. Дегенмен де қазақ ханы Қасым хан (1511-1521 жж.) тұсында қазақ-орыс елі арасында байланыстар ХҮІ ғасырдың басында басталғаны туралы болжамдар бар. Зерттеуші В. Басин қазақ этно-саяси одақтың құрылуымен-ақ екі ел арасында саяси және шаруашылық, дипломатиялық байланыстар орнады дей келе: «Жәнібектің ұлы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында, Қазақ хандығының бірінші рет гүлдену кезеңінде, Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық байланыстар орныққан еді. Оның дәлелі патша мұрағатының (1575-1584 жж.) құжаттарында сақталған 38-ші жәшікте «Қасым хан тұсындағы қазақтардың кітабы мен тізімі» деген жазудың болуы», – дейді. Сондай-ақ, автор Қасым ханнан кейін де орыстардың Қазақстанға деген қызығушылығы жойылмағанын жазады.
Қазақстан мен Россия арасындағы ең алғашқы саяси байланыстар дәл осы кезеңде жасала бастады. Осындай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргізілген патша мұрағатының тізімдерінде былай көрсетіледі: «38-жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптарымен көшірмелері бар». Бұлар Қасым ханның патша үкіметімен дипломатиялық хат жазысулары болса керек. Мұрағат материалдарының табылмауы салдарынан орыс мемлекеті және қазақ хандығының алғашқы келіссөздері қандай мәселелер жайында болғандығы және олардың немен аяқталғаны осы күнге дейін беймәлім. Қасым хан дүниеден өткеннен кейін де орыс елі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын бақылауын тоқтатпаған.

2 XVI-XVIІІ ғғ. қазақ-орыс елдері арасындағы дәстүрлі елшілік байланыстар тарихы
Қазақ хандарының ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы сыртқы саясатында халықаралық даулы мәселелерді шешу үшін түрлі келісім шарт жасап, сондай-ақ елшілер, арнайы өкілдер, жаушылар мен тәржімешілерді өкілеттілік тұрғысында жіберіп, оларға үлкен жауапкершілік жүктеген. Қазақстан дипломатиясының тарихына үңілер болсақ, бұлар алуан түрлі болды.
Қазақ-орыс қарым-қатынастары ХҮІ ғасырдың басында, яғни, Қасым, Хақназар хандар тұсында басталғанымен, ресми елшіліктер ХҮІ ғасырдың соңында Тәуекел хан тұсында жанданды. Дегенмен де қазақ ханы Қасым хан (1511-1521 жж.) тұсында қазақ-орыс елі арасында байланыстар ХҮІ ғасырдың басында басталғаны туралы болжамдар бар. Зерттеуші В. Басин қазақ этно-саяси одақтың құрылуымен-ақ екі ел арасында саяси және шаруашылық, дипломатиялық байланыстар орнады дей келе: Жәнібектің ұлы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында, Қазақ хандығының бірінші рет гүлдену кезеңінде, Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық байланыстар орныққан еді. Оның дәлелі патша мұрағатының (1575-1584 жж.) құжаттарында сақталған 38-ші жәшікте Қасым хан тұсындағы қазақтардың кітабы мен тізімі деген жазудың болуы, - дейді. Сондай-ақ, автор Қасым ханнан кейін де орыстардың Қазақстанға деген қызығушылығы жойылмағанын жазады.
Қазақстан мен Россия арасындағы ең алғашқы саяси байланыстар дәл осы кезеңде жасала бастады. Осындай дипломатиялық қатынастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргізілген патша мұрағатының тізімдерінде былай көрсетіледі: 38-жәшікте Қасым ханның тұсындағы қазақ кітаптарымен көшірмелері бар. Бұлар Қасым ханның патша үкіметімен дипломатиялық хат жазысулары болса керек. Мұрағат материалдарының табылмауы салдарынан орыс мемлекеті және қазақ хандығының алғашқы келіссөздері қандай мәселелер жайында болғандығы және олардың немен аяқталғаны осы күнге дейін беймәлім. Қасым хан дүниеден өткеннен кейін де орыс елі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайын бақылауын тоқтатпаған.
Орыс елі Орта Азия және шығыс мемлекеттерімен сауда-саттық жасайтын керуен жолдарының қауіп-қатерсіз болуына көп көңіл бөлетін. Шығыс елдеріне бағытталған бұл керуен жолдарының көпшілігі Қазақстан территориясы арқылы өтетін. Сондықтан да орыс мемлекетінің Қазақстанмен достық қарым - қатынаста болуға тырысушылығы табиғи құбылыс еді. Оның үстіне патша үкіметі шығыс елдеріне жіберілген өз елшілеріне Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасын, оның ішкі жағдайын тексеруді арнайы түрде талап ететін. Мұның өзі орыс елшілерінің өз миссиялары жөніндегі күнделіктерінде, Қазақ хандығының көршілес елдерімен байланысы, әскери жағдай туралы жазылған мәліметтерінен көрінеді. Мәселен, А. Сабырханов: 1534 жылы ноғайларға жіберілген орыс елшісі Данилл Губин қазақ жасақтарының күштілігі, олардың Ташкент қаласы үшін соғысып, жеңіске жеткендігі туралы патша ІV Иванға хабарлаған. Сол елшінің мәліметіне қарағанда, Қазақ хандығының Сібір хандығы тарапынан болып жатқан шабуылдарды қару күшімен болса да тоқтатуға әзір екендігін атап көрсеткен. Ал зерттеуші В. Басин орыс елінің Ноғай мырзаларынан, өз көпестері мен елшілерінен жинаған мәліметтерінің негізінде XVI ғ. 50 ж. Қазақ хандығының күшейгендігін көрсете отырып, оның көрші елдер тарапынан үнемі шапқыншылыққа ұшырап отырғанын атап өтеді. Бұл жағдай қазақтардың күшті әрі сенімді одақтас іздеуге мәжбүр етті. Даладағы оқиғалар қазақтарға сондай одақтас солтүстік-батысындағы көршісі - Ресей ғана бола алатынына көздерін жеткізді деп көрсетеді. Мұнда, біріншіден, Қазақ хандығы XVI ғ. ІІ - жартысында қайта өрлеп, көршілес Ноғай, Сібірдегі Көшім хандығына қорқыныш пен үрей тудыртып, Бұхара ханымен одақтасып отырса, ол неге одақтасты солтүстік-батыстағы Ресейден іздеуі керек. Екіншіден, мұнда Ресейдің мемлекет ретінде тарихтағы алаты рөлін тым жоғарылатып жібереді де, IV Иванның тұсында ғана Ресей саяси бірігуін аяқтайды дейді.
Қазақ хандығының Ноғай ордасымен қарым-қатынастары туралы, осы екі елдің арасында болған соғыстар, қақтығысулар жөнінде орыс елшілері Семен Мальцев, Борис Доможировтар өз үкіметіне, орыс еліне тәптіштеп жеткізген.
Орыс мемлекетінің Қазақ мемлекетінің сыртқы саяси жағдайына соншалықты назар аударуының мәні мынада болатын:
Біріншіден, сауда жүргізетін керуен жолдарының тыныштығын көздесе;
Екіншіден, Қазан хандығының Сібір хандығымен наразылығын пайдаланып, оларды бір-біріне айдап салу болатын.
Бұл ретте орыс үкіметінің ойынша, Қазақ хандығымен әскери одақ құрып, Сібір хандығына екі жақтан соққы беру - сол тарихи кезең үшін таптырмас амал болатын.
Қазақ хандығы мен орыс елі арасындағы елшілік қатынастар ХҮІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жандана бастады. Осы кезде орыс мемлекеті Қазан хандығы мен Астрахан хандығын жаулап алып, Сібір патшалығын өз қол астына қаратқан болатын. Екінші жағынан, Хақназар билеген Қазақ хандығының да территориясы ұлғайып, Ресей мен Қазақстанның шекарасы жақындай түсіп, екі мемлекеттің экономикалық және саяси байланыстарының күшеюіне жағдай жасала бастағанды. Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының территориясының батысқа қарай ұлғаюына Ноғай Ордасының іштей әлсіреуі, Астрахнь хандығының құлауы себеп болды. ХҮІ ғасырдың 50-ші жылдарында қатты күйзелушілікке ұшыраған Ноғай Ордасы ағылшын көпесі, әрі Москва үкіметінің агенті Дженкинсонға қаңыраған елсіз дала сияқты көрінген. Ноғайлардың мұндай шаруашылық және саяси жағынан күйреуін 1558 жылы Ноғай ордасына жіберілген орыс елшісі де растайды. Ноғай елшісін билеушілер, бір-бірімен өзара жауласқан екі партияға бөлінген болатын. Ысмайыл бастаған бір ноғай ұлықтарының Москваға қосылуын жақтаса, Ысмайылдың туған інісі Жүсіп бастаған екінші партия қазақтарға, өзбектерге қосылуға ұмтылды. Сөйтіп 1557 жылы Астрахан құлағаннан кейін Жүсіп мырза Ысмайылмен байланысын біржолата үзеді де, көп ұзамай ол өз ағасымен болған күресте қаза болады. Осыдан соң оның қарамағындағы ауылдар Жайықтан өтіп, қазақтарға келіп қосылады. Нәтижесінде Қазақ хандығының шекарасы батысқа қарай созыла түседі.Кейбір авторлардың айтуынша Хақназар башқұртстанның оңтүстік-шығыс аудандарына үстемдік жүргізген. Біздіңше, бұл башқұртстанның оңтүстік-шығыс жақтарында көшіп жүрген, солармен көршілес Ноғай қауымдарына Хақназардың басшылық еткені туралы деректермен байланысты мәліметтер болса керек. Мұның барлығы Хақназар тұсындағы Қазақ хандығының халықаралық жағдайының жақсарып, оның саяси беделінің арта түскендігін көрсетеді. Сол себепті көршілері Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынастарда болуды құптаған.
1573 жылы орыс патшасы Иван Грозный Қазақ ханы Хақназарға өзінің Третьяк Чебуков бастаған елшілігін жібереді. Орыс елшісінің алдына Қазақ хандығымен тығыз байланыс жасау міндеті ғана емес, сонымен бірге Қазақ ханы Хақназарды Сібір хандығының ханы Көшімге қарсы әскери одақ жасауға көндіру мақсаты да қойылған болатын. Бірақ бұл елшілік сәтсіз аяқталды. Себебі, орыс елшісі Третьяк Чебуковты Көшім ханның туысқаны Мәметқұл тұтқынға алып, Қазақ хандығына өткізбей қояды. Өйткені, Сібір ханы Көшім Хақназардың орыс мемлекетімен одақ құрып, күшейіп кетуінен қауіптенетін. Бұл туралы В. Басин: Өкінішке орай, Третьяк Чебуков бастаған елшілік көздеген мақсатына жетпеді. Қазақтар мен орыстардың одақтасуынан қорыққан Көшім бұл елшілікті қазақ жеріне жібермеді. Оның інісі Мәметқұл 1573 ж. шілдеде Тобольск маңында елшілікті ұстап алып, жойды, - дейді.
Сөйтіп, Қазақстан мен Ресейдің әскери одақ құрудағы бірінші дипломатиялық қадамы ешбір нәтижесіз аяқталады. Алайда, ХҮІ ғасырдағы алғашқы орыс елшілігінің бірінші сәтсіздігі Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды тоқтата алмайды.
Жоғарыда Орта Азия хандықтары және шығыс мемлекеттерімен сауда-саттық жасауда Қазақстан территориясының патша үкіметі үшін тиімді екенін айтқан едік. Орта Азиямен сауда жасау туралы мәселе Москва үкіметінің саясатында елеулі орын алды. ХҮІ ғасырдың 50-ші жылдарында бұл мәселе англияның сауда компаниясының артықшылықтарын келіссөзде де атап өткен болатын.
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы байланыстар профессор Ж.Қ. Қасымбаевтың еңбектерінде кең түрде қарастырылған мәселелердің бірі. Автор 1986 жылы жарыққа шыққан еңбегінде: XVIII ғ. Ямышевск, Железнинск, Семей, Өскемен және т.б. бекіністердің салыну тарихын көптеген жылдарға созылған орыс-қазақ қарым-қатынасының дамуы мен Қазақстанның Ресейге қосылу тарихымен бөлшектеусіз байланысты. Орыс мемлекеті XV ғасырдың өзінде көрші Қазақстанға үлкен қызығушылықпен қараған. Оның өзі Ресей мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуымен байланысты терең себептерге негізделді, - дейді. Ж.Қ. Қасымбаев одан әрі: Көшім хандығының жойылуы және Ресейге батыс Сібірдің, Қазан, Астраханның қосылуы, Сібір және қазақ даласына баратын Кам сауда жолының құрылуы қазақ-орыс қарым-қатынасының дамуына қолайлы жағдайлар туғызды. Орыс мемлекетінің Қазақстанға қызығушылығы әсіресе, XVI ғасырда ұлғаяды. Өйткені, Ресей ортаазиялық хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынастарды орнатқаннан кейін қазақ даласы арқылы Хиуа мен Бұхара орталықтарындағы қала қолөнершілерімен транзиттік сауда жүргізді. XVI ғ. соңы - XVII ғ. қазақ даласы арқылы Бұхара мен Хиуадан Ресейге 44 елшілік және Ресейден 9 елшілік ортаазиялық хандықтарға өтеді. Оларда көп тауар мен адамдар болды. Орта Азиядан шыққан сауда керуендері қазақ даласы арқылы Астрахан, Еділдің жоғарғы ағысымен Саратов, Самара, Қазан және т.б. орыс қалаларына бағыт алады. Сонымен қатар, ол сауда керуендері қазақ даласы арқылы Сібірге де - Бұхарадан Сырдария, Түркістан, Сарысу, Ұлытау, Есілдің жоғарғы ағысымен Ертіске, одан Тобылға дейін барды. Орыс мемлекеті бұл транзиттік сауданың дамуына қатты қызықты және ортаазиялық хандықтардың сауда керуендеріне, көпестерге қазақ даласы арқылы өткенде қауіпсіздікті қамтамассыз етуі үшін қазақ хандығының саяси жағдайымен және олардың көрші елдермен қарым-қатынасына терең үңіле бастады, - дейді.
Орыс мемлекетінің Қазақстанмен берік байланыс жасауы Орта Азия мен шығыс елдеріне әрі төте, әрі қауіпсіз жолды ашты. Мұның өзі Россияның Қазақ хандығымен де тікелей екіжаққа тиімді сауда жүргізуіне қолайлы жағдай туғызды. Мәселен, 1574 жылы орыс патшасы ІҮ Иван Кама бойының біраз жерлерін билеген Строгоновтар дейтін ағалы-інілі ірі феодалдарына қазақтармен емін-еркін сауда жасауға грамота береді. Бұл құжаттың мәліметтеріне қарағанда қазақ саудасының басты саласы жылқы болған. Строгоновтарға берілген грамотада Қазақ жерінен, Бұқарадан келген саудагерлермен олардың баж салығынсыз сауда жасалуына патшаның ризалығы мен рұқсаты берілген. Ресей мен Қазақстанның сауда-саттық байланысы түзелгеннен кейін екі елдің арасындаға саяси байланыстары да жақсара бастаған. ХҮІ ғасырдың 70-жылдардың аяғында Қазақ ханы Хақназар өзінің патшамен, ұлы князьбен тату екенін айтқан.
Бірақ осы сауда және саяси қарым-қатынастардың одан әрі өркендеуіне Сібір хандығы көп тосқауыл жасады. ХҮІ ғасырдың 70 - жылдарында Россия мен Сібір хандығының өзара қатынастары шиеленісе түскен кезең болатын. Сондықтан да орыс үкіметі Сібір хадығына қарсы күресте сенімді одақтас іздей бастады. Дәл осындай одақтас, орыс үкіметінің ойлауынша, Қазақ хандығы болатын. В. Басиннің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz