Табиғи радиоактивтілік,радиация көздері



Кіріспе.
Негізгі бөлім: 1.Табиғи радиоактивтілік,радиация көздері.
2. Аумақтық радиоактивті ластау.
3. Радиациялық ластану кезіндегі алғашқы медициналық
көмектер.
4. Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуал.
5. Халықтың радиациялық авария негізіндегі іс.әрекеті.
Қортынды.
Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүреді.”Иондық сәулелену” атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді.Радиоактивті материалдар Жер және Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді.Радионуклидтер тау жыныстарында,топырақта және суда кездеседі.Олар белгілі бір денгейде өсімдіктер,адам ұлпасы және мүшелерінде және хайуанаттарда кездеседі.
Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты,ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады.Жарыққа және 1895 жылы рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоакттивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті.
Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды.Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты.1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады.Олардың кейбірін-радий мен полонийді ғалымдар таза кұйінде анықтады.Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шыққты.Бұдан кейін радий өзінің “сәулеленуші” атауына ие болды.
Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшелінетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды.Сәулеленудің осы үш түрі грек қаріпінің алғашқы әріптерімен аталды:альфа,бета және гамма.Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты,ондық ядросы;бета-бөлшектің электрон екендігі,гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Радиоактивтілік және оған жалғасатын иондық сәулелену Жер бетінде тіршілік пайда болғанға дейін өмір сүреді."Иондық сәулелену" атауы физикалық табиғаты бойынша әртүрлі сәулелену түрлерін біріктіреді.Радиоактивті материалдар Жер және Күн жүйесінің планеталарының құрамына олар пайда болған сәттен бастап кірді.Радионуклидтер тау жыныстарында,топырақта және суда кездеседі.Олар белгілі бір денгейде өсімдіктер,адам ұлпасы және мүшелерінде және хайуанаттарда кездеседі.
Радиоактивтілікті ашу француз ғалымы Анри Беккерелдің есімімен байланысты,ол 1896 жылы қара қағазбен жабылған фотопластинканы ағартқан уран тұзының сәулеленуін анықтады.Жарыққа және 1895 жылы рентген сәулелеріне ұқсастыру бойынша бұл құбылыс радиоакттивтілік атауына ие болды, яғни сәулелендіру қабілеті.
Радиоактивтілік сәулелену көптеген физиктер мен химиктердің назарын аударды.Осы құбылысты зерттеуге Мария және Пьер Кюри орасан зор үлес қосты.1898 жылы олар уранның сәулеленгеннен кейін басқа химиялық элементке айналатындығын анықтады.Олардың кейбірін-радий мен полонийді ғалымдар таза кұйінде анықтады.Бір грамм радийдің сәулеленуінің бір грамм уранның сәулеленуінен миллион есе асып түсетін болып шыққты.Бұдан кейін радий өзінің "сәулеленуші" атауына ие болды.
Аз уақыттан кейін радиоактивті сәулеленудің біртекті емес екендігі және иондаушы және кіру қабілетімен ерекшелінетін сәулеленудің үш түрінің бар екендігі анықталды.Сәулеленудің осы үш түрі грек қаріпінің алғашқы әріптерімен аталды:альфа,бета және гамма.Кейіннен альфа-бөлшектің гелийдің алты,ондық ядросы;бета-бөлшектің электрон екендігі,гамма-сәуленің электромагнитті сәулелену екендігі анықталды.
Радиоактивтік ыдырау кезінде шығатын бөлшек пен гамма-квант заттармен ықпалдаса отыра өз энергиясын иондануға жұмсайды.Осы сәулелердің ортақ термин ретінде мына сөздер пайдаланылады:иондаушы сәулелену,иондағыш радиоатция немесе жай ғана радиоатция.
Ионданушы сәулелену-элементті бөлшектер ағынынан (электрон,пратон нейтрон,позитрон) және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену олардың заттар мен ықпалдасуы бұл заттарда әртүрлі заттардың пайда боруына алып келеді.
Радионуклид-атомдық салмағы мен атомдық зарияды бар радиоактивті заттың атомы.Бірдей зарияттары бар,алайда атомдық салмағы әр түрлі атомдар осы элементтің изотоптары деп аталады.
Радионуклидттің ыдырау өнімдерінен басқа иондаушы радиацияға Жерге ғаламдық кеңістіктен ғарыш сәулелері мен электр энергиясын иондаушы сәулеленуге айналдыратын сәулеленудің жасанды көздері жатады (ренген апараты,элементтіи бөлшектерді жылдамдатушылар және т.б.).иондаушы сәулелердің әртүрлі ену қабілеті жоғалған энергияның әртүрлі жылдамдығымен байланысты болып шыққты.альфа бөлшектер заттармен ықпалдаса отыра өз қозғалысының бойы толық иондайды,сөйтіп энергиясын жылдам жоғалтады.Сондықтан альфа бөлшектердің көптеген заттардағы қозғалысы үлакен емес-олар ауада 3-8 см өтеді,металда- 10 микрон,ал тіпті тығыз қағаздың бір бет парағы да альфа бөлшекті толығынан ұстайды.
Бета бөлшектер үлкен ену қабілетіне ие,ауада олар 20 метрге дейінгі жолдан өтеді,ал олардың металда жұтылуы үшін қалыңдығы бірнеше милиметр қабат жеткілікті.
Гамма-кванттар ауада жұтылмайды,ал олардың ағынының әлсіреуі гамма-квантпен жұту материалының энегиясына тығыз байланысты.Мысалы,цезий-137 гамма-сәулеленуін әлсірету үшін қалыңдығы 30 см алумений немесе қалыңдығы 8 см қорғасын қабаты мыңдаған есе қажет.Екінші жағынан гамма-кванттар (альфа және бета бөлшектер сияқты) барлық бағыт бойынша кең мүмкіндікті көздер ретінде шығады.Сондықтан да олардың жиелігі қашықтық квадратына сәйкес керсінше азаяды,яғни бір метр қашықтықтағы сәулелену жиелігі 10 см қашықтықтағыдан 100 есе аз болады.
Геохимиялық процестердің нәтижесінде радиотивті элементтер жер бетінде болуы,табиғи суларға түсуі,желдету пролцестеріне қатысуы мүмкін.
Көп жағдайда тау жыныстарындағы уране жер бетіне шығып,оны едәуір қашықтыққа айдайды.Барлық табиғи суларда уранның қандай да бір мөлшері кездеседі.Егер судың жолында уранды жақсы бөлетін геологиялық ошақ кездессе ол сонда жинақталады және геологиялық процестердің үлкен созымдылығын ескергенде (ондаған және жүздеген мың жылдар) бұл орындардағы уранның жинақталуы айтарлықтай көлемге жетуі мүмкін.
Уранның қайта жинақталуы туралы ғана бірнеше мысал келтіруге болады.Қазылған көне хайуанаттар сүйегі қатты байытылған-проценттің он үлесіне дейін.Кейбір көмір өндіретін орындарда уран проценттің жүздеген үлес деңгейіне дейін жинақталған учаскелерге түседі.Алайда уранның өзі организмге енгеннің өзінде үлкен радиоктциялық қауіп төндірмейді,өйткені оның үлестік белсенділігі (яғни,белсенділігі бір граммға есептелген) көп емес,ол организмнен тез ығыстырылады және көп мөлшерде енген жағдайда радиоактивтілікке байланысты химиялық улану басталуы мүмкін.
Ураннан ыдыраған өнімдердің радиоациялық қауіптілігі едәуір жоғары.Олардың ішінде радон бірінші орын алады.
Радон - дәмі мен иісі жоқ түссіз газ,ауадан 7,5 есе ауыр,радийдің ыдырау өнімі болып табылады.Радон жер қыртысынан біртіндеп бөлінеді,алайда олардың сыртқы ауадағы жинақталуы әлемнің әртүрлі нүктелері үшін елеулі ерекшеліктерімен көрінеді.Топырақ эрозиясын қоспағанда минералдық теңдегі құрылымс материалдары: қиыршық ақ тас ,цемент,кірпіш және т.б. радон көзі бола алды.Барлық жыныстарда торий мен уран кездеседі.Ал кейбір жыныстарда,мысалы гранитте уран көбірек жинақталуы мүмкін.Құрылыс материалдарына радон радий ыдыраңанда пайда болды.Пайда болған радонның бір бөлігі көзге көрінбейтін тесік арқылы ғимаратқа түседі.Егер ғимарат нашар желдетілсе,құрылыс материалдары мен топырақ уран мен радийдің едәуір үлкен мөлшерін бойында ұстаса,онда радон үлкен мөлшерде жиналуы мүмкін.Адамның ғимаратта едәуір уақыт болатындығын ескергенде ,ол ала алатын тиімді сәулелену дозасы кәсіпқойларалатын доза жүкемесінен асып түсуі мүмкін.Көп жағдайда радонға байланысты дозалық жүктемені едәуір азайтуға болады.Жертөлелерді қымтау мен жекдету топырақтан өтуін айтарлықтай азайтады.Табиғи радиоактивтік элементтер қабырғада көп болса,радонның жиналуын қабырғаныгерметикалық бояумен сырлау және қатты желдету арқылы азайтуға болды.
Радиоацияның табиғи көздеріне космостық сәуле жатады.Олар алынатын радиацияның табиғи көздері дозасының жартысын құрайды.
Радиоациялық авария - радиоактивті өнімдердің тасталуына немесе иондаушы сәулеленудің РҚО аумағын қалыпты пайдалануға арналған жобады қарастырылғандағыдан артық мөлшерде шығуына байланысты болған авария.
Радиоациялық аварияның салдары олардың зақымдаушы фарторларына байланысты.Радиоациялық авариялардың негізгі зақымдаушы факторлары радиациялық әсер және радиоактивті ластану болып табылады.Авариялар жарылыстар мен өрттерді тудыруы мүмкін.Ядролық реакторы бұзылған атом станцияларындағы авариялар өте ауыр салдарға алып келеді.
Радиациялық авариялардың салдары негізінен радиациялық әсер және радиоактивті ластанудың көлемімен және деңгейімен,сондай-ақ радионуклид
Авария барысында және одан кейін оның салдарымен денгейі мен ұзақтығына,сондай-ақ радиациялық ахуалға мыналар айтарлықтай ықпал етеді:
- радиоактивті заттардың табиғи ыдырауы,осы заттардың қоршаған ортаға тарауы;
- метеорологиялық және климаттық факторлары;
- авария салдарын жою жөніндегі жұмыс нәтижелілігі,оның ішінде дезактивация мен суды қорғау шығарылады.
Авариядан кейінгі бастапқы кезеңде жалпы радиоактивтілікке жартылай ыдырайтын қысқа мерзімімен (әдетте екі айға дейін) радионуклидтер айтарлықтай үлес қосады.Мұндай радионуклид,атап айтқанда радиоактивті йод болып табылады.
Активтіліктің кейіннен әлсіреуі бірнеше жүз тәуліктен мына жылға дейін созылатын жартылай ыдыраудың үлкен мерзіміндегі нуклидтермен анықталады.Олардың арасынан ұзақ уақыт бойы радиациялық ахуалдың серпініне негізгі үйлесті биологиялық цезий - 137,стронций - 9,плугоний - 239 және басқа радионуклидтер енгізеді.
Радиациялық әсерге сәулеленуге сезімтал адамдар,малдар,өсімдіктер мен приборлар ұшырайды,ғимараттар,мүлік,материал мен азық-түлік,жайылым мен табиғи орта радиоактивті ластануға ұшырайды.
Ауылшаруашылығы кешеніне РҚО-дағы авария салдары жағымсыз әсер етеді.Оның қатардан шығуы ядролық отын,электр және жылу энегия,сондай-ақ ядролық жанармайдан шыққан элементтерді ұқсату және радиоактивті қалдықтарды көму өндірісін тоқтатуға алып келеді.
Ортаның радиоактивті ластануы радиоактивті заттардың шеттен тыс тығыздығымен сипатталады және ауадан бірлігіне орайлас радионуклид белсенділігімен өлшенеді.
Радиоактивті ластанудың нәтижесінде шаруашылық айналымынан өнеркәсіп кәсіпорындары,инфрақұрылым элементтері,тұрғын ұй,әлеумент тұрмыс обьектілері,ауыл шаруашылығы мен орман алқаптары,суаттар мен жер асты су көздері,әртүрлі табиғат обьектілері бар бірталай аумақ шығарылады.
Радиакциялық зақымдану кезіндегі алғашқы медициналық көмек,ішінара санитарлық тазалау жүргізу тәртібі.
Халықтың радиациядан қорғану радиациялық қауіп туралы хабалды,ұжымдық және жеке ұорғаныс құралдарын,радиоактивті заттармен ластанған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін,азық-түлік пен суды радиоактивті ластанудан қорғауды,медициналық жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды,аумақтың ластану денгейін анықтауды,халықтың сәулелену дозиметрлік бақылауды және радиоактивті ластанған азық-түлік пен суға сараптама жүргізуде қамтиды.
Хабарлау дабылы бойынша ТЖ мен АҚоргандарының ақпаратын тыңдағаннан кейін халық панаханаға жарырынуы тиіс.
Радиакциялық зақымданудан сақтану жеке дәрі-дәрмек қобдишасындағы радиациядан қорғану құралдарымен жүргізіледі.
Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы өз-өзіне және дара көмек көрсетудге және өткіш радиациямен,улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған.Ол медициналдық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады.
АИ - пластмасса қорапшасындағы ұялар бойынша бөлінгенмедициналық құралдардың жиынтығы.Көлемі - 90*100*20 мм,массасы - 130 грамм.
Қобдиша ұяларында мынандай медициналық құралдар орналасқан:
1 ұя - резервтік,ауруды басатын дәрмектері бар шприцтүтіті салуға арналған .Сүйек сынғанда,үлкен жарағат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.
2 ұя - қызыл түсті пеналды (фосфорлы-оргпникалық заттарға қарсы антидот таблеткалары).Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады.Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.
3 ұя - үлкен ақ пеналды бактерияға қарсы дәрі-дәрмек,таблетканы азқазан-ішек ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды алғашқы тәуліктерде екі таблеткадан қабылдайды,екінші және үшінші күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.
4 ұя - ал қызыл түсті екі пеналда №1 радиациядан қорғау дәрмегі,барлығы 12 таблетка.Таблеткаларды сәулелену басталғанға дейін 30-60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды.Бәрден алты таблетка қабылдайды.Алты таблетканы кайтадан қабылдауға 5-6 сағаттан кейін рұқсат беріледі.
5 ұя - екі ақ пеналда,кеңінен қолданылатын антибиотик №1 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек бәрі он таблетка.Таблетканы жараланған және күйген кезде қабылдайды - алғашқыда бес таблеткадан,ал алты сағаттан кейін тағы да бес таблеткадан.
6 ұя - ақ түсті пеналда №II радиациядан қорғау дәрмегі.Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды он күн бойында күн сайын бір таблеткадан.Барлығы 10 таблетка.
7 ұя - көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек ,барлығы бес таблетка.Бас сыдырылғанда,қатты соққы тиген кезде және контузия алғанда сәуленіңбастапқы әсері кезінде бір таблеткадан қабылдайды.
Радиацияға ұшырау қауіпіне байланысты жергіліктң жерде радиацияның жоғары денгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмек көрсетуге болмайды.Бұл жағдайда өз-өзіне және өзара көмеккөрсетуді,зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.
8 жасқа дейінгі балаларға толық дозада беретін №II радиациядан қорғау құралын қоспағанда АИ- 2-дегі медициналық құралдырды бір рет қабылдауға ересектердің 14, ал 8-15 жастағы балаларға 12 дозасын береді.
Радиациялық зақымдану қауіпін алу қауіпіне байланысты жергілікті жердегі радиация денгейінің жоғарлығына орай халыққа медициналық көмек көрсетуге болмавйды.Бұл жағдайда зардап шегуші халықтың өз-өзіне және өзара көмек көрсетуінің,зақымданған аумақта өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.
Радиациялық затпен уланған аймақта тамақ ішуге,ластанған су көздерінен су ішуге ,жерге жптуға болмайды.Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиокативті ластану денгейін ескере отырып анықтайды.
Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуі тиіс.Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады.Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа,киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді,бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өкпеден панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді.Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.
Радиоактивті затпен зақымданушыға тамақпен немесе сумен өткендігі туралы күмән болса,оны шығару үшін шаралар қолдану қажет.Бұл үшін зақымданушыға адсорбент береді(25-30 г.активтелген көмір,күкірт қышқылды барий -50г.); адсорбент радиациялық заттың маталуына ықпал етеді және мұның қанға өтуіне кедергі келтіреді.15-20 минуттан соң екі-үш литр су беріп,асқазанды шаяды және құстырады.Бұдан кейін ацорбентті қайта ішкізіп,оған тыныштандырушы дәрі-дәрмек беру қажет.
Ядролық зақымдану ошағынан шыққаннан кейін ішінара дезактивизация мен санитарлық тазалауды мүмкіндігінше жылдам жүргізу керек:дезактивация кезінде - киімнен,аяқ-киімнен,жеке қорғаныс құралдарынан;санитарлық тазалау кезінде дененің ашық жерлері мен көздің кілегейлі қабығын,ауыз бен мұрынды.
Қарсылас жақ осы заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда,сондай-ақ атом өнеркәсібі кәсіпорындарындағы авария кезінде ауа,жер және онда орналасқан ғимарат,техника мүлік радиациялық зақымдануға ұшырайды.
Жердің радиоактиввті зақымдану нәтижесінде пайда болған ахуал радиациялық ахуал деп аталады.Ол радиациялық зақымданудың көлемі мен сипатымен анықталады және шаруашылық обьектілерінің өндірістік қызметіне,бөлімшелердің іс-әрекетіне,халықтың тіршілігіне айтарлықтай ықпал етеді.
Осы мақсатта радиациялық барлау мәліметтері бойынша болжау әдісңмен радиациялық ахуалды анықтау мен бағалау жүргізіледі.
Болжау зақымдау уақытын,сипатын және бөлімшелердің іс-әрекет режимі мен зақымдалған жердегі халықтың өзін-өзі ұстау тәртібін анықтау мақсатында мәлеметтер береді.Бұл зақымдаудың тек нақты деректерден едәуір айырмашылығы болуы мүмкін шамалас сипаттамалары ғана.Болжаудың бастапқы мәлеметтері:жарылыстың қуаты,түрі мен орталыгының деректері,жарылыс уақыты,орташа желдің жылдамдығы мен бағыты.
Шаруашылық обьектілерінде радиациялық ахуалды болжамайды,тек ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған органдардың мәлеметтерін ғана пайдаланады.Обьектілердің АҚ және ТЖ штабтары мен қызметтері оны тек барлау мәлеметтері негізінде ғана бағалайды.
Аумағының көлемі жердің радиациялық зақымдану аймағымен салыстырғанда шағындау шаруашылық обектісі үшін болжайдың тек екі нұсқасы ғана ықтимал:обьекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиоактивтіліктің ашылу тарихынан
Қоршаған ортаның радиоактивті ластануы көздері
Радиоактивтілік түрлері және радиоактивті ластану туралы қазіргі жағдай
Радиоактивті ыдырау
Радиацияның әсері, пайдалы және зиян жақтары
Радиациялық экологияның теориялық негіздері
Жер бетінің радиоактивті ластануы (семей ядролық полигоны)
Радиациялық қауіпсіздік нормасы
Радиация көздері, оның адамға әсері
Иондаушы сәулелердің жасушаға және көп жасушалы ағзаға әсері
Пәндер