Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар


Жоспар
Кіріспе . . .
І тарау. Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі ахуалы . . .
1. 1. Өркениет арасындағы қақтығыс . . .
1. 2. Қырғи қабақ соғысынан кейінгі АҚШ-тың сыртқы саяси
стратегиясы . . .
1. 3. Иран мәселесі . . .
ІІ тарау. Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар . . .
2. 1. ХХІ ғасыр - Қытай ғасыры . . .
2. 2. «Күн шығыс мемлекеті» . . .
2. 3. КХДР проблемасы . . .
ІІІ тарау. Қазақстанның қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі орны . . .
3. 1. Қазақстан және Қытай . . .
3. 2. Қазақстан мен Ресей . . .
3. 3. Азиядағы саяси ойынның бас төрешісі . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиет . . .
Кіріспе
Әлемде қақтығыстардың негізгі қайнар көзі ретінде экономика мен идеология немесе қақтығыстардың негізгі қайнар көздері мәдениетпен байланысты болады. Ұлт-мемлекет халықаралық аренада ең негізгі тұлға болып қалғанымен, дегенмен дүниежүзілік саясаттың ауқымды қақтығыстары әр түрлі өркениеттерге жататын ұлттар мен топтар арасында орын алады.
Халықаралық қатынастар тарихына көз салсақ, ондағы әрекеттенушілердің (державалар) алатын орны мен даму динамикасының қалайша өзгергенің, яғни:
- 1 сверхдержаваның болуы (Ежелгі Египет, Персия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, т. б. )
- 17-18 ғасырларда халықаралық аренада «Антанта» (Англия, Франция, Ресей), Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Түркия)
- екі сверхдержава - КСРО мен АҚШ арасындағы қақтығыс
- биполюстін жойылуы;
Орта Азияда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы аймақтағы геосаяси жағдайды өзгертті. Күн тәртібінде Орталық Азияға Қытай тарапынан келетін қауіп, түрік сепаратизмі, Орталық Азия мемлекеттерінің Ресеймен, Қытаймен байланысы, ҚХР мен Орталық Азия арасындағы демографиялық, экономикалық факторлар зерделеніп өзектілігі артты.
«Түлкінің жүні өзіне жау» дегендей қазба ресурстарға толы жерімізге мұхиттың арғы жағындағы Американың, Еуропаның біраз елдері, Қытайдың және Ресейдің мұнай-газ, индустриялық-экономикалық саясатының тоғысар жері алдағы уақытта Қазақстан болмақ. Оған негіз болатын барлық факторлар бар.
Евразия алдағы жылдары әлемдік саясаттың тоғысар тұсы болады. Сондықтан осы аймақтағы елдер бірінші өзара ықпалдаса отырып дамуы керек. Бірақ көбінес жағдай басқаша болып жатады. Өзбекстанның ел ішіндегі реформаларды көбінес мойындамауы, Қырғыздырдың сыртқа берешегі көбейіп, Араб елдерінің ауызбіршіліктен алыстауы, әлемде Қытай елінен қорқу стеротипі қалыптасып келе жатқан кезде, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесің қару жарақпен қамтамасыз етіп отырған Ресеймен қарым қатынас алдағы жылдары да дами бермек. Дегенімен де алдағы ширек ғасырда кіндік азияның басты ойыншысы және шешуші күші Қытай болады.
Қытайдың демографиялық және экономикалық дамуы біраз елдердің есін шығаруда. Сондықтан алдағы уақытта Қытайды тоқтатуға тегеурін болатын, халықарық саяси істерде жоғары беделге ие, нарықтық жүйенің орталығы Батыс Еуропа мен Жапония, халық санының көптігі арқылы әлемдік саясат сахнасына тырмысып келе жатқан Үндістанмен, орта және таяу шығыс елдерімен қарым қатынас бүгінгіден де жоғары қарқымен дамуы мүмкін.
І тарау. Халықаралық қатынастардың қазіргі кездегі дамуы
1. 1. Өркениет арасындағы қақтығыс
Дүниежүзілік саясат жаңа кезеңге өтуде және көптеген ойшылдар мен ғалымдардың оның келешек келбеті туралы дау көтеруде: тарихтың аяқталуы, ұлт-мемлекеттер арасындағы дәстүрлі бәсекелестікке қайта бет бұру, ұлт-мемлекеттердің түрліше бағытталған тенденциялардың әсерімен құлауы.
Осы заманның американ социологы С. Хантингтон қазір әлемде негізгі бес өркениет барын, атап айтқанда: батыс, ислам, үнді, қытай, жапон, сондай-ақ бұған православие, латынамерикандық және африкалықтардың қосылатынын айтады. 1
С. Хантингтонның (Гарвард университеті қарамағындағы, Дж. Олин атындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры) ойынша: жаңа құрылып жатқан әлемде қақтығыстардың негізгі қайнар көзі ретінде экономика мен идеология болмайды. Адамзатты бөлетін негізгі шекаралар немесе қақтығыстардың негізгі қайнар көздері мәдениетпен байланысты болады. Ұлт-мемлекет халықаралық аренада ең негізгі тұлға болып қалғанымен, дегенмен дүниежүзілік саясаттың ауқымды қақтығыстары әр түрлі өркениеттерге жататын ұлттар мен топтар арасында орын алады. Өркениеттер қақтығысы дүниежүзілік саясаттың басымды факторы ретінде қалыптасады.
Өркениеттер қақтығысын қорытындылай келе, ол мынадай қорытынды жасайды:
- өркениеттер арасындағы қарама-қайшылықтар мүмкін және маңызды;
- өркениеттік сана-сезім дами түседі;
- идеологиялық және басқа да конфликттердің орнына, әлемдік қақтығыстың басымды формасы ретінде өркениеттер арасындағы қақтығыс келеді;
- батыс өркениетінің ішінде тарихи ойын болған халықаралық қатынастар уақыт өте келе девестернизациялануға ұшырап, яғни бұл ойынның жаңа белсенді әрекеттенушілері (батыс емес өркениеттер) пайда болады;
- саясат, экономика, қауіпсіздік саласындағы тиімді халықаралық институттар өркениеттер арасында емес, олардың ішінде қалыптасатын болады;
- әлемдік соғыстардың потенциалді қайнар көзі ретінде әр түрлі өркениеттерге жататын топтар арасындағы әскери қақтығыстар болады;
- дүниежүзілік саясаттың негізін Батыс елдері мен қалған әлем арасындағы қатынастар құрайды;
Өзінің мақаласында ( «Өркениеттер қақтығысы» ) Хантингтон Батыс елдерін ынтымақтастыққа шақырып, оларға мынадай ұсыныс береді:
- Европа мен Солтүстік Америка өркениеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
- Батыстың құрамына Шығыс Европа мен Латын Америка мемлекеттерін интеграциялау;
- Жапония мен Ресеймен ынтымақтастықты қолдау және дамыту;
- өркениет ішіндегі болатын жергілікіті (локальді) қақтығыстардың ауқымды көлемді өркениеттер арасындағы қақтығыстарға айналуын болдырмау;
- Батыстың әскери күшінің қысқартылуын болдырмау және оның Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әскери артықшылығын сақтау;
- Ислам және конфуциялық мемлекеттер арасындағы даулар мен қақтығыстарды қолдану;
- батыс құндылықтары мен мүддесіне жақындау тұрған елдерге (басқа өркениеттердің өкілдеріне) қолдау көрсету;
- халықаралық жүйеде батыс мүдделері мен құндылықтарын қорғайтын және заңдастыратын (легитимділеу) халыаралық институттардың күшеюіне, оларға басқа (батыс емес) мемлекеттердің кіруіне қолдау көрсету; 2
Халықаралық қатынастардың дамуы жөнінде Ф. Фукуяманың альтернативтік қөз-қарасы ( «тарихтың ақыры» ілімі ) ерекше орын алады. 1989 жылы белгілі американдық философ Френсис Фукуяма «Тарихтың ақыры осы ма?» деген мақаласында либерализмнің (әуелі батыс еуропалық, кейін солтүстік американдық) түпкілікті жеңісі тарихтың ақырына әкеп келтіреді, - деп жазды. Оның ілімі бойынша:
- ХХІ ғасырда әлем екі жаққа қақ жарылып, дамыған «орталық» пен мәңгі артта қалатын «периферияға» бөлінеді.
- Либеральді өркениеті бар мемлекеттер «тарихты жасауға» монопольді құқығы бар.
- «Периферияның» мақсаты - орталыққа энергия тасымалдауыштарды тасымалдау және улы қалдықтарды қоймасы ретінде рөл атқару. Бұндай ресурстар үшін дамыған мемлекеттер гуманитарлық көмек көрсетеді. Ал бұл арқылы халықаралық қатынастардың тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.
Халықаралық қатынастар тарихына көз салсақ, ондағы әрекеттенушілердің (державалар) алатын орны мен даму динамикасының қалайша өзгергенің байқаймыз:
- Адамзат мемлекеттік тарихының бастапқы кезеңі - әскери күші, экономикалық мүмкіндіктері, әлемді тануына байланысты басқа елдердің үстінен билік құрған1 сверхдержаваныңболуы (Ежелгі Египет, Персия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, т. б. ) .
- 17-18 ғасырларда халықаралық аренаға бірден бірнеше мемлекеттер енген болатын. Халықаралық қатынастар, ондағы қарама-қайшылықтар күрделене түсті. Ресурстар үшін күрес әлемдік саясаттағы блоктау қағидатының пайда болуына әкелді. Әлем екі полиске бөліне бастады. Ол 20 ғ. Басында ерекше көрінді -«Антанта»(Англия, Франция, Ресей), Үштік Одақ(Германия, Австро-Венгрия, Түркия) .
- Қазан революциясынан кейін, әлемнің биполярлігі сақталды. Бірақ, бұл кезеңде полюстарсоциализм мен капитализмретінде көрінсе, олардың өкілдері ретіндеекі сверхдержава-КСРО мен АҚШболды. Екеуі де ядроллық қару иеленді. «Қырғи қабақ» кезінде бір-бірінің дамуын әскери күшті нығайту арқылы тежеп отырды. Бүкіл әлем екі державаның мүдделер аймақтарына бөлінді. НАТО (1949) мен Варшава келісімі (1955) сияқты қарама-қарсысоғыс блоктарықұрылды. Ал басқа мемлекеттерге осы екі державаның сыртқы саясатына бағынуға тура келді.
- 1991 жылы «Қырғи қабақ» кезеңі аяқталды. Әлемнің енді биполюстігі жойылды. Көп полюсті әлем пайда болды: әлемде әр түрлі мүдделері мен мақсаттарые ұмтылған әр түрлі мемлекеттер (бай - кедей, үлкен - кіші, ядролық - ядролық емес) . Бірақ, АҚШ-тың қазіргі кездегі әрекеттері, оның әлемдегі барлық мемлекеттеріне өзінің үстемдігін көрсетуде жатыр. Яғни, дүниежүзіні «америкалық әлемге» айналдыру.
1. 2. Қырғи қабақ соғысынан кейінгі АҚШ-тың сыртқы саяси стратегиясы
«Қырғи қабақ» аяқталғаннан кейін, АҚШ әлемдік үстемдікке ие болып, халықаралық қатынастар жүйесі Король мен свита сипатына ие болды. Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесіндегі АҚШ-тың бұндай рөлін көптеген геосаясатшылар болжаған болатын: Мэхэм, Маккиндер, Бжезинский. Бірақ, бұл тұста Мэхэмнің орны ерекше: 20 ғ. басында АҚШ-тың ұлы теңіз державасына айналуын болжаған болатын.
1989 жылғы желтоқсанда АҚШ пен КСРО мемлекет басшыларының Мальтадағы кездесуі «қырғи қабақ» соғысты аяқтады. Кеңес Одағы құлап, күштердің арасалмағы өзгергеннен кейін тепе-теңдік бұзылды. АҚШ әлемде өз үстемдігін орнатуға көшті. 1991 жылы Иракқа қарсы «Шөл даладағы дауыл» операциясы, 1998 жылғы Ауғанстан мен Суданға ракеталық соққы беру, көктемде Югославия қалаларын НАТО-ң әскери күштері арқылы бомбалау, Косова, Босня дағдарыстарын шешуде күш қолдану, Сомали, Заир, Бурунди, Руандада әскери үстемдікке қол жеткізу, 2003 жылғы көктемде Иракқа қарсы соғыс жүргізу - осының барлығы соңғы он жылда АҚШ-тың әлемде лидер болу әрекетін көрсетіп берді.
Дж. Буш әкімшілігі Ирак, Иран, Солтүстік Кореяны «зұлымдық белдеуі» («Ось зла») деп атады. Кейін оған Ливия мен Сирияны қосты.
2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ сыртқы саясатында жаңа кезең басталды, халықаралық терроризм әлемдегі ең күшті елге соғыс бастады. Ауғанстандағы талибандарға қарсы іс-әрекетінде, одан кейінгі де антитеррорлық кампанияда Ресей АҚШ-тың басты кеңесшісі болды.
АҚШ әлемнің әр аймағына өзінің ұлттық мүддесіне байланысты стратегиялық мақсаттар қойып отыр, олар көбінесе географиялық қашықтығына, орналасқан жағдайына, мұнай т. б. байлығының молдығына сәйкес маңызға ие. ХХІ ғасырдағы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік стратегиясында алдымен әскери қуаттың тиімділігін күшейту, американ экономикасының гүлденуін қолдау, шет елдерде демократияны жүзеге асыру және адам құқығын сақтау бағытында жұмыс істеу қажеттігі аталып отыр.
АҚШ-тың экономикалық мүддесіне мұнай саясаты ерекше орын алады. Оның мақсаты - шет елдердегі американ компанияларына әлемдегі энергиялық ресурстар өңдіретін аймақтарындағы жұмыстарына жаңа қарқын беру, мұнай өңдіретін аймақтардан АҚШ-қа транзиттік, қауіпсіз мұнай құбырларын салу, ал олар Иранды айналып өтуге тиіс деп атап көрсетілді. Иранды айналып өту себебіне қысқаша тоқталссақ, 1979 жылғы 4 қарашада Тегеранда Иран студенттерінің демонстрациясы нәтижесінде АҚШ елшілігінде 52 адам кепілдікке алынды. Иран үкіметі АҚШ-тан сол елге қашып кеткен шахты қайтарып беруді, шах отбасының шет елге алып кеткен байлықтары мен капиталды қайтаруды, Иранның ішкі істеріне қол сұқпауды талап етті.
АҚШ бұрынғы қарсыластары - ТМД және Шығыс Еуропа елдерін кредит пен инвестиция беру арқылы өзіне тәуелді етті.
АҚШ-тың әскери шығындары 2003 жылы 400 млрд. долларға жетті. Бұл елдің Еуропа мен Қиыр Шығыста 100 мың әскер топтамалары, Таяу Шығыс пен Орта Азияда 50 мың әскері орналасқан.
Қоғамдық пікір жүргізген Еуропаның 23 мемлекетіндегі қөз-қарас бойынша, АҚШ-тың сыртқы саясаты өз елдерінде позитивті емес, теріс ықпал еткендігін ашық айтты. Философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдеш Қалмырзаев: «Нағыз демократияшыл ел АҚШ - бұл күнде өзіне ұнамайтын режим орныққан басқа елдерде демократия орнатам деп, халықаралық жандармның нағыз өзіне айналып отыр» деп жазған. 3
АҚШ соңғы жылдары өңірлердегі қақтығыстар мен жанжалдарға байланысты әскери қимылдарға еркін кірісі бастады. Бұл мәселеде АҚШ тіпті БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын мойындамады. Оған дәлел - Ирактағы соғыс.
1. 3. Иран мәселесі
Бүгінде, әлем бұқаралық-ақпарат құралдары беттерінде Иран тақырыбы жиі орын алуда. Тіпті төрткүл дүниеге белгілі саясаткерлер мен елбасылар да осы Иран мәселесін жиі қозғауға мәжбүр. Бұл тегін болмаса керек-ті. Мәселенің басы - Иранның ядролық бағдарламасы. Неге екенін қайдам, кезінде парсы елінің ядролық бағдарламасына елеулі көмек берген АҚШ пен Батыс елдері неге бүгін Иранға өші бардай шүйліге қалды? Себеп не? Мәселе Иран Ислам республикасының тізігінін ультраконсерватор Махмуд Ахмадинежадтың қолға алуына тіреліп тұр ма еді, әлде оның «Израилді жер бетінен жою керек» деген секілді қатаң мәлімдемелері ме, бәлкім, атом саласына айрықша көңіл бөліп, халыққа қажетті бейбіт атом өндірісін дамытуымыз керек дей отырып, соның аясында ядролық қару жасауға деген ниеті ме, дүниені үрейлендіріп отырған? Қалай айтсақ та, Иран билігіне Ахмадинежад келгелі парсы жұртының басына қара бұлт үйіріле бастады. Мұның арты көп ұзамай экономикалық санкция жариялаумен, не болмаса қарулы қақтығыспен аяқталуы мүмкін. Көптеген әлем сарапшылары осылай дейді. Әлемге соншалықты құбыжықтай үрей тудырған Иран атом бағдарламасы бастауын қай кезден алады? Енді соған аз-кем тоқтала кетейік.
Жалпы, Иранның ядролық (атом) бағдарламасы Реза Пехлеви шахтың билік құру кезінен бастау алады. Ол АҚШ-тың сенімді әріптесі болды. КСРО-мен де қарым-қатынасы жақсы еді. 1974 жылы алғаш рет Иран атом энергиясы ұйымы құрылды. Онда 23 ядролық энергоблок салынуы тиіс-ті. Бұған кем дегенде, 25 жыл бойы 30 миллиард доллар бөлінуі керек-ті. Бұл бағдарламаға Америка және еуропалықтар техникалық көмек берді. Тіпті сол жылы, яғни 1974 жылы Иран шахы Мохаммед Реза Пехлеви ашық түрде: «Иран ядролық қаруға ие болуы тиіс және ол өзге елдерге қарағанда, неғұрлым тезірек болғаны жөн» деген мәлімдеме жасады. Алайда оған АҚШ не оның одақтастары, тіпті КСРО да ешқандай қарсылық білдірмеді. Сол жылы Иран Франция мен ФРГ-дан екі атом реакторын сатып алды. Ал 1977 жылы батыс Германиядан тағы да 4 реактор алды. Арада жыл өткен соң, АҚШ Иранға қуаты 5МВт. боларлық зерттеуге арналған реактор берді. Шах басқарған жүйе сол жылдары ядролық сала бойынша Франция, Аргентина және ФРГ -мен жақсы байланыста болды. Дегенмен 1979 жылғы ислам революциясы кезінде Тегеран амалсыз ядролық бағдарламадан бас тартуына тура келді. Сол тұста көптеген шетелдік мамандар, ядрошы-ғалымдар елден кетіп қалды. 1980 жылдардың басында Иран қайтадан ядролық бағдарламасын Қытайдың көмегімен жандандыруға күш салды. Исфаханда ауыр суды зерттейтін реактор орнатылды. Уран кен орындарын қазу басталды. Ал 1992 жылы Бушерде АЭС салу үшін Ресеймен келісімшарт жасасты. 1995 жылы АҚШ бір жақты түрде Иранға сауда-экономикалық санкция жариялады. Алайда ол ешқандай нәтиже бере қоймады. Иран өз дегенімен жүрді. Міне, бұл - Иранның ядролық бағдарламасының арғы-бергісі.
Қазіргі кездегі бар мәліметтерге қарап, мынадай сұрақ туады: Иран Таяу Шығыс аймағындағы халықаралық қатынастар жағдайына, геосаясатқа қалай әсер етуі мүмкін және бұл Ислам республикасы қаншалықты қауіпті?
Бүгінгі XXІ ғасырдағы Иран АҚШ пен Еуроодақ елдеріне мінез танытты. Айтқанына көніп, айдауына жүргісі келмейтінін байқатты. Уранды байытып, ядролық бағдарламадан ешуақытта бас тартпайтынын мәлімдеді. «Қажет болса, - дейді ресми Тегеран, -АҚШ-тың аймақтағы одақтасы Израильге зымырандық соққы береміз. Одан АҚШ-тың Ирактағы әскери базалары да құр қалмайды. Парсы шығанағындағы Ормуз бұғазын жауып тастаймыз. Сөйтіп, аймақтағы «қара алтынның» 80 пайызы тасымалданатын жол бітеледі. Бұл әлемдегі мұнай бағасының шарықтауына әкеп соғады. Демек, Парсы шығанағының мұнайына тәуелді Еуропа елдерінің экономикасы зардабын тартатын болады». Иран Батыс ойлағандай, оңай шағылатын жаңғақ емес. Тіпті АҚШ Иракты басып аларда 25 генералын сатып алып, Еуропаға апарып, жағдайын жасағандай нұсқа бұл елде жүрмейді. Иракқа қарағанда Иранның жері төрт есе үлкен, армиясы 1 миллионға тарта. Қарулы күштердің жарақтануы да мықты. Украинадан алған қанатты зымырандарымен қатар, жергілікті «Шаһаб-2» секілді ұшу қашықтығы 1500 шақырымға жететін зымырандары бар. Ресейден «Тор-1» секілді қуатты әуе қорғаныс кешендерін 1 миллиард доллардың көлемінде сатып алуда. Оның үстіне жақында өте жаңа қару түрлерін, әлемдегі ең ұшқыр торпеда, радарға түспейтін шағын гидроұшақ, өзге де әскери техника түрлерін сынақтан өткізіп, жұртты таңғалдырды. Осыдан-ақ егер ең соңғы қару үлгісіне ие, АҚШ не болмаса Израиль Иранға қарсы жорық жасай қалса, оңайға соқпасы анық. Дегенмен Батыстың көптеген сарапшылары Тегеранның қолындағы ең сұмдық алапат қару әскери техника, қару-жарақ емес басқа дегенді айтады. Ол 40 мың адамнан тұратын арнайы әзірліктен өткен жанкештілер тобы. «Егер Иранға қарсы агрессия жасала қалса, жанкештілер Ирактағы, Ауғанстандағы, Парсы шығанағы елдеріндегі және Еуропадағы Америка нысандарына соққы береді» дегенді келітіреді сарапшылар. Мұның сыртында бір сенімдегі шиит ағайындарынның көмегі тағы бар. Олар әлемнің кезкелген жерінде болса да, ирандықтарды жерге қаратпайды, басқыншыларға қарсы терактілер жасауы тиіс. Шииттер әлемдегі мұсылмандардың 16 пайызын құрайды, яғни саны 180 миллион. Шииттер Иракта - 59, Ауғанстанда - 21, Түркияда - 16, Парсы шығанағында жатқан елдер Кувейтте - 20, Біріккен Араб эмиратында - 17, Катарда - 11, Бахрейнде - 64 пайыз. Бұл елдердің барлығында АҚШ әскери базалары бар. Демек, Иранға қауіп төне қалса, шииттер бірден американ базаларында теракт жасауға әзір. Міне, Тегеранның сеніп отырған күші. Иран мұнай экспорттайтын елдердің алғашқы бестігіне кіреді. Иран көмірсутегі отынына Еуропа елдерімен қатар, Үндістан және Қытай тәуелді. Содан болар, Қытай БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі болса да Иранға қарсы санкция жариялауға қарсылық білдіріп отырғаны.
Кейбір дерек көздеріне қарағанда, Пентагон Иранды басып кірудің бірнеше нұсқасын дайындап қойғанға ұқсайды.
Бірінші Ирак нұсқасы: Иракқа басып кіргендей Иранға жорық жасай отырып, билікті ауыстыру. Вашингтонның айтқанынан шықпайтын басшыны таққа отырғызу.
Екінші нұсқа: «Югославия сценарийін» қайталау. Ирандағы ядролық және маңызды нысандарын талқандау. Экономикасын күйрету. Дағдарысқа тірелген ел өздері-ақ басшысынан теріс айналары хақ.
Бұдан өзге де Батыс сарапшылары келтірген нұсқалар бар.
Атап айтсақ, «Корея сценарийі». Бұл өте ақылға қонымды деп айтылуда. Мәселе - Иранды Солтүстік және Оңтүстік деп екіге бөліп тастау. Тіпті бейресми кейбір дерек көздері «Иранның солтүстігінде, яғни әзірбайжан ұлты (18 миллион көлемінде, - дейді дерек көзі) көп шоғырланған жерлерде АҚШ-тың арнайы барлау топтары жұмыс істеуде. Олар «аз ұлттарды ресми Тегеранға қарсы айдап салуда» дегенді келтіреді. Егер соғыс бола қалса, АҚШ Иран билігін талқандай отырып, тұтас бір елді екіге бөліп, солтүстікте Әзірбайжандар басшылық жасайтын жаңа бір мемлекет құру жобасын жасап қойғанға ұқсайды. Әрине, мұның бәрі ресми дәлелденген жобалар емес, дегенмен бір жағдай бола қалса, жүзеге асуы мүмкін деуге тұрарлық. Сөз соңында айтарымыз, Иран мен АҚШ арасы күн санап ушығып бара жатқаны. Демек, бір қақтығыс таяп қалғаны анық. Мәселен, АҚШ жақын арада Таяу Шығыстан АҚШ пен Еуропаға қарсы атылған баллистикалық зымырандарды қағып түсіретін қондырғыларды Чехия, Польша және Венгрияға орналастыру жобасын қолға алуы, НАТО-ның Еуропадағы біріккен әуе күштерінің және АҚШ әуе қорғаныс күшінің басшысы Уильям Том Хоббинстің Әзірбайжанға сапары. Әзірбайжанның әскери әуежайларын тексеріп көруі, НАТО-ның стандартына сай ету үшін 400 миллион доллар бөлуі - бір тықырдың таяп қалғанының көрінісі. АҚШ Иранға қарсы соғыс аша қалса, Әзірбайжан плацдарм рөлін атқарады деген сыбыс бар.
4
ІІ тарау. Шығыс Азиядағы халықаралық қатынастар
2. 1. ХХІ ғасыр - Қытай ғасыры
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz