Алматы облысының өндірістік емес саласына талдау жасау



Алматы облысы маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеті бар, қарқынды аграрлы-индустриалды аймаққа жатады. Облыстың жақсы табиғи-климаттық зонада географиялық орналасуы, жері мен су ресурстары, оның аумағынан көлік дәліздерінің өтуі, сонымен қатар, басқа елдердің аумағына жақын орналасуы, оның ағымдағы мамандануын анықтайды. Табиғи-рекреациялық ресурстары (Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауы ландшафттары; Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай суқоймасы, тау көлдері, өзендері, минералды сулар мен емдік батпақтар көздері және басқалары) туризмнің дамуына жағымды, жақсы жағдайлар жасайды. Жағымды жақтарының бірі болып аймақтың транзиттік әлеуеті мен шекаралас аймақтардың, көліктік маршрут, көліктік-логистикалық қызмет пен шекаралас сауда орталықтарының инфрақұрылымын дамыту көмегімен, халықаралық экономикалық серіктестіктің маңызды зоналары сияқты шекаралас аймақтардың ролін күшейту [12,13]. Экономикалық реформалар мен аймақтық құрылғылардың қарқынды дамуы облыстың экономикалық белсенді халқының 8 %-ға, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысын 3,3 есе өсуіне, жұмыссыздық деңгейінің 6,5 %-ға дейін төмендеуіне әкелді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарының материалды-техникалық жағдайы анағұрлым жақсарды.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЕМЕС САЛАСЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

2.1 Алматы обылсының өндірістік емес саласының даму ерекшеліктері, жағымды және жағымсыз жақтары (SWOT-талдау)
Алматы облысы маңызды өндірістік-экономикалық әлеуеті бар, қарқынды аграрлы-индустриалды аймаққа жатады. Облыстың жақсы табиғи-климаттық зонада географиялық орналасуы, жері мен су ресурстары, оның аумағынан көлік дәліздерінің өтуі, сонымен қатар, басқа елдердің аумағына жақын орналасуы, оның ағымдағы мамандануын анықтайды. Табиғи-рекреаци ялық ресурстары (Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауы ландшафттары; Алакөл, Балқаш көлдері, Қапшағай суқоймасы, тау көлдері, өзендері, минералды сулар мен емдік батпақтар көздері және басқалары) туризмнің дамуына жағымды, жақсы жағдайлар жасайды. Жағымды жақтарының бірі болып аймақтың транзиттік әлеуеті мен шекаралас аймақтардың, көліктік маршрут, көліктік-логистикалық қызмет пен шекаралас сауда орталықтарының инфрақұрылымын дамыту көмегімен, халықаралық экономикалық серіктестіктің маңызды зоналары сияқты шекаралас аймақтардың ролін күшейту [12,13]. Экономикалық реформалар мен аймақтық құрылғылардың қарқынды дамуы облыстың экономикалық белсенді халқының 8 %-ға, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысын 3,3 есе өсуіне, жұмыссыздық деңгейінің 6,5 %-ға дейін төмендеуіне әкелді. Білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандарының материалды-техникалық жағдайы анағұрлым жақсарды. Білім беру мекемелері академиялық білім беріп, білімділігін дамытады, білімді, жоғары мәртебелі, сыншыл ойлайтын, физикалық түрде де, рухани да дамыған, өз бетінше дамуға және шығармашылыққа талпынатын азаматтарды қалыптастыруға үлесін тигізеді [19]. 2005 пен 2012 жылдар аралығында мектепке дейінгі балалар мекемелері желісінің саны 315-ке өсіп (286 мини орталықтар, 29 балабақшалар), техникалық және кәсіби білім беру мекемелері - 16-ға, сонымен қатар мектеп желілері 16-ға өсіп, білім беруді қолжетімді етті [20]. Техникалық және кәсіби білім беру нысандарының өсуі облыстың түрлі экономика салаларының кәсіби мамандармен қамтылуын жоғарылатады. Сонымен бірге, облыстың экономикалық дамуын тежеп тұратын, бар әлеуетті толығымен пайдалануға мүмкіндік бермейтін, жағымсыз жақтары да бар. Білім берудің жағымсыз жақтары 1 мен 6 жасқа дейінгі жас аралықтарындағы балалардың мектепке дейінгі білім берумен қамтылуының төмендігінен көрінеді, білім беру мекемелерінің айтарлықтай ескіргенінде, мектепке дейінгі, орта және кәсіби-техникалық білім беру нысандарының сәйкес құрылғылар мен инвентарьлармен қамтылуының төмен деңгейінен көрінеді. Алматы облысының туристік мүмкіндіктері жыл сайын халықаралық туристік ісшараларда Мадрид, Берлин, Мәскеу, Сеул, Пекин, Токио, Париж бен Лондон қалаларында таныстырылады. Жарнама-ақпараттық материал басылады, аймақтың туристік әлеуетін көрсететін, соның ішінде жаңа технологияларды қолдану арқылы, www.7su.kz. сайты жұмыс істейді. Облыс аумағында туристік нысандарды жарнамалау және туристерді қызықтыру мақсатында туристік бизнес өкілдері үшін ақпараттық презентациялық турлар жүргізіледі. Ішкі туризмді дамыту мақсатында өзіндік туристік ісшаралар, туризмнің белсенді түрлерімен айналысуға, өсіп келе жатқандарды қызықтыруға бағытталған. Жетісу үшін брендті болып саналатын Әлемдік туризм күніне арналған Іле-Балқаш регатасы мен дәстүрлі облыс туристік слетпен бірге жыл сайын туристік Жоңғария туриадасы, су туризмінің мастер-кластары, балалар регатасы және басқалары бастау алады. Ерекше назар балалар-жасөспірімдік туризмге аударылуда. Алматы облысында Менің Отаным - Қазақстан атты экспедициясын жүзеге асыру басталды. 2010 жылы облыстық деңгейде Талдықорған мен Текелі қалаларының командалары, Еңбекшіқазақ және Көксу аудандарының туристік клубтары қатысты. Әлсіз туристік инфрақұрылым, туризм нысандарына апаратын жолдардың нашарлығы, қызмет көрсетудің төмен деңгейі мен кәсіби мамандарының жоқтығы, Алматы облысының мамандануының стратегиялық бағытының бірі болып табылатын, туризм саласының республикалық экономикада дамуын тежейді [21]. Облыста халықтың 70 %-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады, бұл халықтың өмір сүру деңгейінің төмендігін, еңбек әлеуетінің біліктілігінің жеткіліксіз деңгейін, теріс миграциялық ағымдарды - (ауылдан қалаға) анықтайды, ауыл аймақтарының дамуы баяулайды. Көп жылдар бойы әлеуметтік-экономикалық даму мен адам дамуының индексінің негізгі көрсеткішінің тұрақты өсуі байқалды. Облыстың жалпы аймақтық өнімі жыл сайын орташа 20 %-ға өседі, және 2010 жылы 977,9 млрд теңгені құрады. Осылайша, облыс үлесі республикалық жалпы ішкі өнімде 4,5 %-ды құрады [22,23]. Жалпы облыстың өндірістік емес саласының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді сипаттамасы, облыстың негізгі мәселелерін, қауіптерін, бәсекелік артықшылықтары мен мүмкіндіктерін анықтайтын SWOT-талдауда келтірілген (кесте 2). Алматы облысы аумағында қазіргі кезде 2 миллионнан астам адам тұрады, бұл жалпы республика халқының 12 %-н құрайды. Егер, облыс халқының 73 %-ы ауылдық жерлерде тұратынын ескеретін болсақ, онда, денсаулық сақтау, білім беру, құқық қорғау, спорт, мәдениет сияқты өндірістік емес саланың тармақтары, ең біріншіден ауылдық жерлерде дамытуға бағытталу керектігін көре аламыз. Себебі, облыс, нағыз ауылдық облыс болып табылады.

Кесте 2 - SWOT - талдау

Жағымды жақтары
Жағымсыз жақтары
1. Халық санының жоғарылығы.
2. Ең ірі ттұтынушылық нарығы Алматы қаласына тиімді жақын орналасуы.
3. Еңбек нарығында жаппай орындардың босауы байқалмайды, яғни бұл жұмыссыз азаматтардың көбеюіне әкелмейді.
4. Барлық категориядағы азаматтардың әлеуметтік көмекпен қамтылуы.
5. Облыстың Еуропа-Қытай халықаралық дәлізінде тиімді географиялық орналасуы.
6. Тиімді туристік-рекреациялық әлеует.
7. Көшіп келуге (иммиграция) жоғары тартымдылық.
8. Қайталанбас табиғи ескерткіштер, соның ішінде, туристік игеруге жарамды индемикалық ескерткіштер.
9. Халықтың жалпы мәдениетке қызығушылығының артуы.
10. Мәдениет инфрақұрылымының бәсекелестік құруына мүмкіндік.
11. Өткізілген ісшаралардан түсетін кірістің өсуі.
12. Тіл үйренуге қызығушылық танытатын халықтың артуы.
13. Балабақшалардың қалпына келуі және мектепке дейінгі мини-орталықтардың жұмыс істеуі.
14. Мектепке дейінгі білім берумен балаларды қамту көрсеткішінің өсуі.
15. Мектептердің компьютерлермен, кеңжолақты интернет, жаңа модификациялы сыныптармен жабдықтау, материалды-техникалық деңгейдің тұрақты өсуі.
16. Техникалық және кәсіби білім беру нысандарының және онда оқитындар санының көбеюі.
17. Жөндеу жүргізілген оқу орындары санының көбеюі (27).
18. Интернат мекемелеріндегі балалар саны
1. Туристік инфрақұрылымның нашар дамуы.
2. Қала және ауыл халқының жұмыспен қамтылу деңгейі арасындағы сәйкессіздік.
3. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі.
4. Ұдайы күтімді қажет ететін, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан асқан тұлғалар санының көбеюі.
5. Облыстағы көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы.
6. Көптеген автомобильді транзитті жолдар жағдайының техникалық стандарттарға сәйкес келмеуі.
7. Облыстың ауылшаруашылық емес - рекреациялық сала, шағын бизнес саласында жұмыспен қамтылудың төмендігі.
8. Электр қуатының жетіспеушілігі мен жоғары тарифтер.
9. Аулдық жерлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы.
10. Нормативті-құқықтық базаның жақсы дамымауы, аймақтардағы мәдени мекемелердің материалды-техникалық базасының төмен деңгейі, маманданған кадрлар жетіспеушілігі.
11. Мектепке дейінгі біліммен әлі де 78,5% бала қамтылмаған.
12. Апатты, үшауысымды мектептердің орын алуы.
13. Техникалық және кәсіби білім беру нысандарының - 65,8%-ы ескірген және түбегейлі жөндеуді қажет етеді.
14. Облыстың 4 аудандарында кәсіби лицейлер жоқ.
15. Техникалық мамандық бойынша кадрларды дайындау жоқ.
16. Туристік инфрақұрылымның нашар дамуы, туристік нысандарға апаратын
Кесте 2-жалғасы
азаюда. 19. Жастар саясаты бойынша ісшаралар ұдайы жүргізіліп отырады.
20. Университеттің материалды-техникалық базасы анағұрлым жақсарды.
21. Облыстағы халқы 50-ден асатын барлық елді мекен медициналық мекемелермен қамтылған
жолдардың нашар жағдайы.
17. Облыстың туристік ресурстары жайында жарнаманың жеткіліксіздігі.
18. Медицина мамандарының жетіспеушілігі.
Мүмкіндіктері
Қатерлері

1. Табиғи ресурстар базасында - туристік кластердағы құрылыс индустриясын кешенді дамыту мүмкіндігі.
2. Облыстың болашақта урбандалу, көлік пен байланыс, туризм, саласында жүйеқұрушы жобаларды іске асыру арқылы ЖАӨ-ді тиімділендіру.
3. Жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау.
4. Облыстың транзитті жүк және жолаушылар ағымынан кірістің анағұрлым өсуі.
5. Тарихи жерлер мен ескерткіштерді қалпына келтіру мен қорғау және тиімді пайдалану.
6. Бәсекелік туризм инфрақұрылымын құру мүмкіндігі. .
7. Ішкі және сыртқы туризмді дамыту мен бюджетке кірісті өсіру..
8. Облыстың медициналық мекемелерінің материалды-техникалық базасын бекіту.
9. Әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу ісшаралары, скринингтік зерттеулер, диагностиканы жақсарту, емдеуді жақсарту.
10. Жас медицина мамандарын өз ісіне адал болып, жұмыс жасайтын елді мекенге, соның ішінде ауылдық жерге бауыр басу үшін жасалатын шаралар жүйесін өңдеу..

1. Облыстың көлік және байланыс инфрақұрылымының нашар дамуы себебінен инвестиция тартудың төмендеуі..
2.Маманданған кадрлардың жетіспеушілігі.
3. Жасырын жұмыспен қамтылу.
4. Тіркелген жұмыссыздардың өсуі.
5.Мектепке дейінгі мекемелердің жеткіліксіз қаржылануы, балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуын төмендетіп, олардың қоғамда психологиялық-әлеуметтік бейімделуін шектейді.
6.Халықтың жақсы тұрмыс жағдайына, жақсы еңбекақыға ұмтылуы көптеген көпжылдық тәжірибесі бар, жоғары білікті педагогтарды өз саласынан басқа салаға жүйелі ағымына әкеледі. Бұл орта білім сапасын төмендетеді.
7.Халық тарапынан жастар ісшараларын елемеуі..
8.Туризм саласына инвестициялық көмектің жоқтығы
9.Туристік бизнестегі кәсібиліктің жоқтығы, бағаларының көрсетілетін қызметі мен қызмет сапасына сәйкес келмеуі.

*Автор арқылы құрастырылған

Жалпы аймақтық өнімнің шынайы индексі 2012 жылға 108,5%-ды құрады. Салалардың Алматы облысының экономикасының өсу темпіне үлесін бағалау, салалар ішіндегі көшбасшы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс болып табылатынын көрсетеді (кесте 3).
Кесте 3- Салалардың ЖАӨ өсуіне үлесі, %

Салалар
2007
2008
2009
2010
2011
2012
Ауыл шаруашылығы
22,4
18,1
17,5
16,4
18,6
14,6
Өнеркәсіп
26,6
23,9
19,8
20,5
19,6
20,3
Құрылыс
10,4
10,8
8,5
12,0
10,8
12,9
Сауда
7,6
9,0
9,3
9,1
9,7
9,2
Көлік және байланыс
16,0
12,8
11,1
9,5
8,9
8,0
Басқа салалар
17,0
25,4
33,8
32,5
32,4
35,0
Барлығы
100
100
100
100
100
100
*Дерек көзі: http.:www.zhetysu-gov.kz

Жалпы аймақтық өнім құрылымында ең көп үлесті өнеркәсіп - 20,3%, ауыл шаруашылығы - 14,6%, құрылыс - 12,9%. Облыстың жалпы аймақтық өнімнің 2007-2012 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ 2015 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ АУМАҚТЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
Өндірістік емес сала
Оңүтістік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті мемлекеттік мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері
Колледждегі оқушылар контингенті
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Муниципалдық тұрғын үй саясаты
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Пәндер