Емдік дене шынықтыру



Кіріспе 2
1. Емдік дене шынықтыру 3
2. Емдік гимнастиканың даму тарихы 5
2.1 Емдік гимнастика түрлері 7
2.2 Емдік гимнастика жаттығулары 9
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Емдік дене шынықтыру және медициналық бақылау пәнінің оқыту мақсаты дені сау және ауру адамдарға денешынықтыру шараларының әсерінің механизімін білу негізінде, жаттығу әдістерін қалпына келтіру және емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану.
Денсаулық — тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Адамдардың көбі гигиеналық ережелерді сақтап және салауатты өмір салтын жүргізсе, 100 жастан аса өмір сүруге мүмкіндігі бар дейтін тұжырымдама ғылыми мәліметтерде бар. Өкінішке орай, адамдардың көбі ғылыммен негізделген өмір сүру нормаларын сақтамайды. Соңғы жылдарда жұмыстағы және үйдегі еңбек ету мөлшері, сондай-ақ тағы басқа себептерге байданысты адамдарда күн режимінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы ағзаға өзгерістер енгізетін гиподинамияның пайда болуына әкеліп соқтырады.
1. Икиманова Г.К. «Емдік гимнастика». Алматы-2001
2. Мустафина Т.К.-Спорттық медицина. Оқулық- А., 1997.
3. http://stud.kz/
4. http://old.qamshy.kz/
5. Сабырбекова Ж. «Емдік дене шынықтыру» Оқулық Алматы 2011
6. Б.Төтенаев. «Дене тәрбиесі». Алматы. Мектеп, 1988

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 2
1. Емдік дене шынықтыру 3
2. Емдік гимнастиканың даму тарихы 5
2.1 Емдік гимнастика түрлері 7
2.2 Емдік гимнастика жаттығулары 9
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Емдік дене шынықтыру және медициналық бақылау пәнінің оқыту мақсаты дені сау және ауру адамдарға денешынықтыру шараларының әсерінің механизімін білу негізінде, жаттығу әдістерін қалпына келтіру және емдеудің барлық кезеңдерінде қолдану.
Денсаулық -- тек қана әрбір адамның ғана емес, бүкіл қоғамның маңызды құрылымы. Адамдардың көбі гигиеналық ережелерді сақтап және салауатты өмір салтын жүргізсе, 100 жастан аса өмір сүруге мүмкіндігі бар дейтін тұжырымдама ғылыми мәліметтерде бар. Өкінішке орай, адамдардың көбі ғылыммен негізделген өмір сүру нормаларын сақтамайды. Соңғы жылдарда жұмыстағы және үйдегі еңбек ету мөлшері, сондай-ақ тағы басқа себептерге байданысты адамдарда күн режимінің жетіспеушілігі, қозғалыстың аздығы ағзаға өзгерістер енгізетін гиподинамияның пайда болуына әкеліп соқтырады

1. Емдік дене шынықтыру

Емдік дене шынықтыру -- анатомиялық және физиологиялық тіндер бұзылыстарын қалпына келтіреді.
Тарихына тоқталсақ 1921 жылы сан-курорттық орындар ашылғаннан бастап ЕДШ колданыла бастады. Емдік дене шынықтыруға Гиппократ, Гегель аталарымыздың еңбегі зор. ЕДШ аурудың ерекшеліктеріне қарай рет ретімен берілген кезде өзінің емдік әсері болады. ЕДШ жаттығулар қан айналым қызметін, дем алысты, зат алмасу, нерв жұмысын, ішкі секреция бездердің және бұлшық еттер жұмысын жақсартады. Жаттығулар ауруханаларда, емханаларда, әйелдер босану орындарында, сан-курорттық жерлерде жасалады. ЕДШ тек жергілікті жерге ғана әсер етіп қана қоймай, бүкіл ағзаға да әсер етеді. ЕДШ-ның басқа емдерден айырмашылығы дәріс түрінде өткізіледі. Жаттығу жасау барысында аурудың жағдайына байланысты үстеме жаттығуларды жәйлап қосып отырады. Емдік дене шынықтыру қай жерде жасалатыны маңызды. Мысалы таза ауада, күн астында немесе жабық бөлмелер. Жабық бөлмелерде өткізетін болса сол жердің санитарлық-гигеналық ережесін қатаң сақтау қажет. ЕДШны дәріс түрінде өткізгенде топтап немесе жеке адамға жасайды. Жаттығуды дәрігер науқастың жағдайына байланысты тағайындайды. Жеке емдік жаттығулар төсекте жатқан күйінде жасайды. Таза ауада жасалатын жаттығу кезінде науқастар топ топқа бөлінеді. Дәріс ұзақтығы аурудың жағдайы, түрі, жасына байланысты болады, орташа ұзақтығы 15-45 мин. Дәріс 3 бөліктен тұрады:

1. Кіріспе
2. Негізгі
3. Қортынды

Сонымен қатар жаттығулар құралмен және құралсыз жасалатын болып бөлінеді. Құралдарға- таяқ, гантель, доп, жаттығу жасайтын қабырға, орындық жатады. Бұлар жүрісті дұрыстайды, ауып кетпеуді қадағалайды. Бұлшық ет жұмысы нашарлағанда қолданылады.
Емдік дене шынықтыру жаттығулары ауру немесе сырқат адамның денсаулығын жақсарту және еңбек қабілетін қалпына келтіру мақсатында емдік профилактикалық әдіс ретінде қолданылады. Емдік дене шынықтыру дене тәрбиесінің бір бөлігі ретінде, дене күшінің дамуына, қимылдың координациясы мен жылдамдығын артуына, ептілікті, батылдықты, төзімділікті және басқа да адамның еңбек пен қоғамдық өміріне қажетті физикалық психологиялық қасиеттерді дамытуға өз үлесін қосады. Сондықтан дене шынықтыру жаттығуларын қолданудың тек емдік ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік те мәні зор.
Емдік дене шынықтырудың негізгі құралы белгілі бір мақсатта қолданылатын, жалпы аурудың жағдайына өту ерекшеліктеріне байланысты мөлшерленіп белгіленген физикалық жаттығулар. Емдік дене жаттығулары , адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Олар орталық жүйке жүйесі арқылы ауру ағзасындағы күрделі процестерді ынталандырады және қалпына келтіреді. Негізінде емдік дене шынықтырудың ағзаға әсер етуінің төрт механизмі бар: денені сергіту (тонусты жоғарылату), қоректендіру (трофикалық), қалыпқа келтіру (компенсаторлық) және реабилитациялық.

2. Емдік гимнастиканың даму тарихы

Емдік гимнастика - қазіргі кезде көп тараған емдеу әдістерінің түрлерінің бірі. Ерте кездерде бойдағы дерттен арылу үшін адам табиғаттың сыйы - суды, жарық сәулені, әртүрлі қимыл қозғалысты пайдаланған. Денешынықтыру XVI-XVII ғасырларда емдік бағытта қолдана бастады. Бұл кезде Ресейде қозғалыс пен жылуды қатар беру арқылы қолданды. XVIII ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар аурудың алдын алу бағыытнда дамыту жолында еібек етті. (М.В.Ломоносов, А.П.Протасов) 1923-1924 жылы емдік денешынықтыру шынығу орындарында (профилактория, санатория, курорт) енгізілді. 1926 жылы И.М.Саркизов - Серазини емдік денешынықтыру кафедрасы болды. Осы жерде үлкен дайындықтан өткен алғашқы докторлармен кандидаттар (В.Н.Машков, Д.А.Винокуров) болды. Сол кездегі бірінші денсаулық сақтау Халық комитеті Н.А.Семашконың бағыт бағдар беруімен отызыншы жылдың басында ЕДШ бөлімдерімен бөлмелер ашылды.
Емдік гимнастика ежелгі Греция елінде де үлкен қарқынмен дамыған. Оған мол үлес қосқан атақты ғалым -- медицинаның атасы -- Гиппократ (біздің дәуірімізге дейінғі 400-370 жыл) еді.
Ежелгі Рим медицинасында емдік гимнастиканың пайда болуына ықпал жасаған, үлкен еңбек сіңірген, атақты ғалымдар Целий, Цельс, әсі-ресе, белгілі рим дәрігері Гален болды (біздің дәуірімізге дейінгі 200 -- 130 жылдар шамасы). Целкй өз туындыларында көптеген созылмалы ауруларға қарсы, міндетті түрде, дене тәрбиесін қолдану керектігін атап көрсеткен. Әсіресе сал, нерв жүйесі ауруларын жазуда емдік гимнастика мен массаждың айрықша пайдалылығын дәлелдеген.
IX -- X ғасырларда ғұлама ғалым, әлемге аты әйгілі ұлы дәрігер Авиценна (Әбу-Әли Ибн Сина) осы салада үлкен еңбек жазып шыққан. Ол өз қағидасында күн сәулесін, ауаны және дене тәрбиесін әр адамның жасына байланысты ұтымды пайдалануды ұсынды.
Орта ғасырда дін ықпалы басым болғандықтан, медицинаға байланысты, оған қоса емдік гимнастика да тоқырап қалды.
Ғылым мен өнердің жаңарып қайта өрлеген дәуірінде дәрігерлік гимнастика туралы туындылар қайтадан шыға бастады. Атақты ғалым Тиссонның бірнеше еңбектері, Гофманның Ортопедия туралы трактаты, Меркуриалистің Гимнастика өнері атты ғылыми анықтама кітабы жарық көрді.
XVI -- XVII ғасырларда Россияда медицина саласында аурудың алдын алу шаралары қолға алынып, өскелең келешек ұрпақ үшін ең қажетті нәрсе қимыл-қозғалыс, оның ішінде дене шынықтыру жаттығулары деп тапты (М. В. Ломоносов, А. П. Протасов).
XVIII -- XIX ғасырларда емдік қасиеті бар жаттығулар туралы пікірлер кебейе бастайды. Европада Лингтің швед гимнастика жүйесі кең тарады. Көптеген емдік гимнастикалар шведтік гимнастика жүйесінің бір тарауы болғанымен педагогикалық, әскери және эстетикалық гимнастика болып есептеледі. Линг гимнастикасының негізгі мақсаты -- буындарды зақымдайтын ауруларға қарсы емдік жаттығулар қолдану еді.
Осы кезде орыс терапия мектебінің негізін қалаушы М. Я. Мудров және көрнекті хирург Н. И. Пироговтың емдеу гимнастикасын ішкі ағзалар ауырғанда, жарақаттанып, жараланғанда қолдану өте қажет деген тұжырымы кең тарады.
Емдік гимнастиканың кең таралуына үлкен ықпал жасаған ғалым П. Ф. Лесгафт. Ол анатомиялық-физиологиялық құбылысты негіздей отырып, дене тәрбиесін аурудың алдын алу ісінде өте жоғары қойды. Орыс ғалымдары А. И. Полунин, С. П. Боткин, П. И. Дьяконов, В. В., Горниевский т. б. өз туындыларында емдеу гимнастикасына материалистік көзқарас тұрғысынан келді. Дегенмен патша өкіметі тұсында Россияда емдік гимнастика қанат жайып дами алмады. 1921 жылы демалыс үйлерін ашу туралы Халық Комиссарлар Советі қаулы қабылдады. Онда елімізде дене тәрбиесін дамытуға, оны халық игілігіне айналдыруға ерекше көңіл бөлді. Дене тәрбиесінің денсаулың сақтау ісінде алатын орны белгіленді. Сондай-ақ осы сала қызметкерлері алдына жаңа міндеттер қойылды. Демалыс үйлерінде тынығушылар үшін арнайы жаттығулар лайықталып алынып, олардың мелшері, методикасы аурулардың әр тобына арналып құрастырылды.
1923 жылы алғаш рет емдік гимнастика туралы оқу құралы жарық көрді. Ол Қызыл Армия санаторийлерінде, әскери медицинада қолданыла бастады.
Емдік гимнастика емханада, ауруханаларда әр түрлі күрделі операцияға дейін, одан кейін де, акушерлік және гинекология, нерв жүйесі салаларында, т. б. ауруларды емдеуге қолданылатын болды. Тұңғыш рет Москвада (1928 ж.) және Ленинградта (1932) дене шынықтыру институттарында емдік гимнастика кафедрасы ашылды. Сол сияқты мұндай кафедра Медицина институтында да ашылды, сондай-ақ арнайы мамандандырылған ғылыми зерттеу институттары ұйымдастырылды. Олар емдік гимнастикасының негізгі мән-мағынасын, әр түрлі ауруларға қолдану әдістерін, тигізетін әсерін айқындаумен шұғылданды. Бұған атсалысқан танымал ғалымдар, білікті мамандар: И. М. Саркизов-Серазини, В. Н. Мошков, А. А. Лепорский, Е. Ф. Древинг, В, В. Горниевская, В. К. Добровольский болды. Осы ғалымдардың әрқайсысы-ақ емдік гимнастиканың қандай сырқатқа қолданатынын ашып көрсетіп берді. Мәселен, жүрек-қан тамыр ауруларында, ішкі ағзалар зақымданғанда қолданатын жаттығу-ларға И. М. Саркизов-Серазини мен В. Н. Мошков өз еңбектерінде тиянақты түсініктеме берсе, Е. Ф. Древинг, В. В. Горниевская омыртқа, буын ауруларына қолдану әдісін көрсетті, ал В. К. Добровольский іш құрылысына операция жасалғаннан кейін қандай жаттығулар қолданылатынын айтып берді. Ал Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық госпитальдарға күрделі емдеу әдісінің қүрамына міндетті түрде дене тәрбиесі немесе гимнастика енгізілді. Соның көмегімен қатарға қосылған жауынгерлер аз емес. Соғыстан кейінгі жылдары емдік гимнастика тәсілін кеңейтіп өкпе, жүрек қан тамырларына -- операция жасағанда, жүйке зақымданғанда, күйіп қалғанда т. б. еркін қолдана бастады.
Совет ғалымдары емдік гимнастиканы жеке-дара пән ретінде қарамай, оны комплексті емдеу әдістерінің бір тарауы деп қарады. Сонымен бірге, олар ғасырлар бойы әр елдің дәрігерлері қолданған емдік гимнастиканың үлгілеріне жан-жақты талдау жасады.
Қазіргі емдік гимнастиканың тағы бір артықшылығы -- ол тек жеке адамды ғана емес, жалпы көпшілік қауымды қамтиды. Денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған басты міндет -- аурудың алдын алу, жаппай диспансерлік тексеруден өткізу, еңбекшілердің жалпы хал-жағдайын жақсарту. Осындай күрделі міндетті орындауға емдік бағыттағы гимнастиканың қосар үлесі аз емес. Ол тек аурудың алдын алып қоймай, оны емдеуге де үлкен ықпал жасайтыны белгілі.

2.1 Емдік гимнастика түрлері

Емдік гимнастиканың мақсаты:
1. Адамның көңіл күйін еңсесін көтеру
2. Жансызданған жағында қан лимфа және зат алмасуын жақсарту
3. Жүрек қан тамыр, тыныс алу, ас қорыту ағзаларының қызметін қалыптастыру
4. Терінің ойылуын, буынның бүгілуін, контрактура болмауын, өкпенің көп жатқаннан қабынбауын қадағалау, алдын алу
5. Жоғалған қимыл қозғалысты қалпына келтіру
6. Жүгіруін қадағалап, өз бетімен кіріп шығып, тамағын алып ішуге дағдыландыру.
ЕДШ-ның медицина саласында денсаулықты қалпына келтіруде, аудурың алдын алуда, мүгедекті азайтуға үлкен маңызы бар. ЕДШ - бұл ағзаның биологиялық қасиеті қозғалысты қолдану тәсілі. Қозғалыс негізінен ағзалардың қалыптасуын, жетілуін реттейді. Денешынықтырудың биологиялық маңызы адамның іс - қимылын және жұмыс қабілетін арттыру. Дене жаттығулары емдік гимнастиканың басты құралы. Ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланыста болғандықтан жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) қадағалап жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл - қозғалыстың тапшылығы әр түрлі ауруға әкеліп соқтырады.
Емдік гимнастиканың 4 механизмі бар.
1. Денені әлдендіру (сергіту)
2. Қоректендіру
3. Орнын толтыру
4. Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру.
1) Әлдендіру механизмі: нерв жүйесіндегі тежеу мен қоздыру процесін өзгертіп, орталық күштің жұмысын реттейді. Басшылық қызметі артып ішкі бездердің жұмысын жақсартады, зат алмасуды үдейтеді. Бұлшық ет пен ағза арасындағы байланыс туады. Үлкен бұлшық ет көп қозғалса, әлдендіру көбірек болады.
2) Қоректендіру механизмі: буын қимылдарынан денедегі зат алмасуғ қышқылдану - тотығу, қайта түлеу, қалпына келу процестері жүреді. Қан айналымы үдеп, лимфа айналымы жақсарады да қоректік затпен толығып ауырған жер тез жазыла бастайды.
3) Орнын толтыру механизмі: жаттығулар арқылы аурудың салдарынан солып қалған мүшелерді, бұлшық еттерді қалпына келтіреді. Бұлшық еттерді шынықтыру арқылы науқастың әр түрлі қимылдар жасауына көмектеседі.
4) Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі: ағзаның анатомиялық құрылысы қалпына келгенмен, мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Сондықтан функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін аурудан кейін жаттығулармен айналысу қажет. Сонда ғана жоғарғы нерв жүйесінің басқару қызметі басқа ағзалармен байланысқа түсіп, науқас ауруынан айғады.
Емдік гимнастиканың тәсілдері: бұл тәсілдерге жаттығулар жиынтығы дәне табиғат факторлары (ауа, су, күн сәулесі) жатады.
1. Жаттығулар жиынтығына: гимнастикалық, спорттық, өолданбалы ойын түрлері а) гимнастикалық жаттығулар - аяқ, қол, дене бұлшық еттеріне арнап (снарядпен және жаттығу құралдарымен) жасалады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қантты диабет
Созылмалы пневмония кезіндегі емдік дене шынықтыру (оқу әдістемелік құрал)
Емдік дене шынықтырудың өмірдегі маңызы
Гиподинамия туралы түсінік
Дене шынықтыру сабағында дәрігерлік-педагогикалық бақылау
Емдік дене шынықтыру жалпы негіздері
Дене тәрбиесі және төзімділік
Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері
Дене шынықтыру оқулықтары
Спорттық жүзудің маңызы
Пәндер