Кәсіпкерлік пен бизнес



Кіріспе 2
1. Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы 3
1.1 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау 4
2. Бизнес түсінігі 7
2.1 Шағын және орта бизнес түсінігі 8
3. Кәсіпкерлік пен бизнес 11
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15
Кәсіпкерлік - белгілі бір тауардың сату, қызмет көрсету немесе өндірістен пайда алуға бағытталған экономикалық мамандық. Бұл жолда мақсатқа жету үшін мүлік, материалды емес активтер, кәсіпкердің және жан-жақтағы адамдардың еңбектері керек. Жұмсалған қаражат қайтарылады деген кепіл жоқ, және өндірілген тауарлар пайдамен сатылады деген де кепіл жоқ. Осыған байланысты мүлікті толығымен немесе белгілі бір бөлімін жоғалтып алу қауіпі бар.
Бизнес (ағыл. business - "іс", "жұмыс") - пайда табуға бағытталған мамандық. Бизнес болып кез-келген ақша түсіретін немесе басқа да жеке пайда түсіретін мамандықтар жатады.
Қазіргі кезде көбісі (басында тіпті мен де) кәсіпкерлік және бизнесті шатастырады. Оларды синоним ретінде қарастырады. Ал негізінде бұл екеуінің айырмашылығы жоғарда көрсетілгендей. Тіпті Қазақстандағы, тек қана Қазақстан емес, бүкіл Орта Азия елдерінде (Ресейді қоса) осындай пікір қалыптасқан.
1) Войтов А.Г. «Экономика. Жалпы курс» Мәскеу, «Маркетинг», 2000
2) Гайнутдинов Э.М. «Кәсіпкерлік негіздері», Лада, 2000
3) Мамыров Н.К. «Кәсіпкерлік негіздері», Аоматы, Экономика 1997
4) «Кәсіпкер және құқық» жинағы, «БИКО», Алматы
5) Шумпетер И. Экономикалық даму теориясы Мәскеу 1982
6) Экономика және бизнес журналы №10
7) Қаржы жинақтары №3

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы 3
1.1 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау 4
2. Бизнес түсінігі 7
2.1 Шағын және орта бизнес түсінігі 8
3. Кәсіпкерлік пен бизнес 11
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе

Кәсіпкерлік - белгілі бір тауардың сату, қызмет көрсету немесе өндірістен пайда алуға бағытталған экономикалық мамандық. Бұл жолда мақсатқа жету үшін мүлік, материалды емес активтер, кәсіпкердің және жан-жақтағы адамдардың еңбектері керек. Жұмсалған қаражат қайтарылады деген кепіл жоқ, және өндірілген тауарлар пайдамен сатылады деген де кепіл жоқ. Осыған байланысты мүлікті толығымен немесе белгілі бір бөлімін жоғалтып алу қауіпі бар.
Бизнес (ағыл. business - "іс", "жұмыс") - пайда табуға бағытталған мамандық. Бизнес болып кез-келген ақша түсіретін немесе басқа да жеке пайда түсіретін мамандықтар жатады.
Қазіргі кезде көбісі (басында тіпті мен де) кәсіпкерлік және бизнесті шатастырады. Оларды синоним ретінде қарастырады. Ал негізінде бұл екеуінің айырмашылығы жоғарда көрсетілгендей. Тіпті Қазақстандағы, тек қана Қазақстан емес, бүкіл Орта Азия елдерінде (Ресейді қоса) осындай пікір қалыптасқан.

1. Кәсіпкерлік ұғымы және кәсіпкерліктің даму тарихы

Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисті, Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзі эпиграф болып саналады. Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисті Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам. Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисті - Ричард Контильон (1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады. Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым болғанымен, оларды бір - бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес - табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер - ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады. Олар мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары - жеке тұлғалар, келісімшарт міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы, яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам, холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Кәсіпкерлік - бұл шаруашылық жүргізудің әдісі және өз бетімен жұмыс істеуге негізделген экономикалық ойлаудың ерекше типі. Кәсіпкерлікті дамытудың басты сәті нарық экономикасында бәсекелестік отанын құру үшін ғана емес, сонымен қатар еркіп кәсіпкерлік үшін жол ашатын мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендіру болып табылады. Әрбір заттың немесе құбылыстың өзіне тән даму және қалыптасу тарихы бар. Сол тәрізді кәсіпкерліктің даму тарихы талай ғасырларды қамтиды.
Кәсіпкерліктің даму тарихы 4 бағытта дамыды:
1-бағыт. Кәсіпкерлікті тіуелділікпен байланыстырды. Бұл бағыттың негізін салушысы болып француз экономисі Ричард Контольон болып саналады. Ол мынандай шешімге келді: Кәсіпкер болашақтағы мүмкіндіктерді болжап, өзіне табыс табу мақсатында мүмкіндіктерді жүзеге асыру. Сұраныс пен ұсыныс қатынасын ескере отырып, кәсіпкер тауарды арзан бағаға сатып алып, қымбат бағаға сатады.
2-бағыт. Ж.Сей мен А.Маршалдың көзқарастарымен байланысты. Олардың ойынша өндіріс факторлардың бірі рационалдық комбинацияны жүзеге асыру және қалыпты кәсіпкерлік табыс табу.
3-бағыт. Кәсіпкерлік теориясын құрудағы негізгісі мен перспективалық бағыт. Бұл бағыттың негізін салушы Шумпеттер. Егер шаруашылық субъектілері жаңа комбинацияны жүзеге асыра алмаса, ол кәсіпкер болып саналмайды. Кәсіпкерлік функцияларын мынандай адам ғана жүзеге асыра алады. Егер ол сезімтал, инновациялық өзгерістерге икемді адам болса, жаңалықты таба білетін, оның нәтижесін тиімді қолдана білетін тұлға.
4-бағыт. Бұл бағыттың негізін салған адамдар П.Дюркер, В.Санто олар кәсіпкерлікті менеджментпен тығыз байланыстырады. Кәсіпкерлік пен менеджмент бірін - бірі толықтырып тұрады және құрамдас бөлігі болып табылады. Менеджмент көбінесе кәсіпорынның қызмет көрсету саласына көп көңіл бөледі және кәсіпкерліктің басқару стилін нығайтады.
Кәсіпкерлік істі мемлекеттік реттеудің керектігін негіздей отырып, Ф.Котлер осы заңдардың пайда болуын үш негізгі себептің әсер етуімен түсіндіреді:
1. Фирмаларды бір-бірінен қорғаудың керектігі. Кәсіпкерлердің барлығы бәсекелестікті бір кісідей жақтайды, бірақ өз мүддесі туралы сөз болғанда оларды барлығы да бәсекелестікті бейтарап қалдыруға тырысады (Ф.Котлер, 168-бет). Сондықтан бәсекелестік арасындағы заңсыздыққа жол бермеу заңдары қабылданады.
2. Тұтынушыларды арам ниетті іскерлік практикадан қорғаудың қажеттілігі. Сондықтан бақылаусыз қалған фирмалардың нашар тауарларды шығаруына, жарнамаларда жалған ақпарат беруіне, әдемі қораптаумен және баға деңгейімен шатастыруына қарсы заң шығарылды.
Қоғам мүддесін кәсіпкердің жеке мүддесінен жоғары ұстау. Ф.Котлер бұл жағдайда кәсіпкерлік іс кейбір жағдайларда өмір деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз ете алмайды, - деп өте жұмсақтап атап кетті.
Нарықтық қатынастарға өту барысында Қазақстанда кәсіпкерлердің жүгенсіздігі жиі көрінеді. Қазақстан Республикасында заңдар жүйесі енді қалыптасып келеді.
Нарықтық экономика, оның жағымды қасиеттеріне қарамастан, қоғамның және әрбір азаматтың мүддесіне сай экономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды. Ол кірістің әлеуметтік тұрғыда дұрыс бөлінуін қамтамасыз етпейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, халықтың әлеуметтік деңгейі төмен бөлігін қолдай алмаумен бірге нарықтық экономика көптеген басқа да өзекті проблемаларды шеше алмайды.
Осындай жағдайлардан туындаған кәсіпкерлік мәселелерді реттей отырып, мемлекеттің бір бағытта айналысуы қажет. Басқа дамыған Батыс елдерімен салыстырғанда, Қазақстан бұл процесті тез арада жүзеге асыруы тиіс.

1.1 Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әр түрлі фирмалар қызмет атқаруда. Осы қаптаған көптүрлі белгісі бойынша классификациялау қажет (2-кесте).

Кесте - 2.
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша
Шаруашылық сипатына қарай
Салалық қызметіне қарай
Меншік нысаны бойынша
Картелдер,
Синдикаттар
(консорциумдар),
Трестер,
Концерндер,
Концерн-конгломераттар,
Холдинг-компаниялар,
Акционерлік қоғамдар
(корпорациялар),
Кооперативтер,
Серіктестіктер.
Өндірістік,
Саудалық,
Делдалдық,
Банктік,
Сақтандырушылық
Инвестициялық,
Инновациялық,
Инжирингтік,
Венчурлік (тәуекелділік), Консалтингтік,
Аудиторлық,
Трастолық.
Өнеркәсіп,
Ауыл шаруашылығы,
Сауда,
Байланыс,
Көлік
Қаржы,
Несиелік,
Мәдениет,
Өнер,
Білім,
Ғылым, Денсаулық сақтау,
Тұрғын үй шаруашылығы.
Мемлекеттік,
Қазыналық, Ұжымдық,
Жалгерлік,
Кооперативтік,
Акционерлік,
Жекелеген,
Аралас (біріккен), Мемлекеттік
кооператив-
тікпен бірге,
Ұжымдық жекемен бірге,
Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)

Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек қана АҚШ-тың өзінде олардың саны 7млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп санның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады.
Кәсіпкерлік түрлерін келесідей көрсетуге болады: Өндірістік, коммерциялық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылық
1. Өндірістік кәсіпкерлік - сауда ұйымдарының сатып алушыларға, тұтынушыларға сату үшін еңбек құралдарын, еңбек күштерін факторларға қолдана отырып тауарлар мен қызметтер өндіретін кәсіпкерлік қызметі.
2. Коммерциялық - тауарларды ақшалай, тауарлы айырбас операциялар мен байланысты кәсіпкерлік түрі. Кәсіпкер саудагер рөлінде болады.
3. Қаржылық -- бұл кәсіпкерлік ерекше формасы. Сатып алу, сату құралы ретінде: ақша, бағалы қағаздар, құнды қағаздар ретінде жүреді.
4. Серіктестік кәсіпкерлік - тауарлы ақшалай операциясындағы тауарлы айырбас процесінде кәсіпкер тек серіктес ретінде ғана қызмет атқарады. Олар тауар тауарларды өндірмейді және сатпайды. Негізгі мақсаты: қызығушылық танытқан екі жақты байланыстырады.
5. Сақтандырушылық - кәсіпкер қандай да бір төлем ақы көлемінде сақтандырушыға мүлікті жоғалту және нұқсан келтіру кезінде төлем ақыны ( компенсация) кепіл етеді. (гарантирует).
Кәсіпкерлік туралы ҚР Заңына сәйкес кәсіпкерлік қызметтің 3 түрі бар: шағын, орта және ірі. Өзінің мәртебесін кәсіпкерлік субъектілері өздері анықтап, растау керек. ҚР Салық Кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері салық органдарына тіркелген жері бойынша қаржылық және салықтық есептілік тапсырады. Онда оларды жеке кәсіпкерліктің қай түріне жататындығы туралы (шағын, орта, ірі) критерийлер қарастырылған.

Кәсіпкерлікпен айналысу барысында экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар ескерілуі қажет.
1. Экономикалық жағдайлар:оған: нарыққа тауар, қызметтер ұсыну, тауарлардың, қызметтердің алуан түрлері, тұтынушылардағы ақша-қаражат көлемі, яғни олардың сатып алу қабілеттілігі, жұмыс орнының және жұмыс күшінің артық-кемдігі, еңбек ақы қорының артық-кемдігі, қарыз беретін мекемелердің ақша ресурстары болуы керек.
2. Әлеуметтік жағдайлар: кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қалыптастыру үшін тұтынушыларда тауар сатып аларлық қаражаты болуы, олардың тауарға, қызметке деген талғамы, төлем қабілеттілігі бар сұранысы болуы. Әлеуметтік жағдай әрбір адамның жұмыс орнындағы жағдайы, еңбек ақы мөлшерімен байланысты. Әрбір кәсіпкер әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау.
3. Құқықтық жағдайлар: кәсіпкерлікті реттейтін заңдар және нормативтік-құқықтық жағдайлардың болуы: Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, салық туралы заңдар, кәсіпкерлерді қорғайтын заңдар, шағын және орта бизнесті қолдайтын органдар, меншікке құқықтық заңдар.

2. Бизнес түсінігі

Бизнес - істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнімжасау, іс, қызмет нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салты жүйесі ретінде қарастырылады.
Бизнес - істі жүргізу мен адамдардың іскерлік қатынастарының жүйесі. Субъектісі және меншіктік нысанына қарай оның мынандай түрлері болады:
1) Кәсіпкерлік бизнес, ол жеке меншік өндіріс құрал - жабдықтарына негізделген. Одан қазіргі таңдағы мемлекеттік емес жаңа меншік түрлері (топтық, ұжымдық, кооперативтік, акционерлік, пайыздық) өсіп шықты. Кәсіпкерлік бизнестің негізгі бағыттары; өнім шығару, коммерция (сауда) және коммерциялық делдалдық.
2) Тұтынушы бизнес, ол жеке меншікті тұтыну және қызмет көрсету саласына негізделеді. Тұтынушы бизнеске қатысушылар - барлық азаматтар, сонымен қатар басқа фирмалардың өнімдердің тұтынушы ретіндегі кәсіпкерлер.
3) Еңбек бизнесі, ол жеке меншіктік жұмыс күшіне негізделеді. Бұл бизнестің субъектісі - жұмысшылар, олар өз еңбегін жалға сатады, шарт бойынша еңбек етеді.
4) Мемлекеттік бизнес, ол мемлекет меншігіндегі өндіріс құрал - жабдықтары, ақпарат, интеллектуалды еңбек өнімі, құнды қағаздар, ақша ресурстары, т.б. негізделеді. Мұнда мемлекеттік органдар басқа қатысушылармен іскерлік қатысу қатынастар арқылы тепе - тең әріптес ретінде қызмет етеді.
Нарықтық экономикада кез келген бизнестің стратегиясы және тактикасы болады. Бизнестік стратегиялық мақсаты - өндірістік жұмысты (қызметті) жүзеге асыру процесінде паданы молайту.
70-ші, 80-ші жылдардағы бизнес үрдістерін оңтайландыру бойынша шаралардың бірінші толқыны кезінде атқарылған жұмыстың негізгі бөлігі миллион бұжымдарға келетін кемістіктер санын қысқартуға және өндірістік үрдістердің тиімділігін жоғарылатуға бағытталған еді. Қызметті жақсарту бойынша шаралардың екінші толқыны кезінде жұмсалған күштің басым бөлігі әкімшілік бизнес үрдістерін жақсартуға бағытталған. Бизнес үрдістерін жақсартудың методологиялары бар назарды өндірістік үрдістерін емес, әкімшілік және қосалкы үрдістерді жақсартуға аударылған, алайда тұжырымдамаларды өндірістік үрдістерге арнап қолдануға да болады.
Джеймс Харрингтон бизнес үрдісін оңтайлардырудың үрдісіне келесі анықтама береді -- бұл шешімді жылдам талдау әдістемесі, үрдістің бенчмаркетингі, үрдісті қайта жобалау және инжинирингілеу сияқты әдістер көмегімен әкімшілік және қосалқы үрдістерді қадам бойынша жетілдіруді жүзеге асыру үшін әзірленген методология

2.1 Шағын және орта бизнес түсінігі

Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р.Контильон есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тіуелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік - тәуелділікпен байланысты болап келетін адамдардың қызметі. Кейбіреулер шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египттіктер, иудилер, гректер, римдіктер ерекшеленген. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы ғылыми - техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкердіктің кезектілігі теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозер Шлупеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен бизнес
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті қолдау мен басқару
Шағын бизнестің қазіргі заманғы шындық хал - жағдайы
Шағын және орта бизнесті дамытуда кездесетін проблемалар
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері
Кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті дамыту
Кәсіпкерлікті дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері
Пәндер