Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері



Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
«Бәсеке қабілеттілік» түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
1МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНДАҒЫ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің мәні, маңызы және ерекшелігі
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сырткы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай иелігіміздегі кұндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек ішкі нарықта ғана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп, тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз -- кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда болды. Шамамен сол уакытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік -- өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі -- тауарлардың тұтынушы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықта өз орнын табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Ежелгі латынның concurrentia сөзінен бастау алатын бұл сөз қақтығысу, тартыс мағынасын білдіреді. Бәсекелестік- бұл нарық шаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестік-экономикалық күрес, оқшауланған өндірушілердің өнім, жұмыс, қызмет көрсетуі үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сату мен жұмыстардағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетумен байланысты.
Бәсеке-тауар өндірушілердің капиталды ыңғайлы салу саласы үшін, өткізу нарығы, шикізат көздері үшін өзара жарысуы және бір мезгілде қоғамдық өндіріс пропорциясын стихиялы реттеудің өте әсерлі механизмі.
Бәсеке қоғам өмірінде өте маңызды орын алады. Ол өз бетінше жұмыс атқаратындарды ынталандырады, тауар өндірушілер бәсеке арқылы бірін-бірі бақылауы да мүмкін. Олардың тұтынушы үшін күресуі бағаның төмендеуіне, өндіріс шығынының азаюына, өнім сапасының жақсаруына, ғылыми-техникалық прогрестің күшеюіне алып келеді.
Қазіргі жағдайда бәсекелестік күрестің бағалық тәсілі қолданылады. Бұған монополиялы жоғарғы және монополиялы төмен бағаларды қолдану жатады. Бағалық тәсілге сондай-ақ бағалық дискриминация тәсілі де жатады (әр жердегі әртүрді бағалар, демпингтік төмен нарықтық бағалар).
Қазақстан Республикасындағы бәсекелестік қатынастардың дамуы көптеген меншік түрлері жұмысының әлі төменділігімен тежелуде және экономикадағы монополизациялау деңгейінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Бәсекелестік қатынастардың келешегі мемлекетсіздендіру процесімен, антимонополиялық заңдар қабылдануымен байланысты және басқаға мемлекеттің бәсекелестікті қолдау шараларымен, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті мемлекеттің қорғауымен жүзеге асады.
Бәсекелестік күрестің баға еместік тәсілі де пайда болуда. Бәсекелестіктің баға еместік тәсіліне мыналар жатиады: тауар сапасынын, жаңаруын, дизайнын жақсартумен байланыстылығы, оның өте үлкен асортименттілігі және сатылғаннан кейінгі өте жоғарғы сервистік қызметі. Бұл тәсілдер негізінен екі топқа жіктеледі: өнім үшін бәсекелестік және сату шарты бойынша бәсекелестік.

Мұнай-газ нарығындағы бәсеке қабілеттілік келесі жағдайлармен қамтамасыз етіледі:
Мұнай-газ нарығындағы бәсеке қабілеттілік

Стратегиялық деңгей
Оперативті деңгей
Тактикалық деңгей

Инвестициялық тартымдылығы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Өнімнің бәсеке қабілеттілігі

Кәсіпорын құнының өсу критериі
* Салыстырмалы
* Шығындық
* Табыстық
* Опциондық
Кәсіпорынның кешенді жағдайы көрсеткіші
* Субъекті қызметін қаржылық-шаруашылық бағалау
Өнімнің бәсеке қабілеттілік көрсеткіштері
Бағалау әдістемесі
* Эксперттік
* Квалиметрикалық
* Кешенді

Ескертпе: http:www.financialguide.ru Конкурентоспособность негізінде автормен құрастырылған
Сызба-1. Мұнай-газ нарығындағы бәсеке қабілеттілік

Мұнай-газ нарығындағы бәсеке қабілеттілік оперативті деңгей, тактикалық деңгей және стратегиялық деңгей арқылы анықталады.
Оперативті деңгей өнімнің бәсеке қабілеттілік көрсеткіштері эксперттік, квалиметрикалық және кешенді бағалау әдістемелері арқылы анықталады.
Тактикалық деңгей мұнай-газ кәсіпорындарының кешенді көрсеткіші және де ол субъекті қызметін қаржылық-шаруашылық бағалау арқылы есептелінеді.
Мұнай-газ салаларының инвестициялық тартымдылығы мұнай-газ кәсіпорынының құнының өсу критерилеріне: салыстырмалы, шығындық, табыстық, опциондық бағалау әдістемелерін жатқызамыз.

Жалпы өнім бәсекелестігі - бәсекелестің сала нарығының бір бөлігін алып қоюға ұмтылды және ол жаңа ассортиментті әрі сапалы өнімді шығару арқылы шамаланған бәрі және сол бағаны сақтау жолымен жүзеге асады. Сату шартылығының жағдайы бойынша бәсекелестік- сатып алушыларды тауарға үйірлендіру үшін көптеген іс-әрекеттерді қолданалы. Бұл бәсекелестікті жарнама, сервистік қызмет жасау, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер қарастыру жатады.
Бәсекелестің баға еместік ерекше тәсіліне тауарды ұзақ мерзімге және лизингіге сатуын жатқызамыз. Соңғысы өндіріс құралжабдығын пайдалануды көрсетеді және оларды (өндіріс құрал жабдығын) меншікке алудың орнына, яғни машина мен жабдықтарды, көлік құралдарын, өндіріске берілетін жабдықтарды ұзақ мерзімге жалгерлікке беру. Мұның классикалық жалгерліктен айырмашылы лизинг кезіндегі өзара қатынастар сатып алу- сату келісімі жағдайында құрылады.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі - бәсеке (латын сөзі конкурро - түйістіру) болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал, тұтынушылар арасындағы бәсекені- нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз.
Мұнай-газ өнімінің бәсекеге қабілеттілігі - мұнай мен газ өнімдерінінің нарықтағы қажеттілігін жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының негізінде әлемдік нарықта өз орнын табуы. Оның негізгі кұрауыштарын атап өтуге болады:

Бәсекелестіктің негізгі кұраушылары

1 2 3
Сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты
Сапа Cату мен сервис Cубъективті фактор Сату жағдайы мен сатудан кейінгі қызметке байланысты
Жағымды немесе жағымсыз әсері

Бәсекелестіктің негізгі параметрлері
Техникалық

Индикаторлары
Экономикалық

Қызметі

Эргономикалық

Эстетикалық

Нормативтік

* Тауардың қажеттілігі;
* Тауардың сапасы;
* Тауардың бағасы.

* Біржолғы
* Ағымдағы


Бәсеке қабілеттілік стратегиясының сызбасы
oo Қауіпсіздігі;
oo Патенттік тазалығы;
oo Экологиялық.

oo Жіктелу;
oo Техникалық тиімділігі;
oo Конструкциялық.

Ескертпе: автормен құрастырылған

Сызба-2. Бәсекелестіктің құраушылары, параметрлері және стратегиясы

Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі. Бәсеке нарық субъектісінің тепе- теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарысын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау.
Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жүргізеді. Нарық субъектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалауынша, бір тауар түрін сатушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 көп болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда-саттықты бақыласа, онда нарық монополияландырылған болып табылады.
Қазақстандық ғалым О.Сәбден бәсекелік қабілеттілікке мынадай анықтама береді: Бәсекеге қабілеттілік - бұл нысанның белгілі бір нарыққа ұсынылған ұқсас нысандармен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандырудың дәрежесін сипаттайтын қасиеті.
Демек бәсекеге қабілеттілік осы нарықтағы ұқсас объектілермен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін айқындайды.
Нысанның бәсекеге қабілеттілігі нақты нарыққа немесе нарықтың стратегиялық саралануының тиісті белгілері бойынша қалыптасатын тұтынушылардың нақты тобына қатысты анықталады. Егер нысан бәсекеге қабілетті болатын нарық көрсетілмесе, онда бұл нысан осы кездегі ең үздік үлгі болып табылады дегенді білдіреді.
Нарықтық қатынастар жағдайында бәсекеге қабілеттілік қоғам дамуының деңгейін сипаттайды. Елдің бәсекеге қабілеттілігі неғұрлым жоғары болса ол елдегі өмір сүру деңгейі де соғұрлым жоғары болады.
Сөйтіп бәсекелік қабілеттілік туралы ұғымды қарастыра келіп, мынадай тұжырымдар жасауға болады. Бәсекеге қабілеттілік дегенде:
нысанның тиісті нарыққа шығарылған ұқсас нысандарымен салыстырғанда нақты қажеттілікті шынайы немесе әлеуетті қанағаттандыруын сипаттайтын қасиетін;
осы нарықты ұқсас нысандармен салыстырғанда бәсекеге төтеп беру қабілетін;
белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирманың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажетін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі жағынан айырмашылығын көрсететін сипаттамасын айтамыз.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі - бұл салыстырмалы сипаттама, ол белгілі бір фирманың дамуының бәсекелес фирмалардың дамуынан өз тауарларымен адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі және өндірістік қызметінің тиімділігі бойынша артықшылығын көрсетеді. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның нарықтық бәсеке жағдайларына бейімделу мүмкіндігі мен серпінін сипаттайды.
Мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігі - бәсекелестік күрес жағдайында өзінің рыноктағы үлесін ұстап қалу немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуетімен анықталады. Бұл мұнай-газ салаларының бар қаражаттардың толықтай қамтамасыз етілуі. Бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу - салалардың өмір сүруінің, оның өзінің қаржылық, өндірістік, ғылыми-техникалық және еңбек әлеуетін тиімді пайдалана білуін көрсететін көрсеткіш. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші кез келген мұнай-газ саласы үшін - оның барлық қызмет және бөлімшелерінің жұмыс қорытындысы, сонымен бірге сыртқы әсер етуші факторлардың өзгеруіне оның әсер етуі бейнеленетін айна.
Мұнай-газ саласының бәсекеге қабілеттілігіне келесілерді жатқызады:
бәсекеге қабілетті өнім өндіру қабілеті;
бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қолдауға бағытталған стратегия әзірлей білуі;
дәл ұйымдастырушылық-басқарушылық механизмнің болуы;
өз қызметінде нарыққа және тұтынушымен жүйелі жұмысқа бағдарлану;
бәсекелестерге қатысты әрекет етудің бәсекелестік стратегиясы мен тактикасының болуы;
персоналдың жоғары кәсіпқойлық дайындығы;
мемлекеттік заң актілерінің бүкіл жиынтығы кіретін ішкі ортаға бағдарлана білуі және т.б.
Мұнай-газ кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі бәсекеге қабілеттілігінің құрамдастарын келесі 1-суреттен көруге болады.

Мұнай-газ кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Кәсіпорын ресурс-тарының бәсекеге қабілеттілігі
Менеджменттің бәсекеге қабілеттілігі
Кәсіпкерлік идея-лардың бәсекеге қабілеттілігі
Нарықтағы ұсынымының бәсекеге қабілеті
Өнімнің сапасы
Өнімнің бағасы
Оған көрсетілетін қызметтер
Қаржылық
Материалдық
Технологиялық
Өндірістік
Кадр
Төлем қабілетті сұраныс
Біліктілік
Мотивация
Басқаруды ұйымдастыру
Кәсіпорын өнімі туралы
Клиент қажетті-лігін қанағаттан-дыру туралы
Әлеуетті қолдау мен дамыту тәсілдері туралы
Кәсіпорынды басқару тәсілдері туралы білу

Сурет . Мұнай-газ кәсіпорнының бәсекеге қабілеттілігінің құрамды бөліктері

Мұнай-газ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бұл құрамдастары өзара тығыз байланысты және бір-бірінен тәуелді. Нарықтағы ұсынымының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, яғни өнім сапасы, бағасы және оған көрсетілетін қызметтер сұранымға жауап беретіндей бәсекелестік артықшылықта болуын кәсіпорын ресурстары, кәсіпорындағы менежмент және кәсіпкерлік идея қамтамасыз етеді.
Мұнай-газ кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мынадай бірқатар факторларға байланысты:
мұнай-газ кәсіпорын тауарларының ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі;
өндірілетін тауарлардың түрлері;
нарықтың сыйымдылығы (жыл сайынғы сату мөлшері);
нарықтың біртектілігі;
осы нарықта жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелестік ұстанымдары;
саланың бәсекеге қабілеттілігі;
саладағы техникалық жаңалықтар мүмкіндігі;
өңірдің және елдің бәсекеге қабілеттілігі.
Бәсеке қабілеттіліктің барлық осы деңгейлерінің арасында тығыз байланыс бар. Жалпы елдің және саланың бәсеке қабілеттілігі бәсекеге қабілетті тауар шығарып немесе қызмет көрсететін саланың қабілетіне байланысты.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін, тауар өндіруші мен салалық бәсеке қабілеттілікті біріктіретін және әлемдік нарықтағы елдің ахуалын көрсететін көрсеткіш - ол елдің бәсеке қабілеттілігі. Жалпы, елдің бәсеке қабілеттілігін еркін бәсеке жағдайында әлемдік нарықтың талаптарын қамтамасыз ете алатын тауар шығару, қызмет көрсету қабілеттілігі бойынша анықтауға болады.
Ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі - бұл ішкі және сыртқы нарықта шетелдік тауарлар мен қызметтермен өте ұтымды бәсекеге түсетін отандық тауарлар мен қызмет көрсетулерде жүзеге асырылатын маркетингтік, ұйымдық-басқару, ғылыми-техникалық, экономикалық, өндірістік және басқа да мүмкіндіктердің жиынтығы.
М.Портер өз еңбегінде бәсекеге қабілеттіліктің ең негізгі төрт сатысын көрсетеді. Олар: өндіріс, инвестициялар, жаңалықтар, байлық.
Өндіріс факторларының негізіндегі бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда барлық ұлттық салалар бәсекелестік күресте өндірістің негізгі факторлары табиғат ресурстарының, ауыл шаруашылық дәнді-дақылдарды өсіру үшін қолайлы жағдайлардың арқасында жеңіске жетеді.
Инвестицияның негізінде бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда экономиканың бәсекелестік артықшылығы ұлттық фирмалардың агрессиялық инвестициялауға дайындығына, қабілетіне негізделеді. Кәсіпорындар бәсекені ұлғайту үшін, жаңа кәсіпорындарды құру мақсатында өз қаражатын тиімді озық технологияға салады.
Жаңалықтарды енгізудің негізінде бәсекелестіктің дамуы. Бұл сатыда факторлы шығындардың есебінен ұлттық экономиканың бәсекелік артықшылықтарын қамтамасыз ету сирек құбылыс болады. Олардың жетіспеуі бәсекенің өсуіне, жаңа техника мен технологияның енгізілуіне ықпал ете отырып, ғылыми мекемелердің, университеттердің және инфрақұрылым ұйымдарының құрылуына, олардың санының өсуіне алып келеді. Сонымен қатар өндіріс факторларын жетілдірудің, қалыптастырудың жаңа механизмдері пайда бола бастайды. Бұл сатының тағы бір сипатты белгісі қызмет көрсету саласында әлемдік бағытты нығайту, сұраныстың күрделі құрылымын ынталандыра отырып жоғары дамыған ұлттық қызмет көрсету салаларын қалыптастыру болып табылады.
Байлық негізіндегі бәсекелестік. Алғашқы үш сатыдан ерекшеленетін байлық негізіндегі бәсекелестік сатысы өндірістің құлдырауына әкеліп соқтырады. Экономиканың қозғалыстағы күші қол жеткен молшылық. Негізгі мәселе бұрын құрылған байлық көмегімен қозғалыстағы экономиканың қол жеткен бағыттарын және артықшылықтарын нығайта бастайтындығында.
Ұлттық экономиканың бәсекелестікке қабілеттілік критерийі жүйенің макро және микроэкономикалық даму деңгейлеріне сәйкес қалыптасуы тиіс. Егер бірінші жағдайда, бұл еліміздің макроэкономикалық ортасына, оның технологиялық және институционалды дамуына байланысты болса, онда микроэкономикалық амал тарапынан ұлттық компаниялардың кызметі мен стратегиялары және ұлттық бизнес-орталықтың сапасы бағаланады.
Өндірушілерге бәсекелік артықшылықтар беретін жалпы қағидаларға мыналар жатады:
барлық және әрбір қызметкердің әрекет жасауға, бастаған істі жалғастыруға ынталылығы;
кәсіпорынның клиентке жақындығы;
кәсіпорында дербестік және шығармашылық ахуал қалыптастыру;
адамдардың қабілеті мен олардың жұмысқа деген ықыласын пайдаланудың арқасында өнімділіктің өсуі;
кәсіпорын үшін ортақ құндылықтардың маңыздылығын көрсету;
Ұйымдастырудың қарапайымдылығы, басқару және қызметшілер деңгейінің минимумы;
Бір сәтте жұмсақ, әрі қатаң бола білу. Неғұрлым маңызды мәселелерді қатаң қабылдауда ұстау және бағыныштыларға азырақ маңыздыларын білу.
Нарықтық қатынастардың әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай бұл мәселелерді өзара байланыста шешу және аталған қағидаларды пайдалану кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыруға кепілдік береді. Өнімдердің бәсеке қабілеттілігі мен өнім өндіруші кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі өзара бөлік және бүтін сияқты ара қатыста болады. Мұнай-газ кәсіпорынының белгілі бір тауар нарығында бәсекелесу мүмкіндігі тауардың бәсеке қабілеттілігіне және кәсіпорын қызметінің бәсекелестік күрес нәтижелеріне ықпал ететін экономикалық әдістерінің жиынтығына тікелей байланысты. Мұнай-газ кәсіпорындарының нарықтағы бәсекелестігі өнімнің өзінің бәсекелестігіне айналатын болатындықтан өнімді дайындаған және оны әлемдік нарықта сататын кәсіпорын хабарлаған өнімнің қасиеттерінің маңызы артады. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің мәні мен мазмұнын жұмыстың келесі бөлімдерінде толығырақ қарастыратын боламыз.
Мұнай-газ кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілік мәселесін толығырақ бағалау үшін оның өлшемдері мен факторларына баға беру қажет.

1.2 Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттілікті анықтаушы факторлар, жіктелуі және көрсеткіштері

Кәсіпорынның нарықтағы ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ әсер ететін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор - бұл экономикалық, өндірістік қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш. Басқаша айтқанда, өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелік артықшылыққа ие болу және олар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығына байланысты болады.
Мұнай-газ саласындағы кәсіпорынының бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамаларын қарастыруға болады:
1) Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
2) Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
3) Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетіннің бәрі.
Мұнай-газ саласындағы кәсіпорыны өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
* Баға;
* Сапалық;
* Жаңалык;
* Жарнама;
* Пайдалану сенімділігі;
* Көркемдеу, мәнерлеу;
* Буып-түю, т. б.
Кең мағынада бәсекеге қабілеттілік бұл - күрделі нарықтық жағдайдағы жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды тусіну; бәсекелестердің мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны баска өніммен салыстырғанда ғана анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынушының тауарға жұмсаған шығыны мен қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі қарай қолданылуы да есептеледі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебап сипатқа ие болды. Әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарларыныың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған бәсекелестік нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың нарық жағдайына тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық экономикалық эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу мерзімі,өткізу жолдары, сервис, жарнама) байланысты болатын көп аспектілі түсінік.
Сонымен қатар өнімнің бәсекеге қабіліттіліктің негізгі құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік - нарықтағы табысты анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық) сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар, фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар қоғамдық қажеттіліктерін қанағатгандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін (яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі) бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандыруды бағалаудың жеке критерийі бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады.
Cондықтан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын (берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиетерімен ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шықкан өнімнің барлык қасиеітері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен құкықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға - тиімсіз болып көрінеді.
Мұнай-газ кәсіпорынының өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы. өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өзінің бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады. Сонымен қатар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан. жаңа өнім ескі өнім бәсекеге кабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу қажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ тандаған нарықтағы бәсекелестердің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің құрылымдық талдауын пайдалануға болады.
Бәсекелестердің тауарлық саясаты-ның формалары мен әдістерін зерттеу

Бәсекелестер бағаларының өзгерістерін зерттеу

Мұнай-газ кәсіпорынының бәсекелестерінің нарықтағы ұстанымы мен үлесін талдау және бағалау

Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау

Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру

Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдары талдау

Сурет 2. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетін кұрылымдық талдау.

Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің, яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және (немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мумкін. Олардың негізгілері:
* өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
* өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
* тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушілігі;
* саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқындылығы мынандай факторлармен анықталады:
* бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
* саланың салыстырмалы баяу өсуі;
* үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұракты шығындардың жоғары деңгейі;
* дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
* қуаттардың секірмелі өсімі;
* жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өндірістік қорларын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Қазақстанда бәсеке қабілетінің даму мәселелері
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Білімге негізделген экономика
Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы адам капиталының рөлі
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Өндірісте өндіріс факторларының қолданысын жақсарту
Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық негіздері
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Пәндер