Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілігінің техника-экономикалық көрсеткіштерін талдау


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

2 МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ТЕХНИКА-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

2. 1 ҚР-ның мұнай-газ саласының экономикалық жағдайы және бәсеке қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерін талдау (2013-2015 жж. )

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты. Бәсекеге қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т. б. ) ықпал етеді.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (4-кесте) .

Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.

Кәсіби жасалған талдау іске асырылатын бәсекелестік стратегиясының артықшылықтары мен кемшіліктерін, ұйымның мүмкіндіктері мен нашар жақтарын анықтауға, сондай-ақ бәсекелестік жағдайында өзін қорғау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басшылық бизнестің өзгерген жағдайында ұйымның қажетіне жауап беретін стратегия әзірлеу үшін пайдалана алады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме тұрғысынан бағаланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке бағаланады.

Бәсекелестік артықшылықтарды бағалау кезінде кешенді тәсілдеме тұрғысынан техникалық, құқықтық, нарықтық, ғылыми, экономикалық, ұйымдастыру, психологиялық және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін және өзара ықпал ететін басқа да аспектілер ескеріледі.

Бағалауда нормативтік тәсілдемені қолданумен қатар ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің нақты факторлары нормаланады және мониторинг жасалады.

Қазақстандық кәсіпорындар мен ұйымдар нарықтық экономикаға өту жолында бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге тиіс болды. Бұл жағдайда бәсекелес ортаны кешенді, жан-жақты талдау негізінде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дұрыс бағалап, бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру мен оны іске асыру бағыттарын ұсынудың маңызы артты.

Кесте 4

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері

Тәсілдемелер, авторлар
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат
Тәсілдемелер, авторлар: Д. Рикардоның Салыстыр­малы артықшылықтар тео­риясы
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Барынша төмен салыстыр­малы шығын
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Бәсекелестердің еңбек өнім­ділігінің деңгейі
Тәсілдемелер, авторлар: А. Маршалдың Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Өндіріс факторларын пай­даланудың жоғары өнім­ділігі
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Өндіріс факторларының өнімділік деңгейі
Тәсілдемелер, авторлар: Э. Хекшер мен Б. Олиннің Өндіріс факторларының ара­қатынасының теориясы
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Барынша төмен факторлық шығын
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Өндіріс факторларының салыстырмалы құны
Тәсілдемелер, авторлар: Тиімді бәсекелестік теориясы
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары эко­номикалық қызмет көрсет­кіштері
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Саланың монополиялылы­ғы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі бәсеке­лестік ахуал
Тәсілдемелер, авторлар: Ұйымның бәсекеге қабілет­тілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау («Бейін­дер әдісі»)
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Өнімнің жоғары сапасы
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Осы уақыт сәтінде өнді­рілетін өнімнің сапа деңгейі
Тәсілдемелер, авторлар: Басқарудың стратегиялық тәсілдемесінің негізінде бә­секеге қабілеттілікті талдау­дың матрицалық әдістері
Бәсекеге қабілеттілік өлшемі: Жақсы бәсекелік жайғасым
Талдау нәтижесінде алынған ақпарат: Ұйымның күшті және нашар жақтары, оның мүм­кіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп

Отандық мұнай өндірісінде және оларды тұтынушыларға жеткізу нарығында Қазақстан Республикасы мұнай компанияларының бәсекелік ұстанымын анықтау диплом жұмысының өзектілігін анықтайды.

Қазақстанда мұнай-газ өнеркәсібі елдің экономикасын кризис жағдайын көтерлетін қозғаушы күш деген көзқарас тұрақталып отыр. Президенттің 2030 жылы ел экономикасын дамыту жөніндегі Қазақстан халқына стратигиялық жолдауында да мұнай-газ салаларының дамуы ресурстарының экономикалық өсуінің негізгі приоритеттерін жаткызған.

Мұнай-газдық сала экономиканың басқа да салаларын дамытуына себеп болды, яғни халықтың өмірлік деңгейінің өсуіне себептелді. Себебі мұнай-газдық өнеркәсібінің дамуы тек тікелей мұнай және газбен байланысты салаларының экономикалық өсіміне ғана әсерін тигізіп қоймай, солмен бірге ұлттық энергетиканың, транспорттық машина құрлымының, химия және мұнай-химия, жеңіл өнеркәсіп, транспорттық байланыстар, жолдардың құрлымдары, сервис және басқа да салаларының дамуы үшін алғы шарттар тудырды. Көмірсутек қорына байланысты Қазақстан дамуының жаңа этапы дәл осы мұнай-газдық комплексінің дамуына байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасы мұнай өнімнің өсуінде мұнай өндіруші өнеркәсіптің жағдайы 2010 жылдың қаңтар - тамыз айларында 12, 4%-ды құрады. 2009 жылды 2010 жылмен салыстырғанда табиғи газ көлемі 37, 3%, газ конденсаты -36, 2%, мұнай өнімі - 11, 7%-ға өсті.

Қазақстан Республикасы мұнай өндіруші салалардың басқа өнеркәсіптерден айырмашылығы отандық, шетелдік инвесторлар үшін ең тартымдысы. Инвестицияның жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар - тамыз айларында 38, 4%-ды құрады. Қазақстан Республикасы мұнай газ комплексі ең рентабельді болып табылады (кесте 5) .

Кесте 5

2010 жылғы қаржылық қызметтің негізгі көрсеткіштері

Қызмет түрлері
Қызметтен түскен табыс, млрд теңге
өндіріс рентабельділігі, %
Қызмет түрлері: Шикі мұнай және табиғи газды өндіру; және осы аймақта қызмет ұсыну
Қызметтен түскен табыс, млрд теңге: 129, 94
өндіріс рентабельділігі, %: 54, 1
Қызмет түрлері: Шикі мұнай және табиғи газды өндіру
Қызметтен түскен табыс, млрд теңге: 128, 77
өндіріс рентабельділігі, %: 57, 4
Қызмет түрлері: Мұнай және газды өндіруде қызмет көрсету
Қызметтен түскен табыс, млрд теңге: 1, 17
өндіріс рентабельділігі, %: 7, 5

Кесте 6

2010 жылдың бірінші жартысындағы өнім саласының нарығы

өнім түрлері
өндіріс
импорт
экспорт
Ішкі нарық сұранысы
Отандық тауарға сұраныс
Нарықтағы үлесі, %
өнім түрлері: Шикі мұнай, мың тонна
өндіріс: 24457, 3
импорт: 1810, 1
экспорт: 21926, 6
Ішкі нарық сұранысы: 4340, 8
Отандық тауарға сұраныс: 2530, 7
Нарықтағы үлесі, %: 58, 3
өнім түрлері: Газ конденсаты, мың тонна
өндіріс: 3734, 8
импорт: -
экспорт: 3174, 6
Ішкі нарық сұранысы: 560, 2
Отандық тауарға сұраныс: 560, 2
Нарықтағы үлесі, %: 100
өнім түрлері: Газ түріндегі табиғи газ, млн. куб. м
өндіріс: 4919, 3
импорт: 6554, 3
экспорт: 9853, 7
Ішкі нарық сұранысы: 1619, 9
Отандық тауарға сұраныс: 4934, 4
Нарықтағы үлесі, %: 304, 6

Мұнай газ өндіруші өнеркәсіпте негізгі құралдардың жағдайы басқа өнеркәсіптермен салыстырғанда қанағаттанарлық. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 10, 5%-ға, соның ішінде шығын 24, 6%, жаңарту коэффициенті 14, 1%-ды құрады. Егер ішкі нарық сұранысын қарастырсақ, Қазақстан Республикасы мұнай өндіруші өнеркәсіптердегі мұнай өнімдеріне сұраныс отандық өндірушілер ұсынысын жоғарлатады (6 кесте) .

Мұнай өнімі жөнінен ішкі нарықта отандық өндірушілер үлесі 58, 3%, ал табиғи газ ішкі нарықта отандық өндірушілердің қажеттілігін қанағаттандырады. Мұнай өнімдері ресурстарына импорт 6, 9%, табиғи газ ресурстарына - 57, 2% мөлшерінде. 2010 жылдың бірінші жартысында 21, 9 млн тонна мұнай импортталды, оның ішінде ТМД-дан басқа әлем елдері - 21, 5 млн тонна, импорттың жалпы көлемі - 98, 3%-ды құрады.

4-суретте 2000 - 2010 жылдар аралығындағы мұнай және газ конденсатының өндірісі көрсетілген. 2009 жылы Қазақстанда мұнай өндірумен 30 кәсіпорын айналысты, олардың орташа жылдық қуаты 30 пайыздан жоғары болды, алайда қуаттарды 80 пайыздан жоғары жұмсау арқылы олар 2010 жылы 47, 8 миллион тонна мұнай өндірді және 2008 жылмен салыстырғандағы өсім-10 пайызды құрайды. 2010 жылдың қараша айында саланың мұнай өндіру компаниялары 5233, 9 мың тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді, соның ішінде 4641, 9 мың тонна мұнай мен 592, 0 мың тонна газ конденсаты. 2008 жылдың қарашасымен салыстырғанда 16, 4% артық және 2004 жылдың қазан айына қарағанда 3, 0% төмен мұнай мен газ конденсаты өндірілді. 2008 жылдың қараша айымен салыстырғанда мұнай өндіру көлемі 18% - ға, газ конденсатын өндіру көлемі 4, 8% - ға ұлғайды. 2009 жылдың қазанына қарағанда мұнай өндірудің көлемі 4, 2% - ға төмендеп, газ конденсатын өндірудің көлемі 7, 2% - ға артты.

Сурет 4. Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі, млн тонна.

2009 жылдың қаңтар - қараша айларының аралығында 53803, 5 мың тонна мұнай мен газ конденсаты, оның ішінде 48753, 0 мың тонна мұнай және 5050, 5 мың тонна газ конденсаты өндірілген. 2008 жылдың қаңтар - қарашасымен салыстырғанда мұнай мен газ конденсатын өндірудің көлемі 15, 3% - ға, мұнай өндіру - 18, 1% - ға ұлғайды да, газ конденсатын өндіру - 5, 7% - ға төмендеді.

2009 жылдың қаңтар - қарашасында мұнай мен газ конденсатын өндірудің өсімі 2008 жылғы сәйкес мерзімдегімен салыстырғанда негізінен «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б. В», «ҚазМұнайГаз БӨ» акционерлік қоғамы, «Теңізшевройл» БК ЖШС, «Қазақойл - Ақтөбе», «ҚазГерМұнай» ЖШС компанияларының есебінен алынды.

Атырау облысында жасалып, яғни мұнда өндірудің жалпы республикалық өндірудің 46, 0% құрайды, Маңғыстау кәсіпорны бүкіл республика бойынша өндірілетін мұнайдың 30, 5 өндіреді, Қызылорда 14, 8% -ын және Ақтөбе - 8, 7% - ын, Атырау обылысы республикадағы мұнайдың 3 - тен көп бөлігін өндіреді және облыстық көлемде 80 %. Маңғыстау облысында мұнайдың 90 %-і «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы және «Өзенмұнайгаз» өнеркәсіп кәсіпорны (республикалық көлемде 27, 2%) өндірді, ал Қызылордадағы «Харейкен Құмкөл Мұнай» акционерлік қоғамы және «Құмкөл Лукойл» акционерлік қоғамы сәйкесінше 9, 6 және 3, 8 % республикалық көлемде мұнай өндірді.

Болып жатқан өзгерістер, соның ішінде жекешелендіру процесі шетел инвестициясын республиканың мұнай - газ саласына тарту үшін бағытталған. Реформалар мұнай - газ саласын басқаруда жаңа бағытты талап етті. Яғни бұл деген біріншіден, нарық конъъюктурасының өзгеге икемделе алу қабілетін, екіншіден жаңа технологияны енгізе алу қабілеттілігін, үшіншіден Қазақстан мүддесін әлем нарығында қорғап және менеджментті халықаралық деңгейде жүргізе алу қабілеттілігін білдіреді. Осындай мақсаттарға жету үшін мемлекеттік «Қазақойл» акционерлік қоғамы құрылды. «Қазақойл» акционерлік қоғамы мұнай және газ конденсатын өндіру бойынша 2005 жылы 35, 3 млн. тоннаны құраса, бұл көрсеткіш 2008 жылы 46, 1 млн. тоннаға жетті. Бұған жыл бойына ұңғы қорларының жұмысына ерекше көңіл бөлу арқылы, магистралды мұнай құбырларының тұрақты жұмысы арқылы қол жеткізілді. Көп деңгейде қол жеткізген нәтижелі көрсеткіштер Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері салаға тікелей инвестиция түрінде 2 млрд. доллардан жоғары қаражат тартылуымен де байланысты.

Мұнай өндірудің бүгінгі деңгейі теория жүзінде Қазақстанның минималды ішкі қажеттілігін қанағаттандырып отыр. Сонымен бірге Қазақстанның ішкі нарығының географиясы, соның ішінде мұнай өнімін тұтынатын негізгі ауданның алшақтығы экономиканы мұнай ресурстарын өз бетімен қамтамасыз етуге проблемалар туғызды. Бірақ сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстан мұнай өндіру көлемін көтеру бойынша бірнеше шаралар қолданылды және ең алдымен батыс инвесторларын тартуда.

Сурет 5. Қазақстанда 1998- 2008 жылдар арасындағы мұнай өндірісінің динамикасы .

Мұнай - газ кешенінің құрамына мұнай өндейтін және газ өңдейтін кәсіпорындар кіреді. Қазіргі кезде Қазақстанда үш мұнай өңдейтін заводтар қызмет етуде, олар: Атырау, Павлодар, Шымкент заводтары. Олардың суммалық, фактілік жетілген қуаты, өңделудің орташа тереңдігі 65, 3 % бойынша жылына 18, 5 млн. т. мұнайды құрап отыр.

Мұнай өндіруші салалар сияқты, өңдеуші салаларда да жағдай күрделі болып қалып отыр. Инвестициялар бойынша Мемлекеттік комитеттің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта қызмет етіп отырған мұнай өңдеу заводтары Қазақстан қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған жоқ. Өңделінетін қуаттың суммалық жұмсалуы 60 % - дан аспайды. Негізгі себеп - көмірсутек шикізатын өңдірудің, тасымалдаудың және қайта өңдеудің бірдей технологиялық кешені болмай отыр.

Нарықты сегмент бойынша қарастыра отырып, Атырау мұнай өңдеу заводының мұнай өнімдерінің - 14 %, Павлодарға - 8% және Шымкентке - 10% тиісілі екенін көрсетуге болады. Нарықтық қалған 68% - і ресурс мұнай - газ өндіруші бірлестікке тиісті және аз мөлшері беру схемасы бойынша Қазақстанның мұнай өңдеу заводына мұнай тасымалдаумен айналысатын Қазақстан және Ресейдің коммерциялық құрылымына тиісілі. Қазақстанда өңделетін мұнайдың жалпы көлемі ішіндегі Атырау мұнай өңдеу заводы - 40 %, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу заводы сәйкесінше 25 және 35 % тиесілі.

Обылыстар бойынша мұнай өндіру құрылымы 6-ші суретте көрсетіледі:

Сурет 6. Обылыстар бойынша мұнай өндіру құрылымы.

Қазақстандағы мұнай және мұнай өнімдеріне қосылған жанама салықтың түрлі деңгейі ұлттық мұнай өнімдерінің бәсеке қабілеттілігіне кері әсер етті. Нәтижесінде олар ішкі нарықта Ресей өнімдерін алып тастады. Қазақстандағы өнеркәсіптік өндірістің төмендеуіне және көптеген мұнай өңдеуші заводтардың тоқтап қалуының себептерінің бірі - ол шикізаттың жетіспеуі, Ресей мұнайын өңдеудің жоғарғы тарифтері, сонымен бірге құралдардың ескіруі болып табылады.

Мұнай өндіруді және мұнай өткізуді көтеру жұмыстарын шешудегі ең қиын проблема - мұнайды және газ конденсатын экспортқа, сонымен бірге ел ішінде тасымалдау болып табылады.

Мұнай құбылары жүйесінің жай дамуы және жетілмегендігі Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне кері әсерін тигізеді және шетел инвестициясының дамуын тежейді.

Қазақстандағы жеке жоғары деңгейдегі энергетикалық потенцияның жетістігіне қарамастан, өндіру, өңдеу және тұтыну орындары арасындағы геологиялық үзілістер энергетикалық байланыстың құрылымына үлкен проблема туғызды.

Мұнай газ кешенін дамыту стратегиясында негізгі тірек мұнай кен орындарын игеруге және мұнай құбырларын салуға, мұнайды тасымалдауға жасалады. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру шетел инвесторларына беріледі. Себебі олар, яғни шетел фирмалары жеткілікті тәжірибеге ие. Алайда мұндай шарттарда өндірістік процесін алып қалатын ұлттық өндірушінің потенциялы қажетсізденеді. Крезис төлемсіздік қаржыландырудың жоқтығы шарттарында магистралды құбырлардың тотығуынан қорғайтын қанаушы қызметін ұстау қажет болады.

Оңтүстік мұнай құбырлары Қазақстанға жылына 10 млн. т. тасымалдауға мүмкіндік береді, алайда Қазақстан жылына жақын шетелдерге 3, 5 млн. т. мұнай мен алыс елдерге 3, 6 млн. т. мұнай ғана тасымалдап отыр. Алайда квотаны «Траснефть» акционерлік қоғамы анықтайды. Мұнайды Каспий теңізі арқылы шығару бірнеше себептерге байланысты шектелінеді. Республикамыздың әлемдік мұнай нарығына тікелей шығудың жолы болмауынан қаржылық ресурстардың жоғалуы болып отыр. Өз мұнайын экспортқа сату Ресей шикізатын мұнай өңдеу заводтары үшін алдымен бірдей болуы Ресей мен Қазақстанның арасындағы инфрақұрылымдық байланысты анықтайды.

Қазіргі шарттарда мұнай кешенінің экспорттық мүмкіндіктері оның шикізаттық потенция лы немесе мұнай кәсіпшілігі өндіретін қуатынан емес, ресейлік құбырларының жүйесі бойынша мұнай тасымалын қамтамасыз ететін «Транснефть» көмегімен анықталады. Мұнайдың ішкі тұтылуы оның сұранысының қысқартылуы, батыс мұнайның Павлодар және Шымкент мұнай өңдеуші заводтарға жіберу мүмкіндігінің жоқтығымен түсіндіріледі.

Маңғыстау - Қазақстан ірі мұнай газ аймағының бірі. Бұл аймақта жылына 8 млн тонна мұнай және 1, 5 млрд м³ газ өндіріледі.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы территориясында 59 мұнай және газ кен орындары қызмет етеді. Оның ішінде 40 «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының, 18 - і Манғыстау - мұнайгеологияның меншігі болып табылады. Қаражанбасмұнай кен орны «Қаражанбас» акционерлік қоғамының меншігі болып табылады.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының 60 пайыз акциясын сатып алушы «Орталық Азия Петролеум» стратегиялық инвесторының келуімен тиімділікті көбейту жұмыстары әлде қайда жақсарды.

1961 жылдың 5 шілдесінде Жетібай, содан кейін Өзен, Қаламқас, Қаражанбас және басқа мұнай, газ кен орындарынның ашылып, жедел игерілуі еліміз экономикасын қарышты дамытуға, Маңғыстау өңірін жан жақты өркендетуге үлкен серпін берді. Қазақстан Республикасы бүгінде ірі мұнай державаларының қатарында. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы - Маңғыстау мұнай өнеркәсібінің қар шаңырағы - үлкен үйі. Қазыналы өлкедегі бүгінде кең қанат жайған бұл жетекші өндіріс саласының даму тарихы, бүкіл облыстық индустриялы өркендетілуі ең әуелі осы кәсіпорыннан бастау алады.

Барған сайын кеңейіп, өсе түскен «Маңғыстаумұнайгаздың» құрамынан 1994 жылы дербес кәсіпорын ретінде «Өзенмұнайгаз» өндірістік бірлестігі бөлініп шықты. «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы бүгінде Қазақстан Республикасының ең ірі мұнай газ кәсіпорындарының қатарында келеді. Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Маңғыстауда жаңа мұнай кен орындары ашылып, пайдаланылып жатқан қазіргі таңда ол облыс мұнайының 40 пайызынан астамын, республика мұнайының 11 пайызын беріп отыр.

2008 жылдың 1 қаңтарына дейін акционерлік қоғамның кен орындарында алғаш игеріле бастаған күннен бастап барлығы 160 миллион тоннадан астам «қара алтын» өндірілді.

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының қазір бастапқы жалпы мұнай қоры 969 миллион тонна (6783 миллион баррель) құрайтын 15 мұнай, газ кен орындарын пайдаланып отыр.

«Маңғыстаумұнайгаздың» негізгі өндірістік объектілері қаламқас пен Жетібай кен орындары. Қаламқас кен орны 1979 жылдан игеріліп келеді. Оның қойнауларында жалпы мұнай қоры 510 миллион тоннадан астам (3570 миллион баррель) 13 өнімді деңгей бар. Қазір қалыпты еңбек ырғағы неғұрлым тұрақтандырыла түскен бүгінгі таңда өнім өндіру көлемінің едәуір арта түскені қуантады: егер әлемдік экономика күрделі сынға душар болған 2003 жылы акционерлік қоғамда небәрі 3347336 тонна «қара алтын» өндірілген болса, бұл көрсеткіш 2008 жылы - 4618069 тоннаны құрады. Бұл «Қаламқасмұнайгаз» және «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармалары мен ұңғылар қорын пайдалану жөніндегі ұжымдардың, көлік қатынасы қызметкерлерінің, құрылысшыларының және басқалардың білікті жұмысының нәтижесінде мүмкін болуда.

Әсіресе олардың арасында жаңаөзендік мұнайшылардың ерен еңбегі айтуға тұрарлықтай. «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамының еңбеккерлері 1575000 тонна мұнай өндіріп, Маңғыстау мұнайшыларының көшін бастады. Одан кейін екінші орынды иеленген «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының табыстары да жаман емес. Олар өткен үш айда 1355100 тонна мұнай шығарып, ортақ табысқа сүбелі үлесін қосты. «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының көрсеткіштері де тәуір. Тоқсан мерзімінде екпінді еңбек ырғағын танытқан қаражамбастықтар 584658 тонна мұнай өндірді. Табыстың тайғазанын тасытудағы ортақ істе өзге мұнай өндіру кәсіпорындарының үлесі аз емес. Сәуір айыны дейінгі қысқа мерзімде «Арман» біріккен кәсіпорны 45427 тонна, «Тасболат ойл корпорэйшн», «Қазақтүрікмұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тиісінше 30611 және 36278 тонна, «Маерск» компаниялары тиісінше 10658 тонна, «Қарақұдықмұнай», «Хазар және К», «Казполмұнай БК» компаниялары тиесінше 101800, 2611 және 66796 тонна мұнай шығарды. «Теңге» біріккен кәсіпорны мен «Толқынмұнай газ» акционерлік қоғамы тиісінше 3584 және 1103 тонна мұнай өндіруге қол жеткізді.

Газ бен газ конденсатын өндіруде де ілгерілеушілік мол. Өткен үш айда «Өзенмұнайгаз» акционерлік қоғамы 263386 текше метр газ бен 6240 газ конденсатын, «Теңге» біріккен кәсіпорны 15059 тонна «көгілдір отын», «Казполмұнай БК» жабық акционерлік қоғамы 25863 текше метр газ бен 3829 тонна газ конденсатын, «Толқынмұнайгаз» ашық акционерлік қоғамы 275733 текше метр газ бен 61716 тонна газ конденсатын шығарып, толайым табыстар биігінен көрінді.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына жолдауы біздің өткен жылдарымыздың нәтижелерін сарабдал таразылаған, алдағы міндеттерімізді айқындап берген стратегиялық еңбегін «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының, оның жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еңбек ұжымдары кеңінен талқылауда. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, еліміз қысқа мерзімнің ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білді. Бүгінгі таңда Қазақстан нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар. Бұған өзіміз куә.

Бүгін экономикалық өсудің негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану екені баршаға аян. Көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін 1985 жылмен салыстырғанда 225 пайыз ұлғайтуға қол жеткізді.

Сурет 7. 2009 жылғы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ - дағы мұнай кен орындарының үлесі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай-газ саласындағы бәсеке қабілеттіліктің теориялық аспектілері
Экономиканың бәсекеге қабілеттілік ерекшеліктері
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің негіздері
Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары
Мұнай өндірісінің тиімділігін көтеру
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтайтын көрсеткіштер
Эмр-дің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz