Мұнай-газ саласының бәсеке қабілеттілік жағдайын арттыру жолдары, мәселелері және дамыту болашағы


3МҰНАЙ-ГАЗ САЛАСЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК ЖАҒДАЙЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ
3. 1 ҚР-ның мұнай-газ саласын дамыту бағыттары және маңызды нарықтық мәселелерді шешу жолдары
Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.
маңызды нарықтық мәселелер
Отандық мұнай өндіру нарығында ішкі өндірушілердің үлесін арттыру, оларды сыртқы бәсекелестердің теріс пиғылды бәсекелік әрекеттерінен қорғау, нарықта өз орнын табуға бағытталған ынталарын жан-жақты қолдау сынды әрекеттер мемлекетіміздің осы сала кәсіпорындарына жасайтын қамқорлығына өзек болуы тиіс. Халық шаруашылығының кез-келген басқа салалары сияқты, мұнай өндірісін мемлекеттік қолдау келесі бағыттар арқылы жүзеге асуы тиіс:
- Еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында ішкі мұнай өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғайтын шаралар дайындау. Бұл бағытта осы ұйымға мүше болған басқа елдердің тәжірибесін назарға алу қажет.
- Жалпы мұнай өнеркәсібіне қатысты мемлекеттік инвестицялық саясат ұстану. Қазіргі кезде зейнетақы қорлары, ұлттық қор, сақтандыру қорларының жинақтаған қаржыларын тиімді несиелеу тетіктері арқылы аталған саланы қолдауға болады.
Жалпы өнеркәсіптік саясат шеңберінде экономикалық қолдау шараларын енгізу. Бұл бағыт саланың қолайлы дамуы мен өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Біздіңше, қазіргі талап отандық мұнай өндірушілердің экономикалық қолдаудың тетіктерін жетілдіруге бағыталуы тиіс. Салықтық, кезеңдік, қаржы-несиелік, ұйымдастырушылық, құқықтық, монополияға қарсы шаралар арқылы саланың өркендеуін қамтамасыз ету мемлекеттік қолдаудың негізі болуы қажет. Бұл тарапта, мемлекетік сатып алу, ғылыми-техникалық ізденістерге мемлекеттік тапсырыстар беру, салаға жеңілдктілген несиелер беру, субцидиялар бөлу, салық жеңілдіктерін енгізу және басқа да жеңілдіктер көрсету осы сала кәсіпорындарының дамуына айтарлықтай оң ықпалын тигізері айқын. Қазіргі уақытта, елімізде өндірісті қолдаудың бірқатар мемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Мәселен, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясыеың басым бағыттардың бірі ретінде аумақтарда импорттық тауарларға бәсекелес болуға қабілеті бар, ішкі нарықта оларды ығыстырып, біртіндеп сыртқы нарықта өз қуысын табуға болатын ішкі бағыттағы салалардың бірі болып мұнай өндіру және өңдеу өнеркәсібі аталған.
- Мемлекеттік саясаттың тағы бір ерекшелігі өндірісті тікелей қолдау ғана емес, бәсекелік ортаны дұрыс реттеу арқылы өндірушілерді кәсіпорынға соңғы ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге, өнімді дайындау технологиясын жетілдіруге, қаржыларды тиімді пайдалануға, өндірісті жүйелі дамыту мен нәтижелі басқаруға, яғни, ең бастысы, бәсекеге қабілетті өнім шығаруға ынталандыру арқылы бейнеленуі мүмкін. Сол сияқты, нарықтағы маңызды күш - шағын кәсіпкерлікті дамыту міндеттері де аталған саясатта көрініс табуы тиіс.
Бәсекеге қабілетті өнімді қалыптастыру нарықтық экономиканың басты талаптарының бірі екенін уақыттың өзі дәлелдеген. Осы талапты орындау талпыныстарының бірі ретінде, бәсекелік қабілетті арттыру механизмін оны іске асыру тетіктері арқылы негіздеу біздің зерттеуіміздің өзегі болды. Әйтсе де әрбір тетіктің тиімділігі нақты нарықтағы бәсекелік ахуалға, өнімнің түрі мен сатылу жағдайына және де, ең алдымен, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне байланысты екенін ескере кеткен жөн.
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің негізгі тұтқасы, бүгінгі таңда, нақты сектор өндірістерін дамытумен байланысты болуы керек. Оның нақты көріністері өзара байланысты салалардың бір-біріне ықпалдастығын арттыруда, олардың ішкі нарық қажеттілігін толық қанағаттандыру мүмкіндіктері мен сыртқы нарыққа өнім өткізу қадамдарын экономикалық қолдауда, өнімдерінің бәсекелік артықшылықтарын қалыптастыруда бейнеленеді.
Еліміздің инновациялық өркендеуінің негізін қалайтын «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының» аясында жүргізілмек. Бұл стратегияның басты мақсаты болып шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады.
Стратегияның негізгі міндеттеріне:
- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8, 4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ІЖӨ энергия сиымдылығын 2 есе төмендету;
- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;
- кәсіпкерлік ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру;
- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;
- дүниежүзілік ғылыми-техникалық және инновациялық үрдістерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету;
- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру болып табылады.
Сонымен қатар, инновациялық даму бағдарламасының жүзеге асу аясы да ғылым мен техника жетістіктерін мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуына қолдану сынды мақсат пен міндеттерге негізделген.
Аталған құжаттар жалпы инновациялық жетістіктерді қолдануға енгізу шараларын реттеп, оның тиімді жүзеге асуын қамтамасыз етеді деген ойдамыз. Осы құжаттар негізінде халық шаруашылығының әрбір саласына қатысты арнайы инновациялық дамыту бағыттарын анықтаған жөн. Өйткені, әрбір саланың өндірістік ерекшеліктері мен оны дамыту қажеттілігі, қаржыландыру көлемі мен оны алу көздері, мемлекеттік маңызды нысандары мен экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңыздылығы осыны қажет етеді. Сол сияқты, бағдарламада көрсетілгендей, қазіргі кезде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен оны сақтау, отын-энергетикалық комплекс, химия және нефтехимия, мұнай газ өндіру, жаңа материалдарды өндіру және басқа да салаларда инновациялық бағдарламаларды дайындау өзектілігі бар.
Осы аталған жағдайларды ескере отырып, отандық мұнай газ өндіру саласын инновациялық дамытудың негізгі жолы ретінде келесі бағыттарды ұсынуға болады (10-сурет) :
Сурет 10. Кәсіпор ындарды мемлекеттік қолдау тетіктері.
- мұнай газ өндіру және өңдеу саласына ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге мүмкіндік беретін ғылыми-өндірістік орталықтарды құру (өндірістік-технологиялық жетілдіру бойынша кеңестер беру, мемлекеттік сараптау, сертификация жүйелерімен ақпараттық байланыс орнату) ;
- мұнай газ өндіруші кәсіпорындарға ғылыми-техникалық жаңартулар жасауға ынталандыру тетіктерін ұйымдастыру. Бұл тетіктердің қатарына жеделдетілген амортизация әдісін қолдану, құрал-жабдықтарды жеңілдетілген түрде сатып алуға ықпал ететін лизингтік орталықтарды құру сияқты шараларды жатқызуға болады;
- Қазақстанда шығарылмайтын құрал-жабдықтарды ішке енгізу кезінде кедендік алымдар мен қосымша құн салықтарынан босату;
- Инновациялық жетістіктерді өндірісте пайдалануға қаржылық көмек көрсету (мемлекеттік бюджеттен мақсатты қаржыландырулармен қатар, арнайы жеңілдетілген несиелер беру көздерін қалыптастыру мен оларды заңдылық бекіту) .
Мұнай газ кешені өндірісінің қазіргі материалдық-техникалық жарақтану деңгейінің сипатына сай, еліміздегі бұл саладағы кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін арттыру стратегиясын алдағы болашақта ішкі нарыққа бейімдеу керек. Содан кейінгі бағыт, ішкі нарықты толық игеру арқылы, көрші Орта Азия мемлекеттерінің және Ресейдің нарығына шығуға негізделгені дұрыс.
Мұнай газ өндіруші кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау қадамдары осы саланың қызметіне тікелей қатысты халық шаруашылығының басқа да салаларымен біртұтас жүйе ретінде жүргізуді міндеттейді. Өйткені, мұнай газ өнеркәсібінің, сапа талаптарына сәйкестігін бақылайтын стандарттау және сертификаттау жүйесінің, өндірісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші машина жасау саласы өндірістерінің тиімді ықпалынсыз бұл саланың тұрақты дамуы мүмкін емес. Бұл қағиданы белгілі ғалымдар да өз зерттеулерінде кеңінен дәлелдеп берді.
Мәселен, американдық ғалым-экономист М. Портер өзінің еңбегінде «бәсекеге қабілетті салалардың кластері» деген атаумен өзара байланысты бірнеше салалардың жүйесін құрудың тиімділігін сипаттаған. «Кластердің қалыптасуы өндірістердің бір-бірімен байланысын арттыруға, өзара көмекті жетілдіруге алып келеді. Бір саладағы белсенді бәсеке кластердің басқа салаларына да таралады, ғылыми жетістіктерді енгізуге ынталандырады. Ақпараттармен еркін алмасу және жаңалықтардың тез таралуы сияқты ерекшеліктер қалыптасады.
Кластер түрлі кедергілерді шешуге, нарықтағы икемділікті арттыруға, бәсекелестердің шабуылын тойтаруға қажетті тиімді құрал бола алады».
Сондықтан мұнай газ өндірісін мемлекеттік қолдаудың келесі тетігі осы саланы шикізатпен қамтамасыз етуші шикізат өндіру өнеркәсібінің жұмысын тұрақтандыруға бағытталуы керек. Аталған саладағы түрлі өзгерістерге тікелей тәуелді мұнай газ өнеркәсібінің бұл саласы мемлекеттің арнайы саясатынсыз жоғары бәсекеге қабілеттілікті қалыптастыруы қиын.
Осы бағыттағы нақты қадам ретінде ҚР Президентінің жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiнгi аумақтық даму стратегиясын» айта кетуге болады.
Бұл тұрғыда мұнай газ өндірісін дамыту тетігі ретінде елімізде мұнайды дайын өнімге айналдыру өндірісін қарастыруға болады. Мұнай газ өндірістерін мемлекеттік қолдауға қатысты келесі бір тетік - ол салық салу жүйесінің жеңілдіктері.
Салық жеңілдіктері арқылы шикізат базасын нығайтуға бағытталатын бұл тетік, еліміздің Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдында, отандық өндірістерді сыртқы бәсеке ықпалынан қорғануға да жағдай жасайды. Салық жеңілдіктерінен үнемделетін қаржы өндірістің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға, шикізатпен жабдықтайтын ауыр өнеркәсіпті қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған қолдау тетіктері экономикадағы жаңа буын - өндіріс салаларындағы шағын кәсіпкерліктің өркендеуіне, соның ішінде мұнай газ өндіру саласындағы, нарықтық ерекшеліктерге тез икемделуге ыңғайлы, орта қуатты жаңа өндіріс ошақтарын қалыптастыруға да барынша тиімді, әрі қолайлы болғаны жөн. Еліміздің аймағында мұнай өнімін дайын өнімге айналдыратын зауыттардың салынуы, мұнай газ кешенінде бәсекелік ортаның жетілуіне, нарықтық икемді бағаның белгіленуіне, тұтынушылар таңдауының артуына түрткі болады.
Отандық өнім өндіретін кәсіпорындардың бәсекелік қабілетін арттыру жүйесіндегі мемлекеттің орны тек осы мақсатта атқарылатын нақты қадамдармен ғана емес, оны жетілдіру бойынша маңызды ұсыныстардың жүзеге асуына оңтайлы ахуал қалыптастырумен де ерекшелене алады.
Аталған мақсатта мемлекеттің назары өндіріске соңғы ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерді енгізуге жағдай туғызатын ғылыми зерттеулердің ауқымын ұлғайту мен оларды қаржыландыруға, нақты зерттеулерге мемлекеттік тапсырыстар беру мен олардың қолданысқа енуін қамтамасыз етуге, өзара тығыз байланысты салалардың біркелкі дамуына ықпал жасауға, импорт алмастыру саясатын ынталандыру тетіктерін кеңейтуге, өндірісті алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтармен жарақтандыруда және шикізатпен жабдықтауда кедендік және салықтық жеңілдіктерді беруге, мұнай газ өндіруші кәсіпорындарды дамытуға бағытталуы қажет.
Бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі тетіктерін кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады, сондықтан да олар қоғамның дамуына, тұтынушы мәдениеті мен ұстанымдарына, қауіпсіздік пен тұтыну талаптарына, сондай-ақ кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс.
Қазіргі кезде экспорттық мұнай құбырының жоқтығы бұрынғысынша елдің мұнай өнеркәсібіне инвестициялық жобаны тежеп отыр және қосымша валюталық табыстың алу мерзімін ығыстырып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz