«Таза Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің мысалында кәсіпорынның экономикалық тиімділік көрсеткіштерін талдау және бағалау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 3

І «ТАЗА МҰНАЙ АҚТӨБЕ» ЖШС-НІҢ МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ . . . 5

  • Кәсіпорынның жалпы ұйымдық-экономикалық сипаттамасы
  • Кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау

ІІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ . . . 16

  • Шығынсыздық көрсеткітерін талдау
  • Ликвидтілік көрсеткіштерін таладу
  • Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін талдау
  • Рентабелдік көрсеткіштерін анықтау

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Мен өндірістік тәжірибені 2010 жылдың 18 қаңтардан бастап 10 сәурізге дейін Ақтөбе қаласында орналасқан «Таза Мұнай Ақтөбе» ЖШС-де өттім. Бұл кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай қалдықтарын утилизациялау. Кәсіпорын өз қызметіе ҚР Азаматтық Кодексіне және «Мемлекеттік сатып алулар туралы» ҚР Заңына сай жүзеге асырады. Себебі ол мұнай компанияларымен жарияланған ашық конкурстарға (тендерлерге) қатысу арқылы мұнай қалдықтарын өңдеуге, утилизациялауға (кәдеге асыру) тапсырыстар орындайды.

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі мақсаты серіктестік қатысушылары мен еңбек ұжымы мүдделеріне орай таза табыс табу мақсатында өз қызметін жүзеге асыру болып табылады.

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі қызметі:

  • жұмсақ және қатты мұнай қалдықтарын кәдеге асыру (утилизация) ;
  • мазутталған топырақты кәдеге асыру;
  • техногенді-бұзылған жерлерді (құнарландыру) рекультивациялау;
  • бұрғылау қалдықтарын және бұрғылау ерітіндісін кәдеге асыру;
  • істен шыққан майларды тазарту және т. б.

Осы уакытқа дейін жасалған жұмыстар толық көлемде және бекітілген уақытта жасалды.

Кәсіпорын мүлкінің негізін негізгі қорлар құрайды. «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі қорлары келесідей құрамнан тұрады:

  • Ғимарат
  • Құрылғылар
  • Машина және жабдықтар
  • Беру құрылылары
  • Көлік құралдары
  • Өндірістік және шаруашылық инвентарь

Өндірістік тәжірибеден өту барысында кәсіпорыннан Умирзакова Б. А. жетекші болып тағайындалды. Тәжірибе барысында өндірістік бағдарлама, жоспарлармен таныстым, кәсіпорынның ұжымдық келісімшартымен, штат кестесі, жұмысқа алу бұйрықтары, бөлім туралы ережелермен, лауазымдық нұсқаулар, бухгалтерлік баланс, пайда және шығындар есебі, ақша қозғалысы есептерімен т. б. құжаттармен және экономикалық талдау есептері(төлемқабілеттілік, ликвидттілік, қаржылық тұрақтылық) қалай жасалатындығымен танысып, үйрендім және дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша алғашқы(первичные) құжаттарды жинақтадым.

«ТАЗА МҰНАЙ АҚТӨБЕ» ЖШС-НІҢ МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

Кәсіпорынның жалпы ұйымдық-экономикалық сипаттамасы

Бұл жұмыста Ақтөбе қаласында орналасқан мұнай-газ өнеркәсібі саласының кәсіпорыны қарастырылады. Ол ұйымдық-құқықтық формасы бойынша -жауапкершілікті шектеулі серіктестік болып табылады. Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк деп танылады; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi [1] .

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС 2004 жылдың 23 қаңтарында № 10198-1904-ТОО номерімен тіркелген. Кәсіпорын өз қызметін 1994 жылғы, 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азамттық Кодексіне, 1998 жылғы 22 сәуірдегі «Жауапкершіліга шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңына және 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Ресупбликасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырады.

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің заңды мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Бейбітшілік даңғылы 1/1-94.

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі мақсаты серіктестік қатысушылары мен еңбек ұжымы мүдделеріне орай таза табыс табу мақсатында өз қызметін жүзеге асыру болып табылады.

«Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі қызметі:

  • жұмсақ және қатты мұнай қалдықтарын кәдеге асыру (утилизация) ;
  • мазутталған топырақты кәдеге асыру;
  • техногенді-бұзылған жерлерді (құнарландыру) рекультивациялау;
  • бұрғылау қалдықтарын және бұрғылау ерітіндісін кәдеге асыру;
  • істен шыққан майларды тазарту және т. б.

Осы уакытқа дейін жасалған жұмыстар толық көлемде және бекітілген уақытта жасалды.

Атарылатын жұмыстардың техникалық сипаттамасы:

  1. Мазутталған топырақты кәдеге асыру (утилизация) үшін УЗГ -1М немесе УЗГ-1МГ қондырғылары қолданылады.

Қондырғы мазутталған топырақты және құрамында мұнай бар қатты жанғыш қалдықтарды утилизациялауға арналған. Қалдықтарды утилизациялау 800-900 ºС. Утилизациялау нәтижесінде алынатын бастапқы өнім гидрофобты топырақ, ол жол құрылысында қолданылады.

  1. Сұйық мұнай қалдықтарын және мұнай қоспасы бар техникалық суды утилизациялау(кәдеге асыру) КПН-Т20 қондырғысында қайта өңделеді. Технологиялық процесс алдын-ала фильтрациялаудан, мұнай өнімінде эмульгирленген су көп көлемде болса, мұнай өнімдерін және суды ажыратудан тұрады. Қондырғы арнайы деэмульгаторларды енгізу арқылы жұмыс жасайды. Қондырғы келесідермен жабдықталған:тазарту алдындағы фильтр (сеткалы) ; мұнайөнімдері мен суды ажырататын блок; гомогенезациялау блогы; мұнайөнімдерінің аралық сиымдылығы; мұнайөнімдерін айдайтын насос; су мен мұнайөнімдерінің деңгейлерін бақылау және автоматика блогы.
  2. Техногендік -ластанған жерлерді құнарландыру(рекультивация) мазутталған топырақты мұнай төгілген жерден жинап, оны Тапсырыс берушінің мұнай қалдықтарын жинақтаушысына (шламонакопитель) немесе әріқарай утилизациялау үшін Мердігердің технологиялық учаскесіне дейін жеткізу арқылы жүзеге асырылады.
  3. Қолданылған майлар УОМ-100 қондырғысында тазартылады. Қондырғы қолданылған мотор майларын механикалық қоспаларданғ, судан және ұсақ диспергирленген (мелкодиспергированное) күйдегі бөлшектерден тазартуға мүмкіндік берееді. Технологиялық процесс бірнеше сатыда жүреді: шикізатты қыздыру және коагулянт енгізу, ластануларды тұндыру, центрифугирлеу арқылы майды тазалау.
  4. Бұрғылау қалдықтары мен бұрғылау ерітіндісін утилизациялау. Флокуляция блогын (БФК) пайдаланып бұрғылау ерітіндісін өңдеудің технологиясы келесідей тәртіпте жүреді:
  • ерітіндіні сумен араластыру;
  • рН деңгейін 6, 7-7, 5 дейін төмендету үшін қышқылмен өңдеу;
  • бұрғылау ерітіндісін коагулянт және флокулянт ерітінділерімен өңдеу;
  • центрифугада зарарзысдандыру.

Кәсіпорынның қызметін сиаттайтын негзгі көрсеткіштер 1-кестеде келтірілген. Кәсіпорынның толық жағдайы бухгалтерлік есеп формаларында келтірілген.

кесте 1- Кәсіпорын қызметінің негізгі мәліметтері

Көрсеткіштер
ақпан, 2009 ж.
Көрсеткіштер: Жарғылық капитал, мың. тг.
ақпан, 2009 ж.: 100, 0
Көрсеткіштер: Негізгі құралдар, мың. тг
ақпан, 2009 ж.: 534237, 50
Көрсеткіштер: Кәсіпорын иелігіде қалатын, табыс (пайда), мың. тг.
ақпан, 2009 ж.: 22356, 72
Көрсеткіштер:

Жұмыскерлердің ортатізімдік саны, (адам), соның ішінде:

Басқарушылық персонал

Негізгі қызмет жұмыскерлері

ақпан, 2009 ж.:

56

32

24

Көрсеткіштер: Өнімнің(қыземттің) тауар айналымы, мың. тг
ақпан, 2009 ж.: 295002

Кәсіпорын өз қызметін мемелекеттік сатып алулар бойынша жарияланатын ашық конкурстарға, тендерлерге қатысу арқылы жүзеге асырады. Олардың кейбір ірі тапсырыстары төмендегі 2-кестеде келтірілген.

кесте 2-Кәсіпорынның атқарған жұмыстары

Тапсырыс беруші
Жұмыстың мазмұны
Құны, теңге(ҚҚС-мен бірге есептегенде)
Мерзімі
№: 1
Тапсырыс беруші: «Жылыоймунайгаз» МГӨБ (Кұлсары), «Ембімұнайгаз» ӨФ
Жұмыстың мазмұны:

Шлам жинақтағыштардағы мазутталған топырақты қайта

өңдеу

Құны, теңге(ҚҚС-мен бірге есептегенде): 184 000 000
Мерзімі: 2007ж
№: 2
Тапсырыс беруші: «ҚазТрансойл»АҚ
Жұмыстың мазмұны: Мұнаймен ластанған топырақты және мұнай қалдықтарын кәдеге асыру
Құны, теңге(ҚҚС-мен бірге есептегенде): 530 000 000 теңге
Мерзімі: 2007 ж
№: 3
Тапсырыс беруші: «ҚазТрансойл»АҚ
Жұмыстың мазмұны: Мұнаймен ластанған топырақты кәдеге асыру (утилизация)
Құны, теңге(ҚҚС-мен бірге есептегенде): 235 000 000
Мерзімі: 2008 ж
№: 4
Тапсырыс беруші: ««ҚазМунайГаз» АҚ
Жұмыстың мазмұны:

ГУ-85 МГӨБ-1 мазутталған топырақты қайта

өңдеу

Құны, теңге(ҚҚС-мен бірге есептегенде): 547 000 000
Мерзімі: 2009 ж

Кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштерін талдау

Кәсіпорынның негізгі ресурсы- адам ресурстары. Кәсіпорында барлығы -56 адам жұмыс жасайды. Олардың құрамы мен құрылымы келесі 3- кестеде көрсетілген.

кесте 3- «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің персонал құрамы мен құрылымы

Персонал құрамы
01. 01. 2010
Үлес салмағы, %
№: 1
Персонал құрамы: Өндірістік-өнеркәсіптік персонал соның ішінде:
01. 01. 2010: 56
Үлес салмағы, %:
№: 1. 1
Персонал құрамы: Басшылар
01. 01. 2010: 5
Үлес салмағы, %: 8, 93
№: 1. 2
Персонал құрамы: Қызметкерлер
01. 01. 2010: 9
Үлес салмағы, %: 16, 07
№: 1. 3
Персонал құрамы: Мамандар
01. 01. 2010: 18
Үлес салмағы, %: 32, 14
№: 1. 4
Персонал құрамы: Жұмысшылар
01. 01. 2010: 24
Үлес салмағы, %: 42, 86
№: 1. 4. 1
Персонал құрамы: Негізгі
01. 01. 2010: 24
Үлес салмағы, %: -
№: 1. 4. 2
Персонал құрамы: көмекші
01. 01. 2010: -
Үлес салмағы, %: -
№: 2
Персонал құрамы: Өндірістік емес персонал
01. 01. 2010: -
Үлес салмағы, %: -
№:
Персонал құрамы: Барлығы
01. 01. 2010: 56
Үлес салмағы, %: 100

3-кесте бойынша «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -де кадр құрылымында ең көп үлес -жұмысшылардың, оның ішінде кәсіпорынның негізгі қызметімен айналысатын негізгі жұмысшылардың үлесіне тиесілі екендігін байқаймыз. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық жұмыскерлерінің құрамында - 42, 86 % құрайды.

Кәсіпорындағы негізгі жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақы деңгейі - 18250 тг., ал қызметкерлердің орташа айлық еңбек ақы деңгейі- 22600 тг.

Кәсіпорындағы еңбек қатынастары 2007 жылдың 15 мамырындағы N 251 Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексіне», кәсіпорынның ұжымдық келісімшартына, жеке еңбек келісімшарттарына сай жүргізіледі.

кесте 4- «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -дегі кадр қозғалысының динамикасы

Көрсеткіштер
Жылдар
Ауытқу (+, -)
2008
2009
2009/2008
Көрсеткіштер: 1. Бір жылдағы жұмыскерлердің ортатізімдік саны, адам
Жылдар: 17
Ауытқу (+, -): 24
+7
Көрсеткіштер: 2. Жұмысқа қабылданды барлығы, адам.
Жылдар: 7
Ауытқу (+, -): 10
+3
Көрсеткіштер: Жұмыстан шықты барлығы, адам;
Жылдар: 1
Ауытқу (+, -): 3
+1
Көрсеткіштер: Соның ішінде:
Жылдар:
Ауытқу (+, -):
Көрсеткіштер: - өз қалауы бойынша
Жылдар: 1
Ауытқу (+, -): 3
+1
Көрсеткіштер: - жұмысқа келмегені және еңбек тіртібін бұзғаны үшін
Жылдар: -
Ауытқу (+, -): -
-
Көрсеткіштер: 4. Кадр ағымдылығы коэффициенті
Жылдар: 0, 06
Ауытқу (+, -): 0, 13
+0, 07
Көрсеткіштер: 5. Жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті
Жылдар: 0, 41
Ауытқу (+, -): 0, 42
+0, 01
Көрсеткіштер: 6. Жұмыстан босатылу бойынша айналым коэффициенті
Жылдар: 0, 06
Ауытқу (+, -): 0, 13
+0, 07
Көрсеткіштер: 7. Жалпы айналым коэффициенті
Жылдар: 0, 47
Ауытқу (+, -): 0, 54
+0, 07

2009 жылы кәсіпорындағы кадрлардың ағымдылық, қабылдау және жұмыстан босатылу бойынша, жалпы айналым коэффициенттері 2008 жылмен салыстырғанда өсіп отыр. Әсіресе кадр ағымдылығы коэффициенті мен жұмыстан босатылу коэффициенттері 0, 07- ге артып отыр.

Кәсіпорын мүлкінің негізін негізгі қорлар құрайды. «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің негізгі қорлары келесідей құрамнан тұрады:

  • Ғимарат
  • Құрылғылар
  • Машина және жабдықтар
  • Беру құрылылары
  • Көлік құралдары
  • Өндірістік және шаруашылық инвентарь

Кәсіпорынның негізгі қорларының 2009 жылғы құрылымын келесі 5-кестеден көруге болады.

Кесте 5- «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің 2009 жыл бойынша негізгі қорлар құрамы мен құрылымы1

Көрсеткіштер атауы
мың. тг
Үлес салмағы, %
№: 1.
Көрсеткіштер атауы: Ғимарат
мың. тг: 92996, 7
Үлес салмағы, %: 27, 67
№: 2.
Көрсеткіштер атауы: Қондырғылар
мың. тг: 62546, 7
Үлес салмағы, %: 18, 61
№: 3.
Көрсеткіштер атауы: Машина және жабдықтар
мың. тг: 66210, 1
Үлес салмағы, %: 19, 7
№: 4.
Көрсеткіштер атауы: Беру құрылғылары
мың. тг: 38953, 1
Үлес салмағы, %: 11, 59
№: 5.
Көрсеткіштер атауы: Көлік құралдары
мың. тг: 56429, 8
Үлес салмағы, %: 16, 79
№: 6.
Көрсеткіштер атауы: Өндірістік және шаруашылық инвентарь
мың. тг: 18955, 6
Үлес салмағы, %: 5, 64
№:
Көрсеткіштер атауы: Барлығы
мың. тг: 336092, 00
Үлес салмағы, %: 100

Осы жоғарыдағы 5-кесте бойынша «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС-нің негізгі қорлары 2009 жылы - 336 092 000 теңгені құрағандығын байқаймыз. Оның құрамы мен құрылымын талдау негізінде ондағы ең көп үлесті келесідей негізгі қорлар құрайтындығын көреміз: ғимарат - 27, 67%, машина және жабдықтар - 19, 7%, және қондырғылар - 18, 61 % . Мұның себебі, кәсіпорынның негізгі қызметі мұнай қалдықтарын утилизациялау болғындықтан, оларды тазартатын арнайы УЗГ-1М, УЗГ-1МГ, КПН-Т20 қондырғылар ОГШ 50 типіндегі центрифугалар, мұнаймен ластанған топырақты қазу, тиеу-түсіру, тасымалдау жұмыстары үшін -экскаватор, кран, бульдозер, трактор секілді ауыр машиналар бар.

Нарық жайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділігін анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын тиімді айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.

Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты, материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады:

ЕӨ=ҰТ/А

Сонымен қатар, экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбексыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.

Өнімнің еңбексыйымдылығы материалдық өндіріс саласында жұмсалған еңбек санын, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталды:

Е сый =T/Q

Мұндағы:

Е сый = еңбексыйымдылығы;

T-еңбек саны;

Q- шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Қоғамдық еңбектің материалмыйымдылығы шикізат, материал, отын, энергия және т. б. шығындарының көлемін, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталды:

М сый =Ш/Q,

Мұндағы:

М сый = материалсыйымдылығы деңгейі;

Ш- шикізат, материал, отын, энергия және т. б. шығындары.

Капиталсыйымдылығы халық шаруашылығындағы капитал салымдарының көлемін, шығарылған өнімнің жылпы көлемінің өсіміне бөлу арқылы анықталды:

К сый = К/ Q,

Мұндағы: К сый = өнімнің сыйымдылығы,

К-капиталдық салымдардың жалпы көлемі;

Q-шығарылған өнім көлемінің өсімі.

Өнімнің қорсыйымдылығы халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны, шығарылған өнімнің жалпы көлеміне бөлу арқылы анықталады:

К сый = F/Q,

Мұндағы: К сый = өнімнің қорсыйымдылығы,

F-халық шаруашылығындағы негізгі өндірістік қорлардың орташа құны;

Q-шығарылған өнімнің жалпы көлемі.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігін бағалау жүйесінде кәсіпорын капиталының айналымдылығын сипаттайтын кәсіпорынның іскерлік белсенділік көрсеткіштері өте маңызды болып табылады. Бұл топ көрсеткіштері ағымды негізгі өндірістік іс-әрекеттің нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды. Бұлардың көмегімен кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалауға болады. Ол үшін қаралып отырған кәсіпорынның қызметтік іс-әрекетін басқа да кәсіпорындармен салыстыру қажет. Мұндағы сапалық критерийге кіретіндер: өнімді сату нарығының кеңдігі; экспортқа шығарылатын өнімнің көлемі, кәсіпорын репутациясы.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы- пайда көрсеткіші болып есептелінеді.

кесте 6- «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің іскерлік белсенділік көрсеткіштері

Көрсеткіштер
2007
2008
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰)
№: 1
Көрсеткіштер: Өнім шығару көлемі, мың. тг
2007: 397442, 00
2008: 964465, 00
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): +2326, 7
№: 2
Көрсеткіштер: Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, тенге
2007: 131351925, 6
2008: 60527296, 36
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): -53, 9
№: 3
Көрсеткіштер: Қорқайтарымы, тг
2007: 3, 03
2008: 1, 59
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): -47, 5
№: 4
Көрсеткіштер: Қорсиымдылығы, тг
2007: 0, 33
2008: 0, 06
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): -0, 27
№: 5
Көрсеткіштер: Сату көлемі, мың. тг
2007: 466206, 00
2008: 1028717, 00
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): +120, 7
№: 6
Көрсеткіштер: Активтердің жалпы сомасы, мың. тг
2007: 93075227, 01
2008: 174594862, 4
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): +87, 6
№: 7
Көрсеткіштер: Нормаланатын айналым құралдарының орташа жылдық құны, теңге
2007: 271357678, 21
2008: 52613670, 97
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): -80, 611
№: 8
Көрсеткіштер: Активтердің айналымыдылығы
2007: 5, 01
2008: 5, 89
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): +17, 7
№: 9
Көрсеткіштер: Айналым құралдарының айналымдылығы
2007: 1, 72
2008: 19, 55
Өсім қарқыны, (+, -) %, (‰): +1036, 62

6-кесте бойынша «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС -нің өнім шығару көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 2326, 7 (‰) промилге артқандығын байқаймыз. Қор қайтарымы көрсеткіші 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 47, 5% төмендеген бұл негізігі қорлардың 1 теңгесіне сәйкес келетін өнім шығару көлемінің артуымен түсіндіріледі, яғни кәсіпорын қолда бар негізгі қорларын ұтымды толық қолданып отыр. Қорсиымдылығы 2008 жылы 2007 жылға қарағанда 0, 27 %-ке азайған, яғни шығарылған өнімнің 1 теңгесіне қатысқан негізгі қорлар үлесі азайып отыр. Қорқайтырмының жоғары, ал қор сиымдылығының төмен болса өнім өндіру үшін капитал салымдары мен басқа да ресурстар аз қажет етіледі.

Айналым құралдарының айналымдылығы немесе айналым саны 2008 жылы 19, 55 құрады, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 10 есеге жуық немесе 1036, 62 (‰) промилге артқан. Айналым құралдарының айналым жылдамдығының жоғары болуы оларға қажеттілікті азайтады және олардың тиімді қолданылып отырғандығын көрсетеді. Айналым құралдарының айналымдылығының жеделдеуіне ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету мен өткізуді ұйымдастыру үлкен ықпал етеді. Ал олар өз кезегінде өнім көлемінің артуына әсер етеді.

КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ

Тиімділік- жалпы және салыстырмалы болып бөлінеді. Жалпы тиімділік -шығындарды атқару арқылы пайда болған әсердің жалпы көлемін көрсетеді және оны инвестициялардың әрбір объектілері бойынша есептеуге болады.

Салыстырмалы тиімділік - белгілі бір өндірістік және шаруашылық есептерді шешуде, екі немесе бірнеше шешім вариантарының ішінен біреуін таңдап алуда есептелінеді. Ол бір варианттың басқа вариантпен салыстырғандағы экономикалық қолайлығын көрсетеді.

Жалпы тиімділіктің көрсеткіштері мынадай категориялар бойынша топталады:

  • өтімділік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер;
  • Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері, кәсіпорынның активтерін қаржыландыруда қолданылатын капиталдың құрылымын құру әдістеріне байланысты болған тәуекелшілдік деңгейін анықтайтын көрсеткіштер.

Кәсіпорын жұмысының тиімділігі оның қаржылық жағдайымен сипатталады. Қаржылық жағадайын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер келесідей топтарға біріктірілген.

1) Шығынсыздық көрсеткіштері;

2) Ликвидтілік көрсеткіштері;

3) Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері.

4) Рентабелділік көрсеткіштері

кесте 7- Шығынсыздықтың қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштер
2007 жыл
2008 жыл
2009 жыл
№: 1
Көрсеткіштер: Сатудың таза көлемі, тг
2007 жыл: 943717000
2008 жыл: 466206250
2009 жыл: 571396160
№: 2
Көрсеткіштер: Жиынтық айнымалы шығындар, тг
2007 жыл: 398899758
2008 жыл: 187502292
2009 жыл: 45197
№: 3
Көрсеткіштер: Жалпы маржа(жабуға салымдар), тг
2007 жыл: 544817242
2008 жыл: 278703958
2009 жыл: 119426160
№: 4
Көрсеткіштер: Жалпы маржа коэффициенті, %
2007 жыл: 57, 7
2008 жыл: 59, 8
2009 жыл: 20, 9
№: 5
Көрсеткіштер: Жиынтық тұрақты шығындар, тг
2007 жыл: 455897235
2008 жыл: 275432567
2009 жыл: 252037000
№: 6
Көрсеткіштер: Баланстық пайда, тг
2007 жыл: 88920007
2008 жыл: 3271391
2009 жыл: -132610840
№: 7
Көрсеткіштер: Шығынсыздық нүктесі, тг
2007 жыл: 56997477
2008 жыл: 87930275
2009 жыл: -199933000
№: 8
Көрсеткіштер: Қаржылық тұрақтылық запасы, тг
2007 жыл: 886719523
2008 жыл: 378275975
2009 жыл: 771329160
№: 9
Көрсеткіштер: Қаржылық тұрақтылық запасы %
2007 жыл: 1556
2008 жыл: 430
2009 жыл: -386
№: 10
Көрсеткіштер: Операциялық рычаг(тетік)
2007 жыл: 6, 1
2008 жыл: 85, 2
2009 жыл: -0, 9

7-кесте мәліметтерінің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады, қарастырылып отырған кезеңде, яғни 2009 жылы жалпы маржа коэффициенті алдыңғы 2007, 2008 салыстырғанда біршама төменден, мұның себебін осы кезеңдерде өнімді сату көлемі азайып, жиынтық айнымалы шығындар көбейіп отырғандығымен түсіндіруге болады. Ал оперативті рычагтың шамасы өнімді өткізуден түсімнің артуы пайданы қаншаға артатындығын көрсетеді, «Таза-Мұнай Ақтөбе» ЖШС-де 2009 жылғы түсім көлемінің азаюы пайданы 90%-ке төмендетті. Байқалып отырған мұндай тенденция кәсіпорынның шығындар аймғына жедел кіріп отырғандығын байқатады.

Шаруашылық іс-әрекеттің тиімділігін көптеген абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштер арқылы бағауға болады. Солардың ішіндегі маңыздырағы- пайда көрсеткіші болып есептелінеді. Пайда әрбір кәсіпорынның іс-әрекеттің негізгі критерийі және ақырғы мақсаты болып табылады.

Кәсіпорынның ликвидтілік көрсеткіштері, кәсіпорындардың қысқа мерзімді міндеттемелерді орындау мүмкіншіліктерін, айналым қорларын басқаруын сипаттайтын көрсеткіштер.

Көрсеткіштері:

  • Меншік айналым қаражаттарының көлемі немесе таза айналым капиталы (ағымды активтер/ағымды міндеттемелер) . Кәсіпорынның меншік капиталының, ағымды активтерді жабу көздері болып табылатын бөлшегін сипаттайды. Бұл көрсеткіш коммерциялық іс-әрекеттермен, шұғылданатын кәсіпорындар үшін аса маңызды болып келеді. Меншіктік айналым қаражатарын көбейтудің ең негізгі және тұрақты көзі- пайда.
  • Қолданылып жүрген немесе таза айналым капиталының оңтайлануы (ақша қаражаттары/ таза айналым капиталы) . Меншіктік айналым қаражаттарының ақша түріндегі формасын, яғни абсолюттік өтімділігі бар қаражаттарды сипаттайды. Бұл көрсеткіш 0 мен 1 аралығында өзгеріп отырады.
  • Жабу коэффициенті (ағымды активтер/ағымды міндеттемелер) . Активтердің өтімділік жалпы бағасын береді. Кәсіпорынның ағымды активтерінің қанша теңгесі, ағымды міндеттемелерінің 1 теңгесіне келетінін көрсетеді.
  • Тез өтімділік коэффициенті. Бұл коэффициет жабу коэффициенті сияқты есептелінеді, бірақ ағымды активтердің аз-маз бөлшектерімен есептелінеді, есептеуден-өндіріс запастары алынып тасталынады.
  • Абсолюттік өтімділік коэффициенті (ақша қаражаттары/ ағымды міндеттеиелері) . Кәсіпорын өтімділігінің ең тұрақты критерийі, қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қай бөлігі, қажет болған жағдайда, тез арада өтеле алатынын көрсетеді.
  • Запастарды жабудағы меншіктік айналым қаражаттарының үлесі (меншіктік айналым қаражаттары/запастар мен шығындар), запастардың меншіктік айналым қаражаттарымен жабылатын бөлігін көрсетеді.

кесте 8- Кәсіпорынның ликвидтілік көрсеткіштері

(30. 09. 2008 жыл)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің тиімділігінің теориялық негіздері
Мұнай саласындағы кәсіпорындардың тиімділігін жоғарылатудағы негізгі бағыттар
Кәсіпорынның активтерін бағалау және тиімді басқару
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Негізгі құралдардың теориялық аспектілері
Барыс Мунай ЖШС
Жобаны іске асыру
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Kazakhstan Facilitators ЖШС консалтингтік компаниясының ұйымдастырушылық экономикалық сипаттамасы
Экономиканың инновациялық дамуы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz