Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)


әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География факультеті
Туризм кафедрасы
дипломдық жұмыс
қазақстан республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (қорғалжын қорығы мысалында)
Орындаған Кланкозова Ж. Б
4 курс студенті
Ғылыми жетекші Тойымбаева Ж. Х
(қолы, күні)
Норма бақылаушы Байжокенова А. М.
(қолы, күні)
Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен
қорғауға жіберілді Артемьев А. М.
(қолы, күні)
Алматы, 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- ҚОРЫҚТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ШОЛУ . . . 5Қорықтардың қалыптасуы, даму тарихы . . . 5Қорықтардың жіктелуі . . . 10Әлемнің қорықтарын ұйымдастырудағы экономикалық-географиялық ерекшеліктері . . . 13
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОРЫҚТАРДЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . . 18ҚР-дағы қорықтар мен оларды ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 18ҚР-дағы туризмнің дамуына қорықтардың әсер етуі . . . 25Қорықтарда ұйымдастырылатын экскурсиялар . . . 33
- ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫНЫҢ ТУРИЗМДЕ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 44Қорғалжын қорығы туралы жалпы мәлімет . . . 44Қорғалжын қорығының визит-орталығы . . . 49Қорғалжын қорығында жасалынып жатқан іс-шаралар . . . 57
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 63
Кіріспе
Жұмыстың жалпы мазмұны. Жұмыс негізінен еліміздің қорықтары туралы, олардың қазіргі кездегі жағдайы мен алатын орны, қорықтардың туризмге әкелетін пайдасы мен олардың болашақта жасалынатын іс-әрекеттері туралы, сонымен қатар Қорғалжын қорығының туристік потенциалына баға беріп, оларды дамыту жолдарын қарастырып, талдау жұмыстарын жүргізуге және мүмкін болатын ұсыныстарды ұсынуға арналған.
Сирек кездесетiн өсiмдiк түрлерi, орман алқаптары, жабайы аңдары мен құстары, судағы балықтары, жалпы табиғаттың керемет туындылары мемлекеттiк қорғауға алынатын жерлерді қорық деп атайды. Қорық ерекше экологиялық, тарихи, табиғи қорықтарды, ағарту, ғылыми-мәдени және туризм үшiн табиғи кешендер мен нысандарды қорғайтын, экологиялық-танымдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу мақсатында пайдаланылады.
Өзектілігі. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР-сы Заңының жаңа редакциясына қорықтардың аумағында экологиялық туризмді, оның ішінде қорықтарды дамытудың жаңа тәртібі белгіленген.
Ол үшін экологиялық туризмді әрі қарай дамыту мақсатында мынандай іс-шажралар атқарылуда:
Экологиялық туризмді дамытуға қызығушылық тудыратын мемлекеттік қорықтардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарларын әзірлеу;
Туроператорларды таңдау арқылы ерекше қорғалатын қорықтарға келушілер ағынын реттеу жүйесін аяқтау;
Түрлі бағыттағы туристік маршруттардың желісін әзірлеу мен оларды жайластыру және сертификациялау;
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарға келушілердің қауіпсіздігін және туристік қорларды қорғауды қамтамасыз ету;
Туристік қызметке қосымша инвестрларды және мүдделі шаруашылықтағы субъектілерді, туристік ұйымдарды, жергілікті халықты тарту арқылы инфрақұрлымды дамыту;
Туристік маршруттарды абаттандыру (демалыс орындарын, паналарды жайластыру, кіші сәулет нысандарын дайындау мен орнату және т. б. ) ; жарнама қызметтік ақпарат жүргізу;
Зерттеудің нысаны- Қазақстан Республикасы қорықтары, оның ішіндегі Қорғалжын қорығының туристік потенциалы.
Зерттеу пәні- қорықтар.
Жұмыстың негізгі мақсаты - ҚР-сы қорықтарының қазіргі күні атқаратын рөлін анықтау. Мемлекетіміз үшін қорықтардың қаншалықты қажет екендіктерін, олардың қоғамға тигізетін пайдасын анықтау. Оның негізінде еліміздің барлық қорықтарының бір-бірінен айырмашылығы мен олардың маңыздылығын анықтау және мемлекеттің туризміне қосатын үлесін, қорықтардан түсетін табысты анықтау, Қорғалжын қорығындағы туризмді дамыту мүмкіндіктеріне талдау жасау болып табылады. Осы қойылған мақсатты ашу үшін келесі міндеттер қойылды:
- мемлекет қорықтары туралы толық мәлімет беру;
- мемлекетіміздің туризм деңгейін анықтау;
- қорықтардағы туризмнің дамуын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы қорықтарды ұйымдастыру шараларын ұсыну;
Дипломдық жұмыстың барысында келесідей зерттеу әдістері қолданылды: жүйелік талдау, салыстырмалы-сипаттамалық, статистикалық және тарихи әдістер.
Автордың жеке қосқан үлесі болып, қорықтарды зерттеп, оларға салыстырмалы анализ жасау. Сонымен қатар қорықтардың айырмашылықтарын анықтап, олардың туризмге тигізетін әсерін анықтау болып табылады. Еліміздің туризмі дамуы барысында қорықтар қаншалықты үлес қосты, алдағы жылдары қорықтардың тигізетін әсері бар ма екендігі туралы болжамдық шолу зерттеу жасау. Туризмді дамыту үшін, қорықтардың қосатын үлесі жоғары болу үшін стратегиялық бағдарламаларды құрастыру. Қорғалжын қорығын зерттеп, туристтерді тарту жолдарын қарастыру, туристік маршруттар құрастыру және туристік маршруты бар карта сызу болып табылады.
Зерттеу нәтижесінің қайнар көздері. Жұмысты орындаған кезде негізінен қорықтар туралы жазылған кітаптар болып табылады. Оның ішінде Қазақстан қорықтарына арналған энциклопедия.
1 қорықтар туралы жалпы шолу
1. 1 Қорықтардың даму тарихы
Табиғатты қорғау ерте заманнан басталған. Көне заманның өзінде халықтар табиғат қорының сарқылатындығын білгененнен кейін табиғаттан тек қана ала бермей, оның орнын толтырып, қайтадан қалпына келуіне көмектесу керектігіне көздері жетті. Ол кезде адамдар тек жер өңдеп қоймай, оған тыңайтқыш беруді, пайдалы өсімдіктерді себуді, бағалы жануарларды асырап, көбейтуді үйренді. Бұл табиғатқа өзгеріс еңгізгенімен адам пайдасына жұмсалып кеткен қор қайтадан орнына келмейді. Ал біздің заманда табиғат қоры одан әрі азая түсуде. Табиғат байлығынан алынатын қордың мөлшері, оны қайтадан қалпына келтіру мөлшерінен әлдеқайда көп. Мұның себебі табиғатты қалпына келтіру идеясы барлық елде мемлекеттік шеңбердегі проблема деңгейіне көтерілмей отыр.
Тарих бізге табиғатты қорғау жөнінде алғашқы шаралардың Қытайда, Индияда және ертедегі Рим империясында болғандығын көрсетеді. Бұда 2200 жыл бұрын ертедегі Қытай философы Као-Цзи орманды құрта беру қайғылы жағдайға әкелетінін көрсете келіп, халықты орманды қорғауға шақырған. Біздің жыл санауымыздан көп уақыт бұрын Қытайдың кейбір княздықтарында қорықтар ұйымдастырылғаны белгілі. Одан 1000 жылдар шамасында қытайлықтар топырақ үгітілуімен күрес жүргізген. 300 жыл бұрын Индияда қорықтар ұйыдастырылып, одан адам әрекетіне тыйым салынған. Индиядағы қазіргі ұлттық саябақтар сол көне қорықтардың жалғасы болып саналады [1] .
Қорықты жерлерді арнайы ұйымдастыру - адамның өте ерте кезден басталған игілікті іс-әрекеттерінің бірі. Әрбір қоғамның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қорық ұйымдастырудың міндеттері мен ондағы істелінетін жұмыс шаралары да үнемі өзгеріп отырады. Қорық сөзінің түбірі қор, қорғау деген сөздерден алынып, белгілі бір өңірдегі табиғаттың адам өмірі үшін айрықша маңызы бар алқабын қорғау және сақтап қалу деген ұғымды білдіреді.
Қорық сөзіне алғаш анықтама берген деректерді біз Орта Азиялық ғұлама ғалым Махмұт Қашқаридің ХІ ғасырда жазылған «Диуани лұғат-ат-түрік» атты энциклопедиялық еңбегінен көреміз. Онда «дәулетті адамдардың игілігіндегі ерекше қорғалатын жайылымдық жерлер және арнайы қорғауға алынып қорғалатын аумақтар» деп түсініктеме берген.
Тарихи дәуірлерде Орта Азия мен Қазақстан аумағындағы қорықты жерлер негізінен аң-құс аулауға немесе шүйгінді жайылымдар мал жаюға арналған, жеке дәулетті адамдардың қарамағында болып, қатаң тәртіпте қорғалатын болған. Мұндай қорықты аумақтар көбіне орманды қойнауларда, кейбір өзені мен бұлақтары көп шырайлы өңірлерде немесе аң-құсы мол алқаптарда ұйымдастырылады. Мұндай қорықты аумақтар арнайы қатаң қорғалып, кез келген адамның аң аулауына рұқсат етілмеген. Тіпті мұндай қорық деп белгіленген алқаптарда рұқсатсыз аң аулағандарды өлім жазасына дейін жазалау ережелері бекітілген [2] .
Жалпы, мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Қорық - бұл табиғат объектілерін қорғаудың ең жоғары формасы. Қорық аймағы шаруашылық айналымнан босатылып, онда кен өндіру мен құрылыс жұмыстарын жүргізу, аң-құс атып, балық аулау, шөп шабу мен мал жаю, ағаш дайындау сияқты нұқсан келтіретін әрекетке тиым салынған. Сонымен қатар қорық жеріне улы химикаттарды шашуға және басқа да жерлердің өсімдіктері мен хайуанаттарын жерсіндіруге болмайды. Бір сөзбен айтқанда, қорық ұйымдастырылған жердің табиғаты, сол аймақтың ландшафты - географиялық белдеуінің үлгісі (эталоны) ретінде қорғалуы қажет. Бұл жерлердегі экологиялық процестердің барлығы адам араласуынсыз табиғи жағдайда өтеді. Адам оның бақылаушысы, зерттеушісі ғана. Сол себепті де қорықтарды соңғы кезде ашық аспан астындағы нағыз «табиғат лабораториясы» деп те атап жүр. Өйткені мұнда ұзақ жылдар бойына табиғат комплекстерін табиғи жағдайда терең, ғылыми зерттеу, «табиғат жылнамаларын» жүргізу сияқты алуан түрлі жұмыстар жүзеге асырылады.
Қорықтарда тек саны азайып, жойылып бара жатқан хайуанаттар мен аса бағалы өсімдіктер ғана қамқорлыққа айналып қоймай, сонымен қатар өлкеміздің көрікті табиғат ландшафтылары, жалпы табиғат комплекстері сол қалпында сақталады [3] .
Мемлекеттік табиғи қорық - қоршаған ортаның табиғи эталондар, реликтілері, ғылыми зерттелеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризмге және рекреацияға арналған объектілері ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтарының жиынтығы.
Қорықтардың басты мақсаты - табиғи ландшафтылар эталонын мұндағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен қоса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтау. Соңғысы адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау үшін аса қажет.
Қазақстан қорықтары республикамыздың табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр.
Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының түрлі салаларында табиғат байлықтарын әсіресе мал жайылымдарының жыл маусымдарына байланысты дұрыс әрі тиімді пайдаланған. Сондықтан да бір алқаптың немесе аумақтың табиғатын тоздырмай дұрыс пайдалану қажеттілігі қатаң ескерілмеген. Қар түспеген қыстың қара бауыр бұйраттардың не жоталардың жазық бауырында қалың бидайық, көкорай шалғын мол шығатын кең алқаптар болған, мұндай жерлерді «қорық» деп атаған.
Қазақстан аумағында тікелей «қорық» сөзімен тіркесіп айтылатын бұрыннан сақталып қалған жер-су атаулары көптеп кездеседі. Осыған байланысты белгілі шығыстанушы А. Н. Бергштам Қазақстан мен Орта Азия халықтарының көне тарихына қатысты әрі маңызды, әрі құнды көп мәліметтер жинайды. Осындай зерттеулердің нәтижесінде Тянь-Шань аумақтарында көне дәуірлерде сол кезде мекен еткен тайпалар қызықты деректер қалдырған. Осы келтірілген деректер бойынша «қорық» деп белгіленген табиғат байлықтарын ондағы тайпалардың барлық мүшелерінің пайдалануға құқылы екендігі де атап көрсетілген [4] .
Қорық аумағындағы барлық табиғи кешен толығымен шаруашылыққа пайдаланудан алынған және үкіметтің қорғауында болатын жер не су кеңістігі, типтік, сирек кездесетін және бірегей табиғи кешендерді бүкіл компонеттерінің жиынтығымен қоса, сол қалпында сақтауға арналған, арнайы қорғау режимі бекітілген ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Мемлекеттік табиғи-қорық қорына мына объектілер енгізіледі:
1. Зоологиялық объектілер - жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, жануарлардың құнды түрлері және сирек кездесетін тобы.
2. Ботаникалық объектілер - өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері, өсімдіктердің құнды түрлері және сирек кездесетін тобы.
3. Орман объектілері - ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы ормандар.
4. Дендрологиялық объектілер - ғылыми және мәдени-тарихи маңызы бар жекелеген ағаштар немесе олардың топтары.
5. Гидрологиялық объектілер - ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймалары.
6. Геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық объектілер - жер қойнауының экологиялық ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды учаскелер.
7. Топырақ объектілері - әр түрлі топырақ аймақтарындағы типтік, бірегей және сирек кездесетін топырақтар.
8. Ландшафтық объектілер - типтік, бірегей және сирек кездесетін ландшафтар.
Қорықтың негізгі міндеті - қорғауға алынған табиғат кешенін (этолондық табиғи экожүйелерді), сондай-ақ осы аумаққа тән организмдердің гендік қорын сақтау және қалпына келтіру, табиғи құбылыстардың даму заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан кеңінен зерттеу.
Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Қорық қорғалатын аумақ қана емес, сонымен қатар табиғатты қорғау жөнінде мемлекеттік ғылыми мекеме болып табылады. Мұнда жабайы хайуанаттарға санақ жүргізу әдістері, оларға әсер ететін факторлар анықталып, саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі [5] .
Адамдардың іс-әрекеті табиғат ландшафттарын өте қатты өзгертті. Әсіресе өзгерістерге тірі табиғат ұшырады, олардан өсімдіктердің азаюы, жануарлардың азаюы мен кейбір түрлерінің жойылуы көрініс тапты. Ормандардың көлемі кішірейіп кетті. Міне осындай көрсеткіштер нәтижесінде қорықтар құрылған. Қорықтар қорғауға алынуға тиіс деген жерлердің көпшілігінде ашыла бастады. Қорықтар - табиғи ландшафтары бар, сирек кездесетін және мемлекетке өте бағалы жануарлары мен өсімдіктері бар жер тілімдері.
Қазақстан Республикасының қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін сақтау жөнінде үлкен мақсат пен міндеттер тұр. Бұл мақсат пен міндеттердің биосфера компаненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар.
Қорықтар ең алдымен қорғауға алынбаған жерлердің адам әрекеттерімен өзгеріштерге ұшыраған жерлерді қорғалатын территориялардағы табиғатты салыстыру болып табылады. Қорықтарда фауна мен флораны экспериментальді ғылыми зерттеу процестерін жүргізу мүмкіндігі бар болады.
Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс. Қай заман болмасын, қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат, экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды рөл атқаратыны белгілі.
Мемлекеттiк табиғи қорық - табиғи процестердiң, тұрпатты және бiрегей экологиялық, жүйелердiң, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң биологиялық алуан түрлiлiгi мен генетикалық қорын табиғи жағдайда сақтап, дамуын зерттеуге арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Мемлекеттiк табиғи қорықтардың бүкiл аумағында табиғи ресурстарды шаруашылық жүргiзу үшiн пайдалануды болғызбайтын қорғаудың қорықтық режимi белгiленедi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарды қорғау режимiнiң ерекшелiктерi мен тиым салынатын іс-әрекеттер:
- үйлер мен ғимараттар, көпшiлiк пайдаланатын жолдар, труба құбырларын, электр беру желiлерi мен басқа да коммуникациялар салуға;
- мемлекеттiк геологиялық зерттеуге және түрлi iздестiру жұмыстарына;
- ауыл шаруашылығының, өнеркәсiптiң, гидроэнергетиканың, су көлiгiнiң суға деген қажеттерiн өтеу үшiн және өзге де шаруашылық мұқтаждар үшiн жер үстi және жер асты суларын пайдалануға;
- орман қорғау шараларын жүргiзу және қорықтардың қызмет етуi үшiн қажеттi санитариялық және өзге де кесулердi қоспағанда, ағаштарды кесуге, шайырды, екiншi дәрежелi орман материалдары мен ағаш шырындарын дайындауға, орманды жанама пайдалануға, орманды сауықтыру мақсаттарына және орман қоры учаскелерiн аң шаруашылығы мұқтаждары үшiн пайдалануға;
- шөп шабу мен мал жаюды қоса алғанда, өсiмдiктер дүниесiн шаруашылық мақсаттарға пайдалануға;
- аң аулауға, кәсiпшiлiк балық аулауға және аңшылық пен балық аулау объектiсiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарына пайдалануға;
- флоралар мен фауналар үшiн өсiмдiктер мен жануарлардың жаңа түрлерiн жаңа жағдайларға бейiмдеуге;
- қоршаған ортаға кез-келген химиялық, биологиялық және физикалық ықпал жасауды қолдануға;
- арнаулы рұқсат болмайынша табиғи ортадан жануарлар мен өсiмдiктердi алып қою арқылы коллекциялар жинауға және ғылыми зерттеулер жүргiзуге;
- азаматтардың арнайы рұқсатынсыз және келуге бөлiнген орындардан тыс жерлерде болуына тыйым салынады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми зерттеулер ұйымдастырудың ерекшелiктерi:
1. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, оларда құрылатын ғылыми орталықтардың, лабораториялар мен бөлiмдердiң күшiмен жыл бойы тұрақты бақылау ұйымдастыру арқылы ғылыми зерттеулер жүргiзедi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтардың ғылыми орталықтарына, лабораториялары мен бөлiмдерiне белгiленген тәртiппен ғылыми ұйым мәртебесi берiлiп, олардың қызметкерлерiне ғылыми қызметкер құқықтары қолданылуы мүмкiн.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми кеңестер құрылып, олардың құрамына жетекшi ғалымдар мен мамандар, ғылыми ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi енгiзiледi.
3. Мемлекеттiк табиғи қорықтарда ғылыми деректер банкi, ғылыми коллекциялар, қорлар, кiтапханалар мен мұрағаттар құрылады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар қорық iсi мәселелерi жөнiнде ғылыми көпшiлiк және басқа да әдебиеттер шығара алады.
Мемлекеттiк табиғи қорықтарды мәдени-ағарту, оқу, туристiк, рекреациялық және өзге де мақсаттарға пайдаланудың ерекшелiктерi:
Мемлекеттiк табиғи қорықтарда, құрамына айрықша құнды экологиялық жүйелер мен объектiлер кiрмейтiн арнайы бөлiнген учаскелерде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен:
- Экскурсиялық экологиялық маршруттар ұйымдастыруға және туристiк соқпақтар мен тұрақтар салуға, ашық аспан астында мұражайлар мен экспозициялар орналастыруға;
- Спорттық және әуесқойлық балық аулауға;
- Қорық қызметкерлерiнiң және оның аумағында тұрақты тұратын азаматтарға өз қажеттерi үшiн саңырауқұлақ, жаңғақ, жидек, дәрiлiк өсiмдiктер жинауға, шөп шабуға;
- Қорық қызметкерлерiнiң, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын өзге де азаматтардың жеке малын жаюға жол берiледi.
Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар: 1. Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар ауқымды экологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн жұмыс iстеп тұрған немесе жаңадан ұйымдастырылып жатқан мемлекеттiк табиғи қорықтардың базасында құрылуы мүмкiн.
2. Қоршаған ортаны бүлдiрмейтiн және биологиялық ресурстарды сарқылтпайтын ғылыми зерттеулер жүргiзу, табиғатты ұтымды пайдалану әдiстерiн сынақтан өткiзiп, енгiзу мақсатында мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтарға қорғау және жұмыс iстеу режимдерi әртүрлi биосфералық полигондар қосылуы мүмкiн.
3. Мемлекеттiк табиғи биосфералық қорықтар туралы жеке ережелер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар ескерiле отырып бекiтiледi.
Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлер: 1. Мемлекеттiк табиғи қорық-сепортер - қорық режимiмен қорғалатын, республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ, ол табиғи қайта түлеуге бейiмi жоқ, адам әрекетiнен бұзылған бiрегей табиғи кешендердi қалпына келтiруге және зерделеуге арналған.
2. Мемлекеттiк табиғи қорықтар-сепортерлердi қорғау режимi олардың ғылыми қызметiн және оларды мәдени-ағарту, оқу және туристiк мақсаттарға пайдалануды ұйымдастыру мемлекеттiк табиғи қорықтар үшiн көзделген тәртiппен жүзеге асырылады [7] .
Алғашқы қорықтар . Табиғи орта мен жабайы табиғатты қорғау туралы ең алғашқы заң Шри-Ланка мемлекетінде б. з. д. ІІІ ғасырда қабылданған, себебі Михинтале жерінде Деванампиятисса патшасының бұйрығымен әлемдегі ең алғашқы қорық құрылған.
Европа аймағында ең алғашқы қорық Франция мемлекетінде екінші империя кезінде Фонтенбло қорығы құрылған. Оның жалпы аумағын 624 га құраған. Негізінен қорықтарды ұйымдастыру идеясы ең алғаш АҚШ мемлекетінде пайда болған. Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы ашылған қорық болып Ақсу-Жабағылы қорығы саналады. Бүгінде қорық Батыс Тян-Шань жүйесіндегі Талас Алатауының біраз бөлігін, Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының территориясынан 131 934 гектардай жерді алып жатыр [8] .
1. 2 Қорықтардың жіктелуі
Қорықтар - көптеген елдер мен әлем аймақтарымен қабылданған және қолданыстағы қорғалатын табиғи кешендерінің ең әмбебап категориясы болып табылады. Дегенмен, гомогенді түсініктер туралы алдын-ала айтылуына қарамастан унификацияға деген ұмтылыс әр түрлі мемлекеттерде алдымен көлемі бойынша ерекшеленеді. Бұл қорықтың басқару механизмінің қаржылануы, ұйымдар құрылымының әр түрлілігі өкінішке орай жоқ, классификацияға бөлуді қажет етеді.
Қорықтар типологиясын ойлап табудың мүмкіндігін отандық әдебиетте бірнеше рет қарастырылып қабылданған. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен халықтың тығыздығына байланысты қорықтар урбанизацияланған, қорғалатын территория болып ерекшеленеді.
Қорықтардың түрлері:
Аңшылық қорығы. Ең алдымен мұндай қорықтар экономикалық жағынан қызықтырады, және олардың жұмысы - жергілікті жерде аңшылыққа арналған жануарлардың санын реттеп отыру. Сол үшін аңшылық қорықтарға ең негізгі үш талап қойылады. Олар:
- қорықта аңшылыққа арналған жануарлар болуы керек;
- қорықтың орналасқан жері мен қоршаған ортасы аңшылық жасау үшін ыңғайлы болуы керек және аңшылық жануарлары мекен ететін орындар болуы керек;
-қорықтың территориясы аңшыларға қолайлы болуы тиіс және жануарлар еркін қозғалыста болулары шарт;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz