Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 90 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ . . . 6

  1. Шағын кәсіпкерлік - кәсіпкерліктің ерекше формасы және оның дамуының теориялық негіздері . . . 6

1. 2 Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерліктің құқықтық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуі . . . 16

1. 3 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудағы халықаралық тәжірибе . . . 28

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЗІРГІ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 42

2. 1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің макроэкономикалық көрсеткіштерін талдау . . . 42

2. 2 Қазақстан аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің даму көрсеткіштерін салыстыру . . . 48

2. 3Алматы облысының шағын бизнес субъектілерінің қызметін талдау . . . 53

3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ . . . 62

3. 1 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудағы негізгі мәселелер мен бағыттар . . . 62

3. 2 Қазақстандағы шағын бизнес субъектілерін несиелеу механизмдерін жетілдіру жолдары . . . 68

3. 3 Алматы облысының шағын бизнес түрлерін жетілдіру механизмдері . . . 78

Қорытынды . . . 84

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 87

Кіріспе

Англияның атақты мемлекет қайраткері Уинстон Черчиль шағын бизнесті дамыту туралы: «Батыс қоғамында кәсіпкерлікті дамытудың ұзақ жылғы тарихына қарамастан, адамдар әлі күнге оның әлеуметтік-экономикадағы рөлі бойынша бір көзқараста емес. Шындығында, кәсіпкерлік жердің көлі мен нарықтық экономиканың моторы» деп атап көрсеткен болатын. Осының өзінен-ақ, кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының басым бағытының бірі шағын бизнесті дамыту мәселесіне келіп тірелетінін көруге болады. Нарықтық, ашық экономикаға бағытталған Қазақстанның дамуында да шағын кәсіпкерлік қызметі белгілі бір деңгейде жолға қойылды. Дегенмен, шешуді талап ететін мәселелер әлі де жеткілікті.

Шағын бизнес субьектілері кез-келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шағын кәсіпкерлік үлесіне ІЖӨ 40% дан 60% келеді. Осыған орай ҚР Президенті Н. Назарбаев 2010 жылы Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын жолдауында: «Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс» деп атап көрсеткен болатын [1] . Оның стратегиялық маңыздылығын бағалау үшін Қазақстан экономикасының мынадай еркшеліктеріне көңіл бөлу қажет:

  • айқын көрініс алған шикізаттық бағыт;
  • қайта өндеу өнеркәсібінің нашар дамуы;
  • импортқа тәуелділігі;
  • инфрақұрылымының нашар дамуы;
  • аймақтар бойынша өндіргіш күштердің біркелкі орналаспауы[2] ;

Бұл аталған экономикамыздың даму барысындағы кемшіліктерді шағын бизнестің дамыту жолдарымен ғана жеңуге болады. Себебі, шағын бизнесті дамытудың маңыздылығы мемлекеттің экономикалық жетілуіне ықпал етіп және өндірістің дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуына жеткілікті түрде әсерін тигізе алады. Сол үшін шағын бизнесті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет. Осыған байланысты мемлекетте бизнестің жан-жақты қолдау мен қорғау табуын тек шағын бизнесті дамытумен бірге оның нарықтық экономиканы дамытуда қосар үлесі де аз емес болады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруашылықтың бөлінбес, ажырамас бір элементі болып табылады. Шағын бизнес экономикалық өсу деңгейін де, ұлттық табыс көлемін де анықтайды, әлеуметтік жағынан да функциясы - жаңа қосымша жұмыс орындарын құру сияқты дәйекті мәселелер оның өзектілігіне күмән туғызбайды.

Cондықтан, шағын бизнестің мемлекеттегі нарықтық экономикалық қатынастарды құруда алатын маңызды роліне байланысты бұл диплом жұмысының мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үдерістерін айқындау мен оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау. Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:

  • шағын бизнестің теориялық негіздері мен оның даму эволюциясын сипаттау;
  • әлемдік тәжірибелер негізінде шағын бизнестің экономикадығы ролі мен орнын анықтау;
  • Қазақстандағы шағын кәсіпкелікті ұйымдастыру тенденциялары мен жағдайын зерттеу;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» бағдарламаларының жүзеге асырылу нәтижелерін сараптау;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпкерліктің даму үрдістерін айқындау;
  • ҚР-ғы шағын кәсіпорындардың қызметін ұйымдастырудағы проблемаларын анықтау.

Осы міндеттерді шешу үшін диплом жұмысын жазу барысында Казақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуын сипаттайтын көптеген статистикалық мәліметтерге сараптау жасалынып, солардың негізінде шағын бизнестің даму барысы айқындалды. Сонымен қатар осы мәселеге қатысты көптеген әдебиет көздерін саралау шағын бизнестің экономикадағы алатын орыны мен рөлін нақтылай түсінуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, шағын бизнестің шетелдік тәжірибесін зерделеу арқылы оның мүмкін болатын тұстарын Қазақстанда қолдану жолдары көрсетілді. Ең бастысы осылардың барлығын жинақтай отырып, шағын бизнеске мемлекеттік қолдау көрстеудің жолдары мен бағыттары айқындалды. Жалпы осы аталып өткен мәселелерді қамтыған диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 33 сурет, 18 кесте келтірілген.

Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген отандық ғалымдардың: Н. Қ. Мамыровтың, А. Қ. Қошановтың, К. Ә. Сағадиеванің, Қ. О. Оқаевтың, Қ. Қ. Құрманалиевтің, Б. З. Зиябековтың, Ә. Н. Дәуренбекованың, Р. Қ. Андарованың, Ө. Қ. Шеденовтың, А. Н. Саханованың, сонымен қатар, шет елдік ғалымдардың: В. М. Попов, С. И. Ляпунов, Э. М. Гайнутдинов, М. И. Баканов, Ф. Берджес, Сирополис, Б. Я. Горфинкель секілді ғалымдардың еңбектері кеңінен пайдаланылды.

Сондай-ақ, жұмысты жазуда, әсіресе еліміздің аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің даму жағдайын сипаттауда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының» 2010 жылғы «Қазақстан және оның аймақтарындағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму жағдайы туралы» есебі қолданылды.

Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні- Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі- Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде шағын кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы қажеттілігі мен экономикалық мәні ашылған. Сонымен қатар шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері де осы бөлімге арқау болған. Мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерліктің дамуын құқықтық және қаржылық қамтамасыз ету мәселесі, сонымен қатар шет ел тәжірибесі де жұмыстың осы бірінші бөлімінде қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы, оның аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» бағдарламаларының жүзеге асырылу барысына статистикалық мәліметтер негізінде саралау жүргізілген. Осы бөлімде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің макроэкономикалық көрсеткіштеріне сипаттама берілген.

Жұмыстың үшінші бөлімінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі шаралар кешені қарастырылды. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті несиелеу механизмдерін жетілдіру және кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін дамыту жолдары қарастырылады. Ал жұмыстың қорытынды бөлімінде жұмысты жазу барысында жасалынған тұжырымдар мен ұсыныстар келтірілген.

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

  1. Шағын кәсіпкерлік - кәсіпкерліктің ерекше формасы және оның дамуының теориялық негіздері

Адамзат дамуының қай кезеңдерінде де кәсіпкерлік экономика ғылымының назарынан тыс қалмаған. Тек маркстік теория ғана кәсіпкерлікті адамзатты қанау ұғымымен біржақты түсіндіріп, көптеген социалистік мемлекеттерде ондаған жылдар бойы бұл сала, тіпті, ғылыми терминологиядан да шығып қалды.

Жалпы, француз тілінен тараған «кәсіпкерлік» (entterepreneur) ұғымын экономика теориясына XVIII ғасырда тұңғыш рет ағылшын банкирі әрі экономисі Р. Кантильон енгізді. Р. Кантильон «кәсіпкер» деп бағаның тұрақсыздығы мен болашағын болжауға болмайтын жағдайда тауарларды сату мен сатып алу процестеріне қатысатын, бірақ кірістерінің жалпы сомасын біле бермейтін адамдарды (саудагерлерді, шаруаларды, қолөнершілерді т. б. ) атаған. Оның пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі ретінде тәуекелшілдік қарастырылады [3] .

Алайда, экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын Р. Кантильон есімімен байланыстырады. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.

Егер «бизнес» терминнің эволюциясының қалай қалыптасқан қарастыратын болсақ, 1723ж. Парижде басылып шыққан коммерцияның жалпылай сөздігінде ең алғаш «кәсіпкер» ұғымы, яғни «объектіні өндіру немесе құруда өзіне міндеттеме алатын адам» пайда болған [4] .

Кәсіпкерлік ұғымын зерттеуге алғашқы дән қойғандар «саяси экономиканың» ғылым ретінде қалыптасуының іргесін қалаған физиократия мектебінің өкілдері болды. Аталмыш мектептің негізін қалаушы Ф. Кенэ (1694-1774), өнім өндіруші фермерлерге әрқашан жоғары баға беріп отырған. Физиократтардың пайымдауынша, жерді жалға алып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкер - шаруа қоғамдық саудагерлікте басты рөл атқарады. Бұл ғылыми бағытты француздың мемлекеттік қайраткері әрі экономисі А. Тюрго (1721-1781) жалғастырған. Ол кәсіпкерлерді үш топқа бөлді: өнім өндіруші (жерді жалға алушылар), меншік иелері (жерді жалға берушілер) және өнім өндірмейтіндер (осы жұмысқа қатысушы қалған адамдардың барлығы) . Соңғы топты А. Тюрго тағы да екіге бөлді: а) кәсіпкер- мануфактурашылар, фабрика басшылары және қарапайым қолөнершілер; ә) еңбек ақы алатын қарапайым жұмысшыларға аванс беретін кәсіпкер- капиталистер, яғни тікелей өнім өндірушілер. Ақырында, ол кәсіпкер белгілі бір дәрежеде тәуекел етіп қана қоймайды, сонымен қатар оның белгілі бір дәрежеде басқарушылық қабілеті де болуға тиіс деген түйін жасаған [4] .

Кесте 1

Кәсіпкер ұғымының эволюциясы[5]

Жыл
Автор
Түсінік
Жыл: 1725ж.
Автор: Р. Кантильон:
Түсінік: кәсіпкер-ол нарық жағдайында тәуекел етуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығын жүзеге асыратын адам
Жыл: 1776ж.
Автор: А Смит
Түсінік: бизнес - кәсіпорынның меншік иесі
Жыл: 1797ж
Автор: К. Бодо
Түсінік: кәсіпкер - ол белгілі бір жүзеге асырылатын іске жауапкершілігі бар адам
Жыл: 1803ж.
Автор: Ж. Б. Сэй
Түсінік: бизнес-екі өндіріс факторлары еңбек пен капиталдық тәуекел жағдайындағы шағармашылық үйлесуі
Жыл: 1876ж.
Автор: Ф. Уокер
Түсінік: кәсіпкер - ол өзінің ұйымдастырушылық қабілеттілігімен пайда табатын адам
Жыл: 1934ж.
Автор: И. Шумпетер
Түсінік: кәсіпкер-инновациялардың көзі және дамудың қозғаушы күші, новаторлар
Жыл: 1964ж
Автор: П. Друкер
Түсінік: кәсіпкер-белгілі бір мүмкіндіктерден мейілінше көп пайда түсіретін адам
Жыл: 1975ж.
Автор: А. Шапиро
Түсінік: кәсіпкер-ол әлеуметтік -экономикалық механизмдерді ұйымдастырушы

Саяси экономия өкілдерінің бірегейі, француз экономисі Ж. Б. Сэй (1767-1832) «кәсіпкерді өз есебінен, өз тәуекелінен, өзіне пайда табу үшін өнім шығарушы адам» - деп түсіндірді. Ғалымның ойынша кәсіпкерде тұрақтылық, айналадағы жағдайды сезгіштік, адамдармен түсіне алушылық қасиеттерімен қатар өндірістің үш факторы- табиғатты, еңбек пен капиталды- біріктіріп, іске қоса алатын мықты қабілеттілік болуға тиіс.

Кейінірек ағылшын оқымыстысы А. Маршалл (1842-1924) «кәсіпкердің жаңашылдығын (инновация) », неміс ғалымдары М. Вебер (1864-1920) мен В. Зомбарт (1864-1947) «кәсіпкерлік рухты» дәріптеді. М. Вебер «кәсіпкерлік дегеніміз-іс адам үшін емес, адам іс үшін өмір сүру тәсілі» десе, В. Зомбарт кәсіпкерлікпен сәтті айналысу үшін «әр заманның өзіне тән рухын терең сезініп, дөп баса білу керек», тек осылай өткенде ғана кәсіпкердің ісі оңға басады деп түсіндірді.

Кәсіпкерлік теориясына аса маңызды үлес қосушылардың бірі - австро-американдық экономист-социолог И. Шумпетер (1883-1950) екені белгілі. М. Вебер мен В. Зомбарттың капитализмдегі «адам факторын» зерттеу дәстүрлерін жалғастыра отырып, ол кәсіпкерлерді теориясының діңгегі етіп қарастырды да, оларды шаруашылық субъектілеріне жатқызып, олар «өндірістің негізгі факторларын пайдалана отырып», экономикалық процестерге қатысушылар деп тұжырымдады. Кәсіпкерлер тұлғасына маңызды мән берген И. Шумпетер «өз кейіпкерін» әлемдік өркениеттің қозғаушы күші. ХХ-ғасырдағы экономикалық өсіп-өркенлеу мен ғылым-техникалық прогрестің көш бастаушысы деп ұғынды. Сондықтан, И. Шумпетердің «кәсіпкерлік теориясының атасы» аталуы тегін болмаса керек [5] .

ХХ-ғасырдың орта шеніне дейін жаңа жұмыс орындарын тек ірі кәсіпорындар ғана ұсынады деген түсінік темірдей бекіткен болатын. Дегенмен, ірі американ экономисі Ф. Дракердің «кәсіпкерлер қоғамы» тұжырымдамасы, ескі түсініктің іргесін сөгіп қана қоймай, экономика ғылымына жаңа кейіптегі кәсіпкерлікті ала келді. Ол ірі өндіріс орындарының нарықтың өзгермелі жағдайына қолайсыздығын ғылыми түрде дәлелдеп, бұл кемшіліктің орнын дер кезінде толтыратын шағын кәсіпкерлік пен бизнес екендігіне көз жеткізді және еркін кәсіпкерліктің негізінде өзін-өзі басқару еркіндігі жатқандығын айқын көрсетіп берді.

Ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті 3 аспектіде қарастырады: Экономикалық теория ретінде, экономикалық ойлау типі ретінде, шаруашылық жүргізу тәсілі ретінде.

Экономикалық категория ретінде кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін маңызды мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады. Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта бизнес өкілдері, т. б. ) қызметі, сондай-ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін пайдалану арқылы қалыптасады.

Кәсіпкерлік қызмет экономикалық мүдде мен шарт қатынастары бойынша өзара байланысты тұлғалар тобы арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге, кәсіпкерлік субъектісі акционерлік қоғамдар, кооперативтер, жекелеген жағдайларда мемлекеттің сәйкес органдары да болуы мүмкін. Й. Шумпетердің пікірінше, экономикалық ресурстарды үйлестірудің барлық жаңаша тәсілдері кәсіпкердің басты жұмысы болып табылады. Кәсіпкер тұтынушыға беймәлім жаңа игіліктерді дайындау мақсатымен ресурстарды үйлестіреді; өткізу нарығының жаңасын игереді. Сонымен қатар нарықтағы жағдайға, сұраныс пен ұсыныс динамикасына, баға деңгейіне, жалпы тауар-ақша қатынастары жүйесіндегі қалыптасқан жағдайларға тәуелді болып келеді. Осы тұста кәсіпкерлік қызметтің тұрақты серігі - тәуекелділік, қауіп-қатер туралы айтпай кетуге болмайды. Өйткені тәуекелділік, қауіп-қатер беймәлімділікпен және жүргізілген болжаммен есептің өзі күтпеген жағдайдың алдын ала алмайды.

Экономикалық ойлаудың ерекше типі ретінде кәсіпкерлік практикалық қызметте жүзеге асырылатын шешімдерді қабылдауға қажет көзқарастар мен пікірлердің жиынтығын сипаттайды [7] .

Жекелеген ғылыми әдебиеттерде кәсіпкерлікті шаруашылық өнері, табыс табу барысында тәуекелге бел буу, өндірісті ұйымдастыру мен басқару шеберлігі ретінде көрсетеді. Демек кәсіпкерлікті жұмыс түрі ретінде ғана емес, тұлғаның ақылы мен қасиетінің қоры, ерік-жігері, жеңіске жетуге деген ынтасы еңбектің ерекше шығармашылық сипаты тұрғысынан да қараған абзал.

Экономикалық ғылымда өндірістің 4 факторы ұйқарастырылған: еңбек, капитал, жер, кәсіпкерлік. Бұл жерде кәсіпкерлікті 4 фактор ретінде ғана емес, еңбек, капитал, жер тәрізді 3 негізгі өндіріс факторларын біріктіріп, жүзеге асырудың үздік әдістерін іздестіріп, жұмылдыру үрдісі ретінде де қарастыруға болады. Ал елімізде кәсіпкерлікке қазіргідей көңіл бөлініп отырған тұста, өз ісін ашуға бел буған әрбір азамат пайда табу жолын ғана емес, өндіріс факторларын үйлесімді жұмыс жасауына, оның ішінде кәсіпкерліктің өндіріс факторы ретіндегі маңыздылығына ерекше көңіл бөлгені жөн.

Жалпы нарық процесіндегі тұлғалар кәсіпкерлер десек, ол өз кезегінде қарамағындағы мүлікті заңды негізде пайдалану жөніндегі өзінің бастамасын барлық шешімдерді қабылдауға және кез келген әрекет жасауға құқықты заңды тұлға және жеке азамат. Бірақ ол шешімдер қолданылып жүрген заңнамалық құжаттарға қайшы келмеуге әрі белгіленген мүліктік немесе басқа да жауапкершілікпен қамтамасыз етуге тиісті.

Кәсіпкердің талабы мен ұмтылысы жемісті болуы үшін келесі жағдайлар сақталуы керек:

  • тәуекелге бел буа білу;
  • нарықта кезігетін кез-келген жағдайларға дайын болуы;
  • жаңа технологияны қолдану мен басқару шешімдерін қабылдауға байланысты ізденістер жасау.

Кәсіпкер болу үшін оның қыры мен сырын танып білу керек екенін баршамыз білеміз. Сондықтан да ол үшін қойылатын талаптар мен шарттарды назарға ұсынуға болады.

Кәсіпкерлік қызметті белгілі бір сала ретінде қарастыруға болады. Мәселен, егер кәсіпкер болуға бел бусақ:

Біріншіден - кәсіпкер болу үшін әрине, ең алдымен табыс табу керек, пайда түсіру керек деген стратегия міндетті түрде болуы керек.

Екіншіден -айқындалған стратегияны орындау үшін және белгіленген мақсатқа жету жолында табыс табу амалдарын іздеуге ниет қою керек, яғни арнайы ықылас бөлу.

Үшіншіден - алынған ақшаны я болмаса шағын несиені қолдана отырып табыс көлемін ұлғайту үшін бизнестің бастамасы ретінде айқын бағыт-бағдар таңдау жөн. Яғни, қаражатты қалай және қайда жұмсайтыныңызды ескеру абзал. Сондай-ақ, бастағалы отырған істі экономикалық тұрғыдан жан-жақты сараптап, атқарылатын жұмыс көлемінің шығындары мен табысын есептеп қарастыру қажет. Мұның үстіне несие беруші ұйым бизнесті бағалау үшін сарапталған, есеп-қисабы келтірілген және құжат ретінде дайындалған жоспар талап етеді.

Төртіншіден - кәсіпкерліктің негізгі ерекшелігі - әр кәсіпкердің өз жеке ісінің болуы. Тауар өндіру немесе қызмет көрсету.

Бесіншіден - әр кәсіпкер өзінің атқарып жатқан істеріне өз мүлкімен жауапкер болатындығын ұмытпауы керек. Ойламаған жағдайлар мен күтпеген өзгерістер үлкен шығындар мен қатерлерге әкеліп соқтыруы мүмкін. Алынған несие мен басқа да қарыздар үшін кепілдікке берілген мүлік осы шығындардың өтелуіне жұмсалады. Сондықтан да кәсіпкер боламын деген тұлғаның жауапкершіліктің әлбетте бар екендігін, келеңсіз жағдайлар туындаған кезде мүліктік жауапкершіліктің пайда болатындығын ұғынып, сезінуі шарт [10] .

Кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін орталарды айта кетейік:

Экономикалық орта - сұраныс пен ұсыныстың болуы, жұмыс күшінің көп немесе жеткіліксіз болуы, қаражат айналымының шапшаңдығы, тұтыну нарығының шоғырлануы, т. б. жағдайлар кәсіпкерліктің дамуымен әсер етеді. Мысалы, белгілі бір жерде жұмыс күшінің аз болуы кәсіпорынды жұмыс күшін жалдау қабілеттілігіне ықпалын тигізеді.

Құқықтық орта - үкіметпен қабылданып жатқан заңнамалар мен басқа да нормативті құқықтық актілер кәсіпкерліктің кеңінен тарауына әсер етеді. Мысалы, мемлекет белгілі бір аймақта белгілі бір зат шығаруға тыйым салса, әлбетте ол затты өндіру қажет емес. Яғни, саяси не болмаса құқықтық факторлар кәсіпкерлікке міндетті түрде ықпал етеді.

Технологиялық орта - ғылым мен техниканың даму деңгейі, жаңа технологиялардың пайда болуы мен өндірістің автоматтандырылуы технологиялық ортаны сипаттайды.

Физикалық немесе географиялық орта - климат пен табиғи орта кәсіпорындарының жағрафиялық орналасуына тікелей әсер етеді.

Ұйымдастырмалы - техникалық орта - бұл орта бизнестің инфрақұрылымын сипаттайды. Банктердің, құқықтық, бухгалтерлік фирмалардың, жарнама агенттіктері мен тасымалдау, сақтандыру ұйымдарының болуы кәсіпкерліктің дамуына екпін береді.

Сонымен, кәсіпкерлік - жаңа қызмет немесе экономикалық қызметтің басқа түрлерін құруға бағытталған табыс алу мүмкіндігімен ынталандырылған адамдардың бастамашылық, ұйымдастырушылық- шаруашылық қызмет түрі.

Жалпы алғанда, елімізде қазір қалыптасқан нормативтік- құқықтық жүйесінде экономиканың қандай да бір саласында кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілерді және кәсіпкер болсын, басқа да ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы кәсіпорын болсын кәсіпкерлікке жатқызады. Сондықтан, отандық теория мен тәжірибесінде «бизнес» және «кәсіпкерлік» түсініктері өзара алмасып қатар қызмет етіп келеді.

Сонымен, кәсіпкерліктің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.

Ірі кәсіпкерлік-нарыққа негізгі өнім шығарушылар боп табылады. Ірі кәсіпорындар-экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі [11] .

Шағын және орта кәсіпорындар үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикізатты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нөлдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру, өнімнің жаңа түрін өндіру. Шағын кәсіпорындар іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындаған.

Шағын кәсіпкерлік - бұл жан-жақты және күрделі экономикалық құбылыс. Қазіргі заманғы экономикалық әдебиеттерде шағын кәсіпкерліктің түрлі тұжырымдамалары берілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жайлы
Ұсақ бизнесті ұйымдастыру жолдары
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
«Шағын және орта бизнес қызметінің аудиті.»
Муниципалдық менеджмент
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес менеджментін дамыту тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz