Пьер де Кубертен



Кіріспе 2
1. Пьер де Кубертеннің өмірбаяны 3
2. Ертедегі олимпиада. Пьер де Кубертеннің қосқан үлесі 6
3. Бес шығыршық қалай пайда болды? 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Олимпия ойындары – жер жүзіндегі жа¬рыстардың жарысы, төресі болып саналады. Қазіргі кезде күллі адамзат қауымы әлі Олимпиададан артық, Олимпиададан қызығы¬рақ жарыс ойлап тапқан жоқ. Өйткені, осы төрт жылда бір келетін байрақты дода бүгінгі күні бүкіл дүние жүзін біріктіретін, бүкіл халық¬тың арманын бір жерге то¬ғыс¬тыратын жарыс болып табылады.
Бұл ойындарға құрлықтық жарыстардан іріктеуден өтіп, жолдама алған елдердің спорт¬шылары қатысады. Сол себепті онда бір ай бойы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшылар ғана күш сынасатын болады. Жалпы, Олимпиада күні кеше ғана пайда болған жоқ. Бұл жарыстың тарихына қарасаңыз, оның іргетасы француз Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша алғаш рет Афинада өткен ойындарда емес, одан ертерек, б.з.б. 776 жылда қаланғанын көруге болады. Иә, сол кезде ол алғаш рет Зевс құдайының құрметіне Олимпия қаласында өткізілді. Дегенмен, осы күнге дейін оның нақты пайда болу мерзімі туралы ешбір жерде ешқандай мәлімет жоқ.
1. «Спорт психологиясы» А.М.Ким, Қасымжанова А.Т.

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Пьер де Кубертеннің өмірбаяны 3
2. Ертедегі олимпиада. Пьер де Кубертеннің қосқан үлесі 6
3. Бес шығыршық қалай пайда болды? 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе

Олимпия ойындары - жер жүзіндегі жа - рыстардың жарысы, төресі болып саналады. Қазіргі кезде күллі адамзат қауымы әлі Олимпиададан артық, Олимпиададан қызығы - рақ жарыс ойлап тапқан жоқ. Өйткені, осы төрт жылда бір келетін байрақты дода бүгінгі күні бүкіл дүние жүзін біріктіретін, бүкіл халық - тың арманын бір жерге то - ғыс - тыратын жарыс болып табылады.
Бұл ойындарға құрлықтық жарыстардан іріктеуден өтіп, жолдама алған елдердің спорт - шылары қатысады. Сол себепті онда бір ай бойы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан спортшылар ғана күш сынасатын болады. Жалпы, Олимпиада күні кеше ғана пайда болған жоқ. Бұл жарыстың тарихына қарасаңыз, оның іргетасы француз Пьер де Кубертеннің ұсынысы бойынша алғаш рет Афинада өткен ойындарда емес, одан ертерек, б.з.б. 776 жылда қаланғанын көруге болады. Иә, сол кезде ол алғаш рет Зевс құдайының құрметіне Олимпия қаласында өткізілді. Дегенмен, осы күнге дейін оның нақты пайда болу мерзімі туралы ешбір жерде ешқандай мәлімет жоқ.

1. Пьер де Кубертеннің өмірбаяны

Пьер де Кубертен (1863-1937) ол дарынды, қуатты, қызығушылығы мол болған. Оның өмірі Олимпиада ойындарымен байланысты.
Пьер де Кубертен 1863жылы 1 қаңтарда Парижде аристократтық отбасында дүниеге келді. Оның әкесі Шарль Луи де Кубертен, белгілі суретші болған, оның еңбектері Париждің салондарында қойылған. Пьердің анасы Агата - Габриэль де Мирвилль атақты Нормандия отбасынан. Пьер отбасында төртінші бала. Одан басқа үш қыз болған. Отбасы мүшелері оны алғашында иезуиттік мектепке берген. Мектепте Пьер оқушылар арасында ең жақсы оқушы, мектептің элиталық академиясының офицері болған.
Мектепті бітірген соң басқа елдерден басқа білімнің әдістемелерін зерттеуге бел буді. Барлық жолдың ішінен аристократ баласына: политик, әскери карьераны құру мүмкіндігі болды, бірақ ол ғылым жолын таңдады.
Пьер де Кубертеннің Англияға баруы оған қатты әсер етті, ол кезде Пьер 20 жаста еді. Сол кезде Кубертенге Великобританиядағы беделді Рагби мектебі оның көзқарасын өзгертті.
Колледжді жақсы аяқтап, Пьер Парижде Сорбонна университетіне оқуға түседі. Бұл оқу орны Европа бойынша ең ескі, әрі ең мықты болған. Ол оқуды жақсы аяқтады, сонымен қатар талмай еңбектенді. Оған оқумен қатар еңбек ету де қызықты болған. Ол көптеген ғылымдармен айналысты. Солардың ішінен ең маңыздылары - тарих, педагогика, философия, политика.
Алғашында Пьер педагогикаға маңызды етіп көреді, ал тарих, философия, политика тек көмек ретінде қарайды. Бірақ көп ұзамай Кубертен тарихқа көңіл бөле бастайды, оның ішінде тарих, мәдениет ежелгі Эллада әдебиетіне мән қояды. Педагогиканы оқу барысында Пьер жаңа қырынан ашылады, ол: дене педагогикасы, физикалық тәрбиелеу, спорт. Пьердің айтуы бойынша бұлар адамның рухани қажеттілігі деп санаған.
19 жастағы Пьер достарымен бірге спорттық клуб құрады. Бұнда футболмен, есу және семсерлесумен айналысты. Кубертен әр елдің физикалық тәрбиелеудің жүйесін зерттеген, сол себепті ол әлемдік Олимпиадалық спорт ойындарын ойлап тапты. Кубертен халықаралық спорттық жарыстарды өткізу туралы көп ойланды.1892 жылы 25 қарашада Сорбонна қаласында, белгілі Париждік университетте Кубертен олимпиадалық ойындарының жандануы туралы жоба ұсынды, жоба тақырыбы Олимпиаданың жандануы. 1894жылы 23 маусымда Кубертен табысқа жетті. Сорбоннадағы конгрессте тарихи шешім қабылданды: спорттық тұрғыдан қарағанда да, Олимпиадалық ойындардың жандануына ешқандай артықшылықтарға күмән келтірмейді, сондықтан қазіргі заман талабына сай олимпиадалық ойындардың жандандыруға рұқсат етілді.
1912 жылғы Стокгольмде өткен ойындарға Пьер де Кубертен жаңа спорттық дисциплинаны ойлап тапты, ол - қазіргі заманғы бессайыс.
1912-1948 жылдар аралығында Пьер де Кубертеннің бастамасымен Олимпиадалық ойындар құрамына өнер конкурстары қосылды. 1912 жылы өткен V Олимпиадалық ойындарда өнер конкурсы бойынша Пьер де Кубертен Өлең спорты (Оду спорта) наминациясы бойынша алтын медальға ие болды.
1916 жылы Бірінші дүниежүзілік соғысында Пьер де Кубертен мундира киіп, Француз әскеріне қосылып, фронтқа аттанды. Бұл жағдайда Халықаралық олимпиадалық комитетті басқарудан бас тартып, Швейцарияның өкілі Годфруа де Блонеге тапсырылды. Кубертен Соғыс аяқталғаннан кейін Кубертен 1919 жылы Халықаралық олимпиадалық комитетті басқарды. Бірақ 1924 жылғы Париждегі өткен Олимпиадалық ойындардан кейін, Кубертен Халықаралық олимпиадалық комитеттен түсіп, оның орнына жаңа комитет бастығы Бельгия елшісі Анри де Байе-Латур.
Пьер де Кубертен Халықаралық олимпиадалық комитеттің өмір бойғы белгілі президенті болып қала берді. 1927 жылы Женевада қайтыс болды, бұл қалада Кубертеннің Халықаралық олимпиадалық комитеттің штаб-пәтері орналасқан.
Пьер де Кубертен 1895 жылы Мари Ротанға үйленеді. Оның бірінші баласы Жак ақыл - ой кемістігі бар бала болған, ал қызы Рене нервтік бұзылуы аурына шалдықты. Кубертеннің балаларынан ұрпақ қалмады. Кубертенге жақын болған екі жиендері соғыс уақытында қайтыс болды. Кубертеннің жұбайы 1963 жылы 101 жасында қайтыс болады.
Пьер де Кубертен бірнеше рет сынға ұшырады. Оны Олимпиадалық ойындардың дұрыс емес тактикасы үшін айыптады. Кубертеннің Олимпиады әлемді сақтап қалады деген пікірі де сынға ұшырады. Сонымен қатар зерттеушілердің ойынша, әр түрлі олимпиадалық сұрақтарды шешуде өз рөлін әлсіретті.
Олимпиадалық ойындар барысында Пьер де Кубертенге Халықаралық олимпиадалық комитетке Fair Play жаңарулар мен сенімділігі үшін табысталды. Бұл номинация олимпиадалық алтын медальдан гөрі, көптеген спортшылар мен көрермендерге маңызды болды. Пьер де Кубертен, балаларға арналған халықаралық байқаулардың ұйымдастырушы спорт клубтарының негізін қалаушы болды. Қазірдің өзінде бір ғана атауы, ол әлемдік спорт мәңгі қалады керек еді. Алайда, ең бастысы, негізгі спорттық жеңістері Кубертен алда болды!
Қолғал, үйрен және аш - Олимпиада Күнінің үш негізі.
Қозғал
Бұл тұжырымдама адамдарды Олимпиада Күнінде аса белсенді болуға ынталандырады. Қозғал түсінігі барлық жастағы және мүмкіндіктегі адамдар үшін физикалық белсенділіктің барлық түрлеріне қатысты.
Үйрен
Үйрен тұжырымдамасы қоғамдағы спорт рөлі және Олимпиада қозғалысының құндылықтары туралы айтуға көмектеседі. Олимпиада чемпиондарымен және спорт кумирларымен кездесулер жоспарланған, олардың жетістіктерінің тарихы жас қатысушыларды спортпен айналысуға шабыттандыруға көмектеседі.
Аш
Қазақстанның ҰОК-мен бірге Олимпиада Күнінің қатысушылары өздеріне жаңа спорт түрлерін ашып, жан мен тән үндестігіне кенеліп, жаңа ғана жақсы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
Бүгін әлемнің 200-ден астам Ұлттық Олимпиада Комитеттері жыл сайын Олимпиада Күнін өткізеді. Бұл іс-шараның мақсаты - салауатты өмір салтын дәріптеу, достық, спорт шеберлігі және құрмет сияқты олимпиада құндылықтарын көрсету мүмкіндігі.

Олимпиада Күнін өткізу дәстүрінің тарихы үлкен. Бұл оқиға Пьер де Кубертен және оның серіктестері Олимпиада Ойынын жандандырған және Халықаралық Олимпиада Комитетін (ХОК) құрған кезге 1984 жылғы 23 маусым күніне орайластырылды. Алғашқы Бүкіләлемдік Олимпиада Күні 1948 жылы 23 маусымда атап өтілді. Оған 9 елдің Ұлттық Олимпиада Комитеттері қатысты. Бастапқыда бұл іс-шараның негізі марафон болған. Кейіннен ХОК бұл оқиғаның ауқымын кеңейтіп, Олимпиада Күнін бір апта ағымында тойлай бастады. Сонымен қатар Олимпиада Күнінің бағдарламасы өзгерді.



2. Ертедегі олимпиада. Пьер де Кубертеннің қосқан үлесі

Олимпиялық ойындардың қашан және қалай шыққандығы жөнінде халық аузында сан-қилы қауесеттер болғанымен, осы сұраққа тұжырымды жауап беретін ғылыми деректер әлі күнге дейін жоқ. Олимпиялық ойындардың нақыт уақытын көрсететін деректі көне дүниеден қазіргі заманғы мұра болып қалған жазба ескерткіштерден де ұшырастырмадық. Ертедегі адамдардың Олимпия түбінен табылған қора жайының, ыдыс - аяқтарының, құрал - жабдықтарыны мен түрлі әшекей заттарының қалдықтарына қарап, біздің дәуірімізге дейінгі мың жылдың алғашқы жартысында осы араны адам мекендегені жайлы болжам жасауға болады. Сол қалдықтарға қарағанда Олимпияға гректер келгенге дейін жергілікті тұрғындар діни мейрамдар мен спорттық жарыстар, оның ішінде қыздардың жаяу жарысын өткізіп тұрған сияқты. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі IX-VIII ғасырдың шамасы. Ертедегі олимпиялық ойындарды негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде, 15-ші Олимпиадаға дейін (б.д.д. 776-726 спорттық мерекелер жергілікті сипаттан асып кете алмайды, оларға Батыс Пеоннестің тұрғындары ғана қатысты. Келесі кезеңде 15-20 Олимпиада спарталық кезеңдерді атауға болады, өйткені мұнда әскери дайындығы жоғары дәрежеге жеткізілген қуатты Спарта мемлекеті олимпиялық ойындарда басты роль атқарады. Ақыры б.д.д 146 жылы, Греция өзінің тәуелсіздігінен айырылғаннан кейін, ойынның маңызы төмендеп, шағын жарыстың дәрежесіне түседі. Осы мезгілден бастап XIX ғ. аяғына дейін екі мың жылдан астам уақыт бойы олимпиялық ойындар өткізілмеді.
XIXғ. ІІ жартысында спорттың жаңа түрлері пайда болып, олар жұртшылық арасына кеңінен тарала бастады. Әр түрлі ұлттық клубтар, халықаралық спорт ұйымдары құрылды. Мысалы, 1881 жылы Европаның гимнастика одағы ұйымдастырылды. Осының бәрі спорттың көпшілік тұрін қамтитын халықаралық ұйым құруды, олимпиялық ойындарды қайта қолға алуды талап етті. Бұл мақсатты жүзеге асыру жолында француз педагогі барон Пьер де Кубертен үлкен еңбек сіңірді. Сол Кубертеннің бастамасы бойынша 1894жылы 16-24 июньде Париж қаласында халықаралық спорт конгресі өткізілді. Оған 34 елдің спорт ұйымдарының өкілдері қатысты. Конгресте олимпиялық ойындарды қайтадан жаңарту және 1 олимпиаданы 1896 жылы Грецияда өткізу жөнінде шешім қабылданып, Халықаралық олимпиялық комитет (МОК) құрылды. Халықаралық олимпиялық комитет құрамына 12 елдің (Россия, Франция, Венгрия, Чехия, Англия, Греция, Швеция, Бельгия, Италия, Жаңа Зеландия, АҚШ және Аргентина) өкілдері енгізілді. Грецияның өкілі Деметриус Викелас тұғыш президент, ал Пьер де Кубертен 1896жылдан 1925 жылға дейін МОК-тің президенті міндетін атқарды.
Пьер де Кубертен: Немістер Олимпиада ойындары туралы деректерді тірілтті. Ал біздер, француздар, Олимпиада ойындарының өзін тірілтуге тиіспіз, -- деген ұран көтерді. Ол ежелгі гректердің мықтылығы спорт арқылы талмай шыңдалудан болған деген тұжырымды алға тартты. Көпшілікке: Ал 1812 жылғы соғыста француздар неліктен жеңіліс тапты? -- деген сауал тастай отырып, Пьер де Кубертен мұның жауабын спортты, қозғалысты мүлде ұмытумен байланыстырды. Сонда көпшілікті спортқа жетелеудің жолы қайсы? Ол -- Олимпиадалық ойындарды қайта жаңғырту.... Барон Пьер де Кубертеннің бұл пікірін қолдаушылар аз болған жоқ. Сөйтіп, 1894 жылы Сорбоннадағы Париж университетінде өткен халықаралық конгрессте Халықаралық Олимпиада комитеті құрылған болатын. Бұл жиынға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олимпиада ойындары
Олимпиада алауы
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі
Жарыс қортындысывда
Дүниені дүбірлеткен түркілердIң дене тәрбиесі
Спорт жабдықтарында орындалатын гимнастика жаттығулары
КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
Спорттық этика ғылым ретінде
Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Пәндер