Қостанай облысының әлеуметтік – экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары


Егин шаруашылыгын реттеу, жумыспен камту, экология маселеси
РАПС ЗАУЫТЫ АШЫЛДЫ
Қостанай қаласында рапс зауыты іске қосылды. Облыстағы белгілі кәсіпкерлердің бірі, “Содружество” өндірістік-сауда кешенінің директоры Юрий Пак “Мен ауыл шаруашылығына бизнес деп қараймын” деген еді. Кәсіпкер бекер айтпаған екен. Дүние жүзінде рапсқа сұраныстың артып отырғанын зерделеген кәсіпкер 2005 жылы рапсты егу мен оны өңдейтін зауыттың құрылысын қамтитын жобаны іске асыруды бастады. Зауыт сүзілмеген сұйық май және құрамында белок мол болғандықтан құнарлы мал азығы саналатын күнжара өндіреді. Қазір бұл кәсіпорын қостанайлықтарға 58 жұмыс орнын ұсынды.
Зауытқа немістің “Тиссен Крупп” компаниясының жабдығы орнатылды, онда жылына 36 мың тонна рапс тұқымы өңделеді, сонымен қатар 20 мың тонна тұқымды кептіріп сақтай алады. Бүгін 9, 1 миллион АҚШ долларына бағаланған жобаның 1 миллион 40 теңгесі игерілді. Бұл жобаның бірінші кезеңінде ғана біткен шаруа. Екінші кезеңдегі жұмыстар 2010 жылға дейін атқарылады. Мамандардың айтуынша, жоба кеткен шығынды бес жарым жылда толық ақтайтын болады.
Облыс диқандары бүгінде рапс егуді қолға ала бастады. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында рапс егетін кәсіпкерлердің қауымдастығы құрылған. Қазір Қостанай облысында ғана 76 мың гектарға рапс егілді. Жобаның екінші кезеңінде зауыттың рапс өңдейтін қуаты арта түсетін болады. Зауыт құрылысы толық біткен кезде мұнда 80 мың тоннаға дейін майлы дақылдың дәні кептіріліп, сақталады.
Қазір зауыт өндірген сұйық май Ақтөбе қаласына жіберілуде. Ол онда әрі қарай өңделетін болады. Алдағы уақытта рапс майы Қазақстанмен қатар Еуропалық одақ елдеріне биоотын және азықтық мақсат үшін шикізат ретінде шығарылады. Қостанай облысының ауыл шаруашылығындағы кәсіпкерліктің қадамы осындай.
Қостанай облыстық аслихатының 2008 жылғы
№ шешіміне
1 - қосымша
Қостанай облысының әлеуметтік - экономикалық дамуының 2009-2011 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Мазмұны
- Құрылыс
- 5 - шара. Сыртқы экономикалық қызмет
- 6 - шара. Құрылыс индустриясын салу және дамыту
- 7 - шара. Техникалық реттеу және метрологияны дамыту
Кіріспе
Қостанай облысының 2009-2011 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары (бұдан бұлай -Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленген.
Жоспар ішкі және сыртқы факторларға қарай 2009-2011 жылдарға арналған экономиканың даму қарқынын негіздейді, экономиканың жеке және мемлекеттік секторын дамытуға және облыс халқының әл-ауқаттылығын өсіруге қолайлы жағдай жасау жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекетін, Қазақстан Республикасының және облыстың стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес жоспарланатын мерзімге арналған мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыру жөніндегі шараларды анықтайды.
Жоспар әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларынан, маңызды көрсеткіштер болжамынан, қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламалар тізбесінен, басымды жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардан тұрады.
- 2006-2008 жылдарда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы мен беталыстарына талдау
1. 1. Жалпы экономикалық жағдай
1. 1. 1. Қаржылық қызмет көрсету саласын дамыту
Бюджеттік кредит беру. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында үй құрылысын дамыту Мемлекеттік бағдарламасы бойынша үй салуға ипотека несиелеу жүйесі бойынша республикалық бюджеттен 740 млн. теңге, оның ішінде; 2006 жылы - 370 млн. теңге, 2007 жылы - 370 млн. теңге бөлінді.
Сол сияқты, 2006 жылы облыстық бюджеттен 395, 4 млн. теңгеге қайта кредит беру жүргізілді.
2008 жылдың 1 қаңтарында облыстық бюджеттен берілген кредит бойынша берешек 1612 млн. теңгені құрады, оның ішінде үй құрылысына - 740 млн. теңге бөлінді.
2008 жылды бағалау. Ағымды жылы кредиттік шарт және келісім бойынша кредитті және қарызды өтеу қарастырылмады.
2008 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстық бюджеттен және қала және аудан бюджетінен берілген кредит бойынша берешек 1393, 1 млн. теңгені құрады, оның ішінде үй құрылысына - 1176 млн. теңге, кіші кәсіпкерлікке кредит беру бойынша - 217, 1 млн. теңге.
2008 жылы 2008-2010 жылдарға арналған Тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасын орындау шеңберінде облыстың жергілікті атқару органына республикалық бюджеттен «100 мектеп және 100 аурухана» жобасы бойынша үй құрылысына 436 млн теңге сомасында қаражат алу жүзеге асырылды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне шағын кредит беру . 2006-2007 жылдары облыста "Ауыл халқына шағын кредит беру" бағдарламасы бойынша 1592 қарыз алушыға 187, 5 млн. теңге сомасына кредит берілді. Жаңа жұмыс орындары құрылды.
Облыста шағын және орта бизнесті дамыту үшін халыққа кредит беруді жүзеге асыратын 15 ауылдық кредиттік серіктестік жұмыс істейді.
2008 жылды бағалау. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолы жететін кредит қаражатымен қамтуды ұлғайту мақсатында Амангелді ауданында ауылдық кредиттік серіктестік ашуды ұйымдастыру іс-шаралары жүргізілді. 48, 9 млн. теңге сомасына 15 кредит берілді.
2008 жылы шағын кредит беруге 83 млн. теңге жұмсалды, оның ішінде 81 пайызы мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жіберіліп отыр.
Экономиканы банк арқылы кредиттеу. Облыста банк жүйесіне екінші деңгейдегі банктердің 16 филиалы кіреді.
Сырттан қарыз алудың азаюына, дүниежүзілік қаржы рыногында ставканың өсуіне байланысты экономиканы кредиттеудің төмендегені байқалады. 2008 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша экономикаға банктің кредит беруі бойынша жалпы қарыз көлемі 2008 жылғы 1 қаңтардағы деректермен салыстырғанда 7, 3 пайызға кеміді және 143 млрд. теңгені құрады, орташа өлшемді сыйақы ставкасымен 16, 2 пайызды құрады. Шетел валютасымен берілген кредит бойынша орташа өлшемді ставка 2007 жылы желтоқсанда 16, 6 пайыздан 2008 жылы шілдеде 16, 5 пайызға азайды, ұлттық валютада берілген кредит бойынша 17, 2 пайыздан 17, 4 пайызға өскен.
2007 жылы екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпкерлік субьектілерін дамытуға 75 млрд. теңге кредит берді, немесе барлық берілген кредит көлемінің 41, 9 пайызын құрады. 2006 жылмен салыстырғанда шағын кәсіпкерліке кредит беру 1, 5 есеге, немесе 24, 3 млрд. теңгеге өсті.
Берілген кредиттің мейлінше көбірек үлес салмағы саудаға - 51, 9 пайыздан келеді, ауыл шаруашылықтағы үлесі 18, 3 пайызды, өнеркәсіпте - 14, 7 пайызды құрады.
2007 жылы шағын кәсіпкерлік субьектілеріне берілген кредит бойынша орташа өлшемді пайыздық ставка 14, 9 пайыз деңгейінде құралды, бұл 2006 жылмен салыстырғанда 0, 1 пайыздық пунктке аз.
2007 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік филиалы 652, 5 млн. теңге сомасына 68 жобаны қаржыландырды.
2007 жылдың қазанынан «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ жобаларды тікелей қаржыландыруды тоқтатты.
2008 жылды бағалау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 6 қараша №1039 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша бірінші кезектегі жұмыстың жоспарын іске асыру үшін Қостанай облысы кіші және орта кәсіпкерлік субъектісіне кредит беру үшін «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жергілікті бюджеттен 400 млн. теңге бөлінді, кредиттік шарт 200 млн. теңге бекітілді. «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ кіші кәсіпкерлік жобасын қосымша 200 млн. теңге сомасына қаржыландырды.
Осы қаржы қаражаттары ауылшарушылығы өнімін қайта өндіру, азық-түлік өндірісі, өнеркәсіп өндірісі, тігін және тоқыма бұйымдарын өндіру, қызмет саласын дамыту сияқты басымдық салаларында шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын кредиттеуге бағытталады.
1. 1. 2. Инвестициялық сала
2007 жылы негізгі капиталға инвестициялар 96, 4 млрд. теңгені немесе 2006 жылға қарағанда 142 пайызды құрады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 8, 8 млрд. теңге игерілді, ол 2006 жылға қарағанда 89, 2 пайызды құрады.
Республикалық бюджет қаражаты Жангелдин ауданындағы Албарбөгет суармалау жүйесін жаңартуға, Қостанай қаласында облыстық сот ғимараты жапсаржайының құрылысына, «Астана-Қостанай-Челябі» автомобиль жолын қайта жаңарту жобалық-ізденіс жұмыстарына және т. б. бағытталды.
Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге нысаналы трансферттер Жангелді ауданында, Арқалық және Қостанай қаласында мемлекеттік тілде оқытатын төрт орта мектеп салуға, Қостанай ауданының Затобол кентінде 100 төсек орынға арналған туберкулез ауруханасы, Жанкелдин ауданының Збан селосын ауыз сумен қамтамасыз етуге, облыс орталығында ипотекалық тұрғын үй, Қостанай және Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында инженерлік-коммуникациялық желілерін салуға бағытталды. Сол сияқты республикалық трансферттер Қостанай қаласында 24 а бастауыш мектебін, Қостанай қаласында облыстық балалар ауруханасын, Құмкешу селосында 200 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектепте орналасқан балабақша ғимаратын және Амангелді ауданының Амангелді селосында 140 орынға арналған балабақшаны, Арқалық қаласындағы өңірлік аурухананы, Рудный қаласындағы психоневрологиялық интернаттағы қалалық аурухана ғимаратын, 4 жергілікті маңызы бар жолдарды, Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарында Ащы-Тасты магистралды су тартқышты және Есіл топтық су құбырын, облыстың 6 ауданында және Арқалық қаласында 8 сумен жабдықтау объектілерін қайта жаңартуға пайдаланылды.
2007 жылы жергілікті бюджеттен 2, 1 млрд. теңге сомасында инвестициялар бағытталды, ол 2006 жылғымен салыстырғанда 1, 6 есеге артық.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен газбен қамтамасыз ету, шахталық құдықтар салу, сумен қамтамасыз ету, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету, су құбырларын, канализациялық және электр желілерін, Арқалық және Рудный қалаларында «бір терезе» принципі бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына қарайтын ғимараттарды қайта жаңарту бойынша жобалар іске асырылды.
Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен Лисаков қаласында спорт кешені мен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйдің инженерлік коммуникацияларын, Рудный қаласындағы Топорков көшесін, Қостанай ауданының Жамбыл ауылында және Денисов ауданының Денисовка ауылында сумен қамтамасыз ету жүйесін, Әулиекөл ауданында Москалев су тартқышын, Ащы-Тасты бөгенінің су қашыртқысын, Қостанай қаласында 2 көтерілімнен дизел зауытына дейін су құбырлары магистралды желілерін салуға қаражаттар бағытталды. Транспорттық инфрақұрылым, электрмен, жылумен, сумен қамтамасыз ету, канализация, спорт және т. б. объектілері жөнінде жобалық-ізденіс жұмыстары жүзеге асырылды.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаражаттық салымдары 73, 5 млрд. теңгені құрады. Инвестициялардың ең көп салымы өнеркәсіпке - 53, 3 млрд. теңге, оның ішінде тау-кен өндірісіне - 40, 2 млрд. теңге, өңдейтін өнеркәсіпке - 10 млрд. теңге, электр қуатын, газ бен суды өндіруге және таратуға - 3, 1 млрд. теңге жүзеге асырылды. Жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтерді көрсетуге - 10, 7 млрд. теңге бағытталған. Көлік және байланыс кәсіпорындарында 10, 1 млрд. теңге игерілді. Ауыл шаруашылығын дамытуға - 9, 8 млрд. теңге, саудаға - 4, 8 млрд. теңге жұмсалды.
Шетелдік инвестициялардың көлемі 11, 9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тау кен өнеркәсібіне 11, 1 млрд. теңге, жылжымайтын мүлікпен операцияларға, жалдау мен қызметтер көрсетуге - 0, 8 млрд. теңге және т. б. қаржы бағытталған.
Негізгі салымдар (11, 3 млрд. теңге) «Варваринское» АҚ алтын мыс кен орнын игеру жөніндегі тау кен өндіру және қайта өңдеу кешенін салуға жүзеге асырылды. «Энергоресурсы» ЖШС Әулиекөл ауданындағы Новонежен алаңында көмір сутегілік шикізатты барлау үшін 583, 6 млн. теңге игерілді.
Машиналарды, құрал-жабдықтарды сатып алуға 49, 7 млрд. теңге жұмсалды, ол инвестициялар жалпы көлемінің 51, 5% құрады.
2008 жылы негізгі капиталға 101, 4 млрд. теңге сомасында инвестициялардың салымы күтілуде немесе 2007 жылдың 105, 2%.
Республикалық бюджеттің инвестицияларын игеру 9 млрд. теңгені құрады. Жітіқара ауданының Желқуар бөгені бөгетінің су қашыртқы каналының қайта жаңартылуына, облыстық орталықта жасанды ұшып-қону жолағының және «Қостанай» әуеайлағы әуежайының қайта жаңартылуы жөніндегі жобалық-ізденіс жұмыстарын орындауға және «Қостанай қаласын айналып өту» («Астана - Қостанай - Челябинск»авто жолының телімі) жобасына қаржы бөлінген.
Республикалық бюджеттен дамытуға және кредит беруге арналған нысаналы трансферттер Рудный қаласында, Жанкелдин, Қамысты және Қостанай ауданында 4 орта мектебі, білім беру объектісін, қан орталығы, көп профильді аурухана, қалалық емхана, 2 балабақшасы және Қостанай қаласында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, Рудный қаласында балалар ауруханасы және қалалық емхананың құрылысы бастауға бағытталады. Облыстың ауылдық елді мекендерінде сумен қамтамасыз етудің 12 объектісін және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 5 ауданында жалдамалы тұрғын үй құрылысын салу және қайта жаңарту белгіленді. Ағымдағы жылы жергілікті маңыздағы 4 автомобиль жолын қайта жаңарту және Қостанай, Рудный қалаларында және облыстың 9 ауданында ипотекалық тұрғын үй мен инженерлік-коммуникациялық желілерілерінің құрылысы жалғастырылады.
Жанкелдин ауданының Ақкөл және Милісай ауылдарында, Аманкелді ауданы Құмкешуде қазақ тілінде оқытатын 3 мектеп пайдалануға берілді, жылдың аяғына дейін Рудный қаласында 4 сумен қамтамасыз ету объектісін, психоневрологиялық интернатты пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялық жобаларды іске асыруға 5, 4 млрд. теңге қарастырылады.
Қаражаттар білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, көлік инфрақұрылымы, сумен, электр күшімен, жылумен қамтамасыз ету объектілерін, канализацияны, тұрғын үй және тұрғын үй инфрақұрылымын, мәдениет, спорт, экология объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталады.
2008 жылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың инвестицияларды салу басымдығы сақталады. Тиісінше тау-кен өндіру және қайта өңдеу өнеркәсібінде тиісінше 29, 9 және 8, 1 млрд. теңге сомасында инвестицияларды игеру күтіледі. Ауыл, орман және аңшылық шаруашылығын дамытуға 19, 8 млрд. теңге, көлік және байланысқа - 5, 6 млрд. теңге, саудаға - 5, 3 млрд. теңге бөлу қарастырылуда. Тұрғындар жеке құрылысқа 4, 2 млрд теңген салуды қарастырады.
Шетелдік ивестициялар ағымдағы жылы 2, 2 млрд. теңгені құрайды, олардың ішінде 1, 1 млрд. теңге тау кен өндіру өнеркәсібіне, 0, 8 млрд. теңге жылжымайтын мүлік операцияларына салынады.
1. 1. 3. Коммуналдық мүлікті басқару
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беру облыстық және аудандық бюджетті қалыптастыру табыс көздерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдер бойынша деректер:
2008 жылдың
8 айында
Мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен табысты талдау мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдердің жыл сайын өсу серпіні бақыланады деп көрсетеді. 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы жалға беруден түскен табыс 5, 6 млн. теңгеге өсті. 2008 жылдың 8 айында 2007 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 5 млн. теңгеге өсті.
2007 жылғы мемлекеттік коммуналдық мүлікті жалға беруден түскен түсімдердің өсуі жалақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты.
2008 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қостанай облысында 1 539 мемлекеттік мекеме (бұдан әрі - ММ) тіркелді, соның ішінде 77-і жұмыс істемейтін ММ. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тіркелімінен жұмыс істемейтін ММ-ді шығарып тастау рәсімдерін ынтагерлікпен өзгерту барысында барлығы 238 ММ шығарылды, соның ішінде 2008 жылдың 8 айында 37 ММ таратылды және 3 ММ қолданысқа ауыстырылды.
Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік мекемелерге (мемлекеттік кәсіпорындарға) бекітілген пайдаланылатын мемлекеттік коммуналдық мүлікке жүргізілген түгендеу нәтижелері бойынша 2007 жылы 1 қаңтарда 19, 5 миллиард теңге құны бар 78 220 объекті есептелді.
2007 жылы 1-ші шілдеде мемлекеттік коммуналдық мүліктің тізбесінде 22, 7 миллиард теңге құны бар 82 233 объекті есептелді.
2007 жылдың аяғында және 2008 жылдың бағдарламалық өнімді енгізе отырып, мемлекеттік мүлікті есепке алу үрдісін автоматтандыру жөнінде жұмыс жүргізілді.
2008 жылы 1-ші шілдеде Қостанай облысының мемлекеттік коммуналдық мүлік тізбесінде құны 35, 4 миллиард теңге 147 575 объекті бар, оның:
тозған <50% - құны 29, 9 миллиард теңге 82 697 объекті;
тозған >50% құны 5, 5 миллиард теңге 64 878 объекті.
Сонымен, 2008 жылғы 1-ші шілдеде объект саны 2007 жылдың 1-ші шілдесімен салыстырғанда 65 342 объектіге, ал құны 12, 7 миллиард теңгеге өсті.
Сондай-ақ 2008 жылғы 1-ші қаңтарда жылжымайтын мүлік саны 6 026 объектіні құрайды, соның ішінде 1 899 объекті тіркелмеген (31, 5%), 2008 жылғы 1 шілдеде жылжымайтын мүлік - 6 448 объекті, соның ішіндегі 1 898 объектісі тіркелмеген (29, 4%) .
Қостанай облысында 2008 жылғы 18 қыркүйекте 361 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын бар: соның ішінде жедел басқару құқығына ие 263 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, соның жұмыс істемейтіндері - 27 МКҚК және шаруашылық жүргізу құқығына ие 98 мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын, соның жұмыс істемейтіндері - 15 МКК, сондай-ақ мемлекеттік акциялар пакетіне ие 3 акционерлік қоғам («Қостанай» Халықаралық әуежайы», «Комсомол «Құс фабрикасы», «Комсомол «Құс фабрикасы 2») .
2005 жылдан бастап 2008 жылғы 18 қыркүйекке дейін мемлекеттік кәсіпорындар санының серпіні бойынша деректер, мынадай:
2007 жылдың 8 айында 35 кәсіпорын, соның ішінде 21 МКК және 14 МКҚК таратылды.
2008 жылдың бірінші жарты жылдығында табысты 42 МКК және залалды 25 МКК жұмыс істеді, сонымен қатар, 2007 жылдың ұқсас кезеңінде табысты кәсіпорындар саны 34 және залалды 43 құрады, яғни табысты кәсіпорындар саны 8-ге өсті, ал залалды кәсіпорындардың саны 18-ге азайды. Өзінің негізгі үлесінде залалды кәсіпорындарға монополист - кәсіпорындары жататындығын айта кету керек. Осы ұйымдардың залалдылығының негізгі себебі олар көрсететін өзіндік құндылығын жаппайтын қызметтерге, жұмыстарға табиғи монополия саласын реттеуді жүзеге асыратын органдардың тарифтерді бекітуі болып табылады.
2006 жылдан бастап 2008 жылды қоса санағандағы кезеңде (8 ай) Қостанай облысында 138 мемлекеттік коммуналдық мүлік объектісі жекешелендірілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz