Халықаралық оқу туризмінің теориялық аспектілері


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Сіз бен біз керемет заманда - өзгерістер және армандардың орындалу уақытында өмір сүріп отырмыз! Бүгінде шетелде білім алу мүмкіндігіне әрбір оқушы, студент, сондай-ақ ересек адам ие болуда. Шетелде білім алудың жолдары сан-алуан түрлі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Бұл тек адамдардың өзіне қажет білімді алып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық қатынастар арқылы өзіне тәжірибе жинақтау. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім».

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары әлемдік нарықта қызмет көрсету саласының рөлі артып келе жатқандығы байқалады. Әлемдік қызмет көрсету нарығын мұқият жіктеп зерттеу мәселесінің маңыздылығы арта түсуде. Экономист ғалымдар жан-жақты дамып келе жатқан қызмет секторларын зерттеумен айналыса бастады. Сондықтан болар, қызметтің анықтамасы, оның түрлері сан алуан болып келеді, алайда оны басқарудың жетілген жүйесі жоқ. Сөз жоқ, ҒТП (ғылыми-техникалық прогресс) қызмет көрсету саласының дамуына үлкен ықпал жасады, жекелей алғанда, қызметтің жаңа түрлерінің пайда болуына, олардың атқарылу сапасының көтерілуіне әсер етті. Соңғы екі онжылдықта қызмет көрсету саласы әлемдік экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан секторы болып отыр.

Білім беру, туристік секторлардың қарқынды дамуы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының жарияланған мақсаттарға жақындау мен білім беру жүйесін үйлестіру мен Болон процесіне енуі, жоғарғы білімнің біртұтас еуропалық кеңістігінің жасалауы таңдалған тақырыптың өзекті екендігін көрсетеді, осыған байланысты, отандық оқу туризмінің теориялық қадамдарды ғылыми негіздеу ретінде экономикалық-әлеуметтік дамуының мынадай маңызды мәселелерін шешу қажеттілігі туындайды: саланың қалыптасуы, уақыттың перспективті кезеңінде олардың қызметінің экономикалық, әлеуметтік нәтижелеріне қажетті жетістіктерге бағытталған шаруашылық субъектілердің қызметінің тиімділігін арттыруы, тұтынушылардың таңдауын сараптаудың нәтижелерін алуы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы оқу туризмінің қазіргі жағдайы және даму болашағын анықтау.

Дипломдық жұмыстың міндеті:

- оқу туризмі нарығының қызмет етуінің теориялық негіздерін анықтау және оқу туризмінің категорияларын зерттеу;

- саланың дамуына түрткі болатын негізгі күштер мен кедергілерді жасақтап, сараптау, олардың ерекшеліктері мен заманауи қоғамға, халықаралық қатынастар жүйесіне және халықаралық оқу туризмі нарығының дамуына әлеуметтік-экономикалық әсерін анықтау;

- осы саладағы көшбасшы нарықтар ретінде Қытай мен Ұлыбритания мысалында елдердің оқу туризмі нарығының салыстырмалы саратамасынын жүргізу;

- отандық оқу туризмінің ресурстық потенциалын және ағымдағы жағдайын сараптау;

- Қазақстан Республикасындағы оқу нарығын тиімді дамыту шараларының бағдарламаларын ұсыну.

Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасындағы оқу туризмі

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы оқу туризмінің даму жағдайы

Зерттеу тәсілдері жұмыс жүйелі қатынас қағидаларын, жіктеудің жалпы ғылыми әдістерін қолдануға негізделді. Құрал ретінде салыстырмалы-сараптамалық, эксперттік сараптама, бастапқы ақпаратты статистикалық тұрғыдан өңдеу әдістері қолданылды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін отандық және шетелдік ғалымдар мен практиктердің оқу туризмі нарығын қалыптастыру және дамыту, ұйымдастыру және басқару мәселелеріне, сондай-ақ, заманауи қоғамдағы білім беру мәселелеріне арналған фундаменталды еңбектері құрады.

Дипломдық жұмыстың практикалық мәні Қазақстандағы білім саласын реформалаудың тұжырымдамасын жасақтауда мемлекеттік басқару органдарының жұмысында практикада және оқу туризмінің нарығын қалыптастырудың үлгілері мен кеңестерін Қазақстандағы білім беру нарығындағы жағдайды болжау барысында білім беру саласын дамыту бағдарламаларын жасақтауда қолданыла алады.

Зерттеу қорытындыларының ғылыми жаңалығы мынада болып табылады:

- оқу саласындағы қызмет көрсету нарығының қалыптасуы бойынша теориялық мәселелер жалпыланды, «білім беру қызметі» ұғымының анықтамасына байланысты түрлі нұсқалар қарастырылды;

- оқу туризмін басқару тәжірибесі және Қытай мен Ұлыбританиядағы білім беру бағдармаларындағы үдерістерге сараптама жүргізілді;

- елдегі жоғарғы оқу орындарында білім берудің тиімділігін оқу туризмі арқылы арттыратын факторлар анықталып, сарапқа салынды;

- Қазақстан Республикасында оқу туризмін қалыптастыру және тиімді дамыту шараларының бағдарламасы жасақталды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспе, үш бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттердің тізімін қамтиды. 8 суреттен, 6 кестеден тұрады

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОҚУ ТУРИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1Оқу туризмі және оның халықаралық туризмі нарығының дамуындағы рөлі

Туризм қазіргі жаңа заманда ең басты қажеттіліктердің біріне айналды. Жыл сайын мемлекеттік шекараны кесіп өтетін туристердің саны млрд асып барады, ал барлық саяхаттаушылардың жалпы саны бес млрда-қа тең келеді.

Көп адамдардың пікірінше, туризм демалыспен тығыз байланысты және жаңа өмір көріністерімен, ойын-сауықпен байланысты. Әр адамның саяхаттауға деген құлшынысының бар болуы ол шарт, өйткені ол құлшыныс әр дайым жаңа нәрсені біліп, зерттеумен байланысты. Туризм бір жағынан сахаттаушыға өзінің жаңа нәрселерге деген қызығушылығын қанағаттандыру, жақсы көтеріңкі көңіл-күйде болуын, өзіне жағымды әсер қалдыру, жаңа қызықты мәліметтерді білумен халықты қызықтырады. Саяхаттың кез келген түрі жаңа дүниемен байланысты: Әлемді, айналамыздағы адамдарды тану, өмірлік тәжірибе жинақтау.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жас категория әрқашан «пайдалы демалдысты» және тәуелсіз демалғанды жөн көреді. Саяхаттаушылардың 85%-ы өздерін туристерміз деп санайды және өз саяхаттарында экскурсиялық маршруттармен жалғасатын қарапайым көңіл көтерумен шектелмей, көптеген жаңа дүниелермен танысу, сонымен қатар саяхат пен оқуды бірге алып жүруге немесе ағылшын тілін жетік меңгеруге талпынады. Бұл жастағы саяхаттаушыларың 57%-ы 20-25 жастағыларды құрайды.

«Туризм» ұғымына туристік қажеттілік және мотивация, туристердің өзін өзі ұстау ерекшеліктері, өз елінен тыс жерде болу, туризм сферасының қоршаған табиғи ортамен байланыста болуы және әлеуметтік-экономикалық ортамен, экономикалық ортамен, турист пен қызмет ұсынушының арасындағы байланыстың болуы кіреді. Әлемде Туристік саяхаттаудың классификациясын әр түрлі мақсаттарға байланысты жіктеуге болады. Әлемде саяхаттаудың 300 түрі бар, олар туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін және олардың талаптарына байланысты үнемі әртүрлілікпен толықтырылып отырады.

Саяхаттаудың мақсаты бойынша классификациясы (танымдық, емдік,

паломнический) . Танымдық туризмге жалпы түсініктеме беріп өтетін болсақ, «танымдық туризм» көп адамдардың пікірінше, ол жиі қолданылатын түсінік. Егерде турист саяхаттау кезінде ешқандай жаңа нәрселермен таныс болмаса, оны көз алдымызға елестету қиын. Өйткені саяхат туристердің жаңа танымы (қоршаған ортаның объектілері, табиғи және әлеуметтік процесстер, олардың нәтижелері) . Туризм ол танымдық процесстің бір ажырмас бөлігі болып табылады. Егерде саяхаттың басты мақсаты танымдық болса, сөзсіз танымдық туризм болады.

Көптеген әлеуетті туристер өзін жаңа мәліметтермен қамтамасыз еткісі келеді, әлемнің бірегей ескерткіштерімен таныс болғысы келеді. Бұл мақсаттағы сапарды тарихи-мәдени деп бөліп қарастырсақ болады. Мысалы, этникалық туризм, бұл туризмнің басты мақсаты рухани және материалдық мәдениетпен танысу барысында әсер алу, кез келген ұлттың салт-дәстүрлерімен таныс болу. Этникалық туризм, ол жинақтау яғни, өзіне керекті ақпараттарды

қабылдау және сараптама жүргізу. Ол мәдениетпен, орналасумен, салт-дәстүрлермен, дінмен байланысты болып келеді. Осыған байланысты, бірінші жағдайда рекреациялық- просветительский, ал екіншісі туризмнің ғылыми түрлері екені белгілі.

Туристік бизнестің мамандары танымдық мақсатта саяхаттау қажеттіліктері рекреациялық мақсатта сахаттаудан кейін екінші орында дейді. Саяхаттардың бұл түрлерін таңдау ол әр түрлі факторларға байланысты болып келеді (әлеуметтік жағдайы, туристің жасы және білім деңгейі, материалдық мүмкіндіктері және т. б) . Әр туристің өз қажеттіліктеріне байланысты, ол ерікті түрде таңдай алады. Ол белгілі бір жердің, ауданның, мемлекеттің табиғи көрнекіліктерін немесе мәдени орындарын тамашалай алады. Кейбір туристер әлемдік танымал иконаларға байланысты да таңдау жасай алады.

Әр адам танымдық туризмді жекеше қабылдайды, яғни ол әр түрлі факторларға байланысты: жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне, өмірлік тәжірибесіне, жанұясының болуы немесе болмауы, кіріс деңгейіне байланысты.

Танымдық туризмге өзіміз білетіндей оқу туризімі де кіреді. Әр түрлі мамандықтың ғалымдары сапарларды белгілі бір нысандарға немесе әр түрлі процесске байланысты жасайды. Оның зерттеу жұмыстарымен айналысады. Бұндай сапарлар белгілі бір ғалымның өз қаржысы есебінен немесе ғылыми ұйымның есебінен (қоғам, гранттар, ғылым дамуының демеушілік қолдауы және т. б) немесе туристің өз қаржысы есебінен, ғылыми мақсатта сапарға шығушы (мысалы, ғылыми мәліметтер жинағы, кітапханаларға бару, архивтер, маманнан кеңестер алу) [1]

Қазіргі кезде кең етек алған сапардың түрі туристер тобының әр түрлі іс-шараларға қатысуы болып табылады: конференциялар, симпозиумдар, съездтер, конгресстер, ғылыми кездесулер. Конгресстік туризм маусымдық ағымға байланысты емес. Конгресстік туризмнің бағдарламалары дәстүрлік туристің ұсыныстармен байланысты болып келеді. Бұндай туризмнің интенсивті дамуы халықаралық ұйымдар қатарының құрылуына түрткі болды. Бұл тек арнайы халықаралық іскерлік және ғылыми іс-шараларды өткізуге бағытталған. (Конгресстер ұйымдастырушыларының халықаралық бірлестігі) .

Оқу туризімін танымдық туризмнің бір бөлшегі деп қарастыруымызға болады. Ол ерте кездерден бастау алған және тарихи замандарда да өзінің бір ерекшелігі болған. Мынадай қорытынды жасауға болады, оқу туризмі әлемде бірінші пайда болған дүниелердің бірі, өйткені ежелгі саяхатшылардың мақсаты жаңа нәрселерді ашу, жаңа көзқарастарды қалыптастыру оларды зерттеу, жаңалық ашу. Осының барлығы оқу туризімімен байланысты екені дәлел болып отыр. Оқу туризімі ешқашан өзінің тізгінін жоғалтпайды, ол әр қашанда бүкіл әлемде талап етілетін туризмнің маңызды бір түрі болып қала береді.

Бұл туризмнің түрінің әдебиеттерде көптеген қарастырылулары бар:

- «Туризм энциклопедиясында» бұл туризмнің түрі «оқу мақсатындағы туристік сапар ретінде қарастырылады, өзінің жан жақты білуге деген құштарлығын және т. б қызығушылықтарын қанағаттандыру» [3] ;

- «танымдық турлар, тапсырманы орындау және аяқтау мақсатында, белгілі бір оқу орындарының арнайы бағдарламалары» (В. П. Соломин, В. Л. Погодина) [5] .

Британдық ғалым Брент Ричи өзінің «Оқу туризімінің басқарылуы» атты кітабында айтылмыш туризмнің түріне мынадай сипаттама берген болатын:«Оқу туризмі - ол экскурсанттарға және түнеуге қалатын, негізгі мақсаты білім және оқу болатын сапар». Брент Ричи оқу туризімін екі сегментке бөледі: «ең маңыздысы білім» (‘education first’) және «ең маңыздысы туризм» (‘tourism first’) . ‘education first’ сегментіне басты мақсаты білім және оқу болатын сапар. Оған мектеп экскурсиялары және тіл оқыту мектептерін, университеттерін жатқызады. ‘tourism first’ сегментіне ересектер категориясына арналған туризмді, экологиялық және танымдық туризмді жатқызады [3]

Заманауи білім жүйесі кемелділіктен, қоғамның шынайы қажеттіліктерінен тым алыс. В. С. Леднев заманауи туризмнің негізгі мәселелерін бөліп көрсетеді:

- Толықтай оқу жүйесінде оның әр түрлі құраушылары пропорционалды емес

- Білімге практикалық түрде бағытталу жеткілікті емес;

- Оқып жатқандардың жас мөлшері ескерілмейді.

Оқу сапарлары түрлі мақсаттарға байланысты жіктеледі. Олар: шет тілдерін оқумақсатында, арнайы пәндер/бағдарлмалар, белгілі бір мекемелерде,

бірлестіктерде, кәсіпорындарда ғылыми және оқтағылымдарынан өту, Семинарларға, конференцияларға, съездтерге, конгресстерге, мастер-класстарға, шығармашылық көрсетілімдерге қатысу (Сурет 1) .

Сурет 1. Оқу туризмінің негізгі бағыттары [8]

Қызмет көрсету нарығында белгілі бір мәселелерді туғызатын бұл үрдістерді тереңірек егжей-тегжейлі саралау қажет болып табылады.

Оқу турлары демалыс пен оқуды байланыстыратын туризмнің кең таралған түрі болып саналады. Ол төмендегі бағыттар бойынша кең таралады:

- Тіл оқыту

- Спорттық үйрету

- Кәсіби оқыту

Білім алу қажеттілігі ол әр адамның білімге деген құштарлығының оянуынан болатын үрдіс. Ол адамның еркінде. Білім алуға деген құштарлықтың күшейе түсуі ол жаңа сапалы білім алудың негізінде қалыптасады немесе кәсіби деңгейді жоғарылату мақсатында немесе қосымша білім алу мақсатында пайда болады. Оқу туризімінің негізгі тұтынушылары болып көбіне 16-дан 40 жасқа дейінгі ересектер есептеледі. Жастардың білім алуға деген ынтасы жасы үлкен категорияға қарағанда бірқатар ерекшеліктер байқалады.

Оқу қызметтері нарықта айналыста жүрген тауар секілді, оның да өзінің тұтынушылары бар. Ол да нарықта пайда болады және айналыста жүреді. Тауарларды сату-сатып алу үрдісі арқылы жүзеге асырылатын тауарлық-қаржылық байланысы бар сфера болып табылады.

Оқу қызметтерінің нарығы теқ оқуға байланысты қызметтерге сұраныстың пайда болуына байланысты арнайы билік ететін субъекттердің ықпалымен жүзеге асырылады (жеке тұлға, үй шаруашылығы, бірлестіктер, кәсіпорындар) және олардың оқуға байланысты ұсыныстары [6]

Екі жақтық келісім былайша жүзеге асырылады: оқу қызметін сатушы тұтынушымен оқу, үйрету қызметтерімен қамтамасыз етіп алған білімді дипломмен, куәлікпен, аттестатпен қорытындылайды.

Төменгі суретте көрсетілгендей қызмет сфералары: туризм, оқу туризмі, білім. Яғни үшеуінің тығыз байланыстылығы. Ал қызметтертуристік қызмет, туристік-оқу қызметі және оқу қызметі (Сурет 2) .

Қызмет

сферасы

Қызмет

құрылымы

ҚызметсферасыҚызметқұрылымы: Қызмет
:

Туристік-оқу

Туристік қызмет қызметі Оқу қызметі

ҚызметсферасыҚызметқұрылымы: Қызмет субъектілері
:

Турист Туризм Оқу тур. Білім алушы Оқы-

Ұйымдас- ұйымдас- тушы

тырушысы тырушысы

ҚызметсферасыҚызметқұрылымы: Мүмкін болатын қажеттілік
:

Рекреациялық Психофизикалық Оқу

Танымдық Эмоционалдық Жоба

Емдік Социалдық Ойындар

Интеллектуалдық Зерттеу жұмыстары

Креативтік Коммуникативті

ҚызметсферасыҚызметқұрылымы: Іске асу қызметінің формалары
:

Туристік саяхат Оқу туры (саяхат) класстық, класстық

емес

Жеке және

топтық Жеке және топтық Жеке және топтық

ҚызметсферасыҚызметқұрылымы: Қызмет нәтижесі
:

Туристердің

қажеттіліктерін

қанағаттандыру

Сурет 2. Интегративтік-қызметтік моделі түсінігі «Оқу туризмі» [9]

Оқу туризімінің бағыттары келесі құндылықтарды сипаттайды:

1. Сатып алушылар үшін пайда. Тұтынушылар оқу қызметтерінен түсетін әр түрлі пайдаларды түсіну қажет: маңызды мәселерлерді шешу; іскерлік қатынастарда және жаңа қарым-қатынастарда болу.

2. Бірегейлік. Ұсынылып отырған құндылық бизнесті ұсынушылармен қарым қатынас үшін сатуып алушыларға бірегей мүмкіндік болу қажет.

3. Тұрақтылық. Масштаб эффектісі, иммдж және репутацияны күшейту, артықшылықтың болуы. Оқу элементтерінің бәсекеге қабілетті элементтері (Сурет 3) .

Сурет 3. Оқу қызметі саласындағы мекемелердің бәсекеге қабілетті элементтері [10]

Қазіргі кезде көптеген туристік компанияларға шет тілдерін оқытуға арналған әр түрлі бағдарламалар ұсынылады және олардың барлығы белгілі бір оқу турларына бағытталады. Шет елдерде білім алу ол ұстаздық етудің ең сапалы түрі деп қарастырылады. Алынған білім болашақта сөзсіз кәсіби деңгейде өсуге сепітігін тигізеді. Шет тілдерін оқу мақсатында яғни оқу сапарымен тіпті өз жанұясымен де баруға болатын турларды ұйымдастыруға болады.

Қазақстандағы мүмкіншілікті қарай отырып, оқу туризімінің дамып келе жатқандығын байқауымызға болады. Көбіне қазақстандықтарды оқу туризімімен шет елдерде тіл оқу, белгілі бір кәсіппен айналысуға, мүмкіндігі жоғары шетел университеттеріне түсу байланыстырады. Бірақ оның барлығы жоғары дәрежелі адамдарға ғана қолжетімді деп есептейді. Шет елге тек көңіл көтеру ғана емес, емтихан тапсыру, жақсы студенттік қарым - қатынаста болу, оқуға көбірек мән беру абзал. Расында да үйренуші тілдің нағыз орталығына барып оқу ол өте тиімді және нәтижесінде тілді жетік меңгеруі сөзсіз.

Оқу туризмі ешқашан шектелмейді. Ерте кезден бастап оқуға көп мән беретін болған. Ортағасырлар ваганттары, антикалық философтар оқу туризімімен айналысқан. Мысалы, Пифагор және Платон оқу тағылымына Египетке барған. Жастар әр дайым оқудың интеллектуалдық орталықтарына барып, білім алуға ұмтылып отырған.

Оқу қызметтерінің нарығын ұлттық (сыртқы) және халықаралық (ішкі) деп екі топқа бөледі. Сыртқы нарықта бір мелекеттің өндірушілері және тұтынушылары, ал ішкі нарықта- әр мемлекеттің өкілдері қатысады. Осыған байланысты оқу туризімінің халықаралық нарығы өндіруші және тұтынушы арасында ұсыныс пен сұранысты ретке келтіреді. Оқу қызметтерінің нарығы көптеген әдістермен жүзеге асырылады. Оқу қызметтерінің нарығында төрт әдіс қолданылады:

1. Шет елде қызметті тұтынушы белгілі бір елге жеткізуші ретінде (студенттер, шет елде оқитындар) ;

2. Шет елге тұтынушысыз жеткізу (алыс қашықтықпен оқу бағдар-ламалары)

3. Тұтынушы елінде коммерциялық түрде қатысу (оффшорлық шетел

университеттері) ;

4. Жеке тұлға жеткізуші елден тұтынушы елге (профессорлар және зерттеушілер, шетелде жұмыс жасаушылар) [11] .

Тіл үйренуді және білімді жетілдіруге негізі көп адамдар сапарларын дамыған елдерде жасағысы келеді. АҚШ білім саласы өте жақсы дамыған және басқа мемлекеттер жоқ өзінің мүмкіндіктерін ұсына алады.

Классикалық білім алуды қалайтындар көбіне Германияны таңдайды және оның мыңжылдық тарихы бар университеттерін атап кетпеу мүмкін емес. Испандық мектептерде өнер саласы онша талап етілмейді.

Себебі, жоғарғы дәрежедегі университеттерде арнайы архитектура, графика, дизайн, декор сабақтары оқытылады. Итальяндық жоғарғы білім алу прагматикалық - кәсіби тұрғыға бағытталған, сондықтан Италияны таңдайтын болса, гуманитарлық бағытты таңдау керек.

Францияда жоғары білім алу арзанға түседі. Өйткені оқуға қаржы көп кетпейді. Әрине ол келушілер үшін қол жетімді мүмкіндік. Швейцарияда білім алу ол өте маңызды. Онда білімге өте қатал талап қояды. Бұл мемлкет нағыз ағылышын тілінде, неміс тілінде, француз тілінде, итальян тілінде еуропалық білім алатын орталық [12] .

Халықаралық білім беру нарығы динамикалық түрде дамып келеді. Оның қаржылық көрсеткіші, шетел азаматтарына тіл оқыту курстарын қосқанда, қосымша кәсіби білім беру және т. б қосқанда 100 млрд АҚШ долларын құрайды. Шетелге әр түрлі оқу мақсатында сапарларға шығатындардың саны 5 млн-ға дейін жетті. Шетелдіктер оқу қызметтерін ең көп ұсынатын жоғары мектептер. Оның халықаралық қызметтері жылына 60 млрд. АҚШ доллар пайда түсіреді. Шетелдік студенттерден ең көп пайда түсіретін (2007/2008 академиялық жылдарында 3, 25 миллион адам) ол әсіресе Америка Құрама Штаттары (18 млрд. долл. )

Ұлыбритания (10 млрд жоғары), Австралия ( 14 млрд. австралиялық доллар), сонымен қатар Франция, Германия. Қызмет көрсету нарығының басты сегменті көптеген елдердің азаматтары үшін тіл оқыту курстары. 2005 жылы ағылшын тілін оқу үшін 10 елге 1, 3 миллион адамға жетті (Ұлыбританияға, Канадаға, АҚШ, Ирландияға, Австралиға, Мальтаға, Жаңа Зеландиға, ОАР) .

1. 2 Оқу туризмінің қалыптасуы мен дамуы барысындағы әлеуметтік-тарихи алғышарттары

Орыс және шетел әдебиетінде әр түрлі жорықтар, экскурсия мен экспедицияның танымдық тиімділігін зерттеуде көптеген тәжірибе жинақталған. Бұл туризмнің ғылыми, танымдық әрі ескі түрі. Жас римдіктің білімі бір елге барып, сол елдің ғылымы мен мәдениетімен (көбінесе Греция) танысып және сол замандағы философ, тарихшы, дәрігерлерден білім алмаса толық деп есептелінбеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар туризмінің мәні
Емдік - сауықтыру туризмінің түрлері
Оңтүстік Кореядағы круиздік туризмнің ерекшеліктері
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Ресей туризмінің тарихы
Жанұялық туризмді ұйымдастыру және жоспарлау
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Мәдени туризмді дамытудың әлеуметтік ұйымдастырылу әлеуметі
Қазақстан Республикасының туризмді дамытудың экономикалық көрсеткіштерін талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz