Қазақ әдебиетіндегі эпистолиярлық стиль


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Қазақ әдебиетіндегі эпистолиярлық стиль

Орындаған:

І курс магистарнт Н. Нұрәділ

Ғылыми жетекші:

ф. ғ. д., профессор Т. Кәкішұлы

Алматы -2011

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Эпистолиярлық стиль ұғымы
  2. С. Мұқановтың эпистолиярлық мұрасы

ІІІ. Қорытынды

VI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Эпистолиярдық стиль ұғымы хат алысу деген мағынаны білдіреді. Әрине бұл айтып отырғанымыз бәріміздің ойымызға оралатын, барлық адам пайдаланатын хат емес, ертедегі зиялылардың, басы сонау хан, би, сұлтандардың тарихи маңызға ие, қоғамдық тұрмысты айшықтаған хаттары. Бергісін айтар болсақ көзі ашық көкіреуі ояу қазақтың ұлт зиялылыарының бір -бірімен жазысқан хаттары.

Бүгінгі таңдағы ғалымдардың көп сандысы бұл тармақтың саябырсығанын, тіптен кейбіреулері бұл аталмыш мұраның жоқ екендігін айтады. Олардың дәйектері қазіргі күнгі хаттардың көтерген жүгі эпистолиярлық стильдік тармаққа жата бермейді дейді.

Шындығында қазіргі күннің еншісінде хат жазысудан артық тұратын байланыстың сан түрлі техникалары бар. Қазірігі ұлт зиялысы аталған топтың техникадан туған мұралары көп десек болады.

Эпистолиярлық стиль бұл сол кездегі, айталық XIX -ХХ ғасырлардағы әдебиет өкілдерінің өшпес мұрасы екендігі айдан анық. Эпистолиярлық стильді дүниеге әкелуші сол бағытта қалам тербеуші де әдебиетке қатысты, әдеби сауатты адамдар. Бұл тұрғысында кімдердің мұралары бар екендігін негізгі бөлімнің бірінші тарауына арқау ететін боламыз.

Әдеибет классиктерінің түгел дерлігі бір-бірімен хат- хабар алысқандығы бәрімізге мәлім. Ол хаттардың көп сандысында әдебиетке байланысты жағдайлар айтылған. ХХ ғасырдың соңына дейін адамдар дерлік бір -бірімен хат алысып тұрғанын ескерсек, сол кездегі ұлт зиялыларының байланыс құралы хат екендігі мәлім, сол үшін де бұл кезеңдегі біз зерттейтін мұралар өте көп. Әдебиеттегі кейбір бұлыңғыр мәселердің шешімі де осында болса керек.

ХХ ғасырдағы ең көп хат алған, жазған адам бұл әдебиетіміздің классигі Сәбит Мұқанов. Орыс классиктері өздеріне келген хаттарды кітап етіп шығарып та үлгерген. Ал Сәбит Мұқановтың мұрасы әлде қайда мол және құнды мұра. Сондықтан мен курстық жұмысымның екінші жартысын осы үлкен мұраның бармақтай бөлшегіне бердім.

  1. Эпистолиярлық стиль ұғымы

Эпистолярлық стильге ғалым Р. Сыздық: «Бұл стиль - жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттарының тілін танытатын сөз мәнері»- деп анықтама береді.

Әдетте бұл салада зерттелуге тисті материал кез-келге адламның күнделікті тұрмысқа, қара басына қатысты жайларды сөз еткен хаттарды емес, белгілі бір қоғам қайраткерлерінің, қалам иелерінің, ғылым-білім өкілдерінің, көбінесе әлеуметтік не өзгеде мәні бар мазмұндағы корреспонденциялары болуға тиіс.

Қазақ тілінде жеке адамдардың бір-біріне жазысқан хаттары ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап табылады. Олар, әрине, санаулы ғана. Дегенмен әзірге бізге жеткендерін сөз етуге болады. Бұлар: атақты жауынгер ақын Махамбет Өтемісұлының 1839жылы жазған хаты., ол бұл хатты Жем, Сағыз, Қайнар бойын жайлаған Әлім, Шөмен руларының бірнеше беделді адамдары - Баубек, Нәдірқұл, Сәли, Жармұхамбет, Амантай батырпларға жолдаған.

Қазақ фольклоры мен мен әдет-ғұрып заңдарын жинаушы М. В. Ладыженский дегеннің 1840 Шыңғыс Уәлихановқа жазған хатының қазақша тексі; Садуақас Мұсаұлы Шормановтың Григорий Никаолаевич пен Александра Викторовна Потаниндерге 1887 жылы 25 февральда және мартта Омбы қаласынан қазақша жазған хаты; Құнанбайдың Омбыда Кадетский корпуста оқып жүрген баласы Халиоллаға 1886жылы 8 ноябрьде жазған хаты; Ыбырай Алтынсариннің Н. И. Ильминскийге және Баянділ Кейкин деген кісіге 1883жылы 28 январьда жазған хаттары. [1]

Қазақ әдеби тілінің функционалды стильдік тармағының біріне эпистолярлық стиль жатады. Эпистолярлық жанр - әдеби тілдегі универсалды жанр. Эпистолярлық жанрдың ең негізгі ерекшелігіне хат-жауап түріндегі қосарлы сипат жатады. Өйткені жазылған хаттың жауабы болады. Хат тіліне қарап отырып, хат жазушы адресанттың мәдени, рухани дүниесінің дәрежесін, дүниеге әлемге деген көзқарасын, шығармашылық тұрғыдан жетілуі мен оның кезеңдерін анықтауға, бір сөзбен айтқанда, шығармасы мен биографиясын кезең - кезеңге бөліп қарауға мүмкіндік туады.

  1. Хат түрінде жазылғанымен ресмилік мәртебесі және қоғамдық мәні жоғары хаттар. Ресми мәні басым хаттарға әкімшілік орындарын ертедегі Ресей империясының канцеляриясына қазақ әкім-қараларының, сұтла, билерінің жазған хаттары жатады. Бұл хаттардың ресмилігі басым болуы олардың белгілі мақсатты көздеп жазылуына, сол кездегі өтініш (прошение), арыз (ғарыз) қабылдануына байланысты.
  2. Қазақ әдеби тілі тарихында қоғамдық мәні, маңызы бар хаттарға Шоқан мен әкесі Шыңғыстың, Ы. Алтынсариннің, Шәкәрімнің, Абайдың, кейінгі дәуірлердегі «Қазақ», «Айқап» басылымдарына жармияланған Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынұлы, «Мадияр» деген атпен қол қойған М. Дулатовтың, Н. Құлжанованың, т. б. хаттарды жатқызуға болады. Бұл хаттарды ресмилік аз, керісінше эпистолиярлық стильді құрайтын элементтердің түрі көп.

Қазақ әдеби тілі тарихында әдеби тілдің нысаны болатын хаттар көп емес. Біздің мәдени өміріміздегі, қала берді әдеби тіліміздің қалыптасу аса қымбат жәдігерлік ретінде бағаланатын хаттарға Шоқан мен әкесінің бір-біріне жазысқан хаттарын жатқызуға болады. Шыңғыс Уәлихановтың баласы Шоқанға 1860 жылы 6 июльде жазған хаты; Шоқанның әкесі Шыңғысқа 1860жылы 9августа жазған хаттары - типіне қарай диалогиялық хаттар.

Хаттар баяндалу типіне қарай монологиялық және диялогиылық түрлерге бөлінеді. Хат құрлымында сұрақ көп болған сайын, ол адресантты диялогқа шақырады, сондықтан диялогқа құрылған хат болып есептеледі.

Шәкәрімнің «Айқап» журналының 1912жылғы 5- нөмерінде жарияланған хатына келейік. Бізге таныс Шәкәрім хаты -жеке адамға арналмаған, мазмұны жағынан кез-келген адресанттан хабар күтетін хат. Бұл Шәкәрім хатының ең негізгі ерекшеліг деуге болады. Хат үлгісін толық келтірейік:

Білімділерге бес сауал

Білімділерден бес түрлі сөздің шешімін сұраймын. Әншейін жұмбақ емес өз ойымша, адамның екі дүниесіне бірдей керек. Бұл сөздерге дін кітабынан дәлел көрсет деймін, тура ғана ақыл қабыл аларлық дәлел болса екен. Жауап беруші қазақ болсын, басқа жұрт болсын бәрібір, бірақ жауап қазақ тілнде жазылсын яки қазақша тәржіме етілсін. Бірлі жарым араб, фарсы яки орысша сөз кірсе, қазақша тәржімесі жазылса екен. Жауап неғұрлым ұғымды, қысқарақ сөзбен жазылса екен һәм не «Айқап» арқылы, не өзіме төмендегі адре бойынша хатпен жіберілсе екен. Екеунің қайсысымен жазылса да, қол қойылған болып, адресі көрсетілуі тиіс, себебі, құдай жеткерсе, бұл туралы жиналған сөздердің бәрін жинап кітап қылып бастырмақ талабым бар. Бұл сұраған сөздерімді халық пайдасы деп ойлаймын; ол ойымды дұрыс көрсеңіз, жауапқа жеті тиын аямассыз деп үміт етемін. Бес сауал мынау:

  1. Алланың адамды жаратқандағы мақсұды не?
  2. Адамға тіршіліктің ең керекгі не үшін?
  3. Адамға өлген соң мейлі не жөнмен болсын рахат-бейнет (сауап-азап) бар ма?
  4. Ең жақсы адам не қылған кісі?
  5. Заман өткен сайын адамдардың адамшылығы түзеліп бара ма, бұзіліп бара жатыр ма?

Қай түрлі жауап берсеңіз де, дәлеліңіз не?

Шаһкарим Хұдаберді оғылы.

Адрес: Ст. Арқат, Семипалатинская обл. Чингизской волости, Шахкариму Худайбердину.

Хат көп адамға қаратыла жазылған. Жауап қайтаруға ешкімді де міндеттемейді, бірақ жауаптың болуына, қайтарылуына хат иесі мүдделі.

Шәкәрім хатының басты ерекшелігі ретінде мыналарды атауға болады:

а) көп адресаттылығын (көпшілікке арналғандығын)

ә) диалогтығын;

б) экстраверттілігін;

в) прозаикалығын;

г) модальді- бағалауыштық бейтараптылығын атауға болады.

Тікелей біреудің айтқанын сол күйінде келтіріп, өзге біреудің хатынан алынған дәйексөздер Шәкәрімде ұшыраспайды.

Қазақ әдеби тілінің тарихында қоғамдық мәні бар мәселелерді қозғайтын хаттар Н. Құлжанованың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың қаламына тән. Бұл авторлардың хаттарында сол тұстағы қазақ қоғамына, қазақ мұқтажы мен мүддесіне керекті түрлі маңызды жайттар көтерілген. Сол тұстағы қазақ оқығандарының хаттарында олардың ішкі сезімі, жай-күйі көп көріне бермейді, сезім күйлерінен ада. Сондықтан бұл хаттар экстравертті хат түріне жатқызылады.

Осы ерекшеліктері жинақталып келіп, Шәкәрімнің оқығандығын көрсетумен бірге, өзі танып түсінегенін әдемілем жеткізуші ретінде; өз тыңдаушыларының жанын түсінетін, оқырман мен өзі танып білген дүниенің арасын жалғастырушы адам ретінде, танытады. [2] .

Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі стильдік тармақтар туралы пікірлерге назар аударар болсақ, әр түрлі көзқарастар, пікірлер беріледі. Ғалымдар «Қазақ тілінің стилистикасы» еңбегінде : «Стильдер - тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді топтастыру проблемасы да - тіл білімінде тиянақты шешілмеген даулы мәселелердің бірі. Стильдерді топтастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ» [3], -дейді. Аталған еңбекте орыс тілінде де әртүрлі көзқарастар бар екендігі айтылады. Қазақ тіл білімінде де әртүрлі топтастырулар бар. Қазақ тілінің эпистолярлық стилі ресми стилмен бірге алынып жүргені белгілі.

Орыс тіл білімінде стильді әртүрлі тармақтарға бөлу, функционалды стильдерді топтаған кезде әр түрлі принципке сүйену кездеседі. Мысалы: А. И. Ефимовтің классификациясы бойынша стиль көркем беллетристикалық стиль, қоғамдық-публицистикалық стиль, ғылыми стиль, профессионалды-техникалық стиль, ресми іс-қағаздар стилі, эпистолярлық стиль деп тарамдалады [4] .

Қазақ тілінің эпистолярлық стилі және эпистолярлық жазбалар болып табылатын құжаттар тілімен ауызекі тіл, жазба тіл арасында айырмашылық бар. Эпистолярлық жазбаларға жататын қазақтың хан, сұлтан, болыс, билерінің орыс империясының әкімшілік орындарына жазған хаттары мен белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушы, оқыған азаматтарының хаттарының тілінде фонетикалық, грамматикалық ерекшеліктері көп. Ол ерекшеліктер жайында ғалым Б. Кенжебаев: « . . . тілі шұбар келеді. Араб, парсы, шағатай, татар, башқұрт, өзбек сөздері араласып жатады, жалпы «түрки» деп аталатын тіл болып келеді. Аты қазақша дегені болмаса, көбіне, тілі де, емлесі де қазаққа түсініксіз болады. Оларды қалың бұқара былай тұрсын, қазақтың мұсылманша оқыған, хат білетін - қожа, молдалары да жөнді түсінбейді» [5], - дейді.

Шындығында да, ХVII- ХІХ ғасырлардағы хат мәтінінде көбіне араб-парсы, татар тілі элементтерінің қолданысы басым.

Р. Сыздық стильдік ерекшеліктерінің бір белгісі құрметті, жоғары мәртебелі, мейірімді, т. б. сол сияқты құрмет көрсете сый білдіре арнаған сөздердің татар, түркі жазба әдеби дәстүрінде қалыптасқан жазу мәнеріне сәйкес екендігін айтады.

Ғалымдар хат тіліне байланысты осындай құнды пікірлер айтады. Әрі эпистолярлық стильге XVIII-XIX ғасырларағы қазақ зиялылары мен сұлтан, болыстарының әдеби немесе саяси хаттарын негізгі бағыт етіп, тілік тұрғыдан қарастырады.

Алайда хат алысу әдеби стильдік тармақтың бір бөліміне жатқандықтан, тек сол замандағы хат тілін эпистолярлық жазба мұра ретіне қарастырып қана қоймай, ХХ ғасырдағы ақын -жазушыларымыздың айтылаған ойлары мен әдеби пікірлерін хат арқылы бірі-біріне жеткізгенін ескерсек, бұл кезеңдерден де бізге көптеген жазба мұралар қалған.

  1. С. Мұқановтың эпистолиярлық мұрасы

Академик С. Мұқанов өзі қатарлас ақын-жазушы, қоғам қайраткерлерінің арасында халықтан көп хат алған және сол хаттарға тиесілі жауап қайтарған халық жазушысы.

Мұны жазушының көзі тірісінде қазақ радиосына берген сұхбатында өзі кең көсіліп әңгіме етеді.

« . . . ал, енді, біз әр уақытта үлгіні орыстан аламыз, орыс мәдениетінен аламыз. Мен ғана емес біздің бұрынғы бабалармызыз - Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, одан бергі интелегенция, Спандияр Көбеев, бер жағында Сәкен Сейфуллин осылардың бәрі орыс мәдениетіне сүйеніп барып өскендер. Менде солай өстім ғой деп ойлаймын. Мынау, орысша оқи бастағаннан кейін, мен орысшаға 1922 Орынбордың Рабфагына келіп сабаққа түстім да, сосын барып орысша оқи бастадым. Алғашқы кезде нашарлау келдім, сосын жүре-жүре жетіліп кеттім. Сонда орыстан алған тәуір үлгімнің біреуі - хатқа сақ қарау. Біреуге өзің жазасың, өзіңе біреу жазады. Осылардың бәрін жинай беру. Бұл жағынан қарағанда, бұл мақтанғаным емес, қазақ жазушыларының ішінде менен көп жинақшысы болған жоқ. Кешегі Мұхтар марқұм Әуезов қатты өкінетін еді : «мен бұрынғы хаттарымды жинаған жоқпын», -деп. Сол, кей уақытта маған қызғаныш көзбен қарау, жақсы мағынада. Маған айтатын еді: «сен қалай жинақсың» деп. Өйткені менің сол хат танығаннан бастап, содан бергі хатым біреуден өзім алам, біреуге өзім жазам, соның бәрі жиналып келе жатыр. Мақал деген халықтың тәуір ойы ғой. Қазақта мынадай мақал бар:

« Есік алды төбе болса,

ерттеулі ат төбелдей.

Ауылыңда қарт болса,

жазып қойған хатпен бірдей» деген. Ал енді, осы сөздің мағынасы үлкен өзінің. Өйткені, ең алдымен хатты бірінші орынға қояды. Абайдың бір өлеңінде бар:

«Шөлдеген жан су көрсе,

Бас қоймай ма бастауға»- деген.

Орыстың мәдениеті биік, жоғары мәдениет болды да бізге үлгілі. Сондықтан соның тілін біле бастағасын, оқи бастағасын -ақ соның манағы тәуір нәрселеріне құмартып, соны оқи бастадық. Сонда байқасам, мысалы, Пушкин, Гоголь, Толстой тағы толып жатқан классиктер бар, солардың шығармалар жинағы деген болады. Біреуінікі 5том, Біреуінікі 10том, Біреуінікі 30том, Біреуінікі 40 дегендей. Солар том-том болып шығып жатады да, солардың аяғына әлгі, хаттар және переписка дегенді қат-қабат хат жазысу дейміз. Солар бірнеше том болып кіреді. Ал, мына орыстың Тургенов деген жазушысын бәрімізде білеміз, жақсы көреміз, Ленин жақсы көрген кісі ол. Сол Тургеновтың ревалюциядан бұрынғы шыққан жинағында жалғыз хаттар мен перепикасының өзі 15 том болып шыққан екен. Мен соны қызығып тұрып оқитын едім. Көркем шығармаларымен қатар сол хаттарға қызығып оқитын едім. Өйткені, көркем шығармаға не сөз болса соны жаза бермейсің. Ал хатқа, өзіңінің жақын досыңа, сенетін адамыңа жазған уақытта ешкімге айтпайтын сөздерді жазып айтып жатасың. Соларың бәрі хаттан табылады. Сосын мен ойладым, әлгі «генерал болуға үміттенбеген солдат оңбайды» деген орыстың мақалы бар. Бізде жазушы болармыз түбінде, сонда осы бізде де жинай берсек қайтеді деген ойменен тірнектеп, осы түк тастамай жинай беретін едім. Бір күні біздің осындағы мемлекеттік архивтен, архивтің бір қызметкері келді. Жігіт, Жетібаев аты. Сол келіп, келгесін енді, біздің үйге әркімдер келіп жатады. Келген соң енді қош келдің деп, ал енді жол болсын деп жөнін сұрасам айтады: «сіздің қолжазбаларыңызды сақтауға, хранениеге алайық деп едік, соған жіберіп еді мені басшыларымыз»- дейді. Сосын мен ойландым да айттым, «ол қолжазбалардың көбі тәртіпке келген жоқ әлі. Ал оның бәрін сен қазір сыйғыза да алмайсың. Менде қолжазба көп, сен әуелі осы хаттарды алшы. Хат деген менде әр жылдың хаты, әр айдың хаты солардың барлығы бүктеліп, бүктеліп жатыр, өзімнің мына шкапыма сыймай жатыр. Сен алдымен осыны алып кетте, тәртіпке келтір. Ал қолжазбаны сосын сөйлесейік» - дедім. «Жарайды» - деп Жетібаев алып кетті. Алып кеткенде, әлгі олардың бір қағаз жәшігі болады екен үлкен, әрқайсысына бір центнер бидай сиятын. Соларымен бес-алты қап қылып алып кетті. Юбилей өтті, араға екі-үш жыл түсіп кетті. Бір күні біреу телефон звонит етеді, «алло»десем : «мен архивтің қызметкері едім» -дейді әйел дауысы «бұрын Жетібаев сізде болған екен, мен Лена Сегізбаева дегенмін»- дейді, футолистің қарындасы екен. «Сол, маған қалып еді, ана кісі басқа қызметке ауысып. Мен институт бітіріп келген қыз едім. Соның бәрін жүйеге, тәртіпке келтіріп болып едік, енді соны келіп көріп кетсеңіз қайтеді» -дейді, «Жарайды»- деп бардым. Барып әлгі үйіп-үйіп қойған, жәшік-жәшік қылып, көргесін өзім шошып кеттім. Шошып кеткенім әлгілерді жылдарға, айларға, тақырыптарға бөліп әрқайсысын реттеп болғанда, барлығы 141 том болыпты. Ал соның артынан мынау Ташкентте Қавқаз елдерінің және Орта Азияның архивтік қызметкерлерінің конференциясы болды. Сонда біздің архивтің директоры Мұхтар Жанғалин барып сөз сөйледі. Сонда жазып алған сөзінің бір данасын маған беріп кетті. Мұхтар Жанғалин айтыпты: «мұншама көп хат алу мәдениеттің тарихында жоқ. 141 том хат келу деген, бұл болмаған уақиға» -депті[6] .

Шындығында қазақ жазушыларының ішінде С. Мұқановтай көп хат алған адам болған жоқ. Бұл жазушының қайталанбас мұрасы. Әрі елден ерек бір қыры. Ол бәріміз білетін ұлтжандылығы мен халықшылдығы.

Мен жазушы айтқан мол мұраға бас қойғанымда осының бәріне куәгер болдым. Сыр шертетін, әдебиет, әлеумет мұңы айтылатын хаттар жазушы қоржынында том-том болып үйіліп жатыр.

Жазушы хаттары бейне теңіз сияқты, онда адуынды толқындар да, әлсіздері де, киті де, шөрегей балықтары да бар. Ал теңіз тұнып тұрған қазына.

« . . . мен хатты толып жатқан жерден алатын кісімін. Мәселен, кешегі, менің тұсымда жасаған орыстың атақты жазушылары А. Толстой, С. Иванов, А. Фадеев, Лобренеев тағы сол сияқты біздің советтік әдебиеттің үлкен-үлкен кісілерінің менде бірталай хаттары бар. Ол мына архивте сақтаулы. Олардың аты «Уникальное письмо» дейді екен. Ал сонымен қатар кәдімгі қатардағы адамдар бар сауыншы, қойшы, трокторист сол сияқты адамдардан да маған көп хат келеді. » [6], -деп ағынан жарылады.

Шындығында да жазушының өзі айтқандай әр шеттен хаттар легі үйіліп келгенін көреміз. Онда мемлекет қайраткерлері, ақын -жазушылар, қарапайым халық, мектеп оқушылары бір сөзбен айтқанда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін хат жазған. Сол хаттарға мейлі қай жақтан, қандай адамнан болмасын жауап хат жазып отыру, жауабын кешіктірсе себебін түсіндіру сол кезде атағы таудай болып тұрған академиктің ұлылығы болса керек.

Мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мұрағатында жатқан

С. Мұқановтың жеке қорын ақтарыстыра бастағанымда, өзі айтқан том-том хаттарды өз көзіммен көріп, қолыммен ұстадым. Санап қарасам, жеке қорда 2 тізбе, біріншісінде 396 іс, екіншісінде 45 іс, әрқайсысы 2 беттен 300 бет аралығындағы хаттар сақталған екен. Басым көпшілігі қазақ тілінде, аз сандысы орыс тілінде және татар, ұйғыр, қырғыз тілдерінде жазылған. Қазақ тіліндегі жазылған хаттар қадымша, жәдитше, латын әліпбиінде, орыс әліпбиінде тең дәрежеде ұшырайды. Хат қоржыны негізінен 1928- 1971 жылдар аралығын қамтиды. Хаттардың мазмұны да әр түрлі. Егер мазмұнына қарай бөлетін болсақ: Жазушының жеке басына келген хаттар, жалпы шығармашылығына келген хаттар болып бөлуге болады. Жауап хаттар да дәл осылай. Хат жазушы адамдардың атақ- дәрежесі әр түрлі, сонымен қатар әр аймақтан, әр елден келген.

Сәбит Мұқанов пен Мұхтар Әуезовтің қазақ әдебеиетінде алар орны ерекше. Қазақ әдебиетінің қос марқасқасының арасындағы шығармашылық байланыс қазақ қауымына мәлім. Мұхтар Әуезовтің жазған мына бір хатына назар аударып көрейік.

« Сабит!

Я тебя долго ждал и не дождался, ушел. Мой разговор в отношении Крылова.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі пәнінен бақылау жұмысының тақырыптары
Шортанбай - қазақ әдебиетіндегі зар заман дәуірінің көрнекті өкілі
Әдебиет сабағындағы романтизм және реализм әдістері
Мемуарлық шығарма (конспект)
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
Әдеби ағым мен көркемдік әдіс арақататынысындағы таным түсініктері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Тарихи поэтиканың әдебиет теориясы және әлем әдебиеті тарихынан арақатынасы
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
Қажым Жұмалиев шығармашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz