Экология пәні бойынша Обсөж сабақтарының әдістемелік нұсқауы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.
«Сырдария» университеті

«Химия және биология» факультеті
“Биология” кафедрасы
Бекітемін:
Факультет оқу әдістемелік бюросының кеңесі
“ “ 200 ж
«Экология» пәні бойынша. „Факультет аралық” - мамандықтарының студенттері үшін.ОБСӨЖ сабақтарының
әдістемелік нұсқауы
Оқу түрі: күндізгі
Курс 2 семестр 4
Кредит саны 3
Топ: Тар- 16, Гео-16, 26, ПжП-16, 26, ПБӘ 16, Инф-16, Инф16тп, Шт-16, Қт-16, Муз-16, Бөс-16, ДШ-16, 26, Био-16, 26, 36, Хим-16, ҚЭН-16, ЕА-16, Қар-16, Физ-16, Мат -16, Био-16тп.
Жетісай 2007ж.
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН „Экология „ пәні бойынша “Факультет аралық” - мамандықтарының студенттері үшін әзірленген.Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.
Типтік оқу бағдарламасы ҚРБҒМ - нің «11» 05 2005 ж. №289 бұйрығымен бекітілген
Оқу - әдістемелік кешені кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама № “ ” 2007 ж
Кафедра меңгерушісі: а. ш. ғ. к. Дошманов Е. Қ.
Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
Хаттама № “ ” 2007 ж
Әдістемелік кеңесінің төрағасы х. ғ. к. доцент Ибраимов Ш. И.
Университет ғылыми кеңесінде мақұлданған
Хаттама № “ ” 2007 ж
Кеңес төрағасы
Пәннің мақсаты мен міндеттері, оның оқу процесіндегі ролі.
Экология - µзініњ зерттейтін жеке обьектісі бар жєне жаратылыстану ѓылымдарыныњ басќа да салалармен тыѓыз байланысты ѓылым. Б±л баѓдарлама экологиялыќ білім беру ж‰йесін жетілдіру мен кењейту жєне екі баспалдаќты білі беру ‰лгісін мен жања да, сапалы мамандар дайындауѓа кµшуді т±жырымдайды.
Осыбаѓдарламаныњ іс ж‰зінде ќолданылуы мемлекетіміздіњ єлеументтік- экономикалыќ дамуыныњ сонымен бірге биосфераны ќоѓай отырып, табиѓат ќорларын ‰немді пайдалану жєне адам денсаулыѓына ќолайлы тіршілік ортасын саќтауда негіз бола алады.
Жалпы экология курсыныњ маќсаты мен міндеті студенттерге организмдердіњ жіктелу динамикасы мен таралу ерекшеліктерін аныќтаудыњ негізгі зањдылыќтары жµнінде білім беретін жєне бірлестіктіњ ќ±рылымы мен µсу динамикасын, б‰кіл экосистема мен биосфераныњ ±йымдасуы тіршілік ету зањдылыќтарын т‰сіндіру.
ОБСӨЖ № 1.
ОБСӨЖ тақырыбы: Экологияның қалыптасуы және дамуы. Қоғам және табиғат қарым - қатнасының эвалюциясы.
ОБСӨЖ жоспары:
а) Техника мен ғылымның экологизациясы
б) Ноосфераға жол ашу.
ОБСӨЖ мақсаты: Экологияның қалыптасуы және дамуына. Қоғам және табиғат қарым - қатнасының эвалюциясының ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні:
Биосфера және космос. Ноосфера
Биосфера және космос. Тіршілік космостық құбылыс болып табылады.
Биосфераның космостық ортасы тіршілікке қажетті қолайлы экологиялық
жағдайларды анықтайтын күн энергиясының көзі болып табылады.
Күн сәулесі ғаламдық экожүйесінің тіршілігіне күшті әсер етеді.
Биосфераға келіп түсетін күн энергиясының балансы кестеде көрсетілген.
Күн сәулесінің энергиясының таралуы.
( биосфераға жылдың мөлшерінен %)
- ШағылыстыруЖылуға айналуБулану, жауын-шашынЖел, толқын, ағысФотосинтез
30
45
23
0, 2
0, 8
Жер интенсивті космостық радиациядан магнит өрісімен қорғалған. Егер бұл өріс болмаса, космостық сәулелер қысқа уақыт аралығында атмосфераның барлық ауасын иондар мен электрондарға ыдыратып жіберер еді. Мұндай жағдайда Жерде мүмкін болмайды.
Озон қабаты биосфераны космос сәулелерінен қорғайды. Стратосферада
озон (О3) күн радиациясының ультракүлгін сәулелерін сіңіреді. Мұндай қорғансыз сәулелер биосферадағы бүкіл тіршілікті жойып жіберер еді.
Биосфера космоспен тығыз байланысты. Жерге түсетін энергия ағыны
тіршілікті қамтамассыз ететіндей жағдайларды жасайды.
Биосфераның энергетикасы. Күннің энергиясы -Жер биосферасының жылу
баланысы мен термиялық режимін анықтайтын негізгі қуат көзі. Жердің күнді
айналуына байланысты жер бетіне түсетін күн сәулесінің интенсивтілігі
Жер-Күн қашықтығының өзгеруіне байланысты жыл бойы өзгеіп отырады. Жер
мен Күннің ең аз арақашықтығы 147 млн км. қаңтар айының басында, ал ең ұзақ
арақашықтығы 125 млн км шілденің басында байқалады.
Биосфераның эволюциясы.
Адам санасы мен ғылыми ойдың рөлін бағалай келе В. И. Вериадский мынандай
қортындылар жасады:
- Ғылыми шығармашылықтың дамуы адамның өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады.
- Биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуі мен қатар жүретін құбылыстар.
- Биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс, стихиялы түрде, табиғи процесс ретінде жүреді.
- Тіршілік ортасы-биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы-адамзаттың ғылыми жұмысының енуі биосфераның жаңа фазаға, жаңа күйге-ноосфераға өтуі табиғи прцесс.
Ноосфера -сана, ақыл-ой қабаты, экологияның төрт заңы.
Бірінші заңы-барлығы барлымен байланысты.
Екінші заңы-материя жойылмайды, жоқтан пайда болмайды, ол бір түрден екінші түрге өтеді.
Үшінші заңы-табиғат өзі жақсы біледі. Амудария, Сырдария суын көп пайдалану арқасында Арал теңізі денгейі төмендеді.
Төртінші заңы-тегін ешнәрсе жоқ. Адамның еңбек қызметі нәтижесінде
экожүйеден алынған нәрсенің барлығы қайтарылуы тиіс. Біздің көптеген
қателіктеріміз табиғаттағы барлық құбылыстардың өзара байланысын
практикада пайдалана білмеуімізге байланысты туындап отыр.
5. Бақылау сұрақтар.
- Тірі ағзалардан өтетін зат алмасу мен энергия ағысы. Экожүйеде зат алмасуды қамтамасыз ететін факторлар. Экожүйенің өнімділік заңдары. Биосфераның эволюциясы. Биосфераның энергетикасы. Күн сәулесі энергиясының таралуы. Ж. Б. Ламарктың ғылымға қосқан үлесі. В. И. Вернадскийдің биосфералық шекаралары. Ноосфераға жол ашу заңдары.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. А. К. Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым. 1997ж.
2. Е. Мамбетказиев. Қ. Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар. 1990ж.
3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.
Қосымша:
4. А. Б. Бигалиев, Е. У. Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5. Г. К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6. И. А. Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А. А. Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8. В. И. Фурсов. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9. Ю. М. Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10. В. А. Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа. 1997ж.
1. А. В. Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2. А. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаева, Г. З. Сауытбаева, Экология. Алматы. Ғылым. 2001ж.
3. А. К. Саданов, З. С. Сванбаева. Экология. Алматы. 1999ж.
4. В. А. Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф. И. Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6. М. И. Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7. Л. А. Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8. Э. В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. Экология. Алматы . Экономика. 2002ж.
ОБСӨЖ № 2.
ОБСӨЖ тақырыбы: Экологиялық мәселені шешудегі халықаралық тәжрибе.
ОБСӨЖ жоспары:
а) Қоршаған ортадағы канцоргендік заттар.
б) Судың сапасы мен тұрғындардың денсаулығы
ОБСӨЖ мақсаты: Экологиялық мәселелерді шешудегі халықаралық тәжрибелердің жолдарымен оларды ұйымдастырудың мәселелерімен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілікке қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауын ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактор лардың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
1840 жылы Ю. Либих ( 1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық
қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелдеді.
Қазір Либих ережесі шектеуші факторлар заңы немесе Либихтың минимум заңы деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.
Экологиялық фактордың тек жетіспеуі ( минимум ) ғана емес, оның
артық мөлшері де ( максимум ) шектеуші әсер ете алады.
Минимум мен қатар максимумның да шектеуші әсері туралы түсінікті дамытқан 1913 жылы В. Шелфорд болды. Шелфордтың толеранттылық заңы деп аталады.
Экологиялық фактордың минимум заңы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапозоны толеранттылық шамасын ( шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және
ылғалдылық жатады.
Жарық. Белгілі француз астрономы К. Фламмарион ( 1842-1925)
“ Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы
күннен жаралған ” - деді. .
Биосферадағы ең маңызды процес - фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге
асырылады. Жасыл өсімдіктерде жарықта ғана жүзеге асырылады. Жасыл
өсімдіктерде ( жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар) электрондардың
доноры су ( оттегі) болып табылады. Сондықтан фотосинтез нәтижесінде оттегі түзіледі.
Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталады. Полюстер ден экваторға қарай жарықтың мөлшері артады. Жарық режимін анықтау үшін шағылысқан жарық мөлшерін де, яғни альбедо ( латын тілінен аударғанда albus - ақ) есепке алу қажет.
Альбедо дегеніміз - әр түрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті. Ол радиацияның жалпы мөлшерінен пайызбен шаққандағы мөлшері. Альбедо жарық сәулесінің түсу бұрышына және беттің шағылыстыру қасиетіне байланысты болады. Мысалы, таза қардың альбедосы -85 %, лас қар 40-50%, қарашірікті топырақ -5-14 %, ашық түсті құм 35-45 %, орман -10-18%, үйеңкінің жасыл жапырағы -10 %, күзгі сары жапырақтар -28%.
Экологиялық фактор ретінде жарыққа қатысты өсімдіктердің төмендегі топтарын бөліп көрсетуге болады: гелиофиттер ( грек тілінен аударғанда skia- көлеңке) және көлеңкеге төзімді өсімдіктер ( факультативті гелиофиттер) .
Ылғалдылық. Су тірі ағзалардың өмірдегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады. Мысалы, балдырлардың денесінің 96-98 %-ын, шөптесін өсімдіктердің жапырағының 83-86 %-ын, мүктермен қыналардың 5-7 %-ын, былқылдақ денелілердің 68-83 %-ын су құрайды. Өсімдіктердің әртүрлі түрлерінің, әртүрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әртүрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды факторлардың бірі.
Ағзалардың тіршілік ортасына бейімделу.
Тірі ағзалардың жеке дамуына, олардың қоршаған орта факторларының өзгеруіне сезімталдығы жоғары болатын кезеңдері белгілі. Мұндай кезеңдерді қауіпті кезеңдер деп атайды.
Негізгі абиотикалық факторларға жарық, температура және ылғалдылық жатады.
Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, фотосинтездің интенсивтілігіне, жануарлардың белсенділігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдерді қамтамасыз ететін маңызды фактор болып есептеледі.
Температура. Тірі ағзалардың жер бетінде таралуын анықтайтын
факторлардың бірі температура. Жылудың тек абсолюттік мөлшері ғана емес, сондай-ақ оның уақыт бойынша таралуы, яғни жылулық режим маңызды болып табылады. Өсімдіктердің денесінің өзіндік температурасы болмайды. Олардың жылу реттеуінің анатомо-морфологиялық және физиологиялық механизмдері ағзаны қолайсыз температуралардан қорғауға бағытталған.
Биологиялық ырғақтар. Жануарлар мен өсімдіктер өмірінде
температура, ылғалдылық, жарық, қысым, электро магнит өрісі, теңіздердің
толуы мен қайтуы маңызды рөл атқарады. Аталған факторларға Жердің өз
өсінен Күнді айналуы, Айдың Жерге қатысты айналуы нәтижесінде
туындайтын маусымдық және тәуліктік өзгергіштігі тән. Сонымен қатар бұл
факторлар географиялық белдеулерге байланысты заңды түрде өзгереді.
Жануарлар мен өсімдіктер ұзақ уақытқа созылған табиғи сұрыпталу
барысында белгілі бір ортаға бейімделуге мүмкіндік беретін анатомо-морфологиялық және физиологиялық және басқа да арнайы белгілер мен қасиеттер пайда болған. Әр түрдің өзіне тән жылдық циклі: өсу мен даму интенсивтілігі, көбею, қысқа және қыстауға дайындығы қалыптасқан.
Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайын биологиялық ырғақ деп атайды. Бұл ырғақтарды ішкі механизмдер ұстап тұрады. Биологиялық сағаттың көмегімен оларда әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық және басқа да ырғақтары белгіленеді.
Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни
геофизикалық табиғаты бар сыртқы ортадағы циклді өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.
Егер тиіндерді толық қараңғылық жағдайында ұстаса, бастапқыда олар бір мезгілде оянып, белсенді тіршілік етеді, біраз уақыттан соң әртүрлі
уақытта оянып, өзінің әр түрлі ырғағын сақтайды. Содан соң күн мен түннің
дұрыс кезектесуін қалпына келтіргенде, жануарлардың ұйқы мен белсенді
тіршілігінің периодтары синхронды болады. Олай болса, сыртқы тітіркендіру
( күн мен түннің ауысуы) туа пайда болған циркадтық ырғақтарын реттейді.
Глоссарий:Қолайсыз жағдайларға бейімделудің ерекше түрі - анабиоз. Анабиоз дегеніміз - тіршілік процестерінің баяулауы сонша, оларда тіршілік белгілері білінбейді. Бұл жағдай өсімдіктердің құрғақ тұқымдарында, кепкен қыналарға, қарапайым бір жасушалы жануарларға, коловраткаларға, жұмыр құрттарға, кейбір бунақ денелілерге тән. Анабиоздың көмегі мен ағзалар қолайсыз жағдайларды басынан өткізе алады.
- Альбедо
- Температура
3. Абиотика
4. Фотосинтез
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. А. К. Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым. 1997ж.
2. Е. Мамбетказиев. Қ. Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар. 1990ж.
3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.
Қосымша:
4. А. Б. Бигалиев, Е. У. Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5. Г. К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6. И. А. Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
7. А. А. Грелова. Экология. Москва. 1997ж.
8. В. И. Фурсов. Экологические проблемы окружающей среды. Алматы. 1991ж.
9. Ю. М. Одум. Экология в 2-х томах. Москва. Мир, 1986ж.
10. В. А. Радкевич. Экология. Минск. Высшая школа. 1997ж.
1. А. В. Чигаркин. Геоэкология Казақстан. Алматы. Санат. 1995ж.
2. А. С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаева, Г. З. Сауытбаева, Экология. Алматы. Ғылым. 2001ж.
3. А. К. Саданов, З. С. Сванбаева. Экология. Алматы. 1999ж.
4. В. А. Алексеенко. Экологическая геохимия. Учебник. М. Логос. 2000ж.
5. Ф. И. Гиренок. Экология. Цивилизация. Ноосфера. М. 1987ж.
6. М. И. Будько. Глобальная экология. М. Мисль. 1997ж.
7. Л. А. Муравей. Экология и безопасность жизнедеятельности. М. ЮНИТИ, 2000ж.
8. Э. В. Гирусов. Экология и экономика природопользования. М. ЮНИТИ, 1998ж.
9. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозшатаева. Экология. Алматы . Экономика. 2002ж.
ОБСӨЖ № 3.
ОБСӨЖ тақырыбы: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлері. Табиғи орта және адамның денсаулығы.
ОБСӨЖ жоспары:
а) Атмосфераның ластануы және денсаулығы тұрмыс және адам экологиясы.
б) Қолдағы экологиялық ортаның ерекшелігі.
ОБСӨЖ мақсаты: Тірі организмдердің ұйымдастырушылық денгейлерінің айырмашылықтарына. Табиғи орта және адамның денсаулығына әсер ету дәрежелерін анықтау мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Соңғы 50 жылда адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде біздің планетамыздың өзгеру дәрежесі, адамның отты пайдалана бастаған уақыттан, яғни 800 жолмен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.
Нәтижеде адамзаттың үлесіне күрт нашарлаған биологиялық жүйелер тиіп, жекелеген жануарлар мен өсімдіктердің популяцияларының келії мен жойылуы, адамзат қоғамы үшін болжамбаған теріс құбылыстарға әкелетін биосферадағы қайтымсыз өзгерістердің қаупі туып отыр.
Қазіргі кездегі адамның өмір сүру ортасының 4 компаненентін бөліп
көрсетуге болады: Оның 3-уі антропогенді фактордың әсерінен белгілі бір
дәрежеде өзгерген табиғи орта болып табылады. Төртіншісі тек
адамзат қоғамына тән әлеуметтік орта.
1. Т абиғи орта - бұл адамның әсерінен болмашы өзгеріске ұшыраған немесе өзгерістер оның өздігінен қалпына келу және өз-өзін реттеу қабілетін жоймаған орталар.
Адамның әсерінен өзгерген табиғи орта - бұларға егістік талаптары баулар, жүзімдіктер, саябақтар жатады.
2. Адамның қолымен жасалған орта - оларға тұрғын және өндірістік
ғимараттар, өнеркәсіп кешендер қала және т. б.
3. Әлеуметтік орта - бұған адамдардың бір - бірімен өзара
қарым - қатынасы, псикаологиялық акуал, денсаулық сақтау, жалпы
мәдени байлықтар және т. б. кіреді. Оның адамға әсері күннен күнге
артып отыр. Содықтан да адамның өмір сүру жағдайларының және
адамның негізгі құқықтары, соның ішінде өмір сүру құқығын жүзеге
асыруда екі аспектің - табиғи және адам жасаған ортаның маңызы артып отыр.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым қатынастарының кезеңдері.
Қоғам мен табиғаттың өзара қарым - қатынасының тарихында бірқатар ерекше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
- Палеолит -дәуірі. Адам бұл тарифи кезеңде табиғатпен бірге еді, оның тіршілік қызметі жинау мен аңшылықтан құралды. Палеолиттің ұзақтығы 2 млн. жылдан астам уақытты Альп жатыр.
- Аграрлықкезеңге адамның мәдени жер өңдеуге көшуінен басталған
- неолитдәуірі жатады. Осы дәуірден бастап егіншілік пен мал. шаруашылығының дамуына байланысты, қоғам биосфераға кошті әсер ете бастады. Ормандарды кесу, шалғындық далаларды жарту, үй жануарларын жою. Нәтижесінде ғаламшардың орасан алкен территориялары біртіндеп құмды шөлдер мен жартасты тауларға айкала бастады. Аграрлық кезеңнен бастап тарихтағы техногенні дәуір басталады, яғни адам белсенді түрде биосфераны өзгерте
бастады, табиғаттың заңдылықтарын өзінің мақсатына бағытталған түрде пайдалана бастады.
Табиғи экожүйеден ауыл шаруашылық экожүйеге дейін.
Индустриалды кезең (ол XVII - XX ғасыр ортасы) кен өндіру
салалары мен металургия қарқынды түрде дами бастады. XX ғасырдың ортасына қарай өндірістің қоршаған ортаға әсері кеңейіп, ғаламдық сипатқа ие болды.
Антропогенді экожүйелерге агройеноздар мен агроэкожүйелер жатады. Агроценоз дар ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлерде пайда болатын биоценоздар. Олар табиғи бірлестіктерден, біріншіден, құрамына кіретін түрлердің санының аз болуымен екіншіден, осы бірлестіктің негізгі мүшесі - мәдени дақылдардың зиянкестер мен бәсекелестіктің қарсы тұру қабілетінің төмен болуымен сипатталады. Мәдени дақылдар адамға пайдалы жағына қарай сұрыптау арқылы кошті өзгеріске ұшыраған, сондықтан олардың адамның көмегінсіз тіршілік үшін күреске қабілеті нашар.
Агроценоздарды адам көп қуат жұмсау арқылы Остап тұрады.
Ал табиғи биоценоздар мұндай қосымша энергия көзін қажет етпейді. Қазір ауыл шаруашылығында әр түрлі өсімдіктерді химиялық қорғау құралы пестицид тер қолданылады. Пестицидтердің көпшілігі тек зиянкес түрлері ғана емес, олардың паразиттері мен жыртқыштарын да жояды, яғни агроценоза қалыптасқан реттеуші байланыстар бұзылады.
Зиянкестердің тірі қалған бөлігі реттеушілерден босанып, бұрынғыдан да көбейеді. Тірі ағзаларды - жыртқыш немесе паразит тік бунақденелер, бунақденеқоректі немесе жыртқыш құстарды бактериялар, вирустар және т. б. зиянкестерден қорғану үшін қолдану биологиялық күрес әдісі деп аталады.
Агроэкожүйесі дегеніміз - адамның сапалы қызметімен жоспарланып, жасалған территориялар.
Ауыл шаруашылық өндірісінің қазіргі көптеген әдістері өзінің мәні жағынан антиэкологиялық - монодақылдарды өсіру, малды шектен тыс жою, улы химикаттарды кеңінен қолдану, минералды тыңайтқыштардың шектен тыс мөлшерін қолдану топырақты жаппай жырту және тағы басқалар. Бұлар экожүйелердің қалыпты қызметінің бұзылуына, құрамының қарапайымдылығына, тұрақсыздыққа және табиғаттағы апатты өзгерістерге алып келеді. Сондықтан қазіргі ауыл шаруашылығының дамуында мүмкіндігінше экологиялық заңдарды ұстану қажет.
5. Бақылау сұрақтар:
- Үш антропогенді фактор.
- Адамның өмір сүру ортасының компоненттері.
- Табиғи және адам жасаған ортаның маңызы.
- Қоғам тарихында бірқатар ерекше кезеңдер.
- Аграрлық кезең.
- Ақпараттық- экологиялық кезең.
- Агроэкожүйелер.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Негізгі:
1. А. К. Бродский. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы. Алматы, Ғылым. 1997ж.
2. Е. Мамбетказиев. Қ. Сыбанбеков. Табиғат қорғау. Оқу құралы. Аматы Қайнар. 1990ж.
3. Жамалбеков Е. Ү., Білдебаев Р. М. Жалпы топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. А. Қазақ университеті 2001 ж.
Қосымша:
4. А. Б. Бигалиев, Е. У. Джамалбеков. Қазақстан топырақ экологиясы. Алматы. 1998ж.
5. Г. К. Сагимбаев. Экология и экономика. Алматы. 1997ж.
6. И. А. Шилов. Экология. Москва. Высшая школа. 2000ж.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz