Интерференция құбылысының теориялық негіздері


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тілдік қатынастағы интерференция құбылысы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Интерференция үдеріс ретінде қостілді адамның меңгеріліп отырған тілде сөйлеуі кезінде нормадан ауытқушылықпен байланысты туындайтын қатынасқа түсетін тілдерге қатысты ережелерді қате түсінумен анықталады. Интерференцияның әр ал- уан типтерін, түрлерін қарастыра отырып, жаңа тілдік материалды меңгеру үдерісінде тілді меңгерушілер ағылшын тіліндегі тілдік бірліктердің мағынасын болжау мен ұғыну барысында бұрын меңгерген тілдердің бірін: ана тілі немесе орыс тілін тірек тіл ретінде қолданатындығына көз жеткізуге болады.

Белсенді қостілділік (қазақ және орыс) жағдайында бірінші шет тілі (ШТ1) - орыс тілі, екінші шет тілі (ШТ2) - ағылшын тілі, ал ана тілі - қазақ тілі болғанда ана тілі мен бірінші шет тіліндегі әліпбидің ортақ болуы, сөздердің белгілі бір лексикалық құрамының бірдей болып келуі оқу ережесі мен орфография және лексика-семантикалық мағына бойынша қалыптасқан білім мен дағдының екінші шет тіліне ауысуының басты себебі болып табылады. В. А. Артемовтың пікірі бойынша, перцептивтік интерференцияның қайнар көзі ана тілі мен бірінші шет тілі болады [1, 137 б] . Бірақ, қазақ-орыс қостілділігі жағдайында бұрын меңгерілген тілдердің қайсысы қаншалықты дәрежеде екінші шет тілін меңгеруде тілдік құбылыстардың бейсаналық түрде ауысуының қайнар көзі болып табылатындығы жайлы мәселе осы уақытқа дейін өз шешімін тапқан емес.

Бірінші және екінші шет тілдері батыс-европа тілдері болған жағдайда, ана тілі түркі тілдеріне жатады, бұл тұрғыда бұрын меңгерілген тілдердің қайсысы интерференцияның туындауының басты себебі болып саналады деген аналогиялық сұрақ та өз шешімін таба алмай келеді және тілді зерттеуші ғалымдар арасында таластар тудырады. Бұған қоса, осы мәселе бойынша берілген ғылыми мәліметтер қатары көп емес және қарама-қайшылыққа толы. Екінші шет тілін меңгеру жағдайында бірінші шет тілінде қалыптасқан дағдыларды тірек ретінде қолдану мен шет тілдерінің бір-біріне өзара әсер ету мәселесін көптеген зерттеушілер қарастырған (С. Т. Сайна, М. М. Копыленко, А. Е. Карлинский, Е. М. Верещагин, З. К. Ахметжанова, М. Т. Тезекбаев, Л. Н. Ковылина, А. В. Шепилова, т. б. ) .

1 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Тілдік қатынастағы интерференция құбылысы

Екінші шет тілін меңгеру жағдайында интерференция құбылысының назардан тыс қалмауы өте маңызды. Лингвистикада интерференция құбылысы тілдік қатынас негізінде туындайды. Негізінде, біздің зерттеу жұмысымызда үш тілдің: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің өзара қатынасы, олардың тілдік ерекшіліктерін ескермеу салдарынан туындайтын интерференция мәселесі қарастырылады. Интерференцияның туындау себебі тілді үйренушінің екінші шет тіліндегі сөйленіс кезінде ана тілінің немесе бірінші шет тілінің нормасына сүйеніп, жекелеген тілдер арасында оларға тән емес байланыстар мен қатынастарды орнатуымен түсіндіріледі. Сонымен, интерференция терминіне түрлі ғылым салалары бойынша берілген түсініктемелер мен анықтамаларға тоқталайық.

«Лингвистикалық түсіндірме сөздікте» интерференцияға мынадай анықтама берілген: « Интерференция (лат. inter - аралық, ferio - соғу, тигізу) - қостілділік жағдайында тілдердің бір-біріне тигізетін әсері, ықпалы. Тілдердің байланыс жасауынан немесе өзге тілді жекелей меңгеру кезінде пайда болады. Интерференция тілдік нормадан ауытқуды және екінші тілдің ана тілі ықпалына түсу көрінісін белгілейді. Интерференция тілдің барлық деңгейінде кездесуі мүмкін, бірақ фонетикада акцент ерекше байқалады. Интерференцияның негізгі қайнар көзі қатар қолданылатын екі тілдің әр түрлі жүйедегі тілдер екендігі, яғни, фонемалық құрамның әр түрлілігі, фонемалалардың әр қилылығы, интонацияның бөтендігі т. б. [2, 98-99 бб] .

«Интерференция» термині латын тілінде inter - арасы + ferens, ferentis -алып барушы, тасушы деген сөздерден шыққан [3, 199 б. ] . Әуелгі уақытта бұл термин тек физика саласында қолданыста болды. Интерференция (интер және лат. ferio - саламын, зақымдаймын, қиратамын) - когерентті толқындардың (жарық, дыбыс, т. б. ) бір-бірімен қабаттасуы нәтижесінде кеңістіктің бір нүктесінде, сол толқындардың фаза айырмашылығына сәйкес қорытқы толқын амплитудасының күшею, ал басқа нүктесінде әлсіреу құбылысы. [4, 720 б. ] . Қазіргі уақытта « интерференция» термині психология, лингвистика, шет тілін оқыту әдістемесі, нейропсихология, психолингвистикада кеңінен қолданылады. Қостілділік жағдайында бірінші шет тілін меңгеру үдерісі (ШТ1) қостілді адамның санасында екі тілдік жүйенің - ана тілі (АТ) мен шет тілінің (ШТ) өзара байланысы арқылы жүзеге асады. Ерте балалық шақта ана тілімен қатар бірінші шет тілін меңгеру кезінде тілдердің өзара байланысы үдерісінде екі тілдің моделі талқыға салынады [5, 7 б. ] . Осыған орай, тілдердің «шалыс айқасуы» екінші шет тілін (ШТ2) меңгеру жағдайында да көрініс табады. Тілдер арасындағы айырмашылыққа байланысты олардың бір-біріне ықпалы көп жағдайда екінші шет тілін (ШТ2) меңгеруге тежегіштік, интерференциялық, теріс әсермен сипатталады [6, 46 б. ] . Сондықтан, екінші шет тілін (ШТ2) меңгеру жағдайында ана тілі (АТ) мен бірінші шет тілінің (ШТ1) интерференциялық әсерін игеру мәселесі біздің еліміздегі қостілділік жағдайында шет тілін оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тілдік жүйедегі интерференцияға қатысты зерттеу жұмыстары барлық салада қолға алынуда. Алайда, оның көптеген аспектілері жеткілікті дәрежеде зерттелмеген. Интерференция мәселесіне арнайы зерттеу жүргізген Г. М. Вишневскаяның ойынша: «Қазіргі таңда интерференция құбылысының алғышарттарын тілдің барлық деңгейінде анықтайтын факторлар әлі де қарастырылмаған. Интерференция теориясында негізгі ұғымдарға қатысты ортақ пікір жоқтың қасы, сөйлеу кезінде орын алатын интерференция құбылысына жан-жақты, толық түсініктеме берілмеген және интерференция құбылысын оқытуға байланысты ортақ әдістеме мен әдіснама да болмай отыр» [7, 150 б. ] .

Дегенмен, «Тілдік интерференция» құбылысының не себепті орын алуын түсіну және оны меңгерудің тиімді жолдарын анықтау үшін оны түрлі аспектілер бойынша, яғни, психологиялық, лингвистикалық, шет тілін оқыту әдістемесі, нейропсихологиялық және психолингвистикалық тұрғыда қарастыру қажет. Мұндай тәсіл интерференцияның жалпы теориясын түсінуге мүмкіндік береді.

Психология саласында интерференция құбылысы ауысу ұғымымен байланыстырылады. Ж. Олеронның пікірінше: «Егер қандай да бір іс-әрекет өзінен кейін орын алатын іс-әрекеттің орындалуын жеңілдетіп немесе интерференциялық әсер тудыратын болса, онда ауысудың орын алатындығын білдіреді» [8, 312 б. ] . Бір жағынан оң ауысу орын алса, яғни нақты жағдаятта қалыптасқан дағды, қабілет және білім басқа жағдаятта да алғашқыда қалыптасқан қалпында көрініс табатын болса, екінші жағынан теріс ауысу орын алады. Бұл - бірінші міндетті орындаудың әсері екінші міндетті орындаудың тиімділігін бәсеңдеткен жағдайда туындайтын интерференция немесе тежегіш [9, 53 б. ] . Интерференция терминін көп- тілділік мәселеcіне байланысты ең алғаш И. Эпштейн қолданды [10, 58 б. ] . Бұл терминді И. Эпштейн өзі өкіл болған ассоциятивті психологияның терминологиялық қорынан алып пайдаланған.

С. Л. Рубинштейн интерференцияны бұрын қалыптасқан дағдылардың жаңа дағдыларды қалыптастыруда қиындық туғызатын немесе олардың нәтижелілігін төмендететін дағдылардың бәсеңдетілген әрекеттестігі деп түсіндіреді. Басқаша айтқанда психологияда интерференция деп жаңа іс-әрекетті жетік меңгеруге кедергі жасайтын дағдының теріс ауысуы ретінде түсіндіріледі [11, 559 б. ] .

Психологияда интерференция адамға тосын жағдайда өзіне белгілі моторлық және ойлау әрекеттерін қолдануға мүмкіндік беретін адам психикасындағы күрделі құбылыс ретінде түсіндірілетін дағдылар тасымалы болып есептеледі [12, 65 б. ] . Интерференцияға мұндай анықтаманың берілуі психологиядағы дағдылардың өзара әрекеті мәселесіне негізделеді. Психологтардың пікірінше, жеке дағдының қалыптасуы ешқашан өз бетінше орын алмайды, оған бұрын қалыптасқан дағдылары әсер етеді, бұл үдеріске адамның бұрыннан жинақталған барлық тәжірибесі дерлік қатысады. Дағдының қалыптасуының жалпы заңдылығы былайша түсіндіріледі: «Адам жаңа міндетті орындауы тиіс болған жағдайда, алдымен, бұрын меңгерген амал-әрекетін қолдануға тырысады. Сондықтан, ол алдына қойылған жаңа міндетті орындау үдерісінде өз тәжірібесінде бар осы іспеттес міндеттің шешімін табуда қолданған тәсілдерін пайдаланады» [13, 173 б. ] . Басқаша айтқанда, интерференция - жаңа дағдының қалыптасуына бұрын қалыптасқан дағдылардың әсер етуіндегі дағдылардың өзара әрекеті болып табылады [14, 131 б. ] . Жоғарыда қарастырылған анықтамалар бойынша мына- дай қорытынды шығаруға болады: «Бірінші шет тілін меңгеру үдерісіндегі дағдының ауысуы ана тілінде сөйлеу кезінде қалыптасқан лингвистикалық тәжірибені қолданумен түсіндіріледі». Сонымен, ерте балалық шақта ана тілін меңгеру кезінде қалыптасқан сөйлеу қабілеті мен дағдысы орыс тілін, содан кейін, ағылшын тілін меңгеру кезінде сөйлеу қабілеті мен дағдысының игерілуіне әсер етеді.

Интерференция ұғымы басқа да ғылым салаларында болғандықтан, оған лингвистикалық мазмұны жағынан берілетін анықтама өте маңызды болып табылады. Лингвистикалық тұрғыда интерференция құбылысына тілді зерттеуші ғалымдар мынадай анықтамалар береді. Э. Хауген интерференция терминіне мынадай анықтама береді: «Екі тілді меңгерушілердің сөйлеуінде пайда болатын, олардың екі немесе бірнеше тілдермен таныс болуы нәтижесінде, берілген тілдің ережелерінен ауытқушылық жағдайы деп аталады» [15, 17 б. ] . А. Е. Карлинский өзге тілді меңгеру өздігінен, яғни авто- номды түрде емес, ана тілімен өзара байланыс арқылы жүзеге асатындығын атап өтеді. Адамзат баласы қандай да бір әдеттегіден тыс іс-әрекет түріне кірісерде өзінің бұрыннан калыптасқан дағдыларын қолдануға тырысады. Ана тілі мен өзге шет тілі арасында өзара қарым-қатынас орын алады да, кейіннен меңгерілетін тілге өз әсерін тигізеді. Бұл өзара қарым-қатынас қостілді адамның сөйлеу әрекетіне оң немесе теріс әсерін тигізеді. Алғашқы тілдің екінші тілге интерференциялық әсерін қарастырудың маңыздылығы екінші тілде бірінші тілдің әсерінен туындайтын қателер санымен анықталады. Карлинский мұндай қателер барлық қатенің 70%-ын құрауы мүмкін деп көрсетеді [16, 123 б. ] . Ю. Д. Дешериев « тілішінде орын алатын интерференция − ана тілінің емес, меңгеріп жатқан тілдегі үлгілер мен формалардың өзара әсерінің нәтижесінде туындайтын нормадан ауытқу» деп анықтама береді. Ол қателердің жіберілуі тілдер арасындағы айырмашылыққа қатысты болмайтындығы жайлы атап көрсетеді. [17, 7 б. ] .

Интерференцияға берілген анықтамалар қатары өте көп, олардың ішінде В. Ю. Розенцвейгтің « интерференция - қостілді адамның контакт орнататын тілдерге қатысты ережелерді ескермеуінен болатын нормадан ауытқу салдарының сөйлеу әрекеті кезінде туындауы» деген анықтамасы ерекше назар аудартады [18, 4 б. ] . У. Вайнрайхтың пікірінше: «Қостілді адамның сөйлеу әрекетінде тілдік контактінің нәтижесі ретінде байқалатын қос тілдің нормаларынан ауытқу жағдайын интерференция құбылысы » болып есептеледі» [19, 22 б. ] . Л. И. Баранниковa интерференция құбылысына мынадай анықтама береді: « Интерференция - бір тілдің екіншісіне әсер етуі салдарынан болатын тілдегі құрылым мен құрылым элементтеріндегі өзгеріс» [20, 88 б. ] . Сонымен қатар, Е. М. Верещагиннің пікірі бойынша: « Интерференция - бір немесе одан да көп тілдердің нормасынан ауытқу, бұл қостілді адамның сөйлеу кезінде орын алатын ішкі бақылауға келмейтін үдеріс» [21, 19 б. ] .

Осы анықтамалар негізінде интерференцияның басты белгілерін ажыратуға болады. Интерференция теріс құбылыс ретінде сипатталады, ол ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге кері әсері ретінде интерференцияның шектелуіне негіз болса, трансференция ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге оң әсері деп түсіндіріледі. Сонымен, интерференция - тілдік қатынастар үдерісінде туындайтын сөйлеу әрекетінің құбылысы, бірақ генезис бойынша тілдік жүйемен байланысты. Тілдер арасындағы айырмашылық интерференцияның туындауына негіз болады.

Шет тілдерін оқыту әдістемесінде интерференция «шет тілінің жүйесін жетік меңгеруде қиындық тудыратын ана тілінің меңгеріліп жатқан тілге тежегіштік әсері ретінде бұрынғы лингвистикалық тәжірибесінің бейсаналы түрде теріс ауысу нәтижесі» болып есептеледі [22, 152 б. ] . Осыған сәйкес, әдістемелік көзқарас бойынша, интерференцияға ана тілінің теріс әсері нәтижесінде тілді меңгерушілердің үйреніп жатқан тіл нормасындағы айырмашылықты ескермеу салдарынан шет тілінде сөйлеуде орын алатын құбылыс деп анықтама беруге болады. Басқаша айтқанда, интерференция ана тілінде бұрын игерілген сөйлеу қабілеті мен дағдысының меңгеріліп жатқан тілдегі жаңа қабілет пен дағдының қалыптасуына теріс әсерінің нәтижесі. И. А. Ершова шет тілін оқыту әдістемесінде тек теріс емес, сонымен қатар, оң мағынаны да білдіретін (дағдының оң ауысуы) лингвистикалық интерференция мен дағдылар интерференциясының айырмашылығын білудің қажет екенігін атап көрсетеді [23, 78 б. ] . Ана тілінің меңгеріліп жатқан шет тіліне әсері жаңа қабілет пен дағдыны қалыптастыруды жеңілдетіп оң немесе жаңа қабілет пен дағдыны, білімді меңгеруге қиындық тудырып теріс болады. Осыған сәйкес, әдістемелік әдебиеттерде ана тілінің шет тіліне оң әсері «транспозиция» деп аталса, ал теріс әсері, жоғарыда аталып өткендей - «интерференция» деп аталады.

Психолингвистикалық тұрғыда интерференция дегеніміз бір тілде қалыптасқан дағдының екінші тілге ауысуы. Бір тілден екінші тілге дағды мен қабілеттің ауысуы салдарынан тілді меңгеруде және жаңа дағдыны қалыптастыруда қарама-қайшылықтар мен қиындықтар туындайды. Демек, екінші тілді меңгеру барысында жаңа тілдік дағдының қалыптасуына бірінші тіл ерекше әсер етеді. Бұл тұрғыда А. А. Залевская тұлғаның бірінші тілдік білімінің күнделікті қолданыс нәтижесінде дағдыға айналып, механикалық сипатқа ие болатынын айтады. Бірінші тілдің механикалық сипатта әрекет етуі екінші тілдің меңгерілуі барысында да оның механикалық түрде араласуына әкеледі. Жалпы тілдің меңгерілуі күнделікті практика барысындағы қайталанулар арқылы тілдік дағдының қалыптасуымен және оның механикалық сипатқа ие болуымен танылады. Тұлғаның бұрын қалыптасқан бірінші тілдік дағдысының екінші тілді меңгеруде ауысып қолданылуы оң, сондай-ақ теріс ауысу болуы мүмкін [24, 31-41 бб. ] .

Екінші тілді меңгеру барысында бірінші тілдің ықпалы негізіндегі ауысудың оң я теріс болуы осы өзара әрекеттестікте табылып отырған тілдердің (яғни, бірінші және екінші тіл) жүйелеріне, грамматикаларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға байланысты. Бірінші тіл мен меңгерілетін екінші тілдің тілдік жүйелеріндегі ұқсастықтар оң ауысуға негіз болады. Тілдердегі ұқсастықтар тілдердің барлық деңгейлерінде кездесуі мүмкін. Керісінше, тілдердегі айырмашылықтар теріс ауысуға, яғни интерфе- ренция құбылысының орын алуына алып келеді. Г. В. Колшанскийдің пікірі бойынша: « Интерференция - ана тілінің немесе бұрынырақ меңгерген шет тілінің ережелер жүйесінің ықпалынан үйреніп жатқан тілдік ережелер жүйесінің өзге жүйемен алмасуы» деп есептейді. Ауысудың танымдық негізі адамзат баласының сөйлеу қабілетінің әмбебаптылығы болып табылады. Сөйлеу іс-әрекетіндегі көптеген операциялар барлық тілдерде сәйкес болып келеді және әрбір тілді меңгеруде ортақ түсіндірілетін қағидалар бұрыннан меңгерілген тілден ауысады [25, 59 б. ] .

ҚОРЫТЫНДЫ

Магистрлік диссертация жұмысында қазақ-орыс қостілділігі жағдайында студенттердің ағылшын тілін меңгеру үдерісінде орын алатын интерференция құбылысының рөлі қарастырылады. Бірінші және екінші шет тілдері батыс-европа тілдері болған жағдайда, ана тілі түркі тілдеріне жатады бұл тұрғыда бұрын меңгерілген тілдердің қайсысы интерференцияның туындауының басты себебі болып саналады деген аналогиялық сұрақ та өз шешімін таба алмай келеді және тілді зерттеуші ғалымдар арасында таластар тудырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерференция құбылысы
Қазақ - ағылшын тілдеріне тән болжамды фонетикалық интерференцияның көрінісі
Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетика - фонологиялық жүйесіне контрастивті сипаттама
Жарық интерференциясын бақылау әдістері
Қазақ тілінің мекен ұғымын білдіретін тілдік бірліктері
Мектепте оптика бөлімін оқытудың мәселелері
«Оптиканың қызықты құпия сырларын оқушылардың өздігінен оқуын ұйымдастырудың жолдары»
Жарықтың толқындық қасиеттері
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Кроссинговердің механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz