Биогеоценоз және экожүйе туралы түсінік


ДӘРІСТЕР

«OSSBR 6301» - «ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАНТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ» ПӘНІ

1 Дәріс (Д. )

БИОГЕОЦЕНОЗ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

1. БИОГЕОЦЕНОЗ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А. Д. Тенсли ұсынды. А. Д. Тенсли экожүйе құрамына организмдер де, абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз» ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т. б. ) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т. б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі) ; - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ) ; - макроэкожуйе (континент, мұхит) ; - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы) .

2. ЭКОЖҮЙЕ ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕЛЕР ТИПТЕРІ

Ю. Одум (1986 ж) табиғи экожүйелердің үш түрін бөледі: жер беті (тундра, тайга, дала, шөл т. б. ), тұщы су (көлдер, өзендер, батпақтар) және теңіз (ашық мүхит, өзен құйылыстары) экожүйелері. Бұл классификацияның негізінде өзіне тән белгілері, мысалы, жер беті экожүйесі үшін - өсімдіктер жамылғысы, тұщы су экожүйелері үшін - судың физикалық қасиеті жатыр. a Юджин Одум (1913-2000) . В. Н. Сукачёв (1880-1967)

2 Дәріс

ӨСІМДІК ЖАБЫНЫ ЭКОЖҮЙЕНІҢ (БИОГЕОЦЕНОЗДЫҢ) ҚҰРЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ.

Қарастырылатың сұрақтар:

1. Табиғаттағы және адам өміріндегі жербеті флорасының маңызы:

а) табиғаттағы және адам өміріндегі жербеті флорасының маңызы;

б) Табиғаттағы жіне адам өміріндегі ормандардың маңызы;

2 Жербеті флорасы қорғау объекті:

а) Шалғындар мен жайылым өсімдіктері қорғау объекті;

б) орман өсімдіктері қорғау объекті.

1. ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЖЕРБЕТІ ФЛОРАСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Өсімдіктер жер бетінде өмір сүрудің, даму мен көркеюдің бірегей көзі болып есептеледі, үйткені олардың фотосинтезді жұзеге асыратан қасиеті бар (7. 1. сурет Степановских) . Фотосинтез жер бетінің барлық жерінде жүріп жататындықтан олардың жиынтық эффекті орасан зор.

а) өсімдіктер биосферадағы органикалық өнім нәтижесі (өндрушілер) бола тұрып, барлық басқа организмдердің өмір сүруін қамтамасыз етеді, трофикалық пирамиданың негізі болып есептеледі (7. 2. сурет Степановских) .

Олар құнды тамақ өнімдерінің көзі, өндіріс пен құрылыстың шикізатыболып есептеледі.

б) атмосферада ауа газ құрамының қалыптасуы да өсімдіктерге тікелей байланысты болады.

2. Өсімдіктер топырақтың құнарлылығың қамтамасыз етеуші маңызды болігі болып есептелетін шіріндінің қалыптасуына қатысады (7. 3. сурет Степановских) . Өсімдіктер топрақтың құнарлылығына әсер ететінминеральдық түздардың топырақта тұрақты сақталуында қамтамасыз етіп тұрады (7. 4. сурет Степановских) .

3. Өсімдіктер өзімен жақын өзара қатнастаболатын климатқа, суға, жануарлар дүниесіне де үлкен ісер етіп тұрады (7. 5. сурет Степановских) .

4. Биоқұндылық (биоценоз), экосистема, олардың морфологиялық және функциялық құрылымы, олардың компоненттерінің биоқұндылық іс әрекет көпшілігінде өсімдіктер сипатына тәуелді (7. 6. сурет Степановских) .

5. Адам өмірінде де өсімдіктер оте маңызды:

а) ең алдымен өсімдіктер адамның өмір сүру ортасы.

б) жабайы өсетін флора ауылшаруашылығындағы мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығарудағы селекциялық жұмыстарда пайдаланатын бағасы зор генетикалық фонд. Бүгінгі кезде әлемдегі тамақтық заттардың ұқ пайызын құрайтын өсімдікретдің көбі жабайы өсімдікретді мәдени өсімдіктерге айналдыру рақылы алынған (7. 7. сурет Степановских) .

в) жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктер адамға қажетті витаминдердің көзі болып есептеледі ( кесте 7. 1. Степановских) . Бүгінгі дүниежүзілік нарықта дәрілік өсімдіктердің мыннан аса түрі айналымда жүр. Олардың ішінде женьшень тамыры, элеутерокок, май меруертгүлі, көктемгі горицвет, тағы басқаралары.

6. Өсімдктердің индикаторлық ролі де көніл аударуға тұрады. Кәзіргі кезде индикатор өсімдіктерді геологтар, гидрологтар, жерреттеушілер, топырақ зерттеушілер, климатологтар, археологтар өзінің зерттеулерінде пайдаланып отырады. Мисалы осімдіктердің комегімен алмастар жасырынып жатқан кимберлит түтіктерін табуға болады. Өсімдіктер топырақ құнарлылығының индикаторы қызметін де атқарады. Өсімдіктер ластану индикаторы да болуы мүмкін. Жапырақтың шеті құрғауы, бояуның өзгеруі, өсімдіктерде ақ таңдақтар пайда болуы қоршаған ортада қауыпты ластаушылар бар екенін кқрсетеді.

7. Өсімдіктер зиянды заттарды зиянсыздандыруды жүзеге асырады. Кейбір зияндызаттар цитоплазмамен байланысып белсенділігін жояды, кей біреулері өзгеріске ұшырап зиянсыз өнім болып өзгеріп, зат айналымына қатысады.

8. Өсімдіктер микроағзалардың іс-әрекетін бәсеңдететін заттар бөліп шығарады. Оларға антибиотиктермен фитонцидтер жатады. Аршаның бір түрі (можжевельник) тәулігіне 30г ұшатын заттар шығарады, ол фитонцидтердің 1 гектардан шығатын мөлшері үлкен бір қаланың барлық көшелерін микробтардан тазарта алады.

9. Адам үшін өсімдік адамға психологиялық әсер ететін эстетикалық ләззат алу көзу болып есептеледі. Тигізетін пайдасы мен салыстырғанда өсімдіктің келтіретін зияны мардымсыз ғана болады. Кейбір өсімдік түрлері арам шөп түрінде өңделген жерге яки жайылымға тарап кетеді. Кейбір жерлерде су қоймалары мен каналдарда өсіп қаптаған өсімдіктер мен күрес жүргізу керек болады. Көлдерді су өсімдіктерінің қаптап өсуі балықтардың жазда қырылуына себеп болады. Өсімдіктердің кейбір зиянды әсерлері де белгілі (уланып қалу, жара пайда болуына себеп болу) және шаруашылықтағы зияны (кеменің түбін мүк басуы, жолдарды шөп басуы т. б)

Бірде бір өсімдік түрін жойып жіберуге болмайды. Өсімдіткің мүмкін қажеттілік принципі есте сақталуы керек. Қазірде барлық организімдердің генафонды - бағасы зор эвалюциялық сый, адамның іс-әркетінің аумағындағы ғылыми техникалық прогресті бағыты оларды дұрыс пайдалану ісіне тікелей тәуелді.

Б) Табиғат пен адам өміріндегі орманның маңызы.

Жердегі өсімдіктер ресурстарының ішінде орманға ерекеше орын беріледі. Жер шарында орман алқабы 4 млрд гектар, оның жартысы тропикалық ормандар. Ең үлкен орман алқабы бар, ағаштың ең көп қоры бар (тропикалық ормандардан басқа) елдер Ресей, Канада, АҚШ, Швеция, Финляндия және Франция.

Орманның маңызы:

1. Су қорғау - олар буланудың, жер беті және жер асты су ағысының көлеміне, тұтас алғанда, су балансына өзендердің гидрогиологиялық режиміне тікелей әсер етеді.

Ашық жерлерге қарағанда орманда қар қалың болатындықтан, топырақ аз ғана тереңдікте ғана тоңазиды, қар байау ериді, топырақ ол кезде еру жағдайында болады да, қар суын жақсы сіңіреді, орман төсеніші судың жақсы сіңіруіне жағдай жасап, жаңбырмен еріген қар сулары топыраққа жақсы сіңеді. Оңдай өзіндік сорып алғыштардың ( губки) әр шаршы метрі оңтүстік тайга жағдайында 6 кг жаңбыр суын жұта алады. Жазда төсеніш( постилка) топырақтың жылынуын азайтатындықтан онда ылғалдың сақталуына жағдай жасайды.

Орман алқаптарында жер асты сулары, өзендермен бұлақтарды сумен біркелкі қамтамасыз етіп тұрады. Ормандар өзіндік табиғи су қоймаларының ролін атқарады. Ормансыз аймақтарда топырақтың ылғал сиымдылығы төмендейді, қарды ашық жерден жел айдап жарларға, сайларға жинап тастайды, топырақ үлкен тереңдікке дейін тоңазиды, көктемде еріген қар сулары далалардың ылғал қорын көбейтпей тоңып тұрған егістіктің үстімен ағып кете береді.

2. Орманың егіс даласының қорғау маңызы. Ормандар жерді жел және су эрозиясынан қорғайды, жер беті су ағуын азайтады. Бұл топырақтың ағып кетуі мен көшіп кетуіне кедергі тудырып құрғақшылық пен ыстық желдерден қорғайды. Орман топырақты жел ұшырудан қорғайды, қозғалмалы құмдарды жақсы бекітеді. Орман алқаптарында өзендерге су қоймаларына толғандарға саз жиналмайды. Орман мен қоршалған далаларда ылғал жинақталады. Орманмен қоршалған егістіктердің микроклиматтық жағдайы қолайлы, онда температураның амплитудасы желдің жылдамдығы азырақ, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жоғарырақ қорытындысында егіс түсімі көбірек. Экологиялық көзқарас бойынша жасыл массивтер қоршаған ортаның сақшылары мен қорғаушылары болып есептеледі. Ағаштардың «тасасында» шөптер мен бұталар өсіп әсіресе таулы аудандарда топырақты дәйекті қорғап, көшкін пайа болуына кедергі жасайды.

3. Ормандардың ауа қорғау маңызы. Атмосферадағы фотоцинтездік оттегінің жартысынан көбі ормандар мен жеткізілетіні бұл күнде анықталды. Жыл сайын 30-35млрд тонна көмірқышқыл газын ассимиляциялайды сонымен қатар 20-23 тонна органикалық массаны өңдейді. Сөйтіп ормандар атмосфера ауасының газ құрамын реттеуде де басты рөл ойнайды. Сондықтан орман алқаптарының азаюы атмосфера мен мұхиттың көмір қышқыл оттегі баланысына жағымсыз әсер етед. Ормандар химиялық әсіресе газ жасалудағы атмосфералық ластануды белсенді түрде өзгертіп жібере алады. Ең көп қышқылдандыру қасиетіне ие орман, қылқан жапырақты орман, сонымен қатар жөке қайының вербалардың кейбір сорттары. 10 кг жапырағы бар 1 ағаш 500 г күкірттің қос тотығын 250 г хлор тотығын және 50-60 г фтор тоығын өзгертіп жібере алады. Ормандар ауаны шаң мен микроорганизмдерден тазартады. Орманың 1 гектары тәулігіне 18 млн куб м. ауаны тазартады. Қоңыржай белдеу орманның әр гектары жасы мен түр құрамына байланысты 30-да 40 кг-ға дейін шаң ұстап қала алады.

4. Ормандардың сауықтыру маңызы. Жапырақты орманның 1 га 2 кг қылқан жапырақты орманның 1 гектары 5 кг фитонцидтер бөліп шығарады. Сондықтан самырсын орманында 700 микроорганизм болады, ал таза операция палатасында 1000 микроорганизмнің болуы мүмкін деп есептеледі. Орман алқабы үлкейген сайын ауа таза түседі. Ағаш желектері темперетураны айтарлықтай өзгертетді. Орман мен ашық жердегі ауа температурасының айырмасы 7-8 градусқа жетеді. Күн радиациясы төмендейді. Орман төсеніші радиактивтік заттарды жұтып алып зиянсыздандырады. Ағаштар шу деңгеін төмендетеді оның 26 %жұтып алып 74% шашыратып жібереді.

5. Қалалардағы орманың рөлі. Ормандар қалалардың инженерлік жақсы жабдықталуында үлкен рөл ойнайды, жар жасалуымен күресте қар тоқтату тілітерінде, санитарлық қорғау зоналарында рөлі зор.

6. Орманның жерді рекультивация жасаудағы рөлі.

Орман жерді рекультивация жасаудың жақсы тәсілі. Бос қалған тау жыныстары үйінді төбелерін жаймалап, үстіне саз жәйіп, құнарлы топырақ төсеп ағаш отырғызады. Көптеген тау жынысы үйінділерінің үстінде адам қолымен жасалған тоғайлар өсіп тұр.

2. ЖЕР БЕТІ ФЛОРАСЫ ҚОРҒАУ ОБЪЕКТІ.

Қорғау объекті ретінде су, топырақ, жерасты, жерүсті өсімдіктері деп бөлуге болады.

Су өсімдіктері, су коймалары өмірінде, суларда тіршілік ететіндер өмірінде үлкен роль ойнайды, бірақ адамдар оларды аз пайдаланады.

Топырақ өсімдіктері - бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар (грибоктар) топырақ түзілуде және оның қүнарлылығының артыунда үлкен роль ойнайды.

Жербеті осімдігінің 500 мыңнан артық түрі бар (оңын 300 мыңы өсімдіктердің жоғарғы түрлері), олар адамдар жағынан көп қолданылып, түрлі әсерлерге үшырайды.

Планетамыздағы өсімдіктердің 30 мың түрі осы кездің өзінде жоғалып кетті. Соңғы 200 жыл барысында жоғарғы өсімдік түрлерінің адамның әсерінен жоғалып кетуі 7. 2 таблицада көрсетілген. Күнделікті әлемде жабайы осімдіктердің бір-екі түрі жоқ болып кетіп жатыр. Ал өсімдіктің бір түрі онбір (11) түрлі жануарлардың өмір сүруін қамтамасыз ете алады (тропиктік орманда 20 түрін) . XX ғасырдың аяғы мен XXІ -ғасырдың басында бұкіл әлемде өсімдіктердің 25-30 мың түрлері қорғауды қажет етеді, бүл бүкіл әлемдік флораның 10 % (пайызы) .

Қазақстан Республикасында жер қорының (фонд) жалпы аумағында (272, 5 млн га) 60% (пайызға) жуығын белгілі бір өсімдіктер жауып жатады, оған ормандар да кіреді. Республика территориясының орта есеппен 4, 2% (пайызын) орман алып жатыр деп есептеледі, бірақ кейбір облыстарда (Ақтөбе, Атырау) орман 0, 03% (пайызды) сыртына алса, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстанда 14% (пайыз) жерді алады. Өсімдіктердің 5700 (бес мың жеті жүз) түрі кездеседі.

ІІ 1. Шалғындар мен жайылым өсімдіктерді қорғау обьектісі.

Шалғындар мен жайылымдар табиғи жем-шөп беретін аймақ. Жайылымда мал жайылып жүріп тамақтық зат алады. Табандықтан шөпті адам шауып жинайды. Шабындық пен жайылымның адамның шаруашылық тәсілдері айырмашылығының басқа экологиялық белгілері жөнінде де айырмашылығы бар. Жайылымның шабындықтан айырмасы мал отарларының әсеріне ұшырайды, бұл топыраққа, шөптің өсуіне т. б. табиғи комплестің компоненттеріне әсер ететін экологиялық фактор.

Қазақстанда барлық ауылшаруашылық жері аумағының 70% (пайыз) мөлшері - табиғи жайылымға тиеді. (182 бүтін оннан 2га-182, 2га), бұл бүкіл (СНГ) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жайылымының аумағының 55% алып жатыр.

Жайылымның 75% шөл және жартылай шөл түрінде, оның ішінде: жазғы 31, 5%, көктем-жазғы 40, 7% (қырық бүтін оннан жеті пайыз), жыл бойғы 14, 9%. Республика жерінің 60% (пайызынан) артығын (124, 6 млн га) шөл мен шөлейттер алып жатыр. Шөлдер ерте заманнан бері малдың көп түріне (кой, түйе, жылқы) жайылым аймағы болып есептеледі. Шөлдердің көп жерінде мал жыл бойы жайылымда болады. Шөлдегі жайылымды өсіп тұратын шөптердің сипатына қарай мал жылдың әр мезгілінде тамақтық заттың көп мөлшерін тауып жей алады: бір жайылымда көктемде, басқа жайылымда қыста т. б. Сондықтан жайылымдардың жыл мезгілдерінде пайдалану айырмашылықтарына байланысты көктемгі-жазғы-жайлау, күзгі-күзеу, қысқы-қыстау болып бөлінеді. Егер жайылым алқаптары ескеріліп, ондағы жем-шөп қоры есептеліп, жайылым айналымының дұрыстығы сақталса (ол малдың бір түрлі жайылымнан екінші түріне ауысып отыруы) онда жайылым бұзылудың орнына жақсара түседі. Егер жайылымның бір бөлігі пайдаланылмай екінші бір бөлігінде мал артықша шоғырлана берсе жайылым нашарлай бастайды. Мал жаю кезіндегі шалғын бірлестігінің өзгеруі жайылым дигрессиясы деп аталады. Түріне, санына, жайылымда болу уақытының ұзақтығына, қайта жаюдың жиілігіне байланысты жайылымға мал әр түрлі әсер етеді. Жайылым дегрессиясы нәтижесінде шөп жамылғысы қатты бұзылса оны орнына келтіру қажет болады. Көп жағдайда ол үшін 3-5 жыл мал жаюды тоқтату керек. Сонда жайылым соңғы демуптация (орнына келу) деп аталатын автогендік сукцессия жүзеге асады.

Егер шөптің 10% (пайызы) жоғалып, топырақ беті тақырланып қалса, түбегейлі жақсарту жұмысын жүргізіп, шөп егу керек. Сапасы жоғары жайылымдарды системасыз қарқынды (интенсивно) пайдалану 50-60% аумақтағы шөп түрлерінің құрамы мен шөп шығымының (травостой) нашарлауына алып келді, ал толық деградацияға түскен жер мөлшері 15 млн га жетті. Жайылымның суландырылуы 63%-ді құрайды. Бұл малдың суландырылған аймақтарға шоғырландырылып, деградация процессінің күшеюін тудырады. Сонғы 10 жылда деградацияланған жайылым аумағы көбейіп, 63 млн га жетті, бұл жайылым аумағы үштен бір бөлігі. Жақын арада жел эрозиясы, т. б. процестер салдарына 100млн га жайылым деграцияға ұшырайды деп болжануда. Тақырланған жайылымның ауданы 25млн га. 48млн га жайылым шөлденуге ұшыраған. Қазіргі кезде 15млн га жайылым ауылшаруашлық айналымынан мүлде шығып қалған, бұл елді мекендер мен суаттардың маңында орналасқан ең құнды жерлер.

Шөп шабыс кезінде дегрессиядағы сияқты болып шалғын бірлестігі өзгермейді. Шалғы өсімдіктері үшін шөп шабу ритмикасы үйреншікті нарсе (7. 10 сурет) . Практика көрсеткендей шалғындарға тиімдісі шаруашылықтарда шөпшабыс айналымын ұйымдастыру, ерте, орта, кеш шөп шабу бірін-бірі алмастырады, шаруашылық жерінің әр түрлі бөліктерінде шөп шабу уақыты белгіленеді. Бұл өсімдік түрлерінің әртүрлілігін және шалғындарда шөп түсімінің молдығын қамтамасыз етеді.

Қ. Р-сында шабындықтардың көлемі соңғы он жылда 0, 7млн гектарға қысқарып, 5, 1млн га болды. Гидротехникалық құрылыстар салу, өзендер мен көлдердің суын жер суғаруға пайдалану аңғарлардағы қойма су режимін өзгертті.

Сырдария мен Шу бойындағы қамыс, құрақ батпақтары мен шабындықтар жойылып кетті, Жайық (Урал) өзенінің деңгейі күрт төмендеді. Ертіс суының көктемгі жіберілуі азайғандықтан аңғар шалғынының шөп түсімі гектерына 4-5 центтерге дейін азайды.

ІІ 2. Орман өсімдіктерінің қорғау обьектісі.

Орман компоненттердің өзара байланыста және өзара әрекетте болып, динамикалық тепе-теңдікте, орнына келу мен жаңаруда заттар мен энергияның ерекше байлансы бар, процестердің динамикалық жағдайын тұрақтылыққа бағыттайтын (тенденция) географиялық шартттылығымен (обусловленность) ерекшеленетін табиғи система.

Ормандардың жайылуы биосфераның тұрақтылығын төмендетіп, су тасқынының, селдің, су эрозиясының, шаңды борандардың, құрғақшылықтардың, ыстық желдер соғуының үдеуін туғызады, шөлге айналу процестерін тездетеді.

Орман алқаптары төмендегі жағдайларға байланысты азаяды:

1. Көп мөлшерде ағаш дайындау;

2. Орманды кесіп, жерді ауылшаруашылығына пайдалану;

3. Өрттердің салдарынан;

4. Қоршаған ортаның ластануы салдарынан;

ЮНЕП мағлұматы бойынша дүниежүзілік орман алқабы 25млн га қысқарады, ол құрлық алқабының шамамен 1% (пайызы) . Оңтүстік Американың «Жер өкпесі» деп аталатын тропикалық орман мосивтері жыл сайын қысқаруда, бұл жағдай бүкіл ғаламдық (глобалный) экологиялық апат туғызуы мүмкін.

Европа континентінде де орман жағдайы қанағаттанғысыз. Өндіріс шығындылары мен Австрияда орманның 30% (пайызы), Германия, Чехия, Словакия, Польша ормандарының 50% (пайызы) зияндалған. Ластануға сезімтал шырша, қарағай, самырсын ағаштарымен қатар, аа сезімтал емес бүк пен емен де зақымдала бастаған. Скандинавия елдерінің ормандары басқа Европа елдері атмосфераға шығарып жіберетін күкірттің қос тотығының ерітілуі (растворение) нәтижеінде пайда болатын қышқыл жаңбырлар нәтижесінде қатты зияндалады. Осыған ұқсас АҚШ (США) тасымалданып келетін ластану Канада ормандарын да зақымдауда. Осындай ластануда уйеңкі (клен) ормандарындағы ағаштардың 70-80% (пайызы) апат болады.

Ормандарды рекреациялық пайдалану да деградация туғызуы мүмкін. «Рекреация» деген сөз аударғанда демалу, адам күші қалпына келу дегенді білдіреді. Орман алқаптарында рекреациялық салмақ өіп келеді, ол орман сапасының нашарлануына кей жағдайларда толық деградацияға түсуіне әкеліп отыр.

Қала маңындағы ормандардың санитарлық-гигеаникалық су және топырақ қорғаушылық функциялары төмендеуде, олардың эстетикалық бағасы азаюда.

3 Дәріс

ЖЕРБЕТІ ФЛОРАСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ, ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ, ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ҚОРҒАУ.

Қарастыралытын сұрақтар:

1. Шалғындар мен жайылымдары тиімді пайдалану, қайта қалпына келтіру, қорғау.

2. Ормандарды тиімді пайдалану, қайта қалпына келтіру, қорғау.

3. Бағалы шаруашылық және сирек кездесетін өсімдік түрлерін қорғау.

4. Өсімдіктерді заңды қорғау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогеоценоздар
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы.
Экожүйе құрылымы
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Экожүйедегі өнімділік пирамидасы және энергия ағыны
Экожүйенің жіктелуі
экологиялық жүйе құрылымы
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйелер туралы түсініктер
Экологияның теориялық негіздері
Биоценез, биогеоценоз туралы түсініктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz