Заңды тұлғаларды несиелеу туралы мәлімет



Кіріспе 3
1 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негізі 6
1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің және олардың ерекшеліктерінің экономикалық мәні 6
1.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру үрдісінің кезеңдері 13
1.3 АҚ «Банк ЦентрКредиттің» несиелік саясаты негізінде заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау 19
2 АҚ «Банк ЦентрКредиттің» тәжірибесі негізінде заңды тұлғаларды несиелеуге талдау жүргізу 28
2.1 АҚ «Банк ЦентрКредиттің» қаржылық жағдайы 28
2.2 ЖШС«Спецзаказ» шарап өндіру зауытын несиелеу тәжірибесін талдау 39
2.3 АҚ «Мегатрон» хром компаниясын жобалық несиелеуіне талдау жүргізу 55
3 Коммерциялық банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі мәселелері мен оны дамыту жолдары 72
3.1 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктер 72
3.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары 75
Қорытынды 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79
Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында қазіргі таңда коммерциялық банктердің қызметтерінің деңгейін жоғарлату, сапалы банк қызметін көрсету міндеті тұр.
Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындауын абстрактау қажет.
Банк көрсететін қызметтердің ішіндегі көп үлесті несиелеу қызметі құрайды. Несиелеу – бұл банк қызметінің тәуекелді және табысы жоғары түрі. Банк қызметінің маңызды саласы ретінде ұлттық экономиканың дамуына ерекше әсер етеді. Сонымен қатар банк несиесі өз қызметі мен құрылымын көрсететін мақсатты жағдайларға да әсер етеді. Әр мезетте бұл жағдайларды жүйелеу және олардың несиелеу кезеңіне әсерін түсіну ғылыми және тәжірибелік қызығушылықты туғызтады.
Тұлғаларға несие беру ішінде заңды тұлғаларды несиелеу саласы 71 % үлесті құрайтындықтан, экономикамыздың өркендеуі үшін заңды тұлғаларға несие беруге ерекше назар аударуымыз қажет. Басты назар банк пен клиенттер арасында бір-біріне деген сенімділіктің болуында.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, банктің негізгі қызметі - қаржыны жинақтап және оны болашақта тиімді орналастыру. Банктің несиелік қоржыны жылжымалы және өзгермелі. Бұлай болу себебі жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен және қаржы нарығының дамуы негізінде банк өткізілетін операциялар тізбесі кеңейуімен байланысты. Бірақ нарықтық экономикаға өткендіктен, несиелік қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты экономикалық басқару әдістерінің маңызы артты. Бұндай жағдайда банк жұмысы толықтай материалдық қызығушылыққа шартталған есептілікке қарай құрылды. Сондықтан, жоғарғы табыс пен төменгі тәуекелге негізделген банк қоржынын құру көкейкесті мәселе болып табылады.
Туындайтын несиелік тәуекелден құтылу үшін банк несие алушы мен несиені беру жағдайын мұқият талдап, қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына ылғи бақылау жүргізтеді.Бұл көрсетілімдер банктің несиелік қызметін нақты қарыз алушы тұрғысынан қарастырады. Сонымен қатар, толықтай несиелік қоржын жағдайына да көңіл бөлу қажет.
Банк несиені ұйымдастырудың бәсекелік жағдайында жоғарғы деңгейге жетуге қызығушылық білдіреді. Сол үшін банк қызметкерлері тек қана теориялық тұрғыдан біліп қоймай, сондай-ақ шетел банктері қолданатын несиелеу әдістерін, несиелеу саласындағы жоғары нәтижеге жетуге бағытталған өзіндік программаларды өңдеп, тәжірибелік тұрғыдан үйренгендерін қолдана білуі тиіс.
1. «Қазақстан Республикасының банк және банк қызметі туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығы (06.03.1996; 11.07.1997 жылғы өзгерістер мен қосымшалар есебімен)
2. « Қазіргі кезеңдегі кредиттік іс» Оқу құралы / Хамитов Н.Н. – Алматы: «Экономика», 2009.- 25 бет.
3. Ақша, кредит, банктер: Оқулық / Сейітқасымов Ғ.С.- Алматы: «Экономика», 2006.-480 бет.
4. Банковское дело: Учебник /Под. ред. Г.Н. Белоглазовой, Л.П. Кроливецкой. – М.: Финансы и статистика, 2005. – 592 б.
5. АҚ «Банк ЦентрКредиттің» Несиелік саясаты, 23.05.2009ж., № 151.
6. Лаврушин О.И. Банковское дело: учеб.для студ.вузов, обуч. по экон.спец. Изд. 4-е, стер. - М.: КНОРУС, 2006 – 766б.
7. «Акционерлік қоғамдар туралы» Заң. 13.05.2003 жылдан №415 (29.12.2009ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
8. «Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы» Заң. 22.04.1997 жылдан №220 (20.01.2010ж. жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
9. «Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері», Алматы 2007ж, Секрет+сервис орталығы, 116 бет.
10. Өсербайұлы С., Турлыбекова А.Ж., Корпоративтік қаржы:Оқу құралы. – алматы: Қазақ Университеті, 2009. -11б.
11. Мақыш С.Б., Банк ісі: Оқулық, Алматы:Жеті жарғы, 2009ж.-282-б.
12. «ҚР Банктік Құқық », Алматы, Жеті жарғы баспасы, 2004ж /395-408б/.
13. АҚ «Банк ЦентрКредиттің» ірі компания жобалары бойынша эксперттік қорытынды даярлауға арналған методикалық ұсыныстар.
14. Хамитов Н.Н. Банк ісі: лекциялар курсы, Алматы: Экономика, 2006. – 215б.
15. Балабанов И.Т. Банки и банковское дело: Учеб.пособие. – СПб.: Питер. 2006 – 253б.
16. АҚ «Банк ЦентрКредиттің» жеке сайты, www.centercredit.kz
17. Қазақстан Республикасының есеп және статистика агенттігі 31.10.08 жыл.
18. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау агенттігінің жеке сайты.
19. Қазақстан Ресубликасының Ұлттық банкінің статистикалық бюллетені 31.10.08 жыл.
20. «Егемен Қазақстан» газеті, «Экономикалық даму серпіні-сапалы жол» мақаласы, 2008ж №223/224, 25шілде/3бет/
21. «Банки Казахстана» журналы, «Текущее состояние банковского сектора», №7, 2008ж/2-8б/.
22. www.kase.kz
23. «Банки Казахстана» журналы, «Анализ кредитования малого бизнеса банками второго уровня...» мақаласы, 2008ж №5, /30-33беттер/.
24. Деньги, кредит, банки: Учеб./ Г.И.Кравцова, Г.С.Кузьменко, Е.И.Кравцов и др.; Под ред. Г.И.Кравцовой. – Мн.: БГЭУ, 2007. – 527 б.
25. Сахариев С.С. Жаңа кезең-экономикалық теориясы: Оқулық, Алматы: Дәнекер, 2005. – 151б.
26. «Нұр-Астана»газеті, «Банктер бәсекесі» мақаласы, 2007ж№11, 14-21 наурыз,/4бет/
27. «Банки Казахстана» журналы, «О ситуации на финансовом рынке» мақаласы, 2010ж №1, /2-23беттер/.
28. Қазақстан Ресаубликасының экономикалық болжау және жоспарлау министрлігінің жеке сайты.
29. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа Жолдауы

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе 3
1 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негізі 6
1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің және олардың ерекшеліктерінің экономикалық мәні 6
1.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру үрдісінің кезеңдері 13
1.3 АҚ Банк ЦентрКредиттің несиелік саясаты негізінде заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау 19
2 АҚ Банк ЦентрКредиттің тәжірибесі негізінде заңды тұлғаларды несиелеуге талдау жүргізу 28
2.1 АҚ Банк ЦентрКредиттің қаржылық жағдайы 28
2.2 ЖШССпецзаказ шарап өндіру зауытын несиелеу тәжірибесін талдау 39
2.3 АҚ Мегатрон хром компаниясын жобалық несиелеуіне талдау жүргізу 55
3 Коммерциялық банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі мәселелері мен оны дамыту жолдары 72
3.1 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудағы кемшіліктер 72
3.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары 75
Қорытынды 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

Кіріспе

Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады. Олар тек ақша айналымын және несиелік қатынастарды жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен қатар банктер арқылы ұлттық шаруашылықты қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сату-сатып алу, кей жағдайларда делдалдық келісімдер мен мүлікті басқаруды жүзеге асырады. Несиелік мекемелер кеңесші ретінде көрінеді, халықшаруашылық мәселелерді талқылауға қатысады, статистиканы жүргізеді және олардың өздерінің қоластындағы кәсіпорындары болады.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мақсатында қазіргі таңда коммерциялық банктердің қызметтерінің деңгейін жоғарлату, сапалы банк қызметін көрсету міндеті тұр.
Банктің маңыздылығын оның арнайы алынған субъектіге қатысты емес, макродеңгейдегі экономикаға қатысы арқылы түсінуге болады.
Банктің экономикалық маңызын талдай отырып, қайсыбір банк қандай да бір операцияны қандай да бір көлемде орындауын абстрактау қажет.
Банк көрсететін қызметтердің ішіндегі көп үлесті несиелеу қызметі құрайды. Несиелеу - бұл банк қызметінің тәуекелді және табысы жоғары түрі. Банк қызметінің маңызды саласы ретінде ұлттық экономиканың дамуына ерекше әсер етеді. Сонымен қатар банк несиесі өз қызметі мен құрылымын көрсететін мақсатты жағдайларға да әсер етеді. Әр мезетте бұл жағдайларды жүйелеу және олардың несиелеу кезеңіне әсерін түсіну ғылыми және тәжірибелік қызығушылықты туғызтады.
Тұлғаларға несие беру ішінде заңды тұлғаларды несиелеу саласы 71 % үлесті құрайтындықтан, экономикамыздың өркендеуі үшін заңды тұлғаларға несие беруге ерекше назар аударуымыз қажет. Басты назар банк пен клиенттер арасында бір-біріне деген сенімділіктің болуында.
Тарихи тұрғыдан қарағанда, банктің негізгі қызметі - қаржыны жинақтап және оны болашақта тиімді орналастыру. Банктің несиелік қоржыны жылжымалы және өзгермелі. Бұлай болу себебі жаңа қаржы құралдарының пайда болуымен және қаржы нарығының дамуы негізінде банк өткізілетін операциялар тізбесі кеңейуімен байланысты. Бірақ нарықтық экономикаға өткендіктен, несиелік қатынастың пайда болуы мен дамуына қатысты экономикалық басқару әдістерінің маңызы артты. Бұндай жағдайда банк жұмысы толықтай материалдық қызығушылыққа шартталған есептілікке қарай құрылды. Сондықтан, жоғарғы табыс пен төменгі тәуекелге негізделген банк қоржынын құру көкейкесті мәселе болып табылады.
Туындайтын несиелік тәуекелден құтылу үшін банк несие алушы мен несиені беру жағдайын мұқият талдап, қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігі мен қаржылық жағдайына ылғи бақылау жүргізтеді.Бұл көрсетілімдер банктің несиелік қызметін нақты қарыз алушы тұрғысынан қарастырады. Сонымен қатар, толықтай несиелік қоржын жағдайына да көңіл бөлу қажет.
Банк несиені ұйымдастырудың бәсекелік жағдайында жоғарғы деңгейге жетуге қызығушылық білдіреді. Сол үшін банк қызметкерлері тек қана теориялық тұрғыдан біліп қоймай, сондай-ақ шетел банктері қолданатын несиелеу әдістерін, несиелеу саласындағы жоғары нәтижеге жетуге бағытталған өзіндік программаларды өңдеп, тәжірибелік тұрғыдан үйренгендерін қолдана білуі тиіс.
Банктің несиелік қоржынымен жүйелі түрде жұмыс істеуі, яғни оны бағалау мен талдау несие нарығын жүргізудегі стратегия мен тактиканы өңдеудің негізгі кезеңі болып табылады. Несиелік қоржынмен жүргізілген жақсы жұмыс банктің сапасын көрсетеді.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан экономикасының өркендеуі үшін заңды тұлғалардың өндіргіш күштерін ынталандыру мен олардың ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өндіріске енгізуге арналған несиелеуді ұйымдастыру мәселелері бүгінгі таңда өзекті тақырыптардың бірі болып танылады.
Диплом жұмысының мақсаты банк несиесінің қызметі мен мәнін талдау, заңды тұлғаларды несиелеудің ұйымдастыру кезеңдерін талдау мен ондағы ерекшеліктерін анықтау. Соның негізінде түйіндеме қорытындылар жасап, ұсыныстар енгізу.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
Коммерциялық банктің несиелік операция түсінігін теориялық тұрғыдан қарастыру, яғни несиенің қажеттілігі мен мәнін, қағидаларын, сыныпталуын ашу, заңды тұлғаларға несие беру кезектілігін көрсету;
Банк ЦентрКредиттің қазіргі кездегі жағдайы мен заңды тұлғаларды несиелеу тәжірибесін талдау;
несие берер алдында заңды тұлғалардың қаржылық жағдайын талдау;
Заңды тұлғаларды несиелеудегі негізгі проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдарын көрсету.
Осы міндеттерді қоя отырып аталған дипломдық жұмыстың мақсаттарына қол жеткізілді. Сонымен қатар жұмыстың соңында тараулардағы қарастырылағн мәліметтер бойынша қорытынды жасалады.
Диплом жұмысының құрылымы: 3 тараудан тұрады. Олар:
Бірінші тарауда заңды тұлғаларға несие берудің теориялық мәні мен ерекшеліктері, несиелік қатынастарды ұйымдастырудың қағидалары және несие алушының төлем қабілеттілігі қарастырылған.
Ал екінші тарауда АҚ Банк ЦентрКредиттің мәліметтері негізінде банктің қаржылық жағдайы, жауапкершілігі шектеулі серіктестікті стандартты несиелеуі және акционерлік қоғамды жобалық несиелеуі талданған.
Үшінші тарауда коммерциялық банктердің заңды тұлғаларды несиелеудегі мәселелері мен оны жетілдірудегі ұсыныстар қарастырылған.
Диплом жұмысын жазудың әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының заңдары, АҚ Банк ЦентрКредиттен алынған мәліметтер, сонымен бірге отандық және шетелдік экономист ғалымдардың еңбектері мен қоғамдық баспа бетте жарияланған мақалалар, сонымен қатар интернет көздері құрайды.

1 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың теориялық негізі
1.1 Заңды тұлғаларды несиелеудің және олардың ерекшеліктерінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикадағы дамуы несиелік қатынастың жүргізілу потенциалымен байланысты болды. Несиелік қатынас түсінігі қаражатты берудегі несие беруші мен қарыз алушы арасындағы қатынасты білдіреді.
Несие қарыз капиталының, яғни қарызға берілетін ақша капиталы қозғалысының формасын көрсетеді. Несие ақша капиталының қарыз капиталына өзгерісін қамтамасыз етеді және қарыз алушы мен несие беруші арасындағы қатынасты көрсетеді. Оның көмегімен мемлекеттің, жеке сектордың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақша қаражаттары қарыз капиталы ретінде шоғырланып, уақытша қолданысқа беріледі.
Нарық жағдайындағы несиенің негізгі түрі банк несиесі болып табылады. Банк несиесі банк операцияларында, экономиканың дамуы үшін қаражат тартуда жетекші рөл атқарады. Несие ресурсы банк инвестициясының айтарлықтай үлесін құрайды, ұдайы өндіріс процесін жеделдетуге мүмкіндік береді, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық орнықтылығын қамтамасыз етеді. Банктік несие аймағында несиелік қатынас субъектілері болып шаруашылық органдары, мемлекет және банктің өзі танылады. Несиелік қатынастағы келісім-шартта субъектілер несие беруші және қарыз алушы ретінде қатысады. [1]
Несие беруші - несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Ол кәсіпорын-дардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарыз алушыға уақытша пайдалану үшін несие түрінде ұсынады.
Қарызға алушы - несиелік қытнастар жағы, несие алып, алған қарызды қайтаруға міндетті жағы. Қарызға алушы алынған қаражаттың меншік иесі болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда, оны өз қалауымен қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы төлеп, қарызды артық көлемде төлейді.[1] Сонымен қатар, қарыз алушы қарыз алатын қаражатты қайтаруға экономикалық және заңи тұрғыдан кепілдік беруі тиіс. Мұндай кепіл кепіл заты немесе келесі үшінші тұлға гарант бола алады.
Қарыз алушы алған несие мен оған есептелетін үстемақыны несиелік келісім-шартта көрсетілген мерзімде төлеуі үшін өндіріс процессін дұрыс ұйымдастыруы тиіс. Қарыз алушының өндірісін үзіліссіз қамтамасыз ету және кредитордан алған қаражатқа меншік құқығын қамтамасыз ету үшін алынған несиенің нақты қажеттілігі қарыз алушының несие берушіге қатысты экономикалық тәуелділігін анықтайды. Экономиканың қазіргі даму сатысында бұл тәуелділік тұрақты сипатқа ие және қарыз алушының алынған ссуда бойынша және оған төленетін сыйақыны міндетті түрде төлеуін талап етеді. Кері жағдайда кредиторға жағымсыз әріптес болады және қарыз алуда белгілі қиындықтарға тап болады. Көрсетілген тәуелділік несиелік келісімде қарыз алушының орны кредиторға қарағанда мағыналы екенін көрсетпейді, олар бұл келісімде мақсаттары мен қызығушылығы тең құқылы болуы негізінде несиелік қатынас пайда болуын көрсетеді.
Несиелік қатынаста экономикалық субъектілер өз орындарын ауыстыра алады: несие беруші қарыз алушы бола алса, керісінше қарыз беуші несие алушы бола алады. Тауар-ақша қатынастарының қазіргі даму деңгейінде бір уақытта кредитор қарыз алушы болып жұмыс істеу сипатына ие.
Кредитор қарыз алушыға уақытша қолдануға ақша немесе тауар түрінде қарыз береді, ол өзіне тән ерекшелікке сәйкес қарыз құны деп аталады.
Қарыз құны - бұл несиелік келімнің объектісі, соның негізінде несиелік қатынас туындайды. Ол несиелік қатынас объектісі ретінде өзіндік сипатқа ие.
Біріншіден, қарыз құнының қозғалысы қайтарымдылық сипатқа ие: кредитордан несие алушыға, содан соң несие алушыдан кредиторға қарай.
Екіншіден, қарыз құны аванстық сипатқа ие. Аванстау қарыз құнын қолдану арқылы табыс немесе басқа әсер алынған жағдайды айтамыз. Мысалы, несие алушы тек несие алғанда қарыздарын жауып қана қоймай, несиеге алған қаражтты дұрыс жұмсаса қосымша пайдада алуы мүмкін.
Үшіншіден, қарыз құны басқа жаңа тұлғаның шарауашылық процестегі қозғалысын жалғастырушы.
Төртіншіден, қарыз құны өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етіп, өндіріс процессін одан әрі жылдамдатады. [2,25.]
Сонымен, несиенің әрбір құрылымдық элементі өзгеше мәнге ие бола отырып, несиелік қатынаста өзіндік сипатын көрсетеді. Бірақ несиенің бір объектісін немесе субъектісін талдау несиенің толықтай мазмұнын анықтай алмайды. Несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін бүкіл элементтер бірігіп сипаттағанда ғана ашылады. Бұл жағдайды дұрыс емес бағалау тәжірибеде кері әсерге әкеледі.
Қазіргі уақытта ішкі экономикалық айналымда көбінесе ақшалай түрдегі несие көп қолданылады. Ол ең алдымен банктік несие түрінде беріледі.
Банктік несие бос ақшалай қаражатты жинақтап, қайтару негізінде берумен, сондай-ақ ақша белгісін несиелеу жүйесі айналымында эмиссиялаумен байланысты.
Банктік несиелеу жүйесі несиелік процесс элементерімен байланысты қатарларды ұсынады. Ол несиелеу қағидалары мен объектілерін, несиені қайтару механизмдерін қамтиды. Несиелеу қағидасы банктік несие жүйесінің негізгі элементін және оны іске асыру кезінде сақталатын негізгі ережелер мен жағдайларды құрайды. Бұл ережелер мен жағдайлар табиғаты, ролі, қоғамдық тұрғыдан айқындалатын несие қызметі бойынша анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
І топқа - жалпы экономикалық тәртіптегі қағидалар:
Несиенің үнемділігі;
Несиенің жинақтылығы;
Несиенің дифференциалдығы.
ІІ топқа - несиенің мәнін бейнелейтін қағидалар:
Несиенің мерзімділігі;
Несиенің қайтарымдылығы;
Несиенің төлемділігі;
Несиенің қамтамасыз етілуі.[3, 480.]
Несие экономикалық категория ретінде басқа құн категорияларымен байланыста болатындықтан жалпы экономикалық қағидаларды да қамтиды. Мұндай қағидаларға көбінесе үнемділік, жинақтылық, дифференциалдығы жатқызылады. [4,592.]
Үнемділік қағидасы аз несие салып, ең үлкен тиімді табысқа қол жеткізуге бағыттау. Мұнда тек несие беруші ретінде банкке ғана маңызды емес, сонымен қоса қарыз алушыға да маңызды. Бұл қағиданы банктің іске асыруы несие ресурсы айналымын жылдамдатуға мүмкіндік берсе, ал қарыз алушыға несие сыйақасы шығындарын қысқартуға және пайданы жоғарылатуға әсер етеді.
Жинақтылық қағидасы белгілі кезеңдегі мемлекет экономикасының даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін ескеретін несие саясатын қолдануды тұжырымдайды.
Дифференциалдық қағидасы әр түрлі қарыз алушыға, объектілерге, түрлі мақсаттарға түрлі амалдар көрсетуді білдіреді. Жоспарлы экономика жағдайында дифференциалдықтың негізгі белгісі болып қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің ұйымдастыруын орындау табылады. Жақсы жұмыс істейтін кәсіпорынға банк несиелеуде жеңілдіктер береді, жұмыс қабілеттілігі нашар кәсіпорындарға санкциялар қолданады.
Несиенің дифференциалдығы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады, ол мерзімділік принципімен байланысты, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Жалпы экономикалық қатардағы қағидадан басқа несиенің өз мәні мен ерекшелігін нақты көрсететін қағидаларды бөлек қарастырады. Банк несиесінің мәнін бейнелейтін қағидалар: несиенің мерзімділігі, несиенің қайтарымдылығы, несиенің төлемділігі және несиенің қамтамасыз етілу қағидалары.[5.]
Мерзімділік қағидасы - бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.
Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидасына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілу тәуекелі. Екіншіден, бұл қағиданы сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз етуі үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидасы тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл қағиданың сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі - бұл несие берушіге қарыз алушы берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
Орталық банктің коммерциалық банктерге беретін ссудалары бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
Несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады);
Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс).
Сонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық,
сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір қағидасы - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл-хат, кепілдеме, кепіл, сақтандыру міндеттемелері қолданылады. [6, 766.]
Несиенің қамтамасыз етілу тәсілдері мынадай:
Кепілге берілетін ссуда - бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы - несиелерді сақтандыру. Несиені берер кезде банкте тәуекелге баратындықтан, сенімді болу үшін қарыз алушының несиелік қабілетіне де зор көңіл бөледі. Қарыз алушының несиелік қабілеті - бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір айырмашылығы - онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі төлемсіздікті есепке алмайды, яғни мұнда алдағы уақыттардағы қарызды өтеу қабілеті болжанады.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысында қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті, капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау.
Банк несиесі қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне корпоративтік клиенттерді несиелеу жатады.
Корпоративтік клиент - қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иеленетін және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті. Корпоративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, бірлескен кәсіпорындар жатады. Банк несие ұсынарда алдымен заңды тұлғаның меншікті қаражатына аса назар аударатындықтан корпоративті клиенттің ұйымдық-құқықтық құрылым маңызды болып табылады. Бұл заңды тұлғаны несиелеудегі басты ерекшеліктің бірі. Мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ҚР Жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы заңына сәйкес жарғылық капиталы құрылтайшылар салымдарын біріктіру жолымен ққұрылып, оның мөлшері 100АЕК- тен кем болмауы қажет. Жарғылық капитал салымдарына: ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде жер пайдалану құқығы және басқа да мүліктер жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар мен өзге де материалдық емес игілік түріндегі салымды енгізуге тыйым салынады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушыларының қосқан салымдары негізінде компания шеккен зияндарға тәуекел етеді. Егер серіктестіктердің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, онда серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. [7]
Ал, акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғам мүшелері міндеттемелер бойынша жауап бермейді және ҚР Акционерлік қоғам туралы заңында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, өзіне тиесілі акциялар құнының көлемінде қоғамның қызметіне қатысты шығынға ұшырауға тәуекел етеді.да жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері кемінде 50 000АЕК болуы тиіс, 30 күн ішінде қалыптасуы керек.[8], [9] Жарғылық капиталдың мөлшерін кеңейту мақсатындағы қосымша шығарылатын акциялар номиналдық құны есебімен тіркеледі. Жарғыға толықтырулар мен өзгертулер енгізу немесе қабылдау акционерлер жалпы санының (34)-нен анықталады. [10] Акционерлер табысты дивиденд түрінде ала алады. Сондықтан бұл жерде артықшылықты және жай акция түріне бөлінеді. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жалпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал, артықшылықты акция, иесіне қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне қатыса алмайды. Тағы бір артықшылыға қоғам борыштық тұрақсызддыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік береді.
Банк осы ерекшеліктердің барлығына ескере отырып заңды тұлғаларды несиелейді.
Корпораттивтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:
1) Макроэкономикалық - елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;
2) Микроэкономикалық - банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табыстарды алу.
Микроэкономикалық бағытта несиелеу компанияның қаржылық жағдайын талдау арқылы іске асады. Мұнда несие көбінесе компанияның айналымкапиталын толықтыруға бағытталады.
Ал, инвестициялық несиелеу жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құру және кеңейтуге арналады және оның өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
Пайыз бен негізгі қарызды қайтару жобаны іске асырудан түскен табыс есебінен жабылады;
Заемдық капиталдың бірнеше көзін бірдей пайдалануға мүмкіндік бар;
Жобаны қаржыландыруға арналған қарыз қаражаттары арнайы құрылған компанияға беріледі. бұл жерде жоба құрылтайшылары несиенің қайтарылуына толық жауап бермейді.
Жобалық несиелеу құны өте жоғары болып келеді, яғни мұнда ірі компаниялар меншікті капиталынан жоғары мөлшерде капитал тартуға мүмкіндік туындайды. [11.296.]
Осындай ерекшеліктердің әсерінен банк заңды тұлғаларды несиелеуде несие түріне, оны алушы заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанына, кепіл затына, алынатын несиенің мақсатына ерекше назар аударады.

16.2 Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру үрдісінің кезеңдері

Заңды тұлғаларды несиелеу қандай-да бір шаруашылық субъектілердің қажет ететін ресурстарын, құрал-жабдықтарын тағы басқа алуға мүмкіндік беретін ақшалай ресурстарды белгілі-бір қағидалар мен шарттарға сәйкес беру болып табылады. Банктік несиелеудің дамуы экономикалық өсімді қаржыландырудың маңызды факторларының бірі болып отыр. Қазіргі кезде әлемдік өлшемдер бойынша өндірісті несиелеуді көбейту үшін өте тиімді жағдайлар бар, бірақ олар шектеулі мөлшерде қолданылады.
Жалпы несиелеу кезеңін мына сызбамен көрсетуге болады:

Несиелік комитетке дайындау

Несиелік комитет
Несиелік қабілетін талдау

иә
жоқ

1-ші өтініш
Несиені беру
Несиелік процесс

Төлемдер,
мониторинг. Мерзімі өткен төлем
2-ші өтініш

Несиені қайтару

Cурет 1, Банктік несиелеу кезеңдері
Дерек көзі: Оқулық: Лаврушин О.И., Банковское дело, 2006ж., [766.].

Қандай заңды тұлға болмасын банктен несие алар кезде шот ашады. Қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктреде шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы Ақшалай төлемдер мен аударымдар туралы Қазақстан Республикасының заңына және 2000жылғы 2 маусымдағы Ұлттық Банк Басқармасының №266 бекітілген Қазақстан Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықта көзделген. [12]
1. Өтінішті рәсімдеу үшін құжаттар. Соның ішінде несие алу өтініш, кәсіпорын анкетасы, кәсіпорынның жетекшісіне арналған анкета, бизнес-жоспар тапсырылады.
2. Заңи сараптама жүргізу үшін қажетті құжаттар. Соның ішінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, жарғысының көшірмесі, құрылтайшылық шарт, статистикалық карточка, СТТН-нің көшірмесі, қызметіне алған лицензия немесе патенттің көшірмесі, құрылтайшылық жиналыс туралы хаттама, АҚ үшін акционерлердің жиналысы туралы, акционерлердің реестрі туралы көшірме, бюджет алдындағы қарызының жоқтығы туралы түпнұсқа, кәсіпорын жетекшісінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, оның төлқұжатының көшірмесі, қол қою және мөр басу үлгілері бар карточка, кепілге беретін мүліктің құқығын растайтын құжаттарының көшірмесі.
3. Несиелік сараптама және талдау үшін қажетті құжаттар. Соның ішінде соңғы 2 жылға және несиеге өтініш жасау алдындағы есепті күнге берілетін қаржылық құжаттар, соңғы 6 айға ағымдағы шот бойынша қаражаттар қозғалысының көшірмесі, кәсіпорын кассасындағы айналым туралы құжат, кредиторлық және дебиторлық қарыздың мәліметтері, күмәнді дебиторлық қарыз көлемі, кәсіпорынның негізгі құралдары туралы мәліметтер, олардың қалдық құны, өндірілетін өнімнің өзіндік құнының есебі, несиені пайдалану мақсатын растайтын құжаттар талап етіледі. Сонымен қатар банктің талабынан туындайтын қосымша құжаттар да сұралуы мүмкін. [8]
Содан соң оларды талдау кезінде төлем қабілеті мен несие қабілетін есептейді.
Қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалау объективті және субъективті факторлардың көмегімен жүзеге асырылады. Объективті факторлар потенциалды қарыз алушының есебін егжей-тегжейлі талдау негізінде бағаланады. Оны жүзеге асыру кезінде банктер горизонтальды, вертикальды, трендалық, факторлық және жағдайлық талдауды қолданады.
Талданатын объектілер ретінде, әдетте, қаржылық нәтижелері, актив және меншікті капитал рентабельділігі, қаржылық жағдайы қолданылады.
Кәсіпорын туралы неғұрлым толық мәлімет алу үшін оның қызметінің нәтижелерін бәсекелес кәсіпорынның нәтижелерімен салыстыруға болады.
Несие алушы заңды тұлғаның қаржылық жағдайын бағалау оған мінездеме беруден басталады. Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндіріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретінде беделі оның сол аяда ұзақ уақыт қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің іскерлік әлеміндегі беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына моральдық сапасына, жеке қаржылық және жанұялық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі - оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің маңызды критерийі болып саналады. Оны бағалауда төмендегідей екі шарттың маңызы зор:
1) Оның жеткіліктілігі, яғни Орталық банктің тарапыннан жарғылық қордың ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы левераж коэффициенті негізінде талданады;
2) Несиеленетін операцияларға меншікті капиталдың жұмсау дәрежесі, яғни ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады. Қаншалықты меншік капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және несиелік келісім-шартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің (кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар тууы барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді.
Соңғы критерий - бақылау, бұл мынандай сұрақтарды ескереді: қарыз алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік өтініште көрсетілген қарыз алушы және ссуда туралы мәліметтер, банктің несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол сияқты, ссудалардың сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталған, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер қатарына жататындар:
Іскерлік тәуекелді бағалау;
Менеджментті бағалау;
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
Қаржылық коэффициенттерді бағалау;
Ақша тасқынын талдау;
Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
Орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысын қадағалап отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы кіреді. Ол қарыз алушының қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондай-ақ пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады. [14, 215.]
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырысады. Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкін беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады. Заңды тұлғалардың қаржы-экономикалық жағдайын анықтау үшін негізгі көздер ретінде Қаржы министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп нысандары керек:
Кәсіпорын балансы (№ 1-нысан);
Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі (№ 2- нысаны);
Кәсіпорын балансына қосымша бет (№ 3-нысан);
Қазақстан Республикасы статистикалық есеп нысаны Кәсіпорынның қаржылық қызметінің көрсеткіштері туралы есебі (№1-Ф-мерзімді-тоқсандық нысандары)
Кәсіпорынның өнімінің (жұмыста, қызметтер) кеткен шығындары туралы есебі (№5-з-мерзімді-тоқсандық-жылдық нысандары). [11, 282.]
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушы компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады:
Өтімділік коэффициенті;
Қаражат көздерін тиімді басқаруға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер;
Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер;
Пайдалылық коэффициенттер.
Жалпы жоғарыдағы көрсеткіштерді талдағанда компанияның өткен жылдағы жағдайымен салыстыра отырып зерттеген дұрыс. Егер заңды тұлға несиені жаңа жоба үшін алатын болса, онда оның жобасының мазмұнына ерекше көңіл аудару керек.
Егер клиент несиелік қабілетті болса, онда несиелік сарапшы сараптамалық қорытындыны Несиелік комитеттің қарауына жасайды. Несиелік сараптаманың қорытындысына қосымша бет ретінде кепіл мүлкін бағалау есебі жүргізіледі. Кепіл затын банкте тәуелсіз бағалаушы іске асырады. Кепіл мүлкі нарықтық және шығындық әдіспен жүзеге асуы мүмкін. Кепіл құнының 70% -нан аспайтын көлемде банк клиентке несие береді. Егер ол мөлшерден асқан жағдайда, қосымша кепілдік талап етіледі.
Несиелік сараптама қорытынды негізінде берілетін несиеге байланысты тәуекел деңгейі анықталады. Несиелік тәуекелді тәуекел басқармасының қызметкерлері несиелік рейтингті бағалау көмегімен жүргізеді. Несиелік тәуекел төмен болып, несиелік комитет оң шешім қабылдаса несиелік келісім шарт пен кепіл туралы келісімшарт жасалады. [15, 253.]
Несиелік келісім шарт екі жақтың да міндеттемелері мен жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
Несиелеу мақсаты және объектісі;
Несиенің мөлшері,
Несиені беру мерзімі мен қайтару шарты;
Несиені қамтамасыз ету нысаны;
Несие үшін төленетін сыйақы мөлшері;
Несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі;
Несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Кепіл шарты кепіл затына байланысты анықталады. Материалдық-заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
Тауарлы-материалдық құндылықтар кепілі;
Бағалы қағаздар кепілі;
Сол банктегі депозиттер кепілі;
Жылжымайтын мүлік кепілі.
1. Мүліктік құқықтар кепілі:
Жалгерлік құққық кепілі;
Авторлық құқық кепілі;
Жерге құқық кепілі.
Кепіл шартының несиелік келісім шарттан өзгешелігі, онда кепіл беушінің құқықтары мен міндеттері, талап ету құқықтары және ең негізгісі кепіл затының бағалануы қарастырылады.[1]
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Бірішісі несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байлансыты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады. Әрине егер кәсіпорын жағдайы дұрыс болса. Содан соң егер несие берілсе, қарызын қайтару жөнінде мониторинг жүргізіліп отырады. Мониторинг әрбір тоқсанға сәйкес жүргізіліп, заңды тұлғада өзгерістер болса толықтырылып отырылуы тиіс. Несиелік мониторингті жүргізуге арналған ақпарат көздеріне мыналар жатады:
Банкте жинақталған қарыз алушы туралы ақпараттар;
Қарыз алушыдан алатын ақпараттар;
Өзге көздерден алынатын ақпараттар (қазір көбінесе KASE-ден алынады).
Ақпараттың толықтығына қарай несиелік мониторинг ағымдық және тереңдетілген болып бөлінеді. Ағымдық мониторинг - ай сайын ағымдық мониторинг есебі түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысы шегінде барлық несиелер бойынша жоспарлы түрде қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды алу негізінде жүргізілетін тексеру.
Ағымдағы несиелік мониторингтің негізгі қадамдарына мыналар жатады:
Қарыз алушының шотындағы ақша қаражаттарының қозғалысына бақылау жасау;
Клиентке ескертулер жасау;
Клиенттің орналасқан жеріне бару;
Қарызды қайтару күнінде қайтару кестесі бойынша қарыз алушының негізгі қарыздың және пайыздың төленгендігі тексеріледі.
Тереңдетілген мониторинг - ай сайын тереңдетілген мониторинг есебі түрінде рәсімделетін, несиені қайтару кестесінің орындалысының бұзылуына қарай, жоспардан тыс немесе қандай да бір алаңдатарлық белгілердің туындауына байланысты қарыз алушының шаруашылық және қаржылық жағдайы туралы барынша толық ақпараттарды алу мақсатында жүргізілетін тексеру.
Тереңдетілген мониторингтің ұзақтылығы мыналарға тәуелді:
Қарыз алушының несиелік рейтингіне;
Қарыз алушы саласының жағдайына.
Несиелік рейтинг - несиені қайтару ықтималдығы, міндеттемені орындау тұрғысынан қарыз алушының несиені өтеу қабілеттілігін бағалауды білдіреді.

54.2 АҚ БЦК-тің несиелік саясаты негізінде заңды тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау

Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік процесті ұйымдастыру қағидаттары және тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік тетік көмегімен жүзеге асырылады.
АҚ БЦК- ның несиелік саясатының мақсаты несиелік тәуекелді дұрыс басқаруы негізінде банктің несиелік қоржынының сапасын арттыру. Сондықтан банк үшін негізгі нәрсе несиелік тәуекелді басқару, яғни банктің активтік операцияларындағы тәуекелді дұрыс анықтау мен жоспарлай білу керек. Несиелік тәуекелдің тууы әр түрлі себептерден болуы мүмкін және ол операциялардың жүргізілу кезеңдеріне тәуелді. Несиелік тәуекел банк пен клиенттің қарыз келісім шарты бойынша қатынастан басталады және ол клиентке де, банкке де тәуелді.
Несиелік тәуекелдің деңгейін анықтаушы негізгі фактор қарыз алушының несиелік қабілеттілігі. Қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалауда мынадай факторларды есепке алады:
Оң несиелік тарихы;
Клиенттің қаржы-шаруашылық жағдайын талдау;
Қарыз алушының банктен алған ақша қаражатын өтеу қабілетінің болуы;
Өзінің меншікті қаражатының жеткілікті болуы және несие сұралып отырған жобаға қолдану мүмкіндігі;
Қарыз алушының нарықтық конъюнктурадағы жағдайы және оның салаларының даму болашағы;
Бизнесіндегі іскерлік белсенділік пен моральдық тұрақтылық жағдайы;
Өтімді кепіл мүлкінің немесе өтімді қаржы құралдарының бар болуы;
Қарыз алушының ағымдық қызметін активтерден ұзақ мерзімді активтерді шегергендегі мөлшерден аспайтындай қаржыландыру.
Тәуекелді нәтижелі басқаруда банктің әрбір қызметкері несиелік тәуекелді басқару саясатын, кепіл саясатын негізге алуы керек.
Несиелік тәуекел деңгейіне банктің несиелік процесті ұйымдастыру жұмыс сапасын анықтайтын факторлар да әсер етеді:
Несиелеу бойынша барлық бизнес-процестерді регламенттейтін процедуралық базасының бар болуы;
Қарыз алушы туралы толық ақпараттардың болуы мен аналитикалық жұмыс қойылымы жақсы болуы тиіс;
Банк қызметкерлерінің білікті мамандар болуы және қолдансытағы несиелік саясатты ұстана білуі керек;
Дұрыс емес ниетттегі, яғни корупция мен алдау сияқты қызметтерді жүзеге асыратын банк қызметкерлерін жұмыстан шығару және әкімшілік жазалау шараларын жүргізу керек.
Банктің несиелеу бөлімінің жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі несиелік операциялардағы тәуекелді төмендетеді.
Жалпы банк бойынша несиелік қоржын тәуекелді активтер сомасына лимиттер енгізу жолымен банктік міндеттемелер мен активтерді басқару Комитетті (ALKO) арқылы реттеледі.
Несиелеу кезеңінде бірқатар негізгі жағдайлар туындауы мүмкін. Кең таралған түріне: несиелік тәуекелді басқару саясатында көрсетілне банкпен байланысты шоттар және қарсы жақтармен келісімдер жатады.
Несиелеудегі негізгі бағыт ҚР-дағы әлеуметтік және экономикалық жағдайларды бағалау негізінде және оның динамикасына, несиелік нарық жағдайына, банктің бәсекелік деңгейіне және мүмкіндіктеріне сәйкес қалыптасуы керек. Осыған сәйкес, несиелеудегі негізгі бағыт болып мыналар танылады:
Заңды тұлғалар - жеке капиталдары бар, жақсы қаржылық көрсеткіштерге, басқару сапасына және несиелік тарихына ие компаниялар, фирмалар;
Жеке тұлғалар - жеке кәсіпорындар, табысты бизнеске ие және дамып келе жатқан жеке тұлғалар, ірі депозиттік шоттар ашуға мүмкіндігі бар, тұрақты ақшалай табысқа ие жеке тұлғалар.
Несиелеу мақсаты бойынша - қызмет ететін бизнесті кеңейтуге, айналым капиталын толтыруға, тауарлы қаржыландыруға, бөлшек саудасына берілетін несиер;
Несиені кепілмен қамтамасыз ету түрі бойынша:
АҚ БЦК-да ашылған депозит;
Сұранысқа ие тұрған үйлер;
Автотранспорт;
Халық сұранысына ие жоғары өтімді тауарлар;
Несиелеу мерзімі бойынша - қысқа мерзімді.
Несиелеуде қаламайтын бағыттарға мыналар жатқызылады:
Бастапқы бизнес, ғылыми-зерттеу өңдеулерге, пайдалы қазбаларды зерттеу жұмыстарына, бастапқы инвестициялауға ( құралдарды алу, өндірістік алаңға) жұмсалу мақсатындағы несие;
Кепілге қойылған аяқталмаған құрылысты, 40% тозығы жеткен ғимараттар, қала сыртындағы орналасқан жылжымайтын мүліктер, әшекей бұйымдары , малдар, мемлекет меншігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүліктер, патенттер, лицензиялар, сертификаттар мен жер пайдалану құқығы
Несиелеуде тыйым салынған бағыттарға:
Қызмет түрі бойынша - қару-жарақ (лицензиясы болмаса) соғыс техникаларын сату, есірткісі бар өнімдерді өндіруге және сатуға арналған және басқа да заңға қайшы келетін іс-әрекеттерге берілетін несиелер;
Кепілмен қамтамасыз ету түрі бойынша - қарыз алушының меншігіне кірмейтін депозиттік қаражаттар, заңға қайшы келетін заттар;
Ылғи табыс ала алмайтын төлем қабілетсіз клиенттерге несие берілмейді.
Несиелік үрдістің ұйымдастырылуы келесідей кезеңдерді қарастырады:
+ несиелік мәлімдемені қабылдау, қарастыру және талдау;
+ несие алушының несие қабілеттілігін бағалау және эксперттік қорытындыны дайындау;
+ несиенің кепілдікпен қамтамасыз етілуін бағалау және тексеру;
+ заңгерлік қорытындыны дайындау;
+ қауіпсіздік қызметін көрсету бойынша қорытындыны дайындау (банктің бөлек нормативті актілерімен айқындалған);
+ несиені қолдау үрдісі және оны беру;
+ несиелік мәлімдеменің заңгерлік қолдауы және келісім-шарттарға белгі қою;
+ берілген несие бойынша мониторинг және оны өтеуді бақылау.
Жобаны талдау және бағалау қолданыстағы бір үлгідегі құрылымдағы эксперт қорытындысына сәйкес жүргізіледі. Несиені беру туралы шешім қаржыландырылып отырған жобаның тиімділігіне, шаруашылық субъектісінің ақша ағымымен тұрақты қамтамасыз ете алуына сәйкес берілуі керек.
Несиелу үрдісінде Банк бөлімдерінің (филиал) жүргізуші рөліндегі бөлімдерге мыналар жатады:
oo фронт-офис - клиенттермен тікелей жұмыс істейді, тұрақты және табысты клиенттерді тартуға және іздеуге, банктік өнімдерді және қызметтерді сатуға, банк табыстылығын көтеруге жауапты;
oo бэк-офис (сонымен қатар заңгерлік қызмет көрсету және қауіпсіздік қызметі) - несиелік тәуекелді талдайды және оларды минимизациялау бойынша шараларды қолданады, несиелік қоржынның сапасы үшін жауап береді және несиені қарастыру және беру бойынша барлық үрдістердің жүзеге асуына жауапты, несиелік операцияларды жүзеге асырады және берілген несиелерге мониторинг жүргізеді.
Несиелеу бөлігінде бөлімдердің қызметін реттеуді және жүйелеуді Бас офистің Несиелеу Департаменті жүзеге асырады.
Несиелеу Департаментінің негізгі мақсаты мен функциясы Несиелеу Департаментінің Жағдайымен анықталған.
Банктің несиелік қызметін реттейтін және несиелік тәуекелді төмендетуді қамтамасыз ететін орган болып Бас офистің несиелік комитеті - Несиелік комитет бойынша Жағдайға негізделген коллегиалды орган табылады.
Бас офистің несилік комитетінің құрамы мен өкілеттігі Басқармамен анықталып, Банктің Директорлар Кеңесімен бекітіледі.
Нашарланып бара жатқан және мәселелі несилер. Несиенің мониторнгін жүзеге асыру кезінде әрекет етуші заңдар шегінде несиені қайтаруға және несие бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін болдыртпайтын сыйақыны төлеуге бағытталған жоспарлық саясатты жүргізу қажет.
Несиенің нашарлауы байқалған кезде қалыптасқан жағдайды талдау қажет, егер ол уақытша сипатта болып, шешілетін болса, онда оның несиеге мониторинг тәртібінің Жағдайына сәйкес жеңу жағдайларын қарастыру керек.
Мұндай жағдайлар негізінде мерзімін ұзартуды ұсыну мәселесін немесе несие алушының өтініші бойынша шешілетін, қалыптасқан жағдайдың және оны жеңудегі міндетті талдауы бар берілген несиені қайта құрылымдық қарауды қарастыруға болады.
Талдау нәтижесі бойынша мәселенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Жеке тұлғаларды несиелеу
Ипотекалық несиелеудің Қазақстандық үлгісі
Заңды тұлғаларды несиелеу туралы
Банктік несиелеу. Корпоративтік клиенттерге берілген несие түрлері
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру туралы
Несие қатынастарының пайда болуы және қалыптасуының теориялық аспектілері
Банктегі несиелік процестер
Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесі
Коммерциялық банктердің жеке тұлғаларды несиелеу
Пәндер