Қос жарнақтылар класы
Қос жарнақтылар класына гүлді өсімдіктердің 75%-ы жатады. Бұлар бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар, ағаштары да бар.
Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің өспейтін жері жоқ. Оларды климаты қатал, суық арктикадан бастап экваторға дейінгі, таулардың альпы белдеуінен теңіз жағалауына дейінгі аралықтардың барлығынан кездестіруге болады. Қос жарнақтылар класына жататын өсімдіктердің, дара жарнақтылардан басты айырмасы, олардың ұрығының тұқым жарнағы екеу болады. Сабақтары екінші рет қалыңдап, жуандап өсуге қабілетті келеді. Жапырақтары торлы жүйкеленеді. Негізінен кіндік тамырлы өсімдіктер. Гүлдері 5 мүшелі, сиректеу 4 мүшелі.
Қос жарнақтылар мен дара жарнақтылар кластарының деңгейінде жоғарыда айтылған белгілерден аздаған ауытқушылықтар болып тұрады. Кейбір қос жарнақтылардың бір ғана тұқым жарнағы болады (мысалы, фелкария), доға тәрізді жүйкеленеді (бақажапырақ), ал дара жарнақтылардың аздаған түрлерінде сабақтарының екінші рет қалыңдап, жуандауы орын алады (юкка, драцена). Сондықтан да бұл екі кластың өкілдерін ажыратқанда бір ғана белгімен шектелуге болмайды. Тұқым жарнақтарынан басқа да көптеген белгілерін ескеру қажет. Бұл оқулықта қос жарнақтылар класынан Крестгүлділер, Раушангүлділер, бұршақтар, алқалар және күрделігүлділер тұқымдастарына тоқталамыз.
Крестгүлділер тұқымдасына жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кең таралған бір, екі және көп жылдық шөптектес өсімдіктер жатады. Аздаған жартылай бұталары да болады. Негізгі өсетін жерлері қоңыржай салқын климаты облыстар, тіптен Арктикаға дейін кездеседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ тақтасы бүтін немесе әр түрлі дәрежеде тілімделгенболып келеді. Тостағанша жапырақшаларының саны 4, олар екі қатар шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ олар бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Аталықтарының саны 6, оның 4 ұзыны ішкі, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Екі біріккен аналығы болады, жатыны жоғарғы. Крестгүлділердің гүлінің құрылысынформула түрінде былайша беруге болады: Ж Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)
Жемістері бұршаққын, бұршаққынша, сиректеу жаңғақша. Дәндерінің эндоспермі болмайды. Екі жақтаулы бұршаққын жемісі төменнен жоғары қарай қақырап ашылады. Бұршаққынша жемістерінің жақтаулары, қабыршақ түріндегі жалған перделер мен камераларға бөлінген.
Жер бетінде крестгүлділердің 350 туысы, 3000-дей түрлері кездеседі. Көптеген түрлерінің халық шаруашылығындағы маңызы орасан зор. Олардың ішінде көкөністік және майлы дақылдар бар.

Крестгүлділер, немесе капустагүлділер тұқымдасы
Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Крестгүлділер тұқымдасына жер бетіндегі құрлықтардың барлығында кең таралған бір, екі және көп жылдық шөптектес өсімдіктер жатады. Аздаған жартылай бұталары да болады. Негізгі өсетін жерлері қоңыржай салқын климаты облыстар, тіптен Арктикаға дейін кездеседі. Жапырақтары кезектесіп орналасады, жапырақ тақтасы бүтін немесе әр түрлі дәрежеде тілімделгенболып келеді. Тостағанша жапырақшаларының саны 4, олар екі қатар шеңбер түзіп орналасады. Күлтесі 4 бос күлтежапырақшадан тұрады, бірақ олар бір ғана шеңбер түзіп орналасады. Аталықтарының саны 6, оның 4 ұзыны ішкі, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқы шеңберді түзеді. Екі біріккен аналығы болады, жатыны жоғарғы. Крестгүлділердің гүлінің құрылысынформула түрінде былайша беруге болады: Ж Т2+2 К4 А2+4 Ж(2)

Көкөністік түрлері. Көкөністік дақылға жататындарының ішінде капустаның маңызы зор. Капустаның жабайы ата-тектері Жерорта теңізі жағалауында кездеседі. Капуста туысында 50-дей түр бар. ТМД елдерінің территориясында 9 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі өте ертеден мәдени жағдайға ендірілген. Кең тараған түрлерінің қатарына бақша капустасы жатады. Капуста екі жылдық өсімдіктер. Бірінші жылы төбе бүршігінен өте көп мөлшерде тығыз оралып орналасқан жапырақтар түзіледі. Бұл тамаққа қолданылатын капуста қауданы, оны кочан деп атайды. Екінші жылы қауданнан сабақ, гүл бүршігі, жеміс түзіледі. Кочанды капустаны көкөністік дақыл ретінде өсіреді. Оның екі формасы бар.Қауданды және савой капусталары. Савой капустасының қауданы кішірек, жапырақтары жұқарақ келеді, сапасы жоғары,аса дәмді көкөністік дақыл. Батыс Европада көп өсіріледі. Жалпы капустаның бірнеше аудандастырылған сорттары бар. Солардың бірі гүлді капуста. Оның тармақталған гүлшоғыры жақсы жетіледі, бірақ шырынды сағақтарындағы ақ түсті гүлдері нашар дамиды.
Капустаның тағы бір кең тараған сорты кольраби. Сабағының жер беті бөлігі репа тәрізді жуандаған. Оны тамаққа пайдаланады. Кольрабаның құрамында С дәрумені көп мөлшерде болады. Брюссель капустасының сабағы биік болады, оның қолтығында бүршіктер жетіледі. Мұндай бүршіктер ұсақ қаудандарға ұқсас келеді.
Бізде күнделікті қолданыста көп болатын көкөністік дақыл қауданды капуста. Оның тағам ретіндегі маңызы, құрамындағы қоректік заттардың мөлшеріне және сапасына байланысты болады. Қауданды капуста сорттарында - А1, В1, В2, С, Р, К дәрумендері, минералды тұздар, әсіресе фосфор және кальций болады.
Малазықтық түрлері. Капусталардың ішінде жабайы капустаға ең жақыны жапырақты капуста. Ол жер үсті қауданын түзбейді, жалпақ етжеңді жапырақтары көпжағдайда мал азығы ретінде пайдаланылады.
Капусталар тұқымдасына жататын маңызды өсімдіктердің бірі шалқан. Бұл табиғи жағдайда кездеспейтін өсімдік.Тамыржемістері ірі болады, оның құрамында 4-5%-ға дейін қант, 1,5% шамасында белок және көптеген дәрумендер болады. Шалқанның турепис деп аталатын мал азықтық формасының тамыржемісінің салмағы 16 кг дейін жетеді.
Капустагүлділер тұқымдасына жататын тағы бір маңызды өсімдік бақша шалғамы. Оның тамыр жемісінде көп мөлшерде дәрумендер және эфир майлары болады. Осы тұқымдасқа жататын мәдени түрінің бірі кәдімгі ақжелкек. Оны тамақтың дәмін келтіру үшін және емдік мақсатта қолданады.
Өсімдік майы алынатын түрлері. Капустагүлділер тұқымдасының ішінде майлы дақылдар ретінде аса маңыздылары - қыша мен рапс. Қыша деген атпен бірнеше түрлерін біріктіреді: сарепт қышасын, қара қышаны, ақ қышаны. Сарепт қышасы бір жылдық шөптектес өсімдік, шыққан отаны Оңтүстік-батыс Азия болып есептелінеді. Тұқымынан шыны майын алуы мақсатында Ресейдің Волгоград, Саратов, Ростов және басқа оңтүстік облыстарында себеді. Қыша майының татымдығы жоғары және ұзақ сақтауға болады. Сол себептен де тамаққа пайдаланылатын өсімдік майының ішінде аса құндысы болып табылады. Қыша майы консерві, маргарин жасауға, парфюмерия және фармацевтика өндірістерінде, әсіресе кондитер өнімдерін даярлауда жәненан, әр түрлі тоқаштар пісіруде үлкен сұранысқа ие. Қышаның дәнінде 35-тен 47%-қа дейін өсімдік майы болады. Ақ қышаның да дәндерінде сарепт қышасындағыдай өсмдік майы болады. Ақ қыша тамаша мал азықтықжәнебал жинайтын өсімдік. Ақ қыша себілген алқаптың 1 га 100 кг дейін бал жинауға болады.
Маңызды май алынатын өсімдіктің бірі - рапс. Бұл күздік және жаздық біржылдық өсімдік. Рапстың майы техникалық мақсатта, металлургияда және басқа да өндіріс салаларында қолданыс табады.
Капустагүлділер тұқымдасына жататын арамшөптер. Капустагүлділердің көптеген түрлері егістік пен бақшалардың арамшөптері болып табылады. Оларға сарбасқурай, ақбасқурай, левкой ақбасқурайы, кәдімгі сурепка, жабайы шомыр, кәдімгі жұмыршоқ, егістік қанатжеміс, арштың түрлері, көк шатырша, софия сармаласы және крупканың, сарбастың кейбір түрлері жатады (60, 61, 62, 63, 64, 65 суреттер).
Бұлардың көбісі тұқымдары арқылы көбейетін, күресуге қиын арамшөптер тобына жатады. Себебі, олар жыл сайын көп мөлшерде тұқым байлайды және олардың өну қуаты аса жоғары деңгейде болады. Мысалы, кәдімгі жұмыршақтың бір түбі жылына 2000-нан 70 мыңға дейін, ал София сармаласы - 6 мыңнан 110 мыңға дейін, тіптен (аса үлкен данасы) 770 мыңға дейін тұқым береді. Сонымен бірге, бұл арамшөптердің тұқымдары топырақта ұзақ уақыттар бойы өнімділіктерін сақтайды. Кейбір түрлері, мысалы кәдімгі жұмыршақ жылына екі рет гүлдеп жеміс береді. Аса қауіпті арамшөптің бірі - сурепка. Ол тұқымы және тамырсабағы арқылы да көбейеді, сол себептен де кейде егін алқабын түгел жауып кетеді. Бірқатар капуста гүлділертұқымдасына жататын өсімдіктерде тұқымның үш түрлі формасы жетіледі. Мұндай тұқымдардың барлығы бір жылда өніп шықпайды. Олардың біреулері бірінші жылы, екіншілері - екінші, ал үшіншілері - үшінші жылы өніп шығады. Егістік арамшөптерден бүтіндей арылу мүмкін емес. Тек дер кезінде қажетті агротехникалық шараларды қолдана отырып, олардың зиянды зардаптарын азайтуға болады.
1. Капустагүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің негізгі ерекшелігі қандай? 2. Капустагүлділер тұқымдасына жататын қандай көкөністік өсімдіктерді білесіңдер? 3. Капустагүлділер тұқымдасына жататын қандай малазықтық өсімдіктерді білесіңдер? 4. Капустагүлділер тұқымдасына жататын қандай майлы дақылдарды білесіңдер? 5. Капустагүлділер тұқымдасына жататын қандай арашөптерді білесіңдер?
1. Капустагүлділер тұқымдасына жататын маңызды көкөністік дақылдар жөнінде хабарлама жазыңдар.
2. Капустагүлділердің формуласын жазып, диаграммасын сызыңдар.
Раушангүлділер тұқымдасы
Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Раушангүлділер тұқымдасына негізінен түспелі жапырақты немесе мәңгі жасыл ағаштар мен бұталар, көпжылдық, сиректеу бір жылдық шөптектес өсімдіктер жатады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады. Қосалқы жапырақшалары бар, бір түрлерінде олар ерте түсіп қалса, екіншілерінде ұзақ сақталады. Жай және күрделі жапырақты өсімдіктер. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің ішінде жай жапырақтылары басым болады. Таққауырсынды күрделі жапырақты түрлеріне итмұрын, жабысқақ қазтабан, шетен, дәрішелна және тағы басқалар жатады. Үшқұлақты күрделі жапырақтыларына бүлдірген, құлпынай, таңқурай; ал саусақсалалы күрделі жапырақтыларына Сібір теңгежапырағы, саргүл қазтабаны, Каспий қазтабаны және тағы басқалар жатады.
Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің басым көпшілігі дұрыс гүлді, аздаған бұрыс гүлді түрлері де кездеседі. Гүлдері бес мүшелі,кейбір түрлері төрт, алты мүшелі шеңберлер түзеді. Гүлдері жеке-жеке орналасады немесе гүлшатырын түзеді. Гүл табаны (тұғыры) дөңес, жалпақ немесе ойыс болып келеді. Тостағаншасы 5, тостағанша асты жапырақшаларының саны да 5. Тостағанша жапырақшалары бір түрлерінде (тобылғыда) жеке-жеке орналасса, екіншілерінде (итмұрында, алмада) біріккен болып келеді. Күлте жапырақшаларының да саны 5, олар барлық уақытта бірікпей, жеке-жеке орналасады. Аталықтарының саны көп, аналықтарының саны барлығында бірдей емес, біреуден көп мөлшерге дейін ауытқып отырады. Мысалы, тобылғының, алманың аналығы 5 жеміс жапырақшадан тұрса, таңқурайдың, құлпынайдың жеміс жапырақшасының саны көп, ал шиенің, қараөріктің аналығы бір ғана жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны біреулерінде (тобылғыда) жоғарғы, екіншілерінде (итмұрында, алмада, алмұртта) төменгі.
Жемістері алуантүрлі - таптама, жаңғақша, сүйекті жеміс және әр түрлі формадағы жалған жемістер. Мысалы, кәдімгі таңқурайда, қожақат таңқурайда көп сүйекті шырынды жеміс; бүлдіргенде көптұқымшалы шырынды жеміс; кәдімгі өрікте, қараөрікте, құс шиесінде бір сүйекті шырынды жеміс болады. Алмада, алмұртта бес ұялы алма жеміс, ал долананың және шетеннің түрлерінің жемістері осы алма жеміске ұқсас келеді.
Раушангүлділер тұқымдасына жер бетінің барлық жерлерінде, оның ішінде солтүстік жары шардың субтропикалық және қоңыржай климатты аймақтарында кең таралған 100 туысқа біріктірілген 3000-ға жуық өсімдік түрлері жатады. Қазақстанда 36 туысқа жататын, 190дай түрі кездеседі. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің басым көпшілігі насекомдармен тозаңданады. Аздаған түрлері ғана жел арқылы тозаңданады.
Дәрумендік және сәндік түрлері. Аса кең таралған, үлкен туысының біріне раушан жатады (66-сурет). Қазақстан флорасында раушан туысының 24 түрі кездеседі. Халық арасында бұл өсімдік түрлері итмұрындар деген атпен белгілі. Раушандар биіктігі 1,5-2 м-ден 4 м-ге дейін болатын бұталар. Негізінен Қазақстанның таулы жерлерінде, көтеріңкі қыраттарда және өзен жағалауларында өседі. Тақ қауырсынды күрделі жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлдері үлкен, көп жағдайда жалғыздан орналасады. Тостағанша және күлте жапырақшаларының саны 5-тен. Тостағанша жапырақшалары біріккен болады, ал күлте жапырақшалары бірікпей жеке-жеке орналасады. Аталықтарының да, аналықтарының да саны көп. Жатыны төменгі. Жемістері жалған жидек тәрізді күрделі жаңғақша, аса сәнді, бірақ сабақтарының сыртын тікенек қаптаған өсімдіктер. Раушанның гүлінің құрылысын формула түрінде былайша беруге болады: Ж ♀Т5К5А
Раушандардың гүлінің күлте жапырақшаларының түсі әрқилы: ақ, сары, қызғыш, қызыл және бояуы қанық болады. Тамаша, жағымды жұпар иіс шығарады. Сол себептен де раушандарыдң гүлдеріне насекомдар көп қонады және шірнеліктерінен тәтті шырын жинайды.
Раушандар ертедегі уақыттан бері Түркияда, Иранда және бірқатар араб елдерінде сәндік және эфир майы алынатын өсімдіктер ретінде мәдени жағдайда өсіріледі. Қазіргі кезде раушандардың селекциялық жолмен, сұрыптап шығарған көптеген сорттары белгілі. Оларды парктерді, скверлерді, көше бойын көгалдандыру мақсатында отырғызады. Қазақстан территориясында жабайы өсетін раушандардың түрлерінде дәрумендер мен эфир майлары көп болады. Мысалы, тікенді раушанның дәндерінде 6-10% дейін шыны майы және С дәрумені бар. Тамыры мен жапырағында көп мөлшерінде илік заттар болады. Жемістерінің қайнатпасынан қызғылт-сары түсті бояу алынады. Раушандардың жемістері халық емшілігінде және ресми медицинада кеңінен қолданыс тауып келеді. Мысалы, раушандардың жемістерінен сироп дайындап, дәріханаларда сатады.
Жеміс-жидекті түрлері. Жалпы, раушангүлдер тұқымдасына жататын ағаштар мен бұталардың басым көпшілігінің, әсіресе мәдени түрлерінің табиғаттағы және халық шаруашылығында маңызы орасан зор. Олардың ішінде жеміс-жидек өнімдерін беретін, техникалық, дәрілік, дәрумендік, сәндік және топырақты эрозиядан сақтайтын түрлер бар. Маңызды жеміс-жидекті түрлеріне алма, алмұрт, өрік, қараөрік, шабдалы,бадам, шие, айва, мойыл, таңқурай, қожақат таңқурай, бүлдірген және т.б. жатады (67, 68, 69, 70, 71суреттер). Қазіргі кезде аталған өсімдік түрлерінің көптеген аудандастырылған сорттары бар. Қазақстанда жеміс-жидекті өсімдіктердің негізгі өсірілетін жерлері Алматы, Жамбыл және Шымкент облыстарының таулы және тау етегіндегі аудандары болып табылады. Қазақстан алманың апорт сортымен әлемге белгілі. Бұл сорттың алма жемісінің салмағы 900 грамға дейін тартады. Апорт алмасы ешбір қайталанбайтын тәтті дәмімен, жұпар иісімен, қызғылт түсті қанық бояуымен басқа сорттардан айқын ажыратылады. Сонымен бірге Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тауларында Сиверс алмасы, Недзвецкий алмасы, кәдімгі өрік, тянь-шань шиесі, кәдімгі таңқурай, қожақат таңқурайы, орман бүлдіргені секілді жабайы өсетін аса құнды жеміс-жидекті өсімдіктер бар. Осы өсімдіктердің барлығы дәрумендерге бай. Мысалы, Сиверс алмасының жемісінде дәрумендердің бірнеше түрі бар: В, В1, В2 және С. Соңғы жылдары жабайы алма түрлеріне гендік деңгейде жүргізілген генетикалық талдаулардың нәтижесі, барлық алма сорттарының арғы тегінің Сиверс алмасы екендігін дәлелдеп отыр.
1. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлдерінің құрылысы қандай?
2. Раушангүлдер тұқымдасына жататын қандай жеміс ағаштарын білесіңдер?
3. Раушангүлдер тұқымдасына жататын қандай жидекті өсімдіктерді білесіңдер?
4. Итмұрынныңгүлінің құрылысы қандай?
5. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктерде жемістердің қандай түрлері болады?
1. Раушангүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңыыжөнінде хабарлама жасаңдар.
2. Раушангүлдердің жемістеріне талдау жасаңдар.
3.Итмұрынның гүліне талдау жасаңдар, формуласын жазып, диаграммасын сызыңдар.
Бұршақтар тұқымдасы
Жалпы сипаттамасы және алуанүрлілігі. Бұршақтар тұқымдасына негізінен бір жылдық, екі жылдық, көп жылдық шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар, бұталар және аздаған ағаштар жатады. Бұлар қосалқы жапырақшалары бар, тақ қауырсынды, жұп қауырсынды, үш құлақты, саусақты салалы күрделі сиректеу жағдайда жай жапырақты өсімдіктер. Орташа немесе кіші көлемдегі ұсақ гүлдері көп жағдайда шашақ, кейде шоғырбас, шатырша немес масақ гүлшоғырына жинақталған. Гүл құрылысы күрделі. Қос гүлсерікті, қос жынысты бұрыс гүл. Біріккен 5 тостағанша жапырақшасы және 5 күлте жапырақшалары болады. Күлте жапырақшаларының үшеуі бос орналасқан. Олардың үстіңгі үлкен желегін, желкенше немесе жалауша, ал екі бос орналасқан күлте жапырақшаларын ескекше деп атайды. Астыңғы біріккен екі күлте жапырақшалары қайықша түзеді. Кейбір түрлерінде күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі орын алады. Мысалы, жоңышқа туысында ескекшелері мен қайықшалары, кейде тіптен желкенінің бірігіп кетуі байқалады. Аталықтарының саны 10. Бір жағдайда аталықтарының 9-ы бірігіп, біреуі бос орналасады. Мұны екі ағайынды аталықтар деп атайды. Екінші жағдайда аталықтарының 10-да жіпшелері арқылы бірігіп түтік түзеді. Оны бір ағайынды аталықтар деп атайды. Үшінші жағдайда аталықтарының 10-да бірікпей бос орналасады. Бұларды көп ағайынды аталықтар деп атайды. Табиғатта бір ағайынды және көп ағайынды аталықтары бар гүлдер сирек кездеседі және олар шірнеліктер түзбейді. Тек екі ағайынды аталықтары бар гүлдерде ғана шірнеліктер түзбейді. Тек екі екі ағайынды аталықтары бар гүлдерде ғана шірнеліктер болады және олар табиғатта кең таралған. Аналығы бір ұялы, бір жеміс жапырақшасынан тұрады. Жоғарғы жатынды гүл. Бұршақтар тұқымдасының гүлінің құрылысын формула түрінде былай беруге болады:♀ Т(5) К3 + (2) Ат.(9) + Ж1
Жемістері екі жақтаулы, қақырайтын немесе бір тұқымды жекебуындарға ыдырайтын бұршаққап. Бір тұқымды қақырамайтын жеміс байлайтын түрлері де болады. Оны бұршақ бас деп атайды. Мұндай жемістер экспарцетте болады. Тұқымының эндоспермі болмайды. Екі тұқым жарнағы бар, иілген үлкен ұрығы болады. Тұқымдастың түрлерінің басым көпшілігі насекомдар арқылы тозаңданады. Өздігінен тоаңданатын түрлері де кездеседі (мысалы, екпе бұршақ). Бұршақтар тұқымдасына жер бетінің барлық жерінде, оның ішінде қоңыржай климатты аймақтарда кең таралған 700 туысқа біріктірілген, 17000-дай өсімдік түрлері бар. Қазақстанда 44 туысқа жататын, 555 түрі кездеседі.
Егін шаруашылығындағы маңызы. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасы барлық жабық тұқымдылардың ішінде ең маңыздыларының бірі болып табылады. Олардың түрлерінің 70% тамырларында түйнек бактериясы болады. Олай болатыны бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктер түйнек бактерияларымен симбиоздық қарым-қатынастар түзеді. Топырақтан бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктер тамырларының қабық қабатына, тамыр түктері арқылы батериялар өтеді. Олардың сол жерде көбеюіне байланысты тамыр паренхимасы ұлғайып өсіп, түйнектер пайда болады. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіруге қабілетті келеді. Өсімдік қурап шіріген соң, топырақ құрамындағы азоттың мөлшері артады. Осылайша бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктер топырақты азотпен байытады, яғни оның құнарлылығын арттырады. Сондықтан да егін шаруашылығы практикасында, тозығы жеткен жерлерге, оның құнарлылығын арттыру мақсатында жоңышқа дақылын себеді. Екі, үш,жыл өткен соң мұндай жерлерді қайта жыртып, өңдеп мол өнім алуға болады.
Белокқа бай түрлері. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсмдіктердің барлық органдары, әсіресетұқымдары белокқа бай келеді. Соған байланысты бұршақтар тұқымдасынан өндірілетін азық-түлік өнімдерінің сапасы жоғары болады. Азық-түлік өнімдері алынатын және көкөністік дақылдар ретінде бұршақтар тұқымдасынан асбұршақ, қытайбұршақ, ноқат, жасымық және т.б. себіледі (72-сурет).
Тұқымдастың маңызды өкілдерінің бірі - егістік асбұршақ. Оның дәнінде 22-ден 34%-ға дейін белок, 20-дан 48%-ға дейін крахмал бар. Ең бастысы асбұрашақтың дәнінің құрамындағы белоктың сапасы еттің белогына жақын. Бірақ жануарлардан алынатын белокқа қарағанда нашар қорытылады. Тағы бір маңызды өкілі кәдімгі үрмебұршақ, оның тұқымында 11-ден 30%-ға дейін белок және 50-60 дейін крахмал бар.
Аса маңыды тағамдық, малазықтық және техникалық түріне қытайбұршақ жатады. Ол ертеден себіліп келе жатқан дақылдың бірі. Кейбір деректер бо йынша қытайбұршақты осыдан 5000 жыл бұрын себе бастаған. Оның негізгі себілетін жерлері Шығыс және Оңтүмтік-шығыс Азия елдері болып табылады. Сонымен бірге қытайбұршақ Ресейдің қиыр шығысында, Грузияның оңтүстігінде және Украинаның оңтүстігінде себіледі.Соңғы 2-3 ылда қытайбұршақты Қазақстанныңоңтүстік-шығыс аймақтарында себе бастады. Қытайбұршақтың тұқымында 37-ден 44%-ға дейін белок, 20% крахмал және17-27%-ға дейін өсімдік майы болады. Қытайбұршақдәнінен 100-ге тарта әр түрлі тағамдар даярланады. Олардың ішінде сыр, ірімшік, ұн, сусамыр ауруымен ауыратындарға арналған нан, печеньелер, какао және кофе сурагаты, конфеттер және т.б. бар. Қытайбұршақ майын тамаққа техникалық мақсаттарда пайдаланады. Мысалы, оны лактар, желім, каучук және т.б. алуға пайдаланады. Қытайбұршақтың кебегін жем ретінде малға береді.
Тұқымдастың тағы бар маңызды түрі жержаңғақ, немесе арахис. Бұл жемістерін топырақ астында түзетін бір жылдық шөптектес өсімдік. Тұқымдарында 60%-ға дейін май және 37%-ға дейін белоктар болады. Арахис майы тамақ өнеркәсібінде консервілер дайындауда кеңінен қолданылады. Арахис ұнынан сусамыр ауруымен ауыратындарға арналған нан, печенье, диетикалық, кондитерлік тағамдар дайындалады. Халуа және шоколадтар дайындауда қоспа түрінде қолданылады.
Малазықтық түрлері.Бұршақтар тұқымдасына жататын көптеген құнды малазықтық өсімдіктер бар. Оларға беденің, жоңышқаның сиыржоңышқаның, экпарцеттің, түйежоңышқаның түрлері және т.б. жатады (73, 74, 75, 76-суреттер). Олардың бірқатары, мысалы, жоңышқа, экспарцет және т.б. мәдени жағдайға ендірілген. Қазақстанда жоңышқа оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстардыңтегістігінде, ал эспарцеттаулы жерлерде, тау етектерінде көптеп себіледі. Жабайы өсетін түрлерінің ішінде шөлді аймақтарда қой, ешкі және түйе малдары үшін жантақ аса құнды болып табылады. Осы жоғарыда аталған өсімдіктердің гүлдерінің шірнеліктерінде көп мөлшерде тәтті шырын жиналады.
Дәрілік, техникалық және улы түрлері. Бұршақтар тұқымдасында дәрілік, улы, техникалық, сәндік және топырақты эрозиядан қорғайтын өсімдіктер бар. Солардың бірі мия, Қазақстанда орал миясы мен жалаңмия ерекше құнды болып табылады. Олардан тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданылатын лакрица қанты өндіріледі. Мияның тамырынан лакрица ұнтағы алынады, оның медицинада жөтелгеқарсы және ішті жүргізу мақсатында қолданады. Сабақтарынан арқан есуге жарамды талшық алынады. Сонымен бірге мия түрлері эрозиядан қорғайды.
Бұршақтар тұқымдасына миядан басқа мынадай дәрілік өсімдіктер жатады: дәрілік түйежоңышқа, сортаң айбат мия; улы өсімдіктерден - кәдімгі ақмия, улы жыланбұршақ, жоңғар аммотамнусы, бояу бекіш және т.б.
1. Бұршақтар тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? 2. Бұршақтар тұқымдасының гүлінің құрылысы қандай? 3. Бұршақтар тұқымдасында қанша аталық бар, олар қалай орналасқан? 4. Бұршақтар тұқымдасына гүлшоғырының қандай түрлері тән? 5. Бұршақтар тұқымдасының жемісінің құрылысы қандай және ол қалай аталады? 6. Бұршақтар тұқымдасынажататын қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?
1. Бұршақтар тұқымдасына жататын тағамдық өсімдіктер туралы хабарлама жасаңдар.
Алқалар тұқымдасы
Жалпы сипаттамасы және алуантүрлілігі. Алқалар тұқымдасына бір жылдық, екі жылдық,көп жылдық, шөптектес өсімдіктер, жартылай бұталар және бұталар жатады. Тропикалық аймақтарда аласа ағаштары да кездеседі. Алқалар тұқымдасына жататын өсімдіктердің құрылысы алуан түрлі. Соған қарамастан, олардың барлығын біріктіретін ортақ белгілері болады. Қосалқы жапырақшалары жоқ, бүтін жиекті немесе тілімделген жай жапырақтары кезектесіп орналасады. Қос жынысты дұрыс немесе бұрыс гүлдері, бұйра гүлшоғырын түзеді. Тостағаншасы, күлтесі, аталықтары бес мүшелі. Тостағанша және күлте жапырақшалары біріккен болып келеді. Аталықтарының саны әдетте 5-тен, ал бұрыс гүлдерінде аздау (4-2). Аталықтары, күлте жапырақшаларының арасында орналасады. Аналығы екі жеміс жапырақшасынан тұрады. Жатыны жоғарғы, екі ұялы, сиректеу төрт-бес ұялы. Гүлдері насекомдармен тозаңданады. Аналықтың мойны біреу, аналық аузы екі жақтаулы, жемістері жидектер немесе қорапшалар. Дұрыс гүлді түрлерінің гүлдерінің құрылысын формула түрінде былай беруге болады: Ж Т(5) К(5) А5 Ж(2)
Алқалар тұқымдасында 90-дай туысқа жататын 2500-дей өсімдік түрлері бар. Олар тропикалық, субтропикалық және өоңыржай климатты облыстарда кеңінен таралған. Негігі өсетін жерлері орталық және оңтүстік Америка. Қазақстанда II туысқа жататын 24 түрі кездеседі. Олардың жартысына жуығы мәдени өсімдіктер ретінде танымал. Экономикалық жағынан маңызды тұқымдастың бірі болып саналады.
Мәдени түрлері. Мәдени түрлерінің ішіндегі аса маңыздысы кәдімгі картоп (77-сурет). Картоптың оңтүстік Америкада шамамен осыдан 14 мың жыл бұрын индейцилер мәдени ағдайға ендірген. Еуропаға (Испанияға) картоп алғашқы рет осыдан 1565жыл бұрын әкелінген. Содан біртіндеп Еуропаның бірқатар елдеріне тараған. Ресейге картопты алғашқы рет 1700 жылы Петр I әкелдірген. Бірақ бастапқы кездері картопты қалай отырғызуды және оның түйнегін жинауды жергілікті халық білмеген, тіптен картоптың жемісін жеп, уланған кісілерде болған. Тек 1765 жылдан бастап, картопты маңызды көкөністік дақыл ретінде кеңінен отырғыза бастаған. Картоптық құндылығы оның түйнегіндегі крахмалдың мөлшерімен есептелінеді. Картоп түйнегінің құрғақ салмағының 60-80%, ал шикікүйіндегі салмағының 12-24% крахмал құрайды. Картоп түйнегінде сонымен бірге белоктар және дәрумендер болады. Картоптың барлық бөлігінде адамға зиянды глюкозид салонин бар. Оның мөлшері картоптың сабағында, жапырағында, жемісінде және жасыл түйнегін жеуге болмайды. Салонин глюкозиді, аз мөлшерде картоптың түйнектерінде болады. Бірақ ол қайнату кезінде тез ыдырап кетеді. Қазіргі кезде картоптың 2000-дай тағамдық, малазықтық және техникалық сорттары белгілі. Картоптан 200-ге тарта әр түрлі тағам дайындалады. Картоптың түйнегінен өндірістік жағдйда крахмал, декстрин, патока, спирт және синтетикалық каучук алынады.
Тұқымдастың тағы бір маңызды түрі: помидор немесе томат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz