Аллергия жайлы



Кіріспе
1. Аллергия түрлері
2. Аллергиянын қауіпі және одан сақтану
3. Аллергияға алғашқы көмек
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Аллергия дегеніміз қандайда бір нәрселерге ағзаның кері әсер беруі болса, аллергендер көзге, мұрын, өкпе, теріге әсер етеді. Күнделікті қолданатын заттарды, тағам мен дәрі-дәрмекті айрықша сезіну қабілетінің пайда болуынан аллергия түрліше көрініс береді. Мәселен, дене тастай болып ісініп, дуылдап қышиды, болмаса мұрыннан су ағып, көз жасаурап, қызарады немесе тыныс ауырлап, демікпе басталады. Аллергия, әсіресе, белгілі бір жыл маусымында, сондай-ақ белгілі бір затқа тым сезімтал адамдар сол затты қолданғанда күшейе түседі.
2. “Аллергия: лечение и профилактика” справочник для начинающих

3. Большая Медицинская Энциклопедия, Гл.ред. Б. В. Петровский
Москва 1983

4. Гл.ред. В. И. Покровский «Новая популярная медицинская энциклопедия», М 2004

5. Большая Медицинская Энциклопедия, Гл.ред. Б. В. Петровский
Москва 1979

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1. Аллергия түрлері
2. Аллергиянын қауіпі және одан сақтану
3. Аллергияға алғашқы көмек
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Аллергия дегеніміз қандайда бір нәрселерге ағзаның кері әсер беруі болса, аллергендер көзге, мұрын, өкпе, теріге әсер етеді. Күнделікті қолданатын заттарды, тағам мен дәрі-дәрмекті айрықша сезіну қабілетінің пайда болуынан аллергия түрліше көрініс береді. Мәселен, дене тастай болып ісініп, дуылдап қышиды, болмаса мұрыннан су ағып, көз жасаурап, қызарады немесе тыныс ауырлап, демікпе басталады. Аллергия, әсіресе, белгілі бір жыл маусымында, сондай-ақ белгілі бір затқа тым сезімтал адамдар сол затты қолданғанда күшейе түседі.

Аллергия түрлері
Бүгінде аллергияның түрі өте көп. Солардың бірі - инфекциялық және инфекциялық емес деп екіге бөлінеді. Инфекциялық дегеніміз вирустар, бактериялар. Инфекциялық емес дегеніміз қоршаған сыртқы факторлар: климат, күннің тез суытуы, сонымен қатар сәбиді жасанды тамақтандыруға ерте жастан бейімдеп, мөлшерден артық тамақтандыру аталған сырқатқа тез мүмкіндік береді. Тағамдық аллергияның ең ауыр түрі - анафилактикалық шок. Сырқаттың бұл түрі 4 сағаттың ішінде дамып, естен тану, құрысу, тұншығу, іш өту, құсу секілді белгілермен көрінеді. Аурудың басты қоздырғыштары: шаң-тозаң, темекі түтіні. Көктем кезінде аллергия тудыратын құрт-құмырсқа мен өсімдіктер, тағамдық және дәрі-дәрмектерден болатын аллергия түрлері бар. Сондай-ақ күнделікті өмірдегі күйзеліс те осы ауруға себепші. Бүгінде темекінің салдарынан ғылыми түрде дәлелмен айта кету керек, темекі тартатын отбасында міндетті түрде аллергия ауруымен ауыратын адам көп кездеседі. Өйткені, темекінің буы тыныс жолдарымен өткендіктен бүкіл ағзаға әсер етеді.
Аллергия инфекция емес, бір адамнан екінші адамға берілмейді. Соған қарамастан аллергиясы бар адамдардың балалары да аллергияға бейім келеді. Бір сөзбен айтқанда, тұқым қуалайды деген сөз. Аллергия әдетте жылдың жаз бен күз айларында көп адамдарға әсер етсе, бір заттың тым сезімтал жандарға жанасып, жұғысқан кезде күшейе түседі. Ас қорыту (іштің ауруы, іш өту, құсу), тыныс алу ағзалары (ренит, конъюктивит, бронхоспазм), тері арқылы (қышу, есекжем, ісік) білінеді.
Терідегі өзгеріске түрлі бөртпелер, жара, есекжем, квинке ісігі және атопиялық дерматит жатады. Сырқаттың алдын алу үшін дұрыс тамақтану қажет. Ал әйелдер жүктілік кезінде аллергияны күшейтетін тағамдарды шектеу арқылы гипоаллергендік диетаны сақтаған тиімді. Тағамдарға аллергиясы бар балаларды аллерголог дәрігерге уақтылы қаратып, тиісті ем-домды қолданғаны пайдалы.
Аллергияның тағы бір түрі - поллиноз. Ол жаз және күз маусымдарында ғана көрініс береді. Поллиноз асқынуы көктемнің сәуір айынан басталып, кезең-кезеңмен күзге дейін жалғасады. Тамыз айында арамшөптердің көбеюіне байланысты тұрғындардың көпшілігінде аллергиялық реакция пайда болады. Бұл үрдіс жылда қайталанып, адам денсаулығына көп зиян келтіреді. Өйткені, ауруды толық емдемеген жағдайда, ол тым асқынып кетуі ықтимал. Аллергияның бұл түрін ринит деп атайды. Оның белгілері: мұрын арқылы демалу, мұрыннан су ағады, жиі-жиі түшкіруге тура келеді. Аллергиялық ринитті емдемесе, ол кейін бронхиалды астмаға ұласуы мүмкін. Аллергиялық риниттің себептері көбінесі әртүрлі шөптердің, ағаштардың, гүлдердің тозаңы, үй-ішінің шаң-тозаңы, химиялық заттар, тамақ түрлері (сиыр сүті, жұмыртқа, шоколад, цитрустар, балық, күріш, бидай, қызыл және сары жеміс-жидектер) және кез келген дәрі-дәрмек болуы мүмкін.
Аллергияға шығармашылық мамандықтағы адамдар көп шалдығады. Ол сондай-ақ белгілі саясаткерлер, суретшілер, әртістер, дәрігерлер мен мұғалімдерде кездеседі. Осы мамандық иелерінің гиперсезімі өте жоғары, эмоциялы келгендіктен аллергияға қарсы тұра алмайды дейді ғалымдар.
Аллергияның ішіндегі ең қауіпті түрі бронха демікпесі. Оны дер кезінде емдемесе, өлім-жітімге әкелері анық. Ол Қазақстанда әлеуметтік маңызды аурулардың қатарына жатқызылған. Яғни, Үкіметтің шешімімен демікпеге шалдыққандарға тегін медициналық көмек көрсетіліп, дәрі-дәрмек беріледі. Бұған көбінесе гиперсезімталды адамдар шалдығады. Егер адамның отбасында, генінде аллергияға шалдыққандар болса, сонымен қатар өзі де аллергияға шалдықса, 60-70 пайызы демікпеге ұласып кетуі мүмкін. Демікпе жұқпалы емес, бірақ тұқым қуалайды. Анадан балаға қан арқылы беріледі. Сонымен қатар сыртқы факторлар әсер етеді. Бала кезінде көбінесе ұлдар, ал ересектер арасында демікпеге әйел адамдар жиі ұшырайды. Бұрын демікпе ауруын тек 5 жастан кейін, ал шөптен болатын аллергияны 7 жастан кейін ғана кезіктірсек, қазір демікпе бір жасқа дейінгі балаларда да ұшырасады.
Статистика бойынша жер шарындағы адамдардың орта есеппен 30 пайызы аллергиямен ауырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәлімдеуінше, он жылдан кейін аллергияға қарсы тұра алмаймыз дейді ғалымдар. 2012 жылы әлемнің жарты бөлігі аллергиямен ауырады. Бүгінгі таңда аллергиялық дертке тек медицина қызметкерлері ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде үкімет деңгейінде мән беріліп, оны емдеу мен алдын алу жайы мемлекеттік саясат аясында қарастырылуда.
Аллергияның қоздырғыштарынан құтылу үшін:
* Гүлдену күнтізбесі бойынша, өсімдігіңіздің гүлденетін кезеңінде қасына жоламау керек.
* Далада таңғы 6-дан 10-ға дейін жүрмеуге тырысыңыз, себебі сол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі.
* Үйіңізде жұмсақ ойыншықтар ұстамаңыз, жерге ковралан, кілем, палас төсемеңіз. Жалпы тозаң түсетін заттарды ұстамауға тырысыңыз.
* Шаңсорғышпен жұмыс істегенде ылғал дәкеден жасалған маска тағыңыз. Жұмысыңызды бітіргесін сол бөлмеден тозаң арылғанша шыға тұрыңыз.
* Құрғақ, ашық, желді күні далада жүрмеуге тырысыңыз.
* Тозаң киім мен шашта жиналатындықтан киімді ауыстырып отырған дұрыс, даладан келгесін душ қабылдаңыз.
* Үйде үй жануарларын ұстамаңыз.
* Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек және жиі желдендіріп тұрыңыз.
Аллергияңыз құрғақ кезде мына тағамдарды қолданбау керек: цитрус, жаңғақ, бал, балық және балық өнімдері, құс еті, шоколад, кофе, сүрленген ет тағамдары, сірке суы, майонез, шалқан, хрен, баклажан, саңырауқұлақтар, жұмыртқа, жаңа сауған сүт, қауын, ананас, таңқурай, ашытылған қамырдан пісірілген тағамдар, алкоголь, т.б.
Аллергия өте жиі кездесетін кеселдердің бірі. Осыдан не бары елу-алпыс жылдар бұрын аллергия сирек кездесетін. Сол кезеңде адамдардың бұл кеселден мерт болуы да сирек болатын. Ал, қазір аллергия кеселдері өте қатал түрлеріне айналып, тіпті адамдардың мерт болуына жиі себепкер болып отыр. Бұның себебі неде? Медицина дамыған кезеңнің өзінде де бұл кесел неге бой алып келеді? Аллергия неліктен ауыр түріне айналуда? Жалпы аллергияның өзі неден пайда болады?
Әрине, әр ғасырдың және әр мыңжылдықтың өздеріне тән сырқаттары бар. Осындай жағдайлар болды, қазіргі кезде кездеседі де, келешекте де кездесетін болады. Бұған қоршаған ортаға жәндіктердің қалыптасуы, атап айтқанда жаңа аймаққа, адамдарда, малда, өсімдіктерде, мал және өсімдік паразиттерінің де (бұлардың ішінде микроорганизмдердің де) қалыптасуы.
Бүгінгі кезде көтеріп отырған мәселені толық түсіну үшін кейбір кеселдердің тарихынан мысал келтірейік. Он сегіз ғасыр бойы қышыма кеселін адамзат жұқпайтын ауру деп санап келген. Аурудың себебін адам ағзасындағы сұйық құрамдардың дұрыс қосылмағандығынан деп пайымдаған. Микроскоп пайда болғаннан кейін, ауру адамның денесінен табылған ұсақ Саркоптес кенесі қышыманың себепкері екендігі анықталды.
Дегенмен, тағы біржарым ғасыр бойы қышыма жұқпайтын кесел деп айтуды жалғастырған ғалымдар да табылған еді. Дұрысы - қышыма кеселінің жұқпалылығы. Осы пікірге сәйкес шаралар қолданғаннан кейін қышыма кеселі адамдар арасында жойылды. Соның өзінде де қазіргі кезде дүние жүзінің әр бұрышында бұл кесел аздап кездесіп тұрады. Біздің заманымызда қышыманың тарихына ұқсайтын жағдай кездесуде.
1841 жылы ауру және сау адамдардың терісін зерттеу барысында Демодекс деген ұсақ кене жүз процентте табылған. Қазіргі күнге дейін бұл кенені ғалымдар адам терісіне зиянсыз, сапрофит жәндік деп санайды. Қышыма ауруымен ауырған адамдардың денесін зерттегенде, барлығынан Дерматофагоид деген ұсақ кенелер табылған және қазір де табылады. Дегенмен осы кененің қоздыратын кеселі толық зерттелмегендіктен, қазіргі кезге дейін аталған дертке қарсы ем жүргізіліп жатқан жоқ. Қышымамен ауырған адамдарды емдейді, одан кейін қалған кышыну, бөрткендер сияқты белгілер емделмей қалады. Аса қышынған адамдар: Терімнің ішінде жәндіктердің қимылын сезінем дегендерін жындыханаға жатқызуға дейін барады (бұл туралы шет ел ғалымдары мәлімдейді). Ал, қышынбайтын кісілердің кейбіреуінде терісінен Саркоптес кенесі табылғанымен, ғылыми баспаларда бұл жағдай аурудың белгісі емес, акаротрегерство деп аталып кеткен.
Қазіргі кезде аллергиямен ауыратын адамдардың саны өте көп. Кейбір мемлекеттерде төрт немесе үш адамның ішінен біреуі аллергиямен ауырады. Осы жағдайға байланысты Европаның ғалымдары аллергияны жұқпалы індет ретінде таралғанын мәлімдейді. Көп ұзамай келешекте аллергия Құрама Штаттарында да жиі кездеседі деген жорамды американың ғалымдары айтуда. Аллергияның адамдар арасында тарағанына біраз уақыт болғанымен, медицинада оның айығу жолдары табылмаған. Сондықтан медицинада бүгінгі күнге дейін аллергия емделмейтін кесел деп есептеледі. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басында аллергияның кең тарауы себепті аллергия аталған ғасырлардың обасы деп саналады. Қазақстанда да аллергия кеселі кең тараған.
Біз аллергияның шын мәнінде қандай кесел екенін білеміз бе? Бұл кесел неден пайда болады? Бір қарағанда бұл сұрақ орынсыз көрінеді. Аллергияны қазіргі кезде білмейтін жан кем де кем. Кішкене баладан бастап қарияға дейін аллергияны жақсы біледі. Аллергияның адамдар арасында мол тарағаны соншалықты, тіпті кейбір кісілер сондай белгілерін (түшкіріп, мұрны бітіп, жөтеліп, көзі жасауратып) сезінгенде, өздеріне аллергия деп диагноз қойып, дәріханадан тиісті дәрілерді сатып алып, өз бетінше ем қолдана бастайды. Аллергияның белгілері қатты ұлғайғанда ғана дәрігерге барып көрінеді. Бұл, әрине дұрыс емес.
Медицина бойынша аллергия кеселі аллергендермен қоздырылады. Бұл адам ағзасының өзгергендігі болып саналады. Мұндай ағза бұрын соңды кезігіп жүрген химиялық, дәрілік, физикалық, биологиялық және тағы да басқа заттарды өзгерген ағзаның дұрыс қабылдамауы. Біріншіден, өзгерген ағза аллергендерге антигендерді өндіреді, екіншіден әрі қарай аллергендермен кезіккен кезде реакция беріп, аллергияны тудырады екен. Аллергия кез-келген жаста пайда болатындығы белгілі. Қозатын аллергиялық реакцияның күші де әр түрлі болады. Оған аллергендердің көлемі және түрі байланысты емес. Ең жиі аллергиялық реакция тері мен кілегей қабықтарда кездеседі. Ал соңғы жылдардың тағы бір жаңалығы - аллергияның іш құрылыстарында болуы.
Сонымен аллергия дегеніміз созылмалы індеттің бір түрі болып шықты. Ауруды қоздыратын себепшілердің ішінде бірінші қатарда ұсақ, көзге көрінбейтін кенелер екен. Бұлардың ішінде Демодекс және Дерматофагоидтер жиі кездеседі. Кенелер жалғыз ғана болмайды. Олар ағзасының ішінде міндетті түрде әр түрлі микроорганизмдерді (бактериялар, вирустар, грибоктар, және т.б.) ала жүреді. Кесел ағзаға енгеннен бастап бірінші субъективтік белгісін бергенге дейін көп уақыт өтуі мүмкін. Көп себептер, соның ішінде адам ағзасының мықтылығы (иммунитеті), жеке гигиенасы, тағам қабылдау, тірлік жасау және демалыс қабілеттері (әдеттері), тағы да басқалары бұл мезгілдің ұзақтығына әсер етеді. Кеселді көрмегендік, онымен тиісті жолдармен күреспегендік бірте-бірте індеттің асқынуына әкеліп соқтырады. Адамда ұсақ кенелер қоздыратын кеселдер акариаз, акароз, қышыма, тағы да басқаша атпен аталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың ұлттық сусындарының қалыптасуының алғы-шарттарының рухани көрінісі
Денсаулыққа әсер ететін факторлар
Бейімделушіліктің пайда болу жайы
Өткір вирусты таралымды инфекциялар балалардың бронхты демікпеге шалдығуына әкеп соқтыратын маңызды фактор
Жұмсақ тіндердің іріңді аурулары
Аллергия және аллергиялық диагностика
Аллергиялық реакция түрлері
Балдың емдік қасиеті жайында
Аллергия. Аллергиялық диагностика жайлы ақпарат
Аллергияның диагностикасы және емдеу
Пәндер