Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің теориялық негіздері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 6
1. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері . . . 6
1. 2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің құжат арқылы рәсімделуі . . . 13
1. 3 «Мирас Строй LTD» ЖШС технико - экономикалық сипаттамасы және есеп саясаты . . . 19
2 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 29
2. 1 Жұмысшылар мен қызметкерлер бойынша еңбекақы есебі . . . 29
2. 2 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі . . . 35
2. 3 Қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша бюджетпен есеп айырысу есебі . . . 41
3 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ТАЛДАУ . . . 50
3. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелерді талдаудың міндеттері және ақпараттар көзі . . . 50
3. 2 Кәсіпорында еңбекақы бойынша есеп айырысуды талдау . . . 54
3. 3 Қысқа мерзімді несиелер бойынша есеп айырысуларды талдау . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
ҚОСЫМША . . . 70
КІРІСПЕ
Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шарушылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайында қаржының жетіспеушілігінен банктерден, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өзінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Қарыздардың басым көпшілігі өнеркәсіп тиімділігін арттыруда оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеру мақсатындағы шараларға, өнімнің тиімді әрі жоғары жаңа түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа жан-жақты қызмет көрсетуге, халыққа қажетті тауарлар шығаруға және экспортқа жұмсалады.
Кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жеткізушілермен, мердігерлермен, инвесторлармен, кредиторлармен, қызметкерлермен және мемлекетпен уақытында есеп айырысуы, оның төлем қабілетінің жоғары екендігін білдіреді. Ағымдағы міндеттемелерді жабу мүмкіндігінің жоғары болуы кредиторлардың қызуғышылығын арттырады, ұйымның зиян шегу ықтималдылығын азайтады. Сондықтан кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттеме есебін дұрыс ұйымдастыру мен оның талдауы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені төлем қабілеттілігінің жоғары болуы кәсіпорынға деген серіктестер мен клиенттердің оң көз-қарасын қалыптастырады.
Кәсіпорын міндеттемелерді реттеу үшін әр түрлі әдістерді жүзеге асыруы мүмкін:
- ақша қаражаттарын төлеу;
- басқа да активтерді аудару;
- қызмет көрстеу;
- міндеттемені басқамен ауыстыру;
- кейбір жағдайларда одан бас тарту, және т. б.
Қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешекте үздіксіз жұмыс істеуін үнемі талап етеді.
Өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалды емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытында қайтаратын ұйымдардың қаржылық жағдайы тұрақты болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Мирас Строй LTD» ЖШС қаржылық жағдайымен танысу, ұйымның материалдары негізінде қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды, талдауды зерттеу және оның жетілдіру жолдарын анықтау.
Қойылған мақсатқа сай келесі міндеттерді шешу керек:
- қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық аспектілерін ашу;
- «Мирас Строй LTD» ЖШС есеп саясатына және техника -экономикалық жағдайына сипаттама беру;
- ұйымның жеткізушілермен, мердігерлермен, бюджетпен, қызметкерлермен, банкпен есеп айырысуын көрсету және бірнеше жыл бойынша талдау жүргізу;
- қысқа мерзімді міндеттемелерді талдаудың міндеттерін және ақпараттар көздерін ашып көрсету.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып табылатын «Мирас Строй LTD» ЖШС 2004 жылы заңды тұлға ретінде құрылды. Ұйымның негізгі атқаратын қызметі: құрылыс-монтаж жұмыстары, жобалық жұмыстар, табиғи монополия саласымен байланысы жоқ жол құрылысы, өндірістік және тұрғын үй ғимараттарын салу, полимерлі және композитті материалдардан құрылысқа қажетті құрал-жабдықтарды өндіру, және ҚР заңдарымен тыйым салынбаған басқа да қызмет түрлері болып табылады.
Дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде қысқа мерзімді міндеттемелер есебінің теориялық аспектілері және ұйымның сипаттамасы қарастырылған. Оның ішінде қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мәні, ұйымның қызметіне сипаттама, экономикалық жағдайын талдау, ұйымның есеп саясаты ашып көрсетілген.
Екінші бөлімде «Мирас Строй LTD» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру жайлы қарастырылған. Онда серіктестіктің қызметкерлермен, жеткізушілер мен мердігерлермен, бюджетпен есеп айырысуы көрсетілген.
Ал үшінші бөлім қысқа мерзімді міндеттемелерді талдауға, талдаудың ақпарат көздері мен міндеттерін ашып көрсетуге арналған.
Жұмыста «Мирас Строй LTD» ЖШС қысқа мерзімді міндеттемелер есебі және осы міндеттемелер бойынша бірнеше жылға динамикалық талдау жүргізілген. Сонымен қатар әр түрлі схемалар, диаграммалар, кестелер пайдаланылған.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей ақпарат көздері пайдаланылды: Қаржылық есептің халықаралық стандарттары, тақырып аясында жазылған арнайы әдебиеттер мен мерзімдік баспа материалдары, интернет көзінің мәліметтері, «Мирас Строй LTD» ЖШС қаржылық есептілігі, бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, есеп саясаты және т. б. мәліметтер.
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелер туралы түсінік және оның түрлері
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме ағымдық (операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Он екі ай аралығында өтеуге жататын міндеттемелер қысқа мерзімді ретінде танылуы үшін төмендегі жағдайлар орындалуы керек:
- міндеттемелерді орындаудың алғашқы мерзімі он екі айдан асса;
- міндеттемені қайта қаржыландыру немесе төлем жүргізу кестесін өэгерту туралы келісім баланс күнінен соң және шығарылымның қаржылық есептемесі бекітілгенге дейін жасалса [1] .
Ағымдағы міндеттеменің пайда болуына алып келетін өткен оқиға міндеттелген оқиға деп аталады. Міндеттелген оқиға компанияда осы оқиғаның нәтижесінде пайда болған міндеттемені өтеудің нақты баламасының жоқтығы болып табылады. Бұл:
- компания міндеттемені өтеуге заң бойынша мәжбүр болған жағдайларда ғана жүргізіледі;
- енгізуден туындаған міндеттеме жағдайында оқиға (компанияның іс-әрекетімен болуы мүмкін) басқа тараптарда компанияның өз міндеттемелерін орындағаны туралы негізделген күтулер тудырады.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктен алынған қысқа мерзімді несиелер, банктен тыс мекемелерден алынған қарыз, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер және кредиторлық берешектер жатады [2] .
Банктен және банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді несиелер. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешіміен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі. Несие өтеу қабілеттілігі деп кәсіпорынның өзінің міндеттемелерін толығымен және уақытында есептесе алуын айтамыз. Кәсіпорындарға несие, негізінен өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға және оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғарғы жаңа өнім түрлерін шығаруды ынталандыруға, халыққа түрлі қызметтерді көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен жете көңіл бөлінетіндері өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттерінде және шоттарында сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.
Банк несиені бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болса ғана беріледі. Банк мекемесі үшін табысы төмен кәсіпорындарға несие беру үлкен қауіп туғызатындықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және пайдалану мақсаты, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаттамасы және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жағдайда жазбаша түрінде банкке өтініш білдіреді. Банк жасалған өтініштің негізінде, егер кәсіпорынның қарызы жоқ болса, онда кәсіпорынның берген өтініші оң шешімін табуы мүмкін. Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ кепілге алу міндеттемесі қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызады. Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Банк қарыз алушыға несиелік қызмет көрсету үшін онымен бір жылға шарт жасайды және әрбір несие берудің жағдайын әрбір клиент бойынша жеке дара анықтайды.
Несиені пайдаланғаны үшін банк үстеме пайызын есептейді. Еспетелінген пайыздардың сомасы 7320 «Пайыздар бойынша шығындар» шотының дебеті және 3380 «Төленуге тиісті проценттер» шотының кредиті бойынша көрсетіледі. Проценттерді төлеу 3380 «Төленуге тиісті проценттер» шотының дебеті және 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотының кредиті бойынша көрсетіледі [3] .
Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу (заем) . Ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен алынған қарыздарды көрсету үшін 3020 шоты көзделген. Онда алынған қысқа мерзімді қарыздар шетелдік және ұлттық валюталарда көрсетіледі:
- Қарыз берушіден қаражаттардың келіп түсуі:
Дт 1050, 1040, 1010, 1020 Кт 3020
- Алынған қарыздар бойынша есептелген пайыздар
Дт 7310 Кт 3020
- Алынған қарызды қайтару, өтеу:
Дт 3020 Кт 1050, 1040, 1010, 1020
- Қарыздар бойынша пайыздар төлеу:
Дт 3020 Кт 1050, 1040, 1010, 1020
3020 - шоты бойынша талдамалы есеп қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі. Жинақтамалы есеп 3020 шотының кредиті бойынша №4 журнал-ордерде жүргізіледі [4] .
Еңбекақы бойынша есеп айырысу. ҚР еңбек туралы кодексі бойынша еңбек ақы - бұл жұмыскерлердің нақтылы атқарған еңбегі үшін ақшалай және натуралды формада берілетін сыйақылардың жиыны болып табылады. Қазіргі кезде еңбекақы жұмыскер табысының көп бөлігін құрайды. Ал нарықтық экономиканың дамуы кезіндегі еңбекақы - оның еңбегін пайдаланудың нәтижесі болып табылады, және жұмыскер жұмсаған еңбегінің құнымен анықталып, пайдаланылған жұмыс күшінің сұранысынан туындайды. Неғұрлым жұмыс күшіне сұраныс көп болса, оның ұсынысы кеміп, еңбек ақы мөлшері артады және керісінше.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың біртіндеп қалыптасып, баяу дамуының нәтижесінде еңбек өнімділігі аумағында еңбек ақы жұмыс күшінің құны болып табылады, ал ол жұмыскердің тіршілігі үшін қажетті жағдай жасайды. Еңбекақы мөлшері өндірілген өнімнің саны мен сапасына, мекеменің, кәсіпорынның ақырғы жұмыс нәтижесіне қарай белгіленеді және салықтармен реттелінеді.
Еңбекақы түрінде табыстарға жалақының, сыйақының, қосымша еңбекақының, үлесақының, қалам ақының, шәкірт ақының және жалдау (мердігерлік, өзара шарт, келісім) шартына сәйкес жеке тұлғаның жұмысты орындауына (қызметті атқаруына, оқуына) байланысты басқа да төлемдердің кез келген түрлері жатады [5] .
Еңбекақының мәнін атқаратын қызметтерінен айқын көруге болады. Еңбекақының атқаратын бес қызметі болады:
1) Ұдайы өндіру қызметі. Бұл жұмысшыларды және де олардың отбасыларының мүшелерін, жұмыс күшін, ұрпақты өндіру үшін керекті өмірлік құндылықтармен қамтамасыз етуге байланысты. Мұнда тұтынуды көтерудің экономикалық заңы іске асырылды. Бұл функция жалақыны мемлекеттік реттеу айырмашылықтарымен, жұмыс күшін ұдайы өндіруді қамтамасыз ететін заңмен минималды көлеміне байланысты бекітілген.
2) Ынталандырушы қызметі. Оның мәні жұмысшының еңбек үлесіне байланысты жалақы белгілеу кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты.
3) Өлшеулік-бөлуші қызметі. Бұл қызмет өндіріс құралдарының иелері мен жұмыстар арасындағы тұтыну қорын бөлу кезіндегі еңбекті көрсетеді. Жалақы арқылы оның еңбек үлесіне сәйкес өндіріс процесінің әрбір қатысушысына тұтыну қорындағы жеке бөлігін анықтауға болады.
4) Ресурсты-орналастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні қазіргі уақытта айтарлықтай өсуде. Оның мәні еңбек ресурстарын аймақтар, салалар, кәсіпорындар бойынша таратуды тиімді үйлестіру болып табылады. Еңбек ресурстарын шығару саласындағы мемлекеттік реттеу минимумға жақын жағдайында, ал еңбек ресурстарының қызмет етуі тек жалданушы жұмысшының еркіндігі жағдайында ғана мүмкін болса, өмір деңгейін жоғарлатуға ұмтылу оның мұқтаждығын қанағаттандыратын жұмысты табу мақсатымен түсіндіріледі.
5) Төлем қабілеті бар халық сұранысын қалыптастырушы қызметі. Бұл функцияның мәні - төлем қабілеті бар сұранысты сәйкестендіру, мұнымен сатып алушылардың ақша құралдарымен қамтамасыз етілген тұтыну көрінісінің формасы түсіндіріледі. Төлем қабілеті бар сұраныс екі негізгі факторлардың әрекетімен қалыптасатынына байланысты тұтыну мен қоғамның табысы, онда жалақы көмегімен рынок жағдайында тауарлы ұсыным мен сұранымның арасындағы керекті пропорция белгіленеді
Сурет 1 - Еңбекақының атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары арасындағы байланыс
Көбінде еңбекақыны ұйымдастыру қағидаларын атқаратын қызметтерімен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар қызметтерін жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше қызметтерімен байланысты [3] .
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу. Жабдықтаушылар мен мердігерлеге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорларды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер (электр куатын, суды, газды және т. б. босатушы) және әр қилы жұмыс орындаушылар (күрделі жөндеу және т. б. ) жабдықтаушылар мен мердігерлер болып саналады.
Кәсіпорын жабдықтаушылармен, мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. 3310 шоттың кредиті бойынша «Жабдықтаушылардың акцептелген шот фактурасы» және дебеті бойынша есеп айырысу валюталық және басқа шоттардың кредитімен олардың төлемақысы жазылады. Өнім жеткізушілер мен есеп айырысулар есебі, арнайы нысандағы журналда, машинаграммада немесе ведомосте, әрбір шот фактурада немесе төлем-талап бойынша жүргізіледі [2] .
Бюджетпен есеп айырысу. Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар дегеніміз - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.
3110 «Корпоративтік табыс салығы». Төлеушілеріне: заңды тұлға, ҚР резиденттері (бұларға Ұлттық банкі мен мемлекеттік ұйымдар кірмейді), ҚР төлем кезінде табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар. Салық ставкасы 20 пайызды құрайды. Корпоративтік табыс салығын есептеу үшін салық салынатын табыс анықталып пайыз ставкасына көбейтілелі.
3120 «Жеке табыс салығы». Жеке табыс салығы 10% мөлшерлемесі бойынша ұсталады, сондай-ақ ол Қазақстанда жұмыс істейтін резидент еместердің де табысынан ұсталады. 10% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- дивидендтер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттер кірмейді) ;
- ұтыс;
- заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк-резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марпаттау сомасы кірмейді) ;
- бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы [7] .
3130 «Қосылған құн салығы». Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналамына қосылған, сату айналасына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құн салығы болып табылады, сондай-ақ ҚР аумағына туарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12 пайызын құрайды (ҚҚС босатылған айналымды қоспағанда)
3140 «Акциздік салық» - сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.
Акцизді есептеген кезде 1210 шоты дебиттеліп, 3140 шотының, «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттеледі. Ал оны бюджетке аударған кезде, 3140 дебиттеліп, 1030 шоты кредиттеледі.
3150 «Әлеуметтік салық». Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметік салықтың есебі, 3140 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотын жүреді. Әлеметтік салық ставкасы 11 пайызды құрайды.
3160 «Жер салығы». Бюджетке төленетін жер салығынның есебі 3160 шотта көрініс табады. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатына және белгілі бір категорияға жататындығына қарап қарастырылады.
3170 «Көлік құралдарына салынатын салық». Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады [6] .
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді және ҚР заңдарымен белгіленген кезінде төлем жасалды және олар көлік құралдары қуатының әр киловатынан алынатын айлық есептеу көрсеткіші бойынша алынады.
40 тонналық және одан да жоғары жүк көтеретін самосвалдар және арнайы жабдықталған медициналық транспорттық құралдары салық салу объектісі болып табылмайды. Көлік құралдарына салынатын салықты есептеген кезде 7440 «Жалпы және әкімшілік шығыстарының» шоты дебиттеледі де және 3140 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шотының 3170 «Көлік құралдарына салынатын салықтар» деп аталатын субшоты кредиттеледі [3] .
Жалдық міндеттемелердің есебі. Бұл міндеттемелер есебі 3390 «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жабдық міндеттеме» деп аталтын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Алынған аванстар бойынша есеп айырысу. Аванс - ақшалай міндеттеме есебіне алдын-ала төленген сома. Аванстың төленуі келісім шарттың жасалғанын растай алмайтын, бірақ алдын-ала төленген сома бірнеше функцияларды орындайды, олар:
- белгілі бір мөлшерде келісім шарт міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
- міндеттеменің бар екендігін растайды.
- жалпы төлем соманың белгілі бір мөлшері болғандықтан аванс төлемдік қызмет атқарады.
Тауарларды жеткізуге не жұмыстарды орындауға алынған аванстар бойынша сондай-ак ішінара дайындығына карай тапсырыс берушілер үшін өндірілген өнім мен атқарылған жұмыстардың өтемакысы бойынша есеп айырысу үшін 3510 «Тауарлык-материалдық босалкыларымен жабдықтау үшін алынған аванстар» және 3510 «Орындалатын жұмыстар және көрсетілген кызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттары пайдаланылады [5] .
Алынған аванстар мен өнімді және жұмыстарды ішінара дайындау кезінде, алынған төлемақы сомасына 1040, 1010 шоттары 3510 шоты кредиттеледі, бірақ ол кезде төлемдердін мақсаттарына карай бухгалтерлік жазбалар жазылады.
Алынған аванстар және толық дайын бұйымдарды, материалдарды жеткізгені және орындалған жұмыстар үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілер шоттарды ұсынған кезде есепке алынған ішінара дайын өнімдер мен жұмыстар бойынша төлемақы сомасы 3510 шотының дебеті және сәйкесінше, 1210 шоты немесе 1210-1230 шоттарының кредиті бойынша көрініс табады.
3510 шоты бойынша талдамалық есеп әрбір несие беруші бойынша тізімдемеде жургізіледі.
Кәсіпорынның алған аванстарының талдамалық есебі әрбір аванс берген ұйым бойынша бөлек жүргізіледі [6] .
Кесте 1 - Алынған аванс бойынша есеп айырысу
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz