Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау объектілері ретінде



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I ТАРАУ
Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау объектілері ретінде.
1.1Адамдардың өмір сүру құқығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2Адам өмірінің басталуы мен аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

IIТАРАУ
Адам өміріне қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты.
2.1Адам өміріне қарсы қылмыстардың жалпы сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2Адам өміріне қарсы қылмыстарды топтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

IIIТАРАУ
Адам өміріне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері.
3.1Қасақана жасалған адам өміріне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
3.2Адам өміріне қарсы қылмыстардың өзге түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. /1.1,14бет/ Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та ад Адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында «Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»,-деп жарияланған. /1.1,14бет/ Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.
Біз сондықтан да болар «Адам өміріне қарсы қылмыстар» тақырыбына курстық жұмысты жазуды таңдап алдық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.
Осы курстық жұмыстың мақсаты: адам өмірінің маңыздылығын ашып көрсету және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру, яғни адам өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде сипаттап, оған қарсы қылмыстарға қылмыстық-құқықтық сипаттама беру, оларды дәрежелеу мәселелеріне аса маңызды назар аудару.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол адам өмірінің аяқталуы мен басталуы, адам өміріне қарсы қылмыстарды топтау, яғни түрлері және құқықтық жағдайын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны үш тараудан тұратын кіріспеден, қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I.Нормативтік –құқықтық актілер.
1.1 Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: «ЮРИСТ»,2004, 31бет.
1.2 Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі.Алматы: «ЮРИСТ», 2005, 141бет.
1.3 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті көздейтін заңдарды соттың қолдануы туралы» 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы,1994,№1).
II.Негізгі оқу әдебиеттері.
2.1 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы: «Жеті Жарғы»,2001, 560бет.
2.2 Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы. Академиялық курс. Алматы: «Жеті Жарғы», 2004, 480бет.
2.3 Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы: «Жеті Жарғы», 2003, 244бет.
III.Қосымша оқу әдістері.
3.1 Чечель Г.И. Жестокий способ совершения преступления против личности. Нальчик, 1992.
3.2 Ткаченко В.И. Квалификация преступления против личности. Москва, 1981.
3.3 Саркисов Г.С, Красиков Ю.А. Ответственность за преступления против жизни, здоровье, свобода и достоинство личности. Еревечи, 1990.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I ТАРАУ
Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау объектілері
ретінде.
1.1Адамдардың өмір сүру
құқығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..4
1.2Адам өмірінің басталуы мен
аяқталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
IIТАРАУ
Адам өміріне қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты.
2.1Адам өміріне қарсы қылмыстардың жалпы
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..8
2.2Адам өміріне қарсы қылмыстарды
топтау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..9
IIIТАРАУ
Адам өміріне қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері.
3.1Қасақана жасалған адам өміріне қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 14
3.2Адам өміріне қарсы қылмыстардың өзге
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 20
Кіріспе
Адамдардың және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары мемлекет
арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында Ең қымбат қазына -
адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары,-деп жарияланған.
1.1,14бет Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы барлық құқық салалары,
оның ішінде Қылмыстық құқық та ад Адамдардың және азаматтардың құқықтары
мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының
Конституциясының II бөлімі осы мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-
бабында Ең қымбат қазына - адам және адамның өмірі, құқықтары мен
бостандықтары,-деп жарияланған. 1.1,14бет Осыған орай, Қазақстан
Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде Қылмыстық құқық та
адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан Республикасының
барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғауға әр уақытта артықшылықтар береді.
Біз сондықтан да болар Адам өміріне қарсы қылмыстар тақырыбына
курстық жұмысты жазуды таңдап алдық.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің
бірінші тарауы жеке адамға қарсы қылмыстарға арналған.
Осы курстық жұмыстың мақсаты: адам өмірінің маңыздылығын ашып көрсету
және де оның қоғамдағы орны мен ерекшелігі туралы толық мәлімет беру, яғни
адам өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау объектісі ретінде сипаттап, оған
қарсы қылмыстарға қылмыстық-құқықтық сипаттама беру, оларды дәрежелеу
мәселелеріне аса маңызды назар аудару.
Осы мақсатты жүзеге асыруда алдымызға қойған ең негізгі міндетіміз: ол
адам өмірінің аяқталуы мен басталуы, адам өміріне қарсы қылмыстарды топтау,
яғни түрлері және құқықтық жағдайын анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымдық мазмұны үш тараудан тұратын кіріспеден,
қорытынды бөлімнен және әдебиеттер тізімінен құралады.

I.Адам өмірі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Заңымен қорғау
объектілері ретінде.
1.1 Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасының Конституциясының
толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны
баршаға белгілі. 1.1,24бет Тек Конституциядағы және халықаралық құқықтағы
адам құқына деген көзқараста кездесетін ұқсастықтар иен айырмашылықтарға
тоқталайық.
1. Халықаралық құқық сияқты Қазақстан Республикасының Конституциясы
да қандай да болсын нәсілдік, тері түсі, жыныстық, тілдік,
діндік, саяси нанымдық, ұлттық және әлеуметтік және өзге де
жағдайларының белгілері бойынша кемсітуді толықтай теріске
шығарады.
2. Жасына: балалар, еңбекке қабілеттілер, зейнеткерлер екендігіне
байланысты мәртебе бірдей белгіленеді.
3. Отбасы мәртебесі мәселесі қоғамның қарапайым ұясы ретінде де,
негізгі ұясы ретінде де бірыңғай шешіледі.
4. Адамның мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында құқықтары
мен бостандықтары жарияланады, оларды жүзеге асыру кепілдігі
қарастырылады.
5. Абырой, өмір, денсаулық және қадір-қасиеті өз дәрежесінде
қорғалады.
6. Адамның құқы мен бостандығын шектеуге өзгеше жағдайларда ғана
жол беріледі.
7. Азаматтардың кез келген әр түрлі ассоциацияларға бірігуіне
кепілдік беріледі.
Халықаралық құқық нормалары адам құқы мен бостандығын азаматтарға,
шетелдіктерге, апатридтерге бөліп сипаттайды. Азаматтар мен аталған
мемлекеттің азаматы болып табылмайтын адамдардың ара қатынасын дұрыс
белгілеу үшін ұлттық заңдарда да осындай өзгешілік жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы принципті басшылыққа алады.
Шетелдіктер мен апатридтердің құқы мемлекеттің мүдделері мен
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деңгейде шешіледі. Атап айтқанда,
олар мемлекеттің өкілетті органдарын сайлауға қатыстырылмайды, әскери
қызметке шақырылмайды және т.б.
Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтардың құқықтары мен
бостандықтарының шеңбері кең. Тек меншік және кәсіпкерлік қызмет
саласындағыларын ғана атап өтейік.
Сот шешімінен басқа ретте ешкім ешкімді өз меншігінен айыра алмайды.
Мұнда әңгіме барлық адамдардың азаматтыққа тәуелсіз меншігі жөнінде болып
отыр.
Шетелдіктердің де, азаматтығы жоқ адамдардың да кәсіпкерлік қызметі
мемлекеттің қорғауында болады. Проблеманың мұндай шешімі халықаралық құқық
нормаларына сәйкес келеді. Азаматтық және саяси құқық туралы пактте Әр
адам, ол қай жерде тұрса да, оның құқықтық субъектілігін тануға құқы бар
делінген. (16-бап)
Жеке адамның Қазақстан Республикасының 1995жылғы Конституциясында
орнықтырылған құқықтық мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары
тұжырымдамасына негізделген және халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі
қағидаларынан туындайды.
Қазіргі заманғы халықаралық құқықта адам құқына қатысты тұтастай
құқықтық актілер кешені қалыптасты. Халықаралық құқық нормалары нақты
мемлекеттегі адам құқын тікелей реттемейді. БҰҰ Жарғысы (1-баптың, 3-
тармағы) мемлекеттерді олардың аумағында тұратын барлық адамдардың, қандай
да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын
қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ шеңберінде осы мәселе бойынша: Адам
құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948жыл), Адамдардың
экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы, Адамдардың
азаматтық және саяси құқықтары туралы (1966жыл), (Балалар құқы
декларациясы (1959жыл), Әйелдердің саяси құқы туралы конвенция (1954жыл)
және басқа бірқатар құжаттар қабылданды.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы (1995жылғы) азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын нығайта отырып, халықаралық актілердің
нормалары мен принциптеріне сүйенеді. Аталған және басқа халықаралық
актілер мынадай негізгі құқықтар мен бостандықтарды жариялайды: кез келген
адам өмір сүруге, бостандыққа және жеке басына қол сұғылмауына құқылы;
ешкімде азапталмуы, қадір-қасиетін кемсітетіндей көз алартушылыққа және
жазаға ұшырамауы тиіс; барлық адамдар заң алдында тең, заңмен тең дәрежеде
қорғалуға құқылы; кез келген адам тұратын орнын мемлекет шегінде еркін
алмстыруға және тандауға құқылы; кез келген адам өзінің, отбасының және
басқаларының денсаулығын және тұрмыс жағдайын қолдауға қажетті өмірлік
деңгейде еңбек етуге, білім алуға, дем алуға құқылы. Халықаралық-құқықтық
құжаттар адам құқы мен бостандығын ең жоғарғы құндылық деп таниды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқы туралы халықаралық
құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің
адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. Адам құқықтары
мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп
танылады,олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтвк
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады (12-
бап, 2-тармақ)
Жеке адамның қоғамдағы жағдайы мемлекет дамуының деңгейін сипаттайды.
Адамның өміріне, жеке бостандығына, ар-намысына, қадір қасиетіне қол сұғуға
ешкімнің де құқы жоқ. Сондықтан, Қазақстан Республикасының конституциясы,
басқа да заңдары азаматтың жеке бостандығын қамтамасыз етуге айрықша назар
аударады. Егер өміріне, денсаулығына, азаматтық қадір қасиетіне қауіп төнсе
әр адам мемлекеттік органдардан көмек сұрауға, заңмен қорғалуға
құқылы.2.3,196-197бет Жоғарыда айтылғандай, ол үшін арнаулы органдар
жұмыс істейді. Адам өзінің құқы мен бостандығын бұзушылардан қорғанып
Республика Президентіне жүгінуге құқылы. Бірде-бір мемлекеттік орган, бірде-
бір лауазымды адам азаматтың құқығын шектей алмайды.
Ең маңыздысы, адамның табиғи құқығы-өмір сүру құқығы.
1. Әркімнің өмір сүру құқы бар.
2. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға қақысы жоқ. Өлім жазасы
еркше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен
белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы
арыздану құқығы беріледі.

1.2 Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің
заңдылық анықтамасы берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
жаңа Қылмыстық кодексінде тұңғыш рет адам өлтірудің заңдылық түсінігі
берілген. Кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қаза келтіру деп
Қылмыстық кодекстің 96-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі
өлтіру заң бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық және тікелей
объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс құрамы жеке адамға қарсы қылмыс үшін
жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның
ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады.
Заң жасына және денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін
бірдей қорғайды. Адам өмірі нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының
денесінен бөлініп шығып, алғаш тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс
істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан,
дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Өлім клиникалық және биологиялық болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен
қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут шамасында клиникалық өлім
сатысы басталады. Адам денесінің салқындуына байланысты бұл кезең 10 немесе
одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі – биологиялық өлім,
орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі
басталады. Адамның басқа органдары мен тіндерінің өміршендік белгілері
біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам өмірінің соңғы сәті болып табылады.
Яғни адам өмірінің соңғы сәті-биологиялық – өлім.

II. Адам өміріне қарсы қылмыстардың қылмыстық-құқықтық сипаты.
2.1 Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам
өлтірудің көпшілігі осылайша жасалады. Кінәлінің оқпен атылытын және суық
қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да
әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам өлтіру сонымен
бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте
жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдардың жүйкесіне
зақым келтіру жолымен өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру
жиі кездеседі. Соңғы уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен
әдістерінің көбейе түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам
өлтіру мүмкіндігі одан әрі кеңейе түседі.
Адам өлтіру сондай-ақ әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл
негізінен мынадай жағдайда болуы мүмкін. Кінәлі адам біреуді өмірден айыру
мақсатымен өлімге араша тұра алатын мүмкіндігі бола тұра және осыған
тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім қаупін
туғызады және өлімге жол береді.2.1,253бет
Кінәлінің өлімнің жолын кесу жөніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң
талаптарынан туындауы мүмкін. (мысалы,ата-аналары өздерінің жаңа туған
нәрестелерін немесе жас балаларын өлтіру мақсатымен тамақтандырмайды немесе
олардың өмірін сақтап қалу үшін өзге де шараларды қолданбайды). Өздігінен
жүріп-тұра алмайтын және өздерінің табиғи қажеттерін қамтамасыз ете
алмаитын жағдайларда қартайған ата-аналарын олардың ересек балалары олардан
құтылу мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін.
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстың зардабы
жәбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасақаналық
болғанымен қылмыстық зардаптың-өлімнің болмай қалуы кінәлінің әрекетіне
оқталғандық ретінде саралауға негіз болады. Адам өлтіру кезінде, өлім
әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уақыт өткеннен кейін
жүзеге асуы мүмкін. Келтірілген зардапты кінә деп жүктеу үшін болған өлім
мен субъектінің әрекеті немесе әрекетсіздігі арасындағы себептік
байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында
себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты
болады. Өлтіруге тікелей оқталу айқындалған кезде өлтіру үшін оқталғандық
жасалған болып табылады, ал өлтіруге жанама ниет болған кезде кінәлі адам
нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді.
Адам өлтіру – материалдық құрамға жататын қылмыс.

2.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіеде адам өлтірудің
негізгі құрамы мен ауырлататын жағдайында адам өлтірудің құрамы бір бапқа
біріктірілген. Негізгі құрам-бұл осы қылмыстың ауырлататын түріне жатпайтын
құрам. Негізгі құрамға мынындай адам өлтіру түрлері жатады: қызғаныштан,
төбелескезінде немесе ұрыс-керіс үстінде жәбірленушінің заңсыз әрекеттеріне
байланысты, жеке қарым-қатынас негізінде туындаған кек алумен байланысты
болған адам өлтіру оқиғалары.
Ауырлататын жағдайлардағы адам өлтіру-Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-
тармағында көзделген. Қылмыстық құқық теориясында бұл жағдайларды топтарға
бөлу қалыптасқан. Мұндай жағдайда бөлу өлшемі әр түрлі.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте ауырлататын жағдайлар белгілі бір
тәртіппен орналастырылған, атап айтқанда: ең алдымен объектіге және
объективті жаққа қатысты жағдайлар, сонан соң субъективтік жаққа және
субъектіге қатыстылары келтіріледі.
а) екі немесе одан да көп адамды өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының
а тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі кінәлі екі немесе одан көп адамды өмірінен
айырған жағдайда болады. Мұндайда кінәлінің екі немесе одан көп адамды
өлтіру ниетінің болғандығы.
Егер екі неиесе одан да көп адамды өлтіру ниеті бола тұра бір адам
өлтірілсе және екіншісінің өміріне қастандық жасалған болса, мұнда екі
немесе одан көп адамды өлтіру аяқталмағандықтан, кінәлінің әрекеті ҚК-тің
24-бабының 3-тармағы және 96-бабының 2-тармағының а тармақшасы бойынша
саралануы тиіс.
б) адамның қызметтік іс-әрекетін жүзеге асыруына не кәсіби немесе
қоғамдық борышын орындауына байланысты адамды немесе оның жақындарын өлтіру
(ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының б тармақшасы)
Мұндай адам өлтіру кінәлінің жәбірленушіні немесе оның жақын туыстарын
олардың қызметтік немесе қоғамдық борышын орындауына кедергі келтіру
мақсаттарында, немесе олардан осындай әрекеттері үшін кек алу мақсатында
жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы
23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін
жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы №7 қаулысында
кез келген адамның қызмет аясына жататын жұмысын қызметтік борышты орындау,
ал қоғамдық борышты орындау деп - арнайы жүктелетін қоғамдық міндеттердің
орындалуын айтады. Сондай-ақ қоғам немесе жеке адамның мүддесіне бола
жасалған басқа әрекеттерде де қоғамдық міндеттер болып табылады.
Адам өлтірудің осы түрі бойынша жәбірленушілер болып қызметтік немесе
қоғамдық функция атқарған адамның өзі немесе олардың жақын туыстары болуы
мүмкін.
в) дәрменсіз жағдайда екендіг айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей
адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-
тармағының в тармақшасы)
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің
кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен
уақытша айрылу немесе ақыл-есінің әлсіреуімен байланысты болған, оның дене
мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәліға қарсылық
көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған дәрменсіздік жай-күйі
деп түсіну керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас
болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы
заттарды қабылдаудан болуы мүмкін.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не
кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған
қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады.
г) жүкті екендігі кінәліға белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-
тармағының г тармақшасы)
Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай
көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады. Осы құрамның болуы үшін ең
алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтығы
жүктілік жағдайында жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердің
білуі керек. Белгілі деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті
екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық
растығына оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол
жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушіні өзінен немесе бұл туралы
басқалар арқылы хабардар болады. Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың
өміршең еместігі, әйелдің жүкті екндігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде
есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ.1.3, 92бет
Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті деп
өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниетінің бағытына қарай осы тұрғыдағы
қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады.
д) аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-
тармағының д тармақшасы)
Адам өлтірудің өзі қатыгездік әрекет. Осы тармақ бойынша әрекетті
сарлау үшін айрықша қатыгездік талап етіледі. Бұл жөнінде, ең алдымен адам
өлтіру әдісі айғақтама болады. Адамды өмірінен айыру жәбірленушіні айрықша
қорлау мен қинауға байланысты әдіспен жасалады: көптеген жарақат салу,
тірідей өртеу, алдын ала, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Интеллектуалды меншік объектілері
Азаматтық құқық негіздері жайлы
Көліктегі полиция қызметі
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты нормативтік-құқықтық актілердің көмегімен жүзеге асыру
Пәндер