Тарихи тұлға және көркем бейне - М.Өтемісұлы



1.1. Тарихи тұлға және көркем бейне

1.2 М.Өтемісұлы жырларындағы ақын автопортреті

1.3 Ақын поэзиясында көркемдік амал.тәсілдердің қолданылуы
Әдебиет халықтың ар-ұжданының көркемдік бейнесі екендігі, оның эстетикалық, танымдық мұрат-мақсаттары, ең алдымен әдебиеттен көрінетіндігі қашаннан айтылып келеді. Бір халық пен екінші халықтың арасында дәнекер болатын, оларды өзара табыстыратын бір-бірін ақ ниет, шын көңілден құрметтеуге үндейтін, рухани теңестіретін өнер екені белгілі. Оның ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқаратын қызметі ерекше.
Әдебиет тарихы – халық тарихы. Әдебиетті халықтың ой-сана өсуінің, халықтың рухани дамып, кемелденуінің көркемдік тарихы дейміз. Өйткені жалпы алғандағы азаматтық ой-сананың оянуы да, шарықтап өсуі де алдымен сол халықтың әдебиетінде көрініс табады.
Қазақ халқының тарихында батырлығымен де, ақындығымен де есімі ардақталатын тұлғалардың бірі – Махамбет Өтемісұлы.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар Махамбет – Исатай бастаған шаруалар көтерілісін туғызса, Махамбет поэзиясы сол көтерілістің байрағы, ұраны болды.
Махамбет поэзиясы өзіне дейінгі өлең мен жырдың, толғаудың қалыбына сыймаған, мейлінше жаңа мағына мен мәнге ие, көркемдігі жоғары дүние болды. Ақынның әрбір жыры өткір, сұсты, тегеурінді болып келеді. Өлең толғауының әрбір жолына, сөзіне әлеуметтік жүк артып, салмақ саз беріп, оның поэзиялық қуаты мен нәрлілігін арттырды, әсерлілігін күшейтті.
Махамбеттің ақындық қуаты, өлең өрімі, тіл кестесі жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында әріден сөз болып келе жатыр. Мәселен, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Р. Сыздықова, М. Мағауин, Қ. Өмірәлиев, Б. Аманшин, Қ.Сыдиқов тағы басқа зерттеушілер Махамбет поэзиясын өлең үлгісі, сөз қолданысы, ұйқас, дәстүрлі жыраулық поэзиямен сабақтастық тұрғысынан қарастырады.
Махамбет шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым Қ. Жұмалиев ақынның көпке мәлім шығармаларымен қатар ел аузында қалған өлеңдерін жинап, баспа бетіне жариялады. 1948,1951,1958,1962 жылдары шыққан Махамбет өлеңдерінің толық жинағын құрастырып, алғысөзін жазды. Орысша-қазақша жинағын құрастырды.
Сол сияқты, Ж. Тілепов, Ә. Дербісалин еңбектерінде Махамбет поэзиясының көркемдік тақырыптық ерекшеліктері сөз болады.
Бүгінде Махамбеттану саласы жаңа, тың зерттеулермен толыға түсуде. Ақын шығармаларының тіл құнарлығына, көркемдік ерекшелігіне көп назар аударылуда.
1. Дербісалин Ә. “Әдебиет туралы толғаныстар”. Алматы 1990.
2. Қабдолов З. “Ерлік пен елдіктің өшпес рухы”//Егемен Қазақстан 2001 7 тамыз.
3. Әуезов. М. “Махамбеттің ақындығы”. 15- том. Алматы 1985.
4. "Бес ѓасыр жырлайды". 1-том Алматы 1984
5. “Ай заман-ай”. 1 том. Алматы 1991
6. Қозыбаев М. “Тарих зердесі” 2 том. Алматы 1998.
7. Күмісбаев Ө. “Терең тамырлар” Алматы 1994.
8. Мақпырұлы С.“Қазақ лирикасындағы Махамбет тақырыбы”.“Махамбет”3том. А, 2003.
9. Кәрібозұлы. “Қазақ өлеңдерінің ұлттық сипаты”. Докторлық диссертация авторефераты. Алматы 1997.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I.Кіріспе

І
1.1. Тарихи тұлға және көркем бейне

0.2 М.Өтемісұлы жырларындағы ақын автопортреті

1.3 Ақын поэзиясында көркемдік амал-тәсілдердің қолданылуы

К І Р І С П Е
Әдебиет халықтың ар-ұжданының көркемдік бейнесі екендігі, оның эстетикалық, танымдық мұрат-мақсаттары, ең алдымен әдебиеттен көрінетіндігі қашаннан айтылып келеді. Бір халық пен екінші халықтың арасында дәнекер болатын, оларды өзара табыстыратын бір-бірін ақ ниет, шын көңілден құрметтеуге үндейтін, рухани теңестіретін өнер екені белгілі. Оның ішінде әдебиеттің көтерер жүгі, атқаратын қызметі ерекше.
Әдебиет тарихы - халық тарихы. Әдебиетті халықтың ой-сана өсуінің, халықтың рухани дамып, кемелденуінің көркемдік тарихы дейміз. Өйткені жалпы алғандағы азаматтық ой-сананың оянуы да, шарықтап өсуі де алдымен сол халықтың әдебиетінде көрініс табады.
Қазақ халқының тарихында батырлығымен де, ақындығымен де есімі ардақталатын тұлғалардың бірі - Махамбет Өтемісұлы.
ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоғамындағы саяси-әлеуметтік қайшылықтар Махамбет - Исатай бастаған шаруалар көтерілісін туғызса, Махамбет поэзиясы сол көтерілістің байрағы, ұраны болды.
Махамбет поэзиясы өзіне дейінгі өлең мен жырдың, толғаудың қалыбына сыймаған, мейлінше жаңа мағына мен мәнге ие, көркемдігі жоғары дүние болды. Ақынның әрбір жыры өткір, сұсты, тегеурінді болып келеді. Өлең толғауының әрбір жолына, сөзіне әлеуметтік жүк артып, салмақ саз беріп, оның поэзиялық қуаты мен нәрлілігін арттырды, әсерлілігін күшейтті.
Махамбеттің ақындық қуаты, өлең өрімі, тіл кестесі жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында әріден сөз болып келе жатыр. Мәселен, Х. Досмұхамедұлы, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Х. Сүйіншәлиев, Р. Сыздықова, М. Мағауин, Қ. Өмірәлиев, Б. Аманшин, Қ.Сыдиқов тағы басқа зерттеушілер Махамбет поэзиясын өлең үлгісі, сөз қолданысы, ұйқас, дәстүрлі жыраулық поэзиямен сабақтастық тұрғысынан қарастырады.
Махамбет шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым Қ. Жұмалиев ақынның көпке мәлім шығармаларымен қатар ел аузында қалған өлеңдерін жинап, баспа бетіне жариялады. 1948,1951,1958,1962 жылдары шыққан Махамбет өлеңдерінің толық жинағын құрастырып, алғысөзін жазды. Орысша-қазақша жинағын құрастырды.
Сол сияқты, Ж. Тілепов, Ә. Дербісалин еңбектерінде Махамбет поэзиясының көркемдік тақырыптық ерекшеліктері сөз болады.
Бүгінде Махамбеттану саласы жаңа, тың зерттеулермен толыға түсуде. Ақын шығармаларының тіл құнарлығына, көркемдік ерекшелігіне көп назар аударылуда.


Тарихи тұлға және көркем бейне

Тарихқа табан тіреп, өткенмен есептесіп отыру болашақты ойлайтын адамға парыз болмақ. Ерте есейген еңселі елдер мен тамырын тарихтың терең қойнауларынан тартқан тағылымды жұрттың қай-қайсысы да өткенге ой көзімен қарап келген. Өткенді ойлау өткенмен ойнаудан сақтандырады. Яғни, кешегіні ойлау - кемел келешекті ойлау деп таныған жөн.
Әр халықтың тарихи көшінде жылдар жылжып, ғасырлар ауысса да, топ бастайтын мәңгілік рухани құндылықтар болады. Ұлы далада күрескер ғұмырын, қуанышын да, қасіретін де, кейінгі ұрпағы бас иетін бар қасиетін де, поэзия тілімен жеткізіп келген қазақ халқы үшін сөз өнері, ең басты құндылық болуы заңды.
XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезінен бастап, қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік пен алауыздық жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Поэзияның бұл дәуірде соншалықты кең қанат жайғаны Атырау, Ойыл өңірі, Сыр, Есіл, Нұра, Жетісу, Қаратау мен Ұлытау, Тарбағатай мен Шыңғыс баурайынан байқалған ақындар легінен байқалады. Зерттеуші пікірін алға тартсақ, "жер-жерден шыққан ақындар ақындық өнер, шешендік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере , есейте түсті. Оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәніндегі жазба әдебиет туып дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен рөлін, салмағы мен күш-қуатын әрдайым арттырып отырды." - деп түйіндеу жасайды. [ 10,24].
ХІХ ғасыр поэзиясын үш кезеңге топтайтын болсақ, соның алғашқы кезеңі 30-40 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңге тән қасиет - бұқараның билік иелеріне бағытталған ызасы мен кегі, содан туындаған өршіл де күресшіл поэзия. Бұл поэзия Махамбет сынды ердің жалынды жырларын туғызып, кейінгі дәуірлерге өзектесіп, жалғасын тауып жатты.
Күрескер ақын Махамбетке тән сөз өнерінің тамыры өз тегінен тамыр тартса керек. Махамбеттің атасы Құлмәлі би, батыр, шешен адам болса, әкесі Өтеміс Айшуақ, Бөкей дәуіріндегі беделді билердің бірі болған. Махамбеттің ақындық, шешендік дарыны елге ерте мәшһүр болады. Ол жастайынан батыр, палуан, мерген, домбырашы, ақын болады. Біраз уақыт хан баласы Зұлқарнайынмен бірге тәрбие алады. Сол кезден - ақ үстем тап зєбірін көріп өскен Махамбет олармен ымыраға келмейді. Мұның соңы тарихқа "Махамбет-Исатай қозғалысы" деген атпен қалған көтеріліске ұласады.
Өз кезінде "Елімді иесіз деймісің, ерімді киесіз деймісің," - деп Үмбетей жырау айтқандай, аталы жұртымызда, айбынды елімізде киелі ерлер баршылық. Сондай-ерлердің бірі - Исатай Тайманов.
Исатай - тарихи тұлға, оны қалың халықтың дәріптегенін тап басып білуі, сөзге беріктігі, істегі қаһармандығы, қажымас қайраттылығы сияқты ізгі қасиеттері, оның басқалардан шоқтығы биік, беделі жоғары болуына негіз болса, Махамбеттің жалынды жырларында оның көтеріліс көсемі, батыр да ақылды, халық үшін туған ер ретінде жырлануы- оның бөлекше жан екендігін айқындай түсті. Әсіресе, "Тарланым" өлеңінде:
Кермиығым, кербезім,
Құландай ащы дауыстым,
Қырмызыдай ажарлым,
Теңіздей терең ақылдым, - деп ерге лайық тұлғасын келістіре келе:
Таудан мұнартып ұшқан тарланым,
Саған ұсынсам қолым жетер ме, - деп батыр бейнесін биіктете түседі. Сол сияқты ақын Исатайды "Жауды көрсе жапырар аруақты ерге", "Қара ұлымен дос болған, хан ұлымен қас болған, дұшпанының қанына ақ алмасын суырған батыр ағаға", "Қабырғасын сөксе де, қанын судай төксе де қайыспайтын қара нарға" теңеп, Исатайдың өн бойындағы жақсы қасиеттерді емірене жырлайды.
Қазақ өлеңінің ұлттық сипатын арнайы қарастырған зерттеуші Б. Кәрібозұлы ұлттық мінездің өлеңде ақын тұлғасымен байланысты болатындығын айта келе: "Тау - биіктіктің өлшемі. Өлең өнеріміздегі тау бейнесінің яки, биіктіктің белгілі дәрежеде адам мінезін қалыптастыруға әсері барын мойындасақ, биіктік ұғымының ұлттық мінезге де өлшем болатынына да ден қоямыз. Тау - биіктіктің, теңіз-тереңдіктің символы" - дейді [17,27-28].
Махамбет поэзиясын зерделегенде оның екі түрлі сипаты көзге түседі. Халық бостандығын жырлағанда, Махамбет көбіне романтизм стилінде байқалатын сарындағы асқақ поэзияның ақыны болды. Халық қозғалысын, Исатай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Махамбет шығармасындағы Исатай бейнесі
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Қ. Жұмалиев және Махамбеттану мәселелері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Махамбет поэзияларының көркемдік сипаты
Жерім деп, елім деп қорғаған ер еді !
Махамбет Өтемісұлы – бостандық жыршысы
Махамбет поэзияларының көркемдік сипатының жалпы теориялық негізі
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Пәндер