Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде тексеру


Кіріспе
Отандық білім беруге қойылатын жаңа талаптар Қазақстанның жылдам әлеуметтік-экономикалық өсуі мен ииновациялық жаңа ортада бәсекелестікке қабілетті жаңа білікті кадрларды даярлау мәселесімен негізделіп отыр.
Шет тілдік білім беру концепциясына сәйкес отандық білім беру үрдісі сапалы, жаңа стандарттарға сай мамандарды даярлау стратегиясын таңдап, жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Соңғы жылдары дамып келе жатқан интеграциялық үрдістер, академиялық және кәсіби алмасулар, халықаралық қарым- қатынастың тереңдеуі шет тілдік білім берудің сатылай дамуына зор ықпалын тигізді. Осы ретте шет тілі әлеуметтің интеллектуалдық потенциалының көрсеткіші ретінде қоғамның ең басты қозғаушы ресурсына айналды. [1, 3]
Оқу үрдісінің мақсатына жету үшін дамыту мен тәрбие беру оқушының объекттен субъетке өтуі арқылы, яғни жаңа технологиялардың орынды қолдануы негізінде жүзеге асады.
Ақпараттық мәдениеттің дамуы барысында оқу үрдісінің де ақпараттануы сөзсіз болып отыр. Оқушылардың әр пәнге деген қызығушылығының да артуы осы жаңа технологиялардың қолданылуының нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.
Осы жұмыс оқу үрдісінде жалпы білім беретін мектептерде шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялардың қолдану ерекшеліктеріне арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қазіргі кезде Қазақстанда жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үдерісінде жаңа технологиялардың негізінде шет тілін оқыту білім беру үрдісінің негізі болып отыр. Жаңа технологияларды пайдалану заман талабына айналды. Әр пәнге қойылытын өзіндік талаптар бар, сол сияқты шет тілі сабағында оқушыларды белсенділігін дамыту негізінде жаңа технологиялардың пайдаланылуы ерекше орын алып отыр. Жұмыста шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін анықтау мәселесі және жаңа технологияны орынды пайдалану жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімділігін теориялық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибеде тексеру арқылы қорытындысын шығарып, тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жалпы білім беретін орта мектептерде шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу;
- Жалпы білім беретін орта мектептерде шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдаланудың бүгінгі жағдайы мен мүмкіндіктерін анықтау;
- Жалпы білім беретін орта мектептерде компьютерлік бағдарламалардың, шет тілінде сөйлеуге, жазуға, тыңдауға және түсінуге үйрету үдерісінде пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының негізгі объектіс і шет тілі оқу үрдісі болса, пәні ретінде жалпы білім беретін мектептерде шет тілі пәнінің әдістемесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының күтілетін нәтижелері:
- Жаңа технологияларды пайдаланудың теориялық жағын негіздеу, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқушыларға шет тілін меңгертуде олардың маңыздылығына көз жеткізу;
- Шет тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану арқылы оқушының қызығушылығын тудыру;
- Жалпы білім беретін мектептерде шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар негізінде жаттығулар жүйесін құру.
Зерттеу жұмысында қолданылған әдістер:
- тақырып бойынша педагогикалық, әдістемелік еңбектердің зерделенуі;
- іріктелген материалдардың анализі.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы:
1. Жалпы білім беретін орта мектептерд шет тілі сабақтарында жаңа технологияны қолданудың теориялық негіздері айқындалады
2. Шет тілін оқыту үдерісінде жаңа технологияларды қолданудың дидактикалық- әдістемлік шарттары белгіленеді;
- Жаңа технологияларды пайдалану арқылы шет тілін оқытудың сапасын жақсарту;
- Шет тілін оқыту барысында жаңа технологияны пайдалану арқылы технологиялардың жаңашылдығы айқындалады;
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
- Жалпы білім беретін мектептерде шет тілін оқыту барысында жаңа технологияларды пайдаланудың маңыздылығын ғылыми-педагогикалық жағы қарастырылады
- Жаңа технологияларды сабақ барысында қолдану арқылы жаңа технологиялардың тиімділігі анықталады;
- Шет тілін оқытуда қолданылатын жаңа технологиялар іріктеліп, жіктемесі жасалынады;
Зерттеу жұмысының қолданбалылық маңызы:
Қарастырылатын тақырыпты шет тілін оқытуда: ағылшын тілі сабақтарында, әдістемелік сабақтарда, шет тілін оқытатын арнайы курстарда қолдануға тиімді
Зерттеу жұмысының методологиялық негізі ретінде атақты шетелдік педаготар мен отандық педагогтардың еңбектері болып табылады. (Кунанбаева С. С., Кулибаева Д. Н., Дж. Кэролл, Л. Н. Ланд, Ю. К. Бабанский, Л. М. Эрдниев, Н. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. П. Хомерки)
Зерттеу жұмысының мақұлдануы мен талқылануы. Зерттеу жұмысының орындалу барысында келесідей жұмыс атқарылды: 2013 жылдың мамыр айында «Шет тілін жаңа технологияның негізінде оқыту» атты мақала Праганың IX халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция материалдарында жарық көрсе, «Использование мультимедийных технологий в преподовании английского языка» атты мақала 2014 жылдың «Ұлттық тәрбие» журналының №1 санында жарияланды.
Зерттеу жұмысының орындалу этаптары 2012- 2014 жылдар аралығын құрайды.
Зерттеу жұмысының бірінші этапында зерттеу жұмысының орындаул жоспары, теориялық мағлұматтар жинақталады, сондай- ақ зерттеу жұмысының тәжиребелік бөлімінің негізі ретінде Абай атындағы Қазақ ұлттық пелагогикалық университетінде бақылау жүргізілді.
Зерттеу жұмысының екінші бөлімінде жинақталған материалдар негізінде жаңа технологиялар қолданудың тиімділігі бойынша жаттығулар жүйесі құрастырылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыстың кіріспе бөлімінде жұмыстың негізгі ғылыми аппараты анықталады, бірінші бөлімінде шет тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың теориялық негіздері қарастырылса, екінші бөлімінде жаңа технологияларды қолданудың әдістемелік негіздері айқындалып, зерттеу жұмысының тәжірибелік іс- әрекетіне қорытынды жасалынады
Бірінші бөлім. Оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдаланудың теориялық негіздері
- Отандық және шетелдік ғалымдардың шетел тілін оқытуда жаңа технологияларды қолдануы жайында зерттеулері
Педагогикалық технология термині 1960 жылдары пайда болды. 1966 жылдан бері Англияда «Aspects of Educational Technology» атты конференцияладрың материалына негізделген кітап шығады. Осы термин сол сияқты американдық журналдарда да қолданылады. 1970 жылдардан бастап педагогикалық технология термині әлдеқайда кеңейді. Бұл терминге оқу үрдісінің жақсартуы мақсатында қолданылатын кез- келген әдісті жатқызуға болатын.
Технология бұл- кез- келген материалды алу барсында өңдеу, сұрыптау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Педагогикалық технология- тек қана оқу үрдісінде қоданылатын оқытудың техникалық құралдары ғана емес, сонымен қатар, оқытудың тиімділігін арттыру мақсатындағы оқу заңдылықтарын анықтап, оқытудың тиімді жолдарын зерттеп, қолданылған әдістердің бағасын ескере отырып, берілген ақпаратты зерттеу. [2, 113]
Оқытуды технологизацияландыру идеясының пайда болуы ең алдымен әр түрлі теориялық және тәжірибелік іс- әрекет аймақтарына тезникалық прогрестің енуімен байланысты. В. П. Беспальконың айтуы бойынша әрбір іс- әрекет не технология, не өнер болуы мүмкін. Өнер интуиция негізініде, технология ғылым негізінде құрылған.
Қазіргі қоғам дамуын ақпараттандыру үрдісі сипаттайды.
Қоғамның ақпараттануы бұл- әр түрлі жаңа технологиялардың қолданылуы негізінде ақпаратты жинақтау, сұрыптау, сақтау үрдістері жүзеге асатын жаһандық әлеуметтік құбылыс.
Қоғамның ақпараттануы:
- қоғамының интеллектуалдық потенциалының дамуын белсенді түрде пайдалануды;
- жаңа технологиялардың қоғамның өндірістік, ғылыми белсенділігін интеграциялауды;
- ақпараттық қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жеткізуді;
- кез- келген қоғамның ақпарат көздеріне қол жетімділігін қамтамасыз етеді.
Барлық ақпараттың жиынтығын қолдануға бағытталған жаңа технологиялық жүйелер қоғамның гуманизациясы мен тәуелсіздігіне әкеледі. Ақпараттандырумен жүзеге асатын үрдістер тек қана қоғамның ғылыми- тәжірибелік прогресін дамытып қана қоймай, сонымен қатар, әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін жаңа ақпараттық ортаны дамытады. [3, 45]
Қоғамның ақпараттануының негізігі бағыттарының бірі болып оқу үрдісіне жаңа технологиялардың енгізу табылады. Ол:
- білім беру жүйесін жетілдіруді;
- оқу үрдісін өнімділігін қамтамасыз ететін, ұйымдастырылған оқу жолдары мен түрлерін, әдістемелерін таңдауға;
- оқушының интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ететін әдістемелік оқу жүйесін таңдау, оқушылардың өзінше ақпаратты сұрыптауға, ақпараттық- оқыту, тәжірибелік- зерттеу дағдыларын меңгеруге;
- білімді бағалайтын компьютерлік жүйелерді дамытуға ықпалын тигізеді.
Жаңашылдық - білім беру саласының алдында тұрған жаңа міндеттерді сәтті орындаудың негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады.
Бүгінгі күні әртүрлі елдер үшін білім беру мен тәлім-тәрбиені дамыту бағытында ортақ қиыншылықтардың туындағанына қарамастан, олар бір-бірінен білім беру мәселелерін шешу жолдары, әдістері және мақсаттары тұрғысынан елеулі дәрежеде ерекшеленіп отырғандығы байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының маңызын, жеке тұлғаны дамытудағы тәрбиенің ролін), осыдан барып қоғамның жекелеген мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы білім беру жүйесінің міндеттерін әртүрлі түсінуден келіп шығады. Осыған байланысты, әртүрлі қоғамдық-саяси жүйелерімен ерекшеленетін елдерде білім беру саласына жаңалықтар әртүрлі мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер күтіледі. Әртүрлі елдердегі бірдей жаңалықтар әртүрлі қызметтерге ие болып, оларды қолдану нәтижелері де түрліше бағаланады.
Заманауи педагогтар Г. М. Кусаинов, М. М. Жанпейсова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, М. И. Махмутов, Б. А. Тұрғынбаева, Е. Ө. Медеуов, Т. Сабыров, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек және т. б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Болашақ жоғары кәсіби мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А. В. Усова, И. Л. Беленок, Б. К. Момынбаев, М. А. Құдайқұлов, Ш. Т. Таубаева, А. Е. Әбілқасымова, А. Б. Абибуллаева, О. С. Сыздықов, А. Г. Қазмағамбетов, Б. Т. Кенжебеков, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талданған.
Б. К. Момынбаевтың, Л. К. Керімовтің, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтың, С. С. Хасеновтың, Н. Асановтың, Қ. Б. Бөлеевтің, Ж. А. Шоқыбаевтың, Е. Омардың, Н. К. Ахметовтың, К. М. Беркімбаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жоғары мектепте білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудегі қазіргі заманғы жолдары, әдістері жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Ш. Т. Таубаева, С. С. Хасенов, Е. Ш. Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н. А. Әбішев, К. Д. Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ. Ж. Аганина, А. М. Мүсілімов, Г. Т. Хайруллин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Инновациялық үдерістерді қолданудағы педагогикалық менеджмент, яғни жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелері К. Ангеловский, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, Л. Н. Фридман және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген. [4, 92]
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде инновациялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі:
- идеяның немесе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу кезеңі деп те атайды.
- ойлап табу кезеңі, яғни қандай да бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі.
- жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңалықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады.
- жаңалықты пайдалану кезінде мынадай кезеңдер орын алады: жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиеттерін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа өніммен алмастырылады.
Инновациялық білім беру үдерісінің мән-маңызы, оның инновацияны бастау, жаңа өнімдер мен мәмілелерді дайындау, оларды нарықта сату және одан әрі қолданысқа енгізу жөніндегі мақсатты іс-әрекеттер тізбегін қамтитындығынан көрінеді.
Инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігін бағалау критерийлеріне инновациялық білім беру үдерісінің шынайылығы, жүзеге асырылғыштығы (ресурстық қамтамасыз етілу деңгейі), басқарылғыштығы, инновациялық деңгейі, гуманитарлығы, өңделгендігі және таралу мүмкіндігі жатады.
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып, жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.
Инновациялық іс-әрекеттің түрлі аспектілерін, білім берудің мазмұнын дамыту, жаңалықты енгізу мәселелерін Ю. К. Бабанский, В. С. Библер, Ю. С. Гершунский, В. П. Кваша, В. С. Лазарев, В. Я. Ляудис, А. В. Лоренсов, В. М. Полонский, С. Д. Поляков, М. М. Поташник, А. И. Пригожин, Л. С. Подымов, В. А. Сластенин, В. Д. Чернилевский және т. б. қарастырған. Осы ғалымдардың пікірінше, инновациялық процестердің маңызды міндеттерінің бірі жаңашыл педагогикалық идеяларды негіздеу және оларды практикада қолдану процесіне басшылық жасау болып табылады.
Педагогикалық инновациялардың теориялық-әдістемелік сипаты Б. Р. Айтмамбетова, Н. А. Әбішев еңбектерінде, ал инновациялық мектептер мәселесі Т. Я. Линчевская, Л. С. Подымова және т. б. еңбектерінде айқындалған.
Инновациялық процесс осы жаңалықтардың ашылу жолдарын қарастырып қана қоймайды, сонымен бірге пайдалануын, оның практика жүзінде таралуын қамтамасыз етеді. Педагогика үшін жаңалықтың сапалық, сипаттамаларының маңызы зор. Бұл жаңалықты енгізу мәселелерімен тығыз байланысты. Кейде жаңалықты енгізу барысында мұғалімнің шығармашылық қабілетіне сәйкес жаңалықтар көпнұсқалығымен, кенеттен пайда болуымен сипатталады.
Инновация сөзін қазақша тәржімаласақ, жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс дегенді білдіреді. Педагогикалық үдерісте инновация оқыту мен тәрбиенің әдіс-тәсілдері, түрлері, мақсаты, мазмұны, сондай-ақ, мұғалім мен білім алушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізу болып табылады.
Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі - жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажет.
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Педагогикалық технологиядағы басты мақсат - білім алушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Оқыту процесін жандандыру білім алушылардың оқу материалының теориялық мазмұнын игеру жөніндегі еңбегін тиімді ұйымдастыру және олардың практикалық іскерлікті мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқу процесінің тиімділігі мен сапасы мұғалімнің әдістемелік дайындығы және сабақ жүргізу тәсілдері мен әдістеріне, инновациялық технологияларды игерулеріне тікелей байланысты болады.
Педагогикалық технология кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Оқытудың инновациялық технологиясын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны, инновациялық жетілуіне әкеледі.
Педагогикалық технология ұғымына шетелдік және отандық әдебиеттерде үш жүзден астам анықтама берілген. Бұл педагогикалық технология ұғымының қалыптасу мен дамуының тарихында оның оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деп ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер бар. Олар педагогикалық технология мәселесіне арналған Б. Блум, Ф. Фрадкин, М. Кларин, Л. В. Занков т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
«Технология» термині алғаш рет 1940-1950 жылдары шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын пайдалануға байланысты болды. Технология - өнім алу барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу не өзгерту әдістерінің жиынтығы.
Педагогикалық сөздікте «педагогикалық технология - социо-мәдени өлшемді тұлғалық көрініс еркіндігін үйлестіруші әлемге қатынасын қалыптастыру мақсатында қоршаған ортамен дара қарым-қатынас мағынасында балаға, педагогтық әсер етуінің ғылыми негізделген кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», -делінген.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзі педагогтар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім алушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың инновациялық технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді. [5, 79]
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісi, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Берілген анықтамалардан «технология» technе - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, яғни технология дегеніміз шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін білуге болады.
Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.
Сонымен, педагогикалық технологиясы оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы білім алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz