Техника және білім ғылым философиясы



I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Білім ғылым философиясы
2.2 Техника философиясы
2.3 Техниканың шығуы мен мәні
2.4 Адамның техникалық дамуының әлеуметтік салдары
2.5 Ғылым мен техниканың дамуы
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көге елестету мүмкін емес.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы обьективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғаргы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды элеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды.
Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферанын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.
Ғылым – дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар6 конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты – адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту.Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұжырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, «Дүние жөнінде ғылыми сурет» жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын «дүние сурет» те өзгеріске түседі.
Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші «техника» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің «техне» деген сөзі алғашқыда «өнер», «шеберлік» деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда «техника» деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз.
1. Розин В.М. Философия техники. Учебное пособие для вузов.- М.:NOTA BENE.
2. Горохов В.Г. Розин В.М. Введение в философию техники: Учеб. пособие /Науч.ред.Ц.Г. Арзаканян.- М.: ИНФРА-М.
3. Абишев К.А. Философия. – Алматы, 2000.
4. Исторические типы философии. Конспекты лекций. – Алматы: АЭИ, 1995.
5. История философии в кратком изложении. – Пер. с чеш. И.И. Богута. – М.: Мысль,1995.
6. Мир философии. Части I, II. – М., 1991.
7. Философия. Основные идеи и принципы // Популярный очерк под общ. ред.А.И. Ракитова. – М., 1990.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Техника және білім ғылым философиясы

050701 - Биотехнология мамандығы

Орындаған: 1 курс магистранты Бауенова М.Ө.

Тексерген: Саяси ғылымдарының кандидаты, доцент Сулейменов П.М.

Алматы 2013
МАЗМҰНЫ

I
КІРІСПЕ
5
II
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
7
2.1
Білім ғылым философиясы
7
2.2
Техника философиясы
7
2.3
Техниканың шығуы мен мәні
1
2.4
Адамның техникалық дамуының әлеуметтік салдары
1
2.5
Ғылым мен техниканың дамуы

2
III
ҚОРЫТЫНДЫ
5
IV
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
5

І КІРІСПЕ

Қазіргі таңда қоғам өмірін ғылым мен техникасыз көге елестету мүмкін емес.
Ғылым - адамның табиғат пен қоғам туралы обьективті білімін қалыптастыруға мүмкіндік беретін танымның ең жоғаргы пішімі, оның практикалық қызметінің бір саласы. Адамзат қоғамының дамуы барысында ғылым сол қоғамның маңызды элеуметтік институтына және тікелей өндірістік күшіне айналды.
Ғылым-бұл қоғам, табиғат және ойлау қабілеті туралы жаңа білімді алу үшін бағытталған зерттеу әрекетінің сферанын айтады. Ерекше адамзат тобының арнайы және физикалық сабақ түрінің әрекеті, сонымен қатар дұрыс еңбек ізінен және еңбектің қоғамдық бөлімдерінен ғылым туады. Ірі көлік өндірісінің шығуы, ғылымда өндірістің өзіне беделді факторларының жағдайын құрайды.
Ғылым - дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар6 конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты - адамзат қажеттіліктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай етіп, қайта өзгерту.Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұжырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап, Дүние жөнінде ғылыми сурет жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын дүние сурет те өзгеріске түседі.
Енді ғылыммен тығыз байланысты екінші техника ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. Гректің техне деген сөзі алғашқыда өнер, шеберлік деген мағынада қолданды. Бүгінгі таңда техника деп барлық қоғамның салаларында қолданылатын неше түрлі құралдарды айтамыз. Ф.Энгельсті еске алсақ, адамның өзі-ақ еңбек құралдарын жасау арқылы жануарлардын бөлініп, саналы пендеге айналған жақ па? Егер жануар айнала қоршаған ортаға өз дене мүшелерін жетілдіру арқылы бейімделсе, адам, керісінше, өз дене мүшелерінің жалғасы ретінде неше түрлі жасанды заттарды жасайды да, оларды табиғат пенөзінің екі ортасында орналастырып қоршаған ортаны өзгертеді. Егерде жануардың дене мүшелері белгілі бір оның өміріне керек қызметті істеуге мыңдаған жылдары бойы бейімделіп, өзінің мәресіне жетсе, адамдікі ондац жетілген болмасада, өзінің жан-жақтылығымен көрінеді.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Білім ғылым философиясы

Мыңдаған жылдар бойы ғылым ұрықтары философияның ішінде пайда болып дамыды. Математиканың (геометрия) негіздері жер өлшеу, су каналдарын өткізу т.с.с., астрономия көшіп-қонудағы аспанға қарап бағыт алудан, Орта ғасырлардағы алхимия байлықты өсіру (қорғасынды алтынға айналдыру) іс-әрекетінен пайда болды. Дегенмен де бүгінгі ғылым өз түп-тамырларымен Жаңа дәірге, яғни капитализмнің тарихқа келуімен байланысты дүниеге келеді. Оның Отаны - Еуропа топырағы. Егер Батыс пен Шығыс елдерінің даму қарқыны мыңдаған жылдар бойы біркелкі болса, ХVI ғасырдан бастап Еуропа ғылыми зерттеулерді дамыту барысында тез қарқынмен алға өрлей бастайды. Шығыс елдепі ғылыми-техникалық салада артта қалады.
Енді мұндай өзгеоістердің себебі неде деген сұрақ қойсақ, оған ғылыми әдебиеттен әртүрлі жауап аламыз. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талдаған неміс философы Е.Ясперс оның түптамырын христиан дінінің адамға беретін рухани бағытын көреді (Библия этосы адамнан, -- ол қандай зардаптан өтсе дн, -- ақиқатқа жетуді талап етеді). Екіншіден, Дүние Құдай жаратқаннан кейін, М.Лютер айтқандай, Құдайдың ісін биттің ішінен-ақ көруге болады, осы себепті, таным дегеніміз Құдай ойының ізімен жүру болса керек. Үшіншіден, бұл Дүние зардап пен қайғыға толы болғаннан кейін, Құдайды ақтау жолында солардың түп-тамырын зерттеп, олармен күресе білу қажеттігі.
Әрине, бұл көрсетілген рухани себептердің өз орны бар. К.Ясперс христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі - Құдай адамды өзіне ұқсатып осы жаратылған дүниенің әміршісі қылып жаратты деген қағидасына мән бергендей. Ал шынына келгенде, осы қағида ғылымның христиан әлемінде тез қарқынмен дамуына зор әсерін тигізсе керек. Дүниенің ішкі сырын ашып, оны өз пайдйсына жаратып, ақырында сол Табиғатты өз еркіне көндіру - талай ғасырлар бойы жаратылыстану ғылымдарын дамытудағы бағыт болды десек ақиқаттан алшақ болмайтын сияқтымыз. Өйткені біршама Батыс ойшылдарының өзі - ақ бүгінгі таңдағы Еуро-Атлантикалық цивилизацияның терең дағдарысын осы себептен көруде.
Бірақ бұл мәселенің әлеуметтік-эканомикалық жағы тағы да бар. Ол Еуропа топырағына қайта өрлеу заманының келуімен тығыз байланысты (XV-XVI ғғ.). Осы кезде Италияда теңіз саудасы мен балық аулау, мата тоқу т.с.с. кәсіптердің дамуы арқасында біршама шаруалар өз қожайындарынан жеке бас бостандығын сатып алып, жаңа байларға айналып, шеберханаларында өз еркімен келіп, жалданып істейтін еңбек күшін пайдаланады. Сонымен капиталистік экономикалық қатынастардың негізгі пайда болып, тез қарқынмен дами бастайды. Соңында болған буржуазиялық-демократиялық революциялар барлық адамдарға бас бостандығын әкеліп, бүкіл халықты заң жүзінде теңейді. Жаңа қалыптасқан жағдайда әр адам: Мен не істеп өз жағдайымды дұрыстай аламын, қалай отбасымды асыраймын, -- деген ойға келіп, іздніске кіріседі. Осы миллиондаған адамдар белсенділігінің арқасында капитализм өндіргіш күштерді орасан зор қарқынмен дамытады. Ал ол үшін Табиғатқа бет бұрып, оның заңдылықтарынашу арқылы ғана құрал-жабдықтар, технологиялар жасау мүмкін еді. Міне, біздің ойымызша, ғылымның ерекше салаға айналып, дамуының негізінде жатқан негізгі себеп осы болса керек. Сонымен қатар жоғарыда көрсетілген рухани себептерді де ескеру қажет.
Бүгінгі тандағы білім үлесінің (ақпараттың) қоғамның қай саласында болмасын күрт өсуі. Егер білімнің еке есеге өсуі адамзат тарихында 1 ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900 жж., ал XX ғ. 50 -- ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бүгінгі жер бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып түр, сонымен қатар ол Ғарыштан байқауға болатын дәрежегежеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпараттытаратудын негізгі қүралы ретінде жазу қолданса, ал кітап арқылы білім Орта ғасырдан бастап таратыла бастаса, XX ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты электрлік құралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық құралдар кеңінен өмірде қолданылып, білімді тарату мен қолданудың мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Ақпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26%-ы ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38%-ға жеткен! Өйткені өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың50%-ынын асады екен! Сонымен ақпарат ең құнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық ақпарат ресурстары сол коғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-ін сатсаңыз, сізде 500-і қалады. Ал 1000 бит ақпаратсатсаңыз, оныңқұнын аласыз да, сонымен қатар сол 1000 бит қолыңызда бұрынғыдай қала береді!
Жоғары білім беру саласында жекеменшікке негізделген оқу орындары пайда болып, дами бастады. Әрине, бұл үлкен жұмыста асыра сілтеушілік де болды. Мұндай үрдіс басталған кезде, сол саланы басқарған кейбір шен иелері көз қысты, бармақ басты жолына түсіп, онды-солды лицензиялар беріп, ешқандай материалдық базасы жоқ университеттердің ашылуына жол беріп қойды. Жоғары білім беру жеңіл іске айналды. Тұрпайы пайда табуға құныққан оқу-білім саласындағы іскерлср қаншама соларға сенген жастардың тағдырына өз кеселін тигізді!
Бүгінгі таңда жағдай дұрысталуда. Үш бөлмелі пәтерді жалға алып, университет ашқан заман артта қалды. Дегенмен де бұл күрделі салада қиындықтар -- әлі шаш етектен.
Қай елде болмасын, білім беру жүйесі екі мәселені қамтиды. Біріншіден, заманның талабына сай кәсіби білім беру, сол саладағы соңғы технологияларға үйрету. Екіншіден, әлеуметтік -- гуманитарлық білім беріп, болашақ мамандардың тұлғалық, азаматтық қасиеттерін шыңдау. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бұрынғы білім беру жүйесінде әлеуметтік-гуманитарлық пәндерге аса көп көңіл бөлінген болатын. Сонымен қатар арнаулы кәсіби білім беру, жаңа технологияларға үйрету заман талабына көп жағдайда сай келмейтін.
Енді жағдай керісінше орын алып отыр. Гуманитарлық білім беру жүйесі мейлінше кеміп, кәсібибілім беруге мейлінше көп көңіл бөлінуде. Тікелей батыс білім беру жүйесі сияқты. Мұндай асырасілтеушілік бір жақты дамыған, тек өз саласын ғана жақсы білетін мамандардың дүниеге келуіне себеп болады. Қарап отырсақ, Батыс елдеріндегі рухани дағдарыстың себептерінің бірі осында болса керек. Жалаң технократизм дұрыс нәтижеге әкеледі деп айту қиын. Екі-ақ мысал келтірейік. Қытай елінде (5 мың жылдық өркениеттігібар) мыңдаған жылдар бойы мемлекеттік жұмысқа өтерде конфуциандық этикадан емтихан кабылданады. Тұлғаның моральдық қасиеттеріегжей-тегжейлі тексеріледі. Әрине, жемқорлықты түбегейлі жою, қай елде болмасын, мүмкін емес. Бірақ ол елдегі жағдай, бұл жағынан алып қарағанда, мүлде өзгеше. Біздің елде Конституция мен екі-үш заңды білсең болғаны, мемлекет саласында жұмыс істеуге жол ашылады. Көп жағдайда жоғарғы лауазым иелерінің халық алдында берген анты үстірт рәсімге айналып отыр. Бірде-бір антты бүзған шен иесі жөнінде ақпарат естіген жоқпыз: мүмкін, ондай мемлекет қызметкерлері біздің елде болмаған шығар?!
Екінші мысал ретінде Англия премьер-министрі Тони Блеердің қазан айындағы (2005) парламент алдындағы сөйлеген сөзін айтсақ та болғаны. Ол Еуропа жоғары білім беру жүйесін реформалау керектігін, Қытай мен Үндістан елі жоғары мектептерінің олардан озыпкету мүмкіндігін басып айтты. Ал біз болсақ, Еуропа стандарттарын жалаң еліктеушіліктің негізінде қабылдап жатқан жағдайымыз бар. Шығысқа қарай мойнымызды бұрып, ондағы жиналған тәжірибені де игерсек дүрыс болмай ма? Мұндай жағдайда біздің телеэкранда араларында жантүршігерлік кадрларды көрсетіп, Биллды өлтіру-1, Биллды өлтіру-2, Биллды өлтіру-3 деген жарнамалар болмас еді.

2.2. Техника философиясы

Бүгінгі таңда күнбе-күнгі өмірде технология деген ұғымды да көп пайдаланып жүрміз. Қарапайым сананың деңгейінде техника мен технология ұғымдары бір мағынада қолданылады. Алайда бұл ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы бар екенін байқаймыз. Егер техникаға неше түрлі заттардан жасалған құралдарды жатқызсақ, технологияға белгілі бір жасанды затты, я болмаса құбылысты жасау жолындағы әдістерді, олардың бірінің соңынан бірі келетін тәртібін айтамыз. Олай болса, алғашқы шеберлік деген мағынаға тағы да қайтып келдік. Жоғарғы дәрежедегі технологияның негізінде жасалып шығарылған заттың сапасы биік болады. Қазақстандағы кеңесзаманында салынған біршама алып өндіріс кешендерінің тоқтап тұрғанының себебі де осында: ондағы ескі технологиялар дұрыс нарықта өтетін тауарларды шығаруға мүмкіндік бермейді.
Технология ұғымының өрісі жыл сайын кеңейе түсуде. Оны біз өндірісте ғана емес, қоғамның басқа салаларында да қолданып жүрміз. Бүгін біз саясатта пиар-технология, қоғамдық пікірді калыптастыру жолында ақпараттық технология, білім беру жүйесінде педагогикалық технологиялардың т.с.с. неше түрлерін көріп те, естіп те жүрміз.
Қайсыбір затты жасау үшін белгілі бір шикізатты әкелу (көлік), содан кейін оны өңдеу (технология), осы жолда біршама күш-қуат жұмсау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым таным әдістері, қалыптасу себептері
Техника философиясы қазіргі батыстық философия мен болмыстың қасиеттерін пайымдаудың бірі ретінде
Техника философиясы
Техника және білім - ғылым философиясы туралы
Техника философиясы қазіргі батыстық философияның бір бағыты ретінде
Ғылым және техника түсінігі
Ғылымның философиялық мәселелері
ХХғ. Соңындағы ғылымдағы этикалық аспектілер және әлеуметтік – гуманитарлық бақылау
Философия пәні және оның қызметі
Ғылым және ғылым философиясы
Пәндер