Халықаралық қылмыс құқығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Негізгі бөлім.
І тарау. Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ІІ тарау. Халықаралық қылмыстық құқықтың жіктелуі
ІІІ тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қылмыстылықпен күресудегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі олармен күресуде бірлесіп шаралар дайындау мақсатында халықаралық сипаттағы қылмыстар аумағын анықтау болып табылады. Ғылыми айналымға «Халықаралық сипаттағы қылмыстар» терминін 1977 жылы профессор И.И. Карпец енгізді.
Қоғамдық қатыстардың капититализациясы қылмыстылықтың, әрекеттің аса ауыр түрін туғызады, олардың халықаралық құқықтық қайшылығы сәйкес конвенцияларда анықталған, олар қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша және мемлекет аралық қызығушылықтарға кері әсер ету мүмкіндіктеріне байланысты топтасуы мүмкін.
1.Халықаралық жария құқық. Жалпы және ерекше бөлімдер. Құлжабаева Ж. О. Алматы – HAS баспа компаниясы, 2003Панов 2.

2.В.П. Международное уголовное право. Учебное пособие. –М., 1997

3.Панов В.П. Сотрудничество государств в борьбе с международными преступлениями. - М., 1993

4.Сборник стандартов и норм ООН в облости предупреждения преступности и уголовного правосудия. Нью-Йорк., 1992
5.Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра. – М. 1990

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім.
І тарау. Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Халықаралық қылмыстық құқықтың жіктелуі
ІІІ тарау. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қылмыстылықпен күресудегі мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі олармен күресуде бірлесіп шаралар дайындау мақсатында халықаралық сипаттағы қылмыстар аумағын анықтау болып табылады. Ғылыми айналымға Халықаралық сипаттағы қылмыстар терминін 1977 жылы профессор И.И. Карпец енгізді.
Қоғамдық қатыстардың капититализациясы қылмыстылықтың, әрекеттің аса ауыр түрін туғызады, олардың халықаралық құқықтық қайшылығы сәйкес конвенцияларда анықталған, олар қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша және мемлекет аралық қызығушылықтарға кері әсер ету мүмкіндіктеріне байланысты топтасуы мүмкін.
Халықаралық қылмыстық құқық халықаралық жария құқықтың жеке бір саласы. Соған орай, халықаралық қылмыстық құқықта дербес зерттеу заты, құқықтық нормаларды қамтамасыз етудің ерекше тәсілі, арнаулы қағидалар жүйесі, халықаралық қылмыс субъектілері бар. Сонымен бірге, халықаралық қылмыстық құқыққа қылмыстық құқықтың көпшілік мойындаған институттары да тән: қылмысқа бірге қатысу, қажетті қорғану, аса қажеттілік және т.б.

Рефераттың мақсаты: Халықаралық қылмыс құқығының тарихын, айналысатын органдарды қарастыру.
Рефераттың міндеті:
+ Халықаралық қылмыстық құқық түсінігін ашу;
+ Халықаралық қылмыстық құқықтың жіктелуіне тоқталу;
+ Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлін қарастыру.

Негізгі бөлім
Халықаралық қылмыстық құқық түсінігі
Қылмыстық құқық дегеніміз - халықаралық қылмыс пен халықаралық сипаттағы қылмыстарды ескерту, болдырмау, олармен мемлекеттердің ынтымақтастығын реттейтін халықаралық принциптер мен нормалардың жиынтығынан түратын халықаралық құқық саласы.
Бірінші топқа - қалыпты халықаралық қатынастқа зиян келтіретін қылмыстар, бұл топқа жататындар:
- ұшақтарды (кепілге алу) теуіп кету, азаматтық әуе күштерінеің қауіпсіздігіне қол сұғатын әрекеттер;
- ланкестік.
Екінші топқа - мемлекеттер мен халықтардың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуына нұсқан келтіретін қылмыстар.Олар:
- есірткі және психотропты заттрдың заңсыз саудасы;
- жалған құнды қағаздар мен ақшаны дайындау;
- қоршаған ортаға қол сұғу;
- халықтардың ұлттық мәдени мұрасына қол сұғу.
Үшінші топты - жеке немесе мемлекеттің мүлігіне, жалпы Адами моралды құндылықтарына нұсқан келтіретін қылмыстарды құрайды. Олар:
- адам саудасы (құлдар, әйелдер мен балалар саудасы);
- құлдыққа алу;
- қарақшылық;
Төртініші топты - халықаралық сипаттағы басқа да қылмыстар құрайды .Олар:
- теңіз кабельін немесе суасты құбырын зақымдау немесе зақымдау;
- кемелердің қақтығысы кезінде теңізде көмек көрсетпеу.
Бүкіл адамдар теңсіздігін жариялай отырып (Бүкіл адам құқықтарының Декларациясының 3 бабы және азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі Пактінің 2 және 3 баптары) мемлекеттер құлдыққа сату, әйелдер мен балаларды сатуға қатаң тыйым сала отырып, осы арқылы әрбір адамның өмір сүру құқығын жариялады, есірткі және психотропты заттарды сатумен күрес жүргізу саласында ықпаластықты кеңейте түсуде, сондай-ақ қарақшылықты жазалау желісі бойынша адамзат өмірінің, әуе күштерінің қауіпсіздігін қорғау саласында да.
Басқа жағынан алғанда қарақшылықпен, теңіздегі кемелер соқтығысуымен, су асты кабельдерінің зақымданумен күресте және т.б. мемлекеттердің теңізбен жүзу саласындағы өзара ықпалдастықтың бір бөлімі болып табылады. Бұл теңіз құқығы жөніндегі Конвенцияда айтылады. Әуе хабарлары саласындағы мемлекеттер арасындағы байланыстар азаматтық әуе күштерінің құқыққа қайшы мәселелерін қосады (1970 жылғы ұшақтарды басып алу және азаматтық әуе күштерінің қауіпсіздігіне бағытталған Монреалдық Конвенциялар).
Қылмыстардың бөлек түрлерімен күресу туралы келісім-шарттарға қол қою кең халықаралық негізде жүзеге асырылуда.Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет немесе әрекетсіздік қылмыс болып табылмайды. Бұл анықтамада қылмыстың формальды белгісі де (құқыққа қарсылық), материалдық белгісі де (қоғамдық қауіптілік) қамтылады. Сондай-ақ айыптылық пен жазаланушылық та қылмыстың қажетті белгісіне жатады.
Криминологияда және құқықтық статистикада -- әрқайсысы үшін қылмыстық жазалау қарастырылған, іс жүзінде жасалған барлық құқыққа қарсы әрекеттердің жиынтығы. Сонымен бірдерлікте қылмыс -- жекелеген қылмыстардын тек қана саны (немесе жиынтығы) ғана емес, бұл белгілі бір заңдылықтарды иеленген құбылыс.
Қылмыс жағдайы заңнамадағы өзгерістер немесе оны іс жүзінде қолдану салдарынан езгеруі мүмкін. Тіпті заң аясында сот тәжірибесінің ауытқуы да қылмыс статистикасын өзгерте алады. Сол немесе басқа әрекет үшін немесе қылмыстық әрекетті жоятын қылмыстық жауапкершілікті тағайындайтын қылмыстық. заңды қабылдау, ол да қылмыс жағдайының әрдайым өзгеріп отыруына әсер етеді
Қылмыстың құрылымы мен сипатының өзгеруі түрліше әлеуметтік жағдайларға, құбылыстар мен үдерістерге, мысалы, тұрғындардың көші-қон және жас құрамына; аймақтың немесе басқа аумақтың экономикалық жағдайына; қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер және т.б.; қылмыс заңнамасының өзгеруіне, қылмыстың алдын алу бойынша жұмыс сапасына және басқа факторларға тәуелді болады.

ІІ тарау. Халықаралық қылмыстық құқықтың жіктелуі
Іс-әрекет нысандары
Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады. Сырттай көрініс таппаған, қоғамдық қауіп тудырмаған ой-пікір, ниет-пиғыл қылмыс деп танылмайды. Іс-әрекет екі нысанда көрініс табуы мүмкін, олар: әрекет ( субъектінің белсенді ісі) немесе әрекетсіздік (адамның жасауға міндетті және жасай алатын әрекетті жасамаған енжарлығы). Әрекеттің қандайын қылмысқа жатқызу, қандайын жатқызбау әр мемлекеттің өз еркіндегі іс. Бір елде қылмыс ретінде жазаланатын әрекет өзге мемлекетте қылмысқа жатпауы мүмкін. Мысалы, ішімдік ішу не зинақорлық жасау -- ер мен әйелдің некесіз жақындасуы ислам мемлекеттерінде қылмыс ретінде жазаланса, батыс елдерінде бұл әрекеттер қылмысқа жатпайды. Тек әйел адамның еркінен тыс болған жыныстық қатынас қана қылмыс болып есептеледі. Ал ислам елдерінде бұл әрекеттер ер мен әйелдің өз қалауымен іске асса да қылмыс болып саналады.
Түріне қарай қылмыстар
Айыптылық түріне қарай қасақана жасалған және абайсызда жасалған қылмыс болады.
Нысанына байланысты қылмыстар
Нысанына байланысты жеке адамға қарсы қылмыс, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыс, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыс, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыс, меншікке қарсы қылмыс, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс, коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыс, адамның денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс, экологиялық қылмыс, көліктегі қылмыс, мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс, басқару тәртібіне қарсы қылмыс, сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыс, әскери қылмыс түрлеріне ажыратылады. қылмысы үшін айыпты адам лауазым иесі болса, ал ол жасаған қоғамдық қауіпті әрекет (әрекетсіздік) оның қызмет жағдайымен байланысты болса, оны лауазымдық қылмыстар дейді. Олар: лауазымдық өкілетті теріс пайдаланушылық, лауазымдық өкілетті асыра пайдаланушылық, пара беру, пара алу, қызмет бабын пайдаланып жалған құжат жасау, салдыр-салақтық, т.б.
Халықаралық қылмыс
Адамзат өркениеті үшін ерекше қауіпті түрде халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын бұзушылық халықаралық қылмыстарға жатады. Халықаралық шарттарда көзделген, бірақ халықаралық қылмыстарға жатпайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет халықаралық сипаттағы қылмыстар деп аталады. Халықаралық қылмыстардан өзгеше түрде мұнда қылмыс үшін мемлекет емес, жеке адам ұлттық құқық бойынша жауапқа тартылады.
Халықаралық қатынастардың тұрақтылығына қарсы қылмыстар (халықаралық лаңкестік, адамдарды кепілге ұстау, әуе көлігіндегі қылмыстар, ядролық материалдарды ұрлау, есірткілерді заңсыз айналысқа түсіру, шетелге рұқсатсыз кету, т.б.);
- қаржы-экономикалық қылмыстар (жалған ақша жасау, қылмыстық жолмен табылған табысты заңдастыру, контрабанда, т.б.);
- адамның жеке құқығына қол сұғушылық (құлдық, құл саудасы, әйелдерді, балаларды саудаға салу, азаптау, т.б.);
- ашық теңізде жасалатын қылмыстар (теңіз қарақшылығы, теңізді ластау, т.б.);
- халықаралық сипаттағы әскери қылмыстар (соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану, қаза тапқан адамдарды тонаушылық, т.б.).
Қылмыс және мораль
Қылмыс жасау, сонымен бірге, мораль нормасын бұзу болып табылады. Кез келген құқықтан гөрі моральдің реттеу ауқымы кең, ол басқа ешбір құқық саласы реттемейтін махаббат, достық, жанашырлық сияқты қасиеттерді, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын, ұстаз бен шәкірттің арасындағы қатынасты, т.б. қамтиды. Мораль нормалары негізінен ауызша (әдет-ғұрып) кейде жазбаша (әдеп кодексі, Гиппократ анты, т.б.) көрініс табады. Алайда мораль нормаларын бұзушылық барлық уақытта бірдей жауапқа тартыла бермейді.
Қылмыс туғызғыш жағдай
Қылмыстың күшеюіне жағдай жасайтын, қылмысты тудыратын, қылмыстық әрекетпен сипатталатын жағдай. Қылмыс жасау алдындағы, жеке адамның өмір жағдайының жиынтығы.
Қылмыс туғызғыш - қылмысты тудыратын, қылмыстың өсуіне жағдай жасайтын субъекті.
Қылмыскердің жеке басы - Қылмыскердің интеллектуалдық-рухани сапа жиынтықтарына, оның физикалық, және рухани жағдайына тән негізгі болмыстық қасиеттері мен ерекшелік құрылымына негізделеді.
Қылмыскердің жеке басын талдау, ол жасаған әрекетті, соның ішінде жеке басының болжауын құзыретпен бағалауды қамтамасыз ету үшін шешуші болып табылады. Қылмыскердің жеке басы туралы жан-жақты және терең ұғынушылыққа қол жеткізу мақсатында, талдау тек қылмысты жасау уақыты мен зерттеу кезеңіндегі жайды ғана емес, сондай-ақ тексерілушінің дамуын да қамтуы қажет. Бұл жағдайда қылмыстың жасырын сарыны да, сондай-ақ психологиялық-психиатриялық ерекшелігі де тең жағдайда есепке алынуы тиіс. Өйткені қылмыскердің жеке басы мен қылмыс өзара байланысты болғандықтан, қылмыскер тұлғасы туралы криминалистикалық жұмыстар аясында алынған тиісті мәліметтер, қылмысты тексеру бойынша қызметтің бір бөлігін білдіреді.
Беймәлім қылмыс - белгілі бір аумақта белгілі бір уақыт кезеңі бойына мемлекеттік құқық қорғау органдарына беймәлім болып қалатын және сондықтан ресми қылмыстық, статистикада көрсетілмеген қылмыстық. Жазаланатын әрекет.
Абайсызда жасалған қылмыс - менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады.
Компьютерлік ақпарат саласындағы қылмыстар - ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасауға, пайдалануға және таратуға мүмкіндік туғызатын заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, сондай-ақ ЭЕМ-ын пайдалану ережелерін, ЭЕМ жүйесін немесе олардың желілерін бұзушылық.
Экономикалык кызмет саласындағы қылмыстар - қылмыстық құқық бойынша мүліктік және өндірістік қатынастар, азаматтардың, заңды тұлғалардың жергілікті және мемлекеттік құрылымдардың экономикалық құқықтары -- ортақ қол сұғу объектісі болып табылатын қылмыс түрлерінің бірі. Оларға мыналар жатады:
- заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау;
- заңсыз кәсіпкерлік;
- заңсыз банктік қызмет;
- жалған кәсіпкерлік;
- заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру;
- несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану;
- несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару;
- монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу;
- көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу;
- көрінеу жалған жарнама беру;
- тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
- коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу және жария ету;
- кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-сауықтық коммерциялық. конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу;
- эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу;
- бағалы қағаздар эмитенті лаузымды адамының ақпарат бермеуі не көрінеу жалған мәліметтер беруі;
- бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу;
- бағалы қағаздар рыногы кәсібі қатысушыларының көрінеу жалған мәліметтер беруі;
- бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу;
- жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату;
- жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату;
-акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркалардың қолдан жасау және пайдалану;
- экономикалық контрабанда;
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау;
- кеден төлемдері мен алымдарды төлеуден жалтару;
- банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер;
- әдейі банкроттық;
- жалған банкроттық;
- бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;
- банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру;
- банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану;
- азаматтың салық төлеуден жалтаруы;
- ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару;
- тұтынушыларды алдау;
- заңсыз сыйақы алу;
- табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу;
- мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету;
- компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату.
- ұялы байланыстың абоненттік құрылысының сейкестендіру кодын, абоненттің сәйкестендіру құрылғысын құқыққа сыйымсыз өзгерту, сондай-ақ - абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгерту үшін бағдарламаларды құқыққа сыйымсыз жасау, пайдалану, тарату.

Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар
Халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы жасалған, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет:
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, иемденіп сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру;
- құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз есіру;
- улы заттардың, сондай-ақ есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау;
- есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу;
- заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметпен және есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау;
- санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу;
- адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру;
- қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызмет керсету;
- жезөкшелікпен айналысуға тарту;
- жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және женгетайлық;
- дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау;
- порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату;
- қатыгездік пен күш колдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату;
- өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау;
- адам мәйітінің органдары мен тінін заңсыз алу;
- жануарларға қатыгездік жасау.
Адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар
Адамның конституциялық және өзге құқықтарына, бостандықтарына қол сұғатын құқыққа қарсы әрекет:
-азаматтардың тен құқықтылығын бұзу;
-жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу,
-хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф хабарларының немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу;
-дәрігерлік құпияны жария ету;
-тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу;
-сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының жұмысына кедергі жасау;
-сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу;
-еңбек туралы заңдарды бұзу;
-ар-ождан және діни сенім бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау;
-коғамдық бірлестіктердің қызметіне кедергі жасау;
-жиналыс, митинг, бой көрсету, шеру өткізуге, пикет жасауға немесе оларға қатысуға кедергі жасау;
-еңбекті корғау ережелерін бұзу;
-ереуілге (атысуға немесе ереуілге) қатысудан бас тартуға мәжбүрлеу;
-журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі келтіру.
Жеке адамға карсы қылмыстар
- адам өлтіру;
- жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі;
- жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру;
- қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру;
- қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру;
- абайсызда кісі өлтіру;
- өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу;
- денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру;
- денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру;
- денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;
- азаптау;
- денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру;
- қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру;
- қылмыс жасаған адамды ұстау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚР қылмыстық құқығы (жалпы бөлім)» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАРДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН ӘРЕКЕТ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында саяси баспана берілген шетел тұлғаларының құқықтық жағдайы
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын құқықтық қорғау мәселелері
Бейбітшілікке қарсы қылмыстар
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Халықаралық қылмыстық құқық пен ұлттық қылмыстық құқықтың арақатынасы және өзара әрекеттестігі
Аймақтық мәдени және діни дәстүрлердің халықаралық құқыққа әсері
Пәндер