Тұрар Рысқұлов өмірі



Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ – көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ», – деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.
1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы - 10 ақпан 1938, Мәскеу) - мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. Түрме баласы аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов - Қырғызбаев деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Әкесімен бірге Верный қаласының түрмесінде болған кезінде түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан тағы да шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры қазақ - көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ, - деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да бұратана деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істеді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда Қазақ жастарының революциялық одағын құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.

1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге, кеңестерге жергілікті халық өкілдерін көптеп тартуға жұмсады. Әулиеата уездік төтенше комиссия ұйымдастырып, қарулы отрядпен бірге уезді аралап, орыстар мен қазақтардың өзара қырқысын тиюға, контрибуция ретінде тартылып алынған қазақтардың мал-мүліктерін өздеріне қайтарып бергізуге тырысты. Рысқұловтың ықпалымен Әулиеата уездік кеңесінің құрамы мен жұмыс тәсілі тез өзгере бастады. 1918 жылы 21 сәуірде уездік кеңестің мүшелігіне қазақтар арасынан депутаттар сайлау мақсатымен Әулиеата қаласында Рысқұлов ұйымдастырған қазақтардың жиыны болып өтті. Жиналыстың шешімі бойынша Әулиеата уездік кеңесінің 26 мүшесінің 15-і жергілікті халық өкілдері болды. Рысқұловтың жетекшілігімен Әулиеата қаласы маңында қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылып, онда 20 мың адамға дейін ашыққан қазақтар тамақтандырылды. 1918 жылы шілдеде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасы болып сайланды. Уездік кеңестің сан түрлі қызметін ұйымдастыра отырып, Рысқұлов бұрынғысынша негізгі күш-жігерді ашаршылықпен күрес ісіне бағыттады. Сырттан келер көмектің жоқтығы оны тек ішкі резервтерді тиімді пайдалана білуге мәжбүр етті. Рысқұлов Әулиеата қаласының 52 орыс капиталисіне ашаршылыққа ұшыраған халықтың пайдасына 3 млн. сом салық төлеттірді. 1918 жылы қыркүйекте Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары болып тағайындалды. Бұл комиссариатқа денсаулық ісімен шұғылданумен қатар аштықпен күресу міндеті де тапсырылған еді. Аштықпен күресуге Денсаулық сақтау халық комиссариатының күш-қуаты мүлдем жеткіліксіз болатын. Сондықтан да Рысқұлов аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына түрлі комиссариаттардың өкілдері кіретін арнайы ұйым құруды талап етеді. Осыған орай 1918 жылы 28 қарашада ерекше Орталық Комиссия ұйымдастырылып, оның төрағасы болып Рысқұлов тағайындалды. Рысқұлов басшылық еткен ерекше комиссия Түркістан автономиялық республикасының 19 уездері мен қалаларында 923 мың адамға арналған тамақтандыру орындарын ашты. 1919 жылы 14 наурызда Түркістан Республикасы кеңестерінің 7 съезінде Орталық атқару комитеті төралқасы төрағасының орынбасары болып Рысқұлов сайланды. Осы жылы 14 - 31 наурыз аралығында Ташкент қаласында болып өткен Түркістан КП-ның 2 конференциясында ОК жанынан Мұсылман бюросын құру туралы шешім қабылданды. Рысқұлов Мұсылман бюросы қызметін жандандыра түсу мақсатымен оның ұйымдастыру, редакция-баспа, мәдени-ағарту және әскери бөлімшелерін құрды. 1919 жылы шілдеде Түркістан Республикасы атқару комитеті Әулиеата және Черняев уездеріндегі саяси-әлеуметтік және ұлтаралық қарым-қатынас жайымен танысу үшін онда арнайы комиссия аттандырды. Рысқұлов төрағалық еткен бұл комиссия Әулиеата атқару комитетінің мүшелерін өз міндеттерін іске асыра алмағаны үшін қатаң сынға алып, бұл комитеттің таратылғанын жариялады. Осыдан кейін Әулиеата уездік атқару комитетінің орнына Түркістан атқару комитетінің шешімімен Әулиеата уездік уақытша Революциялық комитет ұйымдастырылды. 1920 жылы 21 қаңтарда Рысқұлов Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Ол атқару комитетін Түркістанның тарихи-объективті жағдайы мен ерекшелігін басшылыққа алып жұмыс істейтін органға айналдырды, жергілікті халықтардың құқығын қорғайтын ұйым дәрежесіне көтерді. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. 1924 жылы 4 ақпанда РКП(б) ОК шешіміне орай Рысқұлов Коминтерн атқару комитетінің құрамына қызметке жіберілді. Коминтерн атқару комитетінің Орталық-Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып бекітілді. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Монғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Ол Моңғолия Конституциясының жобасын әзірлеуге атсалысты. Моңғолия астанасының атын Уланбатор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен Еңбекші қазақ газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 6 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің Қазақстанда кіші Қазан төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов пантүрікшіл, халық жауы деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті. Ұлы Ескендір түрмеде қайтыс болды. Рысқұлов есімі КСРО Әскери коллегиясы Жоғырғы Сотының шешімімен 1956 жылы 8 желтоқсанда ақталды. Қазіргі кезде Жамбыл облысының бір ауданына Рысқұлов есімі берілген. Тараз қаласында Рысқұлов есімімен аталатын демалыс паркі бар, онда Рысқұловқа ескерткіш қойылған Қызыл граниттен жасалған Рысқұлов ескерткішінің архитекторы - А.Рыспаев, мүсіншісі - Ю.Баймұқашев. Алматы қаласындағы Басқару академиясына Рысқұлов есімі берілген. Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның Қызыл жебе (1-2-кітабы), Жұлдызды көпір, Қыл көпір, Тамұқ атты роман хамсасында Рысқұлов келбеті сомдалған.[[1]] [[2]]

Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны
Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда Жетісу облысы (қазіргі Алматы облысының шекарасы) Вернен уезінде дүниеге келген. Белгілі партия және мемлекет қызметкері.
Тұрардың әкесі Рысқұл патшаның бодандық саясатына қарсы шыққандығы үшін 10 жыл каторгыға айдалды және Сібірге айдауға жіберілді. Тұрар Меркі қаласында туыстарының қолында тұрды, орыс-қазақ мектебінде оқыды. Мектепті тәмамдаған соң ол Пишкек (қазіргі Бішкек қаласы) қаласындағы ауылшаруашылық училищесіне оқуға түсті.
Училищені озат аяқтаған соң ол Ташкент мұғалімдер институтына тапсыруға бел байлайды. Ол институтты аяқтай алмайды; оны революциялық қызмет қызықтырады.
Февраль төңкерісінен кейін 1917 жылы ол Әулие ата уезінде жастар ұйымын құрады және Әулие ата Кеңесімен тығыз байланыс орнатты. 1917 жылдың қараша айынан 1918 жылдың қарашасына дейін Әулиеата уезінің Кеңестік департаментінің төрағасы болады. 1918 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін - Түркістан АССР ұлттық комиссары. 1918 жылдың желтоқсанынан 1920 жылдың қаңтарына
дейін Республикалық Ұлттық Комиссарлар Кеңесі (ҰКК) төрағасының орынбасары болып жұмыс істейді.
1921 жылы Т. Рысқұловты ұлттық мәселелер бойынша ұлттық комиссариаттың құзыретті өкілі ретінде Әзербайжанға жібереді.
1922 жылы РСФСР ұлттық ісі бойынша ұлттық комитеттің орынбасары болып тағайындалады. 1922 жылдың 6 қыркүйегінен 1924 жылдың қыркүйегіне дейін Түркістан АССР СКО төрағасы болып жұмыс істейді. 1924 жылдың сәуірінен 1926 жылдың маусымына дейін - Коминтерндегі Шығыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1925-1926 жж. - Монғолия Коминтернінің құзыретті өкілі. 1926 жылдың наурыз-маусымында партияның қазақ аймағының баспа бөлімінің басқарады. 1926 жылдың шілдесінен 1937 жылдың шілдесіне дейін РСФСР ҰКК төрағасының орынбасары.
Тұрар Рысқұлов ұлты үшін көп жұмыс атқарды. Оның бастамасымен Қарағанды көмір бассейнінің, Контрат кен орнының құрылысы басталды, балқаш мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Ол Түрксіб құрылысы комиссиясының төрағасы болды.
Рысқұлов білім және мәдениеттің дамуына көп көңіл бөлді. Оның бастамасымен Ташкент қаласындағы Орта Азия университеті және С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) құрылды.
РСФСР Ұлттық Кеңес Комитеті төрағасының орынбасары жұмысын атқара отырып, ол Мәскеу қаласының қала шаруашылығына жетекшілік етті.
Тұрар Рысқұлов халық арасында өте беделді болды, ол Орталық Азиядағы барынша әйгілі және ықпалды жетекшілердің бірі еді. М. В. Фрунзе В.И.Ленин атына жазған баяндама хатында былай деп жазды: Жергілікті кадрлар арасынан Рысқұлов және Ходжаев екеуін ерекше атап өтуге болады, оларды жалпы бұқара халық үлгі тұтады. Бірақ біріншісі тек ақылды ғана емес, сонымен қатар оның біршама мінезі д
е бар. Тұрар Рысқұлов РКП(б) X, XII, XIII, XV съездерінің, ВКП(б) ХҮІ және ХҮІІ съездерінің делегаты болды. ВКП(б) XVI съезінде делегаттар алдына шыққанда ол Ресейдегі шаруалар мен Орталық Азиядағы диқандары арасындағы жағдайды теңестіруге болмайтындығын атап өтті. Орталық Азиядағы Ресей патшалығының бодандық саясатының табы әлі басылмаған, және оны ескермеуге болмайды.
Орта Азия компартиясы Мусбюросын және Түркістен АССР басқара отырып, ол Түркістан шекарасының тұтастығын сақтау мәселесін бірнеше рет көтерді. Түркістанның түркітілдес халықтары - біртұтас халық екендігін, тарихтың ағымына қарай бөлініп кеткендігін дәлелдеді. Оны пантюркизм үшін айыптады. Тұрардың айтқаны шындық еді, бірақ оның осы ұстанымдық мәселеге қатысты пікірі партия желісіне түбегейлі қарсы еді.
Рысқұловтың адалдығы мен бірбеткейлігі көбіне ұнамады... Оның дәлелі - оның қызметтік тізімі. Тұрарды бір жұмыс орнынан екіншісіне ауыстырып отырды. Оны Түркістан СКО төрағасы орнында қалдыруға қорықты, Тұрар ол жерде отырса Түркістан Ресейден алшақтап кетеді деп ойлады. Ресей бұған көндіге алмады: шикізатқа өте бай республикадан айырылуға жол бермеу керек еді.
Рысқұлов Түркістанның біртұтастығын сақтау туралы өтініш жазған сәттен бастап оны қудалау басталды. 1925 жылы И.В. Сталин мұсылман аймақтарының жетекші кадрларымен жиналыс өткізді. Өз баяндамасында ол Рысқұловты пантюкризм үшін айыптады, Рысқұлов Татарстанның белгілі ағартушы-революционері, басмашылық жағына шыққан Сұлтанғалиевке қолдау көрсетті деп айыптады. Рысқұлов кезінде Сталиннің өзі Сұлтанғалиевті революция ісіне берік коммунист деп мадақтағандығын еске ала отырып, оның айыптауын жоққа шығарды. Қандай себеппен Сұлтанғалиев большевиктіктен ауытқып басмашылыққа көшті дейді, ол ВКП(б) ОК белгілі болуы керек.
1929 жылы Известия газетінде Рысқұловтың мақаласы шықты, онда партия саясаты практикалық тұрғыда жүзеге асырылды, бірақ олар партияның басты желісінен мүлдем бөлек еді. Түркістан түркітілдес халықтардың ортақ үйі еді. Тұрар Рысқұлов шекараны бөлу кезінде осыны ескеруді және жергілікті талаптарды да назардан тыс қалдырмауды ұсынды. Ұлтының қайғысы мен мұңына Тұрар Рысқұловтың қабырғасы қайысты. Тұрардың мінез-құлқын оның 1933 жылы Сталинге жазған хатынан байқауға болады, ол жерде Тұрар аштықтан өліп жатқан халқының тағдырын ашық жазған. Осы хаттан кейін ғана Қазақстанға азық-түлік арқылы көмек көрсету мәселесі шешілді. Ұжымдандыру қазақтарды негізгі азық-түлік көзінен - малынан айырды. 1932-1933 жж. ашаршылық салдарынан ұлт жойылып кете жаздады. Тұрардан басқа ешкімнің шындықты айтуға батылы жетпеді.
Т. Рысқұлов Тұран тәуелсіздігін қолдады. Оның идеяларын Орталық басшылық қабылдамады. Бірлік пен тәуелсіздікті сақтау Ресейдің большевиктік басшылығының жоспарына кірмеді. Өзінің дәлеледері, адалдығы, бір беткейлігі үшін Рысқұлов халық жауы атанды және атылды.
Тұрар Рысқұловтың қаламынан ондаған кітаптар, кітапшалар, жүзден аса мақалалар шыққан. Қазақ халқының осындай керемет ұлының құрметіне Алматы қаласында даңғылға, Қазақ экономикалық университетіне де оның есімі берілген.

Жал - пы, Т.Рысқұловтың Қазақстанда атқарған жұмыстары де - ген сұраққа толық жа - у - ап бе - ру тек бір ғана тарихшының қолынан кел - мес еді. Өйткені, Т.Рысқұловтың бүкіл са - на - лы ғұмыры мен қоғамдық-са - я - си және мемлекеттік қызметі қазақ халқының болашағы жо - лы - на бағытталды. Оның тағдыры - қазақ халқының та - ри - хы - мен еншілес. Сондықтан, Т.Рысқұловтың сан-са - ла - лы қызметі мен қажырлы қайтпас күресі, ұлтқа сіңген еңбегі көптеген тарихшылардың зер - т - теу еңбегіне жүк бо - лып келеді. Біз тек қана, басқа тарихшылардың на - за - ры - на іліне қоймаған кейбір мәселелерге тоқтала кетейік.
Мы - са - лы, Т.Рысқұлов кеңестік қазақ автономиясының ұйымдастырылуы қарсаңында оның ас - та - на - сы Таш - кент қаласы бо - луы тиіс де - ген пікірді ұстанды. Ол 1919 жы - лы күз ай - ла - рын - да ұлттық рес - пуб - ли - ка - лар құрамына өз халықтарын біріктіру мәселесін көтереді. 1917 жы - лы желтоқсанда өткен екінші Орын - бор сиезі күн тәртібіне қойған қазақ жерлерін біріктіру мәселесін ары қарай жылжытқан Т.Рысқұлов біріккен қазақ жерлерінің ас - та - на - сы ретінде Таш - кент қаласын белгілеуді үзілді-кесілді та - лап етеді. Біз бұл жер - ден Т.Рысқұловтың ал - ды - мен ұлтшыл, со - дан кейін түрікшіл болғандығын көреміз.
Сол кездегі ірі са - я - си, экономикалық, әрі мәдени-ру - ха - ни орталықтардың бірі болған Таш - кент қаласын Қазақстанның ас - та - на - сы - на ай - нал - ды - ра оты - рып, ша - шы - лып жатқан қазақ жерлерін біріктіру иде - я - сы сол та - ри - хи ке - зен - де ең ұтымды идея бо - ла - тын. Себебі, қазақ халқының жар - ты - сы - нан ас - та - мы Түркістан өлкесін мекендейтін, сон - дай-ақ көшпелі қазақ аймақтарына қарағанда халқы тығыз орналасқан, шаруашылықтың түр-түрі дамыған Түркістанға қарасты қазақ жерлері арқылы өзге қазақ жерлерін әкімшілік жағынан басқару, шаруашылығы мен тұрмысын ұйымдастырып, мәдени өміріне ықпал ету анағұрлым оңай әрі тиімді бо - лар еді.
Екіншіден, Таш - кент қаласын Қазақстанның ас - та - на - сы - на ай - нал - ды - ра оты - рып, қазақ жерінің ас - та - на - сын тұтас түрік конфедерациясының да орталығы бо - лу - ын қамтамасыз ету арқылы қазақ ұлтының алдыңғы қатарлы жетекші ұлт бо - лу - ын қалыптастыру бо - ла - тын. Са - ны жағынан түрік халықтары ара - сын - да Түркия түріктерінен кейінгі екінші орын - ды иеленетін және Ә.Бөкейхан айтқаңдай мәдениет жо - лын - да бізден де төмен өзге Түркістандық түріктердің арасыңдағы ең са - у - ат - ты, көзі ашық халық ретінде қазақтардың бұл орын - ды иеленуі әбден дұрыс бо - лар еді. Қазақстанның ас - та - на - сы ретіңде Түркістан өлкесінің орталығында орналасқан Таш - кент қаласының ұсынылуы Т.Рысқұлов та - ра - пы - нан жасалынған, нақты мақсатқа бағындырылған, әрі өзге түрік халықтары та - ра - пы - нан дәл сол кезеңде қолдауға ие болған әрекет бо - ла - тын.
Тұрар Рысқұловтың аштықпен күрес сияқты және басқа да ірі та - ри - хи қызметтерін айтпағанның өзінде, оның Түркістан АКСР-іне қарасты қазақ жерлері үшін жасаған нақты іс-ша - ра - ла - ры бір төбе. Мы - са - лы, ауылдық жер - лер - де ке - дей - лер комитетінің құрылуы жөніндегі 1918 жылғы 11 маусымдағы дек - рет Жетісуда 1920 жыл - дан соң ғана жүзеге асы - ры - ла бастаған еді. Себебі, оған дейін кеңестік Түркістан Рес - пуб - ли - ка - сы - на қарасты Жетісу облысының шын мәніндегі қожасы - байыған орыс ку - лак - та - ры мен қарулы ка - з - ак - тар еді. Кеңес өкіметінің қаулы-қарарлары жергілікті тұрғындарға - қазақтарға дер кезінде же - те бермейтін. 1920 жы - лы 21 қаңтарда Тұрар Рысқұловтың Түрікатком төрағасы бо - лып сай - ла - ну - ы - нан кейін ғана бұл істің беті бері қарай бас - та - ды. Жетісудағы жағдайды рет - те - уде 1920 жы - лы 16 на - урыз - да Т.Рысқұловтың күш са - лу - ы - мен жарияланған Жетісу облысының тұрғындарына үндеуі шешуші рөл атқарды. Бұл үндеуде ұлттық белгілеріне қарай қуғындауға қатаң тый - ым са - лы - на - ты - ны, бұған жол бергендердің ату жа - за - сы - на кесілетіні, өз аумағында жергілікті халықты тонаған не - ме - се өтірген бо - лыс, ста - ни - ца, се - ло - лар мен де - рев - ня - лар тұрғындарына ауыр салықтар са - лы - на - ты - ны ерек - ше атап көрсетіліп, егер аумақтардың атқару комитеттері ұлтаралық қақтығыстарға жол бер - ген жағдайда, толық құрамымен Революциялық-әскери трибуналдың со - ты - на тар - ты - ла - ты - ны ескертілді.
Жетісудағы жергілікті халықтардың жағдайын жақсарта түсуде 1920 жы - лы 31 на - урыз - да жарияланған Тұрар Рысқұловтың Жетісу об - лы - сы бой - ын - ша тезистері де аса маңызды бол - ды. Осы тезистерді талқылаған ТК(б)П комитетінің 1920 жылғы 31 наурыздағы пле - нар - лы мәжілісінде Т.Рысқұлов Жетісудағы ку - лак - тар мен ка - з - ак - тар - ды қарусыздандыруды жүзеге асыруға, Жетісудың босқын қазақ және қырғыз халықтарын ор - на - ла - с - ты - ру үшін 100 000 000 сом қаржы бөлдіртуге қол жеткізді. Яғни, қазақ халқының ата жа - уы - орыс-казактарының қазақ халқының ба - сын - да ойнаған әңгір-таяғына тоқтау са - лып, оларға тұңғыш рет соққы бер - ген Тұрар Рысқұлов бо - ла - тын.
Тұрар Рысқұловтың осын - дай нақты іс-шараларының нәтижесінде, Жетісу облысының уездерінде алғаш рет ке - дей - лер комитеттері құрыла бас - та - ды. Ке - дей - лер мен жал - шы-батырақтардың осы алғашқы комитеттері Кеңес өкіметі қабылдаған дек - рет - тер мен қаулыларды іске асы - рып, Түрікатком мен об - лат - ком, уездік ат - ком та - ра - пы - нан күн сай - ын келіп түсіп жа - та - тын түрлі нұсқаулар мен қаулыларды қалың бұқараға жеткізіп, олар - ды на - си - хат - тап оты - ру - да үлкен еңбек сіңірді. Біз бұл жер - ден өзі шыққан әлеуметтік ортаның жай-күйіне жа - ны аши - тын, үлкен жүректі азаматтың ада - ми бейнесін көреміз.
Тұрар Рысқұлов Түркістан АКСР Халық ко - мис - сар - лар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған жыл - да - ры кеңес өкіметінің оқу-ағарту саласындағы оң саясатының қазақ жерінде тиімді жүзеге асу - ы - на ерек - ше көңіл бөлді. Осы са - я - сат нәтижесінде қазақ кедейлерінің ертеңгі күнге де - ген үміті ар - та түсті. Бұл ту - ра - лы Т.Рысқұловтың 1923 жы - лы 24-28 қаңтар аралығында өткен ТКП Жетісу облыстық ІІІ пар - тия кон - фе - рен - ци - я - сы - на қатысып кет - кен Жетісу сапарының қорытындысы ретінде жазған Жетісу мәселелері ат - ты кітабында жан-жақты ба - ян - дай - ды. Жетісуда халық ағарту істерінің халі өте на - шар, -- дейді Т.Рысқұлов, -- Об - лыс - та қанша мек - теп - тер бар екенін ағарту бөлімдері білмейді. Мектептердің дұрыс са - нын білу мүмкін бол - ма - са ке - рек... Мектептердің үйлері бар да, кітаптары, үй ас - пап - та - ры жоқ. Ба - ла - ла - ры киімсіз һәм аш. Балалардың көбі ке - дей - лер ба - ла - ла - ры. Әке-шешесі балаларға үйлерінен жалғасып тұратын бол - са ке - рек. Білім алу, балалардың та - лап - та - ры өте зор көрінеді... Сон - да да қырғыз-қазақ ара - сын - да шығындарынан қашпай, мек - теп ашуға та - ла - бы бар - лар көп. Халық ара - сын - да жастардың да са - я - си мәселелерге түсінгісі келіп, ұмтылулары мықты көрінеді. Қырғыз-қазақ өмірінде мұндай әлеуметтікті туғызған ұлы өзгеріс һәм кеңес үкіметі се - беп бол - ды.... Осы - лай - ша, Т.Рысқұлов қазақ ауылдарындағы білімге де - ген күшті ұмтылыстың бар екендігін ай - та оты - рып, қазақ ауыл - да - рын - да жап - пай мек - теп ашу - ды ұйымдастыру үшін нақты іс-ша - ра - лар жүйесін іске асы - ру - ды ұсынды. ...Кедейлердің мек - теп ашуға күші жетпейді, -- дейді Т.Рысқұлов, -- Өкімет оларға жәрдем ет - пе - ген. Үкімет бөлімдері кіріссе орыс, мұсылман қыстақтарында кеңестер мектептерін ашуға бо - ла - тын. Ұзынағашта исполкомға бір мек - теп ашыңдар де - ген соң халық қозғалып, мек - теп ашуға кірісті. Қыстақтарда пар - тия ошақтары болмағандықтан һәм га - зет алынбайтындықтан са - я - си ағарту істерінің аты да жоқ. Халық ара - сын - да мек - теп ашу жұмыстарын жүргізуге бо - ла - ды. Мұғалімдер, кітаптар та - бы - лып, халық ағарту бөлімдері мек - теп - тер ашып бер - се, халық мек - теп шығындарын өз мой - ны - на ала - ты - ны анық. Т.Рысқұлов, мем - ле - кет мек - теп - ке кететін шығындардың үштен бірін бер - се де бо - ла - ды дей оты - рып, ең ал - ды - мен қырғыз-қазақтар үшін аудан орталықтарында мек - теп-ин - тер - нат - тар ашы - луы тиіс деп атап көрсетті.
1923 жы - лы өткен ТКП Жетісу облыстық ІІІ пар - тия кон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Т.Рысқұловтың қоғамдық саяси өмірі
Тұрартұғыр Рысқұлов Тұрар
Тұрар Рысқұловтың қысқаша өмірбаяны
Жұмыстың қолданбалы маңызы
Тұрар Рысқұлов өмірінің алғашқы кезеңдері
Көрнекті партия, мемлекет қайраткері
Тұрар Рысқұлов өмір дерегі
Қазақтың ұлы жазушылары
Пәндер