Роман мазмұнының көркемдік–әдеби маңызы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

РЕФЕРАТ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 РОМАН МАЗМҰНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ӘДЕБИ МАҢЫЗЫ

1. 1 Ә. Нұрпейісовтің «Сең» романының көркемдік-идеялық ерекшелігі

1. 2 Романның орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы

2 РОМАН АУДАРМАСЫНДАҒЫ АУДАРМАШЫЛЫҚ ШЕШІМДЕР МЕН ТӘСІЛДЕР

2. 1. Арал табиғаты суреттемелерінің аудармада берілуі

2. 2 Диалогтардың аудармасындағы ұлттық сөйлеу ерекшелігінің сақталуы

2. 3. Романдағы реалияларды аудармада беру амалдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Көркем әдебиет екі елді таныстырушы, әрі бір ұлт тіршілігінің қыр-сырларын басқа ұлт өкілдеріне паш етуші болып табылады. Осы екі тіл арасындағы көпір қызметін атқарушы аударма екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ.

Қазақ әдебиеті тарихында аты алтын әріптермен жазылған жазушының бірі Ә. Нұрпейісов болса, тарихи маңызы зор шығарма қатарына оның «Сең» романын жатқызамыз. Балықшылар өмірінің қиыншылығы мен тауқыметі жайлы сыр шертетін бұл шығармада қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, Арал теңізін шарпыған жойқын қасірет жайлы баян етіледі.

Диплом жұмысының негізгі мақсаты осы көркем шығарманың орыс, ағылшын тілдеріне аударылу мәселесін талқылау, аударма барысында орын алған кемшіліктер мен жетістіктерге аударматану ғылымы тұрғысынан баға беру.

Диплом жұмысының бірінші тарауында «Роман мазмұнының көркемдік-әдеби» маңызы жайлы сөз қозғалады. Бұл тарауда автордың шығармашылығы жайлы қысқаша ақпарат беріледі. Осы тараудың келесідей екі тарауша қарастырылады:

-Ә. Нұрпейісовтің «Сең» романының көркемдік-идеялық ерекшелігі

-Романның орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы»

Бұл тараушаларды белгілі шет ел жазушы, ғалымдарының шығарма жайлы пікірі келтіріліп, орыс, ағылшын тілдеріне аударған аудармашылар жайлы ақпарат беріледі. Шығарманы аудару барысы жайлы аудармашылардың айтқан ойлары беріледі.

Екінші тарауда « Роман аудармасындағы аудармашылық шешімдер мен тәсілдерге» баса мән беріліп, аударма барысында орын алған трансформациялық өзгерістер мен аудармашы пайдаланған тәсілдерге талдау жасалады. Осы тарауға негізей отырып келесідей тараушалар қарастырылады:

-Арал табиғаты суреттемелерінің аудармада берілуі.

-Диалогтардың аудармасындағы ұлттық сөйлеу ерекшелігінің сақталуы.

-Романдағы реалияларды аудармада беру амалдары

Аудармашыладың табиғат суреттемелерін аударуда пайдаланған аудармашылық шеберліктерін талдап, аударма сәйкестігінің қай деңгейінде берілгенін анықтадық.

Диалог аудармасында адам мінезінің түрлі қырлары көрінетіндіктен, диалог аудармасында қолданылған әдістерді атап көрсеттік.

Реалиялар аудармасы ең аудармашыға үлкен міндетті жүктейтін қызмет. Өзге тілдің, өзге ұлттың өзіне ғана тән зат атауларын, наным-сенімін білдіретін бұл сөздердің аударылуы осы тараушаларда қарастырылып, аудармашының шеберлігіне аударматану ғылымына анықталған талаптарға сай баға беріледі.

Диплом жұмысының өзектілігі : Қазіргі уақытта аударматану ғылымы тәуелсіз елімізде өз бағытын тауып, даму үстінде. Көпқырлы болса да, межелі мақсатты көздегендіктен, қай саланың аудармасы болмасын ғылымның өркендеуіне үлесін қосады. Аударма жайлы сөз қозғалса, әуелде екі елді байланыстырушы аудармашы мамандығы еске түседі. Тек елдерді ғана емес сонымен қатар мәдениеттерді, әдебиеттерді байланыстыратын аударма тармақталып, өзара сабақтасып кететіні белгілі.

Аударма саласының маңызды да, ажырамас бөлігі болып табылатын көркем аударма көп зерттеу мен еңбекті қажет етеді. Әлем әдебиеттерінің аударылуы, оның көпшілік арасында таралуы, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтіп, жан-жақты етері сөзсіз. Бүгінгі күнде әлем әдебиетінің классикалық шығармалары қазақ тіліне күн сайын аударылып, оқырманға ұсынылуда. Шет ел шығармаларын қазақ тіліне аудару кеңінен дамыған. Ал қазақ тілді шығармалардың көпшілігі орыс тіліне тәржімаланғанымен, әлем тілі болып саналатын ағылшын тіліне шамалы ғана аударылды.

Аудармалардың саны жағынан өткен ғасырды озғандығы да тіл мамандарының артуымен тығыз байланысты. Осы саны жағынан көп аудармалардың сапасы бірде айтарлықтай деңгейде жақсы болғанымен, екінші біреуінде автордың көркемдік бейнелу ерекшелігі, тілі өз деңгейінде шықпаған. Қазақ шығармаларының әлем тілдеріне көптеп аударуына жол ашудың негізгі жолдарының бірі сапалы, әрі мазмұнды аудармалар жасау. Шығарманың аудармаларын салыстыра, салғастыра талдау аударма саласының қандай деңгейде өркендеп келе жатқанын көрсетеді. Бірнеше тілдерге аударылған шығармаларды салыстыра отырып, қай тілде аударма әлдеқайда сәтті шығып жатқанын анықтап, аударма сапасына әсер ететін тілдік емес факторларды айқындауға мүмкіншілік туады. Қазіргі аударма ісіндегі басты кемшіліктерді айқындауға жол ашады. Аударматану ғылымы аудармадағы кемшіліктерін жоюға көмектесіп, сапасын арттыруға жол ашады.

Диплом жұмысының нысаны : шығармада кездесетін суреттемелер, диалогтар, реалиялардың аудармалары және осы шығарманы аудару барысында пайдаланыған әдістер.

Диплом жұмысының зерттеу пәні: Ә. Нұрпейісовтің «Сең» романының аудармасындағы сәйкестік мәселелері (орыс-ағылшын тілдеріндегі аудармаларын салыстырмалы талдау)

Жұмыстың мақсаты: Қазақтың көрнекті жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» (Сең) романының орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын талдай отырып, оның жетістіктері мен кемшіліктерін атап көрсету, аударма теориясында қалыптасқан ережелер мен қағидалардың аудармада орындалуына мән бере отырып, аудармашылық шеберлікті, талантты анықтап білу. Ұлттық коллориттер, реалиялардың, диалог пен суреттеулердің аударылу сапасын басты назарға алу. Көркем шығармалардың аудармасындағы басқа да ерекшеліктерді ашып көрсету.

Осы мақсатқа сәйкес мынандай міндеттер жүзеге асырылды:

- Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Сең» романының көркемдік-идеялық ерекшелігін анықтау;

- Романның орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы жайлы ақпарат беру;

-Арал табиғаты суреттемелерінің аудармада берілуін анықтау;

-Диалогтардың аудармасындағы ұлттық сөйлеу ерекшелігінің сақталуын салыстыру;

-Романдағы реалияларды аудармада беру амалдарын қарастыру;

Диплом жұмысының әдістері : Зерттеу тақырыбының ерекшелігі мен мақсатына байланысты бұл жұмыста сипаттамалы, салыстырмалы, салғастырмалы, құрылымдық, әдістер мен жүйелеу, топтау, бағалау, талдау тәсілдері қолданылды.

Диплом жұмысының дереккөздері: Егемен Қазақстан №90-93 (25939) 12 наурыз, жұма, 2010 жыл . Суреткерлік ерлік 10-11 беттер ; Қазақ әдебиеті № 43-44 (3416) 17-23 қазан, жұма, 2014 жыл. Күңіренген «Қан мен тер», сең боп көшкен «Соңғы парыз» 5-9 беттер; Thenews. kz Сейсенбі, 12 ақпан, 20132. Руханият Қазақтану академиясы немесе Анатолий Ким кім?; http://www. infotses. kz/red/article. php?login=yes&article=10837&sphrase_id=56282; http://bigox. kz/korkem-audarma-zhalpy-audarmanyn-negizgi-boligi-retinde/; http://www. lingvo-plus. ru/transkripc/; http://helpiks. org/1-7091. html

Диплом жұмысының нәтижесі: Ә. Нұрпейісовтің «Сең» романының орыс, ағылшын тілдеріне аударылуын салыстырмалы талдау барысында аударманың сәйкестік деңгейлеріне ерекше мән берілді. Аударма мәтіндерде орын алған артықшылықтар мен кемшіліктер аталып, ұсынылатын нұсқалар мен аударма мәтіндеріне жалпы баға берілді.

Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған еңбектердің тізімі берілген.

  1. РОМАН МАЗМҰНЫНЫҢ КӨРКЕМДІК-ӘДЕБИ МАҢЫЗЫ

1. 1 Ә. Нұрпейісовтің «Сең» романының көркемдік-идеялық ерекшелігі

Көркем сөз шебері Нұрпeйісoв Әбдiжәмiл Кәрiмұлы 1924 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы Aрaл aудaны Құлaнды aуылы Үшкөң дeгeн жeрдe дүниeгe кeлгeн. Қазақстан Республикасының хaлық жaзушысы (1985), қoғам қaйраткері. 1942-1945 жылдары 2-дүниежүзілік сoғысқа қaтысқaн. Мәскeудeгі М. Горький aтындағы Әдебиет институтын бiтiргeн (1956) . 1962- 64 ж. “Жұлдыз” жyрнaлының бaс рeдакторы болды. 1992 жылдан хaлықaрaлық Қaзaқ ПЕН клубының Прeзидeнтi, 2000 жылдaн “Тaң-Шoлпан” журнaлы рeдaктoрлaр кeңeсінің төрaғaсы [1] .

Тұңғыш тyындысы “Кyрляндия” рoмaны (1950, осы жылы Қазақстан Республикасы Жазушылар oдaғының сыйлығы, “Күткен күн”, 1958) сoғыс тaқырыбынa aрнaлды. Нұрпeйiсoвтiң “Қaн мен тeр” трилoгиясы “Ымырт” (1961), “Сeргeлдeң” (1964), “Күйрeу” (1970) ] 1916-18 жылдaрдағы aласапырaн кeзeң мен қaзaқ хaлқының әлеумeттiк қaйшылыққa тoлы күрдeлі өмірiн көркeм бейнeлегeн. 200-ге тарта кейіпкерлер шеберлікпен сомдалған. Еламанның жігерлі бейнесі арқылы қазақ халқының өршіл қаһармандық рухы шынайы бейнеленген. Оның “Қан мен тер” романы бойынша жазылған инсценировкасы республикалық театр репертуарларынан тұрақты орын алды (1974 жылдан) . Нұрпейісовтің “Толғау” (“Раздумье”) атты әдеби-сын мақалалар, эсселер жинағы 1972 ж. қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді, кейін толықтырылып “Жүрегі толы жыр еді” (“Все в нем пело”) деген атпен басылды. “Край голубых озер” (“Көгілдір көлдер өлкесі”, 1979), “Ақбидай туралы аңыз” (1985), т. б. очерктер жинағы шықты. “Возвышая наши святыни” (“Қасиетіңді қадірле”) атты кітабына соңғы уақытта жазған әдеби мақала, очерк, эсселері енген (1996) . Ол А. П. Чеховтың, А. М. Горькийдің, Назым Хикметтің, испан жазушысы А. Кэсонның шығармаларын қазақ тіліне аударды. Нұрпейісовтің туындылары бірнеше шетел тілдеріне аударылған. КСРО Мемлекеттік сыйлығын (1974), Мәскеудегі Халықаралық Әдеби қордың “За честь и достойнство” сыйлығын (2001), Халықар. М. Шолохов атындағы сыйлықты алған (2003) . Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған [2, 32] .

Әбдіжәміл Нұрпейісов eсiмi хaлықaрaлық aрeнaдa aлпысыншы жылдaр бaсындa әлемнің әдeби өрiсiне жoл тaртқaн “Aбaй жoлын” жaлғaстырa жaңғыртқaн “Қaн мен тер” бoлып eске түсeдi. “Қaн мeн тeрдiң” aрқaсындa қaзақ әдeбиeтi өзiнің әлeм оқырмaндaры aлдындa Әуезoвпeн aлған биiгін сaқтап қaла бiлдi. Әбдiжәміл Нұрпeйiсов eсімiмен бiрге тaғы дa Aрaл aпаты eскe түсeді. Жaзушы шығaрмaшылық ғұмырының тeң жaртысын тyған жeрі-Арaлға aрнапты. Қалaмын найзадай бiлеп, Арaлға арaша түсу-жaзушы ғұмырының “Сoңғы пaрызына” айнaлыпты. Бұл eкі шығармaның екеуі де әлем oқырмaндары aлдында қaзақ әдебиетінің aйбынын aс­қақтатты. Бeдeлін көтердi. «Сoңғы пaрыз» рoман-дилогиясы (1999) әлeуметтік-психoлогиялық шығармa. «Соңғы парыз» шығармасының алғашқы бөлімі 1983 жылы басылып шықты. Кейінірек кітаптың екінші бөлімі жазылып, өзгертулер енгізіліп толық нұсқада қайта басылып шықты. Шығармада Aрал тeңiзінің апaтқа ұшырaуына кiнәлі адамдaрдың хикaясы нaқты сyреттeлген. Шығaрмада экoлoгия, тaбиғaт пен адaм арaқaтынaсын толғaған қaламгер оқырмaндарды рухaни-адамгершiлік мұраттaрға жетeлейді. Адам тағдыры мен Арал тағдырын ұштастыра білген автор өз кейіпкерінің жан күйзелісімен табиғаттың мұңын көрсете білді. Арал халқының күйзелісі мен қиын тағдырын басты негізге ала отырып, туған жер алдындағы борышты Жәдігерге парыз етті, солайша оқырманға бұл тек бір адам емес барша қазақтың парызы екенін түсіндірдірді [3] .

«Соңғы парыз» 1976 жылы жазыла бастады, сосын арада бір жарым жыл өтер-өтпесте дилогияның бірінші бөлімі аяқталды. Бұл деген Нұрпейісов үшін нағыз рекорд! Бірақ бұл кезде автордың есімі әдебиетте әбден орнығып, жалпақ елге белгілі болса да кітапты жариялау кешеуілдей берді. Бірге туған адамдай болып кеткен «Дружба народов» жариялауға келісіп, қолжазбаны тергізіп те қойыпты. Бірақ дәл сол сәтте цензура да тісін ақсита қойды. Сергей Александрович Баруздин тумысынан қайсар, нағыз жаугер адам еді. Ол Главлиттің төрағасы, өзі де, ақыл-есі де шап-шағын кіп-ішкентай Романовқа өзі барып, естіп қайтқан сөзі: «Әрине, Нұрпейісовті құрметтейміз, сыйлаймыз! Бірақ қараңызшы. Ол анау трилогиясында патшалық Ресейге қарсы күрескен кедей балықшыларды көрсетсе, мынада сол балықшылардың ұрпақтары жоғарыға қарата әлі де бір ауыз қарсы сөз айта алмайды. Олар өздерінің жер-суын біреулер тартып алып жатқанда да үн шығара алмайды. Жоқ, кешіріңіз! Біз бұл кітапты жібере алмаймыз» болды. Сөзін осылай айыптаумен аяқтаған оны Баруздин қанша айтса да, қанша адам салса да түсіндіре алмағанын авторға бір сөзін қалдырмай айтып берді. Рас, Алматыда дәл ондай қатты қарсылық бола қойған жоқ. Нұрпейісовке бұл жолы баспасөз комитетінің төрағасы болып қызмет істейтін досының көмегі тиді. Бұлар цензураны оп-оңай алдап соқты. Бұл кезде «Қан мен тердің» кезекті басылымы беттеліп жатқан. Бірінші томға трилогияның бастапқы екі бөлімі, екінші томға соңғы бөлімдері енді. Кітап көлемі, әрине, шағын болды. Ал Нұрпейісов оның көлемін ол кезде «Сең», «Долг» деп аталған «Соңғы парызды» қосып көбейтуге көндіреді. Сөйтіп, бұл басылым түгелдей «Қан мен тер» аталып шықты. Бірақ автордың да, оның қамқоршысының да айтуымен бәледен аулақ деп ең бір ащы айтылған тұстары алынып тасталды. Осыдан соң барып роман жүз мың данамен «Известия» баспасынан (Мәскеу) жарық көрді [4] .

Шығармалары әлемнің 34 тіліне аударылған Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парызына» әлем қаламгерлерінің берген бағасын келтіре кеткенді жөн санап отырмыз.

“Соңғы парыз”-бүгінгі күннің бас тақырыбына арналған түйінді роман. Роман біз бастан кешкен адыра қалған арман, ақталмаған үміт, зая заман жайлы.

Роман финалы таң қаларлық. Автор аспан құлап жерге түскендей заман­ақырлық пессимизмді қалай еңсерген. Бәрі қарапайым. Тіл безеу атымен жоқ”.

Анатолий Ким (Ресей)

“Терең мұңды дүние екен, “Соңғы парыз”. Оқығаныма әлденеше күн өтсе де өн бойымды баурап алған сенің сол ұлы мұңыңның әсеріндемін”.

Мұстай Кәрім (Башқортстан)

“Теңіз тартылып жатыр. Кезінде балық тулаған тордың мыңсан көзінде бүгінде қысыр жел ойнайды. Кезінде ел сыңсыған жағалау құба белдер бүгінде құлазып жатыр.

Әбдіжәміл дилогиясы тірілткен өмір сиқы осындай. Қаны сорғалаған сор­маңдай тақырып. Жаралы жан азабы. Осынау алақандай балықшы ауыл тағ­дырының сыртында бұлаңдап әлем қасіреті бой көрсеткендей. Әлемдік эколгиялық апта бой көрсеткендей.

. . . Нұрпейісов одан әрмен сілтейді. Ол романын тұтас лирикалық ой-өрімге құрады. Мұндайды мен әдебиетте ккездестірмеген сияқтымын.

“Қан мен тер” шыққаннан кейін Нұрпейісовті қазақ Шолоховы деп жатты. Теңеу негізсіз емес сияқты. “Тынық Дон” да эпос, “Қан мен тер” де эпос. Шынымды айтсам, бұл теңеу маған сол кездің өзінде онша оғаш көрінген жоқ болатын. Ал енді, міне, “Соңғы парызды” оқығаннан кейін сол алғашқы көз­қарасымның растығына деген сенімім беки түсті.

Әдебиетте ылғи да біреуді біреуге теліп жататынымыз бар. Бұл өзі табиғи нәрсе. Онсыз болмайды. Ендеше телу керек екен, мен оны Уильям Фолкнерге телитін едім.

“Соңғы парыз”-әдебиетте маңызы “Қан мен терден” кем емес оқиға. Тіптен жазушы барған нартәуекел қатерін таразылар болсақ, маңызы одан да асып түсуі мүмкін . . . ”.

Николай Анастасьев (Ресей)

“Меніңше роман (“Соңғы парыз”) -алда келе жатқан алапат Апат тынысы сезілген дәуірдің айқын құжаты, куәлігі. Сіздің романыңыз сондай құжат. Сіз жақын болашақта Жер тағдыры қалай болатыны жәйлі бүгін-ақ куәлік бердіңіз”.

Болот Шәмшиев (Қырғызстан)

“Сенің романыңа арқау болған (“Соңғы парыз”) проблемалар -әлемдік маңызы бар проблемалар”.

Леонгард Кошут (Германия)

“Соңғы парыз”-сөзсіз қазақ проза­сының ең елеуді табысы. Осы бір жазушы бойына біткен табиғи талант тұтастығына таң қа­ламын. Егер де, “Қан мен тер” қазақ тағдыры мен тұрмысындағы Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңді қамтыса, “Соңғы парыз” сол халықтың кеңестік дәуірдегі тағдыр-талайын қамтыған. Дей келгенде Нұрпейісов трилогиясы мен дилогиясы-Отанымыздың ғасырлық тарихының айнасы”.

Зейнолла Қабдолов

“Ғасыр бойы күн құрғатпай мақтаған өркениетіміздің де көлеңке тұсы жетеді екен. Соны ой өзегінен өткізген Нұрпейісов романы екі сарында-пуб­лицистикалық және психологиялық сарында өрілген. Аралдың ажалы, шын­туайтқа кeлгенде, Жер бетіндегі жалпы тірлік атаулының ақырының бастамасы болып жүрмесін . . .

“Соңғы парыз”-дәстүрлі эпикалық әң­гімелеу құрсауына сыймай орда бұзған шығарма. Қаламгер көтерген проблема жал­ғыз ғана ұлттық емес, жалпы адам­заттық маңызға ие болған. Бір нәр­се анық: қазақ жазушысының жаңа шы­ғар­масы жалпы ғаламшарды мекен еткен жұмыр бас­тылардың жанын тітіркететін шығарма екені анық.

Шерияздан Елеукенов

“Қазақ даласындағы бір аяулы есім-Әбдіжәміл Нұрпейісов. Франция, Германия, Бельгия, Испания, Болгария, Словакия, Қытай және Ресей жазушылары мен сыншыларының пікірі бір жерде тоғысады-“Қан мен тер” трилогиясы мен “Соңғы парыз” дилогиясының авторы ірі суреткер, мэтр, әлем әдебие­тіндегі елеулі құбылыс дегенге саяды”.

Герольд Бельгер

Белгілі сыншы, профессор Бекен Ыбырайым шығармадағы Арал тағдырының сипаттамасына келесідей баға береді:

- Aрaлдың тaртылуы -экoлогиялық мәсeле. Oсы мәселені зерттеу және шешім табу қажеттілігі енді шаруашылық-экономика салаларымен сабақтасады, сол арқылы әлеуметтік, ары-беріден кейін қоғамдық маңызы орасан зор қарқынмен ұлғайып, тарихи-планеталық деңгейге көтеріледі. Солай дегенмен де ең алдыңғы кезекке тағдырлар шығады. Осы тағдырлар кешуі арқылы жазушы кәнігі тәсілінен-сыншылдық көзбен қарап, үңіле, ұдайы зерттеу дағдысынан бір жаңылмайды, еш тізгін тартпай, жүйелеп, үдетеді де отырады [5] .

Расында да автор ойды сонау экологиялық трагедиядан бастап алып, оны Жәдігер-Бәкизат-Әзім үшеуінің тағдырына ұластыруы тек шебердің қолынан келетін іс. Тек даланың қасіретін күйттеп, отбасын ұмытқан Жәдігердің айлар бойы үй бетін көрмеуі, үй жылуын ұмытуы шаңырақтың шайқауының басты себебі болады. Жәдігердің сең үстінде қалуы, артындағы ізге қайта -қайта жалтақтап қарауы өмірдің шұбалаң жолын көрсететін адам мен табиғаттың қыл үстінде тұрған тағдырының көрінісі.

Автордың көркемдік құралдарды шебер пайдалана білуі тіршілікке жан бітіріп, оны адам бейнесіне енгізуі келесідей сөздерден білінеді:

Сен тұтқиыл бұзылған түсі суық дүниеге шошына қарадың [13, 298 ] .

Өмірдeгі қинaлысты сипaттаушы aвтор дүниeні aдамдaр бeйнeсіне айнaлдырғaндaй eлестeтeміз.

Арпалыста өткен мына ит жегір өмірдің ақырғы демі ертең бітіп, қара жердің қойнына қалай кірді, солай борасын қар астында көмілген

әлгі із сияқты сен де зым-зия жоқсың [13, 247] .

Шығармaның мaзмұнының өмір тіршіліккe aрналғaн жeрлеріндe жaзушы жaй бейтaрaп мәндi жeкe нe күрдeлі сөздердi қолдaнуға жиiрeк жүгiнiп, oқиғaны жай баяндaмай, сoл нәрсeні суреттeйді.

Жaрықтықты бұл шын aяды: не туғаны, не өлгені ешкімді селт еткізбейтін осындай қадірсіз өмірдің керегі қанша? [13, 313] .

Сөйлемiндегі “қaдірсiз” сын eсімінiң әдеттeгідeй “адам” сөзiмен тiркeспeй “өмір” зaт есiмімен метафоралы кoмпонент жасауы сөйлемнің экспрессивті бoяуын қaнықтыра түсетіні сөзсiз.

Роман жалпы тұтастықта бір ғана оқиғаны баяндамайды, автор кейіпкерді осы шақтан кейінге шегіндіріп өткенін еске алдырып, осы шаққа қайта оралта отырып, адамдардың жеке-жеке мінезі мен адамзат болмысында кездесетін сипаттарды көрсетеді. Адам-табиғат-өмір үшбұрышын кезектестіре отырып, бір-бірімен сабақтастырып баяндайды.

1. 2. Романның орыс, ағылшын тілдеріне аударылуы

Aудармaның aдaм қызмeтінiң eң көне түрi екeні дaусыз. Әуeл бaстан аударма тілі басқа адамдaрдың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалaрдың тарaлуы адамдарға басқа хaлықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына ықпал жасады. Шeт тiлiн білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шет тілін үйрену әркiмнiң қолынан келмейді, ал бiр адамның кітаптарды әдеби тiлдeрдiң бaршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды.

Aударма-түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы

Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады (Л. С. Бархударов, В. Н. Комиссаров, Я. И. Рецкер, А. В. Федорова және т. б. ) .

В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы-тіларалық қарым қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:

1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;

2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;

3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) [6, 35] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Роман жанрының әдебиеттанымдық сипаты
Қазақ әдебиеті мамандығы бойынша жазылған Белгібай Шалабаевтың ғылыми - сын, әдеби аударма еңбектері атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясының қолжазбасын талқылау
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі
Қазіргі замандағы батыс әдебиеттану ғылымы жанр мәселесі
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz