Жалпы экологияның қысқаша тарихы


Жоспар

  1. КіріспеЖалпы экологияның қысқаша тарихы
  2. Негізгі бөлім1. Адамзаттың XXI ғасырдағы экологиялық дағдарыс пен және табиғатты тиімсіз пайдаланумен байланысты Қазақстанның проблемалық жағдайлары. 2. Табиғи қоршаған ортаның негізгі әсерлері
  3. Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы экологияның қысқаша тарихы

Организмдер, олардың түрі бір тобы (популяция) және бірге түрлі тобы (сообщество) белгілі бір жерді қоныстанып өмір сүреді, сол ортада табиғатпен және өзара байланыстар жасайды.

Қоршаған табиғи ортаға адамдар, жануарлар, өсімдіктер, басқа да тірі жәндіктер өмір сүретін мекен-жәй, ондағы жер-су, aуa мен жел, жылы мен суық, ас пен қорек, олардың достары мен жаулары кіреді.

Қоршаған орта тірі және өлі табиғаттан құралған, өзара тығыз байланыстары бар біртұтас жүйе. Табиғатта болатын барлық құбылыстар мен өзгерістер осында өтеді.

Табиғат байлықтарын есепсіз, бақылаусыз жұмсауға болмайтынын, қоршаған орта бүлініп, істен шығуы оңай екенін адамдар XX ғасырдың алғашқы жылдарынан түсіне бастады. Сол кезден бастап қоршаған ортаны қорғау деген ұғым пайда болды.

Бұл ұғым, әуелі жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен, табиғаттың қымбат ескерткіштерін қыйраудан қорғауды білдіретін.

Отызыншы жылдары қазбалы кен қорлары таусылу, ормандар мен су көздері жойылу қаупі төнген кезде бұл ұғым табиғат байлықтарымен қорғаумен толықты» 50-60 жылдары қоршаған ортаны қорғау ұғымына жоғарыда айтылғандарға қосымша ауаны» су көздерін, топырақты зиянды өңдірістік және радиоактивті қалдықтардан, уытты химиялық заттардан қорғау кіретін болды.

Сонымек, қоршаған ортаны қорғау жануарл. р мен ©сімдіктер дүниесін азып-тозудан, жойылып кетудёк, қазбалы, зсендср қорларын таусылудан, талан-тараж болудан, ауаны, топырақты, өзендерді, көлдерді, теңіздер мен мұхиттарды ластанудан, исырап болудан сақтау болып табылады.

Табиғатты қорғау проблемалары әр елде әр түрлі. Тіпті кейде басқа елдің, іс-әрекетінен де зиян көріп жатады.

Ауаның, өзен, теңіз суларының ластануы мемлскеттік шекараға тоқтамай желмен, ағын сулармен өтіп, біреудің зиянды қалдықтарын мыңдаған километр қашықтықта жатқан жазықсыз екінші елдің ауасын, суын, топырағын орманын ластап, оны тазалауға көп қаржы мен күш жұмсауға мәжбүр етеді.

Табиғат қорғау арзанға түспейді. Көп қаражат жұмсалатын күрделі проблемаларды шешу бір елдің қолынан келмейді. Сондықтан бірнеше мемлекеттер қосылып, өзара шарт жасасып, тез уақытта және арзан бағамен сондай жұмыстарды орындауға мүмкіндік алады. Сөйтіп қоршаған ортаны қорғау бір аймақтың немесс бір елдің проблемасынан көп елге қатысы бар, халықаралық проблемаға айналады. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттер халықаралық келісімдерге конвенцияларға, шарттарға қатынасып, табиғатты бірлесіп қорғауға келісті. Онда өсімдіктер және жануарлар дүниесінің жойылып кету қалпы төнген түрін қорғау, теңізден балық пен басқа жануарларды аулау мөлшері мен мерзімі туралы келісімдерге қол жетті.

Табиғат жағдайын үнемі бақылап отыратын халықаралық ұйымдар мен одақтар құрылды. Оларға мүше болған мемлекеттер халықаралық ұйым жарғыларын мойындап, міндетті түрде орындауға келіседі. Жарғы талаптарын орындамаса немесе бұзса жауапқа тартылады. Табиғат байлықтарын қорғау, пайдалану және қалпына келтіріп отыру жөнінде әр мемлекет өзінің заңдарын қабылдап, мемлекеттік орындар мен азаматтардың оны толығынан орындауын қатаң қадағалап отырады. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті өкімдер заңның орындалуын ұйымдастырушы және бақылаушы рольін атқарады. Кәсіпорын, ұжым, мекеме басшыларынан, жеке азаматтардан заң талаптарын уақытында орындалуы» талап етіп, көнбегендерін жауапқа тартады.

Туған табиғатты қорғау мәселелеріне экономикалық мекемелер, құқық қорғау орындау орындары және қоғамдық ұйымдарда қатысады.

Міне, сондықтанда табиғат жұмыстары тек мемлекеттің ғана міндеті болып қоймай, оған бүкіл жұртшылық, барлық азаматтар қатысуы қажет,

Сонымен, қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы, ортаның зиянды қалдықтарымен, уытты және басқа да тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған мемлекеттік заңдар, қаулылар, экономикалық мекемелер хұқық қорғау және ұйымдардың ережелері мен нүсқаулары, халықаралық және мемлекеттер аралық келісімдер, конвенциялар, шарттар кіреді.

Мемлекттің заңдары мен халықаралық шарттарда көзделген табиғатты сақтау жөніндегі шаралар жинағын қоршаған ортаны қорғау деп атайды.

Қоршаған ортаның күрделі проблемаларын зерттейтін, ғылыми тұрғыдан ұсыныстар жасайтын ғылым саласы соңғы жылдары экология деп аталып жүр. Ол грекгің "oicos"-үй, мекен, тұрғын жер, және "logos''-білім, ғйлым, зерттеу деген екі сөзінен құралған.

Экология балық тірі организмдерді, олардың тұратын "үйін", "мекен-жайын" және сол "үйді" тұруға қолайлы ету үшін атқаратын міндетті зерттейді.

Экология - белгілі бір ортада тұратын организмдерді зерттейтін, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен арақатнастарын анықтап, жиынтық қорытыңды жасайтын ғылым. Сондықтан экология қоршаған ортаны сақтаудың ғылымң негізі болып саналады.

Ең алғаш "экология" деген сөзді пайдаланган Генрих Девңц, Тюро. Ол 1858 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызыңда бір досына Гоар мырза әлі Конкордта, 'ботаника және экология мен айналысуда" деп жазған болатын.

Экологаяны ғылымға бірінші болып енгізген - белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса дарынды неміс ғалымы Э. Геккель. Ол ғылымға көптеген жаңа сөздер, ұғымдар қосты, соның бірі экология.

1869 - жылы Э. Геккель экологняға мынадай анықтама берді: Экология табиғаттың экономикасын білу, сонымен қатар тірі организмдердің осы ортадағы басқа органикалық және органикалық емес заттардың арақатынасын, өсімдіктер мен жануарлардың, олардың достары мен бір - бірімен байланысын зерттеу.

Негізгі бөлім

1. Адамзаттың XXI ғасырдағы экологиялық дағдарыспен және табиғатты тиімсіз пайдаланумен байланысты Қазақстанның проблемалық жағдайлары

Адамзаттың экологиялық проблемалары - «демографиялық күрт өсудiң» ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздықтың ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тiршiлiк етуiне қауiп төндiретiн себептердiң кейiнге қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйiндегi проблемалық жағдайлар жиынтығы.

«Көшеткi эффектiсi» (парник эффектiсi) - ауадағы антропогендi түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өздерiне сiңiруi нәтижесiнде атмосфераның қызып, жер бетiнiң орташа температурасының көтерiлуi.

«Озондық тесiк» - тiрi организмдерге өте қауiптi ультрафиолет сәулелерiн өзiне сiңiрiп, жерге өткiзбей тұратын атмосферадағы озон қабатында озоны азайған (50%) аймақтар.

«Демографиялық жарылыс» - адамзаттың экологиялық проблемасының негiзгi факторы ретiнде қаралатын және қазiргi заманғы медицина жетiстiгiмен тiкелей байланысты әлем халқы санының өте тез көбеюi.

Қышқылдық жауын-шашындар - атмосфераның антропогендiк химиялық ластануының нәтижесiнде қышқылдық дәрежесi жоғары жаңбыр мен қардың жаууы. Осындай жауын-шашынның арқасында су қоймалары мен топырақтың қышқылдығы көтерiледi, бұл жағдай топырақтың өнiмдiлiгiн азайтып, судағы тiршiлiк жағдайларды қиындатады.

Жер бетiнде пайда болғаннан бастап адамның iс-әрекеттерi көбiне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлi көлемдегi дағдарыстардың туындауына себеп болды.

Алайда халықтың саны аз, әрi өздерiнiң техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсерi ешқашан да ғаламдық деңгейдегi мәнге ие болмаған-ды. Адам өзiнiң мүмкiндiгiндегi әдiстерiмен қандай да бiр ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдiре алатын.

Қазiргi экологиялық дағдарыстың негiзгi ерекшелiгi және бұрынғылардан басты айрмашылығы - оның бүкiл ғаламдық сипаты. Ол бiздiң бүтiн ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупiн төндiрiп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлi әдiстерi iс жүзiнде жүзеге аспайды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндiрiс тәсiлдерiн, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерiн және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Адам қазiргi кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т. қатты тау жыныстарын өзiне белгiлi барлық тәсiлдерiмен өндiрiп (қазбаларды жер қойнауынан шығарып, өңдеу, топырақ эрозиясы, грунттың бұзылуы және т. с. с. ), оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнiмдерiн құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50%-не жеттi және жылына 40 млрд. т. асып отыр. Мұның барлығы ендi мiне, ХХІ ғасырда табиғи ресурстардың таусылуы тәрiздi ғаламдық проблеманың туындағанын бiлдiредi.

Адам өзендерден су алудың ең жоғары шектi деңгейiне жетiп қалды (шамамен ағындыдан 10%) . Атмосфрераға көмiрқышқыл газын, күкiрттiң қос тотығын, азот тотықтарын шығару көлемi табиғимен (жанартау атқылауы, тау жыныстарының бұзылуы) салыстыруға келетiндей болды. Мұның барлығы су және қоршаған табиғи ортаның ластануы тәрiздi ғаламдық проблемалардың тереңдей түсуiне әкелiп соғады.

Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруiнде биосфераның тұрақты-лығының бұзылуына әкелiп соғатын табиғи экожүйелердiң бүлiнуiне ерекше мән берiледi.

Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемалары - «демографиялық күрт өсудiң» ықпалымен және табиғатты пайдаланудағы ұтымсыздың ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тiршiлiк етуiне қауiп төндiретiн себептердiң кейiнге қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйiндегi проблемалық жағдайлар жиынтығы.

Қазiргi заманғы экологиялық дағдарыс бүкiл ғаламшарға таралуда және дүние жүзiнiң барлық елдерiне, барлық саяси және экономикалық жүйелерге қозғау салуда. Мұндай жағдай көптеген, оның iшiнде қарама-қарсы бағытталған, әлеуметтiк және экономикалық факторлардың әсерiнiң нәтижесi болып табылады. Бұл ең алдымен шаруашылықты жүргiзудiң бұрынғы шығынды-экстенсивтi әдiстерiнiң салдары, ол экономикалық та, экологиялық та көзқарастар тұрғысынан ақталмаған экожүйелердiң бұзылуымен, өндiрiлетiн ресурстарды ұтымсыз пайдаланумен, қалдықтардың жинақталуымен және ортаның ластануымен жүрдi. Қазiргi экологиялық жағдайдың күрделiлiгi адамзаттың техникалық iлгерiлеудiң жетiстiктерiнен, ресурстарды пайдаланумен бас тарта алмайтындығымен байланысты. Сондай-ақ күннен-күнге үдеп келе жатқан техникалық жарақтану және халықтың күрт өсуi жағдайында ортаға әсер етудiң де арту беталысы жоғары.

Экологиялық проблемаларды ғаламдастыруға көп жағдайда сондай-ақ атмосфералық және су массаларының жылжымалылығы да ықпалын тигiзедi, бұл экологиялық қауiптi факторлардың, мысалы, ластанудың әлемнiң бiр аймағынан екiншiсiне, тiптi, адам қоныс теппеген жерлерге таралуын тудырады.

Жер бетiлiк кеңiстiкте қосымша энергияның жинақталуы табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, бұл климаттың ғаламдық жылынуына әкеп соғады. Биосфредағы жылу теңдестiгiнiң бұзылуы сондай-ақ атмосфераның шаңдануының артуымен, топырақтардың, су қойма-ларының және басқа да үстiңгi беттердiң өсiмдiктер жамылғысының булануының өзгеруiмен себептеледi, бұлар салмақты түрленулердi бастан өткеруде. Таяу болашақта бiздiң ғаламшарымыздағы жылдық орташа температура 1-30 С көтерiледi деп күтiлуде.

Шикiзатты қайта өңдеу үрдiсiнде көптеген заттар пайда болады. Қазiргi уақытта адам шамамен 10 млн. аса жаңа заттарды (табиғатта жоқ) синтездеп алып отыр, ол үлкен мөлшерде шамамен 50 мыңдай, ал аса зор мөлшерде - 5 мыңдай заттарды өндiре алады. Бұл жағдайда шикiзаттың шамамен 90% қалдыққа шығады. 2 тоннадай негiзгi өнiмнен сол жылдың iшiнде бiр тоннадайы сыртқа шығарылады.

Осылайша, соңғы 100 жыл iшiнде қоршаған ортаға әсер етудiң тағы бiр механизмi - антропогендi тектi өнiмдердi шығару (төгу) пайда болды.

Экологиялық проблемаларды ғаламдастырудың себептерiн қарастыру кезiнде адамның қоршаған ортаға антропогендiк әсер етумен байланысты жоғарыда аталып өткен өндiрiстiк-экономикалық факторлардан өзге басқа да жалпығаламшарлық факторлардың: саяси және әлеуметтiк факторлардың мәнi арта түседi.

Саяси-мемлекеттiк факторлар мынадай түрлерде көрiнiс беруi мүмкiн: экологиялық саясаттың кемшiлiгi (болмауы), саяси дағдарыстар, кикiлжiңдер, оның iшiнде әскери де, терроризм, экстремизм және сепаратизм.

Факторлардың әлеуметтiк тобында мынадай түрлер бөлiнедi: әлеуметтiк-экономикалық, рухани-өнегелi және мәдени. Факторлардың аталмыш тобының екi жағы бар - материалдық және рухани.

Әлеуметтiк-экономикалық факторлар бiрiншi кезекте аумақтың экономикалық даму деңгейiмен айқындалады және жұмыссыздықтың, қылмыскерлiктiң, халықтың материалдық жағдайының деңгейiнен, медициналық, көлiктiк және коммуналдық қызмет көрсету деңгейiнен көрiнiс бередi. Бұл жерде мемлекеттiк әлеуметтiк саясаттың сауаттылығы-ның да атқаратын ролi аз емес.

Мекендеу ортасының әлеуметтiк қолайсыздығы антисанитариямен (ластықмен), қалдықтардың жиналуымен, тамақтану сапасының төмендеуiмен, ауру-сырқаулардың өсуiмен жүредi.

Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық жағдайы

I. Арал көліне байланысты экологиялық проблемалар

П. Каспий теңізінің жағдайы

III. Соғыс өндірісіне қатысты проблемалар

IV. Азғыр әскери аймағы

V. Қызылқұм құпиясы

Бүгінгі күні Қазақстан территориясында жиырмаға жуық қауіпті экологиялық аймақ бар. Бұл Семей ядролық полигонын, Сарышаған, Азғыр, Тайсоған әскери-сынақ полигондарын, сондай-ақ, Арал экологиялық апат аймағын, Каспий теңізінің көтеріліп, Балқаш көлінің таяздануының аумақтық-өнеркәсіптік кешенге әсерін қоса алғанда, республика аумағының 25%-ын құрайды.

Қалалардың экологиялық-теохимиялық жағдайына жасалған талдау қорытындысы - қала тұрғындарының 20-40% экологиялық қолайсыз жағдайда тұратынын көрсетті. Қазақстан территориясының 75%-дан астамын шөл және шөлейт (құмды, батпақты, тасты) белдемелер алып жатыр. Әсіресе, тақыр мен сортаңы басым (Қызылқұм, Қарақұм, Мойынқұм, Балқаш алабы, т. б. ) құмды шөлдер көп. Бұл аймақтардың климаты қуаңшылығымен және континенттілігімен сипатталады; мұндағы булану шамасы жауын-шашын мөлшерінен бірнеше есе артық, мыс, бұл көрсеткіш Арал және Балқаш өңірінде 10 еседей артық. Бұл аудандарындағы жерді шаруашылыққа пайдалану оны суландыру мүмкіндігіне байланысты. Аридтық белдемелердегі ірі жасанды су қоймалары, арналар мен суландыратын алқаптар бірқатар инженерлік-шаруашылықтық жұмыстар жүргізуді талап етеді.

I. Арал көлінің өмірлік азығы болған Сырдария мен Әмудария өзендері 1960 жылдары 66 мың км 2-тық көлемімен дүниежүзінің ең үлкен ішкі теңіздері мен көлдері арасында 4-орында алатын.

Солтүстік-оңтүстік жағалаулары арасындағы қашықтық 435 км және шығыс-батыс жағалаулары арасындағы қашықтық болса 290 км. еді. Көлдің ең терең жеріндегі биіктігі 654 метрден асады. Бүкіл бұл өлшемдермен құрамында шамамен 1. 060 кмЗ су қоймасы барды. Қырғыз және қазақ тілінде "ада" мағынасына келген "Арал" аты болса көл үстіндегі және ең кішісінің көлемі 1 гектардан тұратын 1130 аралдан алған еді.

Міне, осы жағдай Түркістанның өмірлік бастауы болған және жүздеген шақырымға созылған аймақта теңіздік климаттың болуына себепкер болған Арал көлінің бастаулары 1960 жылдан бастап суала бастады. Өзбекстанда және Оңтүстік Қазақстанның кең-байтақ жерлерінде мақта мәдени дақылын тұрақты өндіруге тырысқан Кеңес өкіметі Сырдария мен Әмударияның суларын кең егін жерлеріне жұмсап, Арал көлінің көп мөлшерде су жоғалтуына және күннен-күнге азаюына жол ашты.

Сырдария мен Әмудария суларының сұраусыз қолданылуының нәтижесіне Арал көлінің су құрамы 1060 км З-ден 640 км З-ке дейін төмендеді. Бұл дегеніміз - Аралдағы су көлемінің 40%-ке азаюы деген сөз. Сондай-ақ, зерттеулер нәтижесінде көлдің су деңгейі жалпы 14 метрге төмендеді және Аралдың оңтүстік жағалаулары 90 км-ге солтүстікке ойысты. Көл жағалауындағы ойысу қашықтығы кейбір жерлерде 100 км-ден де асты. 1960 жылы іске қосылған Мойнақ балықшы порты бүгін көл жағалуынан 60 км ұзақтықта қалған.

Әрине, бүкіл бұл көрсеткіштер аймақтық тұрғыдан маңызды бір экологиялық апатта көрсетілген еді. Өйткені, Арал келінің әрбір екі үлкен өзеннен келген мол сумен қоректенген кезеңдеріндегі тұз дәрежесі 1% болса, бұл экологиялық апаттан кейін көлдің тұздылық дәрежесі шамамен 3 ес. е артып, 2, 7%-ке көтерілген. Арал көлінің бұлайша құрғау нәтижесінде ашықта қалған 2, 5 млн. гектардан астам көл орнынан шамамен күнде 200 мың тоннаға жуық тұз бен құм желмен бірге қоршаған ортаға тартылуда. Бұл таралу қазір құрғаған және тұзданған көл жағалауларынан 300 км ұзақтықтағы қашықтықтарға дейін жайылуда. Арал көлінің бүкіл аймағы ең құрғаған жағалауларын солтүстік-оңтүстік-шығыс-батыс бағыттарында толық назарға алынғанда зиянды эсер шамамен 1000 км көлеміндегі бір алаңға таралуда және бұл алаңдағы егін өнімдеріне, адамдарға және басқа жан-жануарларға зиянды әсерін тигізуде.

Арал көлінің бұл экологиялық апатынан әсерленген халықтың саны шамамен 1, 5 млн-ға жуық және халықтың көпшілігі Қазақстанның Қызылорда аймағында өмір сүреді. Сондай-ақ дәл осы аймақта сулы және химиялық заттармен өсірілген егіннің жылдар бойы мал шаруашылығына керісінше кеңінен өріс алуының нәтижесінде жердің және қоғамның табиғи құрылысы, аймақтың экологиялық қалыпты жағдайы әлдеқайда бұзылған. Көп мөлшерде су, көң, химиялық дәрі және жиі қопсытуды талап өтетін мақта аймақтың адамы мен жерін ауруға шалдықтырған, сондай-ақ егістіктерде жұмыс істеген әйел мен балалардың егіннің жетілуін тездету мақсатымен ұшақпен шашылған химиялық заттардан тері, рак аурулары сияқты өте ауыр және жұқпалы ауруларға ұшыраған.

1992 жылғы UNEP мэліметіне қарағанда Арал көлі айналасынан алынған ана сүтінің құрамынан улы заттар табылған және 1995 жылғы London of Hugiene and Tropical Medecine рапортына қарағанда да аймақтағы балаларда бұл жағдай көп байқалған. Себебі жоғарғы температура деңгейі 12%-тік дәреженің үстіне шыққандығы көрінуде. Бүкіл қасіретті оқиғалардың бір ғана себебі аймақтағы адамдар тарапынан қолданылған ас-су мен өмір сүріп отырған жердің химиялық заттармен улануынан туындауда.

Тәуелсіздік алған кезеңдерде аймақта өмір сүрген 15 жастан кіші балалардың 80%-іне жуығы сарыауруға шалдыққан және Қазақстанның Қызылорда қаласында 60 мың адам бұл аурудың зардабын шегуде. Әйелдер мен балалардың мақта істерінде өте көп, әрі жұмыс істеуінен аймақта бала өлімі, Кеңестер Одағындағы орта есептен асып түсетін. Айрықша Қарақалпақстанда әрбір 9 бала бір жыл өмір сүрместен өледі.

Әрине, бұлардың барлығы аймақтың қалыпты және табиғи экологиялық қалпының бұзылуынан, мыңдаған жылдар бойы ішкі теңіздің экологиялық зардаптарының нәтижесінен, ішкі теңіздің жойылуына себепкер болған экологиялық ластанудың сондай-ақ жергілікті адамдарға тигізген зиянды әсерлерінен туындайды. Бұл қатігез экологиялық өлімге қарсы орыс білгірі Феодоровичтің өзі "Адамзат тарихында алғаш рет өте үлкен көлемдегі бір көл жойылуда" деген сөздерін ашына айтса, орыстың биолог-ғалымы Коболевич "Біз бір нәсілде үлкен теңізді жер жүзінен жойған бірден-бір халықпыз, " - деп ашық мойындаған, Енді' Қазақстан қайтадан қол жеткізген тәуелсіздік кезеңінде бірнеше әлеуметтік-экономикалық мәселемен айқасуда болса, бір жағынан Арал көлінің бұл жағдайдан құтылуы үшін IFAS "International Fund for the Aral Sea" сияқты халықаралық ұйымдармен келіссөздер жүргізу арқылы шайқасуда.

Арал көлінің қайтадан жандануы және бұрынғы табиғи қалпына оралуы үшін алға қойылған және қолданысқа енгізілмек те болған шешу жолдары арасында мыналар орын алуда.

• Экономиканы мақта шаруашылығына тәуелді етуден құтқару

• Құрғақ аймақтарда желден қорғану шараларын ұйымдастыру

• Жаңа жерлерді егін шаруашылығына қолданбау

• Су үнемдеуді қамтамасыз ететін жүйелерді жандандыру

• Су қоймасы және жер асты су жолдарын пайдалану

• Мал шаруашылығы саласын қайтадан жандандыру

• Әйел және балаларды егін шаруашылығындағы ауыр істерде жұмыс істетпеу.

II. Каспий теңізі шамамен 400 мың шаршы шақырым көлемімен дүниежүзінің ең үлкен көлі (ішкі теңізі) саналады. Солтүстік-оңтүстік бағыттағы ұзындығы 1200 км және шығыс-батыс бағытындағы орташа кеңдігі болса 300 км шамасында. Көлдің ең терең қысымдарындағы су биіктігі 1000 метрден асады. Каспий теңізіне құйылған жалпы өзен суының 90%-іне жуық бөлімі Ресей Федерациясы құрамындағы су қоймаларынан, Волга, Урал және Терек өзендері тарапынан толықтырылуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мектептердің қалыптасуы
Экологияның даму тарихы
Экология даму тарихы
Экологияның қалыптасуы және даму тарихы
Экология ғылымының даму кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
Жалпы экология және оның даму тарихы
Экологияның қысқаша тарихы
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Химиялық экология пәні, қысқаша даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz