Ақпарат. ақпараттың берілу түрлері. ақпараттың көлемі
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру жəне сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнəрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.
Мəліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие жəне компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың жəне т.б. əріптері, сандары). Символдардың мұндай тізбегіндегі əрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.
Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:
• мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;
• жарық немесе дыбыс сигналдары;
• радиотолқындар;
• электрлік жəне нервтік импульстер;
• магниттік жазбалар;
• ымдар мен қимылдар;
• иістер мен дəм сезінулер;
• ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.
Ақпарат қалай беріледі?

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:
1.Ақпарат. Ақпараттың берілу түрлері. Ақпараттың көлемі.
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Ақпарат - ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру жəне сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнəрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.
Мəліметтерді компьютерлік өңдеу кезіндегі ақпарат дегеніміз, мағыналы жүктемеге ие жəне компьютерге түсінікті түрде берілген бірқатар символдық белгілердің тізбегі (кодталған графикалық үлгілер мен дыбыстардың жəне т.б. əріптері, сандары). Символдардың мұндай тізбегіндегі əрбір жаңа символ хабарламаның ақпараттық көлемін ұлғайтады.
Ақпарат мына түрлерде болуы мүмкін:
:: мəтіндер, суреттер, сызбалар, фотосуреттер;
:: жарық немесе дыбыс сигналдары;
:: радиотолқындар;
:: электрлік жəне нервтік импульстер;
:: магниттік жазбалар;
:: ымдар мен қимылдар;
:: иістер мен дəм сезінулер;
:: ағзалардың белгілері мен қасиеттері ұрпақтарға беріліп отыратын хромосомдар жəне т.б.
Ақпарат қалай беріледі?
Ақпарат хабарламалар түрінде қандай да бір ақпарат көзінен оны қабылдаушыға олардың арасындағы байланыс каналдары арқылы беріледі. Ақпарат көзі берілетін хабарламаны жібереді де, ол берілетін сигналға кодталады. Бұл сигнал байланыс каналы арқылы жіберіледі. Нəтижесінде қабылдаушыда қабылданған сигнал пайда болады, осында коды шешіледі жəне қабылданған хабарламаға айналады.
Ақпарат қандай қасиеттерге ие? Ақпарат қасиеттері:
сенімділігі;
толықтығы;
құндылығы;
дер кезінде орындалу
түсініктілігі;
қол жетімділігі;
қысқалығы;
жəне басқалар.
Ақпарат көлемі
Ақпараттар мөлшерін нақты өлшеу мүмкін бе? Ақпараттар теориясының маңызды нəтижесі келесі тұжырым болып табылады: Белгілі бір, барынша ауқымды жағдайларда ақпараттардың сапалық ерекшеліктерін елемеуге болады, оның мөлшерін санмен өрнектейді, сол сияқты мəліметтердің əртүрлі топтарындағы ақпараттар мөлшерін салыстырады. Қазіргі уақытта "ақпараттар мөлшері" ұғымын анықтауға бағытталған қадамдар кеңінен етек алды, олар мынаған негізделген, хабарлама құрамындағы ақпараттарды оның жаңашылдығы мағынасында немесе басқаша айтқанда, объект туралы біздің біліміміздің анықталмауының кемуі тұрғысында, байыппен беруге болады. Бұл қадамдар ықтималдық пен логарифм сияқты математикалық ұғымдарды пайдаланады.
2.Алгоритмнің графикалық түрде бейнеленуі Алгоритмнің графикалық түрде бейнеленуі. Графикалық форма алгоритм әрі ықшам әрі көрнекті етіп көрсетеді. Алгоритм әрбіреуі бір немесе бірнеше оператордың орындалуына сәкес келетін блоктардың арасындағы байланыс тізбектілігі түрінде бейнеленеді. Оны блок-схема деп атайды.
Басысоңы
Мәлімттерді енгізу шыгару
Шарттары тексеру
Мәл өңдеу
Цикл басы
Шығару
тармақталғанда
Көмекші алгоритмдерді шақыру
3,Ақпаратты өлшеу бірліктері. Санау жүйелері, Позициялық санау жүйелері.
В.Лейбниц 1666 жылы алғаш рет кез-келген санның екілік санау жүйесінде жазылатыны туралы ұсынысын енгізіп, есептеу құрылғысына екілік жүйені пайдалануға болатындай мүмкіндік барын білді.
Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері - сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары - бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу техникасында 0 мен 1-ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да, ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит - ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit - екілік таңба) деген қысқарған сөз. ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен) деп атау келісілген. Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е -- 10000101, -- 00101111, 8 -- 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады. Ақпарат өлшем бірліктері:
1 байт =8 бит
1024 байт=1 Кбайт (килобайт)
1024 Кбайт=1 Мбайт (мегабайт)
1024 Мбайт=1Гбайт (гигабайт)
1024 Гбайт=1Тбайт (терабайт)
"санау жүйесі" - бұл белгілі бір сандық мағынасы бар сандарды символдар көмегімен атау мен бейнелеу тəсілі .
Сандарды бейнелеу тəсіліне байланысты жүйелер позициялық жəне позициялық емес болып бөлінеді.
Позициялық есептеу жүйесінде əрбір санның сандық мəні олардың сандағы орналасу жағдайына (позициясына) байланысты. Позициялық емес есептеу жүйесіндегі цифрлар олардың сандағы орындарын өзгерткенде өзінің сандық мəндерін өзгертпейді .
Позициялық есептеу жүйесінде сандарды бейнелеу үшін қолданылатын цифрлар саны жүйенің негізі деп аталады.
Өзімізге балалық кезден таныс ондық позициялық есептеу жүйесінде кез келген санды жазу үшін он цифр қолданылады ( жүйенің негізі 10 ) сонымен бірге əрбір цифр екі ақпарат бере алады: біріншіден өзінің меншікті мəнін 2;3; 4 ... ., екіншіден сандарды жазу кезіндегі орнын.
Ақпарат шамасының 3 түрі бар:
- құрылымдық өлшем
- статистикалық өлшем
- семантикалық өлшем
Статистикалық өлшем негізінде ықтималдық тəсіл қолданылады.
Информацияның семантикалық өлшемі оның мазмұндылығын сипаттайды. Сонымен қатар, Хартли өлшемін информацияның құрылымдық өлшеміне жатқызады.
4. Ауқымды желі
Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады.Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдауын қамтамасыз ететін қандай да бір әдіспен біріктірілген компьютердің тобы компьютерлік желі д.а.Компьтерлік желілер жергілікті және ауқымды болып екіге бөлінеді Ауқымды (глобальдық) желі - GAN (Global Area Network) - бұған желілердің желісі болып келетін Интернет желісі жатады. Интернеттің артықшылығы - ол түрлі көлемде əр алуан тақырып бойынша өзінде сақтаулы мəліметтерді экран бетінде көрсетіп бере алады. Мысалы, берілетін мəліметтер: күнделікті саяси жаңалықтар, медициналық, комерциялық жəне банкілер саласында қызмет көрсету, қашықтан оқытуға арналған электрондық оқулықтар, ғылыми жұмыстар, рефераттар жəне т.б. күрделі мəліметтер студенттердің кредиттік технология бойынша өз бетімен білім алуына үлкен көмегін тигізері сөзсіз. Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды.Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме - Провайдер деп аталады. Интенетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді, телефон нөмірін жəне Интернетпен жұмыс істеу тəсілдерін айқындап алуыңыз керек.Ауқымды желінің географиялық мөлшері үлкен болады.
5. Архивтеу жəне вирусқа қарсы программалар.
Программалық вирус - бұл автоматтандырылған жүйелерде сақталатын мәліметтерді және программалық қамтаманы жою немесе өзгерту мақсатымен телекоммуникациялық желілер мен автоматтандырылған жүйелердегі өзіндік туындау мен рұқсатсыз таралу қасиетіне ие болатын орындаушы немесе интерпретацияланатын программалық код.
Вирустан қорғауға арналған арнайы программалар: 1. Детекторлар программалары (McAfee Associates-тен Scan, Norton Antivirus және "Диалог-МГУ"-дан AVSP) бірнеше әйгілі вирустарды табу үшін қолданылады.
2. Флаги немесе доктор (Д.Н. Лозинскийдің Aids Test, "Диалог-МГУ"-дан AVSP-сы) дискілерді немесе бұзылған программаларды "жазады" (тазалайды), бұзылған программалардан вирус денесін "тістеп алу" арқылы программаларды вируспен бұзылмаған кездегідей бастапқы қалыпқа келтіреді. Фаг-программалар - зақымдалған программалардағы нақты вирусты өшірудің арнайы программалары.
3. Ревизор (тексеруші) программалар ("Диалог-наука"-дан Adinf+AdinfExt) - бірінші дискінің жүйелік аймақтары және программа күйі жайлы ақпараттарды есіне сақтап, содан кейін оны бастапқы күйімен салыстыра отырып тексереді. Олардың салыстыруында келіспеушіліктер болса, онда ол туралы пайдаланушыға хабарлайды.
4. Ревизор (тексеруші) докторлар - ревизорлар мен докторлардың қызметін атқарады, яғни программалар тек өзгерулерді ғана көріп қоймай, сонымен қатар ол өзгерулерді автоматты түрде бастапқы қалыпқа келтіруге бар жағдай жасайды.
5. Фильтр программалары (-D, FlueShot Plus) резидентті түрде компьютердің жедел жадысына орнатылады да көбею және қауіп төндіру үшін вирустар қолданатын операциялық жүйеге түсетін хабарламаларды жолдарынан ұстап алып ол туралы пайдаланушыларға хабарлайды.
6. Вакцина - программалары (немесе иммунизаторлар), дискілерді немесе программаларды оның жұмыс нәтижесінде көрінбейтіндей етіп модификациялайды, бірақ вирус оны, яғни вакцинацияланған программаны вирусталған екен деп түсінеді.
Архивтеу программасы.Дискідегі орынды үнемдеп файлдың көлемін азайту үшін,мәліметтерді сығылған түрде компьютерде сақтауға арналған Архиватор программалар бар.Файлдың немесе файлдар тобының сығылу процесі Архивтеу деп аталады.Архиваторлардың сақтау тәсілдері ір түрлі болғанмен жалпы қызметін былай түсіндіре болады:файлда қайталанатын фрагменттер болады,оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ.Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программаның жалпы қызметі-файлда қайталанып түратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып кейіннен оларды өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндікті пайдалану.
6.Браузер программасы (Internet Explorer және т.б.) , электрондық пошта программаларымен (Outlook Express и др.) жұмыс.
Құжаттарды нақты бір компью-терде оқып көру (оны форматтап бейнелеу) броузер (ағылшынша browser) деп аталатын арнайы программа көмегімен атқарылады.
Internet Explorer 5.0 программасы Web-парақтарды аралап көру үшін керек. Ол Web-парақтар ішіндегі дыбысты тыңдап, қозғалыстарды, суреттерді, мәтін-дерді көрсетудің барлық мүмкіндіктерін орындай алады.
Internet Explorer-мен жұмыс істеу үшін оны ком-пакт-дискіден жазып алып, Интернетпен байланыс орнатылуы керек. Internet Explorer 5.0 құрамына бұл программадан бөлек басқа да программалар кіреді, мысалы, электрондық поштамен жұмыс істеуді жүзеге асыратын Outlook Express програм-масы.
Internet Explorer-мен жұмыс істеу:
Интернет желісін аралау Internet Explorer іске қосы-лған соң шығатын алғашқы бетті - домашняя стра-ница - homepage көруден басталады.
Басқа бетке ауысу үшін осы парақтағы кез келген сілтемені шерту керек. Беттегі мәтіннің немесе суреттің сілтеме екенін білу үшін оған тышқан курсорын алып бару керек.
Курсор сілтемені көрсеткенде, ол қол белгісіне ай-налып кетеді де, қалып қатарында сол парақтың адресі көрінеді.
Броузер экранында осы сәтте көрініп тұрған Web-парақ екпінді (активная) парақ деп аталады.
Интернет ресурстарын қарап шығу
Интернет желісіндегі бір мәліметті көру үшін оның URL-адресін енгізу керек, мысалы, http:www.kbtu.edu.kz немесе ftp:ftp.ifmo.ru соңынан Көшу (Переход - Go) батырмасын немесе Enter пернесін басу керек.
Алғашқы параққа (homepage) көшу үшін Домой (Home) батырмасын шертсе болғаны.
Таңдамалылар тізіміндегі Web-парақтың біріне көшу үшін Избранное (Favorites) батырмасын шертіп, ішінен керегін таңдап алу қажет.
Мәліметтерді жөнелту және қабылдау
Электрондық пошта мен телеконференцияларды пайдалану кезінде бір программаны қолдануға тырысады, өйткені бұл екеуінде де мәлімет қабылданады және жөнелтіледі. Сондықтан бұл екеуінде көбінесе бір программа қолданылады. Мысал ретінде Outlook Express программасын айтса болады, ол осы екеуінде де ұқсас жұмыстар атқарып, кеңінен қолданылып келеді.
Outlook Express программасын қолдану
Электрондық пошта мен телеконференция мәліметтері пошталық сервер және жаңалықтар серверінде жинақталып тұрады.
Microsoft Outlook Express (Пуск - Программы -Outlook Express) программасы осылармен жұмыс істеуге арналған. Бұл программа Internet Explorer-ден Сервис - Почта и новости командасы арқылы іске қосылады.
Электрондық поштаның жұмыс істеуі.
Электрондық поштаның жұмыс дәлдігі тура кәдімгі поштаныңкіндей. Оның арнайы жеткізу қызметі, пошта жәшіктері, хаттары мен мекен-жайы бар. Электрондық хаттарды жеткізу саналы секундта жүреді. Кәдімгі поштаға қарағанда e-mail-дің жұмыс істеу тездігі өте жоғары, оны shail- e-mail дейді. Электрондық хаттарды алып, жіберу үшін сіздерге электрондық поштаменжұмыс істейтін арнайы программалық жабдықтама керек. Ол бүкіл әлемдік торда немесе компьютердің бөлек программасында болады.
7. Веб сайттың сенімділігі
1. Авторлық : бұл сайтты кім жасады? Бұны жасаған адамдар мен мекемелердің білімділігі мен біліктілігі бар ма? Жаңалықтар мен ақпараттардың астында жасырынған сайттардан сақ болыңыздар.
2. Дәлдік: сіз өз өзіңізге көмектесуге болады, егер сайттағы ақпарат нақты болсы. Сайтқа назар аударыңыз онда сілтемелер тізімі бар ма? Бұл сілтемелерді басқа да сенімді сайттарға қосады ма? Сайт түрлері профессионалды көріне ме және мұнда орфографиялық және басқа қателер жіберілмеген бе?
3. Объективтілік: сайттық объективтілігі бар ма? Басқа сөзбен айтқанда бұл сайт мінсіз бе? Бұл аргументтер барлық жақтан қарала ма? Немесе еш қортындысыз тек фактілер ұсынады ма? Бұл сайт қандай да бір сайттың бір жағы ғана туралы ақпарат береді ме?
4. Дер кезілік(өзектілік): сайт өзекті және әр кез жаңарып отырады ма? Бұл 2 жыл бұрын өтіп кеткен болашақ туралы хабар береді ме?
5. Хабарлылық дәрежесі: сайт әр салада ақпарат ұсынады ма? Немесе бір аудиторияға арналған нақты ақпарат ұсынады ма? Сайтта сілтемелер тізімі бар ма? Басқа да веб беттерге немесе веб сайттарға берілген тақырыпқа қосымша бір ақпарат беріледі ме?
8. Дербес компьютердің цифрлық-логикалық деңгейі. Ақпараттық технологияларлдың математикалық негіздері.
Есептеуіш машиналарда сандармен орындалатын математикалық амалдар, электр токтарының немесе кернеулердің әр түрлі түрленуімен алмастырылады. Жай электр тогының көмегімен қосу, азайту және т.б. математикалық амалдарды орындауға болады. Есептеуіш машиналар қарапайым амалдарды орындайтын бөлек элементтерден құралады. Элемент - ол әдетте электрондық схема. Есептеуіш машиналардың барлық элементтерін атқаратын қызметтеріне байланысты топтарға бөлуге болады: логикалық, есте сақтаушы, күшейтетін және арнайы элементтер. Логикалық элемент деп аталуының себебі, жеке дара элементтің анықталған байланысты жүзеге асыруға мүмкіншілік беруінде немесе жеке логикалық функцияны орындауында.
Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасын алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Буль өз еңбектерінде пайдаланған.
Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердің негізі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады. Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өңдеу және сақтау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары мен схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады. Компьютердің логикалық элементтері Компьютердің логикалық элементі - элементар (қарапайым) логикалық функцияны жүзеге асыратын электрондық логикалық схеманың бөлігі. Компьютердің логикалық элементтері дегеніміз - ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС электрондық схемаларын айтамыз. Бұл схемалардың көмегімен компьютер құрылғыларының жұмысын сипаттайтын кез келген логикалық функцияны жүзеге асыруға болады. Логикалық өрнектер электрондық схемалар құрудың басты негізі. Әдетте, вентильдердің екіден сегізге дейін кірісі және бір немесе екі шығысы болады. Вентильдердегі 1 және 0 болатын екі логикалық жағдайды көрсету үшін оларға кірістік және шығыстық сигналдарында кернеудің белгіленген екі деңгейінің бірі сәйкес болады. Әдетте жоғарғы деңгей - ақиқат (1) мәніне, ал төменгі деңгей - жалған (0) мәніне сәйкес болады. Әрбір логикалық элементтің өзінің логикалық функциясын көрсететін шартты белгісі болады. Бұл күрделі логикалық схемаларды жазуды және түсінуді жеңілдетеді. Әрбір логикалық амал үшін ақиқат кестесі қолданылады. Ақиқаттық кестесі - бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы. ЖӘНЕ элементі ЖӘНЕ элементінің көмегімен қарапайым екі Х1 мен Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunction-біріктіру), ал операцияның нәтижесі - логикалық көбейтінді деп аталады. Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ элементінің көмегімен қарапайым Х1 және Х2 айтылымдарының бір құрамдасқа бірігуі логикалық қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunction-бөлу), ал операцияның нәтижесі - логикалық қосынды деп аталады. ЕМЕС элементі қарапйым Х айтылымына емес шылауын қосу логикалық терістеу немесе инверция д.а. Типтік логикалық құрылғылар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады. Тригтер екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады. Сумматорлар (қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема.
.
9. Деректер қорының жіктелуі.
Мәліметтер қорының классификациясы
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Мəліметтердә және олардың арасында байланыстарды ұйымдастыру модельдері: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк(тораптык) МҚБЖ, реляциялықМҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
Реляционды мәліметтер қоры - бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі. Реляциялық МҚ - кесте түрінде дайындалған шамалар. Мəліметтердің реляциялық моделінің концепциясын 1970 жылы МҚБЖ зерттеу облысының белгілі маманы Е.Ф.Кодд ұсынған. Реляция сөзі ағылшынның relation - қатынас сөзінен алынған. Шынында да реляциялық моделдің негізі кестелер арқылы көрсетілген қатынастардан тұрады. Коддтың дəлелдеуі бойынша қатынастардың жиыны өмірдегі объектілер туралы мəліметтерді сақтау үшін жəне оларды өзара байланыста ұстау үшін пайдаланылады.
жиынын айтамыз.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:
· Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
· Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты. Иерархиялық мəліметтер қорында жазба элементтері реттеліп жазылады да, оның бір элементі негізгі, қалғандары бағыныңқы элементтер деп есептеледі. Мұнда элементтер нақты тізбек бойынша сатылы түрде реттеліп қойылады. Онда берілгендерді іздеп табу саты бойынша төмен бағытта жүргізіледі.
Мысалы Norton Commander программасындағы каталогтар, білім жүйесіндегі иерархиялық кластар т.б
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі - желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут - қатынас бағандары) анықтау;
3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).
ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
10. Дербес компьютердің ішкі құрылғылары.
Жүйелік блок
Компьютердің негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Ол тік қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелік блоктың құрамына кіретіндер:
:: процессор;
:: жедел жад (RAM);
:: тұрақты есте сақтау жады (ROM);
:: қоректендіру блогы;
:: енгізу-шығару порттары;
:: ақпарат тасушылар.
Бұлар жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар болғандықтан ішкі құрылғылар деп аталады. Ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Жүйелік блоктың ішкі құрылғылары
Аналық тақша
Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мəлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша - жүйенің ядросы. Бұл шынында да ДК-дің басты бөлшегі- қалғандарының барлығы онымен жалғастырылған жəне жүйедегі құрылғылардың бəрін нақты сол басқарады.
Микропроцессор
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мəліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады жəне программадағы командаларды орындайды.
Процессордың жылдамдығы мегагерцпен (МГц) өлшенетін оның тактілік жиілігімен анықталады.
Процессордың үстіне радиатор, радиаторға процессорды салқындатуға арналған желдеткіш (кулер) орнатылады. Процессор қалған құрылғылармен топ сымды кабель арқылы жалғастырылады, оны шина деп атайды.
Жедел жад
Компьютердің жеделесте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM - мəліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы жəне жылдамдығы. ROM(тұрақты жад)- энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтердә сақтайды. Оны тек оқуға болады. Өшіріп қайта жазуға болмайды
Порттар
Порттар - корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға əдетте кабель арқылы əр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тəуелді болады.
11. Деректер қоры өрістерінің қасиеттері.
Деректер қоймасы (Базы данных) - бұл үлкен көлемді өзара
байланысқан деректерді сақтау, өзгерту мен өңдеу тәсілі.
ДҚБЖ (Деректер қоймасын басқару жүйесі, СУБД - системы
управления базами данных) - деректер базасын жасауға, сақтауға және онан ақпаратты шығарып алуға болатындай программалар жиынтығы. Олар ақпараттық банкілерді жасау мен оларды басқаруға арналған: күрделі сұраулар бойынша деректерді өндіру, деректерді математикалық өңдеу, сұрыптаудың түр-түрі және тағы басқалары, мәселен Microsoft Access, Open Office+MySQL, Oracle, Oracle for
Linux, MySQL for Windows, және басқалары.
Деректер қоры өрісі қор құрылымын ғана емес, сонымен қатар әр өріске тиісті ұяшыққа жазылатын деректер қасиетін де анықтайды.
Кесте өрісінің негізгі қасиеттері:
Өріс аты - автоматикалық операция кезінде осы өріс деректерімен қалай жұмыс жасау керектігін анықтайды.
Өріс типі - осы өріске енгізілетін деректердің типін анықтайды.
Өріс өлшемі - деректердің шектік өлшемін анықтайды.
Өріс форматы - ұяшықтағы деректерді форматтау әдісін анықтайды.
Енгізу маскасы - өрістегі енгізілген деректер формасын анықтайды.
Қолтаңба - берілген өріс кестесінің баған атын анықтайды.
Үнемдеушілік бойынша мән - өріс ұяшығына автоматты түрде енгізілетін мән.
Мәндік шарт - деректерді енгізу дұрыстығын тексеруге арналған шарт.
Қате туралы мәлімет - автоматты түрде ұяшыққа қате мән енгізгенде пайда болатын мәтіндік мәлімет(қатені тексеру егер Мәндік шарт қасиеті берілсе автоматты түрде тексеріледі)
Міндетті өріс - міндетті түрде толтырылатын өріс.
Бос қатар - бос қатарды енгізуге рұқсат етілетін қасиет.
Индексті өріс(кілттік өріс) - егер өріс индекстелген болса деректермен жүргізілетін операциялар жылдамдатылады. Сонымен қатар индексті өрістегі мәліметтерді автоматты түрде қайталанудан сақтайды.
12 Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
1946 жылы американ математигі Джон Фон Нейман ЭЕМ-нің жұмыс атқару принципі мен құрылғыларын толық көрсеткен ғалым.
ДК - дің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына кіретін жабдықтарды негізігі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация ретінде төрт құрылғы қарастырылады:
1.Жүйелік блок
2.Монитор
3.Пернетақтасы
4.Тышқан

:: процессор- компьютердегі орталық мəліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Ол компьютерді басқарады жəне программадағы командаларды орындайды.
:: жедел жад (RAM)- компьютердің жедел есте сақтау құрылғысы оперативті жадысы(ОЗУ), немесе RAM - мəліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді. Жедел жадтың негізгі мінздемесі оның сыйымдылығы жəне жылдамдығы.
:: тұрақты есте сақтау жады (ROM)- энергияға тəуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мəліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды.
:: Иілгіш дисктерге диск жетегі .Иілгіш дисктерге диск жетегі 3,5 - дюймдік дискеттерді оқиды. Бұл дисктер ауыспалы тасымалдаушылар болып саналады, олардың сыйымдылығы - 1,44Мб.
:: Порттар - корпустың алдыңғы немесе артқы тақтасындағы ажыратқыштар, оларға əдетте кабель арқылы əр түрлі құрылғылар қосылады. Порттарға қосуға болатын құрылғылардың саны мен типі компьютер порттарының саны мен типіне тəуелді болады.
Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.
Монитор - мəліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылғы. Компьютерден кез-келген мəліметті монитордың экранына шығаруға болады.
Пернетақта - дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мəліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп қызмет атқаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Қазіргі кезде кеңінен тараған Windows-қа лайықталған пернетақта 104 пернеден (клавишадан) тұрады, оның екеуі Windows терезелері бейнеленген пернелер.
Тышқан - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тышқанның жазық беттегі қозғалысы экрандағы тышқан нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Тыщқанның көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
13.Есеп құру
Microsoft Office Access 2007 іс жүзінде кез келген күрделі дəрежедегі есеп беруді құруды қамтамасыз етеді. Есептеу өте қараапайым (кəдімгі тізім) жəне өте күрделі болуы мүмкін. Кез келген есептеулер нəтижелерін құру деректер көзін анықтаудан бас масыз ететін, есеп беру шеберін пайдалануға болады.Есептеуін Құру қосымшасындағы Есеп беру тобының Есеп беру командасының көмегімен құруға болады. Бұл кезде қосымша ақпараттардың қажетінсіз - ақ есеп берудің кідіріссіз құрылуы жүзеге асырылады. Сонымен бірге бұл есеп беруге қордағы кестелер мен сұраныстардың барлық жазбалары енеді.Есеп (есеп беру, отчет) -- кесте не
сұ раныстың басып шығаруға дайындалған түрі. Access дайындалған есепті деректер
қорының Есептер бөлімінде сақтайды. Есеппен тақырып енгізу, экранда көріп шығу,
оны қағаз форматына сəйкестендіру сияқты əрекеттерді ғана орындау мүмкін.Есеп құрудың үш тəсілі бар:
:: автоматты түрде (автоесептер);
:: есептер шебері арқылы (жартылай автоматты түрде);
:: қолдан құру (конструктор режимінде).
14. Енгізу-шығару операторлары
Программадағы орындалатын алғашқы іс-әрекет -берілгендерді енгізу. Берілгендерді енгізу - программадағы алғашқы берілгендерді компьютердің жедел жадысына өңдеуге жіберу болып табылады. Енгізудің негізгі қүрылғысы - пернетакта және дискілік файл. ТuгЬо Раsсаl-да берілгендерді енгізуге геаd - "оқу", геаdln (геаd Ііnе) -"жолды оқу" операторлары қолданылады. Енгізу операторының жалпы жазылуы:
Read (х1, х2, ...,хn);
Readln (х1,х2,...,хn);
Мұндағы х1,х2,..,хn- мәні пернетақтан енгізілуге тиісті айнымалылар тізімі.
Енгізу операторы орындалғанда программаның орын-далуы уақытша тоқтатылады. Тізімде көрсетілген айныма-лылардың сандык мәні пернетақтадан теріліп, Епіег пернесі басылғанда орындалу әрі карай жалғасады. Тізімдегі айнымалылар санынан енгізілген мәндер саны кем болмауы керек.
Мәліметтерді шығару - компьютердің жедел жадысын-дағы өңделінген мәліметтерді сыртқы қүрылғыларға (экран, принтер) беру. Тuгbо Раsсаl-да мәліметтерді экранға шығару үшін write "жазу", writeln (write Ііпе) "жолды жазу" операторы қолданылады. Бүл. операторлардың жалпы жазылуы мына түрде: write(у1,у2,...,уп); Writeln (у1,у2,...,уп);
Мұндағы; у1,у2,...,уп - сандық мәні экранға шығарылатын айнымалылар тізімі. Шығарылған мәліметтер туралы түсініктеме тексті апостроф ішіне жазса да болады.
Мысалы есептелінген фигура ауданы 25-ке тең болса, шығару операторы мына түрде жазылсын Writeln('Аудан =',S). Экранға шыққан нәтиже: Аудан =25.
Сонда, мәліметтерді экранға шығару операторы орын-далғанда апостроф ішіндегі түсініктеме текст өзгеріссіз шығады. Ал, тізімдегі айнымалылардың орнына олардың сандық мәні экранға беріледі.
Егер, шығару операторына өрнек берілсе өрнек есептелініп, соңғы нәтиже экранға шығады.Мысалы: берілген а, в, с үш санның қосындысынжәне көбейтіндісін есептеу программасын жазайық.
Program candar;
Var а,Ь,с:іnteger;
Begin
а:=5; Ь:=2; с:=3;
Writeln('қосынды=',а+Ь+с);
Writeln('көбейтінді=',а*Ь*с);
End.
15. Есептеу жүйесінің құрамы. Есептеуіш техниканың даму тарихы.
Ең алғаш пайда болған есептеу құралы есепшот болып табылады. Кейбір деректерге сүйенсек есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері ертедегі Қытай немесе ертедегі Египет, тіпті Ежелгі Греция болуы да мүмкін.
І кезең (1945-1955 жылдар). Электронды шамдармен жұмыс істейтін алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШта құрастырылды. Дж. Моучли және П. Эккерд деген ғалымдардың басқаруымен құрастырылған бұл машина ENIAC (``Electronic Numerical Integrator and Computer`` - Электронды санды интегратор және компьютер) деп аталды. Эниак секундына 300 көбейту немесе 5000 қосу амалын орындай алады. Американдық ғалым Д.Ф.Нейман 1946 жылы жазған EDVAC машинасы туралы алдын ала баяндамасында электронды машиналарды құрастыру мен басқарудың жаңа принциптерін ұсынды. Осы принциптер негізінде 1949 жылы EDVAC (Electronic Discrete Variable Computer) машинасы құрастырылды. Эдвак-тың Эниак-тан айырмашылығы - онда өңделетін барлық мәлімет ондық сандар түрінде емес екілік сандар түрінде кодталған және есептеуге қажетті мәліметтер мен оны өңдеуге қажетті программа жадтың бір жерінде сақталады.
ІІ кезең (1955-1965 жылдары). Электронды шамдардан тұратын бірінші кезеңнің электронды есептеуіш машиналары 50-жылдардың соңына дейін қолданылып келді. 1959 жылдан бастап жартылай өткізгіш транзисторлардан тұратын ЭЕМдер дүниеге келді. Транзисторлар электронды шамдармен салыстырғанда әлдеқайда сенімді болатын, олар электр энергиясын көп пайдаланбайтын және орынды көп алмайтын. Ал мұндай элементтерден жасалған компьютерлердің секундына 200мың операцияға дейін артық, ішкі жадының көлемі де бірінші кезеңнің компьбтерлерімен салыстырғанда жүздеген есе көбейді. Осы кезеңнен бастап Фортран, Алголь секілді алғашқы программалау тілдеі пайда болып, программалау тілдері әлдеқайда түсінікті, қарапайым және қолайлы бола бастады.
ІІІ кезең (1965-1980 жылдары). 1958 жылы Америкалық мамандар өте күрделі технологияны қолдана отырып ауданы 1 см-ден аспайтын жіңішке пластинаға ондаған, кейін жүздеген электронды схемаларды орналастыруды үйренді. Бқларды интегралды схемалар деп атайды. Интегралды схемалар компьютердің жылдамдығын арттырды, оперативті жадының да көлемі жүздеген мың байыппен өлшенетін болды, компьютерде бір мезгілде бірнеше жұмыс атқару мүмкіндігі пайда болды.
IV кезең (1980 жылдан бері қарай). Өткен ғасырдың 70-жылдары мини электронды есептеуіш маниналар дами бастады. Үлкен интегралды схемалармен немесе микропроцессормен жұмыс жасайтын қазіргі компьютерлер ЭЕМ-дердің IV кезеңіне жатады. Қазіргі ЭЕМ-дердің ең көп таралған түрі - дербес компьютерлер болып есептеледі. Алғашқы дербес компьютер 1976 жылы пайда болды. Apple-one деп аталған бұл компьютерді Американдық Стив Джобс пен Стив Возняк ойлап тапты. Қазіргі компьютерлердің программалық жабдықтамалары қолданушыларға программалау тілдерін білмей-ақ олармен жеңіл қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді.
V кезең. V кезеңнің ЭЕМ-дер ідеп жақын боашақта пайда болатын компьютерледі айтуға болады. Ғалымдар болашақтың компьютерлері бүгінгі компьютерлермен салыстырғанда әлдеқайда қуатты, қолданысты ыңғайлы және интеллектуалды қабілеті өте жоғары болады деп болжамдайды.
16. Желілер топологиясы.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды. Топология немесе Желі топологиясы термині компьютерлердің, кабельдердің және басқа да желі компоненттерінің орналасуын сипаттайды. Топология - мамандар желі құрастыру негізін бейнелеуде қолданылатын стандартты термин. Желі топологиясы оның сипатына себепші болады. Компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы - желі топологиясы деп аталады. Осы немесе басқа топологияны таңдауға мыналар әсер етеді:
- Қажетті желілік жабдықтау құрамы;
-Желілік жабдықтау сипаттамасы;
-Желіні кеңейту мүмкіндіктері;
-Желі басқару әдісі.
Барлық желілер үш базалық топологияның көмегңмен жасалынды:-Шина (bus);
-Жұлдызша (star);
-Сақина (ring).
Шина топологиясын көбінесе сызықтық шина (linearbus) деп атайды. Берілген топология ең қарапайым және көп тараған топологияға жатады. Онда магисталь не сегиент деп аталатын бір кабельді қолданады, оған желінің барлық компьютерлері қосылады.
Жұлдызша топологиясында кабель сегмент көмегімен барлық компьютерлер коцентратор (hub) аталынған орталық компонентке қосылады. Беруші копьютерден сигналдар концнтратор арқылы барлығына келіп түседі. Бұл топология есептеуіш техниканың алғашқы кезінде, компьютерлер орталығ басты компьютерге жалғанған кезде пайда болған. Жұлдызша топологиялы желіде желі конфигурациясын басқару мен кабельді қосу орталықтандырылған. Бірақ кемшілігі де бар, барлық компьютерлер орталық нүктеге қосылғандықтан, үлкен желілер үшін кабельдер шығыны едәур көбейеді. Сонымен қатар орталық компонент жұмыс істемей қалса, онда барлық компьютерлер жұмыс істемей қалады. Егер бір компьютер жұмыс істемей қалса, онда тек осы компьютер ғана желімен деректер не жібіре не қабылдай алмайды. Желідегі басқа компьютерлерге бұл әсер етпейді.
Сақина топологиясында компьютерлер сақина тәрізді бекітілген кабельдерге қосылған. Сондықтан кабельде терминатор қосатын бос ұш болмайды. Сигналдар бір бағытта сақина арқала жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді. Белсенді емес шина топологиясына қарағанда, мұнда әрбір компьютер репитер рөлін атқарып, сигналдарды күшейтіп, келесі компьютерге жібереді. Сондықтан бір компьютер жұмыс істемей қалса, онда барлық желі қызметі тоқтайды.
17. Жадтың құрылымы. Компьютердің ішкі жəне сыртқы жады.
Жад-деректерді алу,сақтау,және шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі.компьютердің жады 2 бөлінеді:ішкі және сыртқы.
Сыртқы жады-деректерді ұзақ сақтауға арналған жадтайтын құрылғы.Сыртқы жадтың құрамына иілгіш және қатты магнитті дискілердің жинақтауышы,оптикалық және магнитті оптикалық жинақтауыштар,магнитті таспадағы жинақтауыштар кіреді.
1)Иілгіш магниттік диск немесе дискет көлемі:диаметрі 89мм болатын 3.5 дюймдік дискетте екі түрлі көлемде информация жазылады-1.44Мб және 720 кб
2)Қатқыл магниттік диск орнынан алынбайды,ауа кірмейтіндей жабық корпусқа салынып,жүйелік блокта орналасады.Жазу құрылғыларын дискіжетек деп,жинақты дискілерге жазатын не олардан оқитын құрылғыны CD-ROM деп аталады.Бұл құрылғыны компьютерге арнайы орнату қажет.Ол қорғалатын бейнелерді,мәтіндерді және дыбыстармен жұмыс істеу үшін пайдаланылады.
3)Компакт диск қарапайым компакт дискінің көлемі 650Мб.яғни 650 млн символ сияды,бірақ бұдан тек мәлімет оқуға болады,ал жазуға болмайды.
Соңғы кездері ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар-стремирлер шықты.Стремирлер-мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған құрылғы.Олар үлкен көлемді мәлімет сақтай алңанмен оқу жазу жұмыстары бірте бірте тізбектей іздеу арқылы жәй жүргізіледі.Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды,тек толықтырады,
Оперативті есте сақтау құрылғысы немесе ЭЕМ-ң жедел жады(RAM),сондай ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды.Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады.Өңдеуге тиісті кез келген мәлімет алдымен комп-ң сыртқы жадынан жедел жадыға ауысады.
Жедел жады(RAM)-компьютердіңжедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәліметтер мен программалар ғана сақталады.Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып,ондағы мәлімет ЭЕМ сөндіргенде немесе элекр торабында ақау болып,ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады.
Тұрақты жад(ROM)-энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды.Оны тек оқуға ғана болады,қшіріп қайта жазуға болмайды.ROM-процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысынан мілімет алмасып отырады.Тағы жадтың бірі-CASH жады.Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жеделдету үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.
18. Жергілікті (LAN) желілер классификациясы. Аймақтық-таратылған (WAN) желілер. Интернет технологияның элементері.
Компьютерлік желілер жергілікті, аймақтық және ауқымды болып түрлі түрге бөлінеді. 1. Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) - бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жұмыс станциясы деп аталады Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.
2. Аймақтық таратылған желілер (АТЖ) - WAN (Wide Area Network - широкомасштабная сеть). АТЖ - жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқарыла алады. Ол %.шін модем немесе жоғарғы жылдамдықты сандық желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. АТЖ-дің көмегімен электрондық пошта арқылы мәліметтер қабылдау-жөнелтуге, Интернетпен байланысуға болады.
Кейбір компьютерлер Интернетке тұрақты қосылып, желіге келіп түскен мәліметтер қозғалысын басқарып тұрады. Оларды Интернет серверлері деп атайды.
Сервер арқылы Интернетке жеке компьютерлердің қосылуы да мүмкін. Қазіргі кезде қосылуды ұйымдастыратын мекеме - Провайдер деп аталады.Интернетке қосылатын компьютер үшін парольді, желілік арнайы аты-жөніңізді,телефон нөмірін және Интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін айқындап алуыңыз керек.
19.Жедел жəне тұрақты есте сақтау жадылары.
ЭЕМ-нің жедел жады (RАМ - Random Access Memory - ОЗУ), мен тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM - Read Only Memory, тек оқуға арналған жад - ПЗУ) компьютердің ішкі жадын құрайды. Осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. Өңделуге тиісті кез келген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадыға жазылады.
Жедел жады (RАМ) - компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мəліметтер мен программалар ғана сақталады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мəлімет ЭЕМ сөндірілгенде немесе электр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты əрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Компьютер өшкен кезде, оның жедел жады ешқандай программаны да, мəліметті де сақтай алмайды. Сондықтан омпьютер өшкен мезетте - ақ процессордың адрестік шинасына бастапқы адрес қойылады. Бұл программаның қатысуынсыз аппаратпен іске асырылады. Бұл адрес жедел жадты көрсетпей тұрақты есте сақтау құрылғысын көрсетеді.
Тұрақты жады - (ROM - ПЗУ) - энергияға тәуелсіз жады, өзгертуді қажет етпейтін мәліметтерді сақтайды, оны тек оқуға ғана болады, өшіріп қайта жазуға болмайды. Тұрақты есте сақтау құрылғысы - процессордың жұмыс кезінде жедел жад пен тұрақты есте сақтау құрылғысымен мәлімет алмасып отырады. Тұрақты есте сақтау құрылғысы компьютер өшіп тұрғанда да, информацияны ұзақ уақыт сақтайды.
Көлемі - 32-64 Кб шамасында.
Тұрақты есте сақтау c Input Output құрылғысында орналасқан программа BIOS (Basic Input Output System - енгізушығару базалық жүйесі) деп аталады. BIOS - MS DOS жүйесінің Енгізушығару базалық жүйесі, ол ЭЕМ іске қосылған сəтте процессордың, жедел жады ң ң жұмыс істеуге қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.
20. Жергілікті желі.
Екі немесе бірнеше компьютерлерді физикалық қосқанда компьютерлік желі құрылады. Адамдардың ақпарат пен жабдықтарды бірігіп қолдануын қамтамасыз ететін қандай да бір əдіспен біріктірілген компьютерлердің тобы компьютерлік желі деп аталады. Бір бөлмедегі, бір ғимараттағы, қаланың немесе əлемнің әр түрлі бөліктеріндегі компьютерлер біріктірілуі мүмкін.
Қолданатын протоколдарына сəйкес компьютерлік желілерді жергілікті (LAN -Local Area Network) жəне ауқымды (WAN-Wide Area Network) деп бөлу қабылданған. Жергілікті желі компьютерлері барлық қатысушылар үшін прот олдардың бірыңғай жинағын қолданады. Территориялық белгісі бойынша жергілікті желі тұтастығымен ерекшеленеді. Олар бір қабаттағы, ғимараттағы немесе тұтас орналасқан ғимараттар тобындағы компьютерлерді біріктіре алады.
Жергілікті желі (LAN - Local Area Network) - бір бірімен шамалы ғана қашықтықта орналасқан және біртұтас желіге біріктірілген абоненттік жүйелер. Олар мекеме ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы компьютерлерді бір-бірімен және сервермен (қуатты бас компьютер) байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір компьютер желі түйіні немесе жұмыс станциясы деп аталады. Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Біррангті желі - ерекшеленген сервері жоқ, барлық ЭЕМ-дердің қатынас құқықтары бірдей желілер.
Жергілікті есептеуіш желілер -- саны шектеулі (әдетте 100 дейін) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz