Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты


Мазмұны

Кіріспе 3

1 ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

1. 1 Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні 7

1. 2 Табиғат ресурстарын пайдалану қажеттілігі және негізгі түрлері 14

1. 3 Экономиканың дамуындағы экологиялық факторлар 20

2 ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУДЫ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУДЫ МЕМЛЕКТТІК РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы экологиялық саясаты және стратегиясы 26

2. 2 Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалануды мелекеттік

реттеу 40

2. 3 Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану саласындағы ғылми-техникалық жетістіктер дің мүмкіндіктеріне талдау жасау 51

3 ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

3. 1 Экономика құрылымын өзгерту- табиғат ресурстарын үнемдеудің жолы ретінде 59

3. 2 Ресурс үнемдеуші және аз қалдықты өндірісті пайдалану 61

3. 3 Инновациялық жаңалықтарды қоршаған ортаны қорғауда қолдану 74

Қорытынды 75

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 78

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың өзектілігі, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қоғамның экономикалық даму барысын жетілдіру- дің міндетті шарты болып табылады.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдал-ну қоғамның дамуының конституциялық қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік міндет болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын негізге ала отырып, ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Біз Қазақстан жариялаған Жаһандық энергиялық-экологиялық стратегияны жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Біз «жасыл» технологиялардың трансфертіне бағытталған Астананың «Жасыл көпір» бастамасын жүзеге асыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Қазақстанның сыртқы саяси ұсыныстары әлемдік қоғамдастықтан қолдау тапты. Оларда біздің алдағы ондаған жылдардағы сыртқы саяси стратегиямыздың мәні кестеленген.

Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.

Біз қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына ендік. Бізде аса ірі экологиялық таза аумақтар бар және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара аламыз.

Стратегияны әзірлеудің негізгі бағыттары:

  • Өңірлер инвестициялар тартуға мүдделі болуы үшін жер қойнауын пайдалануға мораторийді жою қажет.
  • Біз жай ғана шикізат беруден энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласындағы ынтымақтастыққа көшуге тиіспіз. 2025жылға қарай біз өз нарығымызды жаңа экологиялылық стандарттарына сай жанар-жағармай материалдармен толықтай қамтамасыз етуге тиіспіз.
  • Барлық өндіруші кәсіпорындар тек экологиялық зиянсыз өндірісті енгізуге тиіс. [1]

ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен орта және қоғам, таби-ғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттерлің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр. Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп, адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп отыр.

Табиғат-санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы негізгі 3 түрлі қызмет атқарады:

1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін эколо-гиялық қызмет;

2. Адамдардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырудың қайнар көзі болып табылатын экономикалық қызмет;

3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз құлықтылық

қызмет.

Қоғам мен табиғаттың өзара байланысы негізі 2 нысандағы қоғамдық қатынастар негізінде, табиғат ресурстарын пайдалану мен табиғатты қорғауда көрініс табады. Табиғат ресурстарын пайдалану материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған қоғамның экономикалық мүддесімен анықталады. Табиғатты қорғау, қазіргі кезең және болашақ ұрпақтар үшін қоршаған табиғи ортаның сапасымен байланысты қоғамның экологиялық даму мүддесі болып табылады. Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылуы, өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалу қоршаған ортаның шектентыс ластану қаупі төнді. Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша, енді адамзаттың денсаулығына кесірін тигізе бастады.

Міне, сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу, бұзылғандарын қалпына келтіріп отыру, оларды ұтымды пайдалану, әсіресе ауаға, жерге, суға, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтар- дың борышы және абыройлы міндеті болып саналады.

Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға келген зиян көзге көріне бермейді, бірнеше жыл өткесін ғана біліне бастайды. Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш, қаржы мен материал жұмсауға тұра келеді. Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жөн.

Өкінішке орай, табиғатпен арақатынаста бұл талап ұмытылып, бүгінгі пай-даға қызығып, ертеңгі күнді ойламайтын болдық. Адамдардың кінәсінен қорша-ған ортаға талай әсер салып келеді, олардың зардаптары әлемге әйгілі. Мысалы: XX ғасыр ортасында Мәскеулік «білгіштер» Каспий теңізінің суы азаймас үшін Қарабұғаз шығанағын топырақтан бөгет салып теңізді бөліп тастауды ұсынды. Бөгет салушылар теңізді сақтауды ойлағанымен шығанақтың қоршаған ортаға әсерін ескермеді. Кеуіп қалған шығанақтан жыл сайын 120 140 млн. тонна шаң мен тозаң, тұз қалдықтарын жел мен дауыл көтеріп, Қазақстан, Түркіменстан, Түркия, Иран, Қытай, Ресей, Украина т. б. жерлерге жеткізіп жатты. Ақылға симайтын бұл бөгет экономикаға көп зиян келтірді, шөптің егінінің өсімі азайды. Мал өнімдері кеміді, ауру сырқау мен өлім көбейді. Арада 25 30 жыл өткен соң Каспийдің суы қайта көтеріліп, жағадағы елді мекендерді, кәсіпорындарды баса бастады. Сөйтіп, теңіз суының көбеюі мен азаюы Қарабұ-ғаз шығанағына байланысты еместігі анықталды.

Американдық оқымысты Р. Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. Алайда, табиғат қорғаудың нақтылы мәселелерін шешуге тым бой алдырып, біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын білмейінше, жұмсаған бар күш - жігеріміз табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жұмсалатынын естен шыға-рып аламыз. Адамды құтқару дегеніміз - ең алдымен табиғатты сақтау. Бұл жерде тек биологтар ғана айтылған тезистің әділдігін мойындатар дәлелдер келтіре алады деп жазады Ф. Рамад «Қолданбалы экология негіздері» атты еңбегінде. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды айқын: адамды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықта-рын оқып - үйренуден бастау қажет. Р. Риклефстің «Егер біз табиғатпен қандай да бір үйлесімділікке қол жеткізгіміз келсе, онда көбіне көп ол ұсынған шарттарды қабылдауымызға тура келеді . . . » - деген сөзін еске сақтап алған жөн.

Диплом жұмысының өзектілігі. Табиғатқа келтірілген нұсқада түзетудің ешқандай көпе - көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға тағылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтерді бүрку, аңшылар-дың найзасы мен мылтығы, автомашиналардан шығатын түтін, қала іргесінің шексіз кеңеюі сияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы негізінде жатқан заңдарға тиесілі дәрежеде көңіл бөлмегендігі үшін айып тағылуы тиіс.

Бірақ табиғат қорғаудың әлеуметтік заттар алмасуын немесе табиғат пен қоғам арасындағы заттар алмасуын реттеуші ғылым ретінде түсіндірілетін кездері жиі ұшырасады. Қоғам мен табиғат беталды зат және энергия алмасуы интенсивтлігінің қазіргі кезде белен алғандығы соншалық адамзаттың бұған әрі тіршілік етуіне айтарлықтай қатер төніп отыр. Қоғам өзінің табиғатқа көрсетер ықпалының дәрежесі жағынан геологиялық күшке айналды. Кен өндіру және жер қазу жұмыстары нәтижесін-де жыл сайын жер бетіне 5 текше километр тау жыныстары шығарылатынын айтсақ та жеткілікті: бұл біздің планетамыздың барлық өзендері мұхитқа ағызып жететін жыныстар көлемінен 3 есе ғана кем. Соңғы 500 жыл ішінде жер астынан ең кем дегенде 50 млрд. тонна көміртегі, 2 млрд. тонна темір алынды. Соңғы 100 жыл ішінде өнеркәсіп атмосфераға жалпы көлемі 360 млрд. Тоннаға жуық көмірқышқыл газын шығарды, бұл оның концентрациясын 13 пайыздай арттырды.

Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып нәтиже бермей, болмаса мезгіл өтіп кеткен соң ғана көп күш, қаржы мен материал жұмсауға тура келеді. Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану - бүгінгі күн талабы екенін есте ұстаған жөн.

Елімізде үшінші рет өткізілген Еуразиялық саммиттің болашағынан үміт үлкен. Қазіргідей аумалы - төкпелі заманда тұрақтылықтан қымбат қазына жоқ. Әлемге әйгілі Давос форумының бір бұтағын Алматыға әкеп отырғызу арқылы, Қазақстан мен Орта Азиядағы мүмкіндіктердің молдығына әлем назарын аударуды көздеген саясаттың дұрыстығы дәлелдене бастады. Тұралаған экономикасы орнынан қозғаушы күш инвестиция болса, ол бәрінен бұрын тұрақтылықты талап етеді. Тікелей шетелдік инвестиция игілігіне берілгені әзірге мұнай мен газ секторы ғана екені рас, табиғи байлықтарды игеруден басқа салаға тәуекел етушілер кемде-кем. Экономикалық даму жағынан Қазакстанның көрші елдерден көш алда келе жатқаны өзара ынтымақтасу мен көмектесудің кажеттілігін көлденең тартады. Израильдің «Ормат Индастриз» компаниясының төрағасы Люсьен Броницки коммуналдық салаға озық технологияларды енгізу және нарықтық реформаға сай саланы дамыту мәселесін көрсетеді.

Табиғи байлықтарды тиімді пайдалану осы тасымалдауға да тәуелді. Каспий мұнайы мен газы қара теңіз аркылы тасылады. Баку, Жейхан бағытын-дағы жаңа жоба да накты шындыққа айнала бастады. Бұлардан басқа қандай мүмкіндіктер бар. Табиғи байлықтан түсер пайданы дұрыс есептеу, мәселе аймақта өмір сүріп жатқан адамдардың мүддесіне келіп тірелгенде, толық түсіністік табылды деп айта аламыз.

Дипломдық жұмысымның мақсаты мен міндеті. Жұмыстың басты мақсаты - қоршаған ортаның қолайсыздығын азайту әдістері мен жолдарын анықтау, елдегі әлеуметтік экономикалық қатынастарды реттеудің мәселелерін қарау арқылы экологиялық қауіпсіздікті сақтау бағыттарын анықтау.

Міндеттері: елдегі экологиялық қауіпті мекендерді анықтау, олардың қазіргі жағдайларын білу, экологиялық дағдарыстан шығудың жолдарын айқындау және олардың алдын алу шараларын қалыптастыру.

Дипломдық жұмыстың обьектісі. Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын, қоғамдық шаралар кешенін ескере отырып, табиғатты қорғауды әдетте адамзат қоғамының игілігі үшін табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған тәжірибенің бір саласы ретінде қарастырдым.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың бірінші бөлімі қоршаған орта мен табиғат ресурстарын теориясын негіздеуге арналған. Осыған қоса бұл бөлімде жалпы адам баласының шаруашылық жүргізуіне аса маңызды экологиялық факторларды анықталған. Шаруашылық жүргізудегі экологиялық фактордың маңыздылығы жайлы, осы екі санатты қандай қарым-қатынаста болу керектігі айқындалған.

Екінші бөлім табиғатты қорғаудағы және пайдаланудағы мемлекет қызметін талдауға арналған. Экономиканың аса жоғары деңгейде коммерция-лануының арқасында, шаруа қожаларының қоршаған ортаға деген көзқарасы-ның теріс жаққа өзгеруі бәріне мәлім. Міне осындай жағдайда мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға кірісуі (экологиялық саясат, стратегия, заңнамалар тағайындау) аса маңызды шаруа. Екінші бөлім осы сұрақтарға қоса ресурстар-ды ұтымды пайдалану мен қорғаудағы ғылми-техникалық жетістіктердің мүмкіндіктерін қарастыруға бағытталған.

Үшінші бөлім, тиісінше осы проблемаларды шешу жолдарына арналған. Мұнда инновацияны осы салаға жұмсаудың кейбір бағыттары қарастырылған. ҒТЖ-ң ресурс үнемдеудегі алатын орнын анықтау. Жұмыста 3 сурет, 3 сызба, 3 кесте бар.

1 ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

1. 1 Қоршаған ортаға әсер етуді басқару ұғымы мен мәні

Қоршаған ортаға әсер етуді басқарудың негізі - табиғатты қорғаудың, табиғат ресурстарын сақтаудың, жаңғыртудың, молайтудың, пайдаланудың қоғамдық тиімділігі. Басқарудың негізгі мақсаты - өндірістің және басқа әрекеттердің табиғи ортаға зиянды әсер етуді басқару табиғатты тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғауды ғылыми негізде жоспарлау, құқықтық ережелерді дайындау, экономикалық ынталандыру техникалық - ұйымдастырушылық экологиялық, экономикалық шараларды белгілеу, оларды қаржыландыру және орындалуын қадағалау арқылы жүргізіледі.

Қоршаған ортаны басқарудың қағидалары:

1. Экологиялық таным қағидасы. Бұл экологиялық басқару процесінде мақсатқа жету барысында, озу мақсатында жасақталып дамуы қажет.

2. Іс-әрекетің экологиялық мотивация қағидасы. Оның іс-әрекеті экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мотивациялық құралдарды қолдану. Тәжірибе бойынша әкімшілік және қарулы күштер басқармасын қолдану тиімсіз.

3. Мамандану қағидасы. Бұл қағиданың мақсаты басқарушының экология

саласындағы білімін пайдалану арқылы арнайы жобаларды дайындау.

4. Озу қағидасы. Көптеген экологиялық проблемалардың алдын алу оңайға соқпайды. Экологиялық басқарудың барлық механизмі дағдарыстан, төтенше жағдайдан бұрын іске асырылуы қажет.

5. Мақсатқа жету және стратегия қағидасы. Экологиыялық басқару егер нақты стратегиясы болмаса және алға қойған мақсаты болжанылмаса, онда ол тиімсіз болып табылады.

6. Алдын алу қағидасы. Экологиялық проблемалар байланыстарын көрсететін, тіке және жанама әсер салдарын есептеу және шешім табу. Проблеманы шешуде және басқару шешімін табуда оның іс -әркет салдарын есептеуде экологиялы-экономикалық тұрғыдан қарау керек.

7. Жауапкершілік қағидасы. Экологиялық басқарудың әр-түрлі факторлар-ға байланысты туындайтын проблемаларына жауапкершілікпен қарау. [1, 10б] . Қоршаған ортаны басқару қағидасының механизмі 1-2- суретте көрсетілген:

Адамдардың шаруашылық қызметі қазіргі кезде биосфераны ластаушылар-дың негізгі көзі болып отыр. Табиғи ортаға күн сайын, сағат сайын өнеркәсіптің газ тәріздес, сұйық және қатты қалдықтары түсіп отырады. Осы қалдықтардағы әр түрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа түсіп, бір трофикалық тізбектен екіншісіне өте отырып, соңынан адам организміне келіп түседі . Бүкіл жер шарында осы ластаушы заттардың түспеген жері жоқ деп айтуға болады. Тіпті ешқандай өнеркәсіп орындары жоқ Антарктиданы алайық. Бұл жерде адамдар кішігірім ғылыми станцияларда тұрып, ғылыми бақылаулар ғана жасайды. Ғалымдар осы заманғы өнеркәсіптердің әр түрлі улы заттарын осы Антарктидадан да тапқан. Олар бұл жерге басқа жерлерден ауа ағындарымен келіп түскен.

Сурет 1. Экологиялық менеджментті басқару факторы бойынша жіктеу

Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өзінің табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай. әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері, адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелдіреді. Егер адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін.

Сурет 2. Қоршаған ортаны басқарудың функциясын жіктеу

2 сурет бойынша орталық функцияны әлеуметтік басқару функциясы атқарады. Екінші топта өндірістік-экономикалық функциялар, үшінші топта өндірістік - технологиялық функциялар.

Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды кайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға үлкен түтін шығаратын мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.

Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.

Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксохимия зауыттарымен, тау-кен өндіру және целлюлоза-қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт кышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді. және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.

Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық-түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады. Осы газбен тыныс алғанда, адамның тыныс жолдарының кілегейлі қабығын зақымдандырып, өкпенің ісік ауруын туғызады.

Қоңыр көмірді жағудың нәтижесінде ауаға күл бөлініп шығады. Ол ауыл шаруашылығы мен орман өсімдіктеріне әсер етеді. Әсіресе, көкөніс, жеміс-жидек өсімдіктеріне де зиянын тигізеді. Ластанған өсімдікпен қөректенген жануарлардың адамдарды организмдерінде физиологиялық өзгерістер болады.

Цемент зауыттарынан шыққан цемент шаңдары топырақта калий, кальций, магний элементтерінің көбеюіне себеп болады. Ал фосфор зауытына жақын жерлерде фосфордың мөлшері көбейеді. Құрамында мырыш пен қорғасын бар металлургия зауытының қалдықтары да өте улы әсер етеді. Осындай улы заттар жиналған өсімдікпен адам не жануар қоректенгенде олардың денсаулығына қауіп төнуі мумкін.

Организмнің осы улы заттарға төзімділігі әр адамнның өзінің жеке басының гигиенасына байланысты, ең алдымен денсаулығы, жасы мен жынысына байланысты болып келеді.

Аталған улы заттарға балалар, қарт адамдар және денсаулығы нашар ауру адамдар өте сезімтал қеледі.

Улы заттар адам организміне біртіңдеп жүйелі түрде жинала берсе, онда созылмалы улануға ұшырайды. Оның басты белгілері адамның тез шаршағыш-тығы немесе үнемі шаршап тұратыны, сезімі, ұйқы басуы немесе ұйқысының қашуы, бейжайлық, ұмыт-шақтық, көңіл-күйінің тез өзгеруі, зейінінің төмен-деуі. Улы заттар адамдардың қан айналым мүшелеріне, жүйке жүйесіне, бауырына әр түрлі әсер етеді. Улы химиялық қосылыстар адамның әрбір органдарының созылмалы қабынуына, жүйке жүйесінің өзгеруіне, адам ұрығының дамуына, жас нәрестенің ауру болып тууына әкеліп соғады.

Дәрігерлер адамдардың әртүрлі аллергиялық аурулары, өкпе демікпесі, қатерлі ісік ауруларының болуы сол аймақтың экологиялық жағдайымен тығыз байланысты екенін анықтап отыр. Сонымен қатар, хром, никель, бериллий, бензопирин, асбест, түрлі улы химикаттар сияқты тағы басқа өнеркәсіп қалдықтары - канцерогендік заттар болып табылады. Олардың адамдарда қатерлі ісік ауруларын туғызатындығы анықталды. Егер өткен ғасырда балалардың қатерлі ісік аурулары сирек болса, қазір балалардың арасында ол ауру өте жиі кездесіп отыр. Ал, химиялық заттармен ластану нәтижесіңде бұрын кездеспеген жаңа аурулар пайда болуда.

Адам денсаулығына зиян келтіретін улы химиялық заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекі түтінінің құрамына 4 мыңға жуық химиялық заттар кіреді, олардың көбі улы заттар. Олардың қырыққа жуығы қатерлі ісік ауруын туғызады. Темекінің уы сонымен қатар қолқаның созылмалы ауруын туғызады, сол себептен де темекі шегетіндер жиі жөтеледі. Темекі шегетін ата-аналардың жаңа туған нәрестелерінің организмінде улы газ бірінші жылы олардың канында бірнеше сағатқа дейін болады. Есірткі заттары да қолқа, өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады. Көптеген органикалық еріткіштер: авиациялық, желім, бензин, эфирі еріткіштер мен аэрозольдер буланып ауаға шығарылады. Егер осы заттардың буы көп мөлшерде организмге түссе жүйкені, миды, асқазанды және өкпенің ауруын туғызады. Кейде ол өлімге де әкеліп соғуы мұмкін.

Қоршаған ортаның қазіргі заманға нақты -проблемаларына тоқталсақ.

Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздері төмендегідей топқа бөлінеді:

Физикалық ластану - радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.

Химиялык ластану - көміртегі өнімдері, күқірт, көмірсулар, шайыңды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозолдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық құқық
ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫ
Мемлекеттің экологиялық функциясы
Экология құқығының ұғымы
Экологиялық құқықтың түсінігі мен пәні
Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Экологияның заңдылық жүйесі. Көздері және жіктелуі
Экологиялық мектептердің қалыптасуы жайында
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz