Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихы және институционалдық рөлі (1992-2010)


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихы

Жалпы мәліметтер

ЕҚЫҰ - құрамына 56 қатысушы мемлекеткіретін жалпы еуропалық ұйым. БҰҰ Жарғысының 8-тарауына сәйкес Еуропадағы дағдарысты қахуалдардың ерте алдын алу және оларды болдырмау, Еуропадағы қазіргі бар жанжалдарды және жанжалдан кейін қалыпқа келтіруді реттеудің басты құралы ретінде құрылған.

Ұйым қару-жараққа бақылау жасауды, алдын алу дипломатиясын, сенім шаралары мен қауіпсіздікті нығайтуды, адам құқықтарын, сайлауға бақылауды, сондай-ақ экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғандағы мәселелердің кең ауқымы мен айналысады.

ЕҚЫҰ қауіпсіздікті кешенді ұғым деп санайды және үш өлшемде -әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами өлшемдерде әрекететеді.

Венадағы Хопбург сарайының ЕҚЫҰ таңбасы бейнеленген кіреберісіндегі жалаулар ЕҚЫҰ (ЕҚЫҰ/Михаил Евстафиев)

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуының тарихы

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде - Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қолқойды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауынқа жететті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекет пен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көп жақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды.

Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған қадам ретінде қабылданды.

Жалпы еуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне белсене қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж. ), Будапештте (1994 ж. ), Лиссабонда (1996 ж. ) және Стамбұлда (1999 ж. ) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жыл сайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдікетеді. Қазақстандық парламентшілер Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына белсенді қатысуда.

1994 жылы Будапешт саммитінің қорытындысы бойынша, одан әрі институттандыру мақсатында Кеңес Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым болып қайта құрылды.

1995 жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға тікелей қатысуын қамтамасыз еткен, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты Өкілдігінің іргетасы қаланды. Ал 2008 жылдан бастап алдағы төрағалық тұрғысында Елші Қайрат Әбдірахманов басқаратын Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі жұмыс істеуде.

1995 жылы Ташкенттегі офисімен ЕҚЫҰ-ның Орталық Азиядағы өңірлік Бюросы ашылды. 1999 жылы ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы Орталығы ашылды, сосын ол 2007 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы болып қайта құрылды. Орталықты қазір Елші Александр Кельчевски (Франция) басқарады.

Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:

  • «Адам саудасына қарсы күрес - өңірлік жауап» атты өңірлік Орталық азиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр) ;
  • Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр - 2 маусым) ;
  • ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі - Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым) ;
  • «Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж. 26-27 наурыз) ;
  • ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым - 3 шілде) .

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫК отырысында. Хельсинки, 1992 ж. 8-10 шілде. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫК отырысында. Хельсинки, 1992 ж. 8-10 шілде.

Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдайды, болашақ еуропалық қауіпсіздік сәулетіне қатысты үнқатысуды ұйымдастырудын ығайтуға және оны дамытуға тырысатын болады

АСТАНА, 1 қаңтар 2010 жыл - Бүгі нҚазақстан ЕҚЫҰ төрағалығын қабылдап, ЕҚЫҰ құндылықтары мен қағидаттарын қалтқысыз ұстануға, барлық мүше-мемлекеттер мүдделерін ескеруге сонымен қатар еуразиялық кеңістіктің қауіпсіздігіне нақты үлес қосатын маңызды үнқатысу алаңы ретіндегі ЕҚЫҰ ролін дамытатындығын растайды.

«Қазақстан Ұйымда төрағалық ететін алғашқы орта азиялық ел және бұрынғы кеңе содағы республикасы. Бұл мүше мемлекеттердің тең құқыққа ие екендігі туралы қағидаттың күшінде екенінің дәлелі, сонымен қатар стратегиялық маңызды өңірде және ЕҚЫҰ кеңістігінде Қазақстан ролінің артуда екенін мойындау болып табылады., - деді ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы - Сыртқыістер министрі Қанат Саудабаев.

«ЕҚЫҰ төарағасы ретінде, Қазақстан бейтараптық және үйлесімділік қағидаттарын егізінде Венадан Шығыс пен Батысқасозылған ұйымның мүше-мемлекеттер ұстанымын жақындатуға, Ванкувердан Владивастокқа дейінгі кеңістіктегі ынтымақтастықтың нығаюы мен қауіпсіздіктің бекуіндегі Ұйым ролін өсуіне жағдай жасамақ.

Сөзін жалғасытра келе ол: «Қазақстан «Корфу процесін» жалғастырады және ұзақ қақтығыстар өңіріндегі ахуалды тұрақтандыру мен оларды шешудегі, халықаралық көлік дәліздерін дамытудағы, толеранттылық пен өзара түсіністікті нығайтудағы ЕҚЫҰ жұмыстарына жаңа серпін беруге тырысатын болады. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 65 жыл, Хельсинки қорытынды актісіне 35 жыл және жаңа Еуропалық Париж хартиясына 20 жыл толуы қарсаңына келетін ЕҚЫҰ Саммитіне дайындық пен оны ұйымдастыруға қатысты барлық ЕҚЫҰ серіктестерімен белсенді жұмыс жүргізетін болады. »- деді.

Қ. Саудабаев төрағалықты 2009 жылы ЕҚЫҰ-да төраға болған Грекия Премьер-министрі-Сыртқы істер министрі Георгиос Папандреудан қабылдапалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатынасы және 2010 жылғы төрағалыққа дайындық
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның БАҚ-тағы көрінісі: тарихи-институционалдық талдау
ЕҚЫҰ тарихы және Қазақстанның 2010 жылғы төрағалығы: Астана саммитінің нәтижелері
ЕҚЫҰ: тарихы, құрылымы, миссиялары және Қазақстанның рөлі
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға қатысуы мен 2010 жылғы төрағалығы: Астана Саммиті, қауіпсіздік пен қарусыздану бастамалары
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы: құрылымы, басымдықтары және Астана саммитінің маңызы
Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы: мәртебелі миссияның халықаралық-саяси мәні
Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ төрағалығы: халықаралық бедел, реформалар және басым бағыттар
ЕҚЫҰ (ОБСЕ): құрылуы, эволюциясы және 1975-2010 жж. дамуы; Қазақстанның төрағалығы мен бітімгершілік миссиялары
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының тарихы және Қазақстанның қатысуы (төрағалық - 2010)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz