Қала құрылысы



I. Кіріспе бөлім
1. Қала құрылысы.
2. Ежелгі Қазақстан қалалары
II. Негізгі бөлім
1. Түркістан қаласының даму тарихы
2. Алматы қаласының даму тарихы
III. Қорытынды
Қала құрылысы- қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы, қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайлары және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік – экономикалық және эстетикалық талғамын да ескереді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешеді: ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы тұрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық, аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық - техникалық талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мәдени - тұрмыстық, медициналық және тағы басқа мекемелердің қолайлы орналасуын еске ала отырып жасалынады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа құрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетеикалық талғамға сай өзара келісті архитектуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық ортаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық кебетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
I. Кіріспе бөлім
1. Қала құрылысы.
2. Ежелгі Қазақстан қалалары
II. Негізгі бөлім
1. Түркістан қаласының даму тарихы
2. Алматы қаласының даму тарихы
III. Қорытынды

Қала құрылысы- қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы, қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайлары және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік - экономикалық және эстетикалық талғамын да ескереді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешеді: ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы тұрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық, аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық - техникалық талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мәдени - тұрмыстық, медициналық және тағы басқа мекемелердің қолайлы орналасуын еске ала отырып жасалынады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа құрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетеикалық талғамға сай өзара келісті архитектуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық ортаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық кебетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.
Өндіріс, энергетика жүйесі , көлік ғылымының дамуы қала түзілудің басты аса маңызды факторлары болып табылады. Сондықтан, қала құрылысының көп ғасырлық тарихы бар. Республика аумағынан ертедегі адамдардың палеолит, неолит, қола дәуіріндегі қоныстарын дәлелдейтін белгілер көп табылады. Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрын екі мыңыншы жылдары Андронов мәдениетінің орталығы болған көне қоныстардың қалдығы сақталған. Біздің заманымыздан бұрынғы бесінші ғасырдан бастап Қазақстан аумағында- Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендері аңғарларында жылу жүйелері орнатылған үйлері бар алғашқы қалалардың қалдықтары табылды. Ол қалалар қалың қабырғалармен қоршалған.
6-12 ғасырлар аралығында қала құрылысы ерекше дамып, ізденген. Түркі тектес халықтардың қала салу мәдениетіне ертеден қала құрылысы өнерінің бай дәстүрі бар соғдылықтардың қоныстануы көп әсер еткен. Қазақстандағы қалалардың құрылымы мен дамуы орта Азия қалаларына тән сұлбалық типтен өзгеше болды. Орта Азия қалалары: аумақтық жағынан нақты шектелген цитадельден, жеке адамдарға тиісті шахристаннан, қала маңы рабадтар мен зираттардан тұрса, Қазақстан қалаларында бұл үйлесімділік сақталмаған. Кейбір қалаларда үйлесімділік болмаған, енді біреулерінде (Отырар, Сығанақ, Құмкент, Талғар, Қойлық ) шахристан онша байқалмайды да, рабад басым болып келеді. Мұның өзі бұл қалалардағы халықтың жартылай көшпелі өмір сүргенін көрсетеді. Қазақстанда 10ғасырда елді - мекендердің мынадай негізгі түрлері қалыптасқан: қағаздардың қалалық мекендері(Чигу, Ордакент, Суяб, Қойлық, Баласұғын), керуен жолындағы қалалар (Исфиджаб, Тараз, Отырар) ,сауда - қолөнерлік қалалар (Сығанақ, Құмкент, Созақ), феодал ақсүйектердің жекелеген қамал қорғандары мен жекелеген мекендерді өзара байланыстыратын орындар ретінде керуен сарайлар (Ақыртас, Баба ата, Ақ Сүйек, т.б.) және ауыл шаруашылығы қоныстары. Бұл кезеңде қала құрылысы төрт алшақта - Сырдария алқабында, Шу мен Талас аңғарларында, Солтүстік Жетісу өлкесінде және Орталық Қазақстан өңірінде дамыған. 13 ғасырда Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуының салдарынан оңтүстік өңірдегі барлық қалалар талқанданды. 17- 19 ғасфрларда Гурьев (Атырау;1640), Өскемен (1720), Петропавл (Қызылжар;1752), Семей (Доржынкент; 1756),Орал (1813), Қызылорда (Ақмешіт; 1863) тағы басқа жаңа елді мекендер, әскери бекіністер пайда болды. Бұл қалалар тар көшелерден тұрды. Жоспарлы - сұлбалық құрылымы жағынан 3 бөліктен тұрады: орталық аудандарға ақсүйектердің тас үйі, орталыққа тақау орналасқан әскер басылары, сарай өкімдері, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің тұрақ - жайлары, үшінші бөлікке қала шетіндегі кедейлердің лашықтары кірді. 19ғасырдан бастап отырықшылық күшейе түсті. Қарағанды, Риддер (Лениногорск), Зырянов секілді өндірісті қалалар пайда болды. Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола(Астана), Қостанай ,Талдықорған, Әулиеата (Тараз),Түркістан, тәрізді әскери бекіністер қалаға айналды. Қазақстанда 1925жылдан бастап қала салу ісі бір орталыққа негізделген жоспарлы садаға айналды. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік жоспарлау мекемесі құрылды. Халық аз орналасқан аймақ - Орталық Қазақстанда өндіргіш күштерді дамыту -Қарағанды, Балқаш қалаларын сатудан басталды. Түркісіб - Мойынты - Шу темір жолдары желілерін тарту Оңтүстік Қазақстанмен және Батыс Сібірмен байланыстыруға мүмкіндік берді және аймақтық табиғи байлықтарды игеруді тездетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңа өнеркәсіп орындары бой көтерді, аз қабатты үй құрылысы басым болды. Қала құрылысының дамуы баяулады. Атырау қаласының маңындағы Мұнайшылар қалашығы сол кезеңнің архитектуралық келбетін айқындап берді. Қазақстан Халком кеңесінің 1945 жылы қабылданған Қазақстанның облыс орталықтарын жобалау жоспарын жасау туралы шешімнен кейін барлық облыстық орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етілді. Республикадағы қалалардың бірыңғай топтық жүйесін : шахтерлер (Қарағанды, Екібастұз, Абай, Саран, Шахты), металлургтер (Өскемен, Балқаш, Жезқазған, Риддер, Теміртау), химиктер (Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қаратал, Алға), кеншілер (Рудный, Лисаковск, Қаражат), энергетиктер (Серебрянск, Ақсу) қалалары құпайды. Соғыстан кейінгі жылдары Ақтау, Жаңатас, Жаңаөзен және тағы басқа қалалар бой көтерді. 1985 жылы респубдика қала саны 85-ке, қала типтес кенттер197- ге, аудан орталығымен қосып есептегенде кеңшар кенттері7000- ға жетті. Халықтың 60%-ы қалаларды тұрды. Ел орталығының Алматыдан Астанаға көшірілуі де қала құрылысының өсуіне зор ықпалын тигізуде. Қазіргі қала құрылысындағы басты жетістік жаңа тұрғын үйлердің талапқа сай салынуы. Үйлер қазіргі заманғы дизайн талаптарына сай болуымен ерекшеленеді.
Ескі Түркістан қаласы (XV- XX ғ.ғ. бірінші ширегі).
Қазақстан қалаларының ішіндегі ең көне қалалардың бірі - Түркістан қаласы. Түркістан - Орта Азия мен Қазақстан халықтарының материалдық және рухани өмірінде маңызды орын алған Шығыстың көне қалаларының бірі. Ахмет Иассауи кесенесінің салынуына байланысты (XIV ғ. )Иасы қаласының көлемі тез арада батысқа және оңтүстікке қарай ұлғайып, аймақтың саяси орталығына айналды. Жазба деректерде қала жаңа атаумен - Хазрети Түркістан деп атала бастады. XVI ғасырдан бастап Түркістан атауы қалаға мықтап бекиді. Қазіргі күні қаланың орталық бөлігі - цитаделі және оны қоршаған шахарістаны сақталған. Цитаделінің көлемі - 2,6 гектар, шахарістаны- 23,5 гектар. Рабадының оңтүстік бөлігі ғана сақталған, көлемі-50 гектарға жуық. Қаланың цитаделінде археологиялық зерттеулер 1930 жылдардан бері (М.Е. Массон) бері жүргізіліп келеді. Соңғы жылдардағы зерттеулерді 1981 жылдан бастап Түркістан археологиялық экспедициясы жүргізіп келеді.1997-1999 ж.ж. жүргізіліп зерттеулер нәтижесінде қаланың цитаделі мен шахарістаны ғасырдың басында өалыптасқандығы анықталды. Екеуі де бекініс қорғанымен қоршалған, цитаделінің екі, шахарістанының төрт қақпасы болғандықтан тарихи деректерден белгілі.
Оныншы ғасыр жазбаларында Шауғар, Иасы деген атпен белгілі болып кеткен қаламыз кейіннен Түркістан деп аталыпты. Түрік сөзі түпкі мағынасы - батылдық, ер жүректі дегенді білдіреді екен. Ал стан сөзі - ел, халықтық атаулары жалғасып келетін парсы тілінен келген қосымша. Сонда Түркістан атауы - Батырлар елі ұғымын меншіктейді. Тарихи деректерге жүгінсек, сонау сегізінші ғасырға дейін Түркі және Батыс Қағанатының құрамына енген Шауғар немесе Иасы жаугершілік заманда бірде арабтардың, бірде қарлұқтардың, енді бірде оғыздардың билігінде орталығы (астанасы) болып келген. Тым алысқа бармай-ақ, өзімізге кішкене болса да жақындатып қарастырсақ. Есім хан (1598- 1628жж) Түркістан қаласын Қазақ хандығының астанасы етіп бекітіп, өз билігінің тәуелсіз екендігін көрсету үшін ақша соқтырған. Міне, сол уақыттан XIX ғасырға дейін Түркістан Қазақ хандығының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәулет және құрылыс өндіріс
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Мәліметтер қорын жүйелеу
Алматы қаласы мемлекеттік сәулет-құрылысы
Құрылыс саласында баға белгілеу жүйесін талдау
Қаланың қала құрылысы дамуының мақсаты
Алматы қаласының қазіргі экономикалық жағдайы
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ТУРАЛЫ
АГЛОМЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Риддер қаласының жерлерін аймақтарға бөлу
Пәндер