Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер. Ислам діні
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Алғашқы ағымдар суниттер, шейіттер және харажиттер юолып бағыттарға бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.3. Қазақстандағы мұсылманшылықтың тарихы, жағдайы,
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
ІІ Тарау Харажиттердің қалыптасуы және діни.саяси көзқарастары ... .26
2.1 Харижиттер және олардың идеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Харижиттер . алғашқы дінбұзар қауым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 Қазіргі Қазақстандағы харижиттер ілім туралы көзқарастар ... ... ... ... ... .49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ислам діні орта ғасырдың кейінгі кезеңінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Ірі ағымдардың пайда болуымен қатар, олардың аясында бөлініске ұшыраған тармақтары да жіктеле түсті. Ондай бөлінушіліктің аспектілерін айқындау, талдау бірнеше факторлардың белгілерін ашып береді. Діни көзқарас пен пайым тұрғысынан өзара тармақталған тұжырымдарға қоса, әлеуметтік-саяси қатынастар да өз ықпалын тигізді. Ислам дінінің негізгі қағидаттарына айналған құран кітаптың сүрелері мен аяттарына күмән келтіретін адасушы ағымдар пайда бола түсті. Соңғы халиф Әлидің өмірден озуымен ислам дініндегі саяси-діни ахуалда қарама-қайшылық тереңдей түсті. Сүнниттер мен шейіттер ағымына харижиттер ағымы қосыла түсті. Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІV-V ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік – экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
Сүниттер ислам дінін ұстанатын елдердің басым көпшілігінде қолдау тауып, осы күнге дейін озінің нақты принциптерін негіздеп келуде. Шейіттер ағымы Иран, Иракта негізгі сенімге айналып ол іштей тағыда салаларға бөлінді. Харижиттер ағымыда өзінің діни қағидалары мен сенім жолдары бойынша догмага себеп болды. Осындай ахуалдарға иек артқан ислам әлемі өзінің сыртқы дұшпандарына қарсы қорғаныстарында әлсіз тұсқа ие болды.

1. Ақназаров Х.З. Ислам діні және өмір шындығы , Алматы, Қазақстан, 1977, 8б.
2. Кішібаев Д. Қазақ менталитеті, кеше, бүгін, ертең. Алматы, Ғылым, 1999, 160 бет.
3. Ислам әліппесі, - Азбука Ислама ЖШС Фараби – энцеклопедист. Алматы, 2000, 3 б.
4. Бес ғасыр жырлайды: екі томдық. Алматы 1989, том 1, 93-97 б.
5. Назарбаев Н.Ә. «Сындарлы он жыл», Алматы, 2003, 110б
6. Т.И. Юраскина. «Религия в истории мировой культуры»5.4.2. Ислам как мировая религия.
7. Мұхаммад Зариф. Хикматзада. Б.3.2. Біз неге мұсылман болдық? Алматы «Әуен». 2002ж.
8. Құран . Наср сүресі.
9. Бекташ А. Тілегенова А. Дінтану. Шымкент., 2004.
10. Ислам энциклопедиясы Бас редактор Р. Нұрғалиев-Алматы Қазақ энциклопедиясы» 285-б.
11. Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. Анкара, 1999ж. 144-б.
12. Мұхаммед пағамбарымыздың ғадистері, Алматы., «Жазушы» 1993. 64-б.
13. Религии мира. В2-хт. М. Аванта 1996.
14. Хрестоматия по исламу. М., Наука 1994.
15. Пол Оливер. Мировые религиозные верование. Пер.с англиск. О. Перфицева, М., Фаир –Пресс. 2003.
16. Сейфеддин Языжы. Негізгі діни мағлұматтар. Алматы 2004.
17. Фурқан сүресі, 53 аят.
18. Рахман сүресі,19-20 аяттар
19. badr-info@mail.ru http://www.islam-ru.com/ 17LYUDI I/14SERDCA_ KOTORIKH/LIS_SRD_003.htm
20. Ясин РАСУЛОВ с www.yaseen.ru 2005жыл.
21. З. Каражигитов. Ислам в Америке тоже есть. Алматы .
22. Московский Центр Карнеги- Публикации-Книги- Ислам на постсоветском.
23. Полезная Газета №184. Политика. Ислам шагает по планете.
24. Ахмет Абдірахманұлы, Рахмет самалы, «Мұсылман елдеріне саяхат» № 3 тамыз 2004ж. 34-б.
25. Өмір журналы 2000 № 7-8 «Мусулмане во франции».
26. Ахмет Абдірахманұлы, Рахмет самалы журналы Мұсылман өлкелеріне саяхат. Маусым № 2 2004ж.
27. Хұжырат 49/10.
28. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. Сәуір № 1 2004ж.
29. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. Наурыз-сәуір 2005 34-37-бет.
30. Рахмет самалы журналы, Мұсылман өлкелеріне саяхат. қазан № 4 2004 36-бет.
31. Доктор Мурад Вильфред Хоффман. «Ислам и будущее мира»
32. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995ж. «Қазақстан» баспасы.
33. О. Көбеева. «Дінтану негіздері» А., 1998ж.

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
0.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.2. Алғашқы ағымдар суниттер, шейіттер және харажиттер юолып бағыттарға бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8
1.3. Қазақстандағы мұсылманшылықтың тарихы, жағдайы,
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІІ Тарау Харажиттердің қалыптасуы және діни-саяси көзқарастары ... .26
2.1 Харижиттер және олардың идеологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2 Харижиттер - алғашқы дінбұзар қауым ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .36
2.3 Қазіргі Қазақстандағы харижиттер ілім туралы көзқарастар ... ... ... ... ... .49
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ислам діні орта ғасырдың кейінгі кезеңінде күрделі өзгерістерге ұшырады. Ірі ағымдардың пайда болуымен қатар, олардың аясында бөлініске ұшыраған тармақтары да жіктеле түсті. Ондай бөлінушіліктің аспектілерін айқындау, талдау бірнеше факторлардың белгілерін ашып береді. Діни көзқарас пен пайым тұрғысынан өзара тармақталған тұжырымдарға қоса, әлеуметтік-саяси қатынастар да өз ықпалын тигізді. Ислам дінінің негізгі қағидаттарына айналған құран кітаптың сүрелері мен аяттарына күмән келтіретін адасушы ағымдар пайда бола түсті. Соңғы халиф Әлидің өмірден озуымен ислам дініндегі саяси-діни ахуалда қарама-қайшылық тереңдей түсті. Сүнниттер мен шейіттер ағымына харижиттер ағымы қосыла түсті. Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІV-V ғасыр дүниенің үш бөлігіне - Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі - Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы - бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы Омейядтар халифаты кезінде және Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарында құрылған араб халифаты ХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің жаулап алушылығына дейін экономикалық - мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамы ала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер, парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды. Оның жоғары дәрежеде дамыған, бір орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік сауда жүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелі түрде жиналатын алым-салықтар қалады. Қазынаға түсетін байлық, әлеуметтік - экономикалық және мемлекеттік құрылыс - яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларға тән құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
Сүниттер ислам дінін ұстанатын елдердің басым көпшілігінде қолдау тауып, осы күнге дейін озінің нақты принциптерін негіздеп келуде. Шейіттер ағымы Иран, Иракта негізгі сенімге айналып ол іштей тағыда салаларға бөлінді. Харижиттер ағымыда өзінің діни қағидалары мен сенім жолдары бойынша догмага себеп болды. Осындай ахуалдарға иек артқан ислам әлемі өзінің сыртқы дұшпандарына қарсы қорғаныстарында әлсіз тұсқа ие болды.
Діни ағымдардың адасушы бөліктері харижиттер, кубрайттар, каландарлар секілді ағымдары билік басындағы қауымдарға да әсер етіп олардың саяси рөлін айқындап отырған. Қарапайым халықты сол ағымға күштеп енгізу, өз сенім ағымынан бас тартқызу турасындағы үрдістерде орын алды. Осыдан келіп те батыс зерттеушілері ислам дінінің негізгі қағидаларына сын көз танытуға бой ұрды. Орта ғасырдың орта шенінде ислам дінінің гүлденге шағы болып есептелді. Оны алтын дәуір немесе ғасыр деп аталынды. Ислам дінінің ғылым мен өркениетке, білімге шақыратын қағидалары мен үндеулері өз жетістіктерін берді. Еуропа халқы Шығысқа қызығып та қызғанышпен де қарады. Осыған байланысты әйгілі крест жорықтарын да ұйымдастрды. Өздерінің тыңшыларымен іріткі әрекеттерін жан-жақты жүргізіп көрді.
Мұхаммед пайғамбардың жеке тұлғасы мен оның қалдырған өсиет сөздеріне (сүннет) сыни көзқарас танытушылардың пайда болуы, жеке мүдделердің орын алуы ағымдарға бөлінушілікке алып келді. Сүниттер мен шейіттер ағымы арасындағы күрес пен талас-тартыс осы күндерге дейін жалғасып жатқандығы белгілі. Оған Иракта осы ғасырдың басында өршіген діни-саяси қарама-қарсылықты атасақ та жеткілікті. Харижиттер ағымы туралы зерттеулердің аса жеткілікті болғанына қарамастан өз деңгейінде зерттелгенін атап өту қажет. Харижитер ағымының исламның басқа тармақтарынан ерекшелігін, өзіндік белгілерін отандық дінтану саласында дәйекті түрде жете тану белгілі мақсатқа айналып отыр. Халқымыздың осы ағым аясындағы діни түсінігін ашып нені саралап, бағдар алуына көз жеткізуде маңызды қадам болмақ. Осы мақсатта осы жұмыстың басты негізгі бөлігінде харижиттердің өмірге келуі мен алғышарттарына кең тоқталып өту бастамаға алынып отыр. Харижиттер ағымының діни аспектілері мен қағидаларын талқылау мен талдау діни сауаттылық пен мол хабардар болуды талап ететіндігі сөзссіз. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы "Қазақстан - 2030" деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси - экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мен діни ахуалдары мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Ислам дінінің әлемдік діндер қатарындағы орны мен қалыптасуына салыстырмалы көзқарас танытып өзіндік пікір таныту. Ислам дінінде ағымдардың пайда болуына жағдай жасаған аспектілердің себеп-салдарын айқындау арқылы олардың теріс және оң ықпалдарын айқындау. Орта ғасырдағы ислам әлемінің саяси-әлеуметтік баға беру. Харижиттер ағымының пайда болу арғышарттарын тарихи негізде зерделеп оның қалыптасу кезеңдеріне, басқа ағымдармен қатынасына діни-философиялық методологиялармен анықтау да мақсатымыздың басты шарттарына ие болып табылады.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Тақырыптың міндеттері ретінде келесідегідей критерилерді аламыз: Ислам дінінде ағымдардың пайда болуына негіз болған факторлардың маңызына ғылыми көзқарас тұрғысынан кең тоқталу; Ағымдардың арасындағы қарама-қайшылықтарға діни-тарихи аспектіде баға беру; Адасушы ағымдардың өмірге келуі және олардың догма мен фанатизмге, аскетизмге бой ұруларын ислам дінінің қағидалары бойынша сынға алу. Харижиттер ағымының өзіндік ерекше элементтерін айшықтау және құран кітабы мен пайғамбар сүннетінің талап-тілектеріне қаншалықты жауап беретін сабақтастығына кең мағынада тұжырым таныту.
Зерттеу жұмысының методологиялық құрылымы: Жұмысымызда діни-философиялық және тарихи-әлеуметтану концепциялары мен методологиялық әдістері кең қолданылады. Ретроспективтілік әдісін қолдану арқылы біз жұмыстың обьективтілігіне жол ашамыз. Салыстырмалы талдау әдісін қолдану арқылы ислам діні ағымдарының өзара сабақтастығына терең түрде көз жүгірте аламыз. Шариғаттың қағидаларын қолдана отырып ағымдар мен тармақтарды талдау-саралау әдісі олардың діни функцияларды қаншалықты атқарғандығы мен сенім-ілім аясындағы ықпал өрістерін айқындай аламыз.
Зерттеу жұмысының нысаны: Жұмысымыздың нысанына ислам тарихындағы негізгі ахуалы және оның ішкі құрылымдары болып табылмақ. Ағымдар тарихы мен олардың қалыптасу жолдары саяси күштерге ие болуы мәселелерін нысан көзі ретінде қарастырамыз. Харижиттер ағымының пайда болуы мен оның діни көсемдеріне жан-жақты тоқталамыз. Харижит ағымының ерекшеліктеріне және діни-саяси көзқарастарының ислам қағидаларымен терең байланысына көз жүгіртеміз.
Зерттеу жұмысының территориялық шеңбері: Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы Еуразия құрлығының Азия бөлігін қамтиды. Оның ішінде Таяу Шығыс пен Араб түбегі және Парсы тілді елдердің территориялық бірлігіне шолу жасаймыз. Жұмысқа отандық дінтанушылар мен тарихшылардың еңбектерін қолдану барысымен Қазақстанды да қамтып өтетітіндігімізді атап өту қажет. Елімізде қалыптасып жатқан діни ахуалды жүмыстың нысаны мен салыстырып зерттеу аса маңызды болмақ.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы: Диплом жұмысының тәжірибелік мәнін үш тұрғыдан көрсетуге болады. Біріншіден, зерттеу нәтижелерін діни-тарихи оқулықтар жазуға пайдалануға болады. Екіншіден, зерттеу материалдарын исламға қатысты іргелі монографиялық еңбектер жазу барысында қолдануға болады, себебі диплом жұмысы Азияның үлкен бір аймағында болған мұсылмандық үрдістерді қамтиды. Үшіншіден, зерттеу жұмысының нәтижелері қазіргі кезеңде діни-конфессионалды саясатты дайындау және жүргізуде пайдаға асады. Сонымен қатар, тарих және дінтану мамандығында оқитын студенттерге арнайы курстарды оқытуда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері: Хронологиялық шеңберіне ислам дінінің даму жолы басталған VII ғасырдың І-жартысынан бастап XXI ғасырдағы ислам дінінің діни-саяси ахуалына дейін қамтылады.
Зерттеу жұмысының тарихнамасы мен зерттелу деңгейі: Тақырып ислам діні мен тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі Құран кәрім және Мұхаммед пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Ислам дініндегі ахуалдарды білу мен халықтарының өміріндегі өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен исламтанушы отандық ғалымдардың еңбектері басты дерек болып табылады. Ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға болады. V-VІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы, тұрмыс салты, мәдениеті мен діни нанымдары жөніндегі мәліметтерді біз исламдыққа дейінгі, яғни, ежелгі замандағы араб өлең жолдарынан аламыз. Яғни, ертедегі араб поэзиясы V-VІ ғғ. арабтар туралы деректер көзі жайында Крачковский И.Ю. былай дейді: Ол өлең - жырлардың құндылығы - сол кездегі араб тайпаларының өмірін, оның қоршаған ортамен қатынасын фотография дәлдігімен бейнелеуінд[3-84]. Сондықтан да мамандар бұл жырларды ислам дініне дейінгі араб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.
Сопылық ағымдар мен харижиттер туралы зерттеу жұмыстарын белгілі батыс ғалымы Дж. С.Тримингэм Суфийские ордены в исламе атты еңбегінде негіздеген болатын. Оның еңбегінде харижиттер ағымының сопылық іліммен арасындағы өзара қатынасы өзекті түрде жазылған болатын.
Ежелгі замандағы, исламға дейінгі араб халқын, ақын - жырауларының шығармаларында бейнеленген V-VІ ғғ. Арабияның жағрафиялық ортасын зерттеуде жаңа заман кезіндегі саяхатшылар жинаған әртүрлі бай материалды да қоса пайдалану қажет. Ежелгі ислам дініне дейінгі Аравияның табиғи ортасы ХІХ ғасырға дейін айтарлықтай өзгеріске ұшыраған жоқ. Ислам діні қалыптасқанға дейінгі арабтар поэзиясын VІІІ - Х ғасырларда оларды жинаушылар мен редакторлар біраз толықтырып, өзгертті де.
Батыс Еуропалық оқымыстылардың арасында ХІХ ғасырдың 50 - 70 жылдарында ол поэзия шынымен Ү - ҮІ ғасырлардағы авторлардың шығармалары ма, жоқ әлде олардан кейін, халифат құрылғаннан соң, яғни VІІІ - ІХ ғғ. шығармалар емес пе деген күдіктен соң, болды. Әрине, бұл сұраққа жауап іздеушілер әртүрлі көзқараста болды. Бірақ, негізінен сол V - VІ ғғ. авторлардың шығармалары деген тұжырым жасалды.
Бұл мәселені ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ағылшын шығыстанушысы Маргомус С. Пен египеттік оқымысты Тахао Хусейн күн тәртібіне тағы қойды. Ол екеуі исламға дейін жазылды деп жүрген поэзияның авторлары халифат кезіндегі ақын - жыраулар деп жариялады. Бірақ, бұл пікір осы екі оқымыстылардың ғана пікірі болып қалды. Ғылым исламға дейінгі поэзияның шындық екенін, жәнеде сол кезде (ІV - V ғғ.) жазылғанын мойындайды. Дегенмен біраз осымшалар, толықтырулар, анықтамалар енгізілгендігін жоққа шығармайды.
Араб поэзиясы жөніндегі ең көрнекті маман Крачковский И.Ю. осы пікірді қолдайды. Оның дәлелі - орта ғасырлардағы авторларда шығармалардың кейіпкерлері, мінез - құлық, әрекеттері кездеспейді.
Айтылып отырған кезең туралы ең құнды деректердің бірі 1135 жылы қайтыс болған Шахрастанидің "Кітап ал - милал ва - нихал" (Діни секталар мен философиялық мектептер кітабы) деген еңбегі. Ол шығармада исламға дейінгі арабтардың діни нанымдарын, әдет - ғұрыптарын баяндайтын жеке тарауы бар.
Арабтардың алғашқы қауымдық құрылыстағы өмірі туралы мәліметтердің тағы бір құнды дерегі Ибн-Халдунның Мукамидимасы. Ол арабтардың шаруашылықтары мен қоғамдық құрылысына көп көңіл бөлген. Автор арабтарды көшпелі халықтар деп суреттейді. Оның еңбегінде ислам ағымдары туралы мардымды мәліметтер кездеседі. Харижиттер мен сопылық ағымдардың мінез-құлықтары мен өзара айырмашылықтары турасында әл-Макдиси жазып кетеді.
Исламға дейінгі арабтар туралы олардың көршілері де біраз мәліметтер қалдырды. Бірақ, оларды құнды деп айту қиын. Себебі, олар көршілері арабтарды жете білмеген. Тарихшылар үшін тек сириялық жылнамалар біраз құнды дерек көзі болып табылады. Арабтардың Ү - ҮІ ғғ. қоғамдық құрылысын зерттеушілердіңішінен бірінші орынға Робертсон Смитті қоюға болады. Оның Ертедегі Аравиядағы туыстық және неке атты еңбегі 1885 жылы Кембриджде басылып шыққан.
Айтылып отырған кезең туралы құнды еңбектің бірі Юлиус Вельхаузеннің Араб пұтқа табынушылығының қалдықтары деген шығармасын айта кетуге болады. Ол Берлинде 1927 ж. жарық көрген. Исламға дейінгі арабтардың өмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы туралы деректер Анри Ламменстің бірінші еңбегінде орын алған. V - VІ ғғ. арабтар жайында Леон Каэтанидің екі томдық "Шығыс тарихының очерктері" (Милан, 1911 ж.) атты еңбегінде келтірілген. Бірінші томында Исламға дейінгі Аравия, Ежелгі арабтар геологиялық-климаттық, әлеуметтік - экономикалық жағдайы туралы біраз мәліметтер береді. Ислам діні қалыптасуы қарсаңында арабтар туралы мәліметтердің тағыда бір құнды көзі - Джирджа Зейданның "Исламға дейінгі арабтар" деген еңбегі. Сонымен қатар Кассэн де Персевальдың 1847 жылы шыққан "Исламға дейінгі арабтар тарихы", А. Мюллердің Санкт-Петербургте 1895 жылы жарық көрген "Ислам тарихы", А.Е. Крымскийдің Москвада 1911 ж. басылып шыққан Арабтардың, араб әдебиетінің тарихы деген сияқты еңбектерді атап өтуге болады. Исламның шығуы туралы негізгі дерек Құран болып табылады. Оны Осман халиф (644 - 656 жж.) ауызшадан жазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады. Бұл қасиетті кітапта Алла тағаланың 77934 сөзі жазылған. Келесі маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысында жазылған Мединалық Ибн-Исхактың "Алланың өкілінің өмірі - Сират расул Аллах деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген филолог Ибн ишамның өңдеуімен жеткен. Сиратқа қосымша болып табылатын Вакыдидің (747 - 823 жж.) әскери жорықтар кітабы - Китаб ал - Магази - Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңызды дерек болып табылады. Ислам туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы алғашқы шығармаларды визаниялықтар жазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әрі жиі соғысып, әрі экономикалық, мәдени қатынастарда болып тұрды. Византиялық ресми православие бағытын ұстанушы грек - византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары жалған пайғамбар, исламның шығуына себепкер деп есептеген Мұхамедке дұшпандық сезіммен қарады. Сондықтан да византиялық әдебиетте ислам бұрмаланған түрде бейнеленген.
Батыс Еуропада ислам туралы мәліметтерді алғаш рет крест жорықтары кезінде өздеріне қас дұшпан болып көрінген дінге идеологиялық қарсылық көрсету мақсатымен католик миссионерлері тарата бастады. Бірінші крест жорығынан кейін ХІІ ғасырларда Испанияда тұрған, араб тілін жақсы білген Католик монахы Роберт Кетензис Құранды латын тіліне аударды. Бұл аударма исламды жоққа шығару мақсатын көздеген клюнилік аббат Петр Благочесивыйдың бастамасы бойынша жасалды. Мақсатқа сай Құран көптеген бұрмаланушылыққа ұшырады. Құранның осы алғашқы аудармасы тек 1543 жылы Швейцариядағы Базельде басылып шықты [1-112].
Ислам тек өткен ғасырда ғана ғылыми зерттеудің объеткісі бола бастады. Еуропалық шығыстанушылар сол кездегі тарихнаманың деңгейіне сай исламның шығуын Мұхаммедтің қызметіндегі оның жеке басының ерекшеліктерімен байланыста қарастырады.
Мұхаммедтің өмірбаянын алғаш ғылыми тұрғыдан зерттеген австриялық дәрігер, әрі шығыстанушы Алонс Шпренгер (1813-1893 жж.) болды. Оның Мұхаммедтің өмірі мен ілімі бір дегеннен еңбек ескіріп, өз мән - маңызын жоғалтты. Шпренгер бірден - бір дүниежүзілік дін деген қате көзқараста болды. Сол себепті де оның шығуын әр қадамынан бастап талдай аламыз", - деп есептеді. Бұл арабистің мұндай қате көзқарасы оның мұсылмандық тарихи - діни материал - Сират расул Аллах пен хадистер жинағына сын көзбен қарамағандығының жемісі [14].
Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі келесі бір Еуропалық ғылыми еңбек - ағылшын Уильям Мюирдің Лондонда 1856 жылы жарық көрген Мұхаммедтің өмірі деген шығармасы. Шпренгерге қарағанда У. Мюир (1819 - 1905 жж.) отарлардағы христиан миссионерлігіне тән деректі айыптаушылық, дұшпандық пікір білдірді. Исламның шығуын ол Мұхаммедтің шайтанның азғыруына түсіп кетуінің нәтижесі деп түсіндірмекші болды. Орта ғасырлық түнек рухында жазылған Мюирдің бұл шығармасының ғылыми құндылығы жоқ.
Исламның шығуының әлеуметтік себептерін анықтауға бірінші болып неміс арабисі Губерт Гримме (1864 - 1942 жж.) өзінің Мұхаммед" атты еңбегінде әрекет жасады. Бірақ оның Мұхаммедтің меккелік қызметі кезінде туа бастаған ислам - дін емес, социалистік қозғалыс, әрі ілім болды, - деген тұжырымы сын көтермейді. Гриммнің еңбегінде келтірілген нақтылы материалдар назар аударарлық.
Монтгомери Уотт жазған өмірбаян Мұхаммед - Меккеде" және Мұхаммед Мединада деген екі кітаптан тұрады. Ол кітаптар Оксфордта 1953 - 1956 жылдары жарық көрген. Ф. Бульдің кітаптары жарық көрген. Ф. Бульдің кітабымен салыстырғанда М. Уоттың бұл екі кітабы өте бай материалды қамтыған. Ол материал тек хронологиялық тәртіпке ғана емес, жекелеген мәселелер бойынша да жүйеге (мыс., Мұхаммед және еврейлер, Мұсылмандық мемлекеттің сипаты, Қоғамдық құрылыстағы реформа т.с.с.) келтірілген. Бірақ бұл еңбектің ғылыми құндылығы төмен себебі, автор мұсылмандар арасындағы аңыздарға күмәнсыз иланып, араб - мұсылмандық тарихнама дәстүріне сын көзбен қарамаған.
ХХ ғғ. басынан бастап бері жарық көріп жатқан Мұхаммед жөніндегі әдебиеттің ғылыми құны өте төмен.
Араб мұсылман тарихшылары жазған Мұхаммедтің өмірбаяндары Ибн Исхактың Сиратын ғылыми сын тұрғысынан талдамай, сол күйінде баяндау ғана болып келеді [1-59].
Бұл еңбектердің ішінен Мұхаммед Хусейн Хейкеалдың Хайат Мұхаммед (Мұхаммедтің өмірі) деген шығармасын ерекше атап етуге болады. Ол 1947 жылы Кайрде басылып шықты. Құранға сүйене отырып Хейкал ислам діні іскерлік пен бәсекелесті (конкуренция) қолдайды деген тұжырым жасайды. Мұсылман өркениетін рухани негіз, ал батыс өркениетіне қарсы қылады. Оның пікірінше, мұсылман өркениетіне рухани негіз, ал батыс өркениетіне экономикалық негіз тән. Батыс пен мұсылман әлемі арасындағы тағы да бір ерекшелік - Батыс мемлекет пен шіркеу арасында тынымсыз күрес жүріп отырса, мұсылмандар әлеміне бұл екі институт бір - біріне толықтырып, тығыз ынтымақтастық өмір сүруде.
Хейкаль исламның социалистік сипатына да жағымды баға береді. Орыс авторларының ішінде В. Соловьевтің "Магомет" деген Мұхаммедтің өмірбаяны жөніндегі шығармасы кең танымал болды. Ол Санкт - Петербурда 1896 ж. жарық көрген болатын (Алматыда - 1990). Сондай - ақ М.Н. Петровтың Магомет Пройсхождение ислама атты еңбегі де көңіл аударарлық. Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен қызметін проф. А. Е. Крымский едәуір зерттеді. Ол "Источники для истории Мұхаммеда" деген деректер жинағын жариялады. Сонымен қатар "История мусульманства" және История арабов деген еңбектерінде ислам дініне көңіл бөлді. Вашингтон Ирвингтің Жизнь Магомета деген кітабы орыс тіліне аударылып, оған, Н. А. Добролюбов пікір жазған. В. Ирвингтің бұл еңбегі тарихи роман жанрына жақын, яғни ғылыми құндылығы төмен.
Ислам дінінің шығуына советтік ғылыми әдебиеттерде әжептәуір көңіл бөлген. Бірнеше теориялар қалыптасты. Оның біріншісі М.Н. Поеровскийдің тарихи концепцияларының ықпалы мен қалыптасқан. М.А. Рейснердің сауда - капиталистік теориясы дүрілдеп тұрған Марксизм - Ленинизм іліміне жат бұл тория 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында кеңінен жайылды. Сонымен қатар "көпшілік" және "егіншілік" теориялары да белгілі болды. Көпшілік теориясы бойынша ислам алғашында Аравияның бедуиндер бұқарасының мүддесін көздеді, солардың идеологиясы болды. Ал екінші теория шаруашылық өмірдегі диқандардың рөлін шектен тыс асыра көтермелеп, алғашқы ислам кедей шаруалардың идеологиясы болды деген пікірді дәлелдеуге тырысты. Мұхаммедтің өмірбаянын, ислам дінінің шығу себептерін белгілі орыс жазушысы В. Панова (1905 - 1973 жж.) мен оның ұлы, әйгілі арабтанушы Ю. Бахтин бірлесе зерттеген. Олардың 60- шы жылдары жазылған " Мұхаммед пайғамбардың өмірі: Тарихи толғау" атты еңбектері кезінде Жазыл рап сериясына арнайы жазылғанымен жарық көре алмай қалған болатын. Шын мәнінде бұл тарихи толғау әлем әдебиетіндегі тарихи деректерді ең мол қамтыған Мұхаммед Ғалаиһи С-Саламның толық өмірбаяны [2-25]. Бұл өмірбаянды Жазушы" баспасы қазақ тілінде 1993 жылы басып шығарды. Ислам әлемі баспасы дүниеге келіп, діни кітаптар шығаруды қолға алды (Егемен Қазақстан 21. 03. 1997ж.). Енді Мұхаммед пайғамбарға, арабтарға арналған әдебиеттер көптеп шығарылады деп сенеміз. Ол еңбектердің Қазақстан тарихын, байыта түсетініне күмән жоқ. Зерттеу барсысында Қазақстандық зерттеушілерінің көзқарастары өзара және басқа да зерттеушілерінің пікірлері мен қатар талданып салыстырмалы тарихи зерттеу әдісі қолданылды. Жұмысты жазуда Батыс пен Шығыстың өзара ықпалдастығы Еуразияшылықтың тарихи тамырлары жөнінде соңғы жылдары жаңаша тұрғыда көп зерттеу жұмыстарын жүргізіп жүрген Қазақстандық тарихшы Қ.Т. Жұмағұлов еңбектері бағыт- бағдар беретін әдістемелік теориялық негіз ретінде қолданылды.
Зерттеу барысында қол жеткізілетін нәтижелер: Тақырыпты зерттеу барысында орта ғасырдағы ислам діні мен қазіргі таңдағы ислам дінінің арасындағы өзара байланыстың сабақтастығы айқындалады. Ағымдардың пайда болуы мен оларға алғышарт болған факторлар айқындалады. Харижиттер ағымының өзге ағымдардан ерекшелігі мен діни-философиялық айырмашылықтары зерделенеді. Ең бастыларының бірі қазіргі өскелең ұрпақтың ойына діни нақты түсінік бере алатын зерттеу жүмыстарының бірі ретінде болашаққа із салады. Жұмыс алдағы уақыттар өзге де ғылыми-оқу сатыларында магистратурады жалғасын табатындығына сеніміміз мол.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысымыз кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер бөлімінен тұрады. Кіріспе бөлімі өзара бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар-жұмыстың мазмұны мен мақсат-міндетін айқындайды. Негізгі бөлім екі тараудан екі тарау өз кезегінде екі-екіден төрт тараушадан тұрады.
І. Тарау. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы діни ахуал: қатынастар мен үрдістер.
1.1 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы дін
аралық негіз.
Қазіргі таңда адамдардың діни сенімдеріне қатысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында былай делінген: Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Адамның қандай діни сенімде екені, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде президент Нұрсұлтан Әбішұл Назарбаев Қазақстан-2030 деген Қазақстан халқына жолдауында Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ;-деген болатын.
Конституцияның бесінші бабында дін және діни бірлестіктер туралы былай жазылған.
1. Мақсаты немесе іс-әрекеті Республиканың Конститутциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, әлеуметтік нәссілдік, ұлттық, діни тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруға бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.
2. Республика басқа мемлкеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарының діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азамматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол бермейді.
3. Шетелдік діни бірлестіктердің Республика аумағындағы қызметі; сондай-ақ шетелдік діни орталықтардың Республикадағы діни бірлестіктер басшыларын тағайындауы Республиканың тиісті мемлекеттік органдарымен келісі арқылы жүзеге асырылады.
Он төртінші бабта былай жазылған:
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тегіне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды
4. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіненұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатігездік пен зорлық зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
Демек, дін және діни бірлестіктер туралы құқықтық конституциялық негіз жасалған. Бірақ бүгінде 1992 жылы қабылданған Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңды 1995 жылы қабылдаған соңғы конституция негіздеріне сай етіп, қайта толықтыру мәселесі басылым беттерінде талқыланып жатыр.
Қазақстан Республикасы тәуілсіз ел болып жарияланған соң, дін бостандығы жаңа арнаға түсті. Кеңес империясы негізінде атеизм мемлекеттік идеология болғандықан діни әрекетке шектеу қойылған болатын. Маркстік - Лениндік ілімнің келмеске кетуімен бірге атеизм бұрыңғы күшін жойды. Атеистік дәстүр орнына дінге сену ісі өріс алды. Қазіргі Қазақстанда 46 конфессия мен дениминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік құқық қорғау орындарында тіркелген. Сонымен қатар 246 шетелдік миссионер республика көлемінде әрекет етуде. Мұның бәрі 1992 жылғы Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңмен реттелген. Соңғы халық санағы бойынша қазақтардың еліміздегі үлес салмағы елу пайыздан асқандықтан ислам дінің қоғам орнындағы орны ерекше.2
Мұсылмандар діни басқармасының мәліметтеріне қарағанда қазіргі Қазақстанда 24 этностан тұратын ІІ миллион мұсылман бар. Мұсылмандар діни бірлестігінің саны 1313. Қазір көптеген елді мекендерде мешіттер салынып, олар өз міндеттеріне сай қызметтер атқаруда.
Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы 1990 жылдан бастап дербес қызмет атқара бастады. Бұған дейін Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасына бағынып келген. Осы уақыттан бастап Ислам дінін тарату ісі жетіле түсті. Елімізде жиырмадан аса медресе, 1977 жылдан бері Алматыда Ислам институты діни мамандар даярлауда. Арнайы дінтану факультеттері, Шымкенттегі Халықаралық Қазақ-Араб университеті сонымен қатар Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Қазақ-Түрік университеттерінде бар.
Діни басқарма тарпынан Ислам әлемі (1997 жылдан) деген атаумен 2000 жылға дейін көпшілік бхаралық журнал шығарылып, кейін ол журнал Ислам және өркениеті деп аталатын газет ретінде қайта жаңғырып көпшілік қауым игілігіне ұсынылды. Сонымен қатар діни басқарма тағы да басқа бірқатар діни басылымдарды жарыққа шығаруда.
Діни басқарманы араб тілі мен әдебиетінің маманы, дінтанушы профессор, басмуфти Әбдісаттар Қажы Дербісәлі басқаруда.
Ислам діні Қазақстанда мемлекеттік дін болмағанымен жұртшылық арасында беделі зор. Республикада Ислам дінінің өрістеуіне шетелдік мұсылман елдері ресми тұрғыдан ынта білдіруде.
Мемлекет аумағы 1,052,540 шаршы милль, ал халық саны мемлекеттік агенттіктің 2006 жылғы қаңтар айындағы статистикасына сай 15, 219, 300 адам. Этникалық жағынан халқы көп тектес және әр түрлі діни топтар кездеседі. Көшпенділік және кеңес тұрмыс-салтының ішінара ықпалына байланысты кейбір тұрғындар өздерін ешқандай дінге жатқызбайды. Бірнеше зерттеушілердің пайымдауынша және жүргізілген сауалнамалардың көрсетуінше, халықтың діни сенімі және діни ғибадат ету рәсімдеріне қатысу деңгейі төмен. Үкімет тіркелген конгрегациялар мен ұйымдар саны жөнінде статистика жүргізеді, алайда әр бірлестіктің көлемі жөнінде мәлімет жоқ. Діни ұйымдар жайында соңғы толық және сенімді статистика көрсеткіштерін 1999 жылы өткен халық санағынан алуға болады. 1999 жылдан бері тіркелген, құрамы жағынан шағын конгрегацияға жататын топтардың саны айтарлықтай өскенімен, Қазақстан үкіметі белгілі бір дінге сенушілердің пайызы бірқалыпты деп санайды. 3
Халықтың жартысын құрайтын этникалық қазақтар мен 10 пайызын құрайтын этникалық өзбектер, ұйғырлар және қырғыздар Ханафи мектебінің суннидтеріне жатады. Халықтың 1 пайыздан кем бөлігі біріккен басқа исламдық топтарға шафид суннидтер (әдетте шешендер), шиаттар, суфисттер және ахмадилер жатады. Өздерін мұсылман деп танығандардың басым көпшілігі елдің Өзбекстанмен шекаралас оңтүстігінде шоғырланған. Құрамы едәуір үлкен этникалық орыстар, саны жағынан шағын украиндар мен беларустар православиялық христиандар болып табылады. Бұлардың барлығы бірігіп, халықтың үштен бірін құрады. Шамамен халықтың 1,5 пайызын этникалық немістер құрайды. Олардың көпшілігі римдік католиктерге немесе лютерандарға жатады.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматтарына сүйенсек, протестандық христиандардың конгрегациясы орыстардың православиялық конгрегациясынан саны жағынан жоғары, алайда протестандық дінді ұстанатындардың саны көп емес секілді. Осы құжат қамтитын уақыт барысында Қазақстан үкіметі 93 дәстүрсіз протестандық христиандардың шіркеуі және осы шіркеулерге қызмет ететін 45 шетел миссионері тіркелгенін хабарлады.
Елде баптистік екі топ: Евангелиялық христиандар мен баптистер шіркеулерінің кеңесі (Шіркеулер кеңесі) және Евангелиялық христиандар мен баптистер одағы (Баптистер одағы) болды. Алайда сенушілері 1000-ға жуық Шіркеулер кеңесі жөнінде нақты статистика болмағанымен, Баптистер одағының сенушілер саны 10 000-нан асты. Қазақстан үкіметі Баптистік одаққа қарайтын 198 шіркеуді және сол шіркеулерде қызмет ететін 22 шетелдік миссионерді санаққа алғанын хабарлады.
Басқа айтарлықтай көлемді конгрегацияларға пресвитериандар, лютерандар, йегова куәгерлері, жетінші күн адвентистері, пентекосталдар және басқалар жатады. Кішігірім методистер, меннониттер және мормондар қауымдастықтары тіркелген. Елде римдік католик архиепископының епархиясы болды. Оның құрамына елдің 2 пайызы кірді. Оның ішінде этникалық украиндар және немістер болды. Мемлекет елдің түкпір-түкпірінде тіркелген 83 римдік католик шіркеуі және соған қатысты ұйымдардың бар екенін хабарлады. Жыл барысында үкімет 198 римдік католик дін басын және миссионерін тізімге алды. Құрамының көп бөлігі этникалық украиндардан тұратын кішігірім грек католиктерінің қауымдастығы 3 шіркеуін тіркеді. Онда 9 шетелдік дін қызметшісі мен миссионер жұмыс атқаруда.
Халықтың 1 пайызынан кем бөлігін біріктіретін еврейлер қауымдастығының Алматы, Астана және Павлодар сияқты ірі қалаларда синагогалары жұмыс істеді. Алматыдағы раввиндер діни рәсімдерге келушілер мен діни білімге қызығушылар саны көбейгенін хабарлады. Үкімет 8 шетелдік раввин мен еврей миссионерін тіркегендігі жайында хабардар етті. Қазақстан үкіметі осы баяндамада қамтылған уақыт аралығында 58 дәстүрсіз діни тобын тіркеуге алды. Оның ішінде харе кришна, бахаис, христиан ғалымдары және унификация шіркеуінің өкілдері бар. Сонымен қатар, 4 буддист топтары да тіркелді.
Мемлекеттік статистика агенттігінің мағлұматына сүйенсек, 2006 жылдың қаңтар айында елде 413 шетелдік миссионер қызмет етуде. Тіркеуден өткен миссионерлердің көпшілігі - Оңтүстік Корея, Ресей және басқа бұрынғы кеңес елдерінен келген христиандар. Ресми тіркелген 8 мұсылман дінін уағыздаушыдан басқа, бірнеше тіркеуден өтпеген миссионерлер елдің оңтүстігінде белсенді қызмет ететін көрінеді.
Тәуелсіздік жылдары азамат - тық қоғамның және нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің жүруімен де сипатталады: дәстүрлі діни бірлестіктер ұстанымдары - ның күшеюімен бірге қазіргі Қазақ - стан үшін беймәлім, жаңа "дәс - түрлі емес" діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресветериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ "Агапе" "Жаңа аспан" сияқты протестанттық шіркеулер, "Бахаи" "Сайтан шіркеуі", "Саен - тология шіркеуі" сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.
Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлес - тіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Олардың арасында 1652 исламдық, соның ішінде 1642 суниттік, 2 шииттік, 2 сопылық, 4 ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 241 діни бірлестік (олардың 230-ы Орыс православие шіркеуіне қарайды), 7 старообрядтық шір - кеу, римдік-католиктік шіркеуінің 77 бірлестігі, бірқатар протестант - тық бірлестік жұмыс істейді. Қа - зіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер ене - ді: 5 буддистік қауым, 24 ин - дуис - тік, 12 кришнаиттік, 23 ба - хаи, 2 трансценденталдық меди - та - ция қауымы, ұлы ақ бауыр - лас - тықтың 2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б.4
Еліміздің негізгі діни қауымы суниттік ислам және христиан - дықтың православиелік бағыт - тары. Елімізде 1700-ге жуық мұ - сыл - ман бірлестіктері бар. Оның басым көпшілігі суниттік бағыт - тағы бірлестіктер. Орыс право - сла - вие шіркеуінің үш епархиясына 214 приход, 8 монастыр және басқа шіркеулік құрылымдар тиесілі. Орыс православие шіркеуі приходтар санының өсуіне және материалдық тұрғыдан нығаюына күш-жігерін жұмсауда. Еліміздің бірнеше қаласында православие - лік ғибадатханалардың құрылысы жүріп жатыр.
Кейінгі уақытта католик, про - тестанттық және дәстүрлі емес діни құрылымдар өз қызметтерін белсенді түрде жүргізуде. "Иегова куәлары" бірлестігінің миссио - нерлік қызметі ерекше қарқын алу - да. "Иегово куәлары" Қазақ - стан - дағы саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік қала - сында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет орган - дарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын адамдар 20 мыңға жуық.
1999 жылы діни бірлестіктер - дің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді бірік - тіреді.
Сонымен қатар елімізде про - тес - тантизмнің жаңа апостолдық шіркеуі, елушілер (пятидесят - ничество), методизм, меннонизм, пресветерианство сынды ағым - дары таралуда. Пятидесятничество ХХ ғасырдың басында АҚШ-та құрылған. Бұл ағымның ең ірі қауымдары Қарағанды және Алматы қалаларында орналасқан. Апостолдар рухындағы евангелшіл христиандар өз жұмысын белсенді жүргізуде. Қазіргі кезде 3 мыңға жуық адамды біріктіретін 40-қа жуық қауымдар бар. Пресвете - риандық ағымы елімізде амери - калық, корейлік уағыздаушы - лардың миссионерлік қызметі нәтижесінде таралып жатыр. Бұл уағызшыларға шет елдегі діни орталықтар көмек көрсетуде. Елімізде 20-дан аса пресветериан бірлестіктері бар. "Грэйс-Бла - годать", "Бірінші пресветериан шіркеуі," "Алматы аймақтық прес - ветериан шіркеуі" бірлес - тіктері белгілі болып отыр. Жетінші күн адвентистері қа - уы - мының республикалық орта - лығы Жетінші күн христиан-адвентистерінің Солтүстік Қазақ - стан конференциясы Астана қаласында. Ұйымдық жағынан бұл бірлестік Алматы қаласында орналасқан Жетінші күн адвен - тистерінің Оңтүстік одағына кіреді. Евангелшіл бағыт елімізде негізінен неміс этносының ара - сында таралған. Елімізде лютеран - дық 70-тен аса діни қауым бар.
Евангелшіл христиан-баптис - тердің қауымдары 10 мыңнан аса сенушілерді біріктіреді. Еван - гелшіл-христиан баптистер Қазақ - стан евангелшіл христиан-бап - тистері шіркеулерінің одағын құрды. Бірлестіктің орталығы Қа - ра - ғанды облысының Саран қала - сында. Евангелшіл-христиан бап - тистердің 250-ден аса қауымдары мен топтары бар. Евангелистер 2010 жылға дейін Қазақстан мен Орталық Азия елдерін евангелшіл - ден - - діру жоспарын басшылыққа алуда.
Шет елдік миссионердің бел - сен - ді қызметі арқасында протес - танттық ағымдардың харизма - тикалық қауымдары "Агапе", "Жаңа өмір", "Жаңа аспан", "Бла - гая весть" және т.б. жұмыс істеуде. Елімізде дәстүрлі емес культтер қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды. Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін "Динае - тика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім" атты еңбегінде қорытындылаған. Саен - тология шіркеуі діни бірлестігі Ал - маты, Қарағанды, Семей қалала - рында ресми тіркелген. Саенто - логия шіркеуі Ресей, АҚШ, Ан - глия, Австралия елдеріндегі саентологиялық ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан.
"Кришна санасы" қоғамы елімізде әрекет етіп отырған жаңа діни ағымдардың бірі. Индуизмнен тармақталатын "Кришна санасы халықаралық қоғамының" негізін салушы - Свами Прабхупада (1896-1977). Бұл діни ағым жастар арасында таралып жатыр. Дүние - жүзілік христиандықты біріктіру жолындағы Қасиетті рух ассоциа - циясы (Бірігу шіркеуі) 1954 жылы құрылған. Негізін салушы - Сан Мен Мун. Бірігу шіркеуінің миссио - нерлері әлемнің 100-ден аса елінде қызмет етеді. Бұл шіркеудің түрлі бағыттағы ұйымдары бар. Бірігу шіркеуі елімізде 1992 жылдан жұмыс істейді. 5
Қазақстанда түрлі дәстүрлі емес культтар саны өсуде. Атап айтсақ, 1990 жылдары жаңа культтар саны 10-нан сәл асатын болса қазіргі уақытта жаңа культтардың саны 160-тан асады. "Кришна санасы қоғамы", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Жаңа аспан", "Жаңа өмір шір - кеуі" сынды ХХ ғасырдың наным-сенімдері үгіт-насихат жұмыстарын түрлі мерекелік және қайырым - дылық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүргізуде.
Елімізде экстремистік бағыт - тағы "Хизб-ут-тахрир" ("Азат ету партиясы") ұйымының заңға қай - шы әрекеттері жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты -- Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мем - лекеттік құрылысын мойында - май - ды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеология - лық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу сынды үш бағытта жүргізіледі. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзім - сіздігі ислам дініне жат.
Елімізде "әл-Каида", "Мұсыл - ман бауырлар", "Талибан", "Лаш - кар", "Таиба", "Боз-құрт", "Өз - бекстан ислам қозғалысы" және т.б. лаңкестік ұйымдардың қызме - тіне тыйым салынған.
Миссионерлік - діни ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz