Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті ( тур. фирма мысалында)


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті ( тур фирма мысалында)

КІРІСПЕ

  1. ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІТуристік қызметтің мәні және түрлеріТуристік қызмет көрсету деңгейінің орны мен ролі

1. 3 Туристік сервис мәдениеті мен функциялары

  1. ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІН ТАЛДАУТуристік қызмет саласындағы іскерлік қарым-қатынас әдебі

2. 2 Қонақ үйлерде қызмет көрсету мәдениеті, оның баға мен сапаға ықпалы

  1. Менеджмент және маркетингтік қызмет мәдениеті
  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫАлматы мен Астана қаласы бойынша туристік фирмалардың қызмет көрсету мәдениетіҚР-дағы туристік фирма қызметінің мәдениетін жоғарылату жолдары“Gulnar Tour” туристік компаниясының туристік қызмет көрсету деңгейін жетілдіру моделі

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Туризмнің дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына өз әсерін тигізеді.

Туристік қызметтің тиімді дамуына елдің немесе өңірдің географиялық ерекшеліктері, табиғи-климаттық жағдайлары, рекреациялық ресурстардың турист үшін тартымдылығы, коммуникация тарапынан ыңғайлылық дәрежесі, туристік саяхат жасауға қажетті уақыт пен қаражат мөлшері, туристік қызметтер индустриясына қажетті ресурстармен қамтамасыздық деңгейі секілді алғышарттар жүйесі септігін тигізеді.

Туризм экономиканың бір саласы болып қаралады, кіріс пен пайда әкелетін және басқа да аралас салаларға дамуына ықпал етеді. Бұнымен қоса нарыққа өту барысында іс сапарлардың кеңеюін болжап, шетел инвесторлары мен бизнесмендерге шекараның ашылуы, мемлекет аралық байланыстың жетілуі осының барлығы туризмнің белсенділігінің ұлғайюына әкеледі.

Нарықтық экономикалық жағдайда халықаралық туризм жабық қоғамды ашық қоғамға ауыстырып, әр түрлі мемлекеттердегі адамдар арасындағы байланыс шынайы болып қана қоймай, сонымен қатар қажетті болады. Туристік іс әрекет кәсіпкерлік іс әрекетке қатысты болған соң, туризмнің алдын ала жетістікке жету мүмкіндіктерінің басым бөлігі нарықтық экономика шарттарында жасалған.

Қазіргі танда республикада 1000-нан аса туристік фирмалар қызмет атқарады. Саланың ойдағыдай жұмыс істеуі және ары қарай дамуы үшін болып жатқан өзгерістерді ескеріп, толық жетілген білімді пайдалана отырып, мамандарды дайындау механизмі мен экономиканы реформалауды қарастыру қажет. Туризм - экономиканың табысты саласы, ол елдің валюталық жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге жалпы ішкі өнімді толықтырудың көзі болып табылады. Туристік саланың дамуы көбінесе экономика мен туристік фирмалар және қонақүйлердің қызметін ұйымдастырумен байланысты. Туристік фирмалардың қызметін зерттеу және дамыту үшін ең дұрыс нұсқаларды тандап, қолдану бүкіл туристік саланың дамуының кепілі болып табылады. Шығыс туризімінің дамуы қонақүй бизнесінің дамуына тікелей әсер етеді.

Біріккен Ұлттардың Дүниежүзілік Туристік Ұйымының (UNWTO) мәліметтері бойынша қазіргі туризм индустриясы халықаралық қызметтер саудасының экспортынан түсетін әлемдік табыстың 8%-н, ал қызметтер секторының экспортының 37%- н құрайтын жоғары табысты, қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, UNWTO-ның эксперттерінің есебі бойынша елге келген бір шетелдік туристке көрсетілген қызметтерден түскен табыс орташа шамамен алғанда әлемдік нарыққа 9 тонна тас көмір шығарудан түскен табысқа немесе 15 тонна мұнай немесе 2 тонна жоғарғы сортты бидай сатудан түскен табысқа бара-бар.

UNWTO-ның болжамына сүйенетін болсақ 2020 жылы туристік келулер саны 1, 6 млрд адамнан аспақ, сондай-ақ туризмнен түсетін әлемдік табыс 2 трлн АҚШ долларына жуықтамақшы.

Дүниежүзілік Туристік Ұйымның есебі бойынша әрбір турист өзінің барған елдерінде кемі мың доллардан астам қаржы жұмсап, көлік пен қонақ үй қызметінен бастап, тамақ өнеркәсібі мен ауылшаруашылығына дейінгі 32 саланы қосымша жұмыспен қамтамасыз етеді. Сонымен, туризм жаңа орындарын ашып, халықты жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға және туристік инфрақұрылымды ұйымдастыруға игі ықпалын тигізеді. Туризм өз кезегінде әлемдік шаруашылықтың ең қарқынды және өз шығынын өзі өтей алатын түрі болып саналады. Франция, Испания, Греция, Туркия, Венгрия және Египет елдерінде туризм мемлекет бюджетіне өте үлкен кіріс кіргізетін негізгі экономиканың саласы болып табылады.

Мамандардың болжауы бойынша, XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарығының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады.

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Диплом жұмысының өзектілігі сол осындай болашағы зор салада қызмет етіп отырған әрбір отандық туристік фирма басқалармен салыстырғанда тұтынушылар үшін тартымды болуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін туристік қызметтерді өндіріп, ұсынуда бәсекелестерде жоқ жағдайларды тауып, өзіне ғана тән ерекшелікпен көзге түсе білуі қажет. Бұндай айрықша сипат - қызмет пен қызмет көрсетудің сапасы болуы мүмкін.

«Gulnar Tour» туристік компаниясы Қазақстан бойынша ұмытылмас саяхаттар, визалақ қызметтер көрсетеді, тұтынушыларға туристік мезгілде ғана емес, жыл бойы сапалы қызмет көрсетеді және Қазақстанда туризм саласы бойынша жетекші компаниялардың бірі.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - Туризм саласында қызмет етуші беделді кәсіпорындардың ішінде «Gulnar Tour» туристік фирмасы айрықша еңбегімен үлгі бола алады. Осы фирманың атқарылған істеріне қарап туристік менеджментті яғни сапа менеджментін, тұтынушыларға қызмет көрсету мәдениетін жақсартудың, дамытудың жолдарын қарастыру дипломдық жұмыстың көкейтестілігі болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - «Gulnar Tour» туристік фирмасының туристік қызмет көрсету нарығындағы орнын анықтау, туристік фирма қызметінің деңгейін жоғарылату жолдарын анықтау, “Gulnar Tour” туристік фирмасының туристік қызмет көрсету деңгейін жетілдіру моделін құрастыру.

Дипломдық жұмыстың міндеті - туристік қызметтің мәні мен түрлерін қарастыру, туристік қызмет көрсету деңгейінің орны мен рөлін анықтау, сапаны басқару жүйесінің шетелдік тәжірибелерін зерттеу, “Gulnar Tour” туристік фирмасының туристік қызмет ассортименті мен туристік қызмет сапасын маркетингтік зерттеу.

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеу тақырыбының мақсаты мен міндеттері, өзектілігі, түсіндірілген.

Бірінші тарауда туристік қызмет көрсету деңгейінің теориялық аспектілері яғни туристік қызметтің мәні мен түрлері, туристік қызмет көрсету деңгейінің орны мен ролі және туристік қызметтің шетел тәжрибесі қарастырылған.

Екінші тарауда “Gulnar Tour” туристік фирмасының қызметіне талдау жасалынған және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орны анықталған, “Gulnar Tour” туристік фирмасының туристік қызмет ассортименті мен туристік қызмет көрсету деңгейіне маркетингтік зерттеулер жүргізілген.

Үшінші тарауда туристік фирма қызметінің деңгейін жоғарылату жолдары қарастырылған, Алматы мен Астана қаласы бойынша туристік фирмалардың қызмет көрсету деңгейіне талдау жасалынған, “Gulnar Tour” туристік фирмасының туристік қызмет көрсету деңгейін жетілдіру моделі қарастырылған.

Қорытындыда зерттеу тақырыбы бойынша ұсыныстар мен негізгі түйіндер көрсетілген.

  1. ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ДЕҢГЕЙІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІТуристік қызметтің мәні және түрлері

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.

Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т. б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.

Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т. с. с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын - бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.

Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.

Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристiк агенттiк қызмет (турагенттiк қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұсыну және өткiзу жөнiндегi қызметi.

Туристiк өнiм - саяхат барысында туристiң қажетiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi туристiк қызмет көрсетулер жиынтығы.

Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер) .
Туристік қызметті (туроператорлық, турагенттік, экскурсиялық және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия болып табылады. Лицензияның күші Қазақстан Республикасының барлық аумағында жүреді.

Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді.

Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда кіру туризмін дамыту үшін ҚР-ның шетелдегі елшіліктерінде, ірі әуежайларда ақпарат орталықтарын құру, отандық туризмді насихаттайтын видеороликтер шығару керек.

Туристік қызметтер аясы қоғамның экономикалық жəне əлеуметтік дамуында маңызды орын алады. Аталмыш аяның функциялары өндіріс пен тұтынуға, халықтың еңбек ету жағдайы мен тұрмыс деңгейіне өспелі əсер етеді. Қоғамдық ұдайы өндіріс үдерісінің ажырамас құрама элементі бола тұра, туристік қызметтер, қоғамның басты өндіргіш күші, ұдайы өндіріс процесінің объектісі мен субъектісі - адамның қалыпқа келуінде, еңбек, оқу жəне тұрмыстық белсенділік барысында жұмсалған нақты жəне рухани күштерін қалпына келтіруде аса үлкен рөл атқарады.

Қызметтер аясының құрамдас бөлігі ретінде туристік қызметтер аясы, туризм субъектілеріне, яғни туристер мен бір күндік саяхатшыларға көрсетілген қызметтерге сəйкес анықталады. Ол адамның саяхаттауға, демалуға, экскурсияға шығуға жəне т. б. деген қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған. Сөйтіп, жұмысшылардың бос уақытының кезеңдік жəне объективті шегін кеңейту, оны мазмұнды жəне пайдалы демалыспен толықтыру, жалпы ой-өрісті дамытуда бұл саланың басты мақсатын көреміз. Туристік қызметтер аясының барлық əсерлерінің жиынтығы, адамның жоғарғы тəртіптегі қажеттіліктерінің жүзеге асуының жаңаша сапасын білдіреді. Бұл сапа мерзімді ұзарту сипатына ие, кейінгі белсенді еңбек қызметі барысында байқалуы мүмкін, сондықтан одан барша қоғамның тіршілік əрекетінің тиімділігі байланысты болмақ.

Туристік аядағы қызмет əлеуметтік-мəдени, экономикалық, экологиялық жəне саяси сипатқа ие. Туристік қызметтің осы сипатты белгілері қоғамдық үдерістердің дамуына негіз бола алады (1-сурет) .

Сурет 1 - Ел экономикасындағы туристік қызмет аясының орны [1]

Туристік қажеттіліктерін қанағаттандыруда көрсетілетін негізгі қызметтер қатарына көлік, қонақ үй, қоғамдық тамақтандыру орындары, турфирмалар қызметтерін, сондай-ақ, бірқатар қосымша қызмет түрлерін жатқызуға болады. Сондықтан да, туристік қызмет аясы мамандандырылған жəне айқын туристік сипатқа ие емес, «екініші ретті» кəсіпорындар (мысалы, жол құрылысы, отын өнеркəсібі жəне т. с. с. ), қызметтер аясы араларындағы байланыстылықты білдіріп, көп салалы ұйым ретінде көрінеді. Осыған байланысты, кей экономистер «туризм индустриясы», «туризм кластері», яғни қызмет көрсететін салалар жиынтығы ретінде ұсынып, тұтынылған материалды жəне материалдық емес игіліктерді туристік қызметтер ретінде қарастыруды алға тартады [2] .

Туристік қызметтің ұсынылуын жəне туристік қызметтер аясының дамуын, ең алдымен, жалпы ұлттық өнімнің, жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуінде жəне сəйкес экономикалық қатынастардың ұдайы жаңғыртылуында қатысуы тұрғысынан қарастырады. Дегенмен де, туристік қызметтердің халыққа ұсынылуы, маңызды экономикалық жəне əлеуметтік мəселелердің шешілуінің алғы шарты болды.

Ең алдымен, туристік қызметтер аясының дамуы, туризмге қатысты салалардағы мамандарды туристік қызмет индустриясына біріктіре отырып, жұмыс орындарын құруға, халық арасында жұмыспен қамтылуды жоғарлатуға əкеліп, əлем бойынша орын ауыстыратын туристердің қажеттіліктерін толығырақ қанағаттандырып, қызмет етуге жұмылдырылады. Бүгінгі күні туристік қызмет индустриясында жұмысшылармен қатар, негізгі құралдар мен ірі қаржылар да қамтылғандықтан, оны ірі бизнес, үлкен ақша жəне ғалами деңгейдегі қатаң саясат ретінде сипаттауға болады.

Туристік қызметтер аясының еңбекшілерге өздерінің тұрмыс деңгейін көтеруіне мүмкіндік беруі (еңбекақы, жұмыспен қамтылудың екінші категориясындағы қосымша табыс табу; туристік орталықтардағы сервисті қызметтердің кеңінен таралуы), ендігіде, айтарлықтай еңбек ресурстарын баулу қабілеттілігі мен табыстылығы жəне тез қайтарымдылығымен түсіндіріледі. Бұған қоса, туристік қызмет аясының, орын ауыстыру арқылы адамдардың қалыпты тұрмыс салтын өзгертуін, яғни өндірісті өмір қалпына шынайы контрастты қамтамасыз етуін атап өткеніміз жөн.

Туристік қызмет, инфрақұрылымның қалыптасуы мен дамуын жеделдете отырып, еліміздің сəйкес өңірлерінде халық шаруашылық салаларының дамуына жағымды əсер етеді. Ол көлік пен байланыс, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркəсіп жəне т. б. секілді шаруашылықтың басты секторларына аййтарлықтай əсер етіп, əлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы ретінде көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, туристік қызмет аясының тікелей жəне жанама əсерінің негізінде оны экономиканың 32 саласы қалады, мұның өзі туристік қызметпен жұмылдырылған жұмысшылар санының нақты бағалануын қиындатады [1] .

Туристік қызметпен ұштасатын салалар қатарында халық кəсібі де көрінеді. Халық кəсібін қолға алу тəжірибесін туристік қызметке маманданған елдердің барлығында дерлік байқауға болады. Халық кəсібін дамытудың, ісші-қолшеберлердің жаңа ұрпақтарының пайда болуының экономикалық мəселелерді шешуге көмектесуімен қатар, əлеуметтік маңыздылығы ерекше. Тұлғаның шығармашылық дамуын ынталандыра; адамдардың өзіндік шығармашылық əлуетін байқауға, оны сақтауға жəне толықтыруға мүмкіндік

беретін жағдайларды ұсына, туристік қызметтер аясы ұлттың рухани жандануына септігін тигізеді. Осы төңіректе қандастарымыз - оралмандардың ішінде айқын сақталған ата-бабамыздың қолөнермұрасын ұрпақтарымызға беруінің маңызын ерекше атап, бұған жағдай жасау арқылы, оларды жұмыспен қамту, сөйте, олардың қоғамымызға өз орнын тауып, елімізге сіңісуі, тұрмыс жағдайын жақсарті мəселелерін шешугеболатындығын алға тартамыз.

Сонымен қатар, туристік қызметтің дамуы көптеген ауылды жерлерде тіршіліктің жандануына əкеледі, өз орындарында ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін бере, халықтың тұрақтануы жəне тұрмыс деңгейінің артуына септігін тигізеді.

Югослав экономисті С. Маркович туристік қызметтің тұтынуын қуат көзі ретінде өзен жағдайымен салыстырады. Осылайша, су электр станциясының құрылысы кезінде су массасы өзгермесе де, су қуатының арқасында өзен электр энергиясын өндіретін агрегатты қозғалысқа əкеледі. Өзенде тіптен бес немесе он су электр станциясы салынса да, судың қуаттылық көлемі өзгеріссіз қалады, ал өндірілетін электр энергиясының көлемі бес немесе он есе артады. С. Марковичтің ескеруінше, туристік қызмет аясында осы тəріздес жағдай орын алады [3] .

Рационалды даму үстіндегі, əлеуметтік-мəдени, саяси жəне экологиялық салдарлар кешенін ескеретін туристік қызмет аясы қала құрылысының маңызды саласы бола алады. Əлем тарихында құрылудың осындай түрі бойынша мысалдар көптеп кездеседі. Туристік қызметтің қажеттілігін алғашқылардың бірі болып түсінген Франция елі, туризм аясын ұлттық экономикасының ажырамас бөлігі ретінде бекітті. Туристік , көптеген француз қалаларының əлеуметтік-экономикалық дамуын дұрыс бағдарлауға, олардың ерекшеліктерін белгілеуге, оларды мысал ретінде 1858 жылы кішігірім туристік ресурстары болған Лурд қаласының тарихын атауға болады. Өзінің таңдаған даму стратегиясын бірте-бірте жүзеге асыра отырып, бұл қала діни-қажылық орталығына айналып, ортаға бір ғасыр салғаннан соң «бастапқы жағымды жағдайларға» ие болған қалаларды артта қалдырып, Еуропадағы туристік үш ірі орталықтардың бірі болды [2] .

Туристік қызметтер аясы қоршаған табиғи ортаға, туристік жəне мəдени дəулетке ұқыптылықпен қарайды. Ол табиғи, мəдени жəне тарихи объектілерді пайдалануда айқын бағдары бар салалар қатарында ерекше орынды алады жəне қоршаған ортаны қолдауға жан-жақты септігін тигізеді. Туристік қызметтер аясындағы табиғатты субъектілері қатарына турист-тұтынушы жəне өз қызметі барысында осы табиғи кешенді пайдаланантын туристік кəсіпорын жатады. Ал сыйымдылық, тұрақтылық, түрлілік, тартымдылық секілді қасиеттеріне ие табиғи-аумақтық жүйелер табиғатты пайдланушы жүйелі объектілері болып табылады. Қазақстан үшін, туристік қызмет аясының экологиялық аспектісі, ең алдымен - қоршаған ортаны, табиғатты бұзу қаупін шектеу, ластануын азайту арқылы қорғау болса, екіншіден - бұл тұтынуы рекреациялық ресурстардың оқшауландырылуы орындарында болатын, туристік ресурстарды рационалды пайдалану, үшіншіден - бұл адамның рекреациясын қолдануынан көрінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туроперейтинг тәртібінің рөлі мен орны
Туризмдегі қызметті жетілдіру мәселелері
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Туризм мамандығы
Туристік қызмет нарығында заманауи-ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Туризм нарығын маркетингтік талдау
Қазақстанның туристік нарығында жұмыс жасайтын кәсіпорындарды маркетингтік зерттеу және олардың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жоладры
Туризм кәсіпорынында маркетингтік зерттеу
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz