Тәттіні көп пайдалану неге алып келеді?


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тәттіні көп пайдалану неге алып келеді?

Шоколад - бүкіл әлем елдерінде сүйікті тәтті тағам. Оның дәмі Ежелгі Мысырда белгілі болды, ал өзінің таралуын Қайта туу Дәуірінде алды. Сол кезде Еуропада шыныаяқтағы ыстық шоколадты татуға мүмкіндік беретін шоколадты салондар пайда болды. Бүкіл әлемнің кондитерлері өз жасауларында шоколадты қосуды, шоколадтан алып тақтайшаларды, пасхальді жұмыртқаларды, автокөліктерді және тіпті киімдерді өндіру арқылы шоколадты тәттілердің өлшемдерімен жарысқа түсуді ұнатады. Адамдардың көбі шоколадты керемет дәмді және хош иісті деп санайды, бірақ өнімнің пайдалығы жөнінде адамдар бірыңғай пікірге келе алмады. Шоколадтың және какао - ірі бұршақтарының көптеген пайдалы қасиеттерін растайтын бірқатар ғылыми зерттеулер бар және оның зияндылығы жайлы қарама-қарсы пікірлердің саны да аз емес. Осыған қарамастан, шоколадқа қарсы тұрушылар да, кейде қызығудан өздерін ұстай алмай, шоколадты дәм татып, оның аз мөлшері ешкімге әлі зиян келтірмеген деп мақұлдайды. Бірақ, шоколад тұтынуды қолдаушылар анағұрлым алыс кетіп, «шоколадпен емдеу» терминін ойлап тапты, олардың ойлауынша, шоколад жастық пен ұзақ өмір сүруді, біздің денсаулығымызды сақтауда жақсы қызмет ету мүмкін.

Былтыр «Шоколадтың нейробиологиясы жайлы» халықаралық симпозиум барысында еуропалық ғалымдар тобы қызықты қорытындыларға келді. Какао - ірі бұршақтар дәндерінің құрамындағы флаванолдар жүрек - тамыр жүйесінің жағдайына оң әсер етеді, қан қысымын төмендетеді, холестерин деңгейін азайтады, ағзаның қантты сіңіру қабілетін жоғарылатады және адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Бірақ какао - ірі бұршақтарының көптеген пайдалы қасиеттері шоколадтың өнеркәсіптік өндірісінде жоғалатындығын мамандар ескертті. Шоколадтан басқа, флаванолдар қара жидек пен анардың құрамында бар. Қара шоколад сүтті ағасынан гөрі пайдалырақ. Ол өте жақсы оксидант болып табылады және ағзадан бос радикалдарды шығарады. Сүт пен кілегей қосылғанда, осы қасиеттер жоғалады. Шоколадтың ақшыл сорттарының құрамында сүттің көп мөлшерімен қатар, шоколадты тәтті қылдыратын қант бар. Сондықтан қара шоколад анағұрлым диеталық болып табылады, оның құрамында тәтті сироп, алкоголь және тағы сол сияқты қоспалар болмайды. Есте сақтаңыз, таза шоколадтың ащы дәмі болуы қажет. Өзінің тұтыну қасиетімен қара шоколадты ішілген қызыл шараппен салыстыруға болады. Қызыл шарап таулы халықтардың ұзақ өмір сүру құпиясының бірі болып табылады. Сонымен қатар қара шоколад көңіл - күйді жоғарлатып, тіршілік тонусын және жұмысқа қабілеттілікті жақсартатын серотонин мен эндорфиннің бөлінуін қамтамасыз етеді. Сондықтан шоколад тежелуден өте жақсы дәрі болып табылады және стрессті жеңуге көмектеседі.

Жалпы какао - ірі бұршақтар көптеген әртүрлі пайдалы заттардың қайнар көзі болып табылады, олар: В1, В2, РР, А провитамині, фосфор, магний, калий, натрий, темір, кальций микроэлементтері; теобромин, фенилэтиламин, өсімдік протеиндер, фитостериндер және т. б. Калий және магний бұлшықет және жүйке жүйесін белсендіреді; глюкоза жұмысқа қабілеттілікті жоғарлатады, ми жұмысын жақсартады; фенилэтиламин жүйке жасушалардың жұмысын белсендіреді. Фенолдар қан тамырлардың қабырғаларына жақсы әсер етеді. Теобромин қан қысымын жоғарлатып, тамыр соғысын жиілетеді. Фосфор миды қоректендіреді, кальций сүйек тіндерін күшейтеді. Шоколад құрамында болатын тианиндер антибактериальді қасиетке ие және тіс жабындысының түзілуіне кедергі келтіреді; фосфаттар және фтор тістерді қатайтады. Бірақ «шоколадпен емдеудің» қарсы тұрушылары - гипертония, диабет, бауыр аурулары, зат алмасу бұзылыстары, сонымен қатар жүрек аурулары бар адамдарға шоколадты және оның өнімдерін тұтынуды шектеу қажет деп бекітеді. Кейбір жағдайларда шоколад аллергия және безеу бөртпелердің себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол өте калориялы және оны мөлшерден артық қабылдағанда, артық салмақ пайда болуы мүмкін. Және де шоколад тәуелділікті тудырады, оның құрбаны жиі әйелдер болады.

Американдық профессор Карл Кин кейбір бекітулермен мүлдем келіспейді. Оның пікірінше, шоколад міндетті түрде әрбір адамның, тіпті жүрек тамыр аурулар профилактикасының заты ретінде, гипертониктердің де ас мөлшеріне кіру қажет. Ол шоколад қан қасымын жоғарлатпайды деп санайды. 120 мг кофеин бар бір шыныаяқ кофемен салыстырғанда, шоколад тақтайшасының құрамында тек қана 20 мг кофеин бар. Осындай аз мөлшерден қан қысымы жоғарлай алмайды. Сондықтан, жұмасына бір рет қабылданған қара шоколадтың жарты тақтайшасы адам денсаулығына зиян келтірмейді. Қарап отырсаңыз, пікірлер өте көп, бірақ, көптеген компоненттердің пайдалығына қарамастан, шоколад тәтті тағам немесе десерт болып табылады, сондықтан көкөністер мен жемістерді, дәнді мен жармаларды ешқашан алмастыра алмайды. Егер сіз шоколадтың үлкен табынушысы болсаңыз, оны аса көп қабылдамаңыз, одан да «шоколадпен емдеудің» басқа да түрлерін еске түсіріңіз - шоколадты ораулар, ванна және маскалар. Шоколадты орау және ванналар жүдеуді, целлюлиттің азаюын және көңіл- күйдің жақсаруын қамтамасыз етеді, ал маскалар жасарту әсеріне ие, тері серпімділігін жақсартады. Бастысы, какао-ұнтағының құрамында болуы мүмкін жасанды бояғыштарға аллергиялық реакцияны болдырмау үшін, табиғи компоненттерді пайдалану қажет. Сөйтіп, «шоколадпен емдеу» арқылы, шоколадтың жағымды дәмінен ғана емес, сонымен қатар сізді балалық шаққа қайта әкелетін немесе тіпті оның дайындауын жақсы білетін Францияның оңтүстігіндегі шоколад жасайтын жерге әкелетін хош иісінен ляззат аласыз.

Қант диабеті - эндокринді зат айналымы жүйесінің ауруы, оның негізінде абсолютті және біршама инсу­линнің жетіспеушілігі жатыр. Инсулин - ұйқы безінен, дәлірек айтсақ, лангерганстың аралындағы жасушалардан бөлініп шығатын гормон. Қант диабетінің (қазақтар су­самыр деп те атайды) екі тұрпаты бар. Бірінші тұрпат - “жасөс­пі­рім­дік диабет” туралы толығырақ айтсақ, ол инсулиннің абсолютті жетіс­­пеушілігімен сипатталады, мұнымен негізінде балалар мен жас­өспірімдер ауырады, аурудың да­муында тұқым қуалаушылық фак­торы айтарлықтай емес, қан­дағы май құрамы көбейіп, ауру­ды анықтағанда салмақтың аза­юы байқалады. Бұл науқас­тардың өмі­рі инсулинді сырттан егу арқы­лы алумен тікелей байла­нысты. Екін­ші тұрпаттағы қант диабеті (“ере­сектер диабеті”) шамадан тыс сал­мақпен си­пат­­талады - бұл адам­дар диета сақ­тау арқылы және 1 тұр­паттағы қант диабеті секілді қан құрамын­дағы қантты төмен­дететін таблет­ка­лы препараттарды қабылдау арқылы емделеді.

Диабет негізінде болатын функцио­­­налды бұзылыстар тек диа­гноз қою барысында жиі кез­де­седі. Де­г­ен­­мен, уақыт өте келе мұндай нау­қас­тарға инсулин же­­тіс­­пеу­ші­лігінің өсу деңгейіне бай­ланысты, қажет жағ­дайда зат айна­лымын ретке кел­тіру үшін инсу­лин та­ғайын­далады. Бірақ кейбір жағ­дай­да “жасөспірім диабеті ересектер диа­беті басында” және “ересектер диа­беті балалық шақта басталуы” кез­д­еседі. Қант диабетінде қан құрамын­дағы глюкозаның мөлшері (норма­лық жағдайда 3, 5-5, 5 ммоль/л) кө­тері­­леді. Қан құрамындағы глю­ко­за кез келген адамда кездеседі - ол көптеген ағзамызға қажет, ең алды­мен орталық жүйке жүйе­міз­ге, қан жасушаларымызға, май жасу­ша­ларымызға, бауыр мен бүйрекке қуат көзі ретінде қажет. Инсулиннің көмегімен өте күрделі үдеріс - қан құрамындағы глюко­за­­ның деңгейін ретке келтіру жү­зеге асады, ал глю­ко­за­ның деңгейі тағам қабылдауға тікелей тәуелді. Нормалық жағдайда дені сау адамның 1 литр қанында шамамен 1 грамм глюкоза болады. Ағза өзінің глюкоза атты “био­ло­гиялық отынын” өте ұқыпты пайда­ла­нады. Дені сау адамда тағам қабыл­­­дағаннан кейін глюкозаның деңгейі көтеріледі, ал 2 сағаттан кейін инсулиннің көмегімен нор­ма­лық қалыпқа келеді. Диабетпен науқас адамда инсу­лин тапшылығынан немесе оның аздығынан мұндай процесс бол­май­­­ды. Көптеген науқастарға өз ауру­­ларын біле тұра онымен күре­су өте қиынға соғады. Уақытында эндо­­кри­нолог-дәрігерге қаралмау немесе өз ауруын мүлде елемеу­ші­лік жиі кездеседі, кейбіреулері өз­дерін жақсы сезінетіндерін айтса, енді біреулері қолдары бос бол­май­­тын­дарын сыл­тау­ратады. Өз ден­сау­­лықтарына деген осын­дай жүр­дім-бардым қараушы­лық за­ғиб­­­тыққа, инфаркт миокардаға, бүй­­рек жетіс­пеушілігіне әкеліп соқ­­ты­руы мүм­кін. Мұндайды бол­дыр­­мау үшін не істеу керек? Ең алды­мен:

* диабет өтелімі (қан құра­мын­дағы глюкоза көрсеткішін қалып­ты деңгейге жеткізу) ;

* дұрыс тамақтану - дието-тера­пия;

* мөлшерлі физикалық жат­тығулар;

* еңбек және демалыс режімі;

* қалыпты салмақты сақтау;

* АД, холестерин деңгейін қалып­ты жағдайға келтіру.

Әрдайым зат айналымын өзін­дік бақылау, өз еркімен дәрігерге қаралу - қан тамырлары ауру­лары­ның өршімеуіне кепіл бола алады. Диа­бет­тің өзі - оның сал­дарына қара­ғанда, қорқынышты емес екенін есте сақтағанымыз жөн. Адамадардың көбісі диабет емде­ле ме деген сұрақ қояды? Әри­не, жоқ. Дегенмен, дибетпен көпт­еген жылдар бойы толық­қан­ды өмір сүруге болады. Бұл дәрі­гер және науқас жағынан да қа­жыр­­лы еңбекті талап етеді. Сон­дықтан да біз нау­қас­тарды ауру­дың салдарын алдын алу үшін қаралуға жиі шақы­рып тұрамыз. Науқасқа да күн сайынғы өмірде кездесетін қиындықтармен күре­суге бар күшін салу талабы қойы­лады. Диабетшілер үшін “шартты ден­­­саулық” түсінігі қалыптасқан - оған өз ағзамыздағы зат айна­лымын ретке келтіре отырып, қол жеткізуге бола­ды. Мұны көп­те­ген емхана негізінде ашыл­ған “Диабет мектебінде” оқып үйре­нуге бола­ды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ата-аналардың балалары алдындағы құқықтары мен міндеттері
Ғ.Мұстафиннің сыншылық табиғаты
Наурыз – қазақша жыл басы
Ұлдан ұлағат, қыздан инабат туралы ақпарат
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі жайында
Диета
Артық салмақ қиындық тудыра ма?
Иіс сезу
Экологиялық проблемалар жайлы
Қазақстан Республикасында экологиялық проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz