ШҚО географиялық орналасуы, демографиялық ахуалы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. Георгафиялық орналасуы

1. 1. Табиғи-климаттық жағдайы

1. 2. Пайдалы қазбалар

1. 3. Инфрақұрылым

2. ШҚО демографиясының ахуалы

2. 1. ШҚО халық саны

2. 2. Табиғи өсім

2. 3. Демографиялық көрсеткіштер

2. 4. Халықтың саны және ұлттық құрамы

2. 5. Халықтың көші-қоны Халықтың итититити1рп

3. Шаруашылығы мен өнеркәсібі

3. 1. Өнеркәсібі

3. 2. Шаруашылығы

Кіріспе

Қазіргі таңда халықтың өмір сүру сапасы мемлекеттің даму деңгейін сипаттайтын басты көрсеткіші болып табылады. Халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашар болуы оның өмір сүру сапасы мен деңгейіне тікелей байланысты. Еліміз жаңа экономикалық өзгерістерді енгізе отырып, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге бет алды. Әр адамның денсаулығы, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру ортасының экологиялық жағдайы ескеріле басталды. Шығыс Қазақстан облысы өте үлкен аумақты алып жатыр, табиғат байлығы мол, индустриясы дамыған. Сондықтан, Шығыс Қазақстан облыс халқының өмір сапасын зарттеу, оны бағалау арқылы, қазіргі кездегі кері әсер ететін үдерістерді анықтауға болады. Халықтың өмір сүру сапасын жаңа, едәуір жақсы деңгейге көтеру үшін, бұл зерттеудің жүргізудің өзектілігі өте зор.

1 Георгафиялық орналасуы

Шығыс Қазақстан облысы - Алтай тауларының оңтүстік-батысын, Зайсан ойпатын, Қалба таулы-қыратын, Сауыр-Тарбағатай жоталарын, Ертісмаңы жазығын және Қазақтың ұсақ шоқыларының шығыс бөлігін қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Алматы облысымен, батысында Павлодар облысымен және Қарағанды облысымен шектеседі. Шығыс Қазақстан облысы - Қытай және Ресей мемлекеттері мен шекаралас жатқан, Қазақстанның шығысындағы облысы. . Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.

Жер көлемі - 283 000 шаршы шақырымды құрайды, мемлекет территориясының 10, 4 пайызын алып жатыр. 14 обылыс ішінде Шығыс Қазақстан облысы, жер көлемі жағынан 3 орында. Халқы 1 396 746 адам (2011 жыл), яғни 9, 1% мемлекет халқы осы Шығыс Қазақстан облысында шоғырланған, бір шаршы шақырымға 5 адамнан келеді. Аймақтың географиялық орналасуы табиғи жағдайының әр -түрлілігімен ерекшеленеді. Шығыс Қазақстанның оңтүстік - батыс аймағы түгелдей ұсақшоқылы, ал орталығы жазықты болып келеді. Қазақстан республикасының шегіне, Алтай таулы аймағының батыс бөлігі ғана кіреді де және ол таулы үстүрттің абсолюттік бейіктерінің көтерілумен, яғни оңтүстік - шығысқа қарай биіктігініңі үлкеюімен сипатталады.

  1. Табиғи-климаттық жағдайы

Облыстың географиялық жағдайының ерекшелігі - ең ірі континент Евразияның ортасында, Батыс Сібір жазығымен шекаралас орналасуында. Облыс аумағында жер шарының континентальды полюсі және Евразияның географиялық орталығы орналасқан. Табиғат жағдайларының әртүрлілігі шаруашылықтың дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар Батыс, Орталық және Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері мен жоталары алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың барлық оңтүстік -батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым. Орман облыс аумағының 11, 9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік - батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000- нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300- ден астам, сүт қоректілердің 100- ге жуық түрлері мекендейді. Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді.

Территория су қорына аса бай. Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды. Бұл таулы өңір Нарын аңғары арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жотасы массивтеріне ажырайды. Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай және Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры көп кездеседі.

Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік-шығыстан, солтүстік-батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс Сібірдің оңтүстік-шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз және Ақтоғай станциялары арқылы Алматыған, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия шығуына жол ашады.

Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені Ертіс осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу т. б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38, 1 % -і осында.

1. 2. Пайдалы қазбалары

Пайдалы қазбалар . Шығыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің минерал-шикізат ресурстарына қажеттілігін қамтамасыз ететін қорлы пайдалы қазбалардың: түсті металдардың (Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев, Николаев, Артемьев, Орлов және басқа да), алтынның (Бақыршық, Суздаль, Мизек, Күршім өзенінің шашыранды және басқа да), сирек металдардың (Бакен, Ақтау, Юбилейный, Ахмет), көмірдің және тақта тастың (Қаражыра, Кендірлік, Бобровка, Белокаменка), кенді емес шикізаттың (отқа төзімді шикізат, карамзит және бетонит батпағы, әк, кірпіштік және цементтік саз-құмды тау жынысы, шыны шикізаты және құрылыс материалдары) барланған көптеген кен орындары, және сондай-ақ жерасты минералды су және ауыз су (Өскемен, Лениногор, Богатырев, Құлынды) орындары белгілі.

Республикадағы жалпы қорғасын қорының 27%, мырыштың 47, 7%, мыстың 47, 9% баланс қорлары облыс аумағында шоғырланған. Республиканың жалпы ресурсында облыстағы қорғасының болжамдалған ресурстарының үлесі 24, 8%, мырыштікі 56, 7 %, мыстікі 29, 3 % құрайды.

Облыс аумағында қорлары мемлекеттік баланста ескеріліген 50, соның ішінде 27 негізгі және 23 шашыранқы кен орындары орналасқан.

Қазір пайдалы қазбалар кенорындарының көпшілік бөлігіне отандық және шетелдік инвесторларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және өндіруге лицензиялар берілген және келісім-шарттар жасалынған. Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев және Грехов кен орындарын «Қазмырыш» ААҚ-ның тау-кен өндіру кәсіпорындары пайдалануда. Орлов, Николаев, Шемонаиха, Артемьев, Юбилейный- Снегириха, Ақтоғай кен орындарын «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындары пайдалануда.

Лениногор кен ауданында Жаңа Лениногор, Чекмарь, Долинное, Стрежан, Обручев және басқалары резервтік кен орындары болып табылады. Ертіс жағалауындағы Артемьев қор кен орындары болып саналады. Геологиялық барлау жұмыстары Ертіс жағалауы, Риддер және Зырян аудандарында қазіргі уақытта іс жүзінде жүргізілмеуде және бұрын жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жасалынған минерал-шикізат қорлары азаюда. Алтын кен орындарынан қазіргі таңда Суздаль, Орталық Мүкір, Миялы және басқалары әзірленуде. Геологиялық барлау жұмыстарына және өнеркәсіптік игеру үшін инвестиция жұмсау мәселесінде, полиметалдар бойынша- Орлов (Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік-шығыс учаскелері), Николаев (Солтүстік- Николаев, Батыс, Шығыс, Жаңа Николаев учаскелері) және Шемонаиха кенорындарының маңдары, Ертіс жағалауы кен ауданындағы Пригон, Сугатов учаскелері, Солонов-Выдриха және Жоғары Уба кен алқаптары, Ревнюшин антиклинал құрылымының оңтүстігіндегі Соловьев учаскесі, никель бойынша -Мақсұт кенорны, алтын бойынша - Кішіресей учаскесі, Ләйлі, Жұмба, Баладжал кен орындары, көмір бойынша- Кендірлік, Маңырақ кенорындары, минералды су бойынша: Жеменей, Арасан - Талды, Шәкелмес, Қара Бөрік кен орындары және тағы басқалары, ауызсу бойынша - Қарабұлақ, Шілікті, Қазақстан кенорындары айтарлықтай қызығушылық туғызады.

Климаты. Облыс климаты тұтасымен шұғыл континентальды, климаттың әртүрлілігі ландшафттың орографиялық құрылымының күрделілігіне байланысты.

Шығыс Қазақстан облысы батыс-шығыс ауа массаларының тасымалымен ерекшеленетін қоңыржай климаттың оңтүстік жартысында орналасқан. Облыс аумағы қоңыржай және аз ылғалданған, ал тау сілемдері биіктеген сайын ылғал жоғарылайтын зонаға жатады.

Ертіс маңы мен тауалды жазықтарында қаңтар айының орташа температурасы -17-ден -22 0 С, тау сілемдерінде -13-15 0 С, тау қазаншұңқырларында -24-27 0 С нөлден төмен. Облыстың солтүстігінде аязды күндер -40-55 0 С (бұл көрсеткіштер қаңтар 1969 ж., қараша 1987 ж., қаңтар және ақпан 2001 ж. болған) .

Ал жаздағы ең жылы аймақ - Зайсан және Алакөл қазаншұңқырлары: шілде айының орташа температурасы +23, ал абсолютті жоғарғы температура +42 0 С (Бахты метеостанциясының мәліметі бойынша) . Облыстың ең жылы аймағы Кенді Алтай тау сілемдері болып тіркелген (Лениногор метеостанциясы) қаңтар айының орташа температурасы -12, 7 0 С.

Ал жазда Ертісмаңы, Көкпекті, Шар ұсақшоқыларының Алтай тауалды жазықтарында орташа ауа температурасы +18 . . . +23 0 С, тау сілемдерінде +16 . . . +18 0 С, тау қазаншұңқырларында +14 . . . +16 0 С құрайды. Абсолютті максимум +40 . . . +43 0 С құрайды.

1. 3. Инфрақұрылымы

Шығыс Қазақстан облысы дамыған өндірістік инфрақұрылымымен ерекшеленеді, ол көліктің барлық негізгі түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен ұсынылған. Темір жол облыс орталығын Зырян, Риддер, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен байланыстырады. Облыстан тысқары жерлерге алып баратын теміржол желілері-«Защита-Локоть» (Ресей), «Семей-Локоть», «Семей-Алматы», «Ақтоғай-Достық» жолы (Қытай) .

Облыста Өскемен және Семей қалаларында орналасқан екі әуежай жұмыс істейді. Кеме жүретін жолдармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды екі параход шаруашылығы жүзеге асырады, екі жүк кемежайы жұмыс істейді.

Жүк және жолаушы тасымалдаудың айтарлықтай үлкен көлемі автомобиль және теміржол көліктеріне тиесілі. Автомобиль көлігімінен жүктердің 89, 9%, теміржол көлігімінен 10% тасымалданды. Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 97, 2%, теміржол көлігімен 2, 5%- ды құрады.

Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда өте маңызды орын алады, олардың жағдайы және даму деңгейі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11734 км, осының ішінде республикалық маңызы бар жолдар- 3420 км, жергілікті - 8416, 5 км-ді құрайды. Республикалық жолдардың жалпы ұзындығының қатты жамылғылысы 3351 км, қара жолы 69 км құрайды. Қатты жамылғылы жергілікті жолдардың ұзыңдығы 7565, 3 км, қара жолы 851, 2 км-ді құрайды.

Өңір экономикасының мамандануы. Бүгінгі таңда өнеркәсіп өндірісіндегі жетекші сала бұрынғыдағыдай түсті металлургия болып табылады, оның өнірдің жалпы әлеуетіндегі үлес салмағы 55%-ға жуық және ол іс жүзінде толығымен экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары, электроэнергетика, агроөнеркәсіп кешені де жеткілікті түрде дамыған.

Шығыс Қазақстан облысының картасы

Карта кз

  1. Шығыс Қазақстан облысының демографиясы.

Қазіргі таңда халықтың өмір сүру сапасы мемлекеттің даму деңгейін сипаттайтын басты көрсеткіші болып табылады. Халықтың әлеуметтік - экономикалық жағдайының нашар болуы оның өмір сүру сапасы мен деңгейіне тікелей байланысты. Тәуелдсіз, егеменді және дамыған мемлекеттер катарына косылу үшін халқымыздын денсаулығын, тұрмыс-тіршілігін, қоршаған ортамыздын жағдайын жаксарту, басты мақсаттардың бірі болып саналады. Еліміз жаңа экономикалық өзгерістерді енгізе отырып, халықтың өмір сүру сапасын көтеруге бет алды. Әр адамның денсаулығы, әлеуметтік жағдайы, өмір сүру ортасының экологиялық жағдайы ескеріле басталды. Шығыс Қазақстан облысы өте үлкен аумақты алып жатыр, табиғат байлығы мол, индустриясы дамыған. Сондықтан, Шығыс Қазақстан облыс халқының өмір сапасын зарттеу, оны бағалау арқылы, қазіргі кездегі кері әсер ететін үдерістерді анықтауға болады. Халықтың өмір сүру сапасын жаңа, едәуір жақсы деңгейге көтеру үшін, бұл зерттеудің жүргізудің өзектілігі өте зор.

Облыста Қазақстан халқының 9, 4%-ы шоғырланған, 1 396 746 адам (+ жыл) 3 орында. Көрсеткіштін жоғары болуының басты себептері: облыстын өте үлкен аумақты алып жатуымен, табиғат байлығы мол, индустриясы дамыған облыс болғандықтан.

Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысы мынадай:

  • Ауылдық аудан - 15
  • Қала - 10Қалалық маңыздылығы бар қала - 5Облыстық маңыздылығы бар қала - 5
  • Кент - 24
  • Ауыл - 826

Қазіргі таңда Өскемен қаласынын демографиялық жағдай.

Алдын ала деректер бойынша Өскемен қаласы халқының 2011 жылғы 1 сәуірге саны 318, 8 мың адам болды, соның ішінде қала халқы - 307, 2 мың адамды (жалпы санының 96, 4%-ы) және ауыл халқы - 11, 6 мың адамды (3, 6%) құрады.

Қала тұрғындарының табиғи қозғалысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

Кесте 1

Қаңтар-сәуір
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен
2011ж.
2010ж.
: Туылғандардың барлығы
Қаңтар-сәуір: 1496
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 1670
89, 6
: соның ішінде
Қаңтар-сәуір:
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен:
: ауылдық жерде
Қаңтар-сәуір: 70
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 73
95, 9
: Өлі туылғандар саны
Қаңтар-сәуір: 22
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 10
220, 0
: соның ішінде
Қаңтар-сәуір:
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен:
: ауылдық жерде
Қаңтар-сәуір: 2
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: -
-
: Қайтыс болғандар, барлығы
Қаңтар-сәуір: 1399
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 1456
96, 1
: соның ішінде
Қаңтар-сәуір:
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен:
: ауылдық жерде
Қаңтар-сәуір: 47
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 41
114, 6
: 1 жасқа дейінгі балалар өлімі
Қаңтар-сәуір: 27
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 56
48, 2
: соның ішінде
Қаңтар-сәуір:
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен:
: ауылдық жерде
Қаңтар-сәуір: 1
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен: 7
14, 3
:
Қаңтар-сәуір:
2011ж. Қаңтар-сәуір, 2010 жылғы қаңтарға-сәуірге, %-бен:

2010 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда туылғандардың саны 10, 4%-ға кеміп, 1496 адамды құрады. Содан басқа өлі туылған 22 бала тіркелді.
2011 жылғы қаңтар-сәуірде 1399 адам қайтыс болды, 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3, 9%-ға кеміді.

Өлімге соқтырған аурулардың ішінде қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар (өлгендер ішінен 46, 7%), жүректің ишемиялық ауруы (16, 9%), мидағы қан тамырларының зақымдануы (18, 2%), ісік аурулары (14, 4%), жазатайым оқиғалар және улану мен жарақат алу (8, 6%) басым болды.

2010 жылғы қаңтар-сәуірмен асқазан ауруынан қайтыс болғандар саны -9, 1%-ға, тыныс алу органдары ауруларынан қайтыс болғандар саны -10, 0%-ға өсті. Қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болғандар - 3, 8%-ға, Ісік ауруларынан қайтыс болғандар-7, 3% кеміді.

1 жасқа дейінгі 27 сәби қайтыс болды. Соның ішінде: перинатальды кезеңде пайда болатын жағдайлардан - 10 сәби (2010ж. сәйкес кезеңіне 30, 3%), туа пайда болған аномалиядан - 6 (40, 0%) сәби қайтыс болды.

2011 жылғы қаңтар-сәуірде Өскемен қаласында 721 неке және 481 ажырасу тіркелді. 2010 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тіркелген неке саны 4, 6%-ға қеміді, ажырасқандар 2, 8%-ға артты. Қалалық жерде неке саны 5, 7%-ға қеміді, ажырасу 3, 0%-ға артты, ауылдық жерде 24 некелесу және ажырасу 2.

2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009*
2010*
2011*
: Барлық халық
: Қазақстан Республикасы
2003: 14 866 837
2004: 14 951 200
2005: 15 074 767
2006: 15 219 291
2007: 15 396 878
2008: 15 571 506
2009*: 15 982 343
2010*: 16 204 617
2011*: 16 441 959
: Ақмола
2003: 748 167
2004: 748 930
2005: 747 185
2006: 746 652
2007: 748 559
2008: 747 447
2009*: 738 824
2010*: 735 135
2011*: 733 212
: Ақтөбе
2003: 668 378
2004: 671 812
2005: 678 607
2006: 686 698
2007: 695 454
2008: 703 660
2009*: 756 782
2010*: 763 589
2011*: 777 471
: Алматы
2003: 1 560 267
2004: 1 571 194
2005: 1 589 751
2006: 1 603 758
2007: 1 620 696
2008: 1 643 278
2009*: 1 804 004
2010*: 1 836 563
2011*: 1 873 374
: Атырау
2003: 451 928
2004: 457 215
2005: 463 466
2006: 472 384
2007: 480 687
2008: 490 369
2009*: 509 123
2010*: 520 982
2011*: 532 020
: Батыс Қазақстан
2003: 602 133
2004: 603 832
2005: 606 534
2006: 609 291
2007: 612 479
2008: 615 310
2009*: 598 341
2010*: 603 858
2011*: 608 318
: Жамбыл
2003: 980 072
2004: 985 552
2005: 992 089
2006: 1 001 094
2007: 1 009 210
2008: 1 018 845
2009*: 1 020 791
2010*: 1 034 624
2011*: 1 046 497
: Қарағанды
2003: 1 333 656
2004: 1 330 927
2005: 1 331 702
2006: 1 334 438
2007: 1 339 368
2008: 1 342 081
2009*: 1 341 202
2010*: 1 346 938
2011*: 1 352 302
: Қостанай
2003: 919 558
2004: 913 435
2005: 907 396
2006: 903 178
2007: 900 333
2008: 894 192
2009*: 886 328
2010*: 883 365
2011*: 881 605
: Қызылорда
2003: 603 804
2004: 607 491
2005: 612 048
2006: 618 249
2007: 625 070
2008: 632 234
2009*: 677 732
2010*: 689 038
2011*: 700 578
: Маңғыстау
2003: 338 612
2004: 349 668
2005: 361 754
2006: 374 430
2007: 390 531
2008: 407 403
2009*: 482 631
2010*: 503 265
2011*: 524 175
: Оңтүстік Қазақстан
2003: 2 111 893
2004: 2 150 256
2005: 2 193 556
2006: 2 233 568
2007: 2 282 474
2008: 2 331 505
2009*: 2 462 782
2010*: 2 511 698
2011*: 2 567 707
: Павлодар
2003: 748 651
2004: 745 238
2005: 743 826
2006: 742 911
2007: 744 860
2008: 746 454
2009*: 742 276
2010*: 744 363
2011*: 746 163
: Солтүстік Қазақстан
2003: 682 148
2004: 674 497
2005: 665 936
2006: 663 126
2007: 660 950
2008: 653 921
2009*: 597 530
2010*: 592 746
2011*: 589 308
: Шығыс Қазақстан
2003: 1 465 931
2004: 1 455 412
2005: 1 442 097
2006: 1 431 180
2007: 1 424 513
2008: 1 417 384
2009*: 1 396 866
2010*: 1 398 219
2011*: 1 398 083
: Астана қ. ә.
2003: 501 998
2004: 510 533
2005: 529 335
2006: 550 438
2007: 574 448
2008: 602 684
2009*: 605 254
2010*: 649 139
2011*: 697 129
: Алматы қ. ә.
2003: 1 149 641
2004: 1 175 208
2005: 1 209 485
2006: 1 247 896
2007: 1 287 246
2008: 1 324 739
2009*: 1 361 877
2010*: 1 391 095
2011*: 1 414 017

Кесте 2 Халықтың жалпы саны жыл басына, адам

2 - ші кестеде мемлекетте және облыстарда халықтың жалпы саны корсетілген (2003-2011 жылдар аралығы) . Кестеде байкағанымыздай 2003 жылмен салыстырғанда (14 866 837 адам) 2011 жылы халық саны 1, 5 млн. адамға көбейген (16 441 959 адам) . Ал Шығыс Қазақстан облысында халық санының азаюы байкалады. Бұл көрсеткіш негізінде, мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері басқа ұлт өкілдерінің өз тарихи отандарына оралуымен тікелей байланысты. 2003 жылы облыстың халық саны 1 465 931 адамды құраса, 8 жыл ішінде бұл көрсеткіш 1 млн. адамга азайған, 2011 жылы 1 398 083 адам құрады (кесте 2) .

Жалпы мемлекеттімізде табиғи өсімнің корсеткіші жоғарлаған, 2003 жылы 92 669 адамды құраса, 2010 жылы бұл көрсеткін 2, 5 есеге көбейді. 2003 жылы 3 облыста табиғи өсімнің теріс корсеткіші болған, олар Солтүстік Қазақстан облысы -995, Шығыс Қазақстан облысында - 356 және Қостанай облысында -173 болған. Бірақ 2010шы жылдың мәліметіне сүйенсек еш бір облыста табиғи өсімнің теріс көрсеткіші байқалмайды.

Кесте 3 Табиғи өсім адам

2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
: Қазақстан Республикасы
2003: 92 669
2004: 120 778
2005: 121 856
2006: 144 546
2007: 163 666
2008: 203 869
2009: 214 772
2010: 221 877
: Ақмола
2003: 480
2004: 1 415
2005: 739
2006: 1 474
2007: 1 731
2008: 3 336
2009: 4 202
2010: 3 716
: Ақтөбе
2003: 3 963
2004: 5 613
2005: 6 463
2006: 6 992
2007: 7 747
2008: 9 688
2009: 10 444
2010: 11 090
: Алматы
2003: 11 339
2004: 13 231
2005: 12 296
2006: 15 162
2007: 18 394
2008: 23 728
2009: 22 249
2010: 21 879
: Атырау
2003: 5 483
2004: 5 901
2005: 6 924
2006: 7 581
2007: 8 040
2008: 9 601
2009: 10 154
2010: 10 711
: Батыс Қазақстан
2003: 2 179
2004: 3 545
2005: 3 178
2006: 3 630
2007: 3 843
2008: 5 293
2009: 5 750
2010: 5 870
: Жамбыл
2003: 9 499
2004: 12 209
2005: 12 884
2006: 15 004
2007: 16 655
2008: 19 315
2009: 18 878
2010: 19 161
: Қарағанды
2003: 1 069
2004: 1 917
2005: 2 403
2006: 3 391
2007: 3 816
2008: 5 597
2009: 8 169
2010: 7 636
: Қостанай
2003: -173
2004: 156
2005: -590
2006: -458
2007: -568
2008: 929
2009: 2 118
2010: 2 190
: Қызылорда
2003: 7 963
2004: 9 611
2005: 9 236
2006: 10 399
2007: 11 652
2008: 13 023
2009: 13 796
2010: 14 813
: Маңғыстау
2003: 5 485
2004: 6 741
2005: 7 103
2006: 8 425
2007: 9 362
2008: 10 449
2009: 11 510
2010: 11 799
: Оңтүстік Қазақстан
2003: 35 717
2004: 42 942
2005: 41 982
2006: 47 251
2007: 51 944
2008: 58 923
2009: 57 439
2010: 61 340
: Павлодар
2003: 1 085
2004: 1 969
2005: 1 499
2006: 2 060
2007: 2 553
2008: 4 327
2009: 4 565
2010: 4 001
: Солтүстік Қазақстан
2003: -995
2004: -678
2005: -470
2006: -914
2007: -870
2008: 392
2009: 744
2010: 486
: Шығыс Қазақстан
2003: -356
2004: 999
2005: 583
2006: 2 327
2007: 2 869
2008: 5 706
2009: 7 150
2010: 5 999
: Астана қ. ә.
2003: 3 163
2004: 4 616
2005: 5 424
2006: 6 302
2007: 8 921
2008: 11 747
2009: 12 828
2010: 14 218
: Алматы қ. ә.
2003: 6 768
2004: 10 591
2005: 12 202
2006: 15 920
2007: 17 577
2008: 21 815
2009: 24 776
2010: 26 968

Халық санының азаюының тағы бір себебі болып табиғи өсімнің теріс көрсеткіштің болуы. Облыс бойынша 2009 жылы табиғи өсімнің көрсеткіші 5, 3 - ті құраса (1000 адам тұрғынға), 2010 жылы 4, 4 азайған. Зырян қаласында облыс бойынша табиғи өсімнің ең жоғарғы теріс көрсеткіші байқалады, 2009 жылы - 6, 3 болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш - 7, 5 ті құрады. Сонымен қатар, 2010 жылғы мәлімет бойынша, Риддер қаласында -6, 1, Шемонаихада -5, 2, Глубокое ауданында -2, 3. Сонымен қатар облыстын аудандары мен қалаларында 2009-шы жылмен салыстырғанда 2010-шы жылы табиғи өсімнің төмендеуі байқалады (кесте 4) .

Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері.

Республикамыздың географиялық картасына көз салсақ екі бірдей құрлықтың териториямызда орналасқанын байқаймыз. Алып Евразия суперконтинентінің кіндік ортасы Қазақстанда жатқандықтан және республика жер көлемінің 400 мың шаршы шақырымы, яғни 15%-і (Швеция мемлекетінің жерімен тең) Европада орналасқандықтан өзімізді Европалық және Евразиялық мемлекет деп есептеуге болады.

Саны жағынан қатты әлсіреген қазақ халқының өз жерінде азшылықта қалуынан кереғар, күңгірт көріністер туындайын болса оның өзінен саны басым халықтармен іргелес жатуы қосымша қиыншылықтарға алып келеді.

Туған отанымыз Қазақстанның бүкіл Евразия құрлығындағы нағыз демократиялық өркениетті, жан-жақты дамыған, жетілген елге айналары анық.

Кесте 4 Демографиялық көрсеткіштер (1000 адам тұрғынға)

р/с №
Аудандар мен қалалар
Туу, адам
Өлім, адам
Табиғи өсім, адам
2009 жылға
2010 жылға
2009 жылға
2010 жылға
2009 жылға
2010 жылға
р/с №: 1
Аудандар мен қалалар: Өскемен қ.
Туу, адам: 14, 7
Өлім, адам: 15, 2
Табиғи өсім, адам: 12, 7
12, 6
1, 9
2, 6
р/с №: 2
Аудандар мен қалалар: Семей қ.
Туу, адам: 20, 3
Өлім, адам: 18, 4
Табиғи өсім, адам: 10, 1
10, 0
10, 2
8, 4
р/с №: 3
Аудандар мен қалалар: Риддер қ.
Туу, адам: 14, 0
Өлім, адам: 13, 2
Табиғи өсім, адам: 18, 7
19, 3
-4, 7
-6, 1
р/с №: 4
Аудандар мен қалалар: Курчатов қ.
Туу, адам: 19, 3
Өлім, адам: 15, 8
Табиғи өсім, адам: 10, 1
8, 5
9, 2
7, 3
р/с №: 5
Аудандар мен қалалар: Абай
Туу, адам: 21, 4
Өлім, адам: 17, 9
Табиғи өсім, адам: 8, 3
7, 4
13, 1
10, 5
р/с №: 6
Аудандар мен қалалар: Аягөз
Туу, адам: 24, 0
Өлім, адам: 21, 2
Табиғи өсім, адам: 8, 4
8, 0
15, 6
13, 1
р/с №: 7
Аудандар мен қалалар: Бесқарағай
Туу, адам: 15, 6
Өлім, адам: 14, 1
Табиғи өсім, адам: 13, 3
13, 9
2, 3
0, 3
р/с №: 8
Аудандар мен қалалар: Бородулиха
Туу, адам: 14, 2
Өлім, адам: 14, 1
Табиғи өсім, адам: 12, 4
12, 5
1, 8
1, 5
р/с №: 9
Аудандар мен қалалар: Глубокое
Туу, адам: 12, 8
Өлім, адам: 13, 9
Табиғи өсім, адам: 16, 0
16, 2
-3, 2
-2, 3
р/с №: 10
Аудандар мен қалалар: Жарма
Туу, адам: 19, 5
Өлім, адам: 19, 5
Табиғи өсім, адам: 9, 9
10, 9
9, 6
8, 6
р/с №: 11
Аудандар мен қалалар: Зайсан
Туу, адам: 21, 2
Өлім, адам: 20, 1
Табиғи өсім, адам: 8, 7
8, 6
12, 6
11, 6
р/с №: 12
Аудандар мен қалалар: Зырян
Туу, адам: 13, 3
Өлім, адам: 12, 2
Табиғи өсім, адам: 19, 6
19, 6
-6, 3
-7, 5
р/с №: 13
Аудандар мен қалалар: Катонқарағай
Туу, адам: 15, 3
Өлім, адам: 13, 7
Табиғи өсім, адам: 13, 2
13, 2
2, 0
0, 5
р/с №: 14
Аудандар мен қалалар: Көкпекті
Туу, адам: 17, 9
Өлім, адам: 15, 5
Табиғи өсім, адам: 12, 1
12, 4
5, 8
3, 1
р/с №: 15
Аудандар мен қалалар: Күршім
Туу, адам: 17, 9
Өлім, адам: 18, 5
Табиғи өсім, адам: 11, 1
10, 1
6, 8
8, 4
р/с №: 16
Аудандар мен қалалар: Тарбағатай
Туу, адам: 22, 8
Өлім, адам: 23, 5
Табиғи өсім, адам: 9, 3
9, 7
13, 5
13, 8
р/с №: 17
Аудандар мен қалалар: Ұлан
Туу, адам: 15, 5
Өлім, адам: 14, 5
Табиғи өсім, адам: 11, 1
11, 2
4, 4
3, 2
р/с №: 18
Аудандар мен қалалар: Үржар
Туу, адам: 19, 2
Өлім, адам: 17, 2
Табиғи өсім, адам: 8, 9
10, 1
10, 2
7, 1
р/с №: 19
Аудандар мен қалалар: Шемонаиха
Туу, адам: 13, 6
Өлім, адам: 12, 8
Табиғи өсім, адам: 17, 8
18, 0
-4, 2
-5, 2
р/с №:
Аудандар мен қалалар: Облыс бойынша
Туу, адам: 17, 4
Өлім, адам: 16, 6
Табиғи өсім, адам: 12, 1
12, 2
5, 3
4, 4
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей губерниясындағы ашаршылық және оның салдары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУ КӨЗДЕРІ
Орман шаруашылығы мәселелерін шешудің жолдары
Көші-қон мәселесі жайлы
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Ауылдық тұрғындар орындарының теориялық негіздері
Шығыс Қазақстан экономиклық ауданының әлеуметтік – экономикалық сипаттамасы
Семей полигонына қарасты территориялардың қазіргі экологиялық жағдайы
Халықтың көші - қоны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz