Африканың географиялық белдеулері



Кіріспе

І тарау
1.1 Африканың географиялық белдеулері.
1.2. Ауа температурасы мен жауын.шашынның географиялық таралуы.
1.3. Африканың климаты және зоналары.

ІІ тарау
2.1. Өзендердің климатқа тәуелділігі.
2.2. Климаттың шаруашылыққа әсері.

Қорытынды
Кіріспе
Африка — Жердің Евразиядан кейінгі көлемі жағынаи екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы —30,3 млн. км2, аралдарсыз —29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор кеңістіктері бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте — Эль-Абьяд мүйісі (37°20' с. е.), оңтүстікте — Игольный мүйісі (34°52' о. е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктің ең жалпақ бөлігі экватордан солтүстікте 10° пен 16° аралығында жатыр, мұнда Африка 17°33' б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51°24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені — Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған жэне материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан-Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда Африканық жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің қарапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 м құрайды.
Африканың экватордық екі қапталындағы негізінсн тропиктік-экваторлық
кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса, ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән континенттілік туғызады. Тегіс рельефтің басым болуы және географиялық орны зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді. Біздің эрамыздан көптеген ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Аравия түбегінен арабтар өткен.
XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл саудасының және африка елдерін европалықтардың басып алуының бастапқы кезеңі болатын. XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар «Африканың ішкі бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация» құрды. ХІХ ғасырдағы зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі—Африканың ең ірі өзендері Нигер, Ніл, Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі географиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы зерттеп білуге ағылшын ғалымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл бойы (1843— 1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дсйінгі және Кейптауннан экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ніл мсн Конго суайрығы облысын зерттеу жұмыстарын орыс ғалымы В. В. Юнкер жүргізді.

Климаттық белдеулер. Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.
Экваторлық белдеу Конго (Заир) өзені алабының экватор бойындағы бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес. Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді. Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты кызуына байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады. Жинал-ған қалың бұлттардан түстен кейін нөсер жаңбыр жауады. Жаңбыр кезінде аспанды қақырата күн күркіреп, найзағай жарқылдап, ормандағы тіршілік атаулының берекесін алып, сапырылыстыратын алай-түлей күшті жел соғады. Бұл жойқын нөсер бірнеше сағатқа ғана созылады, кешке карай күн шайдай ашылып, тіршілік мамыражай қалыпқа көшеді. Күнделікті осы ауа райы қайталанып отырады. Өсіресе көктем мен күзде несерлер күшейеді. Ауа температурасы (+24°С) жыл бойы тұрақты болатын, жауын-шашын жыл бойы біркелкі, әрі 3000 мм-ден жоғары түсетін мұндай климатты ылгалды экваторлық климат деп атайды.
Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екіжарты шардың шамамен 20° ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды. Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгел суық ағысының әсерінен солтүстікке қарай ығысқан (климаттық белдеулер картасын қараңдар). Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы - жауын-шашын мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады. Бүл кұбылыс жазда экваторлық, қыста тропиктік ауа массаларының әсер етуімен байланысты. Жаңбыр негізінен әрбір жарты шардың жаз айларында жауады, ал қыс мерзімі қүрғақ болады. Сондықтан бүл белдеуде жыл мезгілдері ылгалды және құргақ кезеңдерге айқын ажыратылады. Ылғалды кезеңнің ұзактығы экватордан қашықтаған сайын азаяды. Жыл бойы жоғары болатын ауа температурасы әрбір жарты шарда жыл мезгілдеріне байланысты аздап өзгереді. Осындай климатты ауыспалы ылгалды климат деп атайды.
Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін камтиды. Солтүстік тропиктік климаттык белдеу батыстан шығысқа карай өте енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен құрғак, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер шарындағы ең ыстық, ең құрғак, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +40°С және одан да
жоғары көтеріледі. Құмның беті +70°С-қа дейін қызады, керісінше түнге ауа мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы құрғақ, ыстық, әрі шаңды бола-ды. Жазда жиі-жиі құмды дауылдар - самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып түрады. Қызған ауаның қозғалыстары нәтижесінде көкжиекте пайда болатын сағымдар шөлдегі жолаушылардың көзін алдайды. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы өте темен болатындықтан, Сахарада жаңбыр өте сирек болатын құбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан кейін күтпеген жерден нөсер жаңбырлар жауады. Су өткізбейтін жыныстар жауып жаткан шөлдерде әп-сәтте айнала суға толып, сел жүреді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-ден де төмен. Климаттың мұндай сипатын тропиктік континенттік шөл климаты деп атайды.
Оңтүстік тропиктік климаттық белдеу Атлант мүхиты жағалауында экватор сызығы үстінен басталып, Үнді мүхиты жағалауында 20° о.е. бойымен Мадагаскар аралын кесіп өтеді. Батыста белдеу шекарасының солтүстікке қарай ығысуы Бенгел суық ағысының ықпалына байланысты болады. Сондыктан бүл жағалауда экватор бойына дейін Намиб жағалық шөлі орналасқан Намиб шөлінен шығысқа карай Калахари шөліжатыр. Калахаридің климаттық жағдайлары Сахарамен салыстырғанда біршама қолайлы келеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері батыстан шығысқа
қарай артады (картадан қараңдар). Үнді мұхитынан келетін теңіздік тропиктік ауа массасының ыкпалында болатын белдеудің шығыс бөлігіне тропиктік ылгалды климат тән болады. Сонымен Африканың оңтүстік тропиктік климаттық белдеуі батыстан шығысқа қарай үш климат сипатына ажыратылады (климаттық белдеулер картасын қараңдар).
Субтропиктік белдеулер Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазда тропиктік, қыста қоңыржай ауа массалары әсер етеді. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы айқын байқалады. Жазы ыстық +28° С, құрғақ қысы біршама жылы +10 ° С, ылғалды болады. Оңтүстік субтропиктік белдеудің батысында Жерорта теңізі климат тән. Белдеудің оңтүстік-шығысында жауын-шашын жыл бойы жауады, Үнді мұхитынан соғатын муссондар әсерінен ылғалдың басым бөлігі жазда түседі. Мұндай климат субтропиктік ылғалды климат деп аталады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
І тарау
1.1 Африканың географиялық белдеулері.
1.2. Ауа температурасы мен жауын-шашынның географиялық таралуы.
1.3. Африканың климаты және зоналары.

ІІ тарау
2.1. Өзендердің климатқа тәуелділігі.
2.2. Климаттың шаруашылыққа әсері.

Қорытынды

Африканың географиялық белдеулері мен
зоналары тақырыбындағы курстық жұмысына

Пікір

Курстық жұмысында өз тақырыбын толық және жан-жақты аша білген. Бұл
курстық жұмысында (ғылыми жұмысында) ғылымда бүгінгі таңда жарық көрген
соңғы деректеді пайдаланып, нақты статистикалық мәліметтер келтірген. Бұл
жұмыс СМЖ-не де толық сәйкес келеді. Сонымен бірге ғылыми тілмен, яғни
әдеби тілдің жалпы ережелерін, граматикалық қағидаларын және ғылыми стиль
мен терминологияның дәлдігін сақтай білген. Қосымша материяалдар (схемалар,
суреттер т.с.с) келтірілген.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады біріншісі жалпы әдебиеттерге шолу,
екінші негізгі бөлім, үшінші қортынды түрінде. Қолданылға әдебиеттер тізімі
де келтірілген.
Жалпы бұл курстық жұмыс СМЖ –не толық сәйкес келгені ескеріліп,
қорғауға жіберіледі.

Кіріспе
Африка — Жердің Евразиядан кейінгі көлемі жағынаи екінші үлкен
материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы —30,3 млн. км2,
аралдарсыз —29,2 млн. км2.
Африка материгі Евразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және
Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Евразия шығыс жарты шардың біртұтас
құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың орасан зор
кеңістіктері бөліп тастаған.
Материктің шеткі нүктелері солтүстікте — Эль-Абьяд мүйісі (37°20' с.
е.), оңтүстікте — Игольный мүйісі (34°52' о. е.). Африка солтүстіктен
оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктің ең жалпақ бөлігі экватордан
солтүстікте 10° пен 16° аралығында жатыр, мұнда Африка 17°33' б. б. бастап
(Альмади мүйісі), 51°24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км-ге
жетеді.
Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені —
Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия,
Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған
жэне материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра,
Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас-Нгема-Бииого, Принсипи, Сан-Томе, Аннобон.
Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияға қарағанда
Африканық жері керісінше бет кұрылысы біркелкі және пішінінің қарапайым
болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге
дейін баратын жазықтықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке
жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің
шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді.
Олардың орташа биіктігі 750 м құрайды.
Африканың экватордық екі қапталындағы негізінсн тропиктік-экваторлық

кеңістік алабындағы орны жоғары температураның басым болуына себепші болса,
ішкі бөліктерінің онша тілімденбеуі әрі тұйықтығы Африкаға тән
континенттілік туғызады. Тегіс рельефтің басым болуы және географиялық орны
зоналықтың айқын көрінуіне жағдай жасайды. Табиғат жағдайлары біршама
біртектес болып келетін ендікті бойлай созылып жатқан жалпақ өңірлер
экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай бірін-бірі заңды түрде
алмастырады. Зоналық құрылым, әсіресе, материктің барынша сом және рельефі
бірсыдырғы солтүстік бөлігінде айқын көрінеді. Біздің эрамыздан көптеген
ғасырлар бұрын материктің жағалауы мен ішкі аудандарында Азия мен Солтүстік
Африканың халықтары: финикиялықтар, египеттіктер, карфагендіктер болып
тұрған. Ерте орта ғасырда Шығыс және Солтүстік Африкаға Аравия түбегінен
арабтар өткен.
XV ғасырда португалдықтар Индияға апаратын жол іздеу барысында
Африканың жағалауын зерттеген. Бұл, құл саудасының және африка елдерін
европалықтардың басып алуының бастапқы кезеңі болатын. XVIII ғасырдың аяғы
мен XIX ғасырдың бас кезінде Англия мен Франция материктің ішкі жағындағы
бірнеше отарларды жаулап алды. Бұл жаулаулар кезінде ашылыстар мен
зерттеулер қатар жүргізілді. 1788 жылы ағылшындар Африканың ішкі
бөліктерін ашуға жәрдем ететін ассоциация құрды. ХІХ ғасырдағы
зерттеулердің айтарлықтай нәтижесі—Африканың ең ірі өзендері Нигер, Ніл,
Конго және Замбези бассейндерінің зерттелуіне байланысты негізгі
географиялық проблемаларды шешу болды. Орталық және Оңтүстік Африканы
зерттеп білуге ағылшын ғалымы Д. Ливингстон үлкен үлес қосты. Ол отыз жыл
бойы (1843— 1873) Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дсйінгі және Кейптауннан
экваторға дейінгі ұлан-байтақ кеңістікті зерттеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ніл мсн Конго суайрығы облысын зерттеу
жұмыстарын орыс ғалымы В. В. Юнкер жүргізді.

Климаттық белдеулер. Африканың географиялық орнының ерекшелігіне
сәйкес, экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады.
Экваторлық белдеу Конго (Заир) өзені алабының экватор бойындағы
бөлігін және Гвинея шығанағы жағалауын алып жатыр. Аумағы онша үлкен емес.
Бұл белдеуге бүкіл жыл бойы ылғалды экваторлық ауа массалары әсер етеді.
Ауа райы әдетте таңертең ашық болады, түске қарай жердің беті қатты кызуына
байланысты ауа жоғары көтеріліп, бұлттар пайда болады. Жинал-ған қалың
бұлттардан түстен кейін нөсер жаңбыр жауады. Жаңбыр кезінде аспанды
қақырата күн күркіреп, найзағай жарқылдап, ормандағы тіршілік атаулының
берекесін алып, сапырылыстыратын алай-түлей күшті жел соғады. Бұл жойқын
нөсер бірнеше сағатқа ғана созылады, кешке карай күн шайдай ашылып,
тіршілік мамыражай қалыпқа көшеді. Күнделікті осы ауа райы қайталанып
отырады. Өсіресе көктем мен күзде несерлер күшейеді. Ауа температурасы
(+24°С) жыл бойы тұрақты болатын, жауын-шашын жыл бойы біркелкі, әрі 3000
мм-ден жоғары түсетін мұндай климатты ылгалды экваторлық климат деп атайды.
Субэкваторлық белдеулер экваторлық белдеуден екіжарты шардың шамамен
20° ендіктеріне дейінгі аралықты, Мадагаскар аралының солтүстігін қамтиды.
Оңтүстік субэкваторлық белдеудің батыс шекарасы Бенгел суық ағысының
әсерінен солтүстікке қарай ығысқан (климаттық белдеулер картасын қараңдар).
Субэкваторлық климаттың экватор климатынан басты айырмашылығы - жауын-шашын
мөлшерінің аздау болуы және оның жыл мезгілдеріне қарай түсуінен байқалады.
Бүл кұбылыс жазда экваторлық, қыста тропиктік ауа массаларының әсер етуімен
байланысты. Жаңбыр негізінен әрбір жарты шардың жаз айларында жауады, ал
қыс мерзімі қүрғақ болады. Сондықтан бүл белдеуде жыл мезгілдері ылгалды
және құргақ кезеңдерге айқын ажыратылады. Ылғалды кезеңнің ұзактығы
экватордан қашықтаған сайын азаяды. Жыл бойы жоғары болатын ауа
температурасы әрбір жарты шарда жыл мезгілдеріне байланысты аздап
өзгереді. Осындай климатты ауыспалы ылгалды климат деп атайды.
Тропиктік белдеулер материктің екі тропиктік шеңбер үстіндегі бөлігін
камтиды. Солтүстік тропиктік климаттык белдеу батыстан шығысқа карай өте
енді және аса зор Еуразия материгімен көршілес орналасқан. Бұл белдеуге
осында қалыптасқан тропиктік континенттік ауа массалары мен Еуразия үстінен
құрғак, ыстық ауа әкелетін пассаттар әсер етеді. Сондықтан белдеуде Жер
шарындағы ең ыстық, ең құрғак, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан. Мұнда
күндіз ауаның орташа температурасы +40°С және одан да
жоғары көтеріледі. Құмның беті +70°С-қа дейін қызады, керісінше түнге ауа
мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы құрғақ, ыстық, әрі шаңды бола-ды.
Жазда жиі-жиі құмды дауылдар - самум желдері соғады, аспан ылғи шаңытып
түрады. Қызған ауаның қозғалыстары нәтижесінде көкжиекте пайда болатын
сағымдар шөлдегі жолаушылардың көзін алдайды. Ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы өте темен болатындықтан, Сахарада жаңбыр өте сирек болатын
құбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан кейін күтпеген жерден
нөсер жаңбырлар жауады. Су өткізбейтін жыныстар жауып жаткан шөлдерде әп-
сәтте айнала суға толып, сел жүреді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 мм-
ден де төмен. Климаттың мұндай сипатын тропиктік континенттік шөл климаты
деп атайды.
Оңтүстік тропиктік климаттық белдеу Атлант мүхиты жағалауында экватор
сызығы үстінен басталып, Үнді мүхиты жағалауында 20° о.е. бойымен
Мадагаскар аралын кесіп өтеді. Батыста белдеу шекарасының солтүстікке қарай
ығысуы Бенгел суық ағысының ықпалына байланысты болады. Сондыктан бүл
жағалауда экватор бойына дейін Намиб жағалық шөлі орналасқан Намиб шөлінен
шығысқа карай Калахари шөліжатыр. Калахаридің климаттық жағдайлары
Сахарамен салыстырғанда біршама қолайлы келеді. Жауын-шашынның жылдық
мөлшері батыстан шығысқа

қарай артады (картадан қараңдар). Үнді мұхитынан келетін теңіздік тропиктік
ауа массасының ыкпалында болатын белдеудің шығыс бөлігіне тропиктік ылгалды
климат тән болады. Сонымен Африканың оңтүстік тропиктік климаттық белдеуі
батыстан шығысқа қарай үш климат сипатына ажыратылады (климаттық белдеулер
картасын қараңдар).
Субтропиктік белдеулер Материктің солтүстік және оңтүстік шеткі бөліктерін
қамтиды. Өтпелі белдеу болғандықтан мұнда жазда тропиктік, қыста қоңыржай
ауа массалары әсер етеді. Температураның жыл мезгілдеріне қарай ауытқуы
айқын байқалады. Жазы ыстық +28° С, құрғақ қысы біршама жылы +10 ° С,
ылғалды болады. Оңтүстік субтропиктік белдеудің батысында Жерорта теңізі
климат тән. Белдеудің оңтүстік-шығысында жауын-шашын жыл бойы жауады, Үнді
мұхитынан соғатын муссондар әсерінен ылғалдың басым бөлігі жазда түседі.
Мұндай климат субтропиктік ылғалды климат деп аталады.

Климат қалыптастырушы факторлар. Материктің дәл ортасы арқылы экватор
сызығы кесіп өтетіндіктен Африканың басым бөлігі жыл бойы күн сәулесін мол
алады. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеде жаз кезінде
Күн сәулесі дәл төбеден тік түседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігінде
жылдық орташа температура +20°С-тан төмен болмайдь (61-суретті қараңдар).
Жаз айларында солтүстік тропик кесіп өтетін Сахара үстінде ауаның орташа
температурасы +35°С, +40°С-қа дейін көтеріледі. Ең салқын деп есептелетін
қиыр оңтүстік жағалық жазықтардың өзінде ауаның орташа температурасы +8°С-
тан төмен түспейді.
Африка экватордың екі жағында орналасқандықтан екі жарты шарда
маусымдық айырмашылық байқалады. Ең алдымен бүл айырмашылық әр жарты
шардағы ылғалдың түсу мезгілі мен мөлшерінен көрінеді. Мысалы, щілде, тамыз
айларында солтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде ыстық, жаңбырлы,
қапырық ауа райы орнықса, ал оңтүстік жарты шардың субэкваторлық белдеуінде
ыстық, құрғақ ауа райы қалыптасады.
Африка жерінің көп бөлігі экваторлық және тропиктік ауа мас саларының
ықпалында болады, тек материктің қиыр оңтүстік және солтүстік жағалық
бөліктеріне салкын кезде батыс желдері алып келетін қоңыржай ауа массалары
әсер етеді.
Екі жарты шардың пассаттары бір-бірімен түйісетін экваторлық бөлікте
жауын-шашын көп жауады, ол осы бөліктегі өрлеген ауа қозғалысы-
ның әсеріне байланысты болады. Ал Арабия түбегінен соғатын солтостік-
шыгыс пассат желдері енсіз Қызыл теңіз үстінде ылғалға қаныға
алмайтындықтан Африкаға құрғак тропиктік ауаны алып келеді. Сахара үстімен
жылжыған сайын бүлауақызып, одан әрі қүрғай түседі. Сондықтан солтүстік
пассат желдерінің жолында жаткан аудандар ғажауын-шашын аз түседі.
Африканың оңтүстігіндегі Үнді мүхитынан соғатын онтустік-шыгыспассаттаржылы
ағыстар үстінде ылғалғақанығып, Мадагаскар Айдаһар тауларыныңшығыс
беткейлеріне мол жауын-шашын өкеледі.
Ал Гвинея шығанағынан соғатын пассат желдері материктің батыс жағалық
бөлігіне ылғалды, эк-ваторлық ауа ағынын әкеледі. Әсіресе жағалау-дағы
таулардың батыс беткейлерінде жауын-шашын мол түседі. Мысалы Дебунджа
каласында жылдық жауын-шашын мөлшері 10470 мм-ге жетеді. Гвинея шығанағы
жағалауынан солтүстікке және оңтүстікке жүрген сайын жауын-шашынның мөлшері
күрт азаяды (картадан қарап, себебін түсіндіріңдер).
Африканың климаттық жағдайлары жер бедеріне де тәуелді болады. Жер
бедері биіктеген сайын температура мен қысымның, жауын-шашын мөлшерінің
өзгеретіні белгілі. Сондықтан экваторға жакын жатқан биік тау шыңдарында
мәңгі қар жатады, Атлас тауларының биік бөліктеріне де қар түседі. Ылғалды
ауа массаларының жолында жатқан тау беткейлерінде жазық жерлермен
салыстырғанда жауын-шашын біршама мол түседі (климаттық картаны қараңдар).

Африка — жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен
бірдей қашықтыққа созылып жатқан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі
жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды.
Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен
қайталанады.
Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінн (экватордан
оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы
бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай орасан зор Евразия
құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер — Жерорта
теңізі мен Қызыл теңіз бөліп түр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді
мүхиттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және
оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірден емес.
Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы
күн жылуын кеп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сол
бөлігінде қатты қызады. Бүкіл Африка (азғана қалысты есептемегенде) жылына
160 ккал см2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200
ккал см2 асып түседі. Бүл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды
және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.
Материктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі
аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мүхит әсерін
шектейді және климаттың Африкаға тан континенттігін туғызады, бұл оның
көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік
бөлігінен айқын көрінеді.
Африканың көпшілік бөлігі екі жарты шардың субтропиктік антициклон
мен пасаттық циркуляциясының ықпалында болады. Солтүстік жарты шардын
құрлықтан келетін пассаттары салыстырмалы ылғалдығы төмен континенттік ауа
ала келеді.

Үнді мұхиты жағынан келетін оңтүстік жарты шардың пассаттары
материктің шығыс шетіне ылғалдылығы тұрақсыз ауа массаларын алып шығады.
Материктің солтүстік және оңтүстік жарты шарлардағы батыс шет
аймақтары пассаттық инверция тән атлантикалық субтропиктік антициклонның
шығыс шетінің ықпалында болады, Атлант мұхитының суық ағысты инверциясы
онан сайын күшейе түседі. Мұның өзі жауын-шашынның түсуіне қолайсыз жағдан
туғызады.
Материктің экватор бойы бөлігінде ауа массасының бір жарты шардан
екінші жарты шарға өтуінің ерекше маңызы бар. Мұның өзінде материктің
шығысында пассаттардың басқа жарты шардан етуі осы жарты шардың жазында
орын алады. Ал батыста болса, қысым градиенті әрқашанда Оңтүстік Атлант
максимумынан Африканың солтүстік субконтинентіне қарай бағытталатындықтан
жыл бойына оңтүстік пассаттын, (оңтүстік-батыс муссонның) солтүстік жарты
шарға өтуі үнемі байқалады. Сондықтан да 17°с. е. және 20° о. е.
аралығындағы өңірде әрбір жарты шардың жазында экваторлық муссондардың
ықпалы көршіс береді, олар ылғалдылығы тұрақсыз экваторлық ауаны ала жүреді
де жауын-шашынды кезең тудырады. Материктің субтропиктік белдеулердің
шегіне кіретін қиыр солтүстігі мен оңтүстігі әрбір жарты шардың кысында
қоңыржай ендіктердің батыс циркуляциясы жағдайында қалады.
Ауа массалары циркуляциясының жағдайы, жауын-шашын мен температураның
таралуы екі жарты шар үшін январь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы
Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы оқу - әдістемелік кешен
Австралия жағаларының пішіні
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Дүниежүзілік мұхитқа физикалық-географиялық сипаттама
Мұхит суының температурасы
Африканың субтропикалық климатына сипаттама
Африка территориясын геологиялық зертеу тарихы
Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері
Мұхиттар мен құрлықтар географиясы сабақтарында жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы шығармашылық әрекетінің тәжірбиесін қалыптастырып, құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың нәтижелігін көтеру
Пәндер