Ақша-несие саясатының теориялары



Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы себепті бүгінгі таңда мемлекеттің макроэкономикалық өзекті және негізгі саясатардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатындығын, қызмет ету механизмін, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеудің жүргізілуінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыты.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
- рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
- экспанциялық ақша-несие саясаты.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛАРЫ

Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.
Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.
Осы себепті бүгінгі таңда мемлекеттің макроэкономикалық өзекті және негізгі саясатардың бірі болып отырған ақша-несие саясатының қалай іске асатындығын, қызмет ету механизмін, Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүргізудегі басты қызметтерін және ақша-несие саясатындағы инфляциялық таргеттеудің жүргізілуінің бүгінгі таңдағы негізгі бағыты.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн, сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегi субъектiсi - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемiн кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Ақша саясатының құралдарын төмендегiдей топтастыруға болады:
Ақырғы мақсат:
а) экономиканың өсуi;
ә) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесi;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудiң лимитi, пайыз мөлшерлемесiн тiкелей реттеу;
ә) мiндеттi резервтер нормасының өзгеруi;
б) есептеу мөлшерлемесiнiң өзгеруi;
в) ашық нарықтағы операциялар.

Дамыған аралас экономика елдерінде мемлекетті экономика функциясы ретінде қарастыруға болмайды. Оның масштаб бойынша, форма және мемлекеттің экономикаға әсер ету әдісі бойынша, мемлекет экономиканың дамуына араласуын қоғамның қолдауын көруге болады.
Тотальді мемлекеттендірілген шаруашылықтан аралас экономикаға өту процесінде мемлекеттің экономикаға ықпалының өзгерісі ғана әсер етпеді. Мемлекеттік реттеудің екі түрлі группасы бар. Олар:
* тікелей ( әкімшілік )
* жанама ( экономикалық )
Белгілі бір жағдайда мемлекеттік реттеудің осылай бөлінуі шартты түрде болып келеді, ал кейде оны жүзеге асыру күрделі болады. Жалпы қарастырсақ, мемлкеттік реттеудің өткізілуі пайдалы және мақсаттылы болып келеді.Экономиканың мемлекеттік реттеудің қаржылық және кредиттік әдісін бірге қарастырсақ, онда ол мемлекеттің ақша-несие саясатын құрайды; ақша айналымының және несиенің экономикалық реттеу жиынтығының инфляцияға деген ықпалы экономикалық өсуінің тұрақтылығының әсері, инвестициялық белсенділік және басқа да макроэкономикалық салдары болып табылады. Маңызды аспектілерді жүзеге асыру үшін оны жұмыспен қамту керек. Жоғарыда айтылған анықтамада ақща-несие саясатты өзінше бөлек функция болып табылмайды, ол мемлекеттің басқа да реттеу функцияларымен тығыз байланысты (инвестициялық қызметті реттеу, салық-бюджет саясаты, шағын бизнесті дамыту жүйесі ).

Ақша-несие саясаты реттеуінің түрлі экономикалық мектеп бойынша түсінігі.
Кейнсиандық ақша теориясы.

Кейнсиандық ақша теориясы бойынша түсінігі келесідей :

1.Нарықтық экономика көптеген ішкі тұрақсыз жүйемен байланысты. Сол себептен мемлекет экономикада әр түрлі реттеу құралдарын қолдану керек, соның ішінде несие саясатын реттеу.
2. Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады, өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
3. Кейнсиандық теориясының негізгі теориялық тепе-теңдігі мынадай:

Y = C + G + I + Nx

Мұнда, Y - ЖҰӨ-нің номиналды көлемі;
C - тұтынушылық шығын;
G - тауарда және қызметті сатып алуының мемлекеттік шығыны;
I - жеке жобалы инвестициялар;
Nx - таза экспорт.

4. Кейнсиандықтардың айтуы бойынша, ақша ұсынысы мен номиналды ЖҰӨ арасындағы байланысы үлкен, ал Орталық банк ақша-несие саясатын жүргізу барысында экономикалық ақпаратпен жақсы қамсыздандырылу қажет. Сонымен қатар, айналыс кезіндегі ақша өсімі, инвестициялық және нарықта тауар мен қызметтің қамтамасыз етілуі арасында уақтылы алшақтық бар. Ақша сұранысы жоқ кезде ақша ұсынысының өсуі экономиканы өтімділік қақпанына әкеліп соғуы мүмкін: пайыз мөлшерлеменің критикалық деңгейге түсіп кетуі мүмкін. Ол дегеніміз жоғары өтімділік керектігін білдіреді. Егер осы жағдайда ақша ұсынысы өссе, онда ол пайыз мөлшерлемесіне ешқандай әсер ете алмайды. Өйткені ол белгілі бір деңгейден төмен түссе алмайды. Егер пайыз мөлшерлемесі ақша ұсынысының өзгеруіне әсер етпесе, онда ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады.
5. Жоғарыда айтылғанмен байланысты, кейнсиандықтар монетарлық саясаты тиімді құрал ретінде қарастырмайды. Олардың ойынша, фискалды және бюджет саясаты тиімдірек болып табылады.

Монетарлық теория.

70 жылдары Кейнсиандық мектептің құлдарау кезеңі болды. Экономикада неоклассикалық бағыт пайда болды - монетаризм. Монетаризмнің басты теоретігі - атақты американдық экономист және Нобелдік премияның лауреаты - М.Фридмен.
Монетарлық теориясының жағдайы келесідей:
1.Нарықтық экономика - бұл ішкі тұрақты жүйесі екенін ұстанады. Мемлекеттің экономика ісіне араласуын минимум деңгейіне жеткізу.
2. Ақша факторы және номиналды ЖҰӨ көлемі арасындағы корреляция инвестиция мен ЖҰӨ-ге қарағанда өте тығыз байланысты. ЖҰӨ динамикасы ақша динамикасына тәуелді. Монетаристердің айтуы бойынша, айналыстағы ақша көлемі мен ұлттық экономикамыздағы тауар және қызметтің сатылған жалпы көлемі арасында өзара байланыс бар. Бұл байланыс И.Фишердің мына теңдігінде көрсетілген:

M * V = P * Q

Мұнда, M - ақша айналысының көлемі;
V - ақша айналысының жылодамдығы;
P - тауар мен қызметтің орташа бағасы;
Q - 1 жыл ішіндегі өндірілген өнім.

3. М.Фридмен ақша ережесі деген балансталған монетарлық саясатын шығарған,ол : мемлекет айналыстағы ақша массасын негізделген тұрақты өсуін қамтамасыз ету керек. Осы өнімнің көлемі М.Фридменнің теңдігі бойынша анықталады:

M = P + Y

Мұнда, M - ақша өсімінің ортажылдық темпі, ұзақмерзімді пайыз;
P - күтілген инфляцияның орташажылдық темпі;
Y - ЖҰӨ-нің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ақша - кең қолданылатын төлем құралы
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Рыноктық қатынастар
Экономикалық цикл факторлары және даму ерекшеліктері
Экономикалық цикл теориялары
Ақша теориялары және инфляция
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориясы
Нарықтық экономикада ақшаның экономикалық маңызы
Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе- теңдік теориялары
Пәндер