Алтын орда мемлекеті. Ақ Орда. Ноғай ордасы


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

  1. Алтын Орда мемлекеті
  2. Ақ Орда
  3. Ноғай ордасы
  4. Моғолстан мемлекеті
  5. Әбілхайр хандығы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есүхей батыр отбасында туылған.

Тэмуджин ер жете келе қол астына монғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж. ы көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.

1207-1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжінді) бағындырды.

Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды.

1. АЛТЫН ОРДА МЕМЛЕКЕТІ

Алтын Орда Мемлекеті тарихи әдебиетте «қыпшақ ұлысы» деп аталды. Оның себебі бұл территорияны мекендеген халықтардың басым көпшілігі қыпшақтар еді. «Бұл мемлекет бұдан бұрын да қыпшақ елі атанып келген еді».

Осы қыпшақ ұлысын еншісіне алған Жошыхан 1227-жылы қайтыс болды. Орнына Жошының екінші ұлы Батый (Бату) хан отырды. Әкесінен қалған мұраны місе тұтпаған Бати хан 1236-жылы қалың қолды бастап Жайық өзенінен (Орал өзенінен) өтіп, Еділ өзені алқабындағы бұлғарларды бағындырды. 1237-жылы қалың қолды бастаған Бати хан орыс княздықтарына шабуыл жасады да, ол кезде Рязань, Владимир, Москва сияқты қырық иелікке бөлініп қырқысып отырған орыс княздықтарын бірін-біріне қоспай талқандап, жаулап алды.

Онан соң, маңғол армиясы үздіксіз ілгерілеп Киев қаласын алды, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, тағы басқаларды ойрандап, Еділ сағасына қайта оралды.

Батый хан 1242-жылға дейін жасаған жаулап алу жорықтары арқылы Алтын Орданың территориясык кеңейтіп, Ертіс өзенінен Дунай дариясына дейінгі ұлан-байтақ өңірді қол астына қаратты. 1243-жылы Еділ сағасынан Сарай қаласын салдырды, бұл қалада алтынмен аптап, күміспен күптелген сән-салтанатты хан сарайы төңіректің төрт бұрышынан қелген саудагерлер жиналатын сауда алаңы болды. Бати хан өзіне арнап астана құрып, сарай салдырғанымен уақыттың көбін Дунайдың төменгі ағысындағы ұлан-байтақ қазақ сахарасындағы жайлауларда өткізіп отырды. Алтын Орданың астанасы алғашқы кезде Сарай-Бату қаласында (қазіргі Астрахань маңында) болды. Кейінірек Сарай Беркеге (Еділ бойымен Сарай-Батудан. жоғарырақ) көшірілді.

Бати хан шығыс Европаға жасаған жеті жылдық (1236-1242) жорығынан кейін, Арал теңізінің шығыс солтүстігі жағындагы жерлерді ағасы Орда-Еженге берді. Бұл Алтын Орда деп аталды. Арал теңізінің солтүстігіндегі жерлерді інісі Шайбанға берді, ол Көк орда деп аталды. Шайбанға қарасты төрт омақ ел: қосшы, найман, бұйрат және қарлық тайпалары еді.

Алтын Орданың жағдайы өзге ұлыстардың қай-қайсысынан да күрделі еді. Онда негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған далалық өңір, отырықшы егінші аймақтар, мәдениеті марқайған қалалар қатар өмір сүрді. Оты­рықшы аймақтар мен қала-кенттерінде Еділ бұлғарлары, ежелгі хазарлар мен аландар, қала қыпшақтары, хорезмдіктер, орыстар, армяндар, гректер тұрды.

Алтын Орданың кең-байтақ далалы өңірлерін қыпшақ, қаңлы, арғын; найман, қоңырат, керей, уақ, т. б. түркі тілдес тайпалар мекендеп, негізінен мал шаруашылығы кәсібімен айналысты. Алтын Орданың халқы этникалық әркелкі болғанымен, оның негізгі тұлғасы осы түркі тілдес тайпа­лар, негізгі әскери күші қыпшақтар болды. Бұл түркі тілдес тайпалар бастабында жеке-жеке яки одақтасып Шыңғыс-ханға қарсыласып көрді, нәтижеде бәрі де жеңіліске тап болды. Бұлар ақырында жаппай бағынды да, оның жорығына қатынасты. Әсіресе, батысқа аттанған қалың қолдың басым көпшілігі осылар еді. Ол кезде «қыпшақ» деген сөз жоғарыда аталған түркі тілдес тайпалардың жалпы аты ретінде де қолданылатын. Сол заманда жасаған әйгілі араб тарихшысы, маңғолдар туралы жазба хаттардың авторы Әл-Омари дешті қыпшақ жайында былай дейді: «Ертеде бұл мемлекет қыпшақтар елі болған еді, Ал оларды татарлар (маңғолдар) билеп алғаннан кейін, қыпшақтар солардың қол астына қарап қалды. Сонан кейін олар (маңғолдар) бұлармен (қыпшақтармен) араласып, туысып кетті, жер олардың табиғи және нәсілдік сипатын өзгертіп жіберді. Олардың бәрі бір атадан туғандай, дәл қыпшақ болып кетті, осыдан келіп маңғолдар қыпшақ жеріне ме­кендеп қалды. Бұлармен неке қиысып, осылардың (қыпшақтардың) жерінде тұрып қалды. »

Алтын Орда хандығы өз құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен халықтардың ежелден келе жатқан ел басқару жүйесін өзғертпей бурынғы қалпында қалдырды. Жергілікті басқару орындарының қызметін бұрынғыша жергілікті феодалдар атқарып отырды. Алтын Орда хандары жергілікті халықты өз феодалдары арқылы басқарды. . Түркі тілдес тайпалар мен халықтардың феодал-шонжарлары да өзінің халық бұқарасына үстемдігі мен төтенше құқығын сақтау және нығайту үшін Алтын Орда үстемдігіне ынтасымен қызмет етті. Жергілікті түркі тілдес тайпалардың фердал-шонжарлары мен маңғолдардың әскери феодал шонжарлары арасындағы ауыз жаласқан одақ барған сайын күшейіп, олар өзара қудаласып қыз алысты. Маң­ғолдардың феодал-шонжарлары мен түркі тілдес тайпа шонжарларының қудаласып қыз алысуы бұдан әлдеқайда бұрын басталған. Мысалы: Шыңғысханның шешесі Ұлан Еке ханым қоңырат қызы, Шыңғыстың бәйбішесі Бөрте де қоңырат қызы, екінші әйелі Хот оқтай меркіт қызы, Жошы ханның бір әйелі Сартақ қоңырат қызы, енді бір әйелі Бектумыш керей қызы болатын. Ал Шыңғысхан бір қызын ұйғыр идиқұтына, енді бірін қарлық Арсылан ханға берген. Жошы хан өзінің үлкен қызы Бикені қаңлының ұлысбегі Тұғырылдың баласы Сұнақ тегінге берген. Бұл барыс Алтын Орда дәуірінде одан әрі үдей түсті. Маңғол шонжарларының түркі тілдес тайпалардың қызынан туған балалары отбасында аналарының тілін үйреніп түрікше тілі шықты, бұл жағдай жаулап алушылардың жергілікті халыққа сіңіп кетуін тездетті. Келе-келе маңғол хандары мен шонжарлары да қыпшақ тілінде сөйлейтін болды. Сөйтіп, Алтын Орда мемлеқетінің ресми әдеби тілі - бұрыннан осы өңірде қалыптасқан қыпшақ тілі болды.

XIII-ғасырда Шыңғысхан ұлы маңғол патшалығының тәуелді үлесі болған Жошы ұлысы ұзамай-ақ өз алдына дербес мемлекетке айналды. Бұл мемлекет Жұңғоның тарихи деректерінде «қыпшақ ордасы», шығыс деректерінде «көк орда», орыс жылнамаларында «алтын орда» деп аталды. Бати (1256-жылы қайтыс болды), Берке (1257- 1266), Мөнкетемір (1266-1280), Туда Мөнке (1280- 1287), Төлебұқа (1287-1291), Тоқты (1291 - 1312), Өзбек (1312-1342), Жәнібек (1342-1357) хандар тұсында Алтын Орданың қуаты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейді. Егер Жошы мен Батый Маңғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді».

Алтын Орда хандығы феодалдық мемлекет еді. Алайда, Алтын Орда мемлеқетінде жасаған халықтардың даму дәрежесі әр келкі болды. Оның Еділ алқабы, Бұлғар, Хорезм, Қырым, және солтүстік Кавказ қатарлы дамыған отырықшы-егінші аймақтарында феодалдық қатынастар үстем болды. Ал далалық мекенді мекендеп, негізінен мал шаруашылығымен шұғылданған түркі тілдес тайпалар мен түріктенген маңғол тайпалары арасында жартылай патриархалдық, жартылай феодалдық қатынас өмір сүрді.

Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы әскери негізде болды. Алтын Орданы билеуші хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысы саналды. Мемлекет билігінің белді ұйымы - әскери феодал-шонжарлар мен алпауыт бектердің құрылтайы болды. Шешуші кезеңдерде осы құрылтайлар ашылып, мемлекет тағдырына қатысты, маңызды саяси, әскери мәселелерді ақылдасып шешіп отырды. Алтын Орданың қарулы күштері оң қол (баронғар) сол қол (жұңғар) деп екі қолға (қанатқа) бөлінді. Шыңғыстың үлкен ұлы Жошы хан өлген (1227) соң, оған мұрагерлік еткен Жошының екінші ұлы Бати хан қарулы күштердің оң қанатын тікелей өзі басқарды да, сол қанатын ағасы (Жошының үлкен ұлы) Орда Еженнің басқаруына берді. Қарулы кұштердің әрқайсы канаты: түмендік, мыңдық, жүздік және ондықтарға бөлінді, оларды түмен басы, мыңбасы, жүзбасы, және онбасылар басқарды. Қарулы күштердің жоғарғы қолбасшылық міндеттерін хан тұқымынан шыққан ханзадалар, әскери феодалдық-шонжарлар - нояндар атқарды. Олар өз қол астындағы әскерді басқарумен қабат сол әскер алынған ру-тайпаларды да биледі. Аса маңызды әлеуметтік қызметтерді басқаруға әмірлер, дарғы бектері белгіленді. Мемлекеттік мекемелердің басында атақты билер мен олардың көмекшілері - бақауыл (бөкеуіл), тұтқауыл, жасауыл, бітікші, тамғашы, тартынақ-шылар отырды. Алтын Ордаға бағынышты шеткері аймақтарды басқару үшін өкіл әкімдер - дарғы бектері мен тамғыш және басқақтар тағайындалды.

Олардың басты міндеті - жергілікті халықтарды билеп-төстеу, олардан хан қазынасына алым-салым жинау еді.

Алтын Орданың алғашқы мезгілдерінде оның құрамына кірген халықтардың көпшілігі мұсылман болғанымен, билік басындағы маңғол ақсүйектері өздерінің байырғы діні шаманизм нанымын тұтынып келген еді, уақыт өте келе олар жергілікті халықтардың ислам мәдениетін қабылдады. Берке хан тұсында Алтын Орданың билік басындағы ақсүйектері арасында ислам діні ене бастады. 1312-1342-жылдары Алтын Орданы билеген Өзбек хан тұсында ислам діні Алтын Ордада үстем дінге айналды. Өзбек хан ислам дінін жарлық арқылы жалпыластырды, қазақтың «өзбектен дін қалды» деген мақалы осыдан шыққан. 1 Алтын Ордада алғашында «жасақ» заңы жүргізілсе, ислам дінін қабылдау байланысымен шариғат ережелері енгізіле бастады.

Алтын Орда мемлекетінде көне ұйғыр жазуы қолданылды, Алтын Орда хандарының жарлықтары осы көне ұйғыр жазуымен жазылды. Ислам діні үстем орынға етіп, араб жазуы қолданылғаннан кейін де, бұл жазу араб жазуымен қатар қолданылып 16-ғасырға дейін жетті.

Алтын Орда мемлекеті құрылу кұрсаңындағы жойқын жорық шайқастары табанды қарсылық көрсеткен қалаларды қиратып, отырықшы өлкелерді ойрандап, жергілікті халықтардың шаруашылығына, мәдениетіне ауыр зардабын тигізді, алайда, ол Алтын Орда құрамына қосылған халықтардың шаруашылығын, мәдениетін жоя алмады, қоғамдық даму тарихын үзіп тастай алмады. Сұрапыл соғыс тұманы айыққан соң халық шаруашылығы қайта жанданып өркендеп, мәдениет гүлдене бастады.

13- 14-расырда Алтын Орда дербес күшті мемелекетке айналып, оның мемлекеттік беделі көтеріліп, көрші елдермен және жер жүзінің марқа мәдениетті елдерімен қарым-қатынасы күшейді. Алтын Орда мемлекетінің Жұңғонмен, Индиямен, Мысырмен, кіші Азиямен және Батыс Европамен сауда-саттық қарым-қатынасы өркендеді. Еділ сағасындағы Алтын Орданың астанасы - Сарай қаласы Азиядан Европаға баратын керуен жолындағы аса ірі сауда орталығына айналды. Отырықшы өңірлерде егіншілік қайта өрледі, бұрынғы көшпенді тайпалардың бір бөлігі отырықшылыққа айналды, көшпенді тайпалардан шыққан хандар мен ханзадалар және тайпа шонжарлары сарайларда тұратын болды. Енді олар қалаларды қиратушы емес, қайта қалаларды құрушы, қорғаушы және қала мәдениетін көркейтушілер болды. Еділ сағасындағы Бату-Сарай, Берке-Сарай (Сарай әл-Жадид) қалаларын осы Алтын Орда хандары салдырды. Соғыста ойрандалған қала-кенттер бірте-бірте қалпына келе бастады. Қала мәдениеті гүлденді, далалық өңірді мекендеген көшпенділердің егін­шілік өңірімен, қаламен байланысы нығайды. Бұлар сауда мен қолөнердің өркендеуіне, ғылым, әдебиет, көркемөнердің көркеюіне қолайлы жағдай жасады.

Осы негізде Алтын Ордаға қарасты жерлерде, әсіресе. Бату-Сарай, Берке-Сарай, Керіш, Үргеніш, Хорезм, Сығанақ сияқты қала-кенттерде сауда мен қолөнер өркендеп, ғылым, мәдениет, әдебиет-көркемөнер көркейді. «Ол бір жағынан түрік текті ру-тайпалар мен халықтардың мәдениетінен: Әл-Фараби, Әбуғали ибн-Сина, Әл-Бируни, Ахмет Йассауи, Сүлеймен Бақырғани мұраларын пайдалану, ілгері дамыту, екінші жағынан көрші елдер мәдениетін үйрену арқылы өсіп, өркендеді. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі текті ру-тайпалар, халықтар, солардың ішінде қыпшақтар, оғыздар болды. Сондықтан, Алтын Орда дәуірінің әдебиеті түркі тайпалары мен халықтары-ның бәріне бірдей түсінікті, солардың әдеби тілі - шағатай тілінде, әсіресе оның қыпшақ-оғыз яғни солтүстік диалектісінде жасалды». ' Бұл дәуірде жазба әдебиеттің асыл мұралары жарыққа шықты. 1233-жылы Алтын Орда ақыны Әли «Қиса Жүсіп» дастанын жазды. 1303-жылы қыпшақ тілі сөздігі және әдеби мұра «Кодекс-куманикумс» жазылды. 1310-жылы Забғұзи «Қиса сұл әнбие» жинағын жазды. 1341 - 1342-жылдары қыпшақ ақыны Құтбыттың «Хұсырау-Шырын» дастаны дүниеге қелді. 1357-жылы Махмұт Әлиұлы Кердері Алтын Орданың астанасы Сарай қаласында өзінің прозалық көркем әдебиет шығармасы «Наһжи ұл-фарадис» кітабын жазды. 1359-жылы Ахмет Хорезмидің лирикалық махаббат дастаны -«Махаббатнама» жарыққа шықты. 1391-жылы Алтын Ордадағы әйгілі қыпшақ ақыны Саиф Сарай кесек тұлғалы туынды «Гүлістан бит түркі» еңбегін жазды. 1409-жылы Дүрбек акын «Жүсіп-Зылиха» дастанын жазды.

Қазақ халқының қырыққа тарта батырдың ерлігі жырланған отызға жуық дастаннан тоғысқан кесек тұлғалы эпосы «Қырық батыр жыры» осы Алтын Орда дәуіріндегі ірі оқиғалардан басталған. Бұл эпоста тізбектеле жырланған дастандардың басты кейіпкерлерінің бірқыдыруы Алтын Ордада өмір сүрген тарихи адамдар. Мысалы: «Орақ-Мамай» дастанындағы бас кейіпкерлер Орақ пен Мамай Алтын Орданың әйгілі қолбасылары. Мамай -1361-жылдан соң . Алтын Орданы билеген хан, 1380-жылы Куликов даласындағы орыс княздарымен болған зор шайқасқа қатысқан Алтын Орда әскерлерінің қолбасшысы. «Едіге батыр» жырындағы бас қейіпкер Едіге -1352-1419-жыл-дары жасаған тарихи адам. Алтын Ордадан бөлінген Ақ Орданың әмірі, ол Алтын Орда ханы Тоқтамысқа қарсы күрескен, «Асан қайғы жырындағы» Асан - Алтын Орда­ның 1445-жылы қайтыс болған ақырғы ханы ұлы Мұхаммедтің (Орманбет) қасындағы ықпалды билердің бірі, Сарай және Қазан қалаларында билік басында болған әйгілі жырау және философ. Ол Алтын Орда ыдыраған соң қазақ ханы Әз Жәнібектің қасында болғандығы мәлім. Бұдан «Қырық батыр» эпосының алғашқы нұсқасы Алтын Орда дәуірінде туғандығын аңғарамыз.

Алтын Орда дәуірі - өз кезінде Алтын Орда мемлекетінің құрамына енген түркі тілдес тайпалар мен қалмақтардың, соның ішінде қазақ. халқының да әдебиет, мәдениетінің қалыптасу және дамуындағы аса маңызды белестердің бірі болғанын көреміз. Бұл тарихи, мәдени мұралар Алтын Орда ыдыраған кезде сдан бөлінген халықтардың мәдениет корына косылды.

Алтын Орда хандығы орта ғасырлық феодалдық мемлекет болғандықтан, қалың халық бұқарасының тартқан азабы ауыр, көтерген жуығы қат-қабат, жалпы аянышты болды. Алтын Ордада толассыз болып тұрған сыртқы соғыстар мен ішкі феодалдық қырқыстар халық бұқарасын қатты күйзелтті. Халық бұқарасы әскер шығаруға. оларды атқылау, қару-жарақпен жабдықтауға, сойыс беруге, ауыр алым-салық төлеуге мәжбүр болды. Алтын Орда мемлекетінде егіншілер мен малшылардан алынатын алым-салықтың екі турі «қалан» және «қапшуыр» деп аталынды. «Қазлан» салығы тәртібі бойынша егіншілер жыл сайын өнімнің оннаң бірін салық ретінде қазынаға тапсырды. «Қапшуыр» салығы тәртібі бойынша малшылар жыл сайын жуз бастан бір бас салық төледі. Ал қалалардағы саудагерлер мен қолөнершілер қаржы төледі. Отырықшы егіншілер феодалдарға еріксіз жұмыс істеді. Алғашқы кездерде салықтың дені хан қазынасына түсті. Кейіннен Алтын Орда хандары жергілікті билеушілерге тархандық жарлық үлестіруді өрістетті, бұл жергілікті билеушілердің халықты шексіз билеуіне және салықты қалағанынша жинауға ерік берді. Олар салықты үстемелеп арттырып, артық жиналған салық­ты өздері пайдаланып отырды. Салық жинауға қарулы күш жұмсалды, бас тарқанды шауып алды. Сөйтіп, халық бұқарасы екі жақтан бірдей қаналды. Олар алым-салықты ханға да, жергілікті алпауыттарға да төледі. Бұдан тыс, әскерге алау ат, алаушы берді. Көпір салу, құдық қазу, қорған-бекініс салу сияқты жұмыстарға халық бұқарасы тегін еңбек етуге мәжбүр болды.

Алтын Орда хандығы берік мемлекеттік бірлестік болмады, оның халқы ала-құла, әлеуметтік және мәдени даму дәрежесі әркелкі, экономикалық негізі әлсіз еді. Феодалдық қатынастар дамыған сайын ішкі-сыртқы қатынастар асқына тұсті. 1342-1357-жылдары Алтын Орданы билеген Жәнібек хан өлгеннен соң, Шыңғыс тұқымынан тараған билеуші топтар арасында хан тағына таласқан феодалдық қырқыс өріс алып, бір кезде күшейіп дәуірлеген Алтын Орда мемлекетін «ала жыланаш балық» жегідей жеді. Оның үстіне Алтын Орда үстемдігі астында езілген «қалың бұқара мен тәуелді халықтардың азаттық күресі етек алды. Осындай қат-қабат қайшылықтар мен тартыстар нәтижесінде әлсіреген Алтын Орда XIV-ғасырдың екінші жартысында өзара тәуелсіз бірнеше аймаққа бөлінді. Жошы хан өлген соң шығыс Дешті қыпшақты үлесіне алған Орда Ежен және оның мұрагерлері Алтын Орданың шығысындағы ұлан-байтақ өңірде - Дешті қыпшақта қазақ ру-тайпаларын тұлға еткен дербес Ақ Орда мемлекетін құрды. 1380-жылы Куликов даласындағы зор шайқаста Алтын Орданың Мамай бастаған қалың қолын жеңген орыс княздары Алтын Ордадан тәуелсіздік алды. Алтын Ордадан бірте-бірте Қырым, Еділ бұлғарлары бөлініп шықты, Хорезм Темір мемлекетіне тәуелді болды.

XIV-ғасырдың аяқ шенінде Алтын Орданы билеген Тоқтамыс хан мен Орта Азияны билеген Әмір Темір арасында сұрапыл соғыстар болды. 1391 - 1395-жылдары Әмір Темір екі рет Алтын Ордаға жорық жасады. 1391-жылы Әмір Темір екі жүз мың әскермен Алтын Ордаға шабуыл жаса­ды, 1395-жылы Алтын Орданың ханы Тоқтамыстың әскерін талкадндап, оның астанасы Сарай-Беркені басып алып, бас көтертпестей күйрете соққы берді. Езілген халық­тардың Алтын Орда үстемдігіне қарсы күрестері, ішкі феодалдық тартыстар мен сыртқы соғыстар салдарынан. Алтын Орда мемлекеті бірте-бірте ыдырап, ақырында құлады.

2. Ақ Орда

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
Астанасы Алмалық қаласы
Қырым хандығының қалыптасуы
XIV - XV ғ. ғ. мемлекеттер
XIV -XV ғ.ғ ортағасырлық мемлекеттер
Қазақ хандығының тарихы
Ақ Орда-Ноғайлы дәуіріндегі Қазақстан туралы ақпарат
Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған мемлекеттер
XIV-XV ғасырдағы Ақ Орда мемлекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz