Блок экскурсиятану



Табиғи экскурсиялардың маңызды міндеттерінің бірі, адам тіршілігінің өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып,табиғатты қорғау, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қорғау мәселесін барынша насихаттау.
Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу болып бөлінеді. Шолу экскурсиясына «Алып Тянь-Шаньмен кездесу», Кіші Алматы өзенінің аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, зоология, ботаника тақырыптары қозғалады. Ал тақырыптық табиғаттану экскурсиялардың тақырыптары: өсімдіктану,жануартану,гидрологиялық,геологиялық,минералогиялық,топырақтану,экологиялық, астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. «Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары» деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997) құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және осы аймақтарда ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады:
зоологиялық- сирек, және құнды жануарларды, уникалды жануарлар бірлестіктері (барс, архар);
ботаникалық – дәс сол тек қана өсімдіктер жөнінде;
ормандық – ерекше қорғауға алынған аймақ;
дендрологиялық – бұған жеке талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени – тарихи мағынасы бар ағаштар жатады;
гидрологиялық – су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар;
геологиялық, геоморфологиялық – экологиялық ғылыми құндылығы бар жер қойнауының учаскілері.

3 БЛОК ЭКСКУРСИЯТАНУ.
1.Табиғаттану экскурсияларды дайындау және өткізу ерекшеліктері.
Табиғи экскурсиялардың маңызды міндеттерінің бірі, адам тіршілігінің өзегі табиғат компоненттерімен егжей тегжейлі таныстыра отырып,табиғатты қорғау, табиғат байлықтарын ұқыптылықпен қорғау мәселесін барынша насихаттау.
Табиғаттану экскурсиялары тақырыптық және шолу болып бөлінеді. Шолу экскурсиясына Алып Тянь-Шаньмен кездесу, Кіші Алматы өзенінің аңғарында өткізілетін экскурсия жатады. Бұл экскурсияларда геология, зоология, ботаника тақырыптары қозғалады. Ал тақырыптық табиғаттану экскурсиялардың тақырыптары: өсімдіктану,жануартану,гидрологиялы қ,геологиялық,минералогиялық,топыра қтану,экологиялық, астрономиялық, табиғат ескерткіштері жатады. Ерекше қорғалатын табиғат аймақтары деген Қазақстан Республикасының заңында (15.07.1997) құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және осы аймақтарда ұйымдастырылатын жұмыстарының келесі объекттерге көңіл аударылады:
зоологиялық- сирек, және құнды жануарларды, уникалды жануарлар бірлестіктері (барс, архар);
ботаникалық - дәс сол тек қана өсімдіктер жөнінде;
ормандық - ерекше қорғауға алынған аймақ;
дендрологиялық - бұған жеке талдар, немесе олардың тобы, ғылым үшін мәдени - тарихи мағынасы бар ағаштар жатады;
гидрологиялық - су қоры, ерекше мемлекеттік маңызы бар;
геологиялық, геоморфологиялық - экологиялық ғылыми құндылығы бар жер қойнауының учаскілері.
Табиғи объектілердің мемлекеттік түрлері бойынша табиғи қорықтар, ұлттық қорықтар, табиғи ескерткіштер, қорықтық зоналар, зоологиялық саябақтар, ботаникалық бақтар, дендро-бақтар боп бөлінеді. Қазақстан Республикасының Заңы бойынша бұл территориялар мәдени - ағарту, оқу, туристік, рекреациялық мақсатпен пайдалануға болады. Заң бойынша үлкен ерекше қорғауға алынған аймақтарда экскурсиялық зоналар болады.
Өсімдіктану экскурсияларында өлкеміздің жалпы өсімдіктер әлеміне сипаттама бере отырып, экскурсовод жергілікті жердің өсімдіктеріне нақты тоқталады. Жол бойында кездесетін өсімдіктерге де тоқталады.
Жануарлар әлеміне арналған экскурсиялардың да танымдық тәрбиелік маңызы зор. Мұндай экскурсияларда еліміздің және өлкенің жануарлар дүниесі, жабайы жануарлар дүниесі,заңдылықтары,қоршаған ортаға бейімделуі,олардың адам үшін және халық шаруашылығы үшін маңызы әңгімеленеді. Жануарларды қорғау шаралары,аңшылық ережелері,браконьерлермен күрес,қызыл кітапқа енген жануарлар туралы айтылады.
Гидрологиялық экскурсиялар,судың адам өміріндегі маңызын ашып көрсетуге арналады. Бұндай экскурсиялар теңіз,өзен,көл,тоған немесе су қоймалары маңында ұйымдастырылады. Олардың табиғи ерекшеліктерін атай отырып,суды қорғау заңдары мен суды тиімді пайдалану ережелері жайлы мағлұматтар беріледі.
Геологиялық экскурсиялардың құндылығы сол,жердің пайда болып,тіршіліктің ұалыптасуынан бергі даму кезеңдеріне, жердің жасы мен жер қыртысына,жыныстардың түрлері мен орналасу қабаттарына,жер қойнауындағы байлықтарына тоқталады.
Геоморфологиялық экскурсиялар,адамдарға рельефтің шығу түрлері мен қалыптасуының заңдылықтарын,құрылымы мен құрылысы туралы білімдерін толықтыруға мүмкіндік береді. Желдердің әсерінен қалыптасатын рельеф,ағынды сулар әсерінен қалыптасатын рельеф,суға ерігіш жыныстар әсерінен қалыптасатын рельеф түрлері мен орографиясы туралы мағлұматтар беріледі.
Қазіргі кезде қоршаған ортаға арналған экологиялық экскурсиялардың ауқымы кең және материалдары да жеткілікті. Адамдардың бойында табиғатқа деген жанашырлық сезімдері мен сүйіспеншілігін дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
Табиғаттану экскурсияларды сонымен қатар, оқушылар мен жас өспірімдерге арналған және ересектерге арналған түрлерге жіктеуге болады. Бұлардың өзін : мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерді айналамен таныстыру, бастауыш оқушыларын жалпы табиғатпен таныстыратын экскурсиялар, жоғарғы сынып оқушылары үшін өтілетін пәндеріне байланысты экскурсиялар деп бөлуге болады.
Табиғи экскурсияларды дайындау үшін көптеген деректер зерттеледі: құқықтық база, арнайы өлкетану әдебиеттер, өсімдік анықтауыштар, жергілікті жердің картасы мен схемасы, туристік жорықтың техникасына арналған әдебиет және қауіпті өсімдіктің түрлерімен танысу.Маршрутты құрғанда қауіпсіздік жерлерді таңдайды. Көрсету орнын алдын-ала, маусым ерекшелігін еске ала тұрып таңдайды. Табиғи экскурсия танымдықты ынталандырады, денсаулықты нығайтады, көңіл күйді көтереді, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды тәрбиелейді.Табиғи экскурсиялардың тақырыбы алуан түрлі болуы керек. Оны туристер мен қатысушылардың құрамына сәйкес түрлендіруі қажет. Сол себепті әр түрлі өлкетанушы мамандармен, мекемелермен байланысты ұстап тұруы керек: оқу, зерттеу мекемелерімен, қорықтармен, ұлттық саябақтармен, мұражайлармен, зообақтармен, ботаникалық бақтармен, туристік фирмалармен, метеостанциялармен

2.Экскурсияның бақылау тексті.
Маршрут бекітілгеннен кейін, экскурсияның тексті құрылады. Творчестволық топпен жасалған текст бюро (фирма) тексті, немесе бақылау тексті деп аталады.Бақылау текстінде материал экскурсиясының мақсаты мен тақырыбына қарай баяндалады, хронология сақталады. Бақылау текстінде әдебиеттен үзінділер, статистикалық мәліметтер, оларды алған деректер және экскурсияның кіріспесі, мазмұны, қортындысы, қисынды ауысулары толық жазылады.Бақылау текстке маршрутпен байланысты емес мәліметтерде кіреді, олар осы экскурсияның басқа варианттарын жасауға қажет болады. Бақылау текстің көлемі 3-сағаттық автобус экскурсиясына 40-50 басылым бет, ал жаяу экскурсияларына 25-30 беттен кем болмау керек.Әр топ мүшесімен жасалатын өзіндік, жеке текстке қойылатын талап осы бақылау текстімен сәйкес болуы, бұл жерде бақылау тексті эталлон болып саналады.

3. Экскурсияны жүргізу техникасы.
Әр экскурсияның нәтижесі көп жағдайда оның жүргізу техникасына, әдістеме мен жүргізу техникасының өзара байланыстығына байланысты. Экскурсия жүргізу техникасына бір қатар талаптар қойылады. Оларға: экскурсоводттың группамен танысуы, объект қасында группаны дұрыс орналастыруы, экскурсанттардың автобустан шығып қайта кіруі, экускурсоводттың микрофонмен пайдалануы, экскурсияға берілген уақытын сақтауы - жалпы және жеке тарауларға берілген уақыт, экскурсанттардың сұрақтарына жауап беруі т.б. кіреді. Экскурсоводтың топпен танысуы.Экскурсовод автобусқа кірген бете танысады. Амандасып, өз аты жөнін, кай экскурсиялық фирманың өкілі екенін айтады, жүргізушісімен таныстырады. Ең басында экскурсовод өз әрекеттерін белгілі араласу ережелерге бағындыру керек. Экскурсовод бір 10-20 секунд пауза ұстап, үндемей тұрғанында бірінші танысу өтеді. Экскурсоводпен экскурсанттардың арасында контакт пайда болады және осы кезде ол ары қарай ұштасады. Экскурсанттар бірте-бірте тынышталып, ыңғайлы орналасады, көңілдері экскурсоводқа ауысады. Экскурсанттар экскурсоводтың қандай екеніне, қызықты не айтады екен деп ойлай бастайды. Экскурсияның сюжеті, тақырыбы экскурсанттарға белгілі болу керек. Әр экскурсияның өз кіріспесі болады, топ құрамына қарай тақырып бір болғанымен кіріспе түрлі болады. Экскурсовод кіріспенің қалай айтылатынына аса көңіл бөлу керек, себебі, кіріспе экскурсанттарға нақты нұсқау береді, олармен контакт орнайды. Экскурсанттардың автобустан шығуын алдын ала дайындау қажет. Оған көңіл бөлмесе топтың бір бөлігі автобуста қалып кетеді де объектпен танысу мүмкіндігінен айырылады. Аялдама санын кіріспе сөзінде айтып кеткен жөн, шығудың керектілігін айтып, объекттің ерекшелігі жағымен қызықтырады. Аялдамада экскурсовод бірінші шығып қалғандарына үлгі көрсетеді, объектке қарай бағытты анықтайды. Басқа себептермен тоқталған кезде (санитарлық, сувенир алу т.б.) тұратын уақтысы айтылады, регламетті сақтауын сұрайды.
Объект қасында топты орналастырудың бірнеше варианттарын белгілейді. Оның себебі методикалық әдістеме бойынша белгіленген орын бос болмауы, күн шағылысуы т.б. кедергі болуы. Объектті көру кезінде бірнеше нүкте белгіленеді. Егер объектті қоршаған ауласымен көрсететін болсақ онда алыстау тұру қажет, ал объеттің жеке деталдары көрсетілсе жақын тұрады. Осы ерекшеліктер методикалық әдістемелікте Ұйымдастыру нұсқаулары графасында айтылып кетеді. Объект қасында бірнеше топ тұрғанда, топтар арасында ара-қашықтықты сақтау қажет, бір экскурсоводттың әңгімесі екіншіге кедергі жасамау керек. Экскурсанттар автобустан объектке жылжыған кезде экскурсоводтың орны топтың ортасында, топтың жалпы созылуы 5-7 метрден аспауы қажет, бір тұтастық болу. Одан асып кетсе экскурсоводтың әңгімесі, нұсқаулары естілмейді.

4. Экскурсия түсінігі, оның функциялары мен белгілері.
Экскурсия - методика арқылы алдын ала ойластырылған назар аударарлық жерді, тарихи және мәдени ескерткіштерді көрсету, оның негізіне экскурсанттардың көз алдындағы объекттердің анализі жатқызылған, және сонымен байланысты оқиғалар туралы епті әңгіме. Экскурсияның терминына түрлі басылымдарда соңғы 70 жылда берілген анықтамаларға тоқталайык:
Ен алғашқы түсінігін 1923 жылы М.П. Анциферов берген Э. - серуен, өз мақсаты ретінде, көруге қолайлы объектті, тақырыпты нақты материал арқылы зерттеу. Экскурсиялық әрекеттің орнын мектептен тыс жұмысында сипаттай отырып экскурсионист Л. Бархаш былай деген - э. ол белгілі білім алудың көрнекілік тәсілі, алдын-ала өңделген тақырып арқылы нақты объектке бару кезінде тәрбие беру.Уақыты бойынша соңғы жылдары жарияланған анықтамағада тоқталайық: Э. - оқудың, оқудан тыс жұмысының ерекше формасы, оның барысында мұғалім - экскурсовод, оқушылар - экскурсанттар бірігіп, болып жатқан процесстерді табиғи жағдайда бақылауы (завод, колхоз, тарихи ескерткіш, естелік жер, табиғат аясы т.б.) немесе арнайы жасалған коллекция қоймалары (мұражай, көрме).
Экскурсияның негізгі функциялары Экскурсияның функциялары оның негізгі қасиетін қарастырады. Э. бес функциясы бар: ғылыми насихат (танымдық), ақпараттық, бос уақытты мәдени ұйымдастыру, қызығушылықты қалыптастыру, мәдени ой өрісті кеңейту.
Танымдық ең негізгі функция. Экскурсия саяси, ғылыми, көркемдік және басқа да көзқарастарды игеруге көмектеседі.
Экскурсия ғылым жетістіктерін, ғарышты жаңа зерттеу туралы, археологтардың ашулары, спортсмендердің жеңістері, мәдениет саласының жаңалықтары т.б. ақпараттарды қамтиды. Радио, теледидар, лекция сияқты ақпараттар көздерінен экскурсияны жоғары дәрежедегі көрнекілік және тыңдаушыларға әсер етуі арқылы ерекшелендіреді.
Экскурсия біліммен қатар бос уақытты мәдени өткізуге мүмкіндік береді. Адамның рухани қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Экскурсияның түрлі білім беретін оқу формалары арасында - білімді жүйелеу, ақпараттарды іріктеу т.б. өзіндік орны бар. Білім нақты бағытта оқу және өндірістік экскурсиялар кезінде қалыптасады.
Мәдени ой өрісті кеңейту функциясы мұражай экскурсиясында айқын байқалады, ал сауықтыру функциясы қала маңында өткізілетін экскурсияларда байқалады - суға түсу, тауға шығу, шаңғы тебу.
Әр нақты берілген экскурсия бір неше функцияны атқаралады. Ол экскурсия тобына байланысты. Балалар мен жас өсперімдер үшін - мәдени ой өрісті кеңейту; маман таңдаған жастар үшін - қызығушылықты қалыптастыру; шетелдік туристер үшін - ақпараттық функция т.б.
Экскурсияның белгілері
Белгі деп бір заттарды бір бірімен ұқсас қылатын, немесе бір бірінен ажыратуға болатын ерекшеліктерді атаймыз.
Экскурсия, мәдени-ағарту жұмысының басқа формалары сияқты, үйымдастыруында, өткізу методикасында өзінің ерекшеліктері бар. Оның белгілері басқа формалармен ұқсастығын немесе оның мүлдем басқа екенін көрсетеді.
Барлық экскурсияларға ортақ белгілер:
1. Уақыты бойынша ұзақтылығы бір академия сағатынан (45 мин.) бір тәүлікке дейін; Халықаралық стандарт бойынша экскурсиялар 24 астрономиялық сағат арасында өткізіледі. Уақыты бойынша ең қысқа экскурсия өндіріс орнында, мұражайда және көрмелерде өткізіледі, олардың ұзақтылығы 1 академиялық сағат (45 минут).
2. Экскурсанттардың болуы (топ, немесе жеке адам); Экскурсияның негізгі белгілерінің бірі. Топ бірнеше адамдардан құралатындықтан олардың ортақ мақсаты танымдық қызығушылық. Танымдық қызығушылықты қанағаттандырудың ағартушылық формасы экскурсия. сондықтан топ болмаса экскурсия болмайды, ал экскурсия болмаса топ құралмайды. Саны бойынша 1 адамнан 50 адамға дейін. Топтың саны көп жағдайда транспорттың сиымдылығына байланысты. Топтағы адамдардың жалпы саны белгілі бір орында экскурсия жүргізудің жағдайларымен, қауіптілікпен және ғимараттың үлкенділігіне байланысты табиғи объектілерде, цехтарда, мұражайларда анықталады. Сондықтан да мұражайларда, жәрмеңкелерде топтағы адамдар саны алдын ала анықталады.
3. Экскурсия өткізетін экскурсоводттың болуы. Экскурсияның сапалы өтілуі, экс өткізіп отырған мекеменің атағы тікелей оның білімділігіне байланысты. Ол мемлекеттік және жергілікті сатыда белгілі бір құқықтары мен міндеттері бар экскурсиялық істеге басты тұлға. Туристерге қызмет көрсетуде өткізуге қажет тақырып бойынша экскурсовод 20 экскурсияны, ал алғашқы бастаушылар 1-2 тақырыптан меңгере алады. Экскурсовод міндеттері: экскурсияны өткізу, экскурсия жұмыстарын жетілдіру және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру.
Экскурсияның негізгі белгісі - көрнекіліктің жоғарғы дәрежеде болуы.
4. экскурсиялық объекттерді көрсету. Экс объекттерді көрсету мәселесінің бірі, бұл көрермендік әсер беретін белгі. Экскурсияның мақсаттық жетістіктері мен тақырыптың ашылуы және жоспарының сапалы болуы объектіні таңдауға байланысты. Экскурсиялық объектілердің тәрбиелік, танымалдық құндылықтары мен объектіні ашу ерекшеліктерінің өзінің түрлері, көрсету әдістері, классификациясы, тәсілдері бар. Бұл экскурсияны ұмытылмайтындай етіп өткізуіне көмектеседі. Арнайы көрсету объектілерсіз экскурсия лекция сияқты болады, сондықтан да ол көрсетуге негізделеді.
5. экскурсанттарды маршрут бойынша алып жүру. Маршрутты жаңа экскурсия дайындау кезінде құрады, оның өзінің классификациясы болады. Маршрут ұзақтығы бірнеше ондаған метрден(мұражай, жәрмеңке) бірнеше жүз километрге жетеді. Маршрутқа құрылымы жағынан белгілі бір талаптар қойылады. Маршруттың арнайы карта схемалары жасалынады. Ең бастысы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыздандыру мен экскурсияның терең мазмұнының ашылуы.
6. экскурсияның мақсаттық бағыты. Бұл белгі жүргізілген экскрсияның тақырыбының міндеттік түрін анықтайды. Мақсат экскурсияға мазмұн беріп, алдыға қойған міндеттерді орындауға байланысты. Мақсаттық жүйесіз экскурсия тәрбиелік, насихаттық,жарнамалық т.б. қызметтерді жүзеге асыра алмайды. Сондықтан даэкскурсияның басты құжатындағы лауазым парағынан кейін ең бірінші бөлімде экс мақсаты тұрады. Тақырып астына және экскурсияға баратын адамдарға байланысты экс мақсаты мен мәні өзгеріп тұрады.
7. тақырып бойынша міндетті құжаттар. Жаңа экс тақырыбын дайындау қиын және ұзақ үрдіс. Дайын болған кезде бұл жұмысты аяқталған деп есептеуге болады. Экскурсиялық құжат технологиялық картаны бекітетін экс пакетпен, экс бақылау мәтінімен, маршрут схемасымен, экс объектілермен, экскурсоводты қорғалынған тақырып экскурсияны өткізуге жіберетін кәсіпорындарды басқарушының бұйрығымен түсіндіреді. Экс құжаттардың бар болуы экскурсияны сапалы өткізуіне бағыт береді.

5. Экскурсияның құрылымы, оның тармақтарының сипаттамасы.
Экскурсияда оқыту, тәрбие беру, насихаттау сияқты өзінің құрылымы болады. Сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері бар. Композиция бойынша экскурсия 3 бөліктен тұрады. Композиция дегеніміз - құрылу, құрастыру, жеке бөліктерді бір тұтас қылу.
1. Кіріспе. Кіріспенің ұзақтылығы 3-15 минутқа дейін болады. Ол экскурсияның тақырыбына, түріне байланысты. Мәліметтерді жүйестіру жағынан кіріспе 2-ге бөлінеді - ұйымдастыру және ақпараттық бөліктер.
а) ұйымдастыру бөлігі экскурсия туралы мәлімет береді. Оның ұзақтылығы, маршруттың ұзындығы, өткізу ерекшелігі, экскурсияның міндетімен таныстырады. Экскурсия қай жерде бітетіндігіде осы бөлімде айтылады.
Көлік ішінде, су жағалауында, тауда өзін ұстау туралы ережелерімен таныстыру - жүріп бара жатқан көлік ішінде орнынан тұрып жүрмеуі, тазалықты. тыныштықты сақтау, автобусқа кіріп шыққанда асықпау, көшелерді өткенде сақ болуы жайлы мәліметтер беріледі.
б) ақпараттық бөлігінде экскурсанттардың назарын экскурсияға аударады, оның бөліктеріне, мазмұнына кысқаша шолу жасайды. Қызықты объектілерді, маршруттың бөліктерін, кіші тараулардың тақырыптарын айта кету қажет.
2. Негізгі бөлік. Бірнеше кіші тараудан тұрады, олар арасында бір-біріне көшу кезінде қисынды ауысуды қолданады. Әр кіші тақырып бір, немесе бірнеше объектілер арқылы ашылады. Ол экскурсияны сапалы өткізіп есте сақталуына көмек береді.
3. Қорытынды. Қорытынды 2 бөліктен тұрады.
а) негізгі мазмұны бойынша қортынды жасау, тақырып бойынша қортынды жасау.
б) басқа экскурсиялар туралы ақпарат беру.
Кез келген экскурсия қортындымен аяқталады ол уақты бойынша 1-3 минуттан 5-7 минутқа дейін созылады. Экскурсияға қысқаша қортынды жасап, тағы да көрген объектілерге, естігендеріне назар аударады. Соңында ұнады деп үміт білдіре отырып, тағы да басқа тақырып бойынша өткізілетін
6. Экскурсияны әзірлеу кезеңдер,олардың өзіндік мазмұн.
Ең алғашы экскурсия дайындау кезеңдері деген түсінік 1976 жылы енгізілген. Сол кезде негізгі 15 кезең аталған:
1. Экскурсияның мақсаты мен міндетін анықтау.
2. Тақырып таңдау.
3. Әдебиеттерді реттеу және библиография жасау
4.Экскурсиялық материалдардың деректерін анықтау. Тақырып бойынша мұражай экспозициясымен және фондыларымен танысу.
5. Экскурсиялық объектілерді іріктеп алу және зерттеу.
6. Экскурсияның маршрутын жасау.
7. Маршрутты аралап шығу.
8. Бақылау текстін жасау
9. Экскурсовод портфелін іріктеп жинақтау.
10. Экскурсияны жүргізу методикалық тәсілдерін анықтау.
11. Экскурсияны жүргізу техникасын анықтау.
12. Методикалық құралды жасау
13. Өзіндік жеке тексті құру
14. Экскурсияны жасау (қабылдау)
15. Экскурсияны бекіту.

7. Экскурсиялардың түрлері, жіктелуі.
Классификация дегеннің өзі ортақ белгілері бойынша белгілі бір заттың, оқиғаның кластарға, бөлімдерге бөлініп жіктелуі дегенді білдіреді. Осыдан 50 жыл бұрын экскурсия классификациясын Б.Е.Райков ұсынған болатын. Ол жиырмасыншы жылдардағы экскурсиялық жұмыстың мазмұны мен бағытына қарап, экскурсияның негізгі белгілерін былай көрсетті:
1) Ұзақтығына байланысты бөлу: а) бір күндік, б) бір түндік; в) көпкүндік.
2) Мазмұнына қарай: а) табиғи-географиялық, б) гуманитарлық, в) өндірістік.
3) Көлеміне қарай: а) бір тақырыпқа ғана арналған, б) бірнеше жақын тақырыптар, в) жүйеленген.
4) Тапсырыс бойынша: а) іздеушілік түрінде, б) иллюстрациялық
5) Логикалық құрылымы бойынша: а) талдамалы, б) синтетикалық
6) Қатысушылардың құрамы бойынша: а) мектеп жасындағылар, б) мектеп жасына дейінгілер, в) мектепте оқымайтындар.
Экскурсияны аналитикалық жіне синтетикалық деп бөлу мүмкін емес. Өйткені, анализ әдетте әрбір экскурсияда қолданылады. Экскурсияны құрамына қарай бөлу тіпті күрделі. Экскурсияны өткізу мен оған дайындық әдістемесінде экскурсия негізгі үш түрге бөлінген:
1) Түсіндірмелі және иллюстрациялық
2) Оқу-іздену
3) Аралас жіне иллюстрациялық-ізденулік, кейде бақылаушылық деп те аталады.
Ал кейбір ғалымдар экскурсияны екіге бөліп қарастырады:
А) демонстрациялық объект
Б) анықтамалық объект.
Алғашқы топқа эстетикалық, тарихи-көркем, этнографиялық және техникалық-экономикалық экскурсия түрлері жатады. Яғни бұл бағыттағы экскурсияға қатысушылар белгілі бір мақсатта көретін объектілеріне барып тұрады.
Екінші топқа көркем шығармаларды белгілі бір жайттың мазмұнын ашу үшін емес, сол жазушының өмір-дерегінің иллюстрациясына, шығармашылығына қызығушылық негізінде қарайтын әдеби тақырыптағы экскурсиялар жатады.
Өз тақырыбына қарай экскурсия 1960 жылдардың басында мәдени-тарихи, көркем, табиғи-ғылыми, өндірістік деген сияқты жіктерге бөлініп қарастырылған. Бүгінгі күні экскурсия және туризм жөніндегі Орталық кеңес жүйесі негізінде ортақ қабылданған экскурсия классификациясы төмендегідей топтарға жіктеледі: мазмұнына қарай, қаысушылардың құрамына қарай, өткізілу орнына, дамыту әдісіне байланысты, өткізілу формасына және қозғалыс тәсіліне байланысты жіктеледі. Аталған топтардың әрқайсысында өздеріне ғана тән арнайы бергілер бар. Мазмұнына қарай бөлінген топқа экскурсияның екі түрі жатады. яғни жалпы шолу (көп жоспарлы) және тақырыптық.
Шолу экскурсиясында, әдетте, тарихи және қазіргі күнгі материалдар қолданылады. Объект көрсету барысында түрі, мазмұны жағынан да әртүрлілікті қолданылатын экскурсия түрі бар. Яғни, тарихи және әдеби ескерткіштер, табиғат көіністері, ерекше оқиғалардың өткен орны, қала мен ауылдардың кейбір элементтері, өндіріс және ауылшаруашылық кәсіпорындары, құрылыс алаңдары экскурсияның осы түріне жатады. мұндағы көрініс үлкен планда ұсынылады. Сөйтіп, экскурсияға қатысушыға сол қала, сол аймақ туралы жалпы тұтастай мағлұмат береді.
Тақырыптық экскурсия әрдайым бір ғана тақырыпты ашуға арналады. Мәселен, тарихи экскурсияның негізінде ортақ бір тақырыпқа құралған айтулы оқиғаны немесе бірнеше қоғаны суреттеу жатады. Ал экскурсия архитектуралық тақырыпқа арналған болса, оның негігі тақырыбы архитектуралық өте қызықты тақырыптарының бірі болуы мүмкін. Тақырыптық экскурсия 8 топқа бөлінеді: тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тақырыптық, өндірістік-экономикалық, табиғаттану, өнертанушылық, әдеби және архитектуралық-құрылыстық деп жіктеледі. Осы тақырыптық экскурсиялардың әрқайсысы өз кезегіне мазмұндарына қарай топшаларға да бөлінеді.
Қозғалыс тәсіліне байланысты жаяу және әртүрлі көліктерді қолдану түрлеріне бөлінеді. Сондай-ақ бұған автокөліктер, темір жол көліктері, теплоходтар, тікұшақтар, мал көліктері қолданылады.
Экскурсияға қатысушылардың құрамына байланысты. Экскурсияның бұл түрі жасы үлкен азаматтарға және балаларға арналған, жергілікті тұрғындарға және сол аймаққа келуші туристерге, қалалық және ауылдық аймақ азаматтарына, белгілі бір мекемелердің немесе кәсіпорындардың профсоюздық комитеттерінің өтініштері бойынша ұйымдастырылған топтарға және жекелеген адамдарға арналған болып бөлінеді.
Экскурсияның өткізілу орындарына қатысты. Бұл қалалық, қаладан тыс, өндірістік және мұражайлық болып жіктеледі.
Өткізілу тәсіліне қарай экскурсиялар төмендегідей бөлінеді: көпшілік экскурсия, серуен экскурсия, талқылау экскурсия, концерттік экскурсия.

8. Экскурсияның негізгі құжаттары, олардың мазмұны мен құрылымы.
Жаңа экскурсиялық тақырыпты даярлау өте күрделі үрдіс. Бұл жұмыс барлық қажетті құжаттар дайын болғанда аяқталды деп есептеледі.
1) Пайд.әдебиеттер тізімі - барлық кітап, мақала, брошбралар.
2) Карточкалар (маршрутқа енгізілген нысандардың құжаттары) - экск.нысанды сипаттайтын мәліметтер. Ескерткіш түрі, атауы, оған қатысты оқиға, орналасқан орны, қысқаша сипаттама, нысанның авторы, орнатылған күні, дерек көзі.
3) Экскурсияның қорытынды мәтіні - тақырыпты ашатын іріктелінген және тексерілген дерек көзі бойынша мәліметтер. Мәтін мазмұны бөлімшелерді және негізгі сұрақтарды ашады, кіріспе, қорытынды сөздердің, логикалық ауысу қызметін атқарады.
4) Экскурсоводтардың жеке мәтіндері - экскурсоводтың экскурсияның құрылымына және әдістемелік тәсілдерімен, оның маршрутымен сәйкес келетін мәлімет. Нысандар мен оқиғалардың сипатын береді.
5) Маршрут сызбасы (картасы) - жеке парақта топтың жүру жолы көрс. Маршруттың басы мен соңы, көрсету нысандары, оларды бақылау орындары, нысандарға шығудағы тоқтаулар белгіленген.
6) Экскурсовод портфелі - суреттері, фотолары, сызба, карта, репродукциялары, графиктері, құжат көшірмелері, кәсіпорынының өнімдерінің үлгілері, тағы басқа бақылау заттары бар папка жиынтығы.
7) Әдістемелік құрастырулар - экскурсия өткізу бойынша нұсқаулар. Көрсету мен әңгімелесудің әдістемелік қабылдаулары аталады, нысандар мен бақылау оқулықтарын көрсетудің үйлесімі (бірінен-бірі) және экскурсанттарға түсінікті етіп жүргізу техникасы айқындалады.
8) Экскурсия мәліметтері - тақырып бойынша мәліметтер - реферат, анықтама, кесте, сандық мағлұмат, құжат көшірмелері, әдебиет көздерінен алынған цитаталар.
9) Экскурсияны тақырыбы бойынша өткізетін экск.жүргізушілерінің тізімі - экскурсия жүргізуге жіберілу мөлшері бойынша жаңа экскурсоводтарды жіберу арқылы осы тізім толтырылады.

9.Экскурсиядағы әңгіме ерекшеліктері, әңгіменің әдістемелік тәсілдері.
Әңгіме экскурсияның ажыратылмас бөлігі. Экскурсовод әңгімесі біртұтас әңгімеден туындап, бірнеше тақырыпшалардан тұратын айқын композициялық жоспар бойынша жүзеге асырылады. Ең алдымен экскурсиядағы жетістік экскурсоводтың тіл байлығына және дайындаған мәтініне байланысты.Жеке мәтінді дайындау барысында лектор мен экскурсоводтың әңгіменің арасындағы айырмашылықтарды айыра білген жөн. Себебі лектор әңгімелері көбінесе экскурсоводтың әңгімелеріне қарағанда жалпылама болып келеді, яғни экскрсанттарды көрсетуге алып барылған маршрут бойынша экскурсиялық объектілерді біреу асықтырып тұрғандай көрінеді. Экскурсовод алдында тұрған ескерткіштерді толығымен сипаттай отырып, қысқа әрі нұсқа сөйлеуі тиіс. Экскурсияның жоғары дәрежеде өтуі үшін қойылатын талаптардың бірі бұл тіл байлығы. Экскурсоводтың тіл байлығы өзінің жеке мәтіндерінде, экскурсиялық аудиторияларда сөзбе сөз мәтінді оқығанда байқалады. Сонымен қатар жалпы дәрістерде, радио, теледидар арқылы жеке мәтіндерді оқығанда көрінеді. Сол үшін де экскурсоводтың тіл байлығы экскурсияға дайындық кезіндегі басты саты болып табылады. Экскурсоводқа қойылатын тағы бір талаптың бірі болып тіл мәдениетін меңгеру жатады. Тек сол кезде ған экскурсоводтың әңгімелері қызық әрі түсінікті болады. Экскурсоводтың тағайындалуы оның тілдік ерекшеліктерімен байланысты. Экскурсоводтың міндеті дәл әрі нақты мәліметтер беру. Ол үшін экскурсоводтың тілі бай болуы керек. Экскурсанттар экскурсоводтың сөздері арқылы айтылып жатқан әңгімені көз алдына елестету керек. Егер экскурсовод көру объектілерімен байланыстырып, көрсетіп сөйлесе, оның әңгімесі қызықты болып көрінеді. әңгімеге негізді объектілерді талдаудан басқа ғимараттарға, құрал жабдықтарға, табиғи объектілерге де көбірек көңіл бөлуі қажет. Экскурсоводтың әңгімесі кезінде экскурсовод болған оқиғаның сыртқы көрінісін береді. Объектіге мінездеме береді, елестету арқылы болған оқиғаны көріп тұрған экскурсанттарда ерекше сезім туындап, өэдері сол жерлерде жүргендей сезініп, толғанып тұрады. Басшылар мен әдіскерлер экскурсоводтың әңгімелерін дұрыс құрылуын әрқашан тексеріп, бақылап отырады. Кейбір нақыл, мақал сөздердің дұрыс айтылмауы экскурсанттардың назарын бөледі. әңгіме айтылу кезінде кейбір қажетсіз сөздердің қолданылмауын да бақылаған жөн. Экскурсия әңгіменің дұрыс құрылуына байланысты. Бірыңғай топқа экскурсия жүргізу үшін жас балалар, ауыл еңбекшілері, әскерге дейінгі жастар, әдіскерлердің талаптары бойынша әңгімеге кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Әңгімеге қойылатын талаптарды жүйелеп айтатын болсақ, онда:
1. Тақырыптық;
2. Нақтылық;
3. Логикалық;
4. Байланыстылық;
5. Қысқалық;
6. Сенімділік;
7. Көрсетумен байланыстылық.
Экскурсиялық әңгімелеудің әдістік тәсілінің негізгі мақсаты:
фактілерді, оқиғаларды т.б. әңгіме объектілерін елестету.
Әңгіменің тәсілдері екі топқа бөлінеді:
1. топ. Әңгіменің формаларымен байланысты (анықтама, бейнелеу,репортаж, төл сөз пайдалану) бұл тәсілдер айтылғанды еске сақтауға, айтылғанды ойша қайталап, бір жүйеге келтіруге көмектеседі.
2. топ. Сипаттама тәсілдерін түсіндіреді, сұрақ-жауыптар, көргенге сүйену, тапсырма тәсілдерін біріктіреді. Бұл тәсілдер сыртқы оқиғаларды, нақты кейіпкерлердің іс әрекетін бейнелейді.
Экскурсия анықтама тәсілі - Көрудің реконструкциялау, локализация мен абстракция тәсілдерімен бірге пайдаланады. Экскурсовод көріп жатқан объект туралы қысқаша анықтама береді: салынған уақтысы, авторы кім, көлемі, салынған себебі т.б. ақпарат береді. Мазмұны және құрамы бойынша бұл тәсіл экскурсиялық жол ақпаратына ұқсас болады.
Бейнелеу тәсілінің мақсаты - экскурсанттардың сана сезімінде объектті дұрыс кейіптеуге пайдаланады (форма, көлем, қандай материалдан жасалынғанан, қасындағы объекттерге қарағанда орналасуы). Бұл тәсілобъекттің негізгі белгісін, сыртқы түрінің ерекшклігін, бір берілген тізбек бойынша айтылады.
Сипаттама тәсілі - объекттің басқадан айырмашылығын көрсету арқылы жузеге асырылады, Объекттің ерекшелігіне, қасиетіне тоқталады.
Түсіндіру тәсілі - материалды ұсынған кезде тарихи оқиғалардың негізімен оның болған себебіне тоқталады.
Төл сөз пайдалану тәсілі - шығармалардан өзгертілмей келтірілгенсөздер, немесе біреудің сөзін бұзбай қайталау.
Комментарий беру тәсілі - оқиғалардың мағынасын түсіндіру кезінде пайдаланады.
Дискуссия тәсілі - ашық диалог арқыла экскурсанттардың белсенділігін арттыру.
Сұрақ-жауап тәсілі - экскурсанттарға сұрақ қою арқылы белсенділігін арттыру.
Репортаж тәсілі - бұл тәсілдің ерекшелігі, алдын - ала дайындалмайды, экскурсовод экскурсанттармен бірге бір оқиғаның куәгері болған кезде пайдаланады.
Тапсыпрма беру тәсілі - экскурсанттарға неге ұқсайды, нені еске түсіреді сияқты сұрақтар арқылы іске асырылады.

10. Эскурсиялық нысандардың жіктелуі, олардың паспорттары.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға жіктеуге болады:
:: мазмұны бойынша - бір планды (бейнелеу өнерінің туындылары, өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп планды (архитектуралық ансамбль, орман, дала, көше, қала алаңы):
:: функционалды белгісі бойынша - негізгі, жеке тарауларды ашып көрсетуге қызмет етеді және қосымша, қозғалыс кезінде, негізгі объекттер арасында, әңгімелеудің қисынды ауысулары кезінде көрсетілетіндер;
:: сақталу дәрежесі бойынша - толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өзгірістермен жеткендер, жарым-жартылай сақталған және жоғалтылған.
Экскурсия жұмысшыларының алдында экскурсия жасаған кезде келесі міндеттер қойылады - көптеген объекттердін ішінен сыртқы бейнесі, ақпараттылығы бойынша ең қызықтыларын таңдау. Дұрыс таңдалған объекттер экскурсиялық материалды, тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты, объекттер бір экскурсиядан бір экскурсияға көшіп отырмауын үшін дұрыс ұйымдастыру керек. Мүмкіндігі бойынша әр экскурсияның өзінің объектілері болуы қажет. Ондай мүмкіндік болмаса, ондай жағдайда қайталанған объектілер ерекше ашылу керек.
Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:
Танымдылық құндылығы - объекттің бір нақты оқиғамен, айқын дәүірмен, белгілі ғылым, мәдениет қайраткерлерінің өмірі мен творчествосы мен байланыстылығы. Ескерткіштің көркемдік құндылығы оның эстетикалық тәрбие беру мүмкіндігі қарастырылады.
Объекттің әйгілілігі - оның халық арасында белгілілігі. Мысалы Қызыл алаң, Эйфелевая мұнарасы, Вознесен соборы т.б.
Объекттің әдеттегіден тыс болуы (экзотикалық). Объекттің қайталанбас ерекшелігі, бір аңызбен, немесе тарихи оқиғасымен байланыстылығы. Экзотикалығы табиғи жағдаймен де байланыс болуы (мысалы Шарын каньоны)
Объекттің айқын көрінуі - сыртқы айқындығы, қоршаған ортамен - ғимараттармен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.
Объект таңдауы соларға карточка (паспорт) жасалуымен аяқталады. Объект карточкаларына келесі мәліметтер кіреді:
1) объекттің аты
2) осы объектпен байланысты тарихи оқиға
3) объекттің орналасу жері, оның мекен жайы
4) сипаттамасы
5) ескерткіш туралы мәліметтер көздері
6) сақталуы, реставраци жасалған уақтысы
7) қорғалуы кімге жүктелген
8) қандай экскурсияларда пайдаланады
9) карточка жасалған уақтысы, экскурсоводттың аты - жөні
Карточкаға объекттің суреті тіркеледі.

11. Экскурсияға арналған нысандарын іріктеу негіздері.
Объект болып бір оқиғамен байланысты естелік орындар, ғимараттар, түрлі құрылыстар, археология ескерткіштері, өнер туындылары т.б. саналады
Объектті көрсету, алдында айтылып кеткендей, экскурсияда басты орынды алады. Дұрыс таңдалған объекттер, олардың саны, көрсету кезектілігі экскурсияның сапасына әсер етеді. Объекттерді келесі топтарға бөлуге болады:
:: біздің халқымыздың өмірінде болған тарихи оқиғалармен, қоғаммен мемлекеттің дамуымен байланысты естелік орындар;
:: ғимараттар мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар. Архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық, инженерлік құрылыстар (көпір, бекініс, мұнара), мазарлар, мәдениет саласындағы ғимараттар т.б. көптеген құрылыстар;
:: табиғи объектілер - ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және жеке ағаштар мен реликт өсімдіктері (мысалы Алтын-Емельде 500 жыл жасаған тал, Шарында-шетен орманы) ;
:: мемлекеттік және халық мұражайларының, сурет галлереяларының экспозициялары, тұрақты және уақыша көрмелер;
:: археология ескерткіштері - ежелгі тұрақтар, жер дуалдары, қоныстар, қорғандар, киелі орындар;
:: өнер ескерткіштері - бейнелеу өнерінің туындылары, қолданбалы өнердің, мүсін, бау-бақша өнері т.б. өнер.
Экскурсиялық объектілер келесі топтарға бөлінеді:
:: мазмұны бойынша - бір планды (бейнелеу өнерінің туындылары, өзен, өсімдік, жануар, үй) және көп планды (архитектуралық ансамбль, орман, дала, көше, қала алаңы):
:: функционалды белгісі бойынша - негізгі, жеке тарауларды ашып көрсетуге қызмет етеді және қосымша, қозғалыс кезінде, негізгі объекттер арасында, әңгімелеудің қисынды ауысулары кезінде көрсетілетіндер;
:: сақталу дәрежесі бойынша - толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өзгірістермен жеткендер, жарым-жартылай сақталған және жоғалтылған.
Іріктеу. Экскурсия жұмысшыларының алдында экскурсия жасаған кезде келесі міндеттер қойылады - көптеген объекттердін ішінен сыртқы бейнесі, ақпараттылығы бойынша ең қызықтыларын таңдау. Дұрыс таңдалған объекттер экскурсиялық материалды, тақырыпты тереңірек ашуға мүмкіндік береді. Бұл жұмысты, объекттер бір экскурсиядан бір экскурсияға көшіп отырмауын үшін дұрыс ұйымдастыру керек. Мүмкіндігі бойынша әр экскурсияның өзінің объектілері болуы қажет. Ондай мүмкіндік болмаса, ондай жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экскурсоводтың шеберлігін арттыру жолдары
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алаш арыстаны - Абылай хан
Экскурсиондық объектілерді таңдау
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсия өткізу әдістері
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Экскурсия маршрутын құрастыру
Пәндер