Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен эволюциясы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен эволюциясы ... ... ... ... ... ..7
ІІ Ауыл шаруашылығының интенсифтендіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .12
ІІІ Қазақстан Республикасындағы сектордың дамуы және оған
кездесетін кедергілерді шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Кіріспе
Қазақстан 16,5 млн. адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потен-циялы да бар. Ауыл шаруашылық жерінің жалпы көлемі 222,3 млн. га, оның ішінде егістік жер 36 млн. га, жайылымдық жер 182 млн-нан астам га және шабындық жер 5 млн.-ға жауық га құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 га жерден келеді. Бұл дүние жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан жамыған көптеген елдердегідей әлдеқайда көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн. тоннаға жуық астық, 1,5 млн. тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн. тоннадан астам сүт және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірірілді. Қазақстанда ауыл шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі қара, жүнді, етті-майлы қаракөл өойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң шаруашылығы бар. Республиканың өнеркәсіп кеше-нінің бірінші сферасы (І қор шығаратын) машина жасау, микро-биологиялық және химиялық өнеркәсіппен айналысады. Агроөнер-кәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және «Манкентживмаш», «Актюбсельмаш» пен Мамлют машина жасау зауыттары мал шаруашылығы үшін машина жасумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы, оның ішінде қорғасын зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір түрлер бар.
Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп байыпты талдап, бүгін таңда қай шамада жүргешмізді өте дәл көрсетіп берді. Сөйтсек, сөреден әлі ұзап ісете қоймаппыз. Тоталитаризмнен баз кештік. Демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. „Тәуелсіз-дігімізді дүние түгел мойындады. Бір партияға басыбайлықтан бас тарттық.
Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығғы өнімдері мен шикізатын өңдеу, оларды сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар, сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы 64 пайызға жуық, бірінші сферада 8 пайызғажуық және үшінші сферада 28 пайыздан астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30- пайызы ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадын тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа шығарылып тұратын.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті:
«... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі жне батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді даытудың артықшылықтары туалы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары «Қазақстан Республикасы агро өнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі тұжырымдық Бағдарламасын» жасады.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Арынов Е. М: Остратегии экономических реформ в Казахстане.- Алматы: КИСИ, 1993 жыл.
2. Балабанов И. Т: Новые формы организации предприятий. – Ленинград, 1991 жыл.
3. Есіркепов Т. А. Шаруаның таңдау құқығы.- Қазақстан: экономика және өмір. 1993 жыл №11 5 б.
4. Назарбаев Н. Ә. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының және дамуының стратегиясы. Алматы: Дәуір, 1992.
5. Оспанов М. Т. Агробизнес теориясы мен тәжірибесі.- Алматы: Білім, 1997жыл.
6. Артыкова Б., Назыкеева Б. «Саяси экономия» жоғарғы оқу орындарына
7. арналған оқулық. Алматы, 1990 жыл.
8. Әубәкіров, Я.Ә., Абдуллаев А.А. «Саяси экономия» Алматы 1991жыл.
9. .Әубәкіров «Экономика теория негіздері» Алматы, 1999жыл.
10. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.б., Жақыпова Ф.Н., Т.П. Табаев
11. «Экономикалық теория» Алматы, 1999жыл.
12. Қаржы жэне қаражат 2007 ж. мамыр
13. Экономика негіздері 2006 ж. №6
14. Егеменді Қазақстан 2007ж. 15 желтоқсан 1-2 беттер
15. Сатаев.Т, Саясат 2007ж №2 ақпан, 4 бет
16. Исахова.П, Экономика негіздері 2007 №2 15-17беттер
17. Аль-пари, 2006ж. №1 179-186 беттер
18. Оңтүстік қазақстан газеті 26-желтоқсан 2007
19. Заң газеті, 2007ж. 19 сэуір, 3 бет
20. Мүса.С, Егеменді Қазақстан, 2007ж. 18 шілде, Ібет
21. ҚР Парламентінің Жаршысы, 2005ж. №19. 3 бет
22. Заң жэне Заман, 2007ж. №4. 32 бет

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

І Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен
эволюциясы ... ... ... ... ... ..7
ІІ Ауыл шаруашылығының интенсифтендіру ерекшеліктері ... ... ... ... ... .1 2
ІІІ Қазақстан Республикасындағы сектордың дамуы және оған
кездесетін кедергілерді шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе
Қазақстан 16,5 млн. адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің
көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орынды алады. Көмір, қара және түсті
металл, мұнай, газ өндіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және
металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар
республиканың мықты агроөнеркәсіптік потен-циялы да бар. Ауыл шаруашылық
жерінің жалпы көлемі 222,3 млн. га, оның ішінде егістік жер 36 млн. га,
жайылымдық жер 182 млн-нан астам га және шабындық жер 5 млн.-ға жауық га
құрайды. Әрбір жан басына шаққанда шамамен 2,2 га жерден келеді. Бұл дүние
жүзіндегі ауыл шаруашылығы жағынан жамыған көптеген елдердегідей әлдеқайда
көп. Соңғы жиырма жылдың ішінде жыл сайын орташа есеппен 24 млн. тоннаға
жуық астық, 1,5 млн. тоннаға жетеғабыл ет, 3,5 млн. тоннадан астам сүт
және 100 мың тоннаға жуық жүн өндірірілді. Қазақстанда ауыл
шаруашылығы дақылдарының 60-қа жуық түрі өсіріледі, сүтті және етті ірі
қара, жүнді, етті-майлы қаракөл өойлар, жылқы, түйе, шошқа, құстың
бірнеше түрлері, марал, сондай-ақ ара мен балық, мамық жүнді аң
шаруашылығы бар. Республиканың өнеркәсіп кеше-нінің бірінші сферасы (І қор
шығаратын) машина жасау, микро-биологиялық және химиялық өнеркәсіппен
айналысады. Агроөнер-кәсіп үшін машина жасаумен Павлодар трактор
зауыты, Ақмола эрозияға қарсы техника шығару өндірістік бірлестігі және
Манкентживмаш, Актюбсельмаш пен Мамлют машина жасау зауыттары мал
шаруашылығы үшін машина жасумен айналысады. Бұдан басқа, бөтен саладағы,
оның ішінде қорғасын зауыттарында да ауыл шаруашылық машиналарының кейбір
түрлер бар.
Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп байыпты
талдап, бүгін таңда қай шамада жүргешмізді өте дәл көрсетіп берді. Сөйтсек,
сөреден әлі ұзап ісете қоймаппыз. Тоталитаризмнен баз кештік.
Демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. „Тәуелсіз-дігімізді дүние
түгел мойындады. Бір партияға басыбайлықтан бас тарттық.
Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын
шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер
көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығғы өнімдері мен шикізатын өңдеу, оларды
сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар,
сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың
басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы
64 пайызға жуық, бірінші сферада 8 пайызғажуық және үшінші сферада 28
пайыздан астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау
өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал
ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының
салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30- пайызы ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы
КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге
шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадын
тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу
үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген
жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме
өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа
шығарылып тұратын.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның егемен
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының егемен мемлекет ретінде қалыптасуы
мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде былай деп атап көрсетті:
... барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің
дамуы, оны жүйелі жне батыл реформалау келеді.... Ауыл, селоны және
агроөнеркәсіптік кешенді даытудың артықшылықтары туалы Заң қабылдау да
осы мақсаттарға арналады.
Мемлекет басшысының идеяларын, қабылданған заңдар мен Республика
үкіметінің қабылданған қаулыларын іс жүзіне асыра отырып, Қазақ Ауыл
шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалымдары Қазақстан Республикасы агро
өнеркәсіптік кешенін дамытудың 1993-1995 жылдарға және 2000 жылға дейінгі
тұжырымдық Бағдарламасын жасады.
І Аграрлық қатынастар олардың мазмұны мен эволюциясы
Қолданыстағы Ата Заңымыз бойынша, Елбасымыз жылма-жыл халықты ішкі және
сыртқы саясатымыздың басты бағыттарынан хабардар етеді. Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 2030-шы жылға дейінгі даму жолымызды байыптайтын ұзақ мерзімді
Стратегия ұсынды. Бұдан былай Президент аталмыш Стратегияны жүзеге асыруда
ағымдағы жылы атқарылған істерге баға беріп, алдағы жылдағы атқарылар істің
нақты нысаналарын көрсетіп бермекші. Бұны өз отандастарымыз құптап қарсы
алды. Шетелдерде де дер кезінде жасалған батыл бастама ретінде бағалануда.
Олай болатыны белгілі еді. Жаңа мыңжылдықта саяси ара салмақ қалай
қалыптаспақ? Оған ешкім де енжар қарай алмайды. Бірақ ғасыр тоғысында
басталған тарихи құбылыстардың, әсіресе кешегі кеңестік кеңістікте өрбіп
жатқан бүгінгі өзгерістердің немен тынатынын білмей тұрып, тіпті, жуық
болашақтың жай-жапсарын көзге елестету қиын екендігі түсінікті. Ол
өзгерістерді бастап берген билікші партия өзін өзі өзгертуге әлі жетпеді.
Сүйтіп, жаңартуды орта жолда қалдырды. Әлемді қаймықтырған әлуетті
мемлекеттің түбіне жетті. Оның орнына жаңа тәуелсіз мемлекеттер орнады. Бұл
біреудің мүддесін баса көктеп, әлімжеттік жасамаса, бастары ауыратын тым
әупірім, тым ебедейсіз империялардың бір-бірімен таусылмас тайталастарынан
әбден титықтап біткен бүгінгі әлемді қуантпаса, ренжіткен жоқ. Өйткені, бір-
бірімен терезесін тың ұстап, келісімге келіп ықпалдаса әрекеттенуге әр кез
бейім ықшам да ыңғайлы мемлекеттер орнықтылық үшін өте тиімді екендігіне
көптің козі көптен жете бастап еді. Олардың іс қимылдарын бірлеср құрған
халықаралық институттар арқылы үйлестіріп отыру да оңтайлы-ақ. Бірақ бұлай
болып шығарына тек кешегі кеңестік кеңістіктегі саяси-әлеуметтік және
экономикалық өзгерістер өз мақсатына жеткен күнде ғана көзіміз жете
түспекші. Ол ендігі жерде тәуелсіз-мемлекеттердің өз даму бағыттарын
қаншалықты дүрыс таңдап алғандығына және оны қаншалықты табандылықпен
жүзеге асырып жатқандығына байланысты болмақшы.
Бұл ретте "Қазақстан —2030" Стратегиясы тек қазақстандықтардың ғана емес,
күллі әлемдік қауымдастықтың да ойынан шыға алды.
Елбасымыз қалыптасқан жағдайға қай жағынан да сын көзімен үңіліп байыпты
талдап, бүгін таңда қай шамада жүргешмізді өте дәл көрсетіп берді. Сөйтсек,
сөреден әлі ұзап ісете қоймаппыз. Тоталитаризмнен баз кештік.
Демократиялық нысандарымыз қалыптасу үстінде. „Тәуелсіз-дігімізді дүние
түгел мойындады. Бір партияға басыбайлықтан бас тарттық. Көптің
атынан сөйлеп, өкілдікті бұлдап, шешім қабылдататын өкілеттілік
демократиясын місе тұтпадық. Әркім өз пікірін айтып, уәжге тоқтап, көп
ұсыныстың ішінен тиімдісін бірлесіп таңдап алып, ықтимал шешім қабылдауға
ыңғайлы бәсекелік демократиясын отандық парламентшілдіктің түп қазық
қағидасына айналдырдық. Қоғамды жаңартуды төңкерісті төтен әрекет деп емес,
үдемелі үзілмес өзгеріс деп түсінеміз. Соған сәйкестіріп, мемлекеттік билік
үлгісін пішімдедік. Обалы не керек, әлі аяқтала қоймаған саяси жаңарту үшін
бұл алты жылға аз табыс емес. Бірақ саяси жақару бабты мұрат бола алмайды.
Жүргізіліп жатқан кешенді өзгерістер экономиканы түбегейлі жаңғыртқан
күнде ғана өзін өзі ақтаған іс боп шықпақшы. Онсыз әл-ауқатымызды
арттырып, көсегемізді көгертіп, ұлттық қауыпсіздігімізді нығайта
алмаймыз. Кешегі біртұтас кеңестік кеңістіктегі өзара еңбек бөлісу
жүйесінің аяқ асты адыра қалғаңдығы Қазақстан экономикасын да қаусата
күйзелтті. Құдық түбіне қарай құлдырай құлауды тек І996
жылы ғана тоқтата алдық. Енді-енді шым-шымдап жарыққа тырмыса бастадық.
Зәре-құтымызды қашырған ақша құнсыздануынан құдай құтқарса, енді көп
ұзамай құтылып шығар түріміз бар. Бүгін таңда экономикамыздың
жетпіс проценттейі жекешеленді. Алдағы 1998 жылы бұл шаруа,
негізінен, аяқталады. Беделді сарапшылардың пайымдауынша,
макроэкономикалық өзгерістер жағынан кешегі социализм елдерйгін
арасында алдыңғы шептеміз. Бірақ микроэкономикалық жандану жағынан
өйтіп ауыз толтыра алмаймыз. Алып кәсіпорындарға айырықша үйірсектігіміз,
шырайналып келгенде өз басымызға сор болды. Біздің зауыт-комбинаттарды
қаржыландыруға шетел қалтасының да қауқары жетпей жатыр. Түпкілікті бұйым
шығармайтын жарым-жартылай өндірістік процесс кәсіпорындарды технологиялық
шала-жансарлықтың, жұмысшы-мамандарын кәсіби шалағайлықтың құрбандығына
айналдырыпты. Соның салдарынан орта және шағын бизнес те әлі әлсіз.
Мандып кете алмай тұр. Соның қырсығынан бір кәсіпорынның тоқырауға ұшырауы
ұлттық трагедияға айналып шыға келеді. Кешегі ебедейсіздіктен өндірісіміз
осы кезге дейін ықтималдана алмай отыр. Онсыз экономика жаңармайды. Оны
ешкім де бірден жолға қоя алмаған. Батыс Европаның ең жүрек жұтқан
өкілдерінен жинақталған Солтүстік Америка бұған жарты ғасырдан астам
уақыт жіберді. Германия мен Жапония да сырттан көлкөсір көмек пен қолдау
көріп отырып, отыз жыл уақытын осыған сарп етті. Күнгей Шығыс Азия
жолбарыстарына да осынша мерзім керек болды. Олардың ешқайсысы да
нарыққа бейімділігін тап біздей жоғалта қоймаған елдер еді. Бұл қиындықты
өткенді жоқтаушылар да, бүгінгіні жақтаушылар да өз пайдаларына шешіп
жатыр. Кешегі теңгермешілдікті көксеушілік те, суық қолды
сұғанақтық та тек осыдан өрбіп жатыр. Біз Евразияның ну шалғынды, орман-
тоғайлы, кең жазықты, салқар өрісті теріскей ендіктерін ежелден жайлап
келеміз. Өз-өзінен тозаңданып, өз бетімен өніп-өрбіп жатқан құнарлы орта
қорегімізді мыңжылдар бойы молынан айырып келді. Соның салдарынан тұрмыстық
сұранысымыз дамымады. Ол іскерлікті өрістетпеді. Коммунистік режим оны
тұншықтыра түспесе, күшейтпеді. Жетпіс жыл бойы өз бетімен пайда
табушылықтың қырсоңына түсіп келді. Ол әспеттеген ұжымдық шаруашылық
кәсіп қуып, дәулет таптырмақ түгілі, күнкөріс айыруға да жарамай
адал еңбек етуден де аздырып бақты. Кеңес империясының да ұрмай-соқпай
түбіне жетіп тынған сол бәсекеге тетеп бере алмайтын шалажансар экономика
мен шалағай еңбек еді. Еңді оны біз жер қаптырдық деп күпсінетіндер аз
емес. Бірақ оның шын сырын, түптің түбінде империяларды — тым
ересендігі, тоталитаризмді — тым қытымырлығы, диктатураны — тым
бейбастақтығы бәрібір құртпай тынбайтындығын талай көрген тарлан тарихтан
басқа ешкім де айтып бере алмайды. Оның үстіне, коммунизм әуелден де ақылға
симас құрғақ қиял екендігі белгілі. Ондай әсіре мақсат әсіре зорлануға
мәжбүр етеді. Одан кез келген адам да, қоғам да тез
титықтайды. Әсіресе, әлеуметтік әулекілікке ұрынған қоғам аямай болдырады.
Ұжымшылдық төбеден соққы, бүйірден түрткі көрсетпей тұрмайды. Тек
қырық қоршау түрмелер мен күштеп жинақталған студенттік, әскери
қосындар ғана емес, кез келген кәсіпорын атаулы тап осындай екі тепкі,
бір қамшының астында тірлік кешті. Бұған жоғарыдағылардың да,
төмендегілердің де үзақ уақыт төтеп бере алмасы анық. Алпысыншы жылдардан
бастап, билік маңындағылардың масайрай, былайғылардың қожырай бастағандары
да сондықтан. Өндіріс өнім шығармай, цифр қуалады. Өнімдеріміз шеттің базар
түгілі ез дүкенімізде де өтпей жатты. Сүлесоқ еңбек сүлесоқ экономиканы,
сүлесоқ мемлекет пен сүлесоқ саяси құрылысты қалыптастырды. Бір кезде
бәсекеден бойларын әдейі аулақ салған пәтуасыз өндірісті түгелімен қайта
жандандырудың атымен мүмкін еместігін, одан бәрі бір мән шықпайтынын енді-
енді түсіне бастадық. Халықаралық сүранысы мол шикізатымызды
тұрақты валюта мен осы заманғы технология базарына шығаратын жаңа бағыттар
мен ықпалдастар тауып, сол арқылы бүгінгі бәсекеге төтеп бере алатын өз
өндірісімізді қалыптастыруға тәуекел еткенімізге көп уақыт өте
қойған жоқ. Осыған байланысты, "бәрібір басқаларға ісіміз түседі екен,
бұрынғы қалпымызда неге отыра бермедік?" дейтіндер де естіліп қалады.
Бірінші, бұрынғы қалыпты біз бұзған жоқпыз. Екіншіден, бұрын біз басқа
мемлекетке тікелей тәуелді едік. Ол ұлт ретінде де, мемлекет ретінде де
жұрттан ала бөтен жойып жібере жаздады. Ал қазір үлкеннің де, кішінің де
ісі түсетін әлемдік нарыққа жүртпен бірге ісіміз түсіп отыр. Әзір сұраушы
болуға тура кеп тұрғаны рас. Бірақ толыққанды ықпалдастыққа жетісе келе,
әлемдік нарық тамырына қан құятындар қатарына көтеріле алуымызға жағдай
жасайтындай экономикалық және геосаяси алғышарттарға түгел ие
екендігімізді уақыт өзі көрсетіп беріп отыр. Онымызды ұнатпайтындар
іште де, сыртта да аз болмай шықты. Халықтың сөзін сөйлегенсіп, солардың
жыртысын жыртып, іштен тұрып, аяқтан шалатын ала көңіл пиғылдар да кез-
деспей қалып жатқан жоқ. Майлап, сырлауға келмейтін нағыз шындық
осындай. Кеткен кемшіліктер де көп. Кемшіліктерді жібергендер де аз
емес. Солай екен деп, бір-біріміздің жағамызға жармасып, жағаласып
кеткеннен жағдай түзеле ме?! Жоқ. Ал соның бәрін көріп, біліп, тырп
етпей қарап отырғанды, әрине, ешкім кешпейді. Ендеше, ұзақ мерзімді
стратегия жасақтау сияқты ең қиын шаруаны өз мойнына алған
Елбасының нар тәуекелін жұртшылықтың сонша құлшына құптауын әбден
түсінуге болады. Бірақ ұзақ жылдар бойы әлгіндей әдейі жаншылып келген
іскерлік уытты қайтып оятпақпыз? Оянған күнде, оны жұртшылық пен
қоғамды тонаушылыққа емес, адал жүріп, адал тұрып, адал жолмен дәулет
жиятын жасампаз еңбекке қалай бағыттауға болады? Бұндай жоралы жолға бай
мен кедейді, "ақ жағалы", "кек жағалы" мамандарды, әрі-сәрі күй кешкендер
мен кежегелері кейін тартып, күл басына шөккендерді — бәрін-бәрін де қандай
амал тауып, тегіс жүмылдыра алмақпыз? Экономикалық енжарлықпен күресті
экономикалық қомағайлықпен күреске қалайша ұштастырмақпыз? Бұл арада неге
басты назар аударып, неге басымдық берген жөн? Міне, негізгі гәп қайда?
Әрине, адамдарымызды іскерлік бастамашылдыққа ынталандыруға күш салған
дұрыс.
Президент келешек мүмкіндіктеріміздің қандай екенін, оның қайтып
жүзеге асатынын қалай пайымдайтынын ортаға салып, көп көңіліндегі көп
күмәнді сейілтті. Әуелі қоғамды қиын жағдайдан шығарып алуға, сосын жаппай
көгеріп-көркею жолында жабыла еңбектенуге шақырды. Бұны не деп атасақ
та, қүрғақ қиял дей алмаймыз. Өйтер болсақ, билік алсам, бәріңді қарық
қылам деп бәлденуді қалай атамақшымыз? Шамасы, бүндай ұшқарылыққа
экономикасының жетпіс проценті жекешеленіп кеткен қоғамда мемлекет билікші
емес, ықпалдас ретінде ғана әрекет ете алатындығынан атымен бейхабар
адамдар ғана ұрына алатын шығар. Ондай барлық нәрсенің бәріне бірдей билігі
жүре бермейтін мемлекет отандастарын қай мәселеде де тек өз күш-жігеріне
сенуге шақыруға мәжбүр. Ал өзі көпшілікке тек әрекет бостандығын
қамтамасыз етуге, сосын қай тараптың да, соның ішінде мемлекеттің өзінің
де, заңдастырылған ойын ережесін бұзбауын қатаң қадағалауға уәде бере
алады. Осы себептен де, "Қазақстан —2030" Страгегиясы адам факторын дамудың
ең мықты басымдығы ретінде ең жоғарғы орынға қояды. Сөйтіп, адамдарды
өздеріне сенуге шақырады. Тек сондай адам ғана қалыптасып
отырған жағдайға қапысыз қаныға алады. Тек сондай адам ғана өз
мүмкіндіктерін жете бағалап, қандай іске қалай жүмылу керектігі жайында
дұрыс қорытындылар жасай алады. Тек сонда ғана жалқының ғана емес, жалпының
да келешегімізге деген сенімі нығайып, күллі ел боп іске жұмыла аламыз. Бұл
арада Елбасы өз парызын абыроймен атқарып шықты. Ендігісі — әрқайсымыздық
өз қолымызда. Көп нәрсе Стратегияның көздеген мақсатын көпшілікке дұрыс
жеткізуге байланысты болмақшы. Оны да қасаң қағидаға айналдыру қиын емес.
Қазіргідей кім-кімнің де тісі қышып, тілі ұзарып тұрған тұста не қилы
бейпіл әңгімеге беріліп, қай бастаманың да қадірін түсіру оп-оңай. Бірақ,
олай ету өзіңе жаның ашымау, еліңе жаның ашымау болып шығар еді. Саяси
цинизм дегеніміз де осыдан өрбиді.

ІІ Ауыл шаруашылығын интенсифтендіру
ерекшеліктері
Республика агроөнеркәсіптік өндірісі дамуының маңызды ерек-шелігі
алабөтен – топырақтық – климаттық жағайы мен өсімдік өсіретін топырақ
бетінің әр түрлілігі, олардың көлденеңнен және тігінен аймақтануын
анықтайтын кең байтақ жер аумағы алып жатқандығы болып табылады.
Температураның тиімді жиынтығы солтүстіктегі 25000-нан оңтүстік және
оңтүстік – шығыста 45000-ға дейін аралықта құбылып отырады. Мұның өзі
субтропикалық және тропмкалық дақылдардан басқа, ауыл шаруашылығының
барлық дақылдарын, дәнді дақылдан бастап жүзім және мақта өсіруге дейін
мүмкіндік береді.
Қазақстан жер аумағының көп бөлігі егіншілікпен айналысуға
нартәуекелмен баратындай аймаққа орналасқан. Республиканың солтүстігі мен
орталығында жауын-шашын 140-350 мм-ден оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың және
шығыстың таулы және биік таулы аймақтарында 450900 мм-ге дейін жетеді.
Жер аумағының топырақ беті де қатты ерекшеленеді – республиканың
солтүстгінде кәдімгі, қою қоңыр топырақ, қоыңр топырақ және ашық қоңыр
топырақ болса, оңтүстігінде құба құмды топырақ, сұр топырақ және таулы
сілтілі қара топырақты болып келеді. Қара топырақты жер көлемі бар-жоғы
15 млн, га жуық жерді құрайды. Бұдан басқа, Қазақстанда 77 млн-ға жуық га
топырақтың эрозияға қауіпті жер, оның ішінде 17,7 млн. га жуығы егістік
жер, 74 млн. га астам сортаң және кебір топырақты жер, оның 8млн-ға жуығы
өңделген жер бар. Республика агроөнеркәсіп кешенінің тағы бір ерекшелігі -
өндірістің мамандандырылуы мен шоғырландырылуының жоғары деңгейде болуы.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары егістік жер көлемі жағынан
кеңестік кезеңде ТМД елдері бойынша орташа есеппен алғанда 6 есеге жуық
артық болды. Жалпы өнім өндіру көлемі юойынша 2-3, одан да көп есе болды.
Осы жағдай қазіргі өтпелі кезеңде кеңшарлар мен ұжымшарларды реформалауды
және оларды шаруа қожалықтарына, кооперативтерге және басқа нарықтық
үлгідегі аграрлық кәсіпорындарға айналдыруды әлдеқайда қиындатып отыр.
Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің келесі ерекшеліктері – мұнда жақын
шетелдерге қарағанда агроөнеркәсіп кешеніндегі салалық сәйкессіздіктер
көзге бірден ұрады, ауыл шаруашылығғы өнімдері мен шикізатын өңдеу, оларды
сақтау және тасымалдаумен айналысатын қор шығаратын сфералар мен салалар,
сондай-ақ жалпы агроөнеркәсіп инфрақұрылымы нашар дамыған. 90-жылдардың
басында агроөнеркәсіп кешені құрылымында ауыл шаруашылығының үлес салмағы
64 пайызға жуық, бірінші сферада 8 пайызғажуық және үшінші сферада 28
пайыздан астамырақ болды. Республикада автомашина және комбайн жасау
өнеркәсібі мүлдем жоқ. Қолда бар элеваторлық қуаттар астықты өңдеуді, ал
ет комбинаттары етті өңдеуді толық қамтамасыз ете алмайды. Осының
салдарынан өндіріс өнімі көлемінің 30- пайызы ысырапқа ұшырайды. Бұрынғы
КСРО кезінде Қазақстан кооператорлары шикізатты республикадан тыс жерге
шығарып, оны сонда өңдеп, дайын өнімді қайта алып келетін. Республикадын
тыс жерге екі жақты тасымалдауға кететін шығыннан басқа бірқатар өнім алу
үшін бастапқы шикізат болып табылатын өнім қалдықтары да өнім өңделген
жерде қалып қоятын. Сондай-ақ Қазақстан еңбеккерлері өндірген үстеме
өнімнің бір бөлігі де сол ауыл шаруашылық өнімдерімен бірге сыртқа
шығарылып тұратын.
Материалдық өндіріс сфераларының шамадан тыс шашыраңқы орналасуы
жағдайында транспорттың жетіспеушілігі мен жол жүйелерінің нашар дамуы
Республиканың өгроөнеркәсіп өндірісінің дамуын қиындата түсетін
ерекшеліктердің қатарын толтыра түседі. Мысалы, Қазақстанда бір погон км
автожол жүйесіне бар –жоғы 38 метр асфальтталынған жол келеді. Ал, бұл
көрсеткіш Өзбекстанда – 129 метр, Украинада – 324 метр, Эстонияда 600
метрге жуық. Халықтың аз орналасуы да (бір шаршы килоиетрге бар жоғы алты
адам) Республика өгроөнеркәсіптік өндірісін орналастыру мен дамытуға
кәдімгідей әсер етеді.
Міне, осындай қиыншылықтарға қарамастан, егістік жерлердің орасан
көп болуы, топырақтық – климаттық аймақтың көптүрлілігі мен олардың
биоклиматтық потенциалының мол болуы, ауыл шаруашылық өсімдіктері
жергілікті сорттарының және мал тұқымдарының генетикалық мүмкіндіктерінің
блуы, ауыл шаруашылығын жүргізудің ғасырлар бойғы дәстүрі қалыптасқан
Қазақстан халқының еңбекқорлығы шаруашылықты дұрыс жүргізген жағдайда
жақын блашақта агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларын табыспен дамытуға,
жалпы алғанда Респубила толық қамтамасыз етуге және Қазақстанның тіпті
әлемдік аренада ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарушы елге айналуына
мүмкіндік береді.
Маркетингтік қызметтің қалыптасуы мен дамуының экономикалық негізі нарықтық
қатынастарды дамыту болып табылады.
Ауылшаруашылығын жетілдірудің бүгінгі таңдағы басты жолдарының бірі
ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындарда маркетинг қызметін
жетілдіру болып табылады.
ОҚО-ның агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың қазіргі таңдағы
жағдайын маркетингтіктік талдауда мынадай жағдайларды қарастыру көзделген
:
-нарықтық қатынастар жағдайындағы ауылшаруашылығының бүгінгі таңдағы
жай-күйі;
- агоөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпорындардың жалпы жағдайы ;
Қазіргі таңда ауылшаруашылығы саласының алдында тұрған мақсат
агорөнеркәсіп кешенінің тиімді жүйесін қалыптастырып және бәсекеге
қабілетті өнім өндіру негізінде облыс тұрғындарын тұтыну нормасына сәйкес
азық-түлікпен қамтамасыз ету болып отыр.
Республикалық бюджеттен облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін қолдау
үшін үш жылда 19440 млн, оның ішінде 2005 жылы 7867 млн. теңге, облыстық
бюджеттен – тиісінше 663 млн. теңге және 224 млн. теңге бөлініп, игерілді.
Облыс бойынша 2006 жылға жаңа агроқұрлымдарды ашу мен қозғалыстағы
шаруашылықтан 1922 орныға жаңа жұмыс орындары ашылды.
2006 жылы тұтыну стандарттарына сәйкес, облыс тұрғындарының қамтылуы:
сүт - 214%, жұмыртқа – 103%, көкөніс 300%, бақша 153%, Алайда, өнімнің
кейбір түрлерінің өндірісі халықтың қажеттілігін қамтымайды, ет – 28,3%,
картоп – 84%, жеміс-жидек – 29%
Облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін ықшамдау жұмыстары
жүргізіліп, негізінен азықтық және экономикалық рентабельділігі жоғары
дақылдардың көлемі көбейтілді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылық дақылдары
731,5 мың га егілсе, 2005 жылы 757, 3 мың гектарға орналастырылды, егіс
көлемі 25,8 мың гектарға артты.
Дәнді дақылдар 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда егіс көлемі 5,9
мың гектарға артып, үш жылда 1427 мың тонна өнім өндірілді немесе 393 мың
тоннаға артық.
Күріш дақылының гектар түсімділігі 2002 жылмен салыстырғанда 8,6
центнерге артып, 2005 жылы өнімділігі 36,5 центнерге жетті.
Мақтаның облыс экономикасында ауылшаруашылығы дақылдарының ішінде
алатын орны ерекше. 2005 жылы егіс көлемі 33,5 мың гектарға артып, 2002
жылдан 104,1 мың тонна өнім артық алынды. 2005 жылы шитті мақтаның әр
гектарынан 23,1 центнерден барлығы 464, 4 мың тонна өнім жиналды.
Майлы дақылдардың - экономикалық тиімділігіне байланысты 2005 жылы
жалпы өнім 2002 жылдан (2002 ж-42,7 мың, 2005ж-56,0 мың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг тұжырымдамаларының эволюциясы
Ауыл шаруашылында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
Ежелігі Қазақстан тарихы туралы зерттеу
Мемлекеттік меншік: қалыптасу жолдары, ерекшеліктері және экономикадағы орны
Жерге орналастыру мен отырықшыландыру жұмыстары
Сирский каганат
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда байланыс
Меншік түрінің эволюциясы
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Пәндер