Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі э. ғ. к., доцент

Д. О. Абленов

«» 2013ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы қазіргі кездегі ақша-несие саясаты және оның даму жолдары

Мамандық - 5В050900 «Қаржы»

Орындаған: А. Д. Шарапиев

Ғылыми жетекшісі:

Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен әдістері . . . 5

1. 2 Мемлекеттің ақша-несие саясатының экономикалық мәнi және оны жүргiзу құралдары . . . 14

1. 3 Экономиканы мемлекеттік реттеудегі Ұлттық Банк жүргізетін

ақша-несие саясатының механизмі . . . 22

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

2. 1 Мемлекеттің ақша-несие саясатының жүргізілу механизмiн талдау . . . 32

2. 2 Ақша-несие саясатының қазіргі таңдағы жағдайын талдау . . . 38

2. 3 Қазақстан Республикасының инфляцияны тұрақтандыру саясатын іске асырудағы ақша-несие саясаты . . . 46

3 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3. 1. Ақша несие саясатының даму мәселелері мен келешегі . . . 51

3. 2 Шетелдерде ақша-несие саясатын жүргiзудегi тәжiрибесi . . . 55

3. 3 Қазақстан Республикасының ақша несие жүйесінің бүгінгі қаржылық дағдарыс кезіндегі даму барысы . . . 58

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 77

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Кез-келген экономикалық жүйенің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етуде маңызды рөл мемлекетке арналады. Өз тіршілік етуінің бүкіл тарихында мемлекет тәртіпті, заңдылықты, ұлттық қорғауды ұйымдастыруды және т. с. с атап өту жеткілікті. Қазіргі заманғы жағдайларда кез-келген дамыған рыноктық экономика өзінің мәні бойынша аралас болып табылады, оған себеп болатын-экономиканың ұлттық шаруашылықта мемлекеттік реттеу, мемлекеттік сектордың еркін кәсіпкерлігімен қатар тіршілік етуі. Осындай нарықтық экономиканың тиімді әрі тұрақты дамып отыруын реттеудің, экономиканы ынталандыру саясатының негізгі формаларының бірі мемлекеттің ақша-несие саясаты болып табылады.

Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.

Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет. [1, 21 б]

Ұлттық экономиканың нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін, банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-несие саясаты болып табылады.

Ақша-несие саясатын іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай 2002 жылдан бастап ұлттық экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып табылады.

Еркiн өзгермелi ұлттық валюта бағамы жағдайында Үкiмет елдiң экономикалық ахуалына, сыртқы экономикалық қатынастарына, валюта резервтерiне, берешектерге, тауарлық және қаржылық ағындардың серпiнiне тiкелей ықпал етуге мүмкiндiк алды.

Сонымен бiрге, Қазақстан экономикасында бiрқатар дағдарыстық жағдайлар соңына дейiн әлi де жойылмай келедi. Экономиканың кейбiр салаларында өндiрiстiң құлдырауы тоқтатылмады, салық салу және бюджеттiк кiрiстi арттыру проблемалары орын алуда, мемлекеттiк iшкi және сыртқы қарыздар мөлшерi өсуi жалғасуда және мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк табалдырығының мағынасына жақындады, өндiрiстiк салаға берiлетiн несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер жоғары болып қалуда, шаруашылық етушi субъектiлердiң инвестициялық белсендiлiгi тиiстi деңгейде емес және т. б. Мұның барлығы ақша-несиелеудi реттеу жөнiндегi шаралар бюджеттiк шығындар мен салық салуды басқару жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен тығыз байланысты болу керектiгiн дәлелдейдi.

Қазақстан Республикасының әлемге нарықтық экономикалы және дербес ел ретінде танылғаны бәрімізге белгілі. Ал нарықтық экономиканың негізгі талабы бұл экономиканың еркіндігі және мемлекеттің экономикаға тек қана жанама реттеу әрекеттерімен ғана араласуы болып табылады. Экономиканы жанама реттеудің негізгі құралдарына: ақша-несие саясаты, бюджеттік-салық саясат, тарифтік және валюталық саясаттар жатады. Өз кезегінде экономиканы ынталандыруда және шаруашылық механизмді реттеуде ақша-несие реттеудің маңызы зор болып табылады.

Бұл тақырыптың мақсаты еліміздің ақша-несие саясатының экономиканы жанама ретеудегі маңыздылығын, оның іске асу механизмі мен қазіргі таңдағы даму беталысын қарастыру болып табылады.

Жұмысты орындаудағы негізгі міндеттерге:

Ақша-несие саясатының экономикалық мәнін, оның іске асу барысын түсіну,

  • Ақша-несие саясатының негізгі құралдарына тоқталу және оның Қазақстандағы қолдану барысын талдау;
  • Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын іске асыратын басты заңлы тұлға ретінде оған талдау жасау,
  • Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы ақша-несие саясатының ерекшеліктеріне, атқарылып жатқан нақты шараларға тоқталу,
  • Ақша-несие саясатындағы әлемдік стандарттардың бірі болып табылатын инфляциялық таргеттеу саясатының еліміздегі қолданысын және 2010-2012 жылдарға арналған ақша-несие саясатының іске асу барысын жан-жақты талдау мен туындап отырған мәселелерге тоқталу болып табылады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI

1. 1 Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңыздылығы мен әдістері

Басқару - бізді қоршаған ортаның универсалды (әмбебап) және қажетті элементі. Бұл объектілік жағдайдың, тәртіптің сапасын өзгертетін, субъектінің объектіге әртүрлі әдіспен әсер етуі.

Мемлекеттік басқару әлеуметтік іс-әрекеттің анықталған түрі ретінде кең және тар мағынада түсініледі. Тар мағынада - бұл мемлекеттің әкімшілік, атқарушы-басқарушылық іс-әрекеті. Бұл позицияда мемлекеттік басқару, негізінен, әкімшілік құқықпен оқытылады. Оның объектісі - мемлекеттік басқарудың құқықтық формасы. Кең мағынада - бұл мемлекеттің ұйымдастырушылық, нұсқаулық іс-әрекеті, әртүрлі қоғамдық қатынастарды мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының әрекеті жолымен мемлекеттік реттеу.

Мемлекеттік басқарудың да қатысушылары, яғни субьектілері мен обьектілері бар. Мемлекеттік басқару субьектілері - бұл басқару қызметін жүзеге асыратындар. Оған экономикалық саланы, әлеуметтік саланы, әкімшілік - саяси құрылымдарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жатады.

Мемлекеттік басқару обьектілері - бұл басқарылатын салалар, ұйымдар және жалпы халық. [5]

Мемлекет экономикалық ғылымды саяси экономикасымен бірдей деп есептелген. Сондықтан бүгінге дейін экономикалық теорияны экономикалық саясатпен алмастыруды өкситіндер таусылған жоқ. Үкімет мемлекеттік экономикаға кірісуі обьекттивтік қажеттілік болып табылады. Бұл экономиканың нарықтық немесе әміршіл- үлестірмелі болуымен байланысты емес, үлестіруші экономикада мемлекет тауарлар мен қызметтерді өндіру және бөлу туралы барлық құқықтар мен міндеттерді өзіне артады. Бірақ осындай жүйе өзінің тиімді емстігін және дәрменсіздігін іс- жүзінде көрсетті. [6, 8 б]

Нарықтық шаруашылықта үкімет алдында тауарлар өндіріс пен ресурстарды бөлудің тікелей ұйымдастыру міндеті болмайды. Ол ресурстармен, капиталмен және өндірілген тауарлармен еркін жарлық "өкім" ете алмайды. Нарық механизмі экономикалық барлық мәселелерді шешпейді. Еркін бәсекелік кезеңінің өзінде өндіргіш күштердің елеулі бөлшегі үшін классикалық жеке меншік шеңбері жетімсіз бола бастайды, сондықтан мемлекет экономиканың ірі құрылымдарын: теміржолды, поштаны, телеграфты және т. б. өз қарамағына алуға мәжбүр болады. Еңбек бөлінісінің дамуы мемлекетаралық интеграцияның күшеюіне, жалпы экономикалық процестердің ұлттық шекарадан асуына әкеліп соғады, қорғаныспен, ғылыммен әлеуметтік қатынастарды реттеумен, жұмысшы күшінің ұдайы өндірілуіне, экологиямен және т. б. байланысты, жаңа әлеуметтік-экономикалық мәселелердің қалыптасуына әкеліп соғады.

Мемлекеттік және рыноктық реттеу қандай мөлшерде үйлестіру қажет, мемлекеттік араласудың шектері мен бағыттары қандай екені жөнінде теоретикалық көзқарастардың және оларға сәйкес тәжірбиелік тұжырымдардың кең ауқымды спектрі бар ұлттық шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизмнен шекті экономикалық либерализмге дейін, бұнда экономика тек ешнәрсемен шектелмейтін жеке кәсіпкерлік кезінде ғана тиімді болады деген пікір қалыптасқан. Осындай шекті нұсқалар арасында аралас нұсқалар да бар, мысалы рыноктық және меммлекеттік реттеушілерді үйлестіретін қытай нұсқасы, ФРГ мен Австрияның әлеуметтік бағдарланған рыноктық шаруашылығы. Аралас экономиканың швед үлгісі.

Экономиканы басқарудағы мемлекеттік монополизмнің нұсқасында нарықтық экономиканың тиімділігі тәуелді болатын бәсекелестік механизмі оқшауланып қалады.

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.

Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.

1) Кейнстік мектеп - шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу концепциясы және мемлекеттің қоғмадық шаруашылық өміріне араласпауы туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің «түнгі күзетші» рөлін атқарғанын дұрыс дейді. /6, 7 б/

Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.

А. Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:

1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;

2. Құқықтық қызметтер;

3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;

Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді: экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.

Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету екендігін атап өтті.

Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті. Бәрімізге белгілі нарықта негативті жағдайлар бар. Яғни, барлық адамзат қарамағындағы, теңіздердегі барлық байлықтар толығымен пайдаланылмайды. [10, 64 б]

Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:

  • Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
  • Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі нұсқасы;

Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:

  • Адаптациялық үлгі - мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
  • Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:

  1. Құқықтық реттеу - мемлекеттің тарапынан;
  2. Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарны келісім-шарт жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
  3. Әкімшілік реттеу - лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады. Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау шараларымен айналысады.
  4. Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатына және ұлттық экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді. /2, 75 б/

Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері кең тараған:

Ұлттық қорғаныс;

Фундаменталды ғылым;

Космостық зерттеулер;

Денсаулық сақтау;

Қала құрылысы, заводтар салу;

Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын реттеу;

Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;

Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;

Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;

Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.

Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей: /13, 27 б/

  • Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
  • Бәсекелік ортаны барынша қолдау.

Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:

  1. Экономикалық өсім;
  2. Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
  3. Бағаның тұрақтылығы;
  4. Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және рететуді қажет ететін салалары мен аумақтары.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің модернизациялық әдістерін келесідей жіктеуге болады: [11, 29 б]

Сурет 1 - Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей ретету шаралары неғұрлым әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат алады. Енді осы экономиканы рететудің нарықтық экономикада маңыздыболып табылатын әдістеріне жекелеп тоқталып өтсек.

Экономиканы мемлекеттік реттеу құралдарына фискальдық ("фикс"- мемлекет қазынасы), несие, ақша саясаты, бағалар мен тұрғындардың табысын реттеу, әкімшілік реттеулер жатады. Осы шаралардың мәнін қысқаша ашайық.

Фискальдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азйту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салалары мен кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар мен жәрдем ақшалар, салық шаралары жатады.

Салықты реттеу фискальдық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады.

А) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу және щектеу ақсатында салық нарқын өзгерту. Экономикалық өсуді көтермелеу мемлекет бөлек салалар мен өңірлер, шет селолық аудандар мен еркін экономикалық аймақтар үшін салық салудың ерекше жеңілдікпен қолданылатын тәртібін орнатады.

Б) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін

згерту. Берілген салық нарқы жағдайында амортизациялау мерзімін қысқарту қорлану ресурстарын көбейтуге мүмкіндік береді.

В) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық еңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құрылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан, аса жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

  1. несие-ақша саясаты. Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге, ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несиелік ретттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

а) эмиссиялық банктың есептеу нарқын өзгерту. Есептеу арқы(немесе дисконттық) - бұл банк вексельдерін, яғни жеке адамдар мен мемлекеттердің қысқа мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банкпен өндіріп алынатын қарыз процентінің нормасы

б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумін арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері- реікті ақша салынымдарын /бос резерв деп аталатын / және міндетті ақша салынымдарынан тұрады.

в) "ашық нарықтағы операциялар". Мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда, жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.

І. Бағаны және табысты реттеу саясаты. Фискальдық және несие саясаты бағамен табыстарды реттеуді тиімді құралы бола алмайды, сондықтан мемлекет барынша тікелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады.

ІІ. Әкімшілік реттеулер. Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы, қоғамдық пайдалану салаларына қатысты қолданылатын әртүрлі бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағытталғрн бақылау кіреді.

ІІІ. Қысқа мерзімді реттеулер. Оның мақсаты- бірнеше айдың ішінде нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады.

ІVҰзақ мерзімді реттеу бірнеше жыл бойына нәтижелер алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсатты бағытта әсер ету болып табылады. Белгілі бір уақыт кезеңі бойына экономиканың дамуы арқылы қоғамдық өндірістік құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру және ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, жедел амортизациялау саясатын жүргізу жатады.

Нақты шаруашылық немесе белгілі бір әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін қолданылатын арнайы шаралар жиынтығы түрінде болатын мақсатты бағдарлама- ұзақ мерзімді реттеудің тиімді нысаны болып табылады. Нарықты экономика жағдайында мемлекет және тауар өндірушілер тең құқылы ретінде көрінеді. Мемлекет өзінің қатынасын кәсіпорындардың барлық типімен шарттық негізде немесе келісім жасау жолымен орнатады.

Қазақстанда, нарық қатынастарының қалыптасуы, жағдайында, экононмиканы тікелей және жанама реттеу әдістерінің рөлі өзірше бәсеңдеу, тек қана тенденция түрінде болып отыр.

Мемлекеттің реттеуші рөлі-белгілі мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін тікелей және жанама әдістер мен тұтқаларды ұштастыруға негізделген.

Нарықты жанама зерттеу әдістері негізінен адрессіз, бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракетің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету обьектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады. [14, 34 б]

Мемлекеттік және рыноктық реттеу қандай мөлшерде үйлестірілу қажет, мемлекеттік араласудың шектері мен бағыттары қандай екені жөнінде теоретикалық көзқарастардың және оларға сәйкес тәжірибелік тұжырымдардың кең ауқымды спектпрі бар- ұлттық шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизмнен шекті экономикалық либерализмге дейін, бұнда экономика тек ешнәрсемен шектелмейтін жеке кәсіпкерлік кезінде ғана тиімді болады деген пікір қалыптасқан. Осындай шекті нұсқалар арасында аралас нұсқалар да бар, мысалы рыноктық және мемлекеттік реттеушілерді үйлестіретін Қытай нұсқасы, ФРГ мен Австрияның әлеуметтік бағдарланған рыноктық шаруашылығы. Аралас экономиканың швед үлгісі және т. с. с.

Экономиканы басқарудағы мемлекеттік монополизмнің нұсқасында нарықтық экономиканың тиімділігі тәуелді болатын бәсекелестік механизімі оқшауланып қалады.

Фискальды саясат - экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығына жету үшін маңызды құрал болып табылады. Мемлекеттік шығындар мен салықтарды оңталандыру арқылы, іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыссыздық пен құнсыздануға ықпал етуге болады. Бұл құралдың қате қолданылуы - аса жоғары салықтар, мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігінің бұрмаланған өлшемдері - фискалдық саясатты экономиканы тұрақсыздандыратын факторға айналдырады. Дәл осы қаражаттар арқасында мелекет ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешеді, халықтың қоғамдық игіліктер мен қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз етеді, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және нақты қолдану процесі. [15, 312 б]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын талдау
Ақша – несие саясатының түрлері
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Инфляция - бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz