Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуі



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3.16

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӨТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17.42
1.1.Жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары ... ... ... 17.25
1.2.Жекешелендірудің негізгі кезеңдері мен жүргізілген экономикалық реформалардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26.42

ІІ ТАРАУ. ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43.74
2.1.Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен оны қолдаудағы мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.52
2.2.Ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы мен оның отандық кәсіпкерлікке қоскан үлесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52.60
2.3.Нарықтық экономикада отандық агробизнестің алатын орны ... ... ... ..61.74

ІІI ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕРМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 75.98
3.1.Қазақстан Республикасының посткеңестік елдермен экономикалық байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75.85
3.2.Қазақстан Республикасының алыс шетелдермен экономикалық байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .85.98

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 99.101

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Жиырма жылдай уақыт аралығында еліміздің тәуелсіздігімен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалдардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түседі. Себебі, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, «мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс» [1].
Қандай да бір мемлекеттің дамығандығын көрсететін негізгі критерийлерге оның әлемдік саясатта алар орны, қауіпсіздік пен тұрақтылық жағдайы жатады. Сонымен қатар, мемлекеттің дамығандығын көрсететін негізгі факторлардың бірі халықтық әлеуметтік-экономикалық жағдайы, яғни даму мәселесі. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарлығы немесе оның халықты қанағаттандыруы мемлекет тұрақтылығының негізгі тұтқасы болып табылады. Екі жүз жылдан астам бодандықта өмір сүрген еліміз 1990 жылдың басында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін біраз қиындыққа тап болғаны рас. Ең алдымен Кеңес Одағы ыдырау себебінен тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстар бірден үзіліп экономикалық дағдарыс басталды. Бастапқыда кәсіпорындар күйреді, жұмыссыздық артып, халықтың әлеуметтік деңгейі айтарлықтай кері шегінді. Экономикалық дағдарыс ауырлай түсіп, Қазақстан экономикасы 40%-ға құлдырады. Оның үстіне Қазақстан экономикасы кеңестік кезеңдегі жоспарлы шаруашылық құрылымынан нарықтық шаруашылық құрылымына өту үшін күрделі қайта құрулар мен реформаларды жүзеге асыруға тура келді. Бұл тек Қазақстан экономикасы саласында кездескен қиындықтар ғана еді. Басқа қызмет саласында кездескен қиындықтар мен міндеттер өз алдына бір төбе еді.
1.Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі // Егемен Қазақстан, 2005, 1 ақпан.
2.Қазақстан тарихы: лекциялар курсы. Редакциясын басқарған Қ.С. Қаражан. А., 2008. – 216 б.
3.Ермаков В.А. Қазақстан қазіргі дүние әлемінде. Алматы, 2002. – 101 б.
4.
5. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030». Алматы, 1997

8.Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы, 2003. – 210 б.
9.Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы:Өнер, 1996. – 272 б.
10.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.
11.Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең – жаңа экономика. (URL:http: www.akorda.kz).
12.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға». – Алматы: ҚЭ., 2009. – 56 б.
13.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясатының басты мақсаты». – Алматы, 2008
14. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». – Астана: Елорда, 2005. – 48 б.
15
16.Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан до 2015 г. (Утверждена Указом Президента Республики Казахстан, №1096 от 17.05.2003 г.).

26.Сәбденов О.С. ХХІ ғасыр қарсаңындағы өтпелі кезеңдегі экономикалық саясат. Алматы, 2003

35.Абдурахманова Р.А. Правовые аспекты реформирования банковской системы в РК в 90-е годы // Банки Казахстана. –Алматы. -2003
44. Б.А. Абдуллаева. Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары. Э.ғ.к. дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. Алматы, 2009. – 129 б.
54.Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х.Е. Теория и практика агробзнеса. –А., 1997. –с.323
56. М.Ж. Ташенев. Форсированное индустриально-инновационное развитие РК и отход экономики от сырьевой зависимости // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериасы, №3(62). 2011. – с.38-41
57. С.И. Айкөзов. Қазақстан Республикасында қалыптасқан тарихи шаруашылыққа аграрлық реформаның әсері //ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №3(46). 2007. – 124-126 бб.
58.С.И. Айкөзов. Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығының нақты және потенциялды даму мүмкіндіктері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №3(46). 2007. – 126-131 бб.
59.Сахариев С.С., Сахариева А.С. Ілем экономикасы. 1 том, А., 2003

58.Касенов У. Россия Закавказьеи Центарльная Азия: Нефть, трубопроводы и геополитика //Қазақстан и мировое сообщество. – 1995. -2(3). – с. 3-9.; Токаев К. Казахстано-Российские отношения (1991-1995 гг.) Алматы-Москва, 1995.; Мансуров Т. Интеграция и суверенитет – стратегические приоритеты Казахстано-Российских отношений //Казахстан и мировое сообщество. – 1995. №2(3)- с.10-21.; Бакаев Л.К. Сергиенко С.А. Интеграция новых независимых государств: Сб.научн.ст. – Алматы, 1998. Ч.ІІ. – с.128-132.; Бакаев Л.К. Внешняя политика суверенного Казахстана //Саясат. 1997. -№11. С.70-81.
11.Арынов Е., ЖуламановР., Елеусизов Е. Внешнеэкономическое проникновение в экономику Казахстана //Евразийское сообщество. -1995. -№4(5). –с.54-78.
12.Сыроежкин К.Л. казахстан-Китай: торгово-экономические отношения // Казахстан и мировое сообщество. -1995. -№1(2). –с.63-72.; Султанов К., Аривоногов В.., Джалилов З., Казахстан-Китай: переспективы и проблемы развития экономических связей // Финансы Казахстана. -1997. №6. –с.81-84.; Төлеев М. Қазақстан – Қытай: қарым-қатынасының жаңа кезеңі // Ақиқат. -1995. -№12. -22-25.; Кәдірбаев А. Қытай және Орталық Азия: кешесі мен бүгіні // Ақиқат. -1997. -№2. -65-69 б.; Кокарев К.А., Китайско-Казахстанские отношения. В сб. «Казахстан: реалии и переспективы независимого развития»М.,РИСИ, 1995. –с.343-359.; Потапов М. Открытая политика Китая: опыт для нас //Мировая экономика и международные отношения. 1993. №1. –с.107-111.
79.Мұхамедов М.Б. Тәуелсіз Қазастанның сыртқы саясатында негізгі басым бағыттардың қалыптасуы. С.ғ.д, ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 1999. – 259 б.
80.Сарабекова Т. Приватизация: история и настоящее // Веч Алматы, 1998. – 14 июля. С.4
81.Регионы Казахстана. Статический сборник. Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2008.
82.Әліпбай С. Елім көшіп барады еретеңіне: мемлекеттік үш жылдық азық-түлік бағдарламасы ауыл халқын жаңа өмірге бастайды /егемен Қазақстан.12 қазан. – 2002.-11-12 бб.
83.1993-Краткий статистический ежегодник, Агенство по статистике. –Алматы, 1993
84.Кемел М. Қазақстанның аграрлық секторында меншіті реформалау: әлемдік тәжірибе, құқықтық мәселелер, бүгінгі жағдай, проблемалар. –Алматы, 1998
85.Данные Агенства РК по статистике. /www.kazstat.asdc.kz/
86.Ел Президентінің веб-сайтындағы статистикалық мәліметтер. /www.akorda.kz/
87.1998-Краткий статистический ежегодник, Агенство по статистике. –Алматы, 1998
88.Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. Алматы, 2001
89.Назарбаев Н.Ә. «Реформаның табысты болуы оған аймақтардың белсене қатысуына байланысты» атты сөйлеген сөзі. Алматы, 1996


1. Сабден Оразаұлы. Экономикалық таңдаулы еңбектер. 9-том «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз» Алматы: 2009 ж. 119-138 беттер.
2.Қошанов А.Қ., Мухамеджанов Б.Г., Бекгемисова С.Т. Формирование частного предпринимательства в условиях перехода к рынку. - Алматы, 1995, - 165 с.
3. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз»
Алматы:2001 ж.119-149 беттер.
4. Мейірбеков. А. Қ. «Кэсіпорын экономикасы» Алматы:2001 ж. 5-15 беттер.
5. Назарбаев. Н. Н. «Жүз жылға татитын он жыл» Астана.2002 ж.38-47 беттер.
6. Назарбаев. Н. Н. «XXI ғасыр қарсаңында» Алматы: 1996 ж.6-9 беттер.
7. Сабден. О. С. Акбердин. Р. 3. «Рыночная экономика»
Алматы: «Ғылым» баспасы. 2002 ж. 669-680 беттер.
8. Абалкин Л. Современный кризис и перспективы развития советской экономики // Вопросы экономики. 1991. № 10. С. 3-7.
9. Абдуллаев К. Год радикальных перемен // Казахстан: экономика и жизнь. 1990. № 1.С. 3-5.
10. Абуталипов Ж. На пути к рынку // Казахстан: экономика и жизнь» 1993.
№ 1. С. 25-30.
11.Албегова И. М., Емцов Р. Г., Холопов А. В. Государственная экономическая политика: Опыт перехода к рынку. М., 1998. 320 с.
12. Алибаев А. Пенсионная реформа Казахстана (вопросы и ответы)// Рынок ценных бумаг Казахстана. 1998. № 8. С. 10-15.
13.Алпамысов А. Процесс трансформации экономики Казахстана// Транзитная экономика. 1998. № 3. С.48-59.
14.Арынов Е. М. Казахстан и мировой опыт рыночной трансформации. Алматы, 1997. 178 с.
15.От структурных преобразований не уйти // Казахстан: экономика и жизнь. 1993. № 7. С. 10-14.
16.Ашимбаев Т. Антикризисная программа: Испытание временем //Казахстан: экономика и жизнь. 1994. № 3. С. 16-20.
17.Аханов С. А. Казахстан: Изменение роли государственного бюджета в переходной экономике // Саясат. 1995. № 7. С. 35-47.
18.Ахметгалиев Б., Примбетов С. Путь сотрудничества и интеграции: Обзор пройденного // Казахстанская правда. 1996. 13 декабря.
19.Ахметжанова Г., Маханов Н. Основные направления развития банковской системы Казахстана // Транзитная экономика. 1998 № 1 С.80-89.
20.Ахметов Д. Финансовая система Казахстана // Вопросы экономи¬ки. 1999. № 10. С. 129-132.
21.Дуберман Ю. Итоги и уроки купонной приватизации в Казахстане // Рынок ценных бумаг. РФ. 1997. № 3. С. 35-38.
22.Дудко Е. Предполагается, что Фонд страхования депозитов не будет гарантировать сохранности вкладов руководителей банков // Пано¬рама. 1999. 15 ноября.
23.Дузельбаева Г. Становление и развитие крестьянских (фермерских) хозяйств в процессе реформирования агропромышленного комплекса Республики Казахстан // Транзитная экономика. 1998. № 2. С. 95-102.
24. Евстигнеев В. Р. Финансово-экономическая интеграция в СНГ': Факторный анализ // Общественные науки и современность. 1998. № 3. С. 36-54.
25.Ертлесова Ж. Неастрологический прогноз // Казахстан: экономика и жизнь. 1992. №11. С. 38-41.
26.Есентугелов А. Рыночная экономика - выбор Казахстана. Алматы, 1995.184 с.
27.Есентугелов А. Бюджетная политика переходного периода // Финансы Казахстана. № 10. 1995. С.60-68.
28.Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: Успехи, ошибки, просчеты и их причины // АльПари. 1999. № 4-5. С. 27-30.
29.Есиркепов Т. К, Асылбеков К. Д. Формы приватизации сельскохозяйственных предприятий // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. 1996. № 6. С. 3-10.
30.Завгородний Ф. Как усмирить «бунт» цен // Казахстан: экономика и жизнь. 1990. №7. С. 55-57.
31.Зейнельгабдин А. Б. Закон «О бюджетной системе Республики Казахстан» - основа реформирования финансовой системы // Экономика Казахстана. № 2. 1997. С. 48-49.
32.Зиядуллаев И. СНГ - современное состояние и перспективы// Экономист. 1998. № 3. С. 84-90.
33.Изтелеуов Б., Камалов М. Революции в экономике, как и в обществе, губительны//Казахстан: экономика и жизнь. 1993. Н С I Н
34.Илларионов А. Модели экономического развития и Россия// ЭКО. 1996. №7. С. 91-106.
35. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахская модель Гл.ред.
А.Нысанбаев. - Алматы.: "Қазақ энциклопедиясы", 1998, - 432 с,
36. Кенжегузин М.Б. Проблемы стабилизации и развития экономики. - Алматы: "Гылым", 1997. - 128 с.
37. Окаев К,О.,Дюкова Е.Л.Экономика промышленного предприятия в условиях рынка / Учебное пособие. - Алматы:Экономика КазГАУ, 1994. - 76 с.
38. Сейтказиева А.М. и др. Инвестиционная деятельность предприятия: Учебное пособие. / Сейтказиева А.М., Байкадамова А.Б., Сариева Ж.И - Алматы.: Экономика, 1998 - 172 с.
39. Бралиева Н.Б., Карпучиева М. Проблемы оценки влияния негосударственного сектора на экономический рост // Концептуальные основы развития экономики Республики Казахстан в период становления рыночных отношений: Сборник трудов в 2-х частях. 4.1. - Алматы: Экономика, 1997. - 240 е., с. 46-54.
40. Кулекеев Ж.А., Мамыров Н.К. и др. Микроэкономика / Н.К, Мамыров, Ж.А. Кулекеев, Г.К. Султанбекова. - Алматы, 1997. - 246 с.
41. Алимбаев А.А. и др. Топливо-энергетический комплекс: проблемы интенсификации производства. Алма-Ата. 1991 -47-55 с.
42. Сабденов О., Муханова Е. Малые предприятия: опыт формирования и перспективы развития. Алматы.: 1992. - 29 с.
43. Кенэ Ф. Избранные экономические произведения. - М.: 1960, 23с.
44. Тюрго А. Избранные экономические произведения - М.. 1961, 131 с.
45. Сэй Ж.Б. Трактат политической экономики. - М.: 1896, 17 с.
46. Вебер М. Избранные произведения. -М.: 1990, 76-77 с.
47. ЗомбартВ. Современный капитализм. - М.: 1931, 1-й полутом, 36с.
48. Разумнова И.И. Мелкий бизнес и эффективность американской экономики. - М, 1991,9 с.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 113 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-16

І ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА ӨТУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-42
1.1.Жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары ... ... ... 17-25
1.2.Жекешелендірудің негізгі кезеңдері мен жүргізілген экономикалық реформалардың мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26-42

ІІ ТАРАУ. ОТАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 43-74
2.1.Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен оны қолдаудағы мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43-52
2.2.Ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы мен оның отандық кәсіпкерлікке қоскан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 52-60
2.3.Нарықтық экономикада отандық агробизнестің алатын орны ... ... ... ..61-74

ІІI ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ШЕТЕЛДЕРМЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 75-98
3.1.Қазақстан Республикасының посткеңестік елдермен экономикалық байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .75-85
3.2.Қазақстан Республикасының алыс шетелдермен экономикалық байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .85-98

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 99-101

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Жиырма жылдай уақыт аралығында еліміздің тәуелсіздігімен қатар жүргізіліп келе жатқан саяси және экономикалық реформалдардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жетті. Бұл мәселенің өзектілігі әлемдік қауымдастықта еліміздің нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түседі. Себебі, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы тиіс [1].
Қандай да бір мемлекеттің дамығандығын көрсететін негізгі критерийлерге оның әлемдік саясатта алар орны, қауіпсіздік пен тұрақтылық жағдайы жатады. Сонымен қатар, мемлекеттің дамығандығын көрсететін негізгі факторлардың бірі халықтық әлеуметтік-экономикалық жағдайы, яғни даму мәселесі. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарлығы немесе оның халықты қанағаттандыруы мемлекет тұрақтылығының негізгі тұтқасы болып табылады. Екі жүз жылдан астам бодандықта өмір сүрген еліміз 1990 жылдың басында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін біраз қиындыққа тап болғаны рас. Ең алдымен Кеңес Одағы ыдырау себебінен тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстар бірден үзіліп экономикалық дағдарыс басталды. Бастапқыда кәсіпорындар күйреді, жұмыссыздық артып, халықтың әлеуметтік деңгейі айтарлықтай кері шегінді. Экономикалық дағдарыс ауырлай түсіп, Қазақстан экономикасы 40%-ға құлдырады. Оның үстіне Қазақстан экономикасы кеңестік кезеңдегі жоспарлы шаруашылық құрылымынан нарықтық шаруашылық құрылымына өту үшін күрделі қайта құрулар мен реформаларды жүзеге асыруға тура келді. Бұл тек Қазақстан экономикасы саласында кездескен қиындықтар ғана еді. Басқа қызмет саласында кездескен қиындықтар мен міндеттер өз алдына бір төбе еді.
Тәуелсіздігімізді алып, егеменді ел атанған сәттен бастап экономикалық жағдайды жоғарлатуға көп көңіл бөлінді. Ең алдымен барлық мемлекеттік, ұжымдық ортақ болып келген өндіріс орындары мен тұрғын үйлерді жекешелендіруден яғни, шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары мемлекеттік сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары, 31 мың нысандардың 50 пайызы жаппай сатылды, не болмаса еңбек ұжымдарына берілді. 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді. Екінші кезең Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заңдық күші бар Жекешелендіру туралы Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Жекешелендіру осы сәттен бастап тек ақша қаражатына сүйеніп асырылды. Аталған кезеңдерде Қазақстанда жабық және ашық акционерлік қоғамдар көптеп құрылды. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіліктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды.
Зерттеу жұмысымның өзектілігін тереңдей түсетін бөлігі екінші тарауда айқын көрсетілген. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жаңадан мемлекет құрған сәттен бастап экономикалық салада көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Осы жағдайлардан шығудың жолдарының негізі - шағын және орта бизнесті қолға алу болатын.Нарықтық экономиканың негізін құрайтын шағын және орта бизнестың алғашқы кездегі қалыптасуы мен дамуы экономикалық дағдарыс, көптеген кәсіпорындардың тоқтауы, халықтың әл- ауқатының нашарлауы және инфляцияның өршіп тұрған уақытына тұспа-тұс келеді. Алайда, барлық қиындықтарға қарамастан экономиканы тұрақтандыру үшін кәсіпкерлікті қолға алу негізгі міндет болып табылады.Содықтан 1992 жылы ҚР Үкіметі Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы заң қабылдады. Заңда жеке кәсіпкерлікті қорғаудың негізгі формалары мен әдістері, жеке кәсіпкерлердің толық еркіндігі мен мемлекеттік заңды тұлғаның жеке кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін жауапкершілігі анықталды. Отандық кәсіпкерлікті қолдау, оларға заң шеңберінде нормативті актілерді дайындау және оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету тікелей Елбасымыздың бақылауында болды. Себебі жеке кәсіпкерлікті дамыту халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтып, мемлекет қазынасын молайтатын негізгі фактор болып есептелінеді.
Отандық кәсіпкерлікті дамытуда негізгі бет бұрыс ауылшаруашылығын дамытуға бөлінген болатын. Өйткені шағын және орта бизнестің негізгі тұтқасы агробизнесті көркейту еді. Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалары басымдық болып айқындалды. 2003-2005 ауыл жылдары болып жарияланғаннан бастап бұл бағытта кеңінен жүргізілген іргелі іс-шаралар қоғамның ауыл проблемаларына бет бұрып, ағымдағы мәселелерді шешуге бағытталған тапсырыстарының қалыптасуына себеп болды.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясаты жоғарғы белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмділігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы экономикалық саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және аймақтың біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіліп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің Республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ірі трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ірі мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы .
Міне, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ жедел қимыл жасап экономикалық дағдарысты жеңу және экономиканы нарықтық экономикалық қатынастарға көшіру жолындағы реформаларын кезең-кезеңмен жүйелі түрде жүзеге асырды. Мұның нәтижесінде Қазақстан 1999 жылдан бастап Қазақстан экономикасы жоғарғы қарқынмен дами бастады. Ең маңыздысы Қазақстаннның халықаралық қауымдастықта беделі артып, Қазақстанды іргелі орнықты экономикасы тез қарқынмен дамыған ел ретінде тани бастады. Сондықтан да Қазақстанның осы жылдар аралығында жүріп өткен жолын саралау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының егемендік жылдарындағы экономикалық жағдайын ашып көрсету мен талдау жасауды негізгі мақсат етіп алдық. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
-Қазақстандағы жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары жан-жақтылы аналитикалық талдау жасау;
-Жекешелендірудің негізгі кезеңдері мен жүргізілген экономикалық реформалардың мәнін ашып көрсету;
-Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен оны қолдаудағы мемлекеттің рөліне өзіндік баға беру;
-Ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы мен оның отандық кәсіпкерлікке қоскан үлесіне ғылыми сараптама жасау;
-Нарықтық экономикада отандық агробизнестің алатын орнын айқындау;
-Қазақстан Республикасының посткеңестік елдермен және алыс шетелдермен экономикалық байланысына тарихи шолу жасау арқылы, оның тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысында әртүрлі деректер пайдаланылды, атап айтқанда, мұрағат құжаттары мен мәліметтері жарияланған статистикалық жинақтар, баспасөз мәліметтері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі құжаттары құрайды. Олар зерттеу жұмысында кеңінен пайдаланылды. Зерттеу жұмысының құқықтық бағытын көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Ата Заңы (конституция) [4], Қазақстан - 2030 [5] бағдарламасы, Қазақстандықтардың өркендеуі, қауіпсіздігі және игілігі стратегиясы [6], Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспары [7], Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың [8-11] еңбектері және Қазақстан халқына жолдаған әр жыл сайынғы жолдаулары [12-15], 2003 жылы бекітілген 2015 жылға дейінгі ҚР индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы [16], Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы [17], жер кодексі [18], Астық туралы Заң [19], Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңы [20], 2003-2005 жылдарға арналған Ауыл жылдары [21] мемлекеттік бағдарламасы басшылыққа алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу жұмысының тақырыбы Қазақстанның экономикасына тікелей байланысты болғандықтан, жұмыстың зерттелу деңгейі ең алдымен экономикалық дамуға қатысты теориялар мен ғылыми аспектілер талданған еңбектерден бастағанды жөн көрдік. А. Нурсеит, Б. Темирбекованың Теория рыночной экономики атты еңбегінде жалпы экономикалық даму үрдістер мен тенденциялар толығымен қарастырылған. Сонымен қатар, еңбекте Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар мен оның нәтижелері жан-жақты талданады [22].
Белгілі зерттеуші М.Б. Кенжегузин Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение [23] зерттеуінде Қазақстан экономикасының қалыптасу жағдайлары, мәселелерді шешу жолдары мен алдын-алу жолдары көрсетіледі.
Арыстан Есентугеловтың Экономика независимого Казахстана: история рыночных реформ [24] атты еңбегінде социалистік жүйенің күйреуі жайлы айқындалып айтылады., КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі, ұлттық теңге шығаруы жайлы айта келіп, не себепті мемлекеттік меншікті жекешелендіргендігін түсіндіруге тырысады. 1990 жылдардағы жағдайларды ескере отырып, өз тұжырымын жасайды.
Соңғы жылдары республикада Қазақстанның нарықтық экономикасына арналған зерттеулер пайда бола бастады. Бұл зерттеулерде экономистер, тарихшылар, заңгерлер мұнай өнеркәсібінің жағдайын, экология мәселелерін, шетел инвестицияларын, шағын және жеке кәсіпкерлікті талдауға тырысты.
Қазақстан 90-шы жылдардың басында КСРО-ның ыдырауы мен сауда экономикалық және басқа қатынастардың бұзылуының салдарынан пайда болған халық шаруашылығында маңызды деформацияларды басынан өткізіп жатқан болатын. Қазақстан қайта құру тәжірибесін білмеді, сондықтан басқа елдің экономикасындағы қателіктер мен жетістіктерінен үйренуге мәжбүр болды. Осыған байланысты экономистер ұлттық өнеркәсіптің нарыққа өтуінің теориялық, концептуалдық проблемаларын шешті. Ғалым-экономистер өнеркәсіп өндірісі саласының күрделі мәселелерін шешу жолдары мен әдістерін, бағдарламаларын жасады, экономиканы қайта құрудың баламалық нұсқаларын ұсынды. Л.М. Буранбаева, Р.К. Жуламановтың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясатының концепциясы [25] атты еңбектерінде өнеркәсіптік өндіріс саласындағы экономикалық реформалардың өзекті проблемаларын қарастырған. Онда ұлттық өнеркәсіптің спецификасы, ішкі рынок пен технологиялық жағынан артта қалу проблемаларын анықтаған. Авторлар өнеркәсіп саясатының приоритеттерінің бірі ретінде жанар-жағармай энергетикалық кешенінің дамуын санайды. Мұнай-химия, көлік және байланыс, конверсиялық бағдарламаларды дамыту, шетел инвестициясын тарту және пайдалану кәсіпкерлікті ынталандыруды жоғары сатыға көтеру маңызды болып табылады. Нарықтық қайта құру республика экономикасының өсуіне ықпал ету керек, себебі Қазақстан мол табиғи байлыққа мамандандырылған еңбек ресурсына, ғылыми потенциялға ие екендігін айтады.
О.С. Сәбденовтың ХХІ ғасыр қарсаңындағы өтпелі кезеңдегі экономикалық саясат [26] атты еңбегі өтпелі кезең жағдайындағы елдің экономика саясатының өзекті мәселелеріне арналған, Елдегі қайта құру процесінің дамуының оң және кері тенденциялары талданған, жинақталған тәжірибелер қорытылған. Жаңа экономикалық саясат концепциялары, құқықтық қамтамасыз етілуі және басқа мәселелер қарастырылған.
Қазақстан экономикасын қайта қалпына келтіру үшін не істеу керек? [27] деген монографиясында автор өмірдің өзі қойып отырған сұрақтарға жауап табуға тырысады: біз қалай осындай жағдайға тап болдық, ҚР экономикасын қалпына келтіру үшін не істеу қажет, шағын және орта бизнесті қалай ынталандырамыз, адамдардың бастамасын қалай оятамыз, халықтың әлеуметтік жағдайын қалай қамтамасыз етеміз және т.б. Зерттеуші, үкімет біздің республиканың объективті жағдайына сәйкес экономиканы түбірінен реформалау бағдарламасы мен ғылыми негізделген стратегиясын жасай алмады деп санайды. Үкімет жартылай локальды, шешімдер қабылдады. Олар жағдайды түземеді, қабылданған шешімдерді орындауда батылсыздық танытты. Бұл кезеңде номенклатуралық жекешелендіру белең алды, рынокта жұмыс күшін сатушылар көп, оларды сатып алушылар аз болғандығын айтады.
О.С. Сәбденов, А.Т. Тоқсанованың Шағын кәсіпкерлікті басқару: тәжірибе мәселелері мен теориялары [28] атты еңбегі барлық деңгейдегі кәсіпкерліктің дамуына арналған. Зерттеуде шағын бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесі жинақталған, кәсіпкерліктің теориялық аспектілері, сондай-ақ кәсіпкерлік феномені, шағын және орта бизнес проблемалары, шағын және орта бизнесті мемлекеттік және аймақтық қолдау мәселелері қарастырылады. Зерттеушілер көрсеткендей, 2000 жылдың 1 қазанында қарай ҚР-да 885906 жұмысшы бар 257397 жеке кәсіпкерлік жұмыс істеген.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуы қалыптасқан экономикалық қатынастарға, аймақтағы табиғи ресурстардың көлеміне, өнеркәсіп дамуының деңгейіне, климаттық жағдайына және т.б. байланысты. Сондықтан республиканың облыстарында табысты бизнес үшін тиімді жағдайлар әр түрлі қалыптасады. Мысалы, Ақтөбе облысында 2000 жылдың 1 қазанында шағын кәсіпкерліктің 22865 субъектісі тіркелген, Атырау облысында шағын бизнесте еңбек етушілердің саны 31219 адамды құраған, Алматы облысында шағын кәсіпкерліктің 38469 заңды-субъектілері тіркелгендігін айтады.
Өнеркәсіптің жекешелендірілуі, өтпелі экономиканың, құрылымдық қайта құрулардың проблемаларын фундаменталды зерттеген және қазіргі күнге дейін зерттеуін жалғастырып келе жатқан А.Е. Есентегулов Қазақстанда экономиканың институттық-құрылымдық қайта құрылуы [29] деген кітабында экономиканы реформалау процесіндегі жекешелендірудің өзектілігі мен қажеттілігін талдайды. Зерттеуші мемлекеттік меншікті жекешелендірудің, шетел инвестициясын тартудың, өтпелі кезеңдегі баға саясатының қиын сұрақтарына жауап беруге тырысады. Жекешелендіру процесінің алғашқы кезінде көкейтесті сұрақтардың бірі экономиканы құрылымдық қайта құру, қаржыландырудың көздері мәселесі болды. Нарықтық қайта құрулар Қазақстанда 1992 жылы басталды. Сонымен қатар автор 1992-1993 жылдарды шартты түрде алады, себебі меншік ауыспады, акционерлік кәсіпорындар мемлекеттің меншігінде болды. Бұл кезеңде кәсіпорындар шын мәнінде су тегін сатылды, кәсіпорынды сатып алу сомасы жалпы бағалау құнының 1992 жылы 48,5%-ін, 1993 жылы 72%-ін құрады. Қазақстан құрылымдық қайта құрулар кезінде еркін қаржы тапшылығын көрді. Сондықтан шетел капиталынсыз экономикалық дағдарыстан шығу мәселесін шешу қиын болды. Шетел инвестициясын тарту кезінде халық шаруашылығының қосымша ресурстармен қамтамасыз етілгенін, сондай-ақ қазақстандық экономиканың әлемдік экономика жүйесіне интеграциялану процесін күшейтуді ескеру керек. Бұл еңбекте шетел инвестицияларын тарту принциптері, оларды жүзеге асыру формалары көрсетілген.
Автор нарықтық экономика - қазақстанның таңдауы [30] атты тағы бір монографиясында Қазақстан экономикасының кеңес кезіндегі, әсіресе, қайта құру жылдарында шыққан дағдарысқа көңіл аударады. Сөйтіп, 1992 жылғы реформалардың маңызын көрсетеді. Автор жоспарлы экономикадан нарыққа өту проблемаларының өзіндік сипаттарын айтады, сөйтіп, дағдарыстан шығудың концепциясы мен ақша-несие теңдігінің қаржылық тұрақтылығының баламалық бағдарламасын ұсынады. Автор, сонымен бірге, экономикадағы дағдарыстың проблемаларын, реформа курсын, макроэкономикалық тұрақтану жолын, қаржы, салық, бюджет саясатын, ақша-несиелік жүйені, мемлекеттік меншікті жекешелендірудің жолдары мен салдарын талдайды. Әлемдік экономикада экономиканы тұрақтандырудың екі жолы белгілі: монетарлық (шоковая терапия) және құрылымдық (кейнсиандық). Экономист ғалымның пікірінше, республика экономиканы тұрақтандыру үшін монетарлық тәсілдің құрылымдық тәсіл элементтерімен сәйкестендірілген моделін таңдау керек. Қазақстан нарықтық қайта құруларды ірі кәсіпорындардың монополиясы билеп тұрған кезде, әлеуметтік, экологиялық проблемалар шыққан кезде бастады. Барлық қиындықтарға қарамастан, Қазақстан басқа елдердің жетістіктері мен кемшіліктерін, тәжірибелерін зерттей отырып, өнеркәсіпті реформалау процесіне кірісті.
К.А. Сагдиев, Б.У. Куанышбаев, Н.С. Сабильяновтың Қазақстан экономикасындағы сенімді басқару [31] атты ұжымдық еңбек шетел инвестицияларының теориялық және практикалық проблемаларын зерттейді, республиканың шетел фирмаларына сеніммен берілген ірі кәсіпорындарының қызметтерін талдайды. Сондай-ақ авторлар шетел еңбек ресурстарын шетел инвесторларының пайдалануын шектейтін заңдар қабылдау, салық жүйесін жетілдіруді ұсынады.
Сонымен бірге, бірқатар ғалымдардың мақалаларын атап етуімізге болады. М. Кенжеғұзин, В. Додонов Қазақстандағы экономикалық қайта құрулардың кезеңдері мен қорытындылары [32] деген мақалада Қазақстан экономикасын реформалаудың он жылдық қорытындысын шығарады, елімізде экономикалық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін атап көрсетеді, сондай-ақ макроэкономикалық сипаттағы негізгі проблемаларды қарастырады. Мақалада атап көрсетілген кезеңдердің әрқайсысында жүргізілген экономикалық саясаттың шешуші бағыттары, ерекшеліктері мен шараларын қарастырған. Еліміздің экономикасын реформалау кезеңіндегі экономикалық саясаттың жекелеген атқарымдық бағыттары, соның ішінде ақша-несие, салық-бюджет, сыртқы экономика, инвестиция саясаты, сондай-ақ баға мен монополияға қарсы саясат егжей-тегжейлі де терең ашып көрсетеді.
Экономиканың жекелеген салаларына арналған мақалалардың бірі өнеркәсіптің химия саласына арналған. Г.Б. Тортаева Химическая и нефтехимическая промышленность Казахстана на современом этапе [33] деген мақаласында Қазақстанда химия және мұнай-химия өнеркәсібінің даму ерекшеліктерін, оның ішінде фосфориттер мен фосфор тыңайтқыштарын игеру, түсті және қара металлургияның күкіртті газын утилизациялау, әртүрлі тұз қорларын шаруашылықта пайдалану бағыттарын ашып көрсеткен.
М.У. Адильбаеваның Состояние и переспективы развития цветной металлургии в Казахстане [34] атты мақаласында Қазақстанның қазіргі кездегі түсті металлургия саласындағы негізгі бағыттары, олардың түрлері кен өндіру аймақтары аталып өткен.
Өз мақаласын Қазақстандағы банк жүйесіне арнаған Р.А. Абдурахманова өзінің правовые аспекты реформирования банковской системы в РК в 90-е годы [35] атты мақаласында Қазақстанда тәуелсіздік алған жылдардан бастап банк жүйесіндегі өзгерістер мен жаңа жүйенің қалыптасуын талдап көрсеткен. Банк жүйесін реттеу арқылы Қазақстанның қаржы саласындағы біршама тұрақтылыққа жетудің маңыздылығын айқындаған. Бірінші деңгейлі банкпен қатар елімізде екінші деңгейлі банктердің қалыптасу тарихын сипаттаған.
Тәуелсіздікке дейінгі барлық мемлекеттік, ұжымдық ортақ болып келген өндіріс орындары мен тұрғын үйлер тәуелсіздік жылдарында жекешелендіріле бастаған болатын. С. Қалмырзаев [36], Б. Қыстаубаев [37], М. Төлепбергенов [38], К. Бискультанов [39], А. Гончаров [40], А. Есентугелов [41], Л. Музапарова [42-43] сынды бір топ ғалымдар тәуелсіздік жылдарында экономиканы көтеруге байланысты жүргізілген жекешелендіру саясатының қыр-сырын нақты дәлелдермен ашып көрсетеді.
Б.А. Абдуллаеваның Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары [44] кандидаттық диссертациясында Қазақстандағы шағын және орта бизнестің субъектілеріннің даму жолдарын зерттей отырып, бұл саладағы тәжирибенің шетелден алынғандығын анықтайды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрылымдық және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, экономика саласындағы, әсіресе шағын және орта бизнесті дамытудағы несиелік серіктестіктерге тоқтала келіп, осы саладағы проблемаларға талдау жасайды.
Тәуелсіз Қазақстан тұсындағы жаңа концептуалдық-ғылыми көзқараспен талдап, алғаш рет тарих ғылымына Қазақстанның негізгі экономикалық көзі болып табылатын ауылшаруашылығы мәселесі бойынша қазақстандық зерттеушілер арасында тарихшы ғалымдар да біраз жұмыстар тындырды. Олардың қатарында М.К. Қозыбаев [45], Б.А. Төлепбаев [46], Г.Ф. Дахшлейгер, К. Нұрпейіс [47] және т.б. бар.
Кеңес үкіметі кезеңіндегі жүргізілген ауылдағы реформалар өз күткен нәтижесін бермеді, аграрлық сектордағы әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлап, өндіріс көлемі қысқарып, ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі төмендеп, әлеуметтік жағдай жылдан-жылға шиеленісті. Осы тұрғыдан қарағанда, Кеңес үкіметінің Қазақстанда жүргізілген волюнтаристік саясаты халыққа жасалған қиянаты, дүниені өзгертудің зорлыққа негізделген концепциясының жарқын бір көрінісі іспетті. Сондықтан да тоталитарлық жүйе кезінде біржақты, кейде субъективті және коммунистік идеология рухында зерттелген аграрлық мәселелерді қазіргі заманның талабына сай, өткен тарихқа сын көзбен қарап, оларды жаңаша зерделеп, сараптау міндеті туындайды. Бүгінде Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет жағдайына қол жеткізгенде тарихымыздағы осы олқылықтың орнын толтыруға жағдай жасалуда. Осыған байланысты, қазақстан тарихымен белсенді айналысып жүрген тарихшы ғалым Т. Омарбековтың мына пікірін айтпай кетуге болмайды: шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін бұйрықшыл әміршіл-әкімшіл социализм бюрократтық жүйе жағдайында біздің өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы ақтаңдақтарға деген халқымыздың қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады [48].
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын, кеңес өкіметінің ауыл шаруашылығын басқаруда жүргізген саясатын арнайы зерттеп ортаға салған еңбектердің бірі зерттеуші С.А. Байтіленнің Кеңес мемлекетінің Қазақстандағы аграрлық саясаты, ауыл шаруашылығындағы экстенсивті бағдар және дағдарыс (1965-1990 жылдар) [49] деген тақырыпта жазылған докторлық диссертациясында кеңес қоғамының аграрлық салада ғана емес, қоғамның барлық саласында дағдарыстық құбылыстар орын алғандығын атап көрсетеді.
Кеңес үкіметі тұсындағы ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалар, өндірісті ұйымдастыру мен ұйымдық шаруашылық мәселелері, соның ішінде колхоз құрылысының тарихы жөніндегі мәселелерге объективті баға берген зерттеушілер назардан тыс қалған жоқ. Осы тақырыптарға ғылыми түрде үлкен үлес қосып жүрген тарихшы ғалымдар: Т. Медеуов [50], О.Х. Мұхатованы [51] атауға болады.
Соңғы жылдары осы тақырыпта Қазақстанның бірқатар экономист ғалымдарының, оның ішінде Т. Баймұқанов, А. Шарақымбаев, Қ. Байдильдин, З. Байтеков [52], А. Қошанов [53] еңбектерінде агробизнесті қалыптастырумен қатар, аграрлық сектордың экономикасын дамыту мәселелері зерттелген.
Ауыл шаруашылығы саласындағы жекешелендіру процесі және оның нәтижелерін көрсету барысында экономистер М.Т. Оспанов, Р.Р. Аутов, Х.Е. Ертазин [54] және М.К. Сүлейменов [55] еңбектерін атап өтпеске болмас. Кең көлемдегі материалдар арқылы мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарын реформалау және нарықтық мәндегі жаңа шаруашылық құрылымдарын құру жолдары, олардың қызметін мемлекеттік реттеу көрсетіліп, аграрлық азық-түлік нарығы, агробизнестің маркетингтік сфера мәселелері талданған.
Осы салада профессор М.Ж. Ташеневтің Форсированное индустриально-инновационное развитие РК и отход экономики от сырьевой зависимости [56] атты мақаласын атап өтуді жөн көрдік. Автор мақаласында әміршіл-әкімшіл жүйенің кезіндегі жоспарлы экономиканың дағдарысына тоқтала келіп, Қазақстан экономикасын тек шикізатқа тәуелді емес, экономиканың барлық саласында дайын шикізатты өңдеуші кәсіпорындарды көптеп салудың қажеттігін айта келіп, бұл бір жағынан елдегі жұмыссыздық деңгейін қысқартатындығын, еліміз экономикасын шикізатқа тәуелділіктен айыру мәселесіне көбірек назар аударады.
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы жүргізілген аграрлық реформалардың әсері және ауыл шаруашылығының потенциялды даму мүмкіндіктеріне арналған С.И. Айкөзовтың Қазақстан Республикасында қалыптасқан тарихи шаруашылыққа аграрлық реформаның әсері [57], Қазақстан республикасының ауыл шаруашылығының нақты және потенциялды даму мүмкіндіктері [58] атты мақалаларында атап өту керек. Мақалаларда аграрлық салада жүргізілген реформалардың Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайына әсері және ауыл шаруашылығының даму мүмкіндіктеріне тоқталады.
Еліміз экономикасының тағы бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын мәселе экономика саласындағы халықаралық ынтымақтастық яғни, алыс және жақын щетелдермен экономикалық байланыстары болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастарға байланысты біршама өзекті мәселелерді С.С. Сахариев, А.С. Сахариева [59], К.А. Семенов [60], А.С. Ержанов [61], Е.Ф. Жуков [62], Н.Қ. Мамыров [63], М. Байгісиев [64] сынды экономист ғалымдардың еңбектерінде экономика ғылымының жалпы негізгі теориялары мен аспектілері нақты көрсетілген. Сондай-ақ еңбектерден Қазақстанның өзге шет мемлекеттермен жасалған экономикалық байланыстары және олардың мемлекетіміздің әлемдік аренада өзіндік із қалдыруға деген үлкен мүмкіндіктерді алуымызға болады.
Қазақстан мемлекетінің әлемнің барлық елдерімен жүргізіп отырған халықаралық байланыстарын, ынтымақтастығын, қарым-қатынастарын жан-жақты зерделеп, саралап зерттеген ғалым Т.А. Тұрсынбаевтың [65] еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Қазақстанның жекелеген елдермен, олардың одақтарымен, барлық деңгейдегі түрлі халықаралық ұйымдармен арадағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстарының қалыптасуы мен даму проблемаларына У. Қасеновтың 1997 жылдың жазында Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мақалалардан тұратын үлкен монографиясы жарияланған [66], сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың [67] Қазақстан Республикасының сыртқы Ресей Феерациясындағы елшісі Т. Мансұровтың [68], сондай-ақ республиканың бірқатар ғалымдарының зерттеулері арналған. Олардың ішінде тарихшылар, эконогмистер, саясатшылар және әлеуметтанушылар, Қорғаныс Министрлігінің өкілдері, дипломаттар және басқа да мамандар бар.
Қазіргі кезеңде шетелдермен экономикалық ынтымақтасуды ұйымдастыру проблемалары Е. Арыновтың, Р. Жоламановтың, А. Елеусізовтың мақаласында талқыланған [69].
Қазақстан-Қытай ынтымақтасуының сауда-экономикалық және т.б. мәселелері осы қатынастың өткені мен бүгіні К.Сыроежкиннің [70], Қ.Сұлтановтың және В.Кривоногов пен З.Джалиловтың [71], М.Төлеевтің [72], А. Қадірбаевтың [73], М. Потаповтың [74]жекелеген еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстанның Ресеймен саяси, әлеуметтік-экономикалық қатынастарына арналған ғылыми зерттеулер жазған Т.А. Мансұров [75], Р.М. Тұрарбекова [76], Б. Сомжүректің [77] диссертациялық жұмыстарын атауға болады.
Қазақстан мен қытай арасындағы қарым-қатынас қытайтанушы, ғалым К.Ш. Хафизованың [78] ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, яғни кеңес Одағы ыдырап, Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстарға арналған. Сонымен қатар,Қазақстанның Шыңжаң өлкесімен м саяси, әскери, қаупсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығына талдау жасалынған.
Сонымен қатар, М.Б. Мұхамедовтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатында негізгі басым бағыттардың қалыптасуы [79] тақырыбындағы докторлық диссертациясында да Қазақстан Республикасының шетелмен байланысында экономика саласы да басым бағаттардың бірі екендігін көрсетеді.
Зерттеу жұмысының хронологиялық және территориялық шеңбері. Диссертация жұмысы тікелей Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған күнінен бастап 2010 жылға дейінгі экономикалық тарихына байланысты болғандықтан, территориялық шеңбері жалпы Қазақстан территориясын қамтыса, хронологиялық шеңбері 1991 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі аралықты қамтиды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасындағы экономикалық жүйе мен нарықтық қатынастардың қалыптасуы және даму тарихы болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. Диссертацияда экономикалық жүйені мемлекеттік дамудың басты бағыты ретінде қарастыра отырып, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық іргерлеуі жұмыс барысында жан-жақтылы талданып, ашып көрсетіледі.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Зерттеу жұмысын жазу барысында теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруда тарих, экономика, халықаралық қатыастар, саясаттану ғылымдары саласындағы жетекші ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық экономикалық саясаты, оның принциптері мен теориясы, тарих туралы жазған еңбектері қолданыс тапты. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды диалектикалық материалистік тұрғыдан қарастыруда тарихи қағидалар мен объективті көзқарастар пайдаланылды. Іргелі еңбектер мен зерттулерді, деректерді ғылыми тұрғыда сараптауда нақты - тарихи-салыстырмалы, сыннан өткізу, талдау, жинақтау және қорыту әдістері қолданылды. Мұның өзі алынған ақпараттардың толықтығы мен шынайылық деңгейін анықтауға көмектеседі.
Зерттеудің методологиялық негізін объективтілік, тарихилық, жүйелілік сынды ғылыми танымның маңызды принциптері құрайды. Зерттеу жұмысын жүргізуде қазіргі кезде халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясатта қолданылып жүрген Мемлекеттердің экономикалыө сыртқы саясаттағы ұлттық және мемлекеттік мүдделері принципі теориялық-методологиялық негізге алынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысын жазу барысында соңғы жылдары жарық көрген, жаңаша көзқараста жазылған ғылыми әдебиеттер кеңінен пайдаланылып, өзіндік қорытынды жасалуының өзі ғылыми жаңалық болып табылады. Атап айтқанда, жұмысты жазу барысында біріншіден, Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарға өтуі қарастырылды. Онда жоспарлы экономиканың дағдарысы, оны шешу жолдары, жекешелендіру барысы мен жүргізілген реформаларға жан-жақтылы талдау жасалынды. Екіншіден, Отандық кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тоқталдық. Еліміздегі шағын және орта бизнестің қалыптасуы, оны іске асырудағы мемлекеттік қолдау, ұлттық қаржы жүйесінің қалыптасуы, агробизнестің қалыптасуы сияқты мәселелер сарапталынып, өзіндік баға берілді. Үшіншіден, Қазақстан Республикасының шетелдермен экономикалық байланысы қарастырылды. Яғни, Қазақстанның посткеңестік елдермен және шетелдермен экономикалық байланысына тарихи шолу жасалынды.
Зерттеу жұмысының ғылыми және теориялық-қолданбалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысындағы негізгі тұжырымдар мен ғылыми ой-пікірлер еліміздің экономикалық әл-ауқатын арттыруда, қоғамның негізгі белгілері мен даму жаңдайларына байланысты жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысында ұсынылған библиографиялық көрсеткіштерді ғылыми-зерттеу мақалалары мен еңбектерін жазуда, Қазақстан Республикасының экономикалық даму тарихына байланысты библиографиялық көрсеткіштер әзірлеуде пайдалануға болады. Сонымен бірге, зерттеу жұмысының материалдарын жас жеткіншектер арасында, отаншылдық рухта өткізілетін сұхбаттарда, диспуттарда қолданудың маңызы зор.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Магистрлік диссертация кіріспеден, үш тараудан, әр тараулар екі немесе үш тараушадан, қортынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Қазақстан Республикасының экономикасының нарықтық
қатынастарға өтуі

1.1.Жоспарлы экономиканың дағдарысы мен оны шешу жолдары

Әміршіл-әкімшіл жүйенің үстемдік етіп тұрған шағында, барлық мәселелер сонымен қатар экономиканың дамуы да орталықтанбасқарылды, ал Қазақстан оның шикзат көзі болды. Шындығында, менделиев таблицасындағы барлық элементтер бар республика, өндіретін өндіріс орындарының болмауының салдарынан дайын өнім бере алмады. ҚР бірінші президенті Н.А. Назарбаев Кеңес Одағы тұсында Қазақ ССР-нің министрлер Кеңесінің председателі болмай тұрып, өзінің сөздері мен баспасөз беттерінде жариялаған мақалаларында республиканың шикзаттық тәуелділіктен шығып, минералды шикзатты өндірумен қатар, оны өңдеуден өткізіп дайын өнімдер Қазақстанда алу мәселесін айтқан болатын. Бірақ, ол бұл пікір орталықта (кримлде) қолдау тапқан болатын, олар республиканың Кеңес үкіметінің басқа аймақтарына тәуелділігін бұзғысы келмеді. Онымен қоймай Кеңес үкіметінің экономикасы әр аймақ өз мәселелерін өз бетінше шеше алмайтындай етіп құрылған болатын. Бұл жағдайлардың барлығы Қазақстан экономикасына кері әсер етті, шкзатты сыртқа бір бағамен жіберсе, сырттан келген дайын өнімді екі есе қымбат бағаға сатып алып отырды. Бұл кейінгі жылдары да өзгермеді.
Еліміз 1991 жылы өз тәуелсіздігін алған кезеңнен бастап экономикалық жағдайды реттеуге баса назар аударған болатын. Экономикалық даму нарықтық қатынастарға өткен кезде ғана жоғары нәтиже бередідеген ниетпен мемлекеттің экономикалық жүйесін толығымен нарықтық жүйеге бағыттады. Қоғамдық қатынастардың өзгеруімен және нарықтық экономикаға көшумен байланысты халықтың тұрмыс жағдайы төмендеп кетті. Еліміздің экономикасының құлдырауымен байланысты еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақы бұл жылдары тиісінше дәрежеде өспей, тауарларды ырықтандыру деңгейінен ондаған есе артта қалып қойды. Халықты жұмыспен қамту проблемасы күрделенді. 1991 жылдан бастап республикада жұмыссыздық басталды. Әсіресе, ауылдық жерлерде кеңшаралардың таралуына байланысты жұмыссыздық көбейді.Жастар жұмыс іздеп қалаға шұбырды. Қалаға келгенде де олар қарық болған жоқ. Не баспана, не дайын жұмыс пен табыс жоқ, сенделіп жүріп, азын-аулақ саудамен, рэкетпен ұрлық-қарлықпен шұғылданып, мыңдаған қазақ жастары қылмыскерлер қатарын толықтырды.
Негізінен алғанда Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-ші бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді [2, 162 б.].
1990 жылы наурыз айында Рычков үкіметі қалыпты нарыққа экономикаға көшу туралы шешім қабылдағандықтан, елде нарықтық қатынасқа қалай өту жәйлі мәселе бірінші кезекте тұрды. Осыған орай Б. Ельцин мен Е. Гайдардың нарықтық қатынасқа өту жәйлі айтқан ойларын кіналау тоқтау керек еді. Бұндай кіналаулар Ресейдә ғана емес егемендігі мен тәуелсіздігін алған Қазақстанда да айтылды [24, 50 б].
Рыжковтың нарықтық қатынасқа өту жайлы шешімі оңайға соққан жоқ. Кеңес үкіметі мен кеңестік элитаға кезінде ешкім естігісі келмеген нарықтық деген сөзді есту, оған өту өте қиынға соқты және оны мойындағылары да келмеді.
Шындығында, Кеңес үкіметі 1986 жылы күрт құлдырап бара жатқан экономикасы мен өндірістің өсуінің нашарлауын тоқтату үшін бірнеше шешімдерді бірінен соң бірін қабылдай бастады. Солай, 1986 жылы КСРО-ның XXVII съезінде машина жасау мен ғылыми техниканы дамыту жайлы қаулы шығарды. Осыған елдің экономикасының капиталының көп бөлігі жіберілді, бірақ 1989 жылы бұл жоспар іске аспады. Экономиканың өсу деңгейі төмендей берді [24, 50 б.].
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы ондірістің тимділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны байқалады. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейілінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін талап етті [3, 47 б.]
Кеңес үкіметінің нарықтық қатынасқа көшуінен басқа амалы қалмады. Сол тұста қабылданған бірнеше программалар жайлы айтқан кезде Е. Гайдар олардың ешбірінің шаруашылықтың дамуына еш әсер ете алмағандығынбюрократиялық экономиканы құлату көзделмегендігін айтады.
Солардың ішінде осындай екі программаны айтуға болады. 1990 жылы Рыжков-Абалкиннің үкіметінің родикалды деп ұсынылған программасы ешқандай радикалдылығы байқалмаса да ұсынылды.
Шындығында, өндіріс объектерін мемлекеттік бақылау болғаны біртіндеп бақылаудан босату, қалыптасқан құрылымды сақтау және экономиканы басқару мен тоқтатылған шаруашылық қатынасты қалпына келтіруге бағытталды. Бұл жоба КСРО-ні жаңарған федеративті мемлекет ретінде қарастырды. Осы жобамен қатар тағы бір топтың бастауымен жасалған жоба дайындалды. Оны влинскии, академик С. Шаталин мен Н. Петроков, Б. Федоров, Е. Ясин, В. Машицалардың дайындаған 500 күн атты жобасы еді. Бұл жобаның негізгі мағынасы әр күнді есептеп отырып бағаны либерализациялап, өсірмеу және КСРО-ның саяси одағының орнына экономикалық одақты бір федеративті мемлекет ретінде құру еді [24, 52 б.].
Рыжков-Абалкин мен 500 күн жобасы КСРО-ның жоғарғы кеңесінде қабылданбады. Себебі жоғарғы кеңес мүшелері үшін біріншісі өте консервативті, екіншісі өте радикалды болып көрінді. Горбачев бұл екі программаны біріктіруді шешті. Артынша жоғарғы кеңестің үшінші сессиясында КСРО президенті Горбачевтің ұсынысымен Халық шаруашылығын тұрақтандыру бағыттары мен нарықтық экономикаға өту жайлы құжаты қарастырылды [24, 54 б.].
1990 жылдың екінші жартысында Қазақ КСР үкіметі Қазақ КСР-нің экономикасын тұрақтандыру мен нарықтық қатынасқа өту жайлы жобаны дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына түрлі экономикалық институттардың ғалымдары мен үкіметтегі мамандар енді. Бұл программаның негізіне Рыжков-Абалкин мен 500 күн жобалары енгені белгілі [24, 57 б.]
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады. Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары - акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну, сауда саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы көлеңкелі экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәспорындар мен ұжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар азайды [59, 19 б.].
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Ұлттық экономиканы жоспарлаудағы қазіргі көзқарастар мен басым бағыттары
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Негізгі экономикалық мәселелер
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту
Қазақстан Республикасында шағын бизнестiң дамуы мен мәселелерi
Бәсеке
Пәндер