Валюталық саясат



ЖОСПАР

Кіріспе

Валюта теориясының мәні
Валюта түсінігі және оның мәні
Валюта қатынастары және валюта жүйесі
Қазіргі кездегі валюта нарығы

Валюталық реттеу және валюталық реттеу органдарының қызметтері

Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
Валюталық операцияларды лицензиялау Валюталық операцияларды тіркеу
Валюталық мониторинг және валюталық мониторингтің негізгі міндеттері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда валюта органдарының қызметтері, яғни валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық – валюталық реттеу маңызды рөл атқарады.
Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта — теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақ-стан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалысты жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол жеткізгендіктің айғағы.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валютаық операциялар — бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу - әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен бас-қа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Пайдаланылған әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының Заңы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», Заң – N 7- 2005
2. Мақыш С.Б. «Валюталық операциялар және валюталық мәмілелер», Хабаршы – N 1-2004, 19 б.
3. Найманбаева С. «Валюталық құқықтың жүйесі», Заң және заман,
N 9- 2005
4. Худяков А.И. Основы теории финансового права. -Алматы, Жеті Жаргы, 1995. -С.224-225.
5. Дирофеев Б.Ю., Земцов Н.Н., Пушин В.А. Валютное право. -М, НОРМА-ИНФРА, 2001. -С.15.
6. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (особенная часть) Алматы, НОРМА-К, 2002. -С.24.; Худяков А.И. Налоговое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, НОРМА-К, 2003. -С.222.
7. Худяков А.И. Финансовое право Республики Казахстан (общая часть). -Алматы, Қаржы-қаражат, 1995. -С.ПО-152; с.168-177; с.98.
8. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша. Несие. Банктер», Алматы – 2001
9. Қазақстан Республикасы Парламен Жаршысы, 7-2004

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

Валюта теориясының мәні
Валюта түсінігі және оның мәні
Валюта қатынастары және валюта жүйесі
Қазіргі кездегі валюта нарығы

Валюталық реттеу және валюталық реттеу органдарының қызметтері

Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттері
Валюталық операцияларды лицензиялау
Валюталық операцияларды тіркеу
Валюталық мониторинг және валюталық мониторингтің негізгі міндеттері

Қорытынды

Кіріспе
Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарын
дамытуда валюта органдарының қызметтері, яғни валюта қорларын қалыптастыру
және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды қаржылық –
валюталық реттеу маңызды рөл атқарады.
Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта
— теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақ-стан
Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де
орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалысты жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Мемлекеттің, мемлекеттік емес сектордың валюта ресурстары валюталық
операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валютаық
операциялар — бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық
құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен
шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты
мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден
әкелу - әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен
(немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем
құралдарына меншік құқығы мен бас-қа құқықтардың ауысуына байланысты
резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары
және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін
жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы
валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық
бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды
орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан
резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртәппен
осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық
бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына,
құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді;
тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге;
валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.

Валюта теориясының мәні
Валюта түсінігі және оның мәні

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз, құн) – елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек бөлінісін
интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды.
Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың өнімін
сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру –
міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының кеңеюіне әсер
етеді. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау, ауыл
шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды. Халықаралық экономикалық
қатынастарда өндіріс пен капиталды интернационалдандыру ішкі сауда
айналымындағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді жоюды, яғни
ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта
кедергісіз қозғалысты жүруіне транскорпорациялардың қызығушылығы күшті
болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі,
сондай-ақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық
тауар айналымының ұлғаюы – ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің елдердің
экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік
айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етеді. Әлемдегі
елдердің шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және
несие легі жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс
процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады
және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып - оның ұлттық
ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге
міндетті деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық
одаққа кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел
валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп
айырысу және несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.

Валюта қатынастары және валюта жүйесі

Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египтте,
Римде) вексель және айырбастау істері пайда болған. Валюта қатынастарының
туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз кезегінде,
өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше да әсер (жағымды немесе
жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен
реттеледі. Сыртқы экономикалық байланыстардың
дамуына қарай валюта жүйесі пайда болды. Валюта жүйесі – ол экономикалық
көзқарас тұрғысынан – шаруашылық байланыстарды интернационалдандыру
негізінде тарихи қалыптасқан валюта-экономикалық қатынастар жиынтығы; ал
ұйымдық-заңдылық тұрғысынан – ол белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация
шегінде мемлекеттік-құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық
қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік және мемлекетаралық немесе аймақтық
валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас бір
бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайданалатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта – елдің ақша
бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
элементтері төменгілер: - ұлттық валюта;
-
- ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жрғысында еркін қолданылатын валюта деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, немістің маркасы, жапон иені, франсуздық франк,
ағылшындық фунт стерлинг; ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта,
мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
- валюталық паритеттің бірдейлік ережесі – валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы
алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991
жылдан). ХВҚ ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР – арнаулы ақша
өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес,
анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта
қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше
валюталардың белгілі бір бөліктерінің сомасын, сол валюталардың нарықтық
бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның
орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда
көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы
американдық доллардың үлесі шамамен 39%, неміс маркасы -21, жапон иені –
18, франсуздық франк және фунт стерлингтің әрқайсысының үлесі 11%-тен
болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (ЭКЮ) он екі елдің
валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1
қаңтарынан ұжымдық валюта – еуромен біртіндеп алмастырылмақшы;
- валюта бағамының тәртібі
(белгіленген, белгілі бір аралықта өзгермелі). Мысалы, Еуропа валюта
жүйесіндегі орталық бағамында он екі валюта бағамының өзара ауытқу шегі ±
15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1
долларына шаққанда 4300-4900 руб. аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб.
болды. 1998 ж. валюта коридорының жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді.
Валюта-қаржы дағдарысы кезінде, 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға
шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін
көтерілді. Көптеген елдерде валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен
бекітілмеген;
- валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу
енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер берте-бірте
валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылғы Ресей ХВҚ жарғысының VIII
бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық
шектеулерді жойды. - төрт қосындыдан тұратын
(елдің ресми алтын және валюта резервтері, СДР есепшоттары, еуро (1999
жылдан ЭКЮ-дың орнына, ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы
қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің) халықаралық валюта
өтімділігін реттеу; - халықаралық несиелік айналым
құралдары мен халықаралық есеп айырысу формаларын қолдану тәртібін
белгілеу; - валюта нарығы мен алтын нарығы
ережесі; -валюта қатынастарын реттейтін
ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы
органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Рессейде – валюталық және
экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты
әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық
валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері
мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітілді.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта
қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие-қаржы
институттарымен халықаралық-шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін
біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті – халықаралық сауда-
саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекетінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда
дербес рөл атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың
көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі
елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің
әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. Дүиежүзілік валюта жүйесі деген
ұғымға кіретін ішкі және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты,
себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Валютаның курсы – оларға сұраным мен ұсынымның арақатынасымен
анықталады. Сұраным мен ұсынымның әсерімен валюталық курстың құбылуы күшті
валютаға да, сонымен бірге әлсіз валютаға да тән болады. Валюта курсын қою
1 - схемада көрсетілген (Р- шетел валютасының бағасы,
А – шетел валютасының саны
Шетел валютасына сұраным мөлшері мына фактордан тәуелді болады:
a) елдің импортта тауар мен қызметке қажеттіліктерінен;
b) туристер шығынан;
c) елдің міндетті түрде орындайтын әртүрлі төлемдерінен және тағы
басқаларынан.
Валютаны ұсыным мөлшері елдің экспорт көлемімен, мемлекет алатын
заемдермен және тағы басқаларымен анықталады. Жалпы, сұраным мен ұсынымға
байланысты валюта курсының қалыптасуы, өздігінен валюталық ара қатынасқа
әсер ететін нақты процестер туралы ештеңе айта алмайды, валюта курсына,
тікелей және жанама түрде елдің ішкі және сыртқы экономикалық
қатынастарының барлық жиынтығы әсер етеді.
Валюта курсының динамикасына әсер етеін факторлардың ішінен мынаны
айтуға болады:
▪ ұлттық табыс және өндіріс шығындарының деңгейі;
▪ ақшаның нақты сатып алу қабілеті және елдегі инфляция деңгейі;
▪ валютаның сұраным мен ұсынымына әсер етеін төлем балансының
жағдайы;
▪ елдің пайыз нарқының деңгейі;
▪ дүниежүзілік нарықта валютаға сенім және т.б.
Қолдану саласы мен тәртібіне қарай валюталар:
а) еркін толық айналымды (конверсияланатын), яғни кез келген шетел
валютасына белгілі бір эквивалент (балама) бойынша шектеусіз
айырбасталатын, ішінара айналымды, яғни, барлық валюталық операциялар
бойынша айналымды бола алмайтын; басқа шетел валютасына айырбастала
алмайтын болып бөлінеді.
Сонымен қатар, валютаның қаржылық және тауарлық конверсиялануы
болады. Қаржылық - бұл шет мемелекеттің валюталарында конверсиялануы.
Тауарлық - кез келген тауарда сатып алу қабілеті.
Конверсиялануына қарай валюталарды сыртқы және ішкі валюта деп
айырады.
Валютаның сыртқы конверсиялануы деп бұл ұлттық валютаны ел ішінде
де, одан тыс жерде де шетел азаматтарының пайдалануына шектеудің болмауы.
Бұндай жағдайда, ішкі нарықтық механизм ұлттық валютаның кез келген
валютаға, тауар массасына, әр түрлі бағалы қағаздарға (мемлекеттік,
жекеменшік) конверсиялануына кепілдік береді.
Сыртқы экономикалық қатынастарда мемлекеттің, ұлттық, валютаны
(теңгені) резиденттерімен (жеке және заңды тұлғалар) пайдалануды шектеуден
бас тартушы валютаның ішкі конверсиялануына жағдай жасайды.
Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әдетте, конверсиялану
түрлерінің әр түрлі үйлесуі орындалады. Қазіргі таңда ұлттық валютамыз -
теңгенің конверсиялануы экономикалық реформаның міндеттерін шешудің
өзіндік ерекшелігі бар кілті болып табылады. Енді, шетел валюта курсының
биржалық котировкасын қаралық.
Валютаның айырбас курстары әрдайым өзгеріп отырады, оның өзі
валютаның сұраным мен ұсыным жағдайларына сезімталдығын көрсетеді.
Мысалы, 1994 жылы 19 мамырда Қазақстан Валюта делдалханадағы кезекті сауда
– саттықта шетел валютасының курстары төмендегідей болып белгіленеді (1 –
кестеде көрсетілген).
Қазақстанда өндірістің құлдырауы, өсіп бара жатқан бюджет тапшылығы
және инфрақұрылымның өсуі жағдайында теңгені конверсияландырудың қажетті
шарттары мыналар болуы мүмкін:
a) импортты алмастыратын өндірісті дамыту мақсатында, оның
технологиялық профилін өзгерту, қайта құру;
b) мемлекеттің төлем балансын жақсарту;
c) инфляция қарқынын бәсеңдету.
Осы көрсетілген факторларды ескермей, қандай да болмасын қатаң
ақша – несие саясатын жүргізу арқылы конверсиялануға жету мүмкін емес.
Қазіргі таңда валютамен қамтамасыз ету, оны қажетті деңгейде ұстап отыру,
басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстан валютасын қорлау туралы халықаралық валютамен,
бүкілдүниежүзілік Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ
әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол
қойылды, жеткізілді. Дегенмен, ұлттық валютаның тұрақтылығын, оның
халықаралық деңгейде сатып алу қабілетін орнықтыру, біздің ішкі
потенциялымызды пайдалануымыздан, экономикалық реформаларды Қазақстаннның
ерекшелігін ескере отырып, байыпты түрде жүзеге асырудан тәуелді болмақ.
Валютаны тұрақтандырудың нулликафикация, девольвация және
револьвация сияқты әдістері бар.
Ақшаны нулликафикация – мемлекеттің аса ауыр инфляция жағдайында,
құны түскен қағаз ақшаларды жарамсыз деп жариялауы.
Девольвация – ұлттық валюта курсын шетел курсына немесе халықаралық
есептік ақша бірліктеріне қатысты ресми түрде төмендету.
Револьвация – бұл, егер инфляция деңгейі басқа елдерге қарағанда
жай қарқынмен өсетін, төлем балансы белсенді, ал несие берушілермен
импорттардың мүддесі қарыздар мен экспорттардың мүддесіне басым түскен
жағдайда жүзеге асырылатын ұлттық валюта курсын шетел валюталарына қатысты
түрде көтеру.
Екі валютаның айырбас кезіндегі құндық арасалмағы, бір елдің ақша
өлшеміне шаққандағы бағасы, валюталарды айырбастау баламасы, кейбір
бухгалтерлік есеп айырысуларда шетелдік екі валютаның теңгемен
салыстырғандағы баламдарымен (курстармен) белгіленетін осы валютаның ара
салмағы кросс – курс дейтінді қолдану керек. Мысалы, АҚШ доллары 1,7 дм –
ге пара - пар болады. Ол ұлттық эмиссиялық банк немес қандай да болсын
құзырлы мемлекеттік валюталық орган белгілеген ресми курс болуы және
банктер арасындағы операцияларда, валюта рыноктарында сұраным мен
ұсынымның өзгеруіне орай өзінің құндық негізінен ауытқып отырады. Төлем
балансының жай – күйін айқындаушы болып табылады. Сайып келгенде, нарық
тетігі туындаған үйлесімдіктерді икемдеу бағытында әрекет еткенімен, олар
халықаралық экономикалық айырбастың серпініне, бағамы мен құрылымына,
әсіресе қаржы биржасы байланысы саласында елеулі әсер етеді, сөйтіп ең
алдымен жекелеген салалар мен өндірістің дамуына, экономикалық өсу
қарқынына ықпал жасайды. Шетелдік ақшаға сұраным мен ұсыныстың айқындалатын
және еркін көтерілуі немесе төмендеуі мүмкін валюта курсы икемді,
құбылмалы валюта курсы деп атайды. Валюталық нарық практикасында еркін
құбылмалы валюта курсы жүйесінде неғұрлым жоғары бағам – сатушы бағамы мен
неғұрлым төмен бағам сатып – алушы бағамы болады.
Екі валюта бағамы арасындағы айырма – кәсіпкерлер валюталық
операцияларды жүзеге асыратын банктердің табысын құрайды.
Ұлттық валюталар (түрлі елдердің ақша өлшемдері) арасындағы (заңдық
тәртіппен айқындалған валюталық тепе – теңдік негізінде ресми белгіленген
ара салмақ тіркелген валюталық курс болып келеді). Оның қолданылуы, әдетте,
халықаралық валюта қорының (ХВҚ) және басқа халықаралық институттың
қызметімен байланысты, олардың шеңберінде мүше елдердің валюталық тепе –
теңдікті, қолма қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланылатын арнаулы өзара
қарыз құқықтары негізінде келісу көзделеді. Валютасы айырбасталатын
елдердегі инфляцияның деңгейі немесе ескерілмейтін айырбасталатын валютаның
ағымдағы бағасына, шағын есептелген валюталық бағам атаулы – валюталық
бағам деп аталды, ал валютасы айырбасталатын елдерде базарлық жылмен
салыстырғанда бағаның деңгейіндегі өзгерістер ескерілетін валюталық бағам –
нақты валюталық бағам деп аталады.
Сөйтіп, валюталық курс экспортпен импорттың ауқымына ықпал жасайды.
Олар, өз кезегінде қаражат құралдары арқылы экспорт пен импортқа салынатын
салықтар, кеден жарналары алынған, бөлінетін қаражат ресурстарының
көлеміне мемлекеттің және сондай – ақ экспорттық немесе импорттық
тауарлардың және қызметті жағдайында ықпал жасайды. Ұлттық банк өзінің
ақша бірлігін қолдау үшін, валюта резервтерінен айырыла немесе
халықаралық қаражат ұйымдарынан көмек сұрай отырып, валюталық интервенция
жүргізуге мәжбүр болды. Валюталық курстар өзгерісінің экспорт пен импорттың
ауқымына ықпалы 2 – кестеде көрсетілген.

Қазіргі кездегі валюта нарығы

Жалпы валюта нарығы 2 түрге бөлінеді: Ұлттық және дүниежүзілік
валюта жүйесі. Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – елдің ұлттық заңдары
бойынша айқындалатын валюта қатынастарын ұйымдастыру формасы болып
табылады.
Дүниежүзілік валюта жүйесі – бұл дүниежүзілік шаруашылық
байланыстардан туындаған мемлекетаралық келісімдері мен заң жүзінде баянды
етілетін халықаралық валюта ұйымдастыру формасы болып келеді.
Валюталық нарықта сыртқы сауда, туризм, қызметтер жеке адамдардың
ақша аударуы, капиталдардың жұмыс күшінің миграциясы (бір елден бір елге
ауысуы) және т.б. кең ауқымды операциялар жүзеге асырылады.Валюталық
нарықта, валюталық курстардың айырмасы есебінен пайда табу мақсатымен
қаржыларын бір валютадан басқа валютаға аударып отыратын трансұлттық
компаниялар маңызды рөл атқарады.
Ұлттық валютаны енгізудегі ең басты нәрсе - қалыптасқан жағдайда
оны өндірудің барынша дұрыс механизмін табу және қажетті ақша мөлшерін
анықтау.
Қазақстан валютасын қорлау туралы халықаралық валюта қорымен,
бүкіл дүниежүзілік Еуропалық Азия даму банктерімен, сондай – ақ әлемнің
бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол қойылды.
Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркениетті
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестициясы экономиканы
дамыту. Инвестиция жөніндегі мемлекеттің дерегі бойынша 1996 жылы елімізге
шетелдерде 1904,5 млн. доллар беріледі. Оның 235,194 млн. займ, 252
несиеге, 1417,3 млн. доллары тура инвестиция ретінде берілген.
1997 жылы негізгі капиталдағы құрылысқа біріккен кәсіпорындағы
31,2 % компаниялар мен фирмаларға, 14,7 % түрлі өндіріс орындары берілген.
Алғашқы жылдары 1992 – 1993 жылдардағы несиелер үкіметтің кепілдік
беруімен келген болса, онда оның орнын халықаралық қаржы ұйымдарының заемы
ауыстырады. Сонда құнды қағаздар нарығы, несие (кредит) инвестиция үшін
қажет деген сұрақ туындайды.
Құрылымдық реформа қаржылы еңбекпен ауқымды қаржы – қаражат,
әсіресе шетелдік валюта мен білікті мамандарды қажет етеді. Шетелдік
валюталарды алу және олардың түсімін арттыру сол баяғы шикізат экпортын
өсіру арқылы ғана мүмкін болады.
Негізгі валюталарға қатынастылығы жағынан алғанда доллардың
рыноктағы айналысының ауытқулары, дүниежүзілік шаруашылық валюта
механизміне нұқсан келтіреді, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық қатынастарды реттеу
Валюталық нарықтар
Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
Валюталық нарық және валюта жүйесі
Валюта бағамымен валюта нарығының түсінігі
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Валюта бағамы: негізгі түсініктер
Халықаралық валюталық қатынастар, валюталық жүйе
Ақша рыногының теориялық негіздері
Пәндер