Аграрлық құқық



Жоспар.

I.Кіріспе.

II.Негізгі бөлім.
1. Аграрлық құқықтың түсінігі және оның пәні
2. Аграрлық қатынастарды құқтық реттеу әдістері
3. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерін саралау
5.Қазақстан Республикасының Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі ретінде

III.Қорытынды.
Кіріспе.
Аграрлық құқық пәні - басқа құқық салалары пәндері сияқты берілген құқық саласының нормаларымен реттелетін, нақтыланған қоғамдық қатынастар. Ерекше құқық саласының пәні болу үшін бұл қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан ажырататын, басқа құқық салаларының нормаларымен реттейтін арнайы ерекшеліктері болуы керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері аграрлық құқықтың да ерекшеліктерін көрсетеді. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы экономиканың жалғыз саласы болып табылады;
- экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл
шаруашылығында жер өндірістің негізгі құралы болып табылады,
ал басқа салаларда олар өз объектілерін, яғни өз ғимараттарын
орналастыратын жер ретінде қарастырылады;
- жерден басқа, ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі
құралы ретінде тірі организмдер пайдаланылады, ал басқа салаларда
мұндай жоқ;
- ауыл шаруашылық өндірісі топыраққа және табиғи-климаттық
жағдайларға және адамның еркіне байланысты емес басқа да
жағдайлармен байланысты;
- ауыл шаруашылығына маусымдық және өндірістің кезеңділігі
(циклділігі) тән. Мысалы, жазда, көктемде және күзде жұмыстардың
көпшілік мөлшері жасалады. Бұл контекстен ауыл шаруашылық кәсіпорындары жұмысшыларын қысқы уақытта жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек ақы жыл мезгілдеріне теңдей етіп бөлуді, еңбек демалыстарын дұрыстап беруді реттеу сияқты үдерістерді құқықтық реттеу керектігі корінеді;
- ауыл шаруашылық өндірісінің кезеңділігі өсімдік және жануарлар дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланыста болады.
Әдебиеттер.
1.'Теория государства и права. / Под ред. Бабаева В.К. М.: Юристь, 2002.
2.Аграрное право. Учебник для вузов. / Под ред. Быстрова Г.Е., Козыря М.И. М. 1998.
3.Воронин Б.А. Аграрное право как отрасль права, отрасль науки, отрасль законодательства и учебная дисциплина. Актуальные проблемы аграрного права России: теория и практика. Сборник научных статей. М. Право и государство. 2004.
4.Аграрное право. / Ответ.ред. БыстровГ.Е., Козырь М.И. М: Юриспруденция, 2000. 18-бет
5.Жетписбаев Б.А. Аграрное право РК. Алматы: Дәнекср, 2000. 39-бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1. Аграрлық құқықтың түсінігі және оның пәні
2. Аграрлық қатынастарды құқтық реттеу әдістері
3. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі

4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерін саралау
5.Қазақстан Республикасының Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі
ретінде
III.Қорытынды.

Кіріспе.
Аграрлық құқық пәні - басқа құқық салалары пәндері сияқты берілген
құқық саласының нормаларымен реттелетін, нақтыланған қоғамдық қатынастар.
Ерекше құқық саласының пәні болу үшін бұл қатынастарды басқа қоғамдық
қатынастардан ажырататын, басқа құқық салаларының нормаларымен реттейтін
арнайы ерекшеліктері болуы керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшеліктері аграрлық құқықтың да
ерекшеліктерін көрсетеді. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді
жатқызуға болады:
* ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін
шығарушы экономиканың жалғыз саласы болып табылады;
* экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл
шаруашылығында жер өндірістің негізгі құралы болып табылады,
ал басқа салаларда олар өз объектілерін, яғни өз ғимараттарын
орналастыратын жер ретінде қарастырылады;
* жерден басқа, ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі
құралы ретінде тірі организмдер пайдаланылады, ал басқа салаларда
мұндай жоқ;
* ауыл шаруашылық өндірісі топыраққа және табиғи-климаттық
жағдайларға және адамның еркіне байланысты емес басқа да
жағдайлармен байланысты;
- ауыл шаруашылығына маусымдық және өндірістің кезеңділігі
(циклділігі) тән. Мысалы, жазда, көктемде және күзде жұмыстардың
көпшілік мөлшері жасалады. Бұл контекстен ауыл шаруашылық кәсіпорындары
жұмысшыларын қысқы уақытта жұмыспен қамтамасыз ету, еңбек ақы жыл
мезгілдеріне теңдей етіп бөлуді, еңбек демалыстарын дұрыстап беруді реттеу
сияқты үдерістерді құқықтық реттеу керектігі корінеді;
- ауыл шаруашылық өндірісінің кезеңділігі өсімдік және жануарлар
дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей
байланыста болады.
1. Аграрлық құқықтың түсінігі және оның пәні
Бірақ қазіргі кезде заң ғылымдарында мәні бойынша "ауыл шаруашылық
құқығының"1 синонимі болып табылатын "аграрлық құқық" термині қолдауын
тауып жүр.
Бір ғалым-заңгерлер аграрлық құқықты жеке сала ретінде бөліп шығарудың
қажеттілігін дәлелдейді, ал басқалары әлі де дау туғызуда. Мысалы, А.И.
Бобылев аграрлық құқық екінші қатардағы құқықтық құрылым емес және ол
кешенді сипатта емес, өйткені құқықтың жүйесі құқық саласынан, құқық
саласының салаларынан, құқықтық институттардан және құқықтық нормалардан
түрады дейді. Барлық құқық салалары нормативтік-құқықтық актілермен
салыстырғанда бір деңгейде тұрады және иерархиялық тәртіпке бағынбайды.
Аграрлық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың бірыңғай сипаттылығы
ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық
қатынастармен анықталады.
Осыдан аграрлық құқық - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілершің қызметін
ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығын керсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделген және езіндік
қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйесінің жеке бір
саласы.
Бірқатар ғалымдар екінші қатардағы құқықтық құрылымдар ретінде кешенді
салаларды боліп шығару керектігін негіздейді.
Кешенді құрылымдарға кіретін заңдық нормалар өздерінің бастапқы
құрылымында, негізгі салаларда қалады және оларға тиісті негізгі салалардың
жалпы ережелері қолданылады. Ал екінші құрылымдағы нормаларға олар,
мысалы, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, еңбек құқықтарының нормасы бола
отырып кіреді.
Сонымен қатар, әлеуметтік шындықтың санаты ретіндегі құқық саласының
табиғатының өзі кешенді құқық салаларының бар болуын жоққа шығарады деген
пікірлерде.
Құқық жүйесінде осы уақытқа дейін құқық жүйесін және заң жүйесін
ажырататын шектер жоқ, сондықтан заң жүйесі салаларының кешенді сипаты
құқық салаларына ауысты. Қазіргі кезде ғалымдар осыған дейінгі құқық
жүйесін өзгертуге әрекеттер жасап жүр. Мемлекет және құқық теориясында
құқық жүйесі мен заң жүйесінің өзара қатынасы туралы түсініктер бар. Осыған
орай,профессор В.К. Бабаев мынаны көрсетеді: Егер саралау негізі әр салаға
арнайы пәні мен құқықтық реттеу әдісі болып табылатын құқық жүйесінде
кешенді құрылымдық құрамдар болмаса, онда заң жүйесінде функционалдық
мақсатқа немесе мемлекеттік басқару саласында қолданылуына байланысты
белгілер бойынша құрылған ор түрлі кешенді құрылымдар кездеседі. Мысалы,
ауыл шаруашылық, сауда, шаруашылық заңдары кешенді болып табылады1.
Сондықтан аграрлық құқық кешенді құқық саласы болып табылады дегенге
нақты негіз жоқ.
Бірақ аграрлық құқық саласының жақтастары кешенді сала теориясына
негіздейді. Оған мысалы, кәсіпкерлік құқықты, экологиялық құқықты
жатқызады. Олар аграрлық құқықты ауыл шаруашылық өндірістік қызмет
саласында аграрлық қатынастарды (жер, мүліктік, еңбек, ұйымдастыру-басқару)
реттейтін құқықтық мормалардың жүйесі деп анықтайды.
Б.А. Воронин кешенді құқық саласының пәні белгілі қоғамдық міндеттерді
шешуге бағытталған локальдық әлеуметтік жүйелер деп түсіндіреді. Осы
мақсатта кешенді саланың пәні олардың заңдық бірыңғайлылығына қарамастан
әлеуметті ортаның қажетті элементтерінен құралады. Бірақ кешенді құқық
салаларының табиғаты туралы ойлар әлі соңын тапқан жоқ.
Біз, бүгінде, аграрлық құқықтың пайда болуы, мазмұны, даму заңдылықтары
өзінше объективтік кешенді құрылым және жүйеліліктік емес жүйенің және
құқық құрылымының нәтижесі болып табылады дейміз.
Аграрлық құқықтың өз бетіншелігі кез келген құқық саласының негізінде
оның пәні мен қүқықтық реттеу әдісі жатыр деген жалпыға мәлім құқық
теориясының ережелеріне негізделеді. Бірыңғай қоғамдық қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалар құқық саласына біріктіріледі. Осыған байланысты
құқықтық реттеу пәні белгілі құқық саласымен реттелетін айрықша қоғамдық
қатынастар тобы.
Осы айтылған теориялық алғышарттардан А.И. Бобылев аграрлық құқықтың пәні
бірыңғай сипатқа ие ауыл шаруашылық кәсіп
орыпдары мен ұйымдарының қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық
қатынастардың қалыптасып қалғаи айрықша тобы деп ойлайды1.
Қазақстандық құқық жүйесінің ерекше саласы ретінде аграрлық құқықтың
құрылуының объективтік иегізі ерекше құқықтық реттеуді қажет ететім кең
және ыңғайлы қоғамдық қатынас саласыпың болуы болып табылады. Бұл - ең
біріншіден ауыл шаруашылық онімдерін ондіруге байламысты қатынастар. Нақты
бұл қатынастар басқа қатынастарға да ерекше әссрін тигізеді, соның ішінде
аграрлық құқықтың пәні болып табылатын ауыл шаруашылық өнімдерін оңдеу жоне
тарату саласыида, аграрлық өндірістіц материалдық-техпикалық базасын
құруда, оны өндірістік-техникалық қамтамасыз етуде ерекше мәпге ие.
Аграрлық құқық пәпінің маңызды құрамдас элементі ауылдың әлеуметтік
саласындағы қатынастар болып табылады.
Аграрлық құқықтың негізгі попіп аграрлық заңдар иемесе оларды ауыл
шаруашылық заңдар деп атайды.
Зацдар саласы - қоғамдық қатынастардыц ыақты саласын реттейтін
нормативтік актілердің жүйесі.
Аграрлық заңдар ауыл шаруашылық қызметі саласында пайда болатын
қатынастарды реттейтін әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің яғни
заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының, Қазақстап
Республикасы Үкіметінің қаулыларының, тиісті мипистрліктер мем
ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқамаларының кешені болып табылады.
Бұл жағдайда ауыл шаруашылық қызметі өсімдік және мал; шаруашылығы
өнімдерін өндіру, оны тарату және ауылдық тауар өндірушілердің өздерінің
алғашқы өндеуі болып түсіндіріледі.
Бұл аграрлық заңдар агроөнеркәсіптік кешенді (бұдан әрі - АӨК) толығымен
қамти ма, жоқ па соны білдіре ме? Агроөнеркәсіптік кешенді ауыл шаруашылық
өнімдерін сатып алуды, оны қайта өңдеуді, ауыл шаруашылық техпиканы
жөндеуді және басқа да ауыл шаруашылық қызметтерін жүзеге асыратын оның
қызмет ететін өндірістерімен қоса ауыл шаруашылығы құрайды.
Егер құқықтық реттеу пәні аграрлық құқық нормаларының нені, қандай
қоғамдық қатыпастарды реттейтіндігін көрсетсе, құқықтық реттеу әдісі бұл
қатынастар қалай, қандай әдістермен және қаидай құралдармеп реттелетіндігін
көрсетеді.
Белгілі құқық саласын ашып көрсетудің маңызды өлшемі (критерий) оның
қағидалары, яғни берілген құқық саласының құрылымының және қызметінің
негізгі ойларын анықтайтын бастапқы ережелер, бастамалар.
Құқық саласының құрылуының маңызды өлшемі ретінде құқықтың қайнар көзі,
ең алдымен құқықтық актілер, бастапқы орынды алады.
Аграрлық құқық саласының құрылуында субъективтік фактор ретінде құқық
саласының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың берілген түрін реттеуде
қоғам мен мемлекеттің мүдделілігі танылады. Қазақстан Республикасының
дамуының барлық кезеңдерінде мемлекет өз ауыл шаруашылық өндірісінің дамуын
қалады, экономиканың аграрлық секторында реформалау бағдарламаларын жасады,
қоғамның емір сүруінде аграрлық саланың құрылуының мақсаттары мен
міндеттерін анықтады, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
шаралар қолданды.
Аграрлық құқық ауыл шаруашылық және онымен байланысты басқа қызмет
саласындағы (жер, мүліктік, еңбек және ұйымдастыру-басқарушылық) аграрлық
қоғамдық қатынастарды реттейтін өзара байланысты құқықтық нормалар
жүйесінің бірлігін сипаттайтын арнайы кешенді құқық саласы1.

2. Аграрлық қатынастарды құқтық реттеу әдістері

Заң әдебиеттерінде кез келген құқық саласы бірыңғай қатынастарды
реттейтін құқықтық реттеу әдістеріне ие деген ойлар бар. Әкімшілік құқық
үшін бұл - алдын ала ескерту, яғни билік және бағыныштылық қатынастары;
азаматтық құқық үшін - рұқсат ету әдісі, яғии тараптардың заң алдында
теңдігі әдісіне негізделеді; Қылмыстық құқық үшін - тыйым салу әдісі; еңбек
құқығы үшін -әділетті мадақтау және сыйақы беру әдісі. Аграрлық құқық
бірқатар ғалымдардың ойынша кешенді құқық саласы болып саналатындықтаи оның
бірыңғай құқықтық реттеу әдісі болмайтындығы көрінеді. Бірақ, егер құқық
жүйесі 30-ға жуық құқық саласын аиықтағаи болса, онда осынша реттеу әдісі
болады деп есептеу дұрыс бола ма деген ойлар әдебиеттерде көрсетілген2.
Егер әдіс – құқықтық реттеудің заңдық құралдарының жиынтығы деген түсінікті
алатын болсақ, онда құқық саласының құқықтық реттеу әдісінің басқа
тұжырымдамасы анықталады. Мемлекет және құқық теориясы бойынша әдебиеттерде
құқықтық реттеудің бірнеше негізгі әдістерін бөліп көрсетеді. Профессор
С.С. Алексеев мұндай әдістерге мыналар жатады деп санайды: 1) рұқсат ету -
тұлғалардың өздеріне белсенді әрекет етуге құқық беру; 2) тыйым салу -
тұлғаларды нақты бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға міндеттеу; 3)
позитивті міндеттеу - тұлғаларды белсенді әрекеттер жасауға міндеттеу
(бірдеңе жасауға, беруге, төлеуге және т.б.)1.
Профессор В.В. Лазарев те құқықтық реттеудің осы әдістерін атап
көрсетеді, бірақ басқаша кезекте: 1) позитивті міндеттеу; 2) рұқсат ету; 3)
тыйым салу2.
Сондай жағдайда профессор А.И. Бобылевтің былайша ойы дұрыс, осы
әдістердің бір-бірімен қиылысуына байланысты әр құқық саласының қоғамдық
қатынастарға құқықтық әсер етуіне байланысты ерекше әдісі болады. Бұл тек
аграрлық, экологиялық, жер құқықтарына ғана емес, сонымен қатар азаматтық,
әкімшілік, қылмыстық, еңбек және т.б. қүқық салаларына да қатысты. Мысалы,
аграрлық құқықта рұқсат ету әдісі ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен
ұйымдарын ұйымдастыру бойынша қатынастарды реттеуде қолданылады. Әркім өз
қабілеті мен мүлкін кәсіпкерлік қызмет үшін және басқа да заңмен тыйым
салынбаған ауыл шаруашылығындағы экономикалық қызметтер үшін еркін
пайдалануға құқылы. Тұлға қандай ұйымдастыру - құқықтық нысанда ауыл
шаруашылық қызметін жүргізетіндігін өзі таңдайды. Аграрлық қатынастарды
реттеуде позитивтік міндеттеу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда, ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен
ұйымдарының қызметімен байланысты қатынастарды реттеуде. Кейбір жағдайларда
аграрлық құқықта тыйым салу әдісі де қолданылады, мысалы, ауыл
шаруашылығында қоршаған ортаны қорғау бойынша қатынастарда.
Қазақстан Республикасы аграрлық құқығының тек өзіне ғана тиісті ерекше
құқықтық реттеу әдісі жоқ. Көптеген салалардың, соның ішінде аграрлық
құқықтың да өзінің құқықтық реттеу әдісінің болмауы оның саралау мәнін
төмендетеді, Бірақ толығымен жоққа шығармайды, өйткені құқықтық реттеу
әдісінің ерекшелігі ондай рөлге сөзсіз ие. Құқықтық реттеу әдісінің мүндай
ерекшелігі, әдетте, белгілі бір құқық саласының өз әдісінің болуында емес,
бұл әдістердің өзара байланысуында, осы байланыстың тек нақты салаға
қатыстылығын көрсететін және осы салаға тән құқықтық реттеуді негіздейтін
ондағы белгілі бір элементтердің болуында.
Бірақ қазіргі кезде аграрлық құқыққа императивтік және диспозитивтік
реттеу әдістерінен көрінетін үш құқықтық реттеу әдісі тән деп есептеліп
жүр: тыйым салу, бұйыру, рұқсат ету.
Императивтік әдіс субъектілердің құқықтарын анықтауда міндетті бұйыру мен
тыйым салуды бекітуден көрінеді. Диспозитивтік әдіс субъектілердің
құқықтарын анықтауда үш негізгі нысандардан: түсіндіруден (бағыт-бағдар
беру), қабылданған шешімдерді заңдастырудан және рұқсат етуден тұрады.
Көрсетілген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу әдістерінің біздің
тарихымыздың түрлі деңгейлеріндегі өзара байлапысы мүлдем бірдей емес
болған. Әміршілдік-әкімшілдік кезендерде тыйым салу және бүйыру әдістері
басым болды. Жеке кәсіпкерлік қызмет нысанын тудыратын немесе жеке басқа
кіріс әкелетін қызметтің кез келген түріне рұқсат етілмеді. Ауыл шаруашылық
ұйымдары - колхоздар мен совхоздардың -тәжірибелік өндірістік-шаруашылық
қызметтері қатаң шектеліп отырды. Осы негізгі ауыл шаруашылық қызметін
жүргізетін ұйымдастыру-құқықтық нысандарының арасындағы заңды, әсіресе
нақты айырмашылық жоқтың қасы болды, ал ол колхоздарды "жалпы халықтық
кәсіпорындардың" деңгейіне тарту және оларды совхоздар етіп қайта құру
мемлекеттендіруге әкелді.
Тыйым салу және тікелей бұйыру әдістері әскери кезеңге дейін де, одан
кейінде негізгі болып табылды. 1955 жылдан бастап ауыл шаруашылығын
мемлекеттік реттеуге маңызды өзгерістер енгізуге және тікелей
орталықтандырылған жоспарлау саласын шектеуге жасалған талпыныстар ешқандай
тәжірибелік нәтижелер бермеді және бермейтін де еді, өйткені сол кезде
басым болған әміршілдік-әкімшілдік жүйеге сәйкес келмеген еді. Осы бағытта
байқалатын алға басулар тек қана 90 жылдардың басында жер және аграрлық
реформалардың жүзеге асуына байланысты пайда бола бастады. Реттеудің
әкімшілік әдісінен экономикалық әдіске, яғни "заңмен тыйым салынбаса
барлығына рұқсат" қағидасына негізделген рұқсат ету әдісіне көше бастады.
Жалпы нарықтық экономика, сонымен қатар аграрлық секторда тек қана
міндетті бұйрықтар мен шектеулердің негізінде бекітіліп.
дұрыс дами алмайды. Сондықтан біздің экономикада басым болған қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеудің императивтік әдісі кейбір салаларда
ішінара, кейбір салаларда толығымен өз пікірін және ойын жүзеге асыруға
толығымен еркіндік беретін диспозитивтік әдіске орын беру керек болды. Ол
конституциялық деңгейде де, ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының
құқықтық мәртебесін анықтайтын арнайы заңдардың нормаларында да өзінің
тікелей көрінісін тапты. Мысалы, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 31
наурыздағы "Шаруа (фермерлік) қожалықтары" туралы Зады; 2000 жылғы 25
желтоқсандағы "Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың ассоциациялары
(одақтары)" туралы Заңы.
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты жеке құқықты қолдану аясы
кеңеюде.
Ауыл шаруашылығындағы жеке құқықтық сала - аграрлық коммерциялық
ұйымдарын және шаруа қожалықтарын құрумен және олардың қызметімен, шарттар
жасау және орындаумен, сонымен қатар аграрлық өндірістегі азаматтардың
еңбектік және мүшелік қатынастарымен байланысты қатынастар. Бұл
қатынастарды реттеуде еркіндік әдісі, тараптардың заңдық теңдігі, олардың
бір-біріне тәуелсіздігі әдістері қолданылады (бұл қатынастарға мемлекеттің
қатысуына қарамастан).
Әдебиеттерде реттеудің экономикалық әдістері бар екендігі туралы негізді
ойлар бар. Негізгі экономикалық әдістердің қатарына көрсетілген қызметке
ақы төлеу, айып төлеу, салық салу жатады.
Аграрлық құқықтыц қағидалары - аграрлық қатынастардың құқықтық реттелу
сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар. Олар
барлық уақытта бірдей болмайды. Белгілі бір тарихи кезеңде агроөнеркәсіптік
кешенде шешілетін міндеттер мен негізгі бағыттардың өзгеруіне сәйкес
құқықтық реттеу қағидалары да өзгереді. Аграрлық құқық негізінен алғанда
барлық қазақстандық құқық жүйесіне тән қағидаларға сүйенеді.
Аграрлық құқықтың негізгі қағидаларының қатарына Н.Н. Веденин мына
қағидаларды жатқызады:
аграрлық кәсіпкерлік еркіндігі және шаруашылық нысан таңдау еркіндігі;
ауылдағы меншік нысанының және шаруашылық нысанының көптігі;
аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және агроөнер-кәсіптік
кешендегі әр түрлі меншік нысандарының тең дәрежеде құкықтық копғалүы-

* агроөнеркәсіптік кешен дамуының артықшылығы;
* агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау;
* азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
* ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік-шаруашы-
лык қызметіне мемлекеттік органдардың араласпауы.
Е.Л. Минина арнайы қағидаға ауыл шаруашылық өндірісінің ерекшеліктерін
есепке алу қағидасын жатқызу керектігін айтады1. Ерекшелік жердің ауыл
шаруашылығында өндірістің негізгі құралы болып қолданылатындығында. Ол
өсімдіктердің, жануарлардың тірі ағзалардың өсімін молайтумен байланысты
және маусымдық сипатқа ие.
Аграрлық құқық заң ғылымдарының бір саласы ретінде - құқық саласы
ретіндегі аграрлық құқық туралы ғылыми білімдер, оның құрылуы мен дамуы,
аграрлық қатынастардың құқықтық реттелу қағидалары мен ерекшеліктерінің
жүйесін көрсетеді. Оның негізгі институттары: Ауыл шаруашылығын мемлекеттік
реттеу, ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың
ұйымдастыру-құқықтық нысандары; олардың мүлкінің құқықтық жағдайы;
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру және т.б. Ауыл шаруашылығы
мәселелері туралы нормативтік актілерді зерттей келе, аграрлық құқық
олардағы нормаларды салыстыру, зерттеу және талқылаумен айыалысады. Ол үшін
аграрлық заңдармен шешілетін сұрақтармен байланысты басқа салалардың
нормативтік актілерін, ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен байланысты
дауларды шешудегі сот тәжірибесін, ауыл шаруашылығы туралы заңдардың даму
тарихын білу қажет. Аграрлық-құқықтық ғылым сонымен қатар салыстырмалы-
құқықтық зерттеу, шетелдердегі жер және аграрлық құрылымдарды құқықтық
реттеу жүргізе отырып шетелдердің аграрлық заңдарын оқытады. Осының барлығы
аграрлық құқықтың ғылым және оқу әдістемесі ретіндегі пәнін құрайды.
Аграрлың қүқық гылымының пәні құқық туралы ілім, аграрлық құқықтың
доктринасын, тұжырымдамасын жасау, ғылымның осы саласының белгілі бір
мәселелері бойынша идеялар мен көзқарастар жүйесін зерттеу болып табылады.
Аграрлық құқық теориясының дамуы - аграрлық заңдардың тиімділігінің қажетті
алғы шарты. Заңның саласы, оны қолдану тәжірибесі аграрлық құқық ғылымының
алдына көп жағдайда дұрыс шешілуі құқықтық мәселелерді ғылыми зерттеу
деңгейіне байланысты нақты міндеттер қояды.
Аграрлық құқық оқу пәні ретінде - бұл ең алдымен заң оқу орындарында
оқытылуы міндетті, құқық саласы ретіндегі аграрлык құқық туралы ғылыми
білімдер жүйесі.
Аграрлық құқықтың ғылым және оқу пәні ретіндегі жүйелері бірдей. Олар
жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады.
Жалпы бөлімде аграрлық құқықтың жалпы институттары оқытылады. Олар:
аграрлық құқықтың пәні, әдістері, қайнар көздері; аграрлық құқықтық
қатынастар; ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу; ауыл шаруашылық
коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық
нысандары; шаруа (фермерлік) қожалықтардың және өзіндік қосалқы
шаруашылықтардың құқықтық жағдайы; ауыл шаруашылығында жалға беру және алу
қатынастарын құқықтық реттеу.
Аграрлық құқықтың ерекше бөлімі ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдары
пайдаланатын жерлердің құқықтық жағдайы; қоршаған табиғи ортаны қорғау;
ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдардың мүлкінің құқықтық жағдайы; ауыл
шаруашылық коммерциялық ұйымдардың өндірістік-шаруашылық және қаржылық
қызметтерін құқықтық реттеу; ауыл шаруаиылығында еңбек қатынастарын
құқықтық реттеу; ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарында еңбекке ақы
төлеуді және кірістерді бөлуді құқықтық реттеу; ауыл шаруашылық
коммерциялық ұйымдардың құқықтарын қорғау; аграрлық заңдарды бұзған үшін
жауапкершілік сияқты бөлімдерден тұрады.
Аграрлық құқықтың арнайы бөлімі шеттелдердегі аграрлық құқықтың негізгі
ерекшеліктеріне, ал шетелдердегі жер аграрлық реформаларды құқықтық
реттеуге арналады.
3. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі
Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі туралы мәселе құқық теориясы
ғылымындағы құқықтың қайнар көздері туралы жалпы ілімнің құрамдас бөлігі
болып табылады. "Құқықтың қайнар көзі" ұғымы құқықтық нормалардың қайнар
көзі ретінде жиі қаралады, яғни құқық мазмұны жағынан алғанда. Бұл мағынада
берілген ұғым қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың мазмұнын анықтайтын
қоғамның материалдық даму жағдайын білдіреді.
"Құқықтың қайнар көзі термині тиісті құқықтық норманың мазмұнын
анықтайтын әдістер мен нысандар ретінде қолданылады, басқаша айтқанда
құқықты анықтайтын нысан. Құқық теориясында заңдық қайнар көздер немесе
құкықтың нысандары деп әрекет етуші құқық нормаларының ресми анықталған
нысаны және бекітілуі, сонымен қатар тиісінше өзгертілуі мен күшін жоюы
түсіндіріледі. С.С. Алексеевтің берген анықтамасы: "Құқықтың қайнар көзі"
дегеніміз мемлекетпен шығарылған немесе онымен ресми танылған құқық
нормаларын құжаттық анықтау нысаны және бекітілуі, оларға заңдық және
жалпыға міндетті мән беру".
Сонымен қатар әр саланың қайнар көздері оларды құқықтың қайнар
көздерінің жалпы жүйесінен бөліп қарауды қажет етеді. Яғни берілген
актілердің қай салаға жататындығын анықтауды қажет етеді. Нормативтік
актінің қай салаға жататындығы берілген актімен реттелетін қоғамдық
қатынастардың ерекшелігімен анықталады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздері аграрлық қатынастарды Құқықтық реттеу
саласындағы заңдық институттардың қалыптасуы және дамуына әсер ететін
маңызды фактор ретінде мемлекеттің аграрлық саясатын анықтаудың және
бекітудің нысаны болып табылады. Мемлекет аграрлық саясатты анықтай
отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін ұтымды көтеруге және аграрлық
реформаны таратуға бағытталған шаралар жүргізе отырып, аграрлық
қатынастарды реттеу және қорғауды жүзеге асыратын аграрлық заңдарға да
үлкен мән беріп отыр.
Аграрлық қатынастарды реттейтін нормалардың көпшілігі ауыл шаруашылығы
қызметімен шұғылданатын ауыл шаруашылық кәсіпорындары меп азаматтардың
қызметін анықтайтын нормативтік актілерден тұрады. Осы нормалардың жиынтығы
аграрлық заңдарды құрайды. Сонымен қатар аграрлық қатынастарды реттейтін
көптеген нормалар басқа қүқық салаларының заңдарында кездеседі, мысалы,
конституциялық, азаматтық, еңбек, жер, әкімшілік, қаржылық, қылмыстық,
экологиялық құқықтары салаларының. Осы нормалар аграрлық құқықтың
нормаларымен біріге отырып, аграрлық құқық-тың қайнар көздерін құрайды.
Аграрлық құқықтың қайнар козінің ұғымы аграрлық заң ұғымынан анағүрлым
кеңірек.
Кешенді құқық саласының қайнар коздері ретіндегі аграрлық құқықтың
қайнар көздері өзінің нормаларымен қоса басқа құқық саласының нормаларында
осы саланың қайнар көзі ретінде танылады. Бұл басқа құқық саласының қайнар
көздерінің негізгі саланың қайнар көзі ретіндегі өз мәнін жоғалтады деген
сез емес. Бұдан нормативтік актілердің әр түрлі қоғамдық қатынастарды
реттей беретінін көруге болады. Егер әдеттегі құқық салаларына нормативтік
актілер олардың қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіндігіне байланысты
қатысты болса, ал кешенді салаларда, соның ішінде аграрлық құқыққа да, осы
қатынастың ерекшелігіне қаншалықты қатысты болатындығына байланысты. Бұл -
ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдарының және шаруа (фермерлік)
қожалықтарының қатысуымен болатын меншікке, тауар ақша айналысына, шарттық
және міндеттемелік қатынастарға байланысты қызметтерді реттейтін нормалар.
Аграрлық-құқықтық ғылымда аграрлық қатынастарды реттейтін құқықтың
негізгі салаларының нормалары екі жақта тіркелген нормалар ретінде
қаралады. Бұл құқықтық нормалардың бір уақытта негізгі де, кешенді де құқық
салаларына қатысты болуында аграрлық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аграрлық құқықтық қатынастар
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Аграрлық құқықтық қатынастарды мемлекеттік құқықтық реттеу тетігі
Аграрлық қатынастарды экономикалық реттеу
Қазақстандағы аграрлық құқық
Қазақстан Республикасындағы аграрлық кәсіпкерліктің жалпы құқықтық сипаттамасы
Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын реттейтін құрал ретіндегі жер кадастры
Ағылшын революциялық аграрлық заңдары
Пәндер