«қазақтың спорт комметаторлары»


Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Баспасөз және электронды Бақ кафедрасы

Журналистика факультеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақтың спорт комметаторлары»

Орындаған: Шөкенов Д., 103-топ

Тексерген: Әбдіжәділқызы Ж.

Алматы, 2012 ж.

Бүгінгі таңда ақыл-оймен, қос аяқтың шеберлігін талап ететін футбол ойыны десе ішкен асын жерге қоймайтын еркек кіндіктілер ілуде біреу. Оларға керегі жасыл алаңдағы командалардың шебер де, көрікті ойынынан бөлек, сол ойынның тұздығын келтіріп, оны одан сайын жандандырып, бойына қан таратып отыратын комментаторлар тілінің көркемдігі.

Осы күндері өздеріңізге мәлім еліміздің 5 арнасы атап айтсам: «Қазақстан», «Хабар», «7 арна», «КТК» және «Ел арна» футбол сүйер қауымның көңілін қалдырып жүрген жоқ. «Ел арна» және «Қазақстан» өзіміздің ішкі біріншіліктен репортаж таратса, «7 арна» мен «КТК» қазіргі таңда ең мықты біріншіліктер болып саналатын Испания мен Англия клубтарының ойындарын әр апта сайын үзбей көрермендер назарына паш етуде. Олары үшін алғыс айтпасақ, қарғыс айтпаймыз. Дегенмен, сол ойындағы тағы бір маңызды бөлшек, көрермендер үшін жасыл алаңдағы қос командадан кем түспейтін фактор бар, ол алаңда жүрмесе де 23 ойыншының рөлін атқаратын, алғашқылары аяқпен ойнаса, бұл экран алдында ұлтарақтай тілімен ойнайтын комментаторлар. Әрбірден соң ойынның қызықты өту-өтпеуі соған байланысты. Егер, микрафон алдындағы ойыншының ойы мен тілі, алаңдағылардың бірі құсап жарақат алған болса, немесе дұрыс жаттықпаған жағдайда оның да өз алаңында еркін көсілуі екі талай. Жаттығусыз комментатор жүргізген ойын, тұздығы келіпенген тамақ, немесе тұзы дұрыс сіңбеген сүр ет тәрізді болары бесенеден белгілі.

Өкінішке орай біздің бүгінгі «23-ші ойыншыларымыз» жоғарда айтып кеткен екі мысалымның бірі: не ойынға салғырт қарап, «қойшы, әйеуір 90 минут ауыз жаппай сөйлеп берсем болды емес пе?» деп, өз көрермендерін силамай, экран алдына жаттығусыз шығады. Не артық қыламын деп, тыртық қылып жаттығу үстінде сіңірлерін созып алған ойыншы құсап, тілдерін тістеп алады немесе тағысын тағы. Содан кейін келіп ойын барысында отарына ілесе алмаған ақсақ, көтерем қойлардай іс атқарып отырады, шабуылдың соңында қалып, ойын қызған тұста кім қай қалада туды, ол бұрын қай клубта ойнады, сабақты қалай оқыды сынды қосалқы құрамдағы ойыншылар сияқты, қосалқы құрамдағы ойларды ортаға салып отырады. Сөйтіп жанып келе жатқан шабуылдың көркін одан сайын үдете түскеннің орынына, қалың ұйқының құшағында жатқан адамның үстінен тастай суық суды құйып оятқандай әсер қалдырып отырады. Керісінше тіл қарагерін дұрыс баптап атшаптырымдай-ақ жердің аумағында ала допты қуалаған ойыншылардың әрбір аяқ алысын бағып, керек жерінде табан асты ұтымды ойлар мен суреттеулерге толы тіркестер айтса қандай тамаша, бұндай жағдайда ел біріншілігінің ең соңғы екі командасы ойнап жатса да, бас командалары ақтық сында жанкешті әрекеттерге тлы ойын көрсетіп жатқандай әсер аларың сөзсіз. Әттең, бірақ бүгінгі қазақ комментаторларының өнері көңіл толтырарлықтай емесі жанға батады.

Бұл сөзіммен барлығына бірдей топырақ шашқым келмейді. Амангелді Сейтхан, Есей Жеңісұлы сынды кемеліне толған, тіл тұлпарлары әбден бапаталған ағаларымыз жоқ емес, бар. Бірақ жаңағы шашқан топырағымның көпшілігіне тиіп кетері өкінішті-ақ.

Осы төңірегінде өткен ел ағаларымен болған болып өткен сұхбаттарға көз жүгіртіп өтсек: ­: «Алаш айнасы» газеті

Қазақ телевизиясына, оның ішіне спорттық комментаторлыққа 33 жыл ғұмырын арнаған Рабат Жәнібеков ағамыз жақында өзінің 67 жасқа толуын атап өтті. Осыған орай, майталман ағамызбен сұхбат ұйымдастыруды жөн көргенбіз. Сөйтсек, Рабат ағамыздың бүгінгі спорттық комментарие жөнінде айтары көп болып шықты. Әңгімеміздің басын туған күнімен құттықтаудан бастаған біз сөз кезегін туған күн иесінің өзіне берген едік.

- Қазақ телевизиясына 1972 жылы келіп, сонда 2003 жылға дейін еңбек еттім, - деп бастады өз әңгімесін Рабат ағамыз. - Кеңес одағы кезінде талай білікті мамандармен араласып, кейін біраз шәкірт тәрбиелеп шығардым. Олардың қатарында «Хабар» телеарнасындағы спорт бөлімінің редакторы Амангелді Сейітхан, «КТК» телеарнасының спорт журналисі Төлеген Жұмабеков, «Рахат» телеарнасында қызмет атқаратын Ақын Ордабайұлы да өз шәкіртім. Сондай-ақ, жақында ғана Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлдеге ие болған Телжан Күдеров те менің тәрбиемнен өткен. Қазір қарап отырсам, бұлардың барлығы да спорт журналистикасында өз орнын тапқан білікті мамандарға айналыпты.

- Рабат аға, қазақ тіліндегі спорт комментариесінің негізін қалаушылардың бірі және бірегейі ретінде бүгінгі спорт комментаторлығына өз көзқарасыңызды білдірсеңіз…

- «Сын түзелмей, мін түзелмейді» дейміз ғой, менің кейбір қазақ тілді комментаторлардың спорттық репортаждарды жүргізулеріне көңілім мүлде толмайды. Мәселен, соңғы жылдары «Хабар» және «Еларна» телеарналарында Асхат Сағынаев комментаторлық жасап жүр. Бірақ, шыны керек, репортажды жүргізгендеріне көңілім толмайды. Бас кезінде оның сөздерін диктофоныма жазып алатынмын да, артынан өзіне қате жерлерін түсіндіретінмін. Қазір Сағынаев репортаж жүргізе бастаса, теледидардың дауысын өшіріп тастайтын болдым. Бір күні тыңдап отырсам, былай дейді: «Міне, «Қайраттың» қарсыласы «Қайраттың» шабуылына шыдай алмай, барлығы үйлеріне барып тұрып алды» дейді. Оу, футбол алаңында үй деген нәрсе жоқ қой. Оның орнына «Қайраттың» шабуылына шыдай алмаған қарсыластары өз қақпасының маңына топтасып тұрып алды» деп айтуға болар еді. Жалпы, айта берсең Асхаттың сөздерінде қате көп. Осыдан кейін оның репортаждарын көргің де келмейді. Сөз білетін адам сөйлемді солай ұйқастыра ма?!

- Ал көңіліңізден шығатын комментаторлар бар ма?

- Өкінішке қарай, соңғы кездері Амангелді Сейітханға комментаторлықты аз беріп жүр. Әйтпесе, Амангелді өз ісінің нағыз шебері. Қай кезде қалай сөйлеу керек екенін біледі. Сондай-ақ, соңғы кездері «Қазақстан» ұлттық арнасының спорттық репортаждарын жүргізіп жүрген Есей Жеңсұлында да ширақтық бар. Бірақ, Есей бауырымның дауысы эфирге келмейтін сияқты. Сондай-ақ, Ақын Ордабайұлы да репортаждарды жақсы жүргізе алар еді.

- Жалпы, сіздің ойыңызша, бүгінгі қазақ тілді спорт комментаторларына не жетіспейді?

- Бізге комментаторларды дайындайтын мектеп ашу керек. Ол жоғарғы оқу орнында арнайы пән ретінде өтсе, тіптен жақсы. Сөйтіп, спортқа зейіні бар жастардың басын қосып, оларды комментаторлыққа баулу керек.

- Рабат аға, сіздердің кездеріңізде спорттық репортаждарды жүргізу оңай болған шығар. Өйткені, комментаторларды сынайтын сіз сияқты ағалар көп болған жоқ қой…

- Керісінше, қайта біздің кезімізде қазақша репортаждар жүргізу қиын болды. Кейбір спорттық терминдердің қазақша баламаларын таппай қиналатынбыз. Бүгінде қолданыста жүрген көптеген терминдерді сол кезде біз ойлап тапқанбыз.

- Сіздердің кездеріңіздегі комментаторлық пен қазіргі кездегі комментаторлықты салыстырып көрсеңіз…

- Жалпы, өз басым бір комментатордың бірнеше спорт түрінен репортаж жүргізгеніне қарсымын. Мәселен, футбол ойынын аяқдопты жақсы меңгерген комментатор жүргізуі керек, бокс спортын боксқа қызығушылығы бар комментаторға беруі керек деп ойлаймын. Біздің кезімізде бізді боксқа да, футболға да, қысқы спорт түрлеріне де тықпалай беретін. Сондықтан кейбір жағдайларда аздап қиналып қалатынбыз. Бірақ, бұл мәселе әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан сияқты.

- Ал бұрынғы спортшыларды комментаторлыққа дайындаса қалай болар екен?

- Бұл тәжірибе көптеген елдерде бар. Мәселен, алысқа бармай-ақ көрші Ресейді алайықшы. Футбол мен теннис спортын жүргізетін Николай Озеров жас кезінде теннисші болған, футболмен де айналысқан. Сол сияқты футболды жүргізетін Владимир Маслаченко 1950 жылдары Кеңес Одағының керемет қақпашыларының бірі болған. Біз де сол тәжірибеге сүйеніп, бұрынғы спортшыларды комментаторлыққа шақырсақ, ұтылмаймыз. Көбісі, «Спортшылардың тіл байлығы аз» деп ойлауы мүмкін. Бірақ, мен талай спортшылармен араласып жүрмін. Қазақ тіліне ағып тұрған талай саңлақтарды білемін. Тек, аздап тәжірибе жинаса, спортшылардың комментаторлықты меңгеріп кете алатынына сенімдімін. Осыдан біраз жыл бұрын «Олимпиада ойындарының жүлдегері Болат Жұмаділов «Хабар» телеарнасына спорттық комментатор болып қызметке тұрады екен» деген жаңалықты естігенде, кәдімгідей қуанып қалғанмын. Бірақ, өкінішке қарай, Болат ақыры комментаторлыққа келмеді.

tv111-300x225[1]

Кім тұңғыш?

Бұл Сұлтанғали Қаратаев екеуміздің арамыздағы шешілмеген мәселе. Шыны керек, қазақ тілінде спорттық репортаж жүргізуді, комментаторлықты менен бұрын Сұлтанғали бастаған. Бірақ, ұзақ тұрақтай алған жоқ. Белгілі себептерге байланысты бір жарым жылдан кейін басшылар оның орнына мені тағайындады. 1974 жылы радио мен телеарнаның спортын қосты. Сөйтіп, қазақ тілінде репортаждарды Өмірзақ Жолымбетов екеуміз жүргізіп отырдық.

Жалдамалы спортшылар туралы

Жалдамалы спортшылар алу деген жаныма қатты батып жүр. Анау Хрусталеваның елімізге әперген бір күмісіне бәріміз қуанып жүрміз. Бірақ, ол бұдан кейінгі жарыстарда, «Азаптанып қайтем?! Бесінші орын алсам жетпей ме? Чемпиондықтың қажеті не?» деп ойлауы мүмкін. Ол ақшасын, пәтерін, өзіне керегінің барлығын алды. Енді ол Ванкуверде көрсеткен нәтижесін қайта көрсете алмайды. Мен оған сенімдімін. Бұл бұрыннан бар тәжірибе. Сондықтан, жалдамалы спортшыларға қарсымын.

Әзиз Жұмаділ

«Бізде бәріне комментатор кінәлі» «Жас қазақ» газеті:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ
Ұлттық спорт түрлеріндегі ойын жаттығуларының маңызы
Қазақ халқы қашаннан ұлттық спорт түрлеріне бай халық
Казақ спорт және туризм академиясы
Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру
Ұлттық спорт түрлеріндегі оқу-зерттеу және ғылыми зерттеу жұмыстары
Ұлттық спорт түрлерінің даму тарихы
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz