Диплом алдындағы өндірістік практика бағдарламасының орындалуы туралы есеп


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті
«Қаржы және есеп» факультеті
«Қаржы» кафедрасы
Диплом алдындағы өндірістік практика
бағдарламасының орындалуы туралы
ЕСЕП
Практиканы өту орны: «Қазақстан Халық Банкі» - АҚ
Кәсіпорынның мекен-жайы: Алматы қ, Сейфуллин даңғылы - 152.
Студент: Бегеева Айғаным
Курс, топ: 3 курс, 304 топ.
Қаз ЭУ бойынша практика жетекшісі: Иманалиев Бозтай Байжуманович
«Қазақстан Халық Банкі» - АҚ бойынша практика жетекшісі:
Алматы - 2010 жыл
Мазмұны
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің тарихы мен қызмет ету жүйесі . . . 3
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің ішкі қызметін талдау және оның ресурстары . . . 6
3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-дегі несиелік ресурстарды басқару, қалыптастыру мен орналастыру тәртібі . . . 31
4. Банктің қаржылық қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар . . . 45
5. Қорытынды . . . 46
6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48
7. Қосымшалар . . . 49
1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің тарихы мен қызмет ету жүйесі
Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 87 жыл. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті. Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды.
Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді.
1960 жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.
Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді.
1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер . Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды. Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33, 33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес, бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Халық банкі қоғам дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде белсенді ат салысып, жауапты корпоративтік азамат болуға тырысады. Банк құндылықтарының бірі (қызметкерлерінің алдында болсын, жалпы қоғам алдында болсын) әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.
2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің ішкі қызметін талдау және оның ресурстары
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің ішкі жұмысын үш топқа жіктеп талдауға болады:
● Жеке тұлғаларға қызмет ету;
● Заңды тұлғаларға қызмет ету;
● Шағын және орта бизнес қызметі;
Жеке тұлғаларға қызмет ету жұмысы мыналардан тұрады:
▬ Депозиттер/Жинақ ақша
▬ Төлем карточкалары
▬ Мобильдік банкинг
▬ Ақша аударымдары
▬ Интернет-банкинг
Сіздің жинақ ақшаңыздың сақталып қалуына Халық Банкінің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы ғана емес, мемлекеттік салымдарға кепілдік беру Қоры да кепіл болады.
Яғни, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нің депозиттеріне тоқтала кетсек, олардың 6 түрі бар:
1. Депозиттер/Жинақ ақша
- «Халықтық - арнаулы»
- «Халықтық - стандарт»
- «Халықтық жинақтаушы»
- «Халықтық зейнетақылық»
- «Halyk - әмбебап»
- «Halyk- балалар үшін»
"Халықтық - арнаулы"
1. Салым мерзімі 12 айды құрайды.
2. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері - 7 000 теңге /50 АҚШ доллары /50 евро болса, толықтыруға болады.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жинақ шотындағы кемімейтін салым қалдығы 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евро мөлшерінде болған жағдайда ішінара ақша алуға болады.
5. Салымның ең төмен мөлшері: 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евроны құрайды.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді. Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
"Халықтық - стандарт"
1. Салым мерзімі - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 18, 24, 30, 36 ай.
2. Салым бойынша сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі де қарастырылмаған.
5. Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін - 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
«Халықтық - стандарт» депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер: Ақша аударымдары әлемнің кез - келген түкпіріне ақша аударудың тез және сенімді тәсілі.
«Халықтық - жинақтаушы»
1. Салым мерзімі 6, 9, 12, 18, 24, және 36 айды құрайды.
2. Капитализация: ай сайын жүзеге асады, капиталданған сомаға сыйақы мөлшермесі қосылады.
3. Салым бойынша сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
4. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 1 000 теңге немесе 10 АҚШ доллары немесе 10 евро болса, толықтыруға болады.
5. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
6. Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін -15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
7. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 36 ай болса, сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгеріссіз қалады.
8. Сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, егер басқаша банктік салым жайындағы келісім шартта немеса оның қосымшасында айтылмайтын болса.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
«Халықтық - зейнетақылық»
1. Ерекше талаптары: бұл салым жасы кемінде 50-ге толған немесе 50-ге жақындаған, зейнеткерлік куәлігі бар тұлғаларға арналған.
2 Салым мерзімі: 6, 13 ай.
3. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
4. Сыйақы төлеу: ай сайын, банк салымы туралы шарт күшіне енген күннен бастап, әрбір күнтізбелік ай аяқталғанда орын алады.
5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 500 теңге немесе 5 АҚШ доллары немесе 5 евро болса, толықтыруға болады.
6. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.
7. Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге немесе 20 АҚШ доллары немесе 20 евро.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
«Halyk - әмбебап»
1. Салым мерзімі: 12 ай.
2. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері - 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро болса, толықтыруға болады.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жинақ шотындағы кемімейтін салым қалдығы 700 000 теңге немесе 5000 АҚШ доллары немесе 5000 евро мөлшерінде болған жағдайда.
5. Салымның ең төмен мөлшері: 700 000 теңге немесе 5000 АҚШ доллары немесе 5000 евро.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді.
8. Ерекше талаптары: 5 000 АҚШ долларына балама мөлшердегі кредиттік лимитпен төлем карточкасы қоса беріледі.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
«Halyk- балалар үшін»
1. Ерекше талаптары: бұл салым жасы 16-ға толмаған салымшының атына қабылданады. Салымшының атына кез - келген тұлға, туыстық қатынасының бар/жоғына қарамастан, тиісті құжаттарын көрсете отырып, ақша сала алады.
2. Салым мерзімі 1- айдан 10 - айға дейін. Салымның ең ұзақ мерзімі баланың 16 жасқа толу талабымен реттеледі.
3. Капитализация: әр жыл сайын, 12 ай сайын.
4. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 1000 теңге немесе 10 АҚШ доллары немесе 10 евро болса, толықтыруға болады.
6. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған
7. Салымның ең төмен мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін -15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
8. Шартта көрсетілген салым мерзімі 12-айды қоса алғандағы мерзімді құрайтын болса, сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгертілмейді.
9. Банк салымның сыйақы мөлшерлемесін бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы болады.
Жасы 14-ке толмаған салымшының атына салынған салымға салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қамқорлық жасаушысы) иелік етеді, ал жасы 14-ке толғаннан кейін салымға өзі иелік етеді.
Жасы 16-ға толмаған салымшыға салым Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы куәлігін көрсеткеннен кейін және оның заңды өкілдерінің (ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары) көзінше жүргізіледі.
Егер салымшының жасы 14-ке толмаса, салым мен оның сыйақысы ақша салушыға тек салымшы немесе оның заңды өкілдері міндетті түрде банкке келіп, ұсынған жазбаша бас тарту негізінде ғана беріле алады.
2. Төлем карточкалары
Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір пластиктің артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге уақыт жетпес. Карточка - әмбебап төлем құралы, оны тұлға жер шарының кез - келген түпкірінде пайдалана алады (әрине, банк бар жерлерде) . Бұл банктік карточкалық шоттарды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады.
Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Тұлға карточкасының жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытпауы қажет, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.
Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:
Негізгі карточка - бұл карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкасы.
Қосымша карточка - клиенттің өзі сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайының немесе балаларының атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Клиент белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лмит) және карточкалық операцияларға шектеу белгілеуге құқылы.
Қазақстан Халық банкі VISA International және MasterCard International төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және төлем карточкаларының қазақстандық рыногында тұрақты көшбасшы болып келеді.
2009 жылғы 1-маусымдағы жағдайы бойынша Халық банкінің 2, 7млн. -нан артық карточкалары айналымда жүр.
Бұл Қазақстандағы төлем карточкаларын пайдаланушылардың шамамен 40%. Халық Банкінің төлем карточкаларына қызмет көрсету жүйесі 1690 банкоматтан, 600 киоскіден (карточкалық терминалдардан), 2800 РОS-терминалдар мен импринтерлерден тұрады.
Төлем карточкаларының түрлері
Visa Electron
"Электрондық әмиян" . . .
Ақшаға тәулік бойы қол жеткізу, оның ішінде кез келген уақытта қолма-қол ақша алу мүмкіндігі; карточканы бүкіл дүние жүзі бойынша тауар сатып алу және көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін пайдалану мүмкіндігі; коммуналдық төлемді, телекоммуникация қызметтері үшін және басқа төлемдерді қолма-қол ақшасыз іске асыру мүмкіндігі; карточка жоғалып қалғанда ақшаны карт-шотта сақтау мүмкіндігі; отбасы мүшелеріне шығыс лимиті белгіленген қосымша карточка ашу мүмкіндігі.
Visa Electron Instant HalykCard
Halyk Card - әп-сәтте шығарылатын алғашқы қазақстандық карточка.
Егер тұлға шоп-турға аттанатын, Қазақстан бойынша немесе шетелге жедел іс - сапарға, сондай-ақ демалуға баратын болса,
Егер клиент Card to card жүйесімен ақша аударуды, жалақыны карточкамен алуды, банкомат арқылы төлем жасауды қаласа, онда
«Қазақстан Халық Банкі» Сізге төлем карточкасын банкке келген күні бірден алудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Halyk Card карточкасының иелеріне стандартты карточка ұстаушыларға арналған мүмкіндіктің барлығы ұсынылады.
Halyk Card карточкасын алу үшін Халық банкінің кез - келген бөлімшесіне барып, жеке куәлік бен СТН анықтамасының көшірмесін ұсынасыз және карточка беруге өтініш жазып, тиісті шартқа қол қоясыз, сондай-ақ Банкте қолданыстағы тарифтерге сәйкес тиісті комиссиялық ақы төлейсіз.
Visa Classic
Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы. Бұл карточканы сатып алынған тауар мен көрсетілген қызметке ақы төлеу үшін дүние жүзі бойынша 13 миллионнан астам сауда және сервис кәсіпорнында пайдалана алады, сонымен қатар VISA International немесе MasterCard International төлем жүйелерінің логотипі бар 307 мыңнан астам банкоматтан немесе банк филиалынан кез - келген уақытта, күндіз-түні қолма-қол ақша алуға болады. Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы.
Visa Gold
Алтынның құны ешқашан жоғалмайды . . .
Бүкіл әлем бойынша «алтын» карточкалары ең құнды болып саналады.
«Алтын» карточкасының иесі болған клиент, респектабельді дүкендер мен мейманханаларда, қонақ үйлер мен сауда үйлерінде қызмет көрсетушілер тарапынан өзіне деген ерекше ілтипат пен жоғары құрметті бірден сезінеді.
Visa Platinum
Бұл карточка ыңғайлылық пен өзіне деген ерекше қатынасты ұнататын көпке қол жеткізген адамдарға арналған.
Осылай Visa Platinum карточкасы ауқаттылық пен карточка ұстаушының мәртебесін қолдайтын белгі болып табылады.
Карточка арқылы клиент мейманхананы брондай алады немесе автокөлікті жалға ала алады. Бұл, әсіресе, шет елде саяхатқа барғанда өте қолайлы. Әдетте бұндай карточкалар жетілген банк тарихы бар банктің тұрақты клиенттеріне беріледі.
Visa Virtuon
Бізбен - неғұрлым қауіпсіз . . .
Visa Virtuon Card - Интернет желісінде есеп айырысу үшін Қазақстан Халық банкі шығарған Visa International халықаралық жүйесінің арнаулы карточкасы, есеп айырысу жүргізілгенде карточканы көрсету талап етілмейді.
MasterCard Standard
Клиенттердің кең ауқымына арналған карточканың «классикалық» нұсқасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz